Жеке адамды зерттеу және тәрбиелік деңгейді анықтау

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жеке адамды зерттеу және тәрбиелік деңгейді анықтау

Материал туралы қысқаша түсінік
Қоғамдық өмірде адам үшін ең бастысы - әлеуметтік қатынастар жүйесінің, оның мазмұнының, көпшілік әсерінің жеке адам қалыптасуы үшін құндылығын дұрыс түсіну. Жаңашылдық бүгінде адамзат үшін нақты, бірақ кең мағыналы өмір шеңберін сызды. Сондықтан кез келген таңдаудың мәдениетпен белгіленген шегі бар. Тәрбиенің негізгі мақсаты - жеке адамды қалыптастыру және оның жан – жақты толыққанды дамуын қамтамасыз ету. Ал бұл міндеттің табысты шешімін беру жеке адамның дамуы қалай өтетінін және оның қалыптасуына қандай жағдайлар ықпал ететінін білумен байланысты.
Материалдың қысқаша нұсқасы













Сабақ жоспары


Тақырыбы: Жеке адамды зерттеу және тәрбиелік деңгейді анықтау










Оқытушы: С. Ескалиева








Сабақтың технологиялық картасы


Пән атауы

Тәрбие жұмысын ұйымдастыру әдістемсі

Курсы

3

Сабақтың нөмірі, тақырыбы

9 Жеке адамды зерттеу және тәрбиелік деңгейді анықтау

Сабақтың мақсаты

Даралық, индивид, тұлға, жеке адам адам ұғымдары туралы білімдерін жетілдіру. Жеке адам қалыптасып, дамуындағы ата-ананың, педагогтің ролі және «Мағыналы өмір» туралы түсінік қалыптастыру.

Сабақтың міндеттері

білім беру

дамыту

тәрбиелік

  Даралық, индивид, тұлға, жеке адам, «Мағыналы өмір», ата-ана ықпалы, педагог өнегесі ұғымдарының мәнін ашу

  Жеке адам дамуындағы қоршаған орта ықпалының ролі туралы түсініктерін дамыту

Студенттерде жеке даралықты, жауапкершілікті, адалдықты, өзара жолдастықты қалыптастыру

Сабақта қолданылатын көрнекіліктер (стендтер, плакаттар, кестелер, сызбанұсқалар, үлестірме материалдары )


Көрнекі тірек сызбалары: «Тәрбие процесінде жеке адамның қалыптасуы және дамуы», «Жеке адам дамуындағы белсенділіктің орны»


Сабақта қолданылатын электронды ресурстар (универсалды, Интернет желісі ресурстары, CD-ROM, бейнематериалдар,флипчарттар, презентациялар, электронды плакаттар, электронды оқулық және т.б.)

Электрондық оқулық «Тәрбие жұмысының теориясы және ұйымдастыру әдістмесі»

Жабдықтармен және бағдарламамен қамтамасыз ету қажеттілігі (локалдық желі, интернетке қосылу, мультимедиялық компьютер, бағдарламалық құралдар)


Интернеттегі білім ресурстары

сайттар атаулары, адрестері

Практикалық-лабораториялық жұмыстарға қажетті құрал-жабдықтар

Проектор, экран

Қолданылған әдебиеттер тізімі

С. Есқалиева, Тәрбие жұмысының теориясы және ұйымдастыру әдістемесі, Фолиант, Астана, 2014

8-16 беттер




Сабақтың құрылымы

Сабақтың кезеңдері

Уақыты, мин

Сабақ кезеңдерінің мазмұны

Оқытушының қызметі

Студенттің

қызметі

Ұйымдастыру бөлімі

3

Студенттерді сабаққа икемдеу, сабақ тақырыбын презентация арқылы көрсету.

Студенттердің сабаққа қатысымын тексеру, журналды толтыру, сабаққа икемдеу, сабақ тақырбын хабарлау, көрсету.

Сабақт меңгеруге дайындалу, оқу құраларын реттеу

Үй тапсырмасын тексеру

7

Үй тапсырмасын тексеру

Студенттерден ауызша, жазбаша үй тапсырмалары бойынша білімдерін тексеру

Үй тапсырмасына жауап беру. Қойылған сұрақтарға жауап беру. Еске түсіру

Жаңа сабақ түсіндіру

60

Электрондық оқулық қолданылады.

Сабақ сүсіндіру барысында слайд түрінде тірек сызбасы пайдаланылады.

С. Есқалиеваның «Тәрбие жұмысының терориясы және ұйымдастыру әдістемесі» оқулығы қолданылады.

Жаңа тақырыпты ауыша баяндау. Студенттерге сұрақтар қоя отырып, жаңа тақырыпты ашуға белсендіру. Пікірлерін білдіруге шақыру, ынталадыру.

Оқулықпен жұмыс жасауын ұйымдастыру.

Презентация қолдану


Тыңдау, сұрақтарға жауап беру, өз ойларын білдіру. Оқулықпен жұмыс жасау, жаңа тақырып бойынша қажетті жерлерін конспектлеу.

Жаңа тақырыпты бекіту

15

Жаңа тақрыпты бекіту тапсырмалары.


Бекіту сұрақтарын қою.

Слайд арқылы оқушыларға бекіту тапсырмасын беру

Слайдтағы тапсырма реттерін таңдай отырып, оны орындау, жауап беру

Сабақты қорытындылау

5

Үйге тапсырма беру.

«Өзімді бағалаймын» шкаласын толтыруды түсіндіру

Оқушыларды бағалау

Сабақты қорытындылау.

«Өзімді бағалаймын» шкаласын толтыруды ұсыну

Студенттерді бағалау

Үй тапсырмасын беру.

Үйтапсырмасын жазып алу. С. Есқалиева «Тәрбие жұмысының теориясы және ұйымдастыру әдістемесі» оқулығы, – 16 – 18 бет. Бекіту тапсырмасын орындау


Үй тапсырмасын тексеру.

Жаңа сабақ түсіндіру

Дәріс материалдары.

Практикалық-лабораториялық жұмыстың әдістемелік нұсқауы.

Жаңа білімдерді бекіту тапсырмалары.

Үйге берілетін тапсырмалар


Жан-жақты білімдерді тексеру тапсырмалары


Жеке адам және оның дамуы


  1. Тәрбие процесінде жеке адамның қалыптасуы және дамуы

  2. Жеке адам дамуындағы белсенділіктің орны


Тәрбие процесінде жеке адамның қалыптасуы және дамуы

Жеке адам дамуы мен қалыптасуында ықпал жасаушы әсерлер екі топқа бөлінеді: ішкі және сыртқы. Қоршаған отра және тәрбие – сыртқы әсерлер. Сыртқы орта, тәрбие әсерлерінен пайда болатын сезімдер мен толғаныстардың

жиынтығы – ішкі әсерлерге жатады. Жеке адамның дамуы мен қалыптасуы осы

екі фактордың байланысынан басталады. Тәрбие, адамның ішкі жан дүниесіне ұнамды қозғау салып, онда өзіндік өңдеу туғыза алғанда ғана, жеке адамдық, тұлғалық, даралық қалыптастыру қызметін орындай алады.

Қоғамдық өмірде адам үшін ең бастысы - әлеуметтік қатынастар жүйесінің, оның мазмұнының, көпшілік әсерінің жеке адам қалыптасуы үшін құндылығын дұрыс түсіну. Жаңашылдық бүгінде адамзат үшін нақты, бірақ кең мағыналы өмір шеңберін сызды. Сондықтан кез келген таңдаудың мәдениетпен белгіленген шегі бар.

Тәрбиенің негізгі мақсаты - жеке адамды қалыптастыру және оның жан – жақты толыққанды дамуын қамтамасыз ету. Ал бұл міндеттің табысты шешімін беру жеке адамның дамуы қалай өтетінін және оның қалыптасуына қандай жағдайлар ықпал ететінін білумен байланысты.

Схема түрінде жеке адамның дамуы және сыртқы ортаға қалыптасу реті келесідей:


DrawObject1

Мұнда:

  1. - субъектінің жеке әрекеті

  2. - сыртқы ортаның қайтарым-баға әсері

  3. - жаңа мінез – құлық моделі

  4. - әлеуметтік орта талап ететін мінез – құлық моделі

5, 6 .... – динамикалық даму модельдері

Схема қалыптасып жатырған қарым-қатынастың жеке көріністерін, бояуын көрсетпейді. Бірақ ол тәрбие процесінің жүйелік қосындылары

арқылы оның логикасын құруға мүмкіндік береді.

DrawObject2











DrawObject3

























  1. 2. Жеке адам дамуындағы белсенділіктің орны


Адам белсенділігінің табиғатын тани білу, еңбек және моральдық белсенділік дәрежесі бойынша адамның қоғам мен ұжым үшін жарамдылығын жете анықтау педагогтің басты міндеті.



DrawObject4
























Қарым – қатынас жасау белсенділігі жеке адамда құнды қасиеттерінің (мейірімділік, қайырымдылық, қамқорлық, жауапкершілік т. б. сезімдер) қалыптасуына мүмкіндік туғызады.

Таным белсенділігі арқасында жеке адам өзін қоршаған заттар мен құбылыстардың мән жайын, мазмұнын, ерекшелігін, қажеттілігін түсінеді. Таным белсенділігінің мазмұны да жас ерекшелікке байланысты күрделеніп отырады.

Өзін - өзі тәрбиелеу белсенділігін оларды қоғамдық пайдалы жұмыстарға қатыстыру арқылы дамытуға болады. Тапсырмалардың түрлері өте көп. Олардың бір қатары: топ старостасы, тазалық секторы, топта қабырға газетінің редакторы болу, қайырымдылық, көмек акциялары мен жұмыстарына қатысу т. б. қоғамдық жұмыстар.


Тарауды бекіту тапсырмасы


Нұсқау: Таблицаның оң жағына жауаптарын толтырыңыз


Сұрақтар

Жауабы

1

Ақыл – есі дұрыс әрбір адамзат тегінің бөлек өкілі.


2

Адамның қоғамдық сипатын танытатын, өзіндік әлеуметтік сапалар және қасиеттер жинағы бар тұлға


3

Адамзаттың барлық маңызына сай келетін, оның барлық мүкіншіліктерін ашуға, оны өзге тіршілік иелерінен мүлдем ажырататын функцияларын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін өмір.


4

Ақырғы нәтижені болжаудың ең оңтайлы жолы


5

Адамның іс - әрекет үстіндегі күйін айтады


6

Жеке адамда құнды қасиеттердің

(мейірімділік, қайырымдылық, қамқорлық, жауапкершілік т. б. сезімдер) қалыптасуына мүмкіндік туғызады


7

Оқушыға рухани күш беріп, оған сенім артып отыру педагогтің қандай әрекетінен көрінеді


8

Оқушылар түрлі заттардың, құбылыстардың мәніне, ғылыми ұғымдар мен заңдылықтарды терең түсінуге, алған теориялық білімдерін практикада еркін қолдана білуге үйренеді қай кезде үйренеді?


9

Кіші жаста баланың қарым – қатынас жасау белсенділігі қандай әрекеттерден көрінеді?



10

Мектеп жасына дейінгі балалардың таным белсенділігінің негізгі көрнісі




Үйге тапсырма


1. Лекцияны толықтыру, оқу

С. Есқалиева «Тәрбие жұмысының теориясы және ұйымдастыру әдістемесі» оқулығы, Фолиант, Астана, 2014ж., 16 – 18 бет.

2. «Өз білімімді бағалаймын» шкаласы бланкасын толтыру нәтижесін талдау

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
29.00.2022
593
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі