Материалдар / Жеміс ағаштарын қырқу

Жеміс ағаштарын қырқу

Материал туралы қысқаша түсінік
Қырқу деп жеміс ағаштарының өсуін және жеміс салуын реттеуге бағытталған операциялардың жиынтығын айтады. Қырқу арқылы жас бақтарда жеміс ағаштарының қажетті констукциясы қалыптастырылады. Ал жеміс салып тұрған бақтарда қырқудан кейін жеміс салатын бұтақтар жасарады, соның нәтижесінде ағаштардың өнімділігі артады.
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады



«Теректі колледжі» МКҚК

ОҚУ САБАҒЫНЫҢ ЖОСПАРЫ

Сабақтың тақырыбы:

Жеміс ағаштарын қырқу

Модуль атауы

КМ2.Бау-бақша дақылдарын сақтау, өңдеу бойынша жұмыстарды жоспарлау, ұйымдастыру, орындау

ОН.2.2. Жеміс ағаштарын қалыптастыру және қырқу

Педагог

15.10.2024ж.

Сатабалдиева Асель Тулеуовна

1.Жалпы мәліметтер

Курс

І Топ Ж124 сабақ номері 7

Сабақтың түрі

Жаңа материалды меңгеру

2.Мақсаты


Жеміс ағаштарының бөрікбастарын қалыптастыру біледі

3.Міндеттері

Жеміс ағаштарының бөрікбастарын қалыптастыру

4.Қажетті ресурстар Ғаламтор ресурстары



Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдеі

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Сабақтың басы

1. Ұйымдастыру бөлігі.

а) сабаққа дайындықтарын тексеру
б) кезекшілерді тағайындау, сабақта жоқ оқушыларды тексеру

2. Оқушылардың бұрын алған білімдерін жаңарту және тексеру.

Сұрақтар:

1. Тыңайтқыштың турлері

2. Органикалық тыңайтқыштар

3. Минералды тыңайтқыштар


Сабақтың ортасы


Сабақ конспекті

Қырқу деп жеміс ағаштарының өсуін және жеміс салуын реттеуге бағытталған операциялардың жиынтығын айтады. Қырқу арқылы жас бақтарда жеміс ағаштарының қажетті констукциясы қалыптастырылады. Ал жеміс салып тұрған бақтарда қырқудан кейін жеміс салатын бұтақтар жасарады, соның нәтижесінде ағаштардың өнімділігі артады.

Жеміс ағаштарының жылдық өсімдері мен бұталарын қырқу ағаштардың ішкі бөліктеріндегі жарық пен ауа режимдерін жақсартады, жемістерінің реңін ашады. Ағаштардың бөрікбастарын сирету оларды зиянкестер мен аурулардан қорғау үшін песпицидтермен өңдеу жұмыстарын жеңілдетеді. Ауруға шалдыққан және сынған бұтақтарды кесу қауіпті зиянкестер мен аурулардың таралуына тосқауыл болады. қырқу арқылы ағаштардың көлемін реттеуге болады. Бөрікбастардың бойын қысқарту және бүйір жақтарын шектеу ағаштардың бүкіл аумағына жарықтың жақсы түсуіне септігін тигізеді, ағаштарды күтіп баптау кезінде өнімділігін арттырады. Дұрыс қырқылған ағаштардың көлемін реттеуге болады. бөрікбастардың бойын қысқарту және бүйір жақтарын шектеуге ағаштардың бүкіл аумағына жарықтың жақсы түсуіне септігін тигізеді, ағаштарды күтіп-баптау кезінде өнімділігін арттырады. Дұрыс қырқылған жеміс ағаштарының өркендерінде сау, белсенді және ұзақ уақыт фотосинтез процесі жүретін жапырақтар өсіп дамиды. Фотосинтездің интенсивтілігі мен өнімділігі артады, өсу мүшелері мен жемістердің көмірсулармен қоректенуі жақсарады. Ағаштардың тіндерінде пластикалық заттардың қоры жеткілікті мөлшерде жинақталады, өсімдіктердің қысқы суыққа төзімділігі артады, қоректенуі жақсарады.

Қырқу кезінде әр түрлі дақылдар мен сорттардың биологиялық ерекшеліктері, ағаштардың жасы, бақтардың типі ескеріледі. Қырқудың құрамына бұтақтардың және жылдық өсімдердің бөліктерін кесудің мынадай операциялардың қатары жатады: Қысқарту, сирету, жасарту, жазғы қырқу.



Жеміс өсірумен айналысатын бағбандар қырқуды ағаштардың жасына қарай мынадай әдістерге бөледі: Қалыптастыратын реттегіш және жасартатын.

Қалыптастыру әдісі жеміс көшеттері отырғызылғаннан басталып, ағаштардың бөрікбастарының қалыптасуына дейін жүргізіледі. Бұл әдістің негезгі мақсаты – берік, орнықты қаңқа бұтақтар жасау, бөрікбас көлеміндегі қаңқа, жартылай қаңқа бұтақтары және өсіп келе жатқан тармақтардың біркелкі орналасуын, жарық түсуін қамтамасыз ету, ерте жеміс салуын тездету.

Биолог ғалым П.Г.Шиттің зерттеулерінің қорытындысы бойынша, реттеу әдісі ағаштардың екі жасынан басталып бес жасына дейін созылады. Бұл әдістің мақсаты – ағаштардың жыл сайынғы мол өнімділігінің қамтамасыз ету, жеміс ағаштарын тұрақты түрде жаңартуға қажетті жағдайлар жасау, өркендердің ұдайы өсуін сақтау.

2. Қысқартудың екі түрлі тәсілі бар: Қысқарту және Сирету. Қысқарту кезінде біржылдық өсімдіктердің жоғарғы бөлігі кесіледі. Қысқарту әдісі ағаштардың өсуі мен бұтақтануын жақсартады, жақсы тармақталған және мықты қаңқа қалыптастыруға әсерін тигізеді. Жеміс ағаштарының бүйір өркендерінің саны жіне өсуі, қуаты қысқарту дәрежесіне байланысты болады.

Кесу дәрежесіне қарай әлсіз, орташа және күшті қысқарту болып бөлінеді.

Біржылдық өркендердің 1-ден 3 бөлігінің кесілуі әлсіз қысқарту деп аталады, бұлай кесу жақсы бұтақтанатын сорттарға ғана қолданылады.

Өркендердің 1-ден 2 бөлігінің кесілуі орташа қысқарту болып табылады, ол онша көп тармақтанбайтын сорттарға қолданылады.

Егегер біржылдыұ өркеннің 2-де 3 бөлігін кесіп тастаса, ол күшті қысқарту деп аталады. Ол жеміс ағаштарының әлсіз сорттарының бұтақ тармақтарын көбейту үшін қолданылады.

Сирету бөрікбастың ішкі бөлігіне жарықтың түсуін жақсартады, қалған бұтақтардың өсуіне, жеміс салуына қолайлы жағдай туғызады. Сиреткен кезде өркендерді, бұтақтарды сақиналап толық кесіп тастайды. Жеміс ағаштарының шегінуі бұрышы сүйір келген бір жылдық өркендер (өсімдер), сынған, аурулармен және зиянкестермен зақымдалған бұтақтар түбінен кесіледі. Бұл жеміс ағаштарының қаңқаларының мықты болуына және саңырауқұлақ ауруларының немесе қауіпті зиянкестердің тарап кетпеуіне әсерін тигізеді.

3. Жеміс ағаштарының бөрікбаастарын қалыптастыру. Жеміс ағаштарының бөрікбастарын қалыптастыру кезінде әртүрлі тұқымдар мен сорттардың биологиялық ерекшеліктері ескеріледі. Олар қысқарту және сиретудің дәрежесін, бұтақтардың сатылып орналасуын, қаңқалы және жеміс салатын бұтақтардың орнын анықтайды. Қазіргі заманғы бақтарда жинақы көлемі шағын, жарықпен жақсы қамтамасыз етілетін ағаштарды өсіруге тырысады.

Биік өсетін бақтарда жеміс ағаштары жоғарыға және көлденеңге қарай жайылып ұзын болып өседі. Сондықтан мұндай бақтарда сиретілген ағаш қаңқасын қалыптастыру жөн және негізгі қаңқа бұтақтарды. Орналастырылған кезде бөрікбастың бойының биіктігі кесіліп шектелетіндігін ескеру керек. Бұл үшін екінші сатыдағы қаңқа бұтақтардың санын азайтады. Жеміс ағаштарының бөрікбастарын қырқу және өнім жинау жұмыстарын механикаландыруға ыңғайлы етіп қалыптастыру керек. Мол өнімді көтеріп тұра алатындай берік және негіізгі қаңқа бұтақтары діңде теңестіріліп орналасқан бөрікбасты қалыптастырудың негізгі шарттары: қаңқа бұтақтардың қолайлы шегіну бұрышы – 45-600С, ажырасу бұрыштары – 90-1200С болуы тиіс, жеміс ағаштарының әр түрлі бөліктерінің тәуелді дұрыс орналасуы болып табылады.

Жеміс ағаштарының бөрікбастарының қалыптастырудың көптеген түрлері бар. Бөрікбастарды қалыптастыру жүйелерін әр түрлі белгілері бойынша топтастыруға болады. Қазіргі заманға лайықтысы – қаңқа бұтақтардың көлбеу жазықта бірінші қатарда орналасуына қарай жүктеу. Ол бақтардың интенсивті жеміс шаруашылығында тараған түрлерімен тығыз байланысты болады. Осы жүктеу бойынша мынадай бөрікбастарды айтуға болады: домалақ бөрікбас, жартылай жайпақ бөрікбас, жайпақ бөрікбас, бұта тәріздес бөрікбас, жатаған бөрікбас.

Құрал-саймандардың маңыздылығы:

  • Секатор

  • Садовый вар

  • Сыр(краска, известь)

Сабақтың соңы


Жаңа сабақты бекіту:

Сұрақтар:

1. Жеміс ағаштарын қырқу мерзімдері

2. Жеміс ағаштарын қырқу әдістері

3. Қырқу тәсілдері



19 Ақпан 2025
119
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі