Материалдар / Жемістер әлеміне саяхат

Жемістер әлеміне саяхат

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша тәрбиешілеріне арналған сабақ жоспары. сабақты қызықты өткізуге, балаларды сөйлеуге дағдыландыруға септігін тигізеді.
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Тұмар балабақшасы «Қошақан» ортаңғы тобы

Тексерілді:
Тәрбиеші:
Полат Гүлнар Ермекқызы Күні: 04 .11.2021ж. Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту Тақырыбы: Жемістер әлеміне саяхат
Мақсаты: Балаларды жемістердің түрлері мен таныстырып, оларды бір - бірінен түсі, пішіні, дәмі арқылы ажыратып білуге үйрету. Балалардың сүйіп жейтін жемістерімен жақын таныстыру, түстер туралы ұғымын бекітіп, ойлау қабілеті мен сөздік қорларын жетілдіру.
Көрнекіліктер: жемістердің суреті , жеміс түрлері,
Сөздікпен жұмыс: жеміс-жидектер, күз, мезгіл, жапырақ т.б. Билингвалды компонент: күз-осень, жемістер-фрукты, алма-яблоко, алмұрт-груша, шие-вишня, жүзім-виноград.
Шаттық шеңбері
Күннің көзі ашылып, Көкке шуақ шашылып, Құтты қонақ келіпті, Төрімізге еніпті. Үлкенге де «сіз», Кішіге де «сіз», Баршаңызды құрметтеп, Бас иеміз біз. Балалар шеңбер бойына тұрып, қимылдарын көңілдене орындайды.
І- тапсырма: «Серпілген сауал» - Бір аптада неше күн бар? - Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
- Күз мезгілі.
- Күз мезгілі неше айдан тұрады?
- Күз мезгілінің айларын атайықшы
– Үш айдан тұрады, қыркүйек, қазан, қараша. Күз мезгілінің ерекшелігін кім әңгімелеп береді? (балалардың жауаптары тыңдалады).
ІІ-тапсырма: «Жұмбақ шеше білеміз бе?» 1.Өрік, алма, Жидек, жүзім піседі. Қауын, қарбыз, Қияр, сәбіз дүкендерге түседі. Астық пісіп, орақ түсіп, Қырман дәнге толады, Айтыңдаршы бөбектерім, Бұл қай кезде болады?

2.Ағайынды бәрі, шықса жасыл, түссе сары.

3.Жерге тырс-тырс тамады, сайға қарай ағады, шешуін кім табады?

4.Қалың киімді ұнатады, шешіндірсең жылатады.

Сергіту сәті.

ІІІ-тапсырма: «Жемістер әлеміне саяхат» Суретпен жұмыс. Балалардан күз мегіліне, жемістерге қатысты өлең жолдары сұралады. Жеміс-жидектердің суретін салады. О, алақай тамаша, Шашу шашты жапырақ, Бақтың іші алаша, Аунар ма едім жатып ап.

Күзім-ау, күзім-ау, Мінезің бұзық-ау, Жаңбырың сіркіреп, Тұрғаның қызық-ау.

Гүл жайнаған даланың, Жапырағы солыпты. Таңырқадым қарадым, Танымастай болыпты.

Мен алмұртпын, алмұртпын, Аузындамын бар жұрттың.

Мен жүзіммін, жүзіммін, Моншақ болып тізілдім.

Мен шиемін, шиемін, Күннің көзін сүйемін.

Мен алмамын, алмамын, Таңдайда қалар бар дәмім.

Қорытынды: «Йә, жоқ»ойыны. Алманың пішіні үшбұрыш па? Банан тропикалық жеміске жата ма? Шиенің дәмі қышқыл ма? Пияз көкөніс пе? Қияр теректе өсе ме? Алмұрттың дәмі ащы ма? Балаларды мадақтау.

ЖИ арқылы жасау
02 Қараша 2021
509
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі