Материалдар / Желтоқсан желі ызғарлы.

Желтоқсан желі ызғарлы.

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәуелсіздік! Ата-бабаларымыз қаншама ғасырлар бойы армандаған тәуелсіздік!
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Желтоқсан 2020
1417
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ЖЕЛТОҚСАН ЖЕЛІ ЫЗҒАРЛЫ



Желтоқсанның желі, аязы, ызғары

Қанды мұзда талай қазақ сыздады.

Ұлт қамы үшін шыққан сол күн алаңға

Азап шекті қайсар қазақ қыздары.





Тәуелсіздік! Ата-бабаларымыз қаншама ғасырлар бойы армандаған тәуелсіздік! Ел epкіндігі жолында халқымыздың басынан қаншама оқиғалар өтпеді десеңізші! Ата-бабалар ғұмыр бойы аңсаған тәуелсіздікке 1986 жылғы желтоқсан күндері болған Желтоқсан көтерілісі жол салды. Қыстың қаһарлы күндері Алматы қаласындағы республика алаңына шыққан қазақ жастары еркіндік пен бостандық үшін күресті. Сол бір күндердің ызғары менің де бойымды қарып, жанымды жаралаған еді...

...Жетібай ауылындағы Жамбыл атындағы мектепті 1977 жылы бітіре сала жоғары оқу орнына түсуге отбасымның жағдайымен бара алмадым. Анам Жұмакүл 1969 жылы өмірден өткен кезде менің артыма ерген он бауырым бар еді.

Әкем Алтынбек жастайынан шофер болып істеген, адалдық пен әділдікті сүйетін біртоға жан еді. Асқар таудай әкешім 1983 жылы 7 қараша күні бұл жалған дүниеден өте барды. Менің артыма ерген бауырларымды етімнің тірлігінің арқасында жеткізуге бар күш-жігерімді салдым. Мектепті бітірсімен Көктал ауылындағы Жамбыл құс фабрикасына санитарка болып жұмысқа орналастым. Жұмысымды тиянақты да үлкен жауапкершілікпен атқаруға бар күшімді салдым. Соның арқасында ұжымның құрметіне бөлене бастадым. 1979 жылы Мырзатай ауылында ашылған түйетауық құс фабрикасына тауықшы болып жұмысқа орналастым. Бір өзім 7-8 мың түйетауық балапандарын өсіріп, қонды етіп, сою цехына өткізетін тауықшылардың ішінде менің тасым өрге домалай бастады. Ерінбей, жалықпай еңбек еткенімнің арқасында құрметке бөлендім. 1983-1984 жылдары фабриканың даңқы республиканың түкпір-түкпіріне тарап кетті. Осы жылдары Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев фабрикамызда болып, еңбек майталмандарымен жүздесті. Сол кездегі фабрика партия комитетінің хатшысы Жәмила Қожамқұлова, облыстық партия комитетінен жауапты кісілер (аты-жөні есімде қалмапты) менің қол жеткізген табыстарым туралы Дінмұхамед Ахметұлына айтқан кезде сол кісі менің қолымды алып, “Жарайсың, қарағым, еңбек етсең құрметке беленесің” деп жылы дебізін білдіріп, еңбегіме табыс тіледі, қандай арманың бар деп сұрағанда: «Оқығым келеді» дедім. Ол кісі «мына баланы жоғарғы оқу орнына жіберіңдер» деп фабрика директоры А.Пивоваровқа табыстады. Сол жылы партия қатарына өттім. Түйетауық өсірудегі қол жеткізген табыстарымды көпке өнеге ете бастады. 1986 жылы жазда Алматыдағы зооветеринарлық институтына оқуға түсіп, желтоқсан айында алғашқы сессияға бардық. 18 желтоқсан күні сағат 6-дан 25 кеткен кезде институттың корпусынан шыққан курстастарым түркістандық Роза мен Ләззат, мырзатайлық Балжан Тәжиева, алматылық Ғайша, талдықорғандық Күлпан бәріміз 9-шы жатақханадан орын алып, үлкен жолдың арғы бетіне шыққанымыз сол еді, алдымызға екі судай жаңа иномарка тоқтап, ішінен ұзын бойлы, қарулы 7-8 жігіттер түсті. Жолдың шетінде тұрған екі автокөлікті теңкеріп, жанар май құйып, өрт қойған кезде біздер «не істеп жатырсыңдар» деп айқайлап жібергенімізді білмей қалдық. Жанымызға біреуі жетіп келіп: «Үндеріңді өшіріңдер, әйтпесе сотталасыңдар, болмаса атып кетеміз» деді де, екінші біреуіне «мыналарды машинаға салып алып кетіңдер» деп бұйрық берді. Біздің қарсыласқанымызға қарамастан дубинкамен ұрып, күштеп машинаға отырғызып, Әуезов аудандық ішкі істер бөліміне алып келді. Жан-жақтан топырлатып алып келіп жатқан өрімдей қыздар мен жігіттер. Бір-бірімізбен сөйлесуге қорқамыз. Бір кезде үлкен кабинетке кіргізіп, біздің түсімізге кірмеген сауалдарды қоя бастады. «Машинаны кім өртеді? Кәне жауап беріңдер, әйтпесе сотталсындар» деген сияқты әртүрлі сауалдарды қойып, үрейімізді алды. Көргенімізді айта бастағанымызда «Неге өтірік айтасындар» деп өзімізге дүрсе қоя беріп, жағамыздан алып, ұрып-соқты. Бір-бірімізге тығылып, қорыққанымыздан тілімізді жұтып қойдық десе де болады. Сол күні Әуезов аудандық ішкі істер бөліміне қонған өрімдей қыздар мен жігіттер жайлап Шәмшінің «Менің Қазақстаным» атты әнін орындап, бойымызға күш жинағандай болдық. Ертеңіне біздер сырттан оқитын білімгерлер екенімізді айтып, қолымыздағы кітаптарымызды көрсеткенімізге қарамастан милиция қызметкерлері бастырмалып сөйлетпей қойды. Содан ішіміздегі Роза деканатқа телефон шалды. 19 желтоқсан күні сағат 1-ден 30-кеткенде деканымыз Мамай Пірманшаев келіп, біздерді босатып алды. 20 желтоқсан күні оқуымызды жалғастырдық. Желтоқсан оқиғасынан бір апта өткенде зооветеринарлық институтының акт залында үлкен жиналыс болып, ректор Сабденов, деканымыз М.Пірманшайұлы ел өмірінде болған саяси оқиға туралы жиналыс жасап жатқанда зал ішінен Мырзатай ауылындағы түйетауық құс фабикасында ветеринарлық дәрігер болып істейтін Анатолий Лукьянчикті көзім шалды. Отырған жерімнен атып тұрып, алды-артыма қарамастан Анатолий тұрған жерге жетіп барып, бас салып құшақтап жылап жібергенім бар. Отырғандар аң-таң болып бізге қарайды. Анатолийден айырылсам мені милиция қызметкерлері келіп, қолыма кісен салып алып кететіндей болып көрінгені сонша, ұзақ тұрып қалсам керек. Ол мені жұбатып, орындыққа отырғызды. Көпшіліктің назары бізде. Осы кезде деканымыз Мамай Пірманшайұлы: «Сейдуалиева Ұланбике бәрі жақсы болады» деп сөзін әрі қарай сабақтай женелді.

Фабрикада жұмыс істей жүріп, сырттай жоғары оқу орнын бітірдім, тұрмысқа шықтым, үш перзентімнен тараған немерелерімнің қызығын керудемін. 1996 жылы фабрика банкротқа ұшыраған кезде ең соңғы батарея цехының есігін жауып кеткендердің бірі мен болатынмын. Көпшілікпен бірге өтпелі кезеңнің қиындығын көрсек те ертеңгі күнге деген сенім алға жетеледі. Қазір еліміз өркендеп, Елбасымыздың сарабдал саясатының арқасында тәуелсіз еліміздің мәртебесі өсіп келеді. Алайда жас жүректерге түскен желтоқскан оқиғасының жарасы ешуақытта жазылмайды екен. Биыл Желтоқсан оқиғасына 23 жыл толып отыр. Кейде оңаша қалғанымда сол бір жылдардағы қарулы жігіттердің сұлбасы елестейді. Олардың қолыңдағы дубинка мен қатыңқы қабақтарын, сұсты жанарларын ұмыту мүмкін емес. Желтоқсан оқиғасында жазықсыз жапа шеккен мен секілді жастардың көрген азабы мен қорлығын кейінгі ұрпақ көрмесе екен дейміз. Ел-жұртымыз аман, халқымыздан бірлік пен ынтымақ кетпесін. Әрдайым Аллаһ Тағала қазақ халқын қорғап, қолдап жүрсін демекпін.







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ