Материалдар / "Жеке тұлғаның құқықтық сауаттылығы" арнайы бағдарлама

"Жеке тұлғаның құқықтық сауаттылығы" арнайы бағдарлама

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Ақпан 2019
406
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«№1 М.Горький атындағы мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі





Бекітемін: Келісемін: ӘБ отырысында Мектеп директоры Оқу ісінің меңгерушісі қаралды

------------------------ ---------------------------- ӘБ жетекшісі:

«-----» --------------- «----»--------------------- -------------------

Хаттама№ ----









Арнайы курс бағдарламасы


Тақырыбы: «Жеке тұлғаның құқықтық сауаттылығы»










Құрастырған: тарих пәні мұғалімі Абдраманова А.П

Сынып: 11 «Г»








2017-2018 оқу жылы



Түсінік хат



Бағдарлама «Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің жалпыға

міндетті стандарттары» бойынша «Қазақстан тарихы» пәнін оқытудың басты мақсаттары мен міндеттерін, пән бойынша оқушылардың міндетті дайындық денгейіне қойылатын талаптарды жүзеге асыру мақсатын көздейді.

Бағдарлама қазіргі замаңғы тарихи білім негіздерінің мәнін ашатын материалдарды, тарихи шығармаларды негізге ала отырып құрылған.<<Тарихи тұлғалар>>тақырыбындағы бағдарлама дара, топтық ізденіске және шығармашылық жұмыспен істеудің әдіс-тәсілдері арқылы ізденушілік жұмыстарға арналған. Бағдарлама оқушының жанды қызуғышылық әрекеттерін туғызатындай, оларды жалықтырып алмай өз бетімен ойлануға, белгілі бір тарихи фактіге, тарихи құбылысқа қорытынды жасауға, өзіндік көзқарасын қалыптастыратын, сол арқылы өз біліміне сенім ұялатуына көздейді:


-Оқушыларға саналы, жан-жақты білім беру.

-оқушылардың әдет және іскерлік дағдыларын қалыптастыру.

-Сабақтың тәрбиелік әсерін арттыру.

-Алған білімдерін толықтыру, жетілдіру және оларды пайдалана білу қабілеттерін дамыта түсу.

-Оқушылардың танымдық қызуғышылықтарын, оқуға ұмтылуларын, еңбекке деген өз көзқарастарын қалыптастыра түсуге ұмтылу.

«Тарихи тұлғалар» арнайы курсы оқушылардың Қазақстан тарихын игеруге, ұлы тұлғалардың өмірі мен еңбегі, жетістіктері мен ерлігі туралы білімін кеңейтуге тиімді құрастырылған. Сонымен қатар оқушылар тұлғалардың үлгілі өмірінен тәрбие алып, болашақта Қазақстан Республикасының туын биікке ұстап, беделін асқақтатуға бағытталады.

Бұл арнайы курс бағдарламасы оқушылардың жас ерекшеліктеріне және талаптарына сай құрылған.







Арнайы курс мақсаты мен міндеті


- қазақ халқының басынан өткен тарихи оқиғаларды;

- Қазақстан тарихы дәуірі кезеңдерінің хронологиялық шегін;

- Сақ, ғұн билеушілері туралы деректер;

- Қазақ хандығындағы билеушілердің қосқан үлесі;

- ХҮІІІ ғасырдағы қазақ батырларының өмірі мен ерлігін;


Оқушылардың деңгейіне қойылатын талаптар.


тарихи мәтіннің жай және күрделі жоспарларын жасауы;

ұқсас тарихи оқиғаларды салыстырып,айырмашылығын таба;

оқылғын құжат мазмұнын өз сөзімен әңгімелеп бере;

тарихи терминдердің анықтамасын айтуы және оларды қолдана білуі;

хронологиялық синхронды кестелер жасауы;

тарих мәтіннің толық жоспарын жасауы;

Қосыиша әдебиеттермен өздігінше жұмыс істеп, солардың негізінде

рефераттар, шағын баяндамалар дайындауы;

сынып оқушылары алдында әңгіме айтып беріп, шағын баяндамалар жасуға қолдана біледі.


Бағдарламаның меңгерудегі күтілетін нәтиже: оқушылар тарихи тұлғалардың өмірі, еңбегі және ерлігі арқылы тәрбиеленеді, болашақта өз елінің дамуына үлесін қосып, әлемдік білім кеңістігінде өз орнын табуына, еліміздің мәртебесін көтеруіне, елінің тарихын құрметтеуге тәрбиеленеді.Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсыру барысында алған білімдерін қолдана алады.




Мазмұны:

  1. Бағдарлама

  2. «Тарихи тұлғалар» арнайы курстың жоспары

  3. Пайдаланған әдебиеттер






«Тарихи тұлғалар» арнайы курс жоспары

(Барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағат)


Тақырыптар мазмұны

Сағат саны

Мерзімі

1

Кіріспе.

Тарихи деректер туралы түсінік

1


2

Ә.Х Марғұлан, Х.Алысбаев

1


3

Геродот-тарих атасы

1


4

Сыма Цянь- шығыстағы тарих атасы

1


5

Томирис-сақ патшайымы

1


6

Мөде. Аттила –ғұн билеушілері

1


7

Түрік билеушілері және түрік дәуірі

1


8

Күлтегін, Тоңыкөк –түрік дәуірінің даңқты жауынгерлері

1


9

Орта ғасырлық ғұламалары

Әбу Насыр Әл-Фараби

1


10

Омар Хайям

1


11

Махмуд Қашғари

1


12

Жүсіп Баласағұни

1


13

Ахмет Иүгнеки

1


14

Қожа Ахмет Йасауи

1


15

Керей мен Жәнібек қазақ хандығының негізін қалаушылар

1


16

Қасым. Хақназар- қазақ хандары.

1


17

Хақназар хан

1


18

Тәуекел хан

1


19

Есім хан

1


20

Тәуке хан –біртұтас қазақ хандығының билеушісі

1


21

«Жеті жарға» заңдар жинағы

1


22

Ұлы жүзден Төле би

1


23

Қаз дауысты Қазыбек би

1


24

Кіші жүзден Әйтеке би

1


25

Қазақ жыраулары

Бұқар жырау

1


26

Мұхаммед Хайдар Дулати

1


27

Қ.Қ. Жалаири

1


28

Өтеміс қажы

1


29

Ортағасырлық қалалар тарихы сыр шертеді

1


30

Абылай хан

1


31

Әбілқайыр хан

1


32

Кенесары Қасымұлы

1


33

Исатай Тайманұлы

1


34

Махамбет Өтемісұлы

1







Пайдаланылған әдебиеттер:


1.«Қазақтар» энциклопедиясы ІІ т. 2002

2.Қазақ Ұлттық энциклопедиясы І-ІҮ т.

3.М.Қойгелдиев Алаш қозғалысы.Алматы,1995

4.Қазақстан тарихы, ІІІ томдық

5.Қазақстан тарихы (әдістемелік журнал) ;2009ж.№3-7



















































Сабақ үлгілері



Тақырыбы: Әбу Насыр әл-Фараби

/870-950/

Мақсаты:Ұлы ғұлама туралы оқушылардың білімдерін толықтыру

Фараби туралы қосымша мәліметтер жинақтау арқылы шығармашылығымен таныстыру.


Жоспары:

1 қызығушылығын ояту



Shape2 Shape1 Әбі Насыр әл-Фараби кім? /оқушылар жауап береді/

Shape3 Shape4 Shape5



ақын ұлы ғұлама

екінші ұстаз социолог

сазгер


ойшыл математик

философ Шығыс ғұламасы домбыра тартқан


2 мағынаны тану

а/ғалымның дүниеге келуі, есімінің мағынасы.

б/домбыра атасы-әл-Фараби

с/өлеңдері мен ол туралы аңыздар


«Аңыз адам» журналынан мәлімет беру

Толық аты-жөні Әбу Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн тархан Ұзлағ әл-Фараби ат-Түрки.

Азан шақырып қойған аты-Мұхаммед, әкесінің аты-Мұхаммед, атасының аты-Тархан, бабасы-Ұзлағ.Кейде оны жәй «Тархани» деп де атайды.Жастайынан домбыра тартқан.Негізгі шығармалары: «Даналықтың жаухарлары», «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы», «Музыка туралы үлкен кітап», т.б.

Әл-Фараби Шығыста аристотельден кейінгі екінші ұстаз аталады.

3 толғаныс сәті /бес жолды өлең/

Қандай? Дана

Қандай? Ойшыл

Не істеді? Құнды еңбектер жазды

Сөйлем: Фараби Шығыстың ғұламасы

Синоним: Тұлға

/оқушылар ауызша тез жауап береді/

Ү/т қосымша мәлімет жинау, слайд жасау./2 топқа тапсырма бөлініп береді/




Тақырыбы: Әбілқасым Фердоуси

/935-1020жж/



Сабақтың мақсаты: Фердаусидің өмірі және шығармашылығы туралы мәлімет беру.Нақыл сөздері арқылы оқушыларды адамгершілікке, адалдыққа, білімге бағыттау.

Жоспары:

І. Қызығушылығын ояту

Заманында ұлы Абай:

Физули,Шәмси,Сәйхали,

Науаи,Сағди,Фердауси,

Хожа Хафиз-бу һәммәси

Мәдәт бер я шағири фәрияд,-

Деп жазған екен.

/оқушыларға Фердаусидің даналығын Ұлы абай мойындап, оның шығармаларын алдыңғы қатарға қойғанын айту/

ІІ. Мағынаны тану

  1. Фердауси өмірі

  2. Фердаусидің елді рухтандыратын шығармалары

  3. Нақыл сөздері


ІІІ. Толғаныс сәті

5 жолды өлең арқылы қорытындылау


Әбу-л-Қасым Фердауси Иран, Фердаус қаласында шамамен 940-1020-1030жж дүниеге келіп, өмір сүрген шығыс ақыны.

«Шаһнама» дастанын 35 жыл бойы жазған.

Оның балалық шағы туралы мәлімет жоқ.Фердауси еркіндік пен батылдықты көркем мінез бен таза тілді отбасынан үйренеді, ол бала кезінен ақ білім , парсы , пехлеви, араб тілді оқыған, қалам, логика, философия білген.

Нақыл сөздері:/оқушыларға жаздыру/

  1. Көктен шындық сәулесін шашса егер,

Ғайып болар өтіріктің арбауы.

  1. Бақыт алды-ақыл-ой, онсыз күнің қасірет,

Тек ақылға жүгінсең, досың болар береке.

  1. Ақылменен атқарсаң әр ісіңді,

Сақтарсың пәктігін жүрегіңнің.

ІІІ. Толғаныс сәті

5 жолды өлең

Теңдесі жоқ

Асыл ақыл

«Шаһнаманы» ұрпақтарға тарту етті.

Фердауси Шығыс әдебиетінің жұлдызы

Ақын


Сабақ жоспары

Тақырыбы: Омар Хайям

/1048-1131/


Мақсаты:Оқушыларға философтардың ақыны, ақындардың философы, дүниеде өз замандастарының алдында мойындалмай кеткен дара Омар Хайяммен таныстыру, ғылым мен білімге баулу.

Жоспары:

І. Қызығушылығын ояту

Омар Хайям-бүкіл ақындардың арасындағы философ, өзінің трактаттарына бүкіл философияны сыйдыра білген ақын.

Э.Виндфильд

Ағылшын ақыны,аудармашы.


Оқушыларға Омар Хайям туралы айтылған пікірлер мен көзқарастарды оқу.Атақты ақындар, философтардың ойларын оқу.








ІІ. Мағынаны тану философ

Shape6

Shape7

Омар Хайям



Shape8

Shape9 Shape10 Shape11

мShape12 узыка зерттеушіші дәрігер-емші


физик ақын математик

астролог

1048ж17 мамырда Хорасанда , Нишапур қаласында,киіз үй жасаушы қолөнер отбасында дүниеге келген.

Еңбектері:

«Арифметиканың күнделігі»

«Алгебра және әл-мукабала мәселелерін дәлелдеу туралы трактат»

«Ньютон биномы»

«Ақыл таразысы»т.б.

ІІІ.Толғаныс сәті

Өлеңдерінен үзінді оқу

Хронологиясын жазу.




Тақырыбы: Конфуций

Б.з.д. 551-479жж

Мақсаты: Қытай халқының ұлы ұстазы, асқан ойшыл-философы туралы оқушылардың білімдерін толықтыру.Білімділікке, ізденімпаздыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу.

Жоспары:

І. Қызығушылығын ояту

Конфуций туралы не білеміз?

Shape14 Shape13

Shape16 Shape15


Ұлы ұстаз ойшыл-философ

551ж Лу патшалығында дүниеге келген


Мемлекет қайраткері


ІІ. Мағынаны тану

Б.з.д. 551ж-дүниеге келді

530ж-өз мектебін ашты

525ж-Будда өз уағызын насихаттады

518ж-Чжоу патшалығының астанасында халық дәстүрі мен музыкасын зерттеді.

501ж-провинция басшысы болды

500ж-әділет министрі

497ж-496ж-Конфуций Лу дан қуылып, Солтүстік Қытайға барды.

483ж-Луға қайта келді

480ж-Будда дүниеден өтті.

479ж-Конфуций дүние салды.

Нақыл сөздері:

Жақсы адам-Парызын ойлайды

Жаман адам-Пайдасын ойлайды.


Мені ел танымай қалатын болды деп қорыққанша,

Мен осы елді танымай қалмасам екен деп қорқу керек.


Қосымша: «Аңыз адам» 9/2012жмамыр./оқу, мәлімет жазғызу,слайд жасату/

ІІІ. Толғаныс сәті

5 жолды өлең

Ойшыл

Білімді

Ел биледі

Конфуций данышпандығы елге үлгі болды

данышпан












Сабақтың тақырыбы: Шыңғыс хан

1155-1227жж

Мақсаты: Ұлы билеуші туралы толық мәлімет беріп, тарихта алған орнын көрсетіп, Қазақ тарихына тигізген әсері туралы баяндау.билеушінің қатыгездігі мен бірге саясаты, ел билеу стратегиясы, өсиеттерімен таныстыру.



Жоспары:

І. Қызығушылығын ояту

ШShape18 Shape17 ыңғыс хан туралы не білеміз?

ШShape21 Shape20 Shape19 ыңғыс ұрпақтары хан болған


билеуші монгол, саясаткер әкесінен ерте қалған.

жаулап алушы қатал хан ұлы тұлға ержүрек



ІІ. Мағынаны тану

Оқушыларға Шыңғыс хан туралы білетін мәліметіне қосымша баяндау.Оның өмірі, хан тағына көтерілгенге дейінгі көрген азабы, сатқындық пен қатыгездік арасында тәрбиеленуі.Осының барлығы оның мінезі қатайтып, қатігездігіне себеп болғанын көрсете келе тарихта алатын орнына тоқталу.Соның ішінде Қазақстан тарихында , Қазақ хандығында оның ұрпақтары ел билеп, тарихымызға үлкен өзгеріс әкелгенін көрсету.Оқушылардың өздеріне баға беруге мүмкіндік жасау.Ойларын тыңдау.

Шыңғыс ханның өсиеттерін оқып, жазғызу.Тәрбиелік мәнін түсіндіру.

- Егер ұлдары әке жолын қумаса, іні аға сөзін тыңдамаса, күйеуінің әйеліне сенімі болмаса, әйел күйеуін жүре тыңдаса, ене келінін ұнатпаса, басшылар қызметкерлерінің жүрегіне жол таба алмаса, игілікті басқа жолдардан молырақ игеріпбайығандар басқалардың да баюына көмектесіп, қол ұшын бермесе, басқа халықтың әдет-ғұрпы мен заңына, ақыл-парасаты мен адамгершілігіне менмендікпен қараса, мемлекет тәртібін мойындамаса, ондай елде айлакерлер мен ұрылар, қылмыскерлер өз Отанының басына қара түнек орнатады.

- Момын халықтың ортасында жүргенде қошақандай момын бол, ал шайқасқа шыққанда жемтік көрген аш бүркіттей бол.

- Сөзді айттың ба, ол жақсы ма, жаман ба, әзіл ме, шын ба, бәрібір оны қайтара алмайсың.Сондықтан әр сөзіңді безбенмен өлшегендей салмақтап айт.

- Арақ-шараптан ақыл да, пайда да, абырой да, қайырымды мінез-қылық та, адамгершілік те күтпе.Ішуді тыюға жігерің жетпесе, шамаңды байқап, мөлшермен іш, мүлдем ішпейтін кісі-ең қадірлі адам.

ІІІ. Толғаныс сәті

Бес жолды өлеңді оқушыларға айтқызу.


Қатыгез

Ақылды

Жаулады

Шыңғыс хан ұрпақтары хан тағына отырған

Темучжин

Үй тапсырмасы. Слайд әзірлеу.




























Пайдаланған әдебиеттер:

  1. «Аңыз адам» журналы №12/24/ маусым 2011ж, №11/47/ маусым2012ж, №6/42/наурыз 2012ж,№09/21/ мамыр 2011ж, №6 қыркүйек 2010ж, №19/31/ қазан 2011ж, №19/31/ қазан 2011ж, №23/35/ желтоқсан 2011ж, №9/45/мамыр 2012ж, №7 қазан 2010ж, №9 қараша 2010ж, №8 қазан 2010ж, №1 қаңтар 2012ж, №07/19/сәуір 2011ж, №4/40/ақпан 2

  2. 012ж, №13/49/шілде 2012ж, №10/46/маусым 2012ж, №4тамыз 2010ж,№ 15/1/тамыз2012ж, №5/41/наурыз 2012ж, №12желтоқсан 2010ж, №1қаңтар 2011ж, №2/14/№қаңтар 2011ж, №т.б.

  3. Қазақстан тарихы : әдістемелік журналдар

E-mail: kaztar_adis@mail. ru

  1. Қазақ энциклопедиясы

  2. Қазақстан тарихы оқулықтар

























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!