Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жел энергиясы – болашақтың жаңартылатын энергия көзі

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл мақалада жел энергиясының теориялық негіздері, оның пайда болу табиғаты және энергетика саласындағы маңызы жан-жақты қарастырылады. Жел энергетикасының тарихи даму кезеңдері талданып, ежелгі жел диірмендерінен бастап қазіргі заманғы жоғары қуатты жел электр станцияларына дейінгі эволюциясы сипатталады. Сонымен қатар, жел генераторларының жұмыс істеу принципі, атап айтқанда желдің кинетикалық энергиясының механикалық, одан әрі электр энергиясына айналу үдерісі ғылыми тұрғыдан түсіндіріледі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ш. УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІ, КӨКШЕТАУ Қ.















МАҚАЛА



Пәні:Академиялық жазу

Тақырыбы: Жел энергиясы – болашақтың жаңартылатын энергия көзі















Орындаған:Нұрланова Ақерке Жанатқызы

Тексерген:Айдарханова Айнаш Казбековна



Көкшетау қаласы, 2026 ж.
































Аңдатпа

Бұл мақалада жел энергиясының теориялық негіздері, оның пайда болу табиғаты және энергетика саласындағы маңызы жан-жақты қарастырылады. Жел энергетикасының тарихи даму кезеңдері талданып, ежелгі жел диірмендерінен бастап қазіргі заманғы жоғары қуатты жел электр станцияларына дейінгі эволюциясы сипатталады. Сонымен қатар, жел генераторларының жұмыс істеу принципі, атап айтқанда желдің кинетикалық энергиясының механикалық, одан әрі электр энергиясына айналу үдерісі ғылыми тұрғыдан түсіндіріледі.

Мақалада қазіргі жел энергетикасының әлемдік деңгейдегі даму үрдістері, оның энергетикалық жүйедегі орны және заманауи технологиялармен (энергия сақтау жүйелері, «ақылды» желілер) байланысы қарастырылады. Жел энергиясының негізгі артықшылықтары ретінде оның жаңартылатындығы, экологиялық тазалығы және энергетикалық тәуелсіздікке қосатын үлесі көрсетілсе, кемшіліктері ретінде желдің тұрақсыздығы, жоғары бастапқы шығындар және қоршаған ортаға ықтимал әсерлері талданады.Зерттеу нәтижесінде жел энергетикасының болашағы зор екендігі, оның тұрақты даму мен «жасыл экономикаға» көшу үдерісіндегі рөлі ерекше екендігі анықталады.

Тірек сөздер: жел энергиясы, жел энергетикасы, жаңартылатын энергия көздері, жел генераторы, жел электр станциясы, экологиялық қауіпсіздік, энергия тиімділігі, тұрақты даму

Аннотация

В данной статье подробно рассматриваются теоретические основы ветровой энергии, её природное происхождение и значение в современной энергетике. Проанализированы этапы исторического развития ветроэнергетики — от древних ветряных мельниц до современных высокомощных ветровых электростанций. Также объясняется принцип работы ветроэнергетических установок, включая процесс преобразования кинетической энергии ветра в механическую, а затем в электрическую энергию.

В статье уделяется внимание современному состоянию и мировым тенденциям развития ветроэнергетики, её роли в энергетическом балансе и взаимодействию с новыми технологиями, такими как системы накопления энергии и «умные» электрические сети. Рассматриваются основные преимущества ветровой энергии, включая её возобновляемость, экологическую чистоту и вклад в энергетическую независимость, а также анализируются недостатки, такие как нестабильность ветра, высокие первоначальные затраты и влияние на окружающую среду.В результате делается вывод о высокой перспективности ветроэнергетики и её значении в переходе к «зелёной экономике» и устойчивому развитию.


Ключевые слова: ветровая энергия, ветроэнергетика, возобновляемые источники энергии, ветрогенератор, ветровая электростанция, экологическая безопасность, энергоэффективность, устойчивое развитие

Abstract

This article provides a comprehensive analysis of the theoretical foundations of wind energy, its natural origin, and its significance in the modern energy sector. The historical development of wind power is examined, from early windmills to modern high-capacity wind power plants. The working principles of wind turbines are explained in detail, including the transformation of kinetic wind energy into mechanical and subsequently into electrical energy.

The study also explores the current state and global trends in wind energy development, its role in the energy system, and its integration with advanced technologies such as energy storage systems and smart grids. The key advantages of wind energy, including its renewability, environmental friendliness, and contribution to energy independence, are highlighted. At the same time, its limitations—such as intermittency, high initial investment costs, and environmental impacts—are critically analyzed.The findings emphasize the strong potential of wind energy and its crucial role in achieving sustainable development and transitioning toward a green economy.


Keywords: wind energy, wind power, renewable energy sources, wind turbine, wind power plant, environmental safety, energy efficiency, sustainable development













I.КІРІСПЕ

Қазіргі таңда энергия ресурстары адамзат өмірінің барлық саласында маңызды рөл атқарады. Өнеркәсіптің дамуы, технологиялардың қарқынды өсуі және халық санының артуы энергияға деген сұранысты жыл сайын көбейтуде. Дегенмен, дәстүрлі энергия көздері – көмір, мұнай және табиғи газ – шектеулі әрі қоршаған ортаға айтарлықтай зиян келтіреді. Олардың жануы нәтижесінде атмосфераға зиянды газдар бөлініп, экологиялық мәселелердің, соның ішінде климаттың өзгеруінің күшеюіне әкеледі. Осыған байланысты баламалы, экологиялық таза және жаңартылатын энергия көздерін дамыту қажеттілігі туындап отыр.

Сол баламалы энергия көздерінің бірі – жел энергиясы. Жел энергиясы – Күн сәулесінің әсерінен пайда болатын атмосферадағы ауа массаларының қозғалысы нәтижесінде түзілетін табиғи әрі сарқылмайтын ресурс. Оны пайдалану қоршаған ортаға зиян келтірмейді және ұзақ мерзімді перспективада тиімді болып табылады. Сондықтан жел энергетикасы қазіргі таңда әлемде ең қарқынды дамып келе жатқан салалардың біріне айналды.

Бүгінде көптеген мемлекеттер энергия өндіруде жел ресурстарын кеңінен қолдана бастады. Заманауи жел электр станциялары үлкен көлемде электр энергиясын өндіруге мүмкіндік береді, ал жаңа технологиялар оның тиімділігін арттыруда. Сонымен қатар, жел энергетикасы елдердің энергетикалық тәуелсіздігін нығайтып, экономикалық дамуына оң әсер етеді.

Осы мақалада жел энергиясының табиғаты, даму тарихы, жұмыс істеу принципі, артықшылықтары мен кемшіліктері, сондай-ақ болашағы мен маңызы қарастырылады. Жел энергетикасының қазіргі энергетика жүйесіндегі орны талданып, оның тұрақты даму жолындағы рөлі айқындалады.













II.НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2.1. Жел энергиясы туралы жалпы түсінік

Жел энергетикасы – атмосферадағы ауа массаларының қозғалысынан пайда болатын кинетикалық энергияны электрлік, механикалық немесе жылу энергиясына айналдырумен айналысатын энергетика саласы. Бұл түрлендіру арнайы құрылғылар арқылы жүзеге асады: мысалы, электр энергиясын өндіру үшін жел генераторлары, механикалық энергия алу үшін жел диірмендері, ал көлік саласында желкендер қолданылады.Жел энергиясы жаңартылатын энергия көздеріне жатады, өйткені оның пайда болуы Күннің әсерімен байланысты. Күн жер бетін әртүрлі қыздырғандықтан, ауа қысымы өзгеріп, ауа массалары қозғалысқа келеді, нәтижесінде жел түзіледі. Сондықтан жел энергиясы табиғи түрде үнемі жаңарып отырады және сарқылмайды.

Қазіргі кезде жел энергетикасы қарқынды дамып келе жатқан сала болып табылады. Кейбір мемлекеттерде жел энергиясы электр энергиясын өндірудің негізгі көздерінің біріне айналып отыр. Ірі жел электр станциялары жалпы электр желісіне қосылып, үлкен аумақтарды энергиямен қамтамасыз етеді, ал шағын қондырғылар шалғайдағы аймақтарда қолданылады.

Жел энергиясының басты артықшылығы – оның экологиялық тазалығы. Ол қоршаған ортаға зиянды қалдықтар шығармайды және қазба отындарға қарағанда әлдеқайда қауіпсіз. Сонымен қатар, жел энергиясы кең таралған және көптеген аймақтарда қолжетімді.

Дегенмен, бұл саланың белгілі бір қиындықтары да бар. Ең маңызды мәселе – желдің тұрақсыздығы, яғни оның жылдамдығы мен бағыты үнемі өзгеріп отырады. Бұл электр энергиясын өндірудің тұрақтылығына әсер етеді. Осы мәселелерді шешу үшін энергияны сақтау жүйелері мен заманауи басқару технологиялары қолданылуда.

2.2. Жел энергиясын пайдаланудың тарихы

Жел энергиясын пайдалану адамзатқа өте ерте заманнан белгілі. Жел диірмендері мен желкенді кемелер бірнеше мың жыл бұрын қолданылған. Бұл құрылғылар адамдарға табиғи күшті пайдаланып, еңбек өнімділігін арттыруға мүмкіндік берді. Ал жел арқылы электр энергиясын өндіру ісі ХХ ғасырдың басында басталды.1930–1950 жылдары жел энергетикасын дамытуда Кеңес Одағы алдыңғы қатарда болды. 1931 жылы Қырымда, Балаклава маңында, алғашқы ірі жел электр станцияларының бірі іске қосылды. Бұл станция 1941 жылға дейін жұмыс істеді, бірақ соғыс кезінде толықтай жойылды. Оның жобасын белгілі инженер Владимир Шухов жасаған. Сол кезеңде бұл станция әлемдегі ең қуатты жел қондырғыларының бірі болды: оның генераторының қуаты 100 кВт, ал дөңгелек диаметрі 30 метр еді. Ал сол кездегі Дания мен Германиядағы құрылғылардың қуаты бұдан әлдеқайда төмен болатын.

1950–1955 жылдары Кеңес Одағында жыл сайын мыңдаған жел қондырғылары шығарылды. Қазақстанда тың игеру кезеңінде жел мен дизельді біріктіріп жұмыс істейтін алғашқы көп агрегатты электр станциясы салынды. Бұл станциялардың жұмысы қазіргі заманғы жел парктерінің дамуына негіз болды.

Соған қарамастан, жел энергетикасының қарқынды дамуы тек 1970-жылдары басталды. Бұған экологиялық мәселелердің күшеюі және мұнай бағасының қымбаттауы себеп болды. 1973–1974 жылдардағы мұнай дағдарысы көптеген елдерді баламалы энергия көздерін дамытуға итермеледі.

Дегенмен, жел энергетикасына деген көзқарас әрқашан біркелкі болмады. Кейбір адамдар жел станцияларының шу шығаратынын және табиғи көріністі бұзатынын айтып, олардың құрылысына қарсы болды. Мысалы, Нидерланд елінде тұрғындар жел қондырғылары елдің дәстүрлі келбетіне зиян келтіреді деп есептеген.

Қазіргі уақытта жел энергетикасы айтарлықтай дамыды. Жел электр станцияларының қуаты ондаған есе өсті, ал заманауи турбиналар бірнеше мегаватт энергия өндіре алады. Әлем бойынша жел энергетикасының жалпы қуаты жүздеген гигаваттқа жетті.

Соған қарамастан, жел энергиясы әлі де барлық электр энергиясының аз ғана бөлігін құрайды. Дегенмен, кейбір елдерде, мысалы Дания мен Испанияда, оның үлесі едәуір жоғары.Қорытындылай келе, жел энергиясын пайдалану тарихы ежелгі заманнан басталып, бүгінгі күнге дейін дамып келе жатқан маңызды энергетикалық бағыт болып табылады. Сондықтан жел энергетикасы болашақта экологиялық қауіпсіз әрі тұрақты энергия көздерінің бірі ретінде маңызы одан әрі арта түседі.

2.3. Қазіргі жел энергетикасы

Қазіргі таңда жел энергетикасы әлемдегі ең қарқынды дамып келе жатқан салалардың бірі болып табылады. Көптеген мемлекеттер электр энергиясын өндіруде жел ресурстарын кеңінен қолдана бастады. Бұл, біріншіден, экологиялық мәселелердің күшеюімен, екіншіден, қазба отын қорларының азаюымен байланысты.

Б үгінде жел электр станциялары (ЖЭС) екі негізгі түрге бөлінеді: құрлықтағы (onshore) және теңіздегі (offshore). Құрлықтағы станциялар жер бетінде орналасса, теңіздегі станциялар жағалаудан алыс аймақтарда салынады және әдетте қуаттырақ болады, себебі теңізде жел жылдамдығы тұрақты әрі жоғары келеді.

Қ азіргі жел турбиналары өте жетілдірілген. Олардың биіктігі 100 метрден асады, ал қалақтарының ұзындығы ондаған метрге жетеді. Бір турбинаның қуаты бірнеше мегаватт болуы мүмкін. Мұндай ірі қондырғылар үлкен көлемде электр энергиясын өндіруге мүмкіндік береді.

Жел энергетикасы көптеген елдерде электр энергиясының маңызды бөлігіне айналып отыр. Әсіресе Еуропа елдерінде бұл сала жақсы дамыған. Кейбір мемлекеттерде жел энергиясының үлесі жалпы электр өндірісінің айтарлықтай бөлігін құрайды.

Сонымен қатар, қазіргі кезде жел энергиясын тиімді пайдалану үшін жаңа технологиялар енгізілуде. Оларға энергияны сақтау жүйелері, «ақылды» электр желілері және жел мен күн энергиясын біріктіретін кешендер жатады. Бұл жүйелер энергия өндірудің тұрақсыздығын азайтып, оның тиімділігін арттырады.

Дегенмен, жел энергетикасының дамуында әлі де шешімін табуды қажет ететін мәселелер бар. Олар – желдің тұрақсыздығы, жоғары бастапқы шығындар және электр желісіне қосу қиындықтары. Соған қарамастан, бұл сала болашақта энергетиканың негізгі бағыттарының бірі болып қала береді.

2.4. Жел генераторларының жұмыс істеу принципі

Ж ел генераторының жұмыс істеу принципі желдің кинетикалық энергиясын электр энергиясына кезең-кезеңімен түрлендіруге негізделген.

Алдымен жел ағыны генератордың қалақшаларына (лопастарына) әсер етеді. Қалақшалардың арнайы аэродинамикалық пішіні болады: бір жағы дөңес, екінші жағы салыстырмалы түрде тегіс. Жел осы беттерден өткен кезде қысым айырмасы пайда болады. Соның нәтижесінде көтергіш күш туып, қалақшалар айнала бастайды. Бұл процесс жел энергиясының механикалық энергияға айналуының алғашқы кезеңі болып табылады.

Қалақшалардың айналуы негізгі білікке беріледі. Білік генератордың роторымен тікелей немесе редуктор (беріліс қорабы) арқылы байланысқан. Редуктор кейбір құрылғыларда айналу жылдамдығын арттыру үшін қолданылады, өйткені генератор тиімді жұмыс істеуі үшін жоғары айналу жиілігі қажет.

Ротор – генератордың айналмалы бөлігі, оның құрамында тұрақты магниттер немесе электромагниттер болады. Ротор айналған кезде оның магнит өрісі де бірге айналады. Ал статор – қозғалмайтын бөлік, онда мыс сымдардан жасалған орамдар орналасқан.

Ротордың айналуы нәтижесінде статордағы магнит өрісі уақыт бойынша өзгеріп отырады. Осы өзгермелі магнит өрісі электромагниттік индукция құбылысын туғызады. Яғни, статор орамдарында электр қозғаушы күші пайда болып, еркін электрондар бағытталған қозғалысқа түседі. Нәтижесінде электр тогы өндіріледі.

Өндірілген ток бастапқыда айнымалы ток (AC) түрінде болады. Оның жиілігі ротордың айналу жылдамдығына тәуелді. Кейін бұл ток арнайы электрондық құрылғылар арқылы реттеледі: қажет болған жағдайда тұрақты токқа (DC) айналдырылады немесе қайтадан тұрақты жиілікті айнымалы токқа түрлендіріліп, электр желісіне беріледі.

Жел генераторында басқару жүйесі де маңызды рөл атқарады. Ол желдің жылдамдығы мен бағытын бақылап, қалақшалардың бұрышын өзгерту арқылы айналу тиімділігін арттырады. Бұл жүйе тым қатты жел кезінде генераторды зақымданудан қорғау үшін айналуды баяулатады немесе тоқтатады.

Осылайша, жел генераторының толық жұмыс істеу процесі келесі тізбек бойынша жүреді:

жел энергиясы → қалақшалардың айналуы → механикалық энергия → ротордың айналуы → магнит өрісінің өзгеруі → электр тогының пайда болуы.

Бұл принцип барлық жел генераторларында бірдей, тек олардың қуаты мен құрылымдық ерекшеліктері ғана әртүрлі болуы мүмкін.

2.5. Жел энергетикасының артықшылықтары мен кемшіліктері

Жел энергетикасы қазіргі таңда жаңартылатын энергия көздерінің ішінде маңызды орын алады. Ол желдің қозғалысынан пайда болатын кинетикалық энергияны электр энергиясына айналдыру арқылы жүзеге асады. Бұл бағыт экологиялық қауіпсіздігімен және сарқылмайтын табиғи ресурс болуымен ерекшеленеді. Дегенмен, оның да белгілі бір артықшылықтары мен кемшіліктері бар.

1.Жел энергетикасының артықшылықтары:

Ең басты артықшылықтарының бірі – оның жаңартылатын ресурс болуы. Жел – табиғи түрде үздіксіз пайда болатын құбылыс. Ол Күннің Жер бетін әркелкі қыздыруының нәтижесінде қалыптасады. Сондықтан жел энергиясы сарқылмайды және ұзақ мерзімде пайдалануға болады.

Сонымен қатар, жел энергиясы экологиялық таза болып табылады. Электр энергиясын өндіру барысында зиянды газдар бөлінбейді, атмосфера ластанбайды. Бұл фактор қоршаған ортаны қорғауда маңызды рөл атқарады.

Тағы бір маңызды артықшылығы – су ресурстарын үнемдеу. Көптеген дәстүрлі электр станциялары салқындату үшін суды қажет етеді, ал жел генераторлары су пайдаланбайды. Бұл әсіресе су тапшылығы бар аймақтар үшін тиімді.

Жел энергетикасы елдің энергетикалық тәуелсіздігін арттыруға көмектеседі. Импорттық отынға тәуелділік азаяды, соның нәтижесінде энергия қауіпсіздігі күшейеді. Сонымен бірге, бұл сала жаңа жұмыс орындарын ашуға ықпал етеді.

Жерді тиімді пайдалану да артықшылықтардың бірі. Жел турбиналары орнатылған аумақты ауыл шаруашылығына қатар пайдалануға болады. Яғни, бір жер бірнеше мақсатта қолданылады.

Ұзақ мерзімде экономикалық жағынан тиімділігі байқалады. Бастапқы шығындар жоғары болғанымен, пайдалану кезінде отын қажет емес, сондықтан шығын азаяды.

2.Жел энергетикасының кемшіліктері:

Жел энергетикасының негізгі кемшілігі – тұрақсыздығы. Жел әрдайым бірқалыпты соқпайды, сондықтан электр энергиясын өндіру көлемі де өзгеріп отырады. Бұл тұрақты энергия көзі ретінде қолдануды қиындатады.

Келесі мәселе – шу және сыртқы көрініс. Кейбір адамдар үшін жел турбиналарының сыртқы келбеті табиғи ландшафтты бұзады. Сонымен қатар, айналатын қалақшалар белгілі бір деңгейде шу шығарады.

Жабайы табиғатқа әсері де бар. Турбиналардың қалақшалары құстар мен жарқанаттарға қауіп төндіруі мүмкін, әсіресе олар көшу жолдарында орналасса.

Үлкен аумақты қажет етуі де кемшілікке жатады. Ірі жел электр станцияларын салу үшін кең жер немесе теңіз аймағы қажет болады.

Бастапқы инвестиция көлемі жоғары. Турбиналарды өндіру, жеткізу және орнату қымбатқа түседі, бұл кейбір аймақтар үшін қолжетімділікті шектейді.

Сондай-ақ, турбиналарды өндіру кезінде қолданылатын материалдар (мысалы, сирек металдар) қоршаған ортаға белгілі бір деңгейде зиян келтіруі мүмкін.

Артықшылықтары мен кемшіліктерін салыстыру кестесі

Артықшылықтары

Кемшіліктері

Жаңартылатын энергия көзі

Желдің тұрақсыздығы

Экологиялық таза

Шу мен визуалды әсер

Су ресурстарын қажет етпейді

Құстарға қауап төңдіреді

Энергетикалық тәуелсіздік береді

Үлкен аумақты қажет етеді

Ұзақ мерзімді үнемді

Бастапқы шығын жоғары

Жерді тиімді пайдалануға болады

Өндіріс кезіндегі экологияға әсері

Жел энергетикасы – болашақтың маңызды энергия көздерінің бірі. Оның экологиялық тазалығы мен сарқылмайтындығы үлкен артықшылық береді. Дегенмен, тұрақсыздық, жоғары шығын және табиғатқа әсері сияқты мәселелерді ескеру қажет. Қазіргі технологиялардың дамуы бұл кемшіліктерді азайтып, жел энергетикасын одан әрі тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

2.6.Болашағы және маңызы

Жел энергетикасының болашағы өте зор және перспективалы бағыттардың бірі болып саналады. Қазіргі таңда әлем елдері дәстүрлі энергия көздерінен біртіндеп бас тартып, жаңартылатын энергияға көшуді күшейтіп жатыр. Осы үрдісте жел энергиясы маңызды рөл атқарады.

Болашақта жел энергетикасы жаңа технологиялардың дамуы арқылы одан әрі жетілдіріледі. Қуаты жоғары, тиімділігі артқан заманауи жел турбиналары пайда болуда. Сонымен қатар, теңіздегі (офшорлық) жел электр станциялары кеңінен дамып келеді, өйткені теңіз аймақтарында жел тұрақты әрі күшті соғады.

Энергияны сақтау технологияларының дамуы да жел энергетикасының болашағына оң әсер етеді. Аккумуляторлар мен энергия сақтау жүйелері арқылы желдің тұрақсыздығы мәселесі біртіндеп шешілуде. Бұл жел энергиясын тәулік бойы тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, көптеген мемлекеттер тарапынан қолдау артып келеді. Арнайы бағдарламалар, инвестициялар және заңнамалық жеңілдіктер жел энергетикасының дамуын жеделдетуде. Бұл өз кезегінде жаңа жұмыс орындарының ашылуына және экономиканың өсуіне ықпал етеді.

Жел энергетикасының маңызы өте жоғары. Біріншіден, ол экологиялық таза энергия көзі болып табылады және атмосфераға зиянды қалдықтар шығармайды. Бұл климаттың өзгеруін бәсеңдетуге көмектеседі. Екіншіден, ол табиғи ресурстарды үнемдеуге және энергия қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, жел энергетикасы елдердің сыртқы энергия көздеріне тәуелділігін азайтады. Бұл әсіресе энергия ресурстары шектеулі мемлекеттер үшін маңызды.

Қорытындылай келе, жел энергетикасы – болашақтың негізгі энергия көздерінің бірі. Технологиялық жетістіктер мен тиімді басқару арқылы оның кемшіліктері азайып, маңызы одан әрі арта түседі. Жел энергиясын кеңінен пайдалану – экологиялық таза әрі тұрақты дамуға апаратын маңызды қадам.

Қорытынды

Қорыта келе, жел энергиясы – қазіргі заманғы энергетика саласындағы ең перспективалы және экологиялық қауіпсіз бағыттардың бірі болып табылады. Оның табиғи түрде үздіксіз жаңарып отыруы және қоршаған ортаға зиян келтірмеуі оны дәстүрлі энергия көздеріне тиімді балама етеді. Жел энергетикасы көмір, мұнай және газ сияқты сарқылатын ресурстарға тәуелділікті азайтып, энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, жел энергетикасының дамуы экономикалық тұрғыдан да маңызды, өйткені ол жаңа жұмыс орындарын ашуға, инновациялық технологияларды дамытуға және елдердің тұрақты дамуына ықпал етеді. Дегенмен, желдің тұрақсыздығы, үлкен аумақты қажет етуі және бастапқы инвестицияның жоғары болуы сияқты мәселелер әлі де өзекті болып отыр.

Қазіргі таңда бұл кемшіліктерді азайту мақсатында энергияны сақтау жүйелері, «ақылды» электр желілері және гибридті энергетикалық кешендер кеңінен енгізілуде. Болашақта технологиялардың жетілдірілуі жел энергетикасының тиімділігін арттырып, оны әлемдік энергетиканың негізгі құрамдас бөлігіне айналдырады. Сондықтан жел энергиясын дамыту – экологиялық таза, қауіпсіз және тұрақты болашаққа апаратын маңызды қадам болып табылады.















































Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Алдибеков И.Т. ,2017 ж. ,ӘОЖ 621.3 (075.8) ,КБЖ 31ю15я73,”ҚАЙТА ЖАҢАРТЫЛАТЫН ЭНЕРГИЯ КӨЗДЕРІ ЖӘНЕ ЭНЕРГИЯНЫ ҮНЕМДЕУ”.

  2. https://sigmaearth.com/ru/Плюсы-и-минусы-ветроэнергетики/

  3. КАРГИЕВ В.М., МАРТИРОСОВ С.Н., МУРУГОВ В.П., ПИНОВ А.Б., СОКОЛЬСКИЙ А.К., ХАРИТОНОВ В.П. «ВЕТРОЭНЕРГЕТИКА. РУКОВОДСТВО ПО ПРИМЕНЕНИЮ ВЕТРОУСТАНОВОК МАЛОЙ И СРЕДНЕЙ МОЩНОСТИ».

  4. «ТИПЫ ВЕТРОДВИГАТЕЛЕЙ. НОВЫЕ КОНСТРУКЦИИ И ТЕХНИЧЕСКИЕ РЕШЕНИЯ»

  5. STRICKLAND, M.D., E.B. ARNETT, W.P. ERICKSON, D.H. JOHNSON, G.D. JOHNSON, M.L., MORRISON, J.A. SHAFFER, W. WARREN-HICKS. «COMPREHENSIVE GUIDE TO STUDYING WIND ENERGY/WILDLIFE INTERACTIONS».

  6. https://zhasalash.kz/amp/zhasyl-ekonomika-zhel-energiyasy-tiimdi-ari-pajdaly-21438/



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.04.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 11