Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту
бөлімінің «Алпамыс батыр» бөбекжай-балабақшасы
әдіскер Н.Исахова
«Жемқорлық-қоғам дерті»
Сыбайлас жемқорлық – қоғам мен мемлекетті іштей ыдырататын әлеуметтік құбылыс. Жемқорлықпен күрес елімізде мемлекеттік маңызы бар түйткілді мәселеге айналып отырғандығы шындық.
Әлемдегі бәсекеге қабілетті озық отыз елдің қатарынан орын алуды мақсат тұтқан мемлекетімізде дамудың бір бағыты ретінде сыбайлас жемқорлықсыз қоғам құру міндеті тұрғаны белгілі. Тек Қазақстанда ғана емес, әлем бойынша тамырын жайып, түп-тамырын жойып жіберуге күш бермей келе жатқан жемқорлық дерті, озық елдердің қатарынан мықтап орын тебуге кедергі келтіріп, қолбайлау болуда. Әр ел бұл кеселмен түрлі әдіс-айламен күресуде.
Осы бағытта Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Алпамыс батыр» бөбекжай-балабақшасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар жоспары жыл басында бекітіліп, қызметкерлер арасында ҚР-ның «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңымен таныстыру жұмыстары жүргізілді. Жоспар бойынша Балабақшада «Сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Талқылау үшін дөңгелек үстелге қатысушыларға өзекті мәселелер ұсынылды: «Білім» саласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі рөлі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім мен тәрбие берудің проблемалары мен келешегі; педагогтар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы ойлау жүйесін дамыту.
Бұдан бөлек «Сыбайлас жемқорлық: теориялық негіздері, даму тарихы және түрлері» тақырыбында педагогтар арасында тренинг ұйымдастырылып, презентация жасалды. Сонымен бірге, жоспарға сәйкес айына бір рет құқықтық оқулар ұйымдастырылады. Ата-аналар жиналысында «Жемқорлық-індет, жою міндет» тақырыбында әңгіме жүргізілді. Мақсаты:ата-аналар арасында қоғамымыздың барлық саласына еніп бара жатқан жемқорлықтың жолына батыл тосқауыл қойып, олардың зардаптарын жою және мүдделерді жауапқа тарту бүгінгі күннің ең басты міндеті туралы кеңінен ақпарат беру. Ата-аналар өзара ой бөлісіп, пікір алмасты.
Мамандардың зерттеулері бойынша, елімізде сыбайлас жемқорлықты тудырып отырған себептердің жан-жақты анықталмауы салдарынан ойдағыдай нәтижеге қол жеткізе алмай отырмыз. Сыбайлас жемқорлық - ұлтымыздың қауіпсіздігіне, еліміздің халықаралық беделіне, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына елеулі нұқсан келтіретін қауіпті құбылыс екені, ал онымен күрес тек заң қызметкерлерінің ғана жауапкершілігі емес, қалың бұқараның да азаматтық міндеті екендігін түсіндіру балабақшада өтетін шаралар барысында үнемі айтылып келеді.
Қорыта келе айтарым, сыбайлас жемқорлық-індет, оны жою міндет екенін әрбір адам түсініп, қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының деңгейін арттыру үшін әрекет етуі керек. Жемқорлыққа қарсы күрес жан-жақты, үздіксіз, ашық әрі әділ түрде жүргізілуі тиіс. Елдегі бұл ауыр індетті жою үшін күресті өзімізден, айналамыздан бастап, нәтижеге қол жеткізуге, жемқорлықты жою үшін аянбай күресу-әрбір азаматтың азаматтық та, адамзаттық та парызы.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Жемқорлық-қоғам дерті
Жемқорлық-қоғам дерті
Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту
бөлімінің «Алпамыс батыр» бөбекжай-балабақшасы
әдіскер Н.Исахова
«Жемқорлық-қоғам дерті»
Сыбайлас жемқорлық – қоғам мен мемлекетті іштей ыдырататын әлеуметтік құбылыс. Жемқорлықпен күрес елімізде мемлекеттік маңызы бар түйткілді мәселеге айналып отырғандығы шындық.
Әлемдегі бәсекеге қабілетті озық отыз елдің қатарынан орын алуды мақсат тұтқан мемлекетімізде дамудың бір бағыты ретінде сыбайлас жемқорлықсыз қоғам құру міндеті тұрғаны белгілі. Тек Қазақстанда ғана емес, әлем бойынша тамырын жайып, түп-тамырын жойып жіберуге күш бермей келе жатқан жемқорлық дерті, озық елдердің қатарынан мықтап орын тебуге кедергі келтіріп, қолбайлау болуда. Әр ел бұл кеселмен түрлі әдіс-айламен күресуде.
Осы бағытта Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Алпамыс батыр» бөбекжай-балабақшасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар жоспары жыл басында бекітіліп, қызметкерлер арасында ҚР-ның «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңымен таныстыру жұмыстары жүргізілді. Жоспар бойынша Балабақшада «Сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Талқылау үшін дөңгелек үстелге қатысушыларға өзекті мәселелер ұсынылды: «Білім» саласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі рөлі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім мен тәрбие берудің проблемалары мен келешегі; педагогтар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы ойлау жүйесін дамыту.
Бұдан бөлек «Сыбайлас жемқорлық: теориялық негіздері, даму тарихы және түрлері» тақырыбында педагогтар арасында тренинг ұйымдастырылып, презентация жасалды. Сонымен бірге, жоспарға сәйкес айына бір рет құқықтық оқулар ұйымдастырылады. Ата-аналар жиналысында «Жемқорлық-індет, жою міндет» тақырыбында әңгіме жүргізілді. Мақсаты:ата-аналар арасында қоғамымыздың барлық саласына еніп бара жатқан жемқорлықтың жолына батыл тосқауыл қойып, олардың зардаптарын жою және мүдделерді жауапқа тарту бүгінгі күннің ең басты міндеті туралы кеңінен ақпарат беру. Ата-аналар өзара ой бөлісіп, пікір алмасты.
Мамандардың зерттеулері бойынша, елімізде сыбайлас жемқорлықты тудырып отырған себептердің жан-жақты анықталмауы салдарынан ойдағыдай нәтижеге қол жеткізе алмай отырмыз. Сыбайлас жемқорлық - ұлтымыздың қауіпсіздігіне, еліміздің халықаралық беделіне, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына елеулі нұқсан келтіретін қауіпті құбылыс екені, ал онымен күрес тек заң қызметкерлерінің ғана жауапкершілігі емес, қалың бұқараның да азаматтық міндеті екендігін түсіндіру балабақшада өтетін шаралар барысында үнемі айтылып келеді.
Қорыта келе айтарым, сыбайлас жемқорлық-індет, оны жою міндет екенін әрбір адам түсініп, қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының деңгейін арттыру үшін әрекет етуі керек. Жемқорлыққа қарсы күрес жан-жақты, үздіксіз, ашық әрі әділ түрде жүргізілуі тиіс. Елдегі бұл ауыр індетті жою үшін күресті өзімізден, айналамыздан бастап, нәтижеге қол жеткізуге, жемқорлықты жою үшін аянбай күресу-әрбір азаматтың азаматтық та, адамзаттық та парызы.
шағым қалдыра аласыз













