Тәуелсіздік
күні
(Реферат)
Орындаған: Төленді
Ә
2015
16 желтоқсан тәуелсіздік
күні
1990 жылы 25 қазанда Жоғарғы Кеңестің
сессиясында тұңғыш рет қазақ мемлекеттілігінің егемендігі туралы
мәселе қаралады. Онда мемлекеттің егемендігін бекітетін тарихи
маңызды құжат – «Қазақ КСР-інің Мемлекеттік егемендігі туралы»
Декларация қабылданды. Қысылтаяң шақта егемендік туралы
Декларацияны қабылдау оңайға түспеді. Өйткені Одақ пен коммунистік
партияның билігі әлі де күшті болатын. 1990 жылы 16 қыркүйекте
«Мемлекеттік егемендік туралы Декларацияның» жобасы алғаш рет
БАҚ-та жарияланды. Сол кезде одан өзге «Азат» азаматтық қозғалысы
да Декларацияның балама нұсқасын әзірлепті. Қалай дегенмен де
егемендікті жария еткен құжатты қабылдау барысында егемендікке
қарсы кейбіреулер «мемлекеттік тіл – қазақ тілі», «қазақ ұлты
тағдырының жауапкершілігін сезіне отырып» деп келетін тұжырымдарға
келіспеушілік танытты. Сонымен бірге сессияда «басқарушы және
негізгі күш коммунистік партия болып табылады» деген 6-бапты алып
тастау туралы батыл ұсынысқа егемендікті қаламайтын «қызыл
коммунистер» көп қарсылық білдіріпті. Тіпті кейбіреулердің болашақ
үшін аса маңызды құжатты қабылдауды кейінге қалдырмақ ойы да
болған. Осындай сын сәтте Салық Зиманов, Сұлтан Сартаев сынды
ағаларымыз құлдықты көксейтіндерге батыл уәж айтып, ұлт мәселесін
төтесінен қоя білді. Буырқанған егемендік рух пен құлдық сана
арпалысқан сессияда Декларациядағы 17-бап сегіз сағат бойы талқыға
түсті. Кеңестер Одағының талқаны таусылмай жатып, одақтас
республикалардың кейбірі тәуелсіздік туралы заңдарды қабылдап
үлгерген-ді. Сөйтіп, КСРО дейтін қараңғы қапастан егемендіктің 15
гүлі қауызын жарып, бүршік атты. Мемлекеттік егемендік туралы құжат
республиканың егемендігін баянды еткен тұңғыш заңнамалық акт болды.
Бұл құжат бойынша Қазақстан елі халықаралық қатынастарда дербес
толыққанды объекті ретінде сыртқы саясатта өзінің мүдделерін
айқындап, халықаралық ұйымдардың қызметіне қатысуға мүмкіндік алды.
Еліміз егемендік Декларациясы арқылы табиғи байлығымызды,
экономикалық және ғылыми-техникалық әлеуетін толық меншігіне алды.
Қазақстан территориясындағы барлық әскери құрылымдар мемлекет
қарамағына өтеді. Декларация бойынша Қазақстан территориясында
егемендікке қайшы келетін КСРО заңдарының күші жойылды. Декларация
орталыққа бағынышты күйден арылтып, Мәскеумен жаңа жағдайда тең
әріптес ретінде ынтымақтастыққа қол жеткізді. Сонымен, Мемлекеттік
егемендік Декларациясы – егемендікті білдіретін құр мәлімдеме
амбиция ғана емес, шын мәнінде, заңдық күшке ие маңызды құжат.
Сондықтан да егемендік туралы Декларациясы, кейін 1991 жылдың 16
желтоқсанындағы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі туралы
Декларациясымен терең үндестік тапты.
Кейбір саясаткерлер пікірінше бұл күнді
тәуелсіздік күні деуден гөрі желтоқсан құрбандарын еске алу күні
десе болғандай. Өйткені 1986 шы жылдың желтоқсанның 16-сы күні
кешінде қазақ жастарының үлкен күреске шыққан күні, алайда
биліктегілер бұл күнді ұмыттыру үшін әдейі тәуелсіздік күні деп
жариялап отыр.
ҚАРАША- күздің
хабаршысы
— маса ұшырасса - қыс жылы, күн күркіресе -
қаһарлы;
— ай
тұтылса - келер қыс суық, ай шалқасынан туса, қар қалың түсіп,
қаһарлы қыс ұзаққа созылады;
— ағаш бутақтарын қырау басса, ертеңіне қар жауады,
шөпке ызғарлы қырау қонса, жаңбыр жауады;
қар
ерте түссе, көктем ерте келеді;
— найзағай жарқылдаса, келер жаз
жаңбырлы;
— кемпірқосақ көрінсе - қыс қатты, көктем жаңбырлы
болғанмен, жаз ыссы, қуаңшылық.
Бірінші он күнде
— тоң
қатып, салқын жел тұрса, қаңтарға дейін қар жаумайды; ағаш
жапырақтары түспей, жауғап қар ұзақ жатпайды; ашық күн болса -
келер қыс жылы; бұлт жиі үйірілсе, желтоқсан айының ортасында қатты
аяз тұрады.
Екінші он күнде
— түскен тұман тез тараса, күн жылынады; қар жауса
- келер қыс қаһарлы; бұлтты және желді келсе, қаңтардың басында қар
көп жауады.
Үшінші он күнде — құдықтың суы көтерілсе - аяз
тұрады; қар аралас жаңбыр жауса, желтоқсан айында күн жылынғады;
айдың соңғы күні, ауа райы қандай болса, қыс бойы
сондай.
Нағыз қыс алғашқы қардан 40 күн соң
түсед
1
желтоқсон
Егемен ел ретінде
бірінші рет өткізілген жалпыхалықтық сайлауда Нұрсұлтан Назарбаев
тұңғыш Президент болып сайланды. Ол жұрттың 98,78% дауысын жинады.
Сондықтан, халқымыздың ұзақ жылдар бойы армандаған азат күні,
Тәуелсіз Қазақ елінің қалыптасуы, тарихымыз түгенделіп, тіліміз,
дініміз және діліміз қайта оралып, мемлекеттік ұлттық рәміздердің
қабылдануы, бостан заманға қатысты тағы басқа игіліктердің бәрінің
бастау бұлағы осы шақтардан басталады.
Н.Назарбаев 1993 жылы
Қазақстан дамуының басты бағыт-бағдарларын анықтап берді. Ал 1997
жылы «Қазақстан - 2030» стратегиялық бағдарламасы жасалды. Онда
еліміздің тұтастығы, қауіпсіздігі, халықтың әл-ауқаты, бәрі-бәрі
қамтылған. Онда: «...Қазақстан индустриялық-иновациялық елге
айналуы керек» деген. Яғни, Қазақстан өзге елдердің тек шикізат
шығаратын аймағы ғана болып қалмай, әлемде теңдессіз мол жер
байлығымызды өзіміз өндіріп, өңдеп шығаратын іргелі елге айналуымыз
қажеттігі де айтылған. Қараңыздаршы, соның бәрі бүгінде орындалып
жатыр емес пе!
Қазақстанның сыртқы
саясатында да Президенттің үлесі үлкен, еңбегі ерен. ТМД-ның
негізін салуға, осы аяда Кеңестер Одағының шекпенінен кеше ғана
азаттық алып шыққан бұрынғы «бауырластарды» басын қайта қосуға
ерекше тер төкті. Саяси, экономикалық, мәдени интеграция құруға
арналған көптеген бастама-жобалардың авторы болды. Мәселен,
Еуразиялық экономикалық қоғамдастық, Бірыңғай экономикалық
кеңістік, Кеден одағы, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы, Шанхай
Ынтымақтастық ұйымы, т.б. атауға ие болады. Сондай-ақ, Түркітілдес
мемлекеттер одағының құрамында да біздің еліміздің беделі үлкен.
Сыртқы-ішкі саясаттағы осы іс-әрекеттерінің бәрі Н.Назарбаевты, сөз
жоқ, әлемнің тамыр соғысының бүлкілін айқын таныған, шартараптардың
саяси ағымын түгел бағамдап отырған әбжіл саясаткер, жаһандық
деңгейдегі атаулы тұлға екенін байқатады. ҚазақстанныңЕуропаның
қауіпсіздігі және ынтымақтастығы ұйымына, Ислам ынтымақтастығы
ұйымына төрағалық етуі, Дәстүрлі әлем діндерінің сиездерін өткізуі
– осы сөздеріміздің бір дәлелі.
Ғасырға бергісіз жиырма
бір жылдың ішінде қазақ деген ұлтты, Қазақстан атты мемлекетті БҰҰ
құрамындағы барлық мемлекет түгел мойындады, тәуелсіздігін
таныды.Әлемнің 150-ден астам елдерімен дипломатиялық қатынас
орнатты.Қазақтың шекарасы айқындалып, ол Қытайдың, Ресейдің,
Өзбекстанның Жоғарғы заң шығарушы органдарында тиісті
ратификациядан өтті, заңды күшіне енді.
Міне, сондықтан,
Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуы Елбасыныңатымен тікелей
байланысты.Айта кетейік, Қазақстан Республикасының Тұңғыш
Президентi - Елбасы туралы N 83 Конституциялық заң 2000 жылдың 20
шiлдесінде шықты, оған 2010.06.14 № 289-IVөзгертулер мен
толықтырулар енгізілді. Аталмыш заңда Қазақстан Республикасы Тұңғыш
Президентiнiң – Елбасының мәртебесi мен өкiлеттiгi баяндалған. Ал,
2011 жылы ел Парламентінің 1 желтоқсанды «Тұңғыш Президент күні»
деп жариялауы осы Конституциялық заңдардың аясында жүзеге асқанын
айта кету керек.
Қарап отырсаңыз,
әлемнің басқа елдерінде де «Президент күндері» бар. Мәселен, АҚШ-та
ақпанның әрбір үшінші дүйсенбісі «Президенттер күні» деп аталып
өтеді екен. Ол мемлекеттік мереке ретінде сонау 1782 жылдың 22
ақпанынан бастап тойланып келеді. ҚХДР басшысылары Ким Ир Сен мен
Ким Чен Ир-дың туған күндері мемлекеттік мереке ретінде тойланады.
Бұл дәстүр тек соңғы жылы ғана жалғаспады: Қытай тағына мұрагерлік
жолмен келген Ким Чен Ынның әкесі оның туған күніне санаулы
тәуліктер қалғанда қаза тауып, туған күн атаусыз қалды.
Солтүстіктегі көршіміз- Ресей елі президенттерінің туған күндерін
мемлекеттік масштабта тойламайды. Бұл оларда әдеттегі жұмыс күні
саналады. Тіпті В.Путин 50 жасқа толған күні Кишиневте ТМД
мемлекеттері басшыларының кезекті Саммитін өткізіп шапқылап
жүрген.
Біздің елде Тұңғыш
Президент күні 1 желтоқсаннан көп бұрын жалпы халықтық масштабта,
бүкіл мемлекеттік деңгейде кеңінен тойлануда. Енді, редакциямызға
жер-жерден жеткен хабарларға сүйене отырып солардың бірқатарын атап
өтейік:
Мәселен, Елорда билігі
атаулы күні әлеуметтік жәрдемге арнап қала қазынасынан 125 миллион
теңге бөлінген. Соған сәйкес, Астанада тұрып жатқан Ұлы Отан
соғысының 322 ардагері мен мүгедегі 20 мың теңгеден төлемақы алмақ.
2 мыңға жуық Ауғанстан және Чернобыль апатының зардабын жоюға
қатысқандарға 10 мың теңгеден тағайындалып отыр. Тылда еңбек
еткендерге, Ұлы Отан соғысында қаза тапқандардың жесірлеріне және
бейбіт уақытта қаза тапқан әскерилердің отбасыларына да дәл осындай
көмек қарастырылған. Ал ата-анасынан айырылған жетімдер мен
кәмелетке толмаған 4 баласы бар отбасылар да 10 мың теңгеден
жәрдемақы алады. Оған қоса, тұрмысы төмен 1000 отбасы азық-түлікпен
қамтамасыз етілмек. Тіпті 1 желтоқсанда дүниеге келген сәбилерге де
айрықша сыйлықтар беріледі.
Сондай-ақ,Астанада
Тұңғыш Президент күніне орай флешмоб ұйымдастырылды , ал 29
қарашадан бастап«Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты алғашқы
Назарбаев оқулары халықаралық форумы өз жұмысын бастады. Форум Ұлт
Көшбасшысының Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуындағы рөлін
жан-жақты көрсетуге арналған. Назарбаев оқуларына қатысуға 1500
адам өтініш білдірген. Оның ішінде әлемнің 51 елінің – Италияның,
Ұлыбританияның, Ресейдің, Румынияның, Сингапурдің, АҚШ-тың, Франция
және тағы да басқа мемлекеттердің ғалымдары бар.Форум аясында «Ұлт
Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың ғылыми еңбектері мен стратегиялық
жобалары» атты көрме өтуде.
Тұңғыш Президент күніне
орай ізгілік-игілік шаралары да жетерлік: Қазақстан электролиз
зауытының жұмысшылары «Металлургтер – балалар үшін!» шарасымен
өткізеді. Бұл туралы ENRC Қазақстан компаниялар тобының баспасөз
қызметі хабарлады. Павлодарда Тұңғыш Президент күнінде «Біздің
Елбасы - Наш Лидер» көрмесі ашылды және бұл күні қаладағы барлық
сауда орталықтарында мерекелік жеңілдіктер болады. Сондай-ақ,
Керекуде мереке кезінде мұқтаж жандарға 143 пәтердің кілті
тапсырылады деп күтіліп отыр. Алматыда Тұңғыш Президент күніне орай
Медеуге кіру тегін болмақ және қаланың орталық көшелерінде мерекеге
орай ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылады. Қостанайда Тұңғыш
Президент күніне орай курсанттар мұз астына түсіп, әскери
даярлықтарын сынайды. Теміртауда балалар аулына Тұңғыш Президент
мерекесіне орай 12 млн. теңгенің сертификаты
тапсырылады.
Семейде ҚР «Тұңғыш
Президентінің күні» мемлекеттік мерекесіне орай Шәкәрім атындағы
Семей мемлекеттік университеті мен Физика-математикалық бағытындағы
Назарбаев Зияткерлік мектебінің бірігуімен ауқымды мерекелік шара
өткізілуі жоспарлап отыр.Ондағы мақсат – Елбасының жүргізіп отырған
саясатын қолдау, жастардың бойында бұл іс-шараларының мәнінің зор
екендігін дәріптеу, ол жүргізіп отырған шара, бағдарлама,
реформаларды Семей жастарының қолдайтындықтарын паш ету,– деп
хабарлады қаладағы «Назарбаев Зияткерлік мектебінің» баспасөз
қызметі.
Алматыда Тұңғыш
Президент күнінің құрметіне Төтенше жағдайлар департаментінің
қызметкерлері бильярдтан турнир өткізбек...
Бұл осы күндері
республика бойынша өткізілетін шаралардың бір парасы ғана. Әйтпесе,
мереке кезінде ұйымдастырылатын барлық жиын-тойлар Тұңғыш Президент
күнімен байланыстыратыны сөзсіз. Сөзімізді түйіндеп айтар болсақ, 1
желтоқсан күні шын мәнінде бүкілхалықтық мерекеге
айналды.