Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
«Желтоқсан жаңғырығы рухани жаңғырумен үндеседі»
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Тақырыбы:«Желтоқсан жаңғырығы рухани
жаңғырумен үндеседі» Мақсаты:
а) Атадан балаға мирас болған
байлығымыз,қазынамыз туған тілге,көркем әдебиетке,оның ішінде
поэзияға деген құштарлығын арттырып,өлең сөзінің құдіреті мен
қуатын жанымен сезініп, жүрегімен түсіне білуге
үйрету.
ә) Шығармашылық қабілеттерін,эстетикалық
талғамдарын,тума-талант, табиғи дарындарын
анықтау,
б) Алған білімдерін өмірде қолдана алуға
үйретіп,ұлтына,тіліне құрмет көрсетуге өнерге баулу,оқушылардың
дүниетанымын кеңейту,әдеби, көркем, мәдениетті сөйлеуге
дағдыландыру.Жас буынды ұлттық мәдени құндылықтар рухы мен
ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі:Интерактивті тақта,кітап
көрмесі
1-Жүргізуші:Армысыздар құрметті ұстаздар,
оқушылар!
Бүгінгі жастар-халқымыздың болашағы,еліміздің ертеңі.Оқушылардың ой
өрісін кеңейтіп,шығармашылығына шабыт
беретін «Желтоқсан жаңғырығы рухани
жаңғырумен үндеседі» тақырыбындағы жас ақындар байқауына қош
келдіңіздер
2-Жүргізуші:
Ассалаумағалейкум,барша
халық,
Қартқа құрмет,сыйлайтын жасқа шабыт.
Салты солай халқымның әуел бастан,
Бауырларша келіңдер,бас қосалық.
Өлең деген – құдірет қой
шынында,
Талант керек, кейде оны
ұғуға.
Ұлағат та, тіршіліктің сыры
да,
Үңілсеңіз жатыр баба жырында.Ендеше бүгінгі
кешіміздің мақсаты-өлең сөзінің құдіретін, мәнін түсіну
болмақ!
1-жүргізуші:
Ерлерді ұмытса да ел,сел
ұмытпас, Ерлерді ұмытса да ел,жел
ұмытпас, Ел үшін жанын қиып,жауды
қуған Ерлерді ұмытса да ел,бел
ұмытпас Ел үшін төккен ерлер қанын
жұтып, Ерлерді ұмытса да ел,жер
ұмытпас Арқаның селі,желі,шөлі,белі,
- Ерлерді ұмытпаса ел
ұмытпас,-деп Мағжан Жұмабаев айтқандай дүниені дүр
сілкіндіріп,қазақ елінің бостандық туын көтерген ерлеріміз мәңгі
есте қалары сөзсіз. Ақмырза
Айсәуле 8-сынып оқушысы «Желтоқсан
туралы» Зайыров
Бекболат 8-сынып оқушысы
«16-желтоқсан»
Тұрлыбаева Мәншүк 8-сынып
оқушысы М.Шаханов «Желтоқсан
алаңы» Сәл аялдап, тағзым етпей бұл алаңнан
өтпеңдер...
Желтоқсанда ызғырықтан тітіркеніп көк пен
бел,
Бұл жер, қалқам, асқақ рух жарылысы өткен
жер,
Қайта оянған ұлт намысы қызыл қанға бөккен
жер,
Ерте есейген ару қызды шаштан сүйреп, тепкен
жер,
Жатты мұнда естен танып күзге айналған
көктемдер...
Алаң шетін қоршап тұрған шыршаларға ала
көк,
Жас бүлдіршін, сезіміңді жанар етіп қарап
өт.
Сол арадан сатқындықта елестейді қара
бет,
Қара беттің көбі бүгін дара тұлға, дара
бет.
Жас бүлдіршін, мұз құрсанған шыршаларға қарап
өт,
Заманыңның жеңісі мен жеңілісін санап
өт.
Ұлттың бағы жанар ма екен хас тұлпары, нары
жоқ,
Ал, біреулер намысы жоқ, жігер, қауқар, қары
жоқ,
Кемсітпекші "желтоқсанның жалаң аяқтары"
деп.
Жоқ!!! Кешегі сын сағатта көкірегінде жанып
от,
Тұрған солар аяз сорған қызыл беттің ары
боп,
Дәуірінің тауығына шашылмаған тары
боп.
Тірліктегі әр ісіңнің жаңғырығы
болады
Бұл табиғи жасырын заң өзгеріссіз
қалады,
Сол заңға сай сені бақыт, не сор іздеп
табады. ...
Дүниені дүр сілкінткен жас толқынның
саналы
Даңқын ешкім, ешкім бүркей
алмас.
Оны да еске
салады Желтоқсанның
бас алаңы, қайсар рух алаңы.
2-жүргізуші:Тәуелсіздік - ең басты
құндылығымыз.Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді
әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 26 жыл
ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын
өткелдерінен аман өткізіп келеміз.Осы кезеңде Қазақстанды дүние
жүзіндегі ең мықты мемлекеттер танитындай,сыйлайтындай деңгейге
жеткізген тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтай
көреген саясаткердің ерен еңбегін әрқашанда атап өтеміз.Тәуелсіздік
күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп
білеміз,себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді
ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап,күтумен
өтті.
1-жүргізуші:
Армандарды жақындатып тым
алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы
ағыс.
Егемендік - ел бақыты,
ертеңі,
О, халайық! Құтты болсын
қуаныш!
Азат өлкем күндей күлген
шығыстан,
Асыл елім жан-жүректі
ұғысқан.
Ата-бабам аңсап өткен
бақытым,
Айналайын, Қазақстан -
Гүлстан!
2 -
жүргізуші:
Кең байтақ, көз жетпейтін жерім
менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім
менің
Бүгінде бар әлемге даңқың
жетті
Тәуелсіз Қазақстан – елім
менің Ақмырза
Айсәуле 5-сынып оқушысы «Тәуелсіздік»
әні Қоспанова
Камила 6-сынып оқушысы Тәуелсіз елім
бар Көк айна көлім
бар, Кең жайлау жерім
бар. Еңбегі
еленген Атақты ерім
бар. Жемісті бауым
бар, Шың-құзды тауым
бар. Еңісті өр
еткен, Жеңісті қауым
бар. Жайдарлы желім
бар, Өрісті белім
бар. Ерлікке
баулитын Егемен елім
бар! Тарих боп
кешегім, Көп жұмбақ
шешемін. Егемен
еліме, Еге боп
өсемін! Юсупова
Снежана 8-сынып оқушысы
«Тәуелсіздік» Қалқаман
Сарин Тәуелсіздік, Еркіндігім.
Қасиеттім. Қастерлім. Өзің барда өзегімде жоқ шер
мұң! Кеше сенің келбетіңді арман
ғып, Боданына бұғауландық басқа
елдің. Бабалардың басын тігіп
бәйгеге, Аналардың жанарына жас
бердің! Уа, Еркіндік, қош
келдің! Өзегімді өртке ораған қоғамда,
Өз үйіме өзім өгей болам ба?! Алшаң басып жүре алмаса алты алаш
Азаттығым! Қадірің де жоқ онда! . ...Саған жету қиын болса
қаншалық, Сақтап тұру қиынырақ одан да! Алла берген азаттықтың әр
сәті- Аманат қой. Маған, Саған , Оған да! Саясатқа сермей
алмай семсерді, Езгі күнге тері қылдым еңсемді! Желтоқсанда жалын
атып жастығым, Құрсау болған темір қоғам теңселді! Есте даңқы
қыршындардың қалды ма, Сексен алты ерлігім бе-ей, ең
соңғы!? Уа, еркіндік, Құның немен
өлшеңді!? Уа, еркіндік! Құның немен өлшенді?! Сені көксеп
Боздақтарым өлсе өлді! Сенсің менің ең ғажайып өлеңім, Ең шуақты,Ең
шырайлы, Ең шерлі! Әр таңыңды сүйіншілеп тұрайын- Құдай берген
ғұмырымда өлшеулі! Үмітбаева
Жұлдыз 8-сынып оқушысы «Тәуелсіздік
күні құтты болсын!»
Азат күн туды, қырандай еркін самғаған, Асыл арманды ақиқат күнмен жалғаған. Ұғынсаң елім, бостандық атты бақ құсы, Сан ғасыр бойы басымызға да қонбаған! Бұл күнді күтіп батырлар жанын қиысты. Бостандық алып күмбірлеп кетті күй ішкі. Ержүрек ұлы, қайсар қыздары бар қазақ, Мәңгілік азат халық болуға тиісті! Жаңарды заман, жасампаз елміз жайнаған. Төсінде сан мың ұлыс пен ұлты жайлаған. Мұнай мен газы атқылап көкке алтын боп, Еңбекші жұртпен жадырап кетті бай далам! Ақ Орда тігіп, Астана қылған қаласын, Тарихын танып, ардақтап жатқан бабасын, Барша әлем білген бөрі-жүректі баласын, Қиналмай өтер алдынан шықса дара сын, Көк туың мәңгі желбірей берсін көгіңде, Айбарлы менің Алашым! Алғи Сансызбай 6-сынып оқушысы
Мәңгілік ел Ерлан Ахмет
Аспанның нұрланып
ажары,
Тасытты береке
қазанын.
Азаттық қыранын
самғатып,
Әлемнің аудардық
назарын.
Жасампаздық
көшіндегі
Ұрпақтарды
бастасын.
Ұлы Дала
төсіндегі
Мәңгілік Ел
жасасын!
Жаратқан Тәңірге
сиындық,
Ұлағат сөзіне
иілдік.
Ынтымақ ұйытқан
халықпыз,
Көк тудың астына
жиылдық.
Бейбіт күн орнасын
төрінде,
Сандуғаш сайрасын
жерінде.
Бақыттың жұлдызы,
жарқыра
Тәуелсіз Қазақстан
көгінде! Шымыр
Элиф 8-сынып оқушысы Ән «Егеменді
елім» Ордабек
Алтынай 8-сынып оқушысы Ән «Елім
менің» Оразғали
Гүлназ 8-сынып
оқушысы Елбасына
арнау Қуанышева
Бибінұр Тəуелсіздік таңы атқалы 26 жыл
толыпты,
Өсіп-өніп Қазақстан 50 елдей болыпты.
Қазағымның басына,
Құдайберген бақ құсы кеп қоныпты.
Елбасымыз Əбішұлы Нұрсұлтан,
Арқау болып жеріне,
Жолдау жолдап,
Тұрады əркез еліне.
Қазағым, барым деп шіркін,
Қазақстан қане дүр сілкін.
Биылғы жылғы бағытың,
Болашақ бағдар: рухани жаңғыруың.
Нұр аға деді сөзінде:
-Ұлттық мемлекет болайық,
Бабалар жолын жалғайық. Сана-сезім оянып 1000
жылда
Жаңалық қылайық. Мəңгілік ел мақсатың,
Керектісі ұлттық код.
Прагматизм, бəсеке,
Білім басты назарың.
Атап айтқан дүниең,
Болса егер қазағым.
Мыңдаған жыл əлемде,
Мəңгілік ел боласың.
Ер аға сеніп еліне,
Жастарға артты үмітін.
Замандас қане ұғынып,
Біріккін болашақ күніне . Жунисова
Шырын 8-сынып оқушысы Мен қазақ
боп туғаныма мақтанам Қарсы тұрып қас жауына
қаптаған, Ешбіріне ар-ожданын
сатпаған. Бағы тайып бодандықта жүрсе
де, Дархан пейіл, жомарттығын
сақтаған. Мен қазақ боп туғаныма
мақтанам.
Бір ғасырда мың жығылып, мың тұрған,
Желтоқсанда қанатынан қырқылған.
Бірақ талмай, азаттыққа ұмтылған,
Абай, Мұхтар, Қаныштардай ұл туған.
Мен –қазақпын, деп әлемге мақтанам.
Желбіреген аспан түсті байрағы,
Батыр елмін барыс сынды айбары.
Мен -қазақпын деп айтуға мақтанам,
Ынтымақты бұзылмаған қаймағы.
Қаныбек Нұрдана 8-сынып оқушысы Мен сүйемін елімді
Бақыт нұры шалқыған гүл-өңінен,
Кең өлкемді сүйемін жүрегіммен.
Елге деген махаббат тыншымайды,
Мұңая да біледі, күле білген.
Өмір маған құшағын жайса дәйім,
Жарқылдатып жүремін найзағайын.
Майыспаймын қашан да елім үшін,
Махамбеттер ұстаған найзадайын.
Туған жердің мәңгілік жыр-әнін де,
Жаттап өскем жасымнан,жүрегімде.
Ақ арманым,Қуатым,
Бар бақытым,Сен өзіңсің, Ұлы Отан,
Тірегім де.
Мен сүйемін жерімді, ер-елімді,
Аямай-ақ, менен ал керегіңді,
Бейбіт атқан әр таңда кезек күтіп,
Түгендеумен келемін берерімді.
Анық басып тірлікте әр ізімді,
Адалдықпен өтесем қарызымды.
Отан үшін, ел үшін ешқашанда,
Ерінбеймін ақтаудан парызымды. Лесбек Фариза 8-сынып оқушысы Отан
Отанды біз атамекен
Деп аялап атаймыз,
Өйткені оны мекен еткен,
Бабамыз бен атамыз.
Отанды Жас, кәріміз де,
Туған жер деп сүйеміз.
Өйткені, онда бәріміз де
Туып, өмір сүреміз.
Отанды әркім анасындай
Қастерлейді, бағалап.
Өйткені Отан баласындай
Бізді өсірер аялап.
Отан деген – атамекен.
Отан деген туған жер.
Отан – ана,
Отан – үлкен
Қазақстан – туған ел.
1-жүргізуші:
1.5-сынып оқушысы Сырлыбай Ерсұлтанның орындауында «Келіншек»күйі
2.7-сынып оқушысы Әбдіханова Әселдің орындауында «Ерке сылқым» күйі
1-жүргізуші:Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты.Біздің
мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі,ол-әлемдегі ең дамыған 30 елдің
қатарына қосылу.Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып
жүруі,яғни одан бұрын жаңғырып отыруы
тиіс.Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаевтың:«Біздің міндетіміз бәсекелестікке лайық ұрпақ
тәрбиелеу»,-деген пікірі жастарға Абайша білім алу,Абайша
ойлау,Абайша өмір сүру дегенді
ұқтырады.
Рухани
жаңғыру Серік
Сейтман
Шыңға биік Ел көз тіксе асқарлы, Шайыр жазбай, кім жазады дастанды?! Сүйінші, Алаш! Тарихыңда толғаулы Рух жаңғырар жаңа дәуір басталды! Көк түріктің ұрпағына, уа, құтты Ту көтерер тағы бір таң атыпты. Жолын таппай, қаңғырған Ел қаншама, Кодын сақтай, жаңғырған Ел бақытты. Бұл жаңғыру – өрге бастау Ұлтымды, Бұл жаңғыру – төрге бастау Ғұрпымды. Ұлттық кодым – менің ұлттық құлпым, Кім көрінген қолды етпесін кілтімді. Бұл жаңғыру – ұлыларды ұлықтау, Ұлы Абайдың даналығын ұмытпау. «Кісен ашып» Құрманғазы күйімен, Болмысымды бұлжымастай құлыптау. Бұл жаңғыру – кемелденіп жаңғыру, Кеуде соққан күллі әлемді таң қылу. Жыр алыбы Жамбылдарды жыр қылу, Ән алыбы Шәмшілерді ән қылу, Бұл жаңғыру – бастамасы ғажаптың, Бұл жаңғыру – астанасы ләззаттың. Жалғаны көп сахнасында жаһанның Мәдениетін мойындату қазақтың. Бұл жаңғыру – тарихи сәт сауапты, Сауапты іске бәріміз де жауапты: Тұлпарымыз озсын десек бәйгеде, Ұрпағымыз болсын десек сауатты. Бұл жаңғыру – Туған Жерді түлету, Ен даланың кең құшағын гүл ету. Шығыс, Батыс, Оңтүстік пен Солтүстік – Бар қазақтың арман-жырын бір ету. Асуды асып Қазақстан – ардағым, Аспанменен астасып тұр арманым. Ер бастады! Ел қостады! Жарылқа! Тәңір Ием, Туған Елдің Бағдарын!
2-Жүргізуші: Қорытындылай келе,16-желтоқсан-Тәуелсіздік күнімен сіздерді шын жүректен құттықтаймыз!Азат елдің білікті, білімді, жігерлі, азаматы болыңыздар! Әрқашанда Тәуелсіз Қазақстанның таңы нұрлы болып, егемен елдің ұрпағының еңсесі биік,көкірегі ояу, керегесі кең, терезесі тең елде өмір сүрсін. Қазақстанға оңай келмеген Тәуелсіздікті қастерлей, қадірлей білейік,ағайын! |
Әнұраным жанұраным Айтар әнім, сөйлер сөзім. Туған жерім – сағынарым Мәңгі бақи шырқалады, Республикам әнұраны .
Әнұран «Менің Қазақстаным»
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
№64 Ж.Аймауытов атындағы мектеп-гимназия
Сыныптан тыс жұмыс
«Желтоқсан жаңғырығы рухани жаңғырумен үндеседі» тақырыбындағы жас ақындар байқауы
Пән мұғалімі:Сартаева К.Н.
Шымкент-2017