Материалдар / Желкенді шана жасау технологиясы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Желкенді шана жасау технологиясы

Материал туралы қысқаша түсінік
Техникалық үлгілеу-бұл оқушылар үшін әрі қызықты, әрі шамаға лайық әрекет түрі.Модельдер жасауға байланысты сарамандық жұмыс кезінде оқушылар шеберханада әр түрлі құрал-саймандар туралы ұғымдарды меңгереді,өз жұмыстарында өлшеу,құрастыру үшін басқа құрал-жабдықтарды пайдаланады және әр түрлі материалдарды өңдеуді үйренеді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Қараша 2018
882
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Калигожин Ергазы,

Шығыс Қазақстан облысы,

Күршім ауданы,

Күршім балалар шығармашылық үйі,

«Жас техник» үйірме жетекшісі.


Желкенді шана жасау технологиясы

Техникалық үлгілеу-бұл оқушылар үшін әрі қызықты, әрі шамаға лайық әрекет түрі.Модельдер жасауға байланысты сарамандық жұмыс кезінде оқушылар шеберханада әр түрлі құрал-саймандар туралы ұғымдарды меңгереді,өз жұмыстарында өлшеу,құрастыру үшін басқа құрал-жабдықтарды пайдаланады және әр түрлі материалдарды өңдеуді үйренеді.Сонымен қатар - құрылысы қарапайым техникалардың үлгілері мен түрлі берілістер арқылы қозғалысқа түсетін күрделі модельдерді жасау технологиясымен танысады, машықтанады. Аталған техникалық үлгілер үйірмеде оқушының ақыл-ой,еңбек әрекетін оятады және еңбекке деген қызығушылықтарын арттырады. Үйірмеде оқушы өз қиялы мен белсенділігін,дербестігі мен тапқырлығын көрсете алады, техника әлемін зерттеп қосымша мәліметтер алады, үлгілермен жұмыс жасаудағы шығармашылық қасиеттері де дами түседі.

Уақытты тиімді пайдалану, оқушыны жалықтырып алмау үшін және жас ерекшеліктеріне қарай жұмыс үлгілерін шаблон, сызба,сурет,т.б. түрінде жетекші мұғалім алдын-ала дайындап қойған жөн.Техника модельдерінің суреттері мен сызбаларын арнайы журналдардан (моделист-конструктор, юный техник) және ғаламтор желілерінен алуға болады.Үлгінің масштабын үлкейту немесе кішірейту қажет болғанда, көшіргіш аппараттың пайдасы көп.Жетекші қатырма қағаздан,жұқа фанер мен қаңылтырдан және тағы да басқа материалдан дайындалған шаблонды көшіру барысында арлы-берлі қозғалтуға,бұруға болады,соның нәтижесінде материалды үнемді пайдалануға қолайлы.Дайын шаблон бойынша істелетін жұмыс көшірме сипатындағы жұмыс болып табылады.Бірақ, бастапқы техника моделін жасауға үйретуде мұндай жұмыстың пайдасы зор.Ол оқушылардың жұмысқа ынтасын мен қызығушылығын арттырады. Техникалық үлгілеу кезінде оқушылардың жас ерекшеліктеріне,икемділіктері мен қабілетіне байланысты көңіл аударылғаны және модельдің пішінін өзгертулеріне мүмкіндік берілгені жөн.Атқарылатын жұмыстар жетекші мұғалімнің көмегі, қадағалауы, бағыт-бағдар беруі, пікір алмасуы арқылы жүзеге асады.

Атқарылған жұмыстардың жасалу жағдайына байланысты, яғни оның құрылысы, жұмыс күрделілігі және эстетикалық талаптарға сай жасаған үйірме оқушыларының бұйымдары аудандық,облыстық өткен көрмелерге қатысып, жүлделі орындарға ие болып, оң бағаланып жатады. Осындай орасан зор еңбектерінің арқасында жеткенжетістіктері оқушының өзіне деген сенімімен қызығушылығы артып, шығармашылық қабілетке жетелей түседі.Жалпы, оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуына үйірменің алатын орны мен атқаратын маңызы зор.Шаблон мен сызбаларды пайдалану негізде және оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай құрылған сабақ жоспарымды сіздердің назарларыңызға ұсынбақпын.


4 сынып

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік мақсаты: желкенді шана макетін жасата отырып оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыру, жұмысты орындау барысында ағашты өңдеу әдістерін меңгерту;

Дамытушылық мақсаты: оқушылардың көркемдік шеберлігін,ой-өрістері мен танымдық қабілеттерін дамыту;

Тәрбиелік мақсаты: оқушыларды ұқыптылыққа, үнемділікке, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: сарамандық үйрету сабағы.

Сабақтың әдісі: көрсету, баяндау, сарамандық жұмыс.

Оқыту формасы:жұптық.

Сабаққа қажетті материалдар:фанер, бір түсті мата,сызғыш, қол және қылара,қарындаш,құм қағаз, егеу,бұрғы,электр дәнекер,ПВА желімі,лак, қылқалам.

Сабақ көрнекілігі:технологиялық карта,сызбалар,үлгі,ақпараттық құралдар.


Сабақ барысы


І.Ұйымдастыру кезеңі.

  • Оқушылармен сәлемдесу, сабаққа әзірлігін бақылау,түгендеу.

  • Сабақ тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

ІІ.Жаңа сабақ. Мұғалімнің кіріспе сөзі:

- Өзімізге аса танымал және күй талғамайтын көлік қызметін атқарып келе жатқан шана зерттеуші тарихшылардың айтуынша дөңгелектен бұрын пайда болғанын айтады. Ал, қашан, қайда пайда болғанын ешкім дөп басып айта алмайды.Өте ерте заманнан келе жатқан шаналар пайдалану мақсатына қарай «Ат шана», «Ит шана», «Бұғы шана», т.б. түрлері қазіргі уақытқа дейін сақталған.Балалардың қыс уақытындағы сүйретпе шаналарынан бастап қазіргі заман талабына сай түрлі шаналар жасалынып үлгерді.Қазіргі таңда шана қысқы спорт түріне айналып отыр. Бүгін біз сондай шаналардың бірі желкенді шана макетін жасаймыз. Өңдеуге оңай ағаш материалын, фанерді пайдаланамыз.

ІІІ. Сызбамен жұмыс.Құрылысын интерактивті тақтадан көрсету арқылы оқушыларға таныстырылады.

Желкенді шананың негізгі құрылысы:


Shape1 Корпусы

Shape2 Кергіштері Желкені

Шана

Shape3



Shape4 Shape6 Shape5

Жақтаулары Табандары


Тұғыры


Технологиялық картаны оқушыларға таратып,жасалу жолдары мен негізгі жұмыстың мазмұнын пысықтаймыз.

IVҚауіпсіздік ережесі.

VСарамандық жұмыс. Сарамандық жұмыс барысында оқушылар екіден жұптасып жұмыс жүргізеді.

Жұмыстың орындалу реті:

1. Ағаш материалынан 40x50x50 өлшеміне сәйкес шананың корпусы қол арамен кесіліп,дайындалады.

2.Шаблон арқылы шананың екі жақтауын фанерге көшіріп, қыл арамен кесіп,өңдейміз.

3.Шана табандарының сызбаларын шаблон арқылы фанерге түсіріп қылара көмегімен кесіп алып,өңдейміз.Табанда белгіленген жерден диаметрі 4-6 мм шамасында болатындай өткерме тесіктер тесеміз.

4. Желкен бір түсті матадан дайындалады. Матаға өлшемдерін сызып, кесілген жері сетінеп кетпес үшін қыздырылған электр дәнекер арқылы кесеміз.Кесу барысында мата астына шыны төсеп қойса дұрыс болады. Ромбик тәрізді желкеннің төрт бұрышын тесіп шығырық орнатамыз.

5. Желкен тұғыры мен кергіштері де фанерден жасалады. Бұл жұмыстар сызба арқылы орындалады.Кергіштегі белгіленген орындарды диаметрі 2 мм болатындай тесікті бұрғымен тесіп, шығырық арқылы желкенді бекітеміз.Бұрғылау жұмысы жетекші мұғалімнің бақылауымен жүргізіледі.Құрастырылған желкен тұғырдың бір басына ілінеді.Ал, тұғырдың екінші басы шананың табандары басына көлденең бекітілген ағашқа ілінеді.

6. Үлгіге сәйкес шана бөлшектерін құрастыру барысында ПВА желімін пайдаланамыз. Дайын болған шананы түссіз лакпен әрлейміз.Әр оқушы желкенді өз ой-қиялына байланысты, оракльді пайдаланып түрлі бейнелермен әсемдейді.

Сарамандық жұмыс кезінде оқушылардың қауіпсіздік ережелерін сақтауларын, материалды үнемдеулерін талап етемін. Материалдың дұрыс өңделгеніне, ағаш талшық бағыттарының орналасуына көңіл аудартамын.Жұмыстары бойынша қиындық көретін оқушыларға бағыт-бағдар беріліп, көмектер көрсетіледі.Материалдарды дұрыс өңдеулері мен құралдарды талапқа сай пайдаланулары бақыланады.

VI.Қорытынды. Оқушыларға өнерге ұзақ еңбек керектігін,ал еңбек әсемдіктің өлшемі екенін түсіндіріп,өзімізге пайдалану жағынан өзгеше көлік түрін жасап шыққанымызды айтып, сабақты қорытындылаймыз.

Жұмыс орнын және өздерін ретке келтіру.


Пайдаланылған әдебиеттер:

1. «Юный техник» журналы. 12саны. 1986 жыл.

2. Ғаламтор материалдары.































Желкенді шана жасаудың технологиялық картасы





Жұмыстың орындалу реті



Сызбасы


Құрал - саймандар



1


Ағаш материалдан шананың корпусын кесіп алу және өңдеу.


Қарындаш, қол ара, егеулер,сызғыш,

құмқағаз.








2


Фанерден екі жақтауын шаблон арқылы дайындау.





Қарындаш,сызғыш қылара,егеу, құмқағаз.






3


Фанерден екі табанын шаблон арқылы дайын-дау,диаметрі 4 мм 5тесік тесу.





Сызғыш,бұрғы,

қарындаш, қылара,егеу, құмқағаз.



4


Тұғыры мен кергіштерін кесіп дайындау.


Сызғыш, қарындаш,бұрғы, қылара,егеу, құмқағаз.






5


Көк түсті матадан желкенін қиып алу.





Сызғыш, қарандаш, электр дәнекер.


6


Бөлшектерді құрастыру, әрлеу жұмыстары


Сызғыш, ПВА желімі, лак, қылқалам.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!