Материалдар / Жеңге және жезде мектебі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жеңге және жезде мектебі

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ халқының әулет мектебінің ерекше түрі жеңге және жезде мектебінің педагогикалық негізін көрсеткен мақала
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Қараша 2018
2088
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жеңге және жезде мектебі

Қазақ қауымында әлмисақтан бері әлеуметтік және әулеттік деп аталатын екі топтағы мектеп болған-ды.Әулеттік мектеп-(қалың қауым,жұрт арасында,ел аузында,ол:-қазақтың қарадомбай мектебі аталады)-жеке отбасынан бастап,әулет,ру,тайпаға дейінгі адамдарға ортақ,жарық дүни-еге жаңа келген сәбиден бастап,қарттарға дейін қатысатын,қазаққа тән(түрік тектес халықтардың барлығында ұқсас қалыптағы тәрбие мектебі болғанымен арасында айырмашылық бар),сан ғасыр бойында қызмет жасаған,күні бүгінге дейін жалғасып келе жатқан,келешекте де болатын,ұлт өкілін қалыптастыратын шынбайлы нұсқа,ерекше тәлім-тәрбиелік орта.
Қазақ танымында адам жасы:балалық,жігіттік және қарттық («Тәңертең төрт аяқпен,күндіз екі аяқпен,кешке үш аяқпен жүреді.Ол,кім?»-деген жұмбақты еске түсіріңіз.)үш кезеңнен тұрады.Өмірге келген күннен бастап,қырқынан шық-қанға дейінгі бала-қызылшаха(кей өлкеде шарана, шақалақ) деп аталады.Ит көйлегін шешіп,қарын шашын алдырған соң,қаз-қаз басқанша-нәресте(кей өлкеде бөбек) делінеді. тұсауы қиылып, аяғын басқаннан жеті жасқа дейін-сәби (кей өлкеде балдырған)аталады.Жеті жастан он үш-он бес жасқа дейін-балалық шақ.Балалық шақтың тіршілік тұрағы,тұрмыс аясы-жанұя аталған.
Отау иесі болғаннан,немере (не жиен)сүйгенге дейінгі кезең отағасы(отанасы) аталып,тіршілік тынысының шеңбері-отбасы делінген.Немерелі-шөберелі болғаннан бақиға аттанғанға дейінгі кезең-ата(әже)делініп-тұрмыс аясы-әулет атанған.Осы аталған кезеңдердің тіршілік шеңберінде жүргізілген, мақсатты, жүйелі тәрбелік іс-қимыл әрекетті, тәлім-тәрбиелі үлгі-өнегені-ӘУЛЕТ МЕКТЕБІ деп отырмыз. Бұл мектеп- аты-жөнін айпарадай етіп маңдайшасына жазып қойған еңселі, ғимарат емес. Әулет мектебі-кім-кімге,нені, қалай үйретіп жатқаны айқын көрініп тұратын,тұнық шыныдан жасалған,әулет мүшелерінің көз алдында сабағын өткізетін мөлдір де, ашық мектеп.Ол талантты да озаттарды бөліп алып, оңаша оқытпайтын,кәрі-жас,ұл-қыз,бай-кедей,шенді-шекпенді,хан-қараша баласы деп алала-майтын көпке ортақ мектеп. Кейбір әулет өсіп-өніп,рулы елге,тайпа дәрежесіне жеткен.Орталарынан неше түрлі дарынды,өнериелері туып шыққан.Осы негізде дамыған,тайпа арасына қызмет жасаған, кәсіптік мектептер де болған.Олардың ерекшелігі тарихи тұлғалардың, өнериелерінің есімімен аталуы.Мәселен, Қорқыт, Ықылас мектебі,Құрманғазы,Тәттімбет мектебі, Бұқар,Абай мектебі т.б.Сондай-ақ,керейлік үйшілер мектебі,адайлық зергерлік мектебі, наймандық бақсылар мектебі. Әулет мектебінің түрі де мол.Мәселен ата-әже немесе әке-шеше мектебі,құрбы-құрдас немесе абысын-ажын мектебі,жеңге-жезде мектебі,бала думаны,ақшам мектебі, мереке-мейрам мектебі,еңбек-өнер мектебі т.б.
Әулет мектебі қазақтың тұрмыс салтынан туындағандықтан,оны,әдет-ғұрып,дәстүрлерден айыра. тану оңай емес.Былай қарасаңыз,қазақта не көп,той думан,мереке көп.Оның бәрі,асып-төгіліп,шашылып-тарату үшін жасалған,мақтаншақ-бөспенің іс-әрекеті емес,бала тәрбиесі үшін,жастарға ұлағат үшін, үлгі-өнеге беру үшін жасалады.Оларды жалпы алғанда,қазақ- жастар думаны(бала қуанышы)деп атаған.Қазақ қандай да,салтын,думанын жасаса да,оның тәрбие мектебіне айналуын көздеген
. Қазақ салтанатты адам рухын асқақтату үшін жасайды. Ал,ұлттық рух бала жанына ділмен, тілмен, дәстүрмен,өнермен сіңетінін аңғарған халық,бала алғашқы мүшелден асқанға дейін,оның дамып жетілуі,өсіп нығаю әр кезеңін мұқият бақылап,жетістігіне жігер беріп,табысына талдау жасап,үнемі атап өтіп отырған.Мәселен,құрсақ той,ат қою, шілдехана,бесікке салу,шаш алу(қию),тұсауқияр, атқа мінгізу,сүндет той,тілашар т.б. ғұрыптарды осы кезеңдерде өткізген.Ондағы негізгі мақсат:жас баланы әлпештеумен қатар басқа балаларға берілетін тәрбие мен білімді осы шараларға сіңіріп беру ісін ұйымдастыру еді.Басқаша айтқанда; балаларға тәлім-тәрбие беру үшін,әулет мектебін осылай ұйымдастырып,оның пәндерін осылай оқытқан.Ол өз кезегінде,осы ұйымдастыру нәтижесінде,қазақтың ғұрып салтымен біте қайнасып,әдет-әдебіне ұласқан,күнделікті тыныс-тіршілігінің қалыбына айналған.Олай болса әулет мектебінің түрлері дегеніміз қазақ салтында,әдет-ғұрпында атқарылған әрбір іс-әрекеттің, ұйымдасқан, бірлескен ,белгілі мақсатқа сай жүзеге асырылған шаралардың жиынтығы болмақ. Әулет мектебінің тәрбие құралдары мен тетіктері де ерекше болған.Мәселен,тіл және сөз,ырым және әдеттер,ғұрыптар,рәсім-тәмсілдер,наным-сенімдер, мұралық және жәдігерлік дүниелер, атамекен-ел-жұрты,тұтынған ас суы,киім-кешегі,баспанасы,өскен өлке,ата-баба моласы,зираты т.б .Қей ретте,тәрбие құралдары өз кезегінде әулет мектебіне де ұласа алады.Мысалы,жұмбақ айту,жасыру тәрбие құралы болумен қатар «Айтыс» аталатын бала думанының құрамдас бөлігі.Ал,балалар айтысы жай ғана тәрбие құралы емес.ол-әулет мектебінің бір түрі.Айталық,балалар айтысы: тәжіксілесу немесе қарапайым сөз қағысы;суырып салмалыққа баулу,соған жаттықтыру айтысы;өтірік өлең айтыс; жаңылтпаш жарысы;мақал-мәтел жарысы : қараөлең айтысы; жұмбақ жасыру сайысы ;сыр ашу сайысы;жұмбақ өлең айтысы,қүлдіргі айтыс ,аралас айтыс сияқты оның көптеген түрі бар.Міне,осыларды өткізудің белгілі ережесі,әр түріне сай қойылатын талап бар.
Қазақ қоғамы аталы сөзді дәріптеп,оны тек қатынас құралы немесе тәрбие құралы ғана емес,өмір салтын үйлестіруші тетік ретінде пайдаланған.Осы негізде дала демократиясын қалыптастырып,жетім-жесір,қарт,мүгедек үйлерін жекелемей, түрме, қамау орындарын тұрғызбаған.Ол олма,құлдар мен күң, тұткындар мен олжаланған адамдар тағдыры ізгілікпен шешілген.Сондай-ақ,қазақ азаматын марапаттаса,«шенді шекпен жаппайтын,төсіне жылтыратып металл тақпайтын.» Қазақтың марапаты да-сөз,жазасы да-сөз.Сол себепті әулет мектебінде негізгі тәрбие құралы міндетін сөз атқарған. Мысалы; ардақтау , ұлықтау,мадақтау,дәріптеу,қолдау-қолпаштау,кешірім сұрау, тағзым ету,аяққа жығылу, көңіл сұрау,естірту,дауыс шығару , көрісу,жоқтау қатарлы әдеттер,өз рәсім-тәмсілдерімен ғұрыпқа сіңісіп, қазақтың кім екенін басқаға танытатын ерекше бір ұлттық нышанға айналған.Оған коса,тәлімдіқ сөздер,тыйымдық сөздер,өсиет сөздер,бата-тілектер,аңыз әңгімелер,ертегі- хикаялар,шешендік сөздер, өлең-жыр,толғау дастандар қазақтың телегей теңіз рухани мүрасын құрай отырып,нағыз тәрбие құралы бола алған.Бұлар ислам хадис шарифімен ұштаса келіп діни тыйымдар мен бұйрықтарға етене қабысып кеткендіктен әулет мектебінің басты да,нақты тәрбие құралына айналған.Қазақ бір ауыз сөзбен,тұрғанды отырғызған,жатқанды тұрғызған,есенгірегеннің еңсесін көтерген,еліргеннің екпінін басқан, бір ауыз сөзбен «тірілтіп», бір ауыз сөзбен «өлтірген». Тіптен, «Әулет мектебінің ең басты әлеуметтік пәні де- «Тіл өнері» болған.Осылайша,қазақ деген халықтың;сөзді тыңдау,сөзге тоқтау,сөзде тұру,сөзді ұғып оны қадірлей білу дағдысы,оның салихалы әдебіне, ерекше қасиетіне,өзгеше мінезіне айналған. Қазақ сөзбен адам жанын да,тәнін де емдеген.Қазақ тілмен тұлға,азамат тәрбиелеп қалыптастырған. Қазақтың тілі-қылыш,сөзі сойыл.
ҚАРАПАЙЫМ ҚАЗАҚ ОТБАСЫ түрлі тәрбие құралдарын толық пайдалана алмаса да,өңірлік,рулық ,ауылдық шеңберде өз балаларын әулет мектебінде тәрбиелеп келді.Шаруа отбасында тәрбие,үлгі өнеге көрсету іс-әрекеті,әулет пен тайпаның,рудың шынайы өмір әрекеттерінен айырмашылығы аз еді.Тәрбие құралдарының аясы атам заманнан қалыптасқан шаруа отбасыныңӘулет мектебінің қай түрін алсақ та,негізгі мақсат:ЖАС ҰРПАҚТЫ көзі ашық,көкірегі ояу,парасатты жақсы АТА-АНА болуға әзірлеу,дәуір талабына сай өмірге дайындау екендігі айқын аңғарылады.Өмірге есті де,епті әке-шеше дайындау қазақ үрдісінің бірінші ерекшелігі:ұл мен қыздың өмірге келген күнінен бастап,отау тігіп бөлек шыққанға дейін,бір ғана әулет мектебінің аясында тәрбиеленуі болып табылады. Екінші,Қауымдық тәрбие мен отбасылық тәрбиесі,бірін-бірі қолдаушы ниеттес іс-әрекет арқылы жүзеге асатын Үшінші. Адамдардың тәрбие ісіндегі мақсат,мұрат сәйкестігі, ұлттық мүдде бірлігі,әдеп,тіл,дін ұксастығы ұрпақ тәрбиесінде алалық туғызбайтын.
Қазақ әулет мектебінің ішінде өзгешелегі тым молы жеңге және жезде мектебі.Балдырған шағында ұл мен қыз тәрбиесі арасында оншама айырмашылық болмаған. Тек қыз баланың киім киісі сәнді, жүріс-тұрысы әсем, сөз ырғағы биязы, жібек мінезді болудың амал-тәсілдерін ойластырып, сол үшін де оның алғашқы дағдыларын игертуге ерекше зейін қойған. Мәселен, екіден бес жас аралығындағы қыздар киіміне сылдырмақ пен түйме, түйреуіш-тана тағып, үкі қадап тақия,кестелеп пешпет, кеудеше, бүрмелеп көйлек, сырмалы жағалы жейде кигізуі, жеңіне желпілдетіп жеңұш, қолына білезік, саусағына сақина салуы, олардың нәзіктігімен үндестік тауып, әдептілік пен әсемділіктің алғы шарты болған.Себебі қазақтар, қыз баланы киіміне,әсіресе, саусағына,алақанына,жеңіне қарап өседі деп түсінген.(Қазақтар қыз баланың/қай жастағысы болсын/ алақанын,білегін,бөтенге көрсетуге,ұстатуға құлықсыз болған) Бұл қағида –адамтану қазақ ілімінен орныққан бұлтартпас ақиқат еді. «...Барша халық 5 пен 7 жас мөлшеріне ерекше мән береді.Бұл кезеңде ата-аналар оларға кіші балаларды бағып-қағуды,мал-жанға қарауды,басқа да үй ішілік жұмыстарды сеніп тапсыра бастаса,балалар бұл тараптағы міндеттерді өз мойнына жауапкерлікпен алады...Бес,жеті жаста бала естияр болады деп есептеледі де,жаңа әлеуметтік жүк арқалай алатындай орнықты мінезге ие болады»-деп жазған И.С.Кон. Мұндағы пікірлер қазақта толығымен бар екенін,оның қалай жүзеге асатынын Х.Арғынбаев, «Қазақтың отбасылық дәстүрлері»атты еңбегінде: «Қыз балалар 5-6 жасынан бастап апаларынан, шешесінен, әжесінен және ауылдас әйелдерден,іс тігу,тамақ пісіру,үй жығу,үй тігу,киіз басу,өрмек тоқу,кесте тігу шеберлігін үйренеді,үй жиып,кір жуу,ән салып күй тартуға, айтысқа және қыз келіншектерге тән басқа да әдет-ғұрыптар мен жағымды қылықтарды үйренеді»-деп тамаша көрсеткен.Мұның екінші жағы,сол жас шамасындағы балалар тәрбиесінде қыз және ұлға айырмашылықпен қарау қажеттігін аңғартады. Иә,қазақтар ұл мен қыз тәрбиесіне тым терең бойлап,олардың жас ерекшелігі мен табиғи өзгешеліктерін үнемі жадында ұстап,тәрбиелеу жолын тамаша таңдай білген.Қазақ тәрбие ілімінде; «Балаңды бес жасқа дейін патшаңдай қара,онбес жасқа дейін қосшыңдай сана,онбес жастан асқан соң досыңдай бағала» деген хас қағида бар.Баланы асырап күтудің ең ауыр кезеңі бес жасқа дейінгі мерзім. Бала беске толысымен қазақтар атқа мінгізіп, сүндетке отырғызып, еңбекке араластырады. Бес жасқа дейінгі баланың өсіп жетілуіне, денінің сау, денесінің ширақ, ақыл - ойының ұшқыр болуына ата – анасы, ағайын – туысы үнемі мүмкіндік жасап, қадағалап мұқият бақылайды.Басқаша айтқанда , «патшасындай» қарайды. Солай етуге ата–анасы ғана емес,тайпалы ел, ауыл–аймағы міндетті болған .Екінші жағынан,бұл жаста-«ойын баласы» себепті «өзіндік еңбегі,тіршілігі бар» ересектерден «тәуелсіз» күн кешуге тиіс. Сондықтан қазақ баласы тірі жетім, тұлдыр жетім, тастанды аталмаған. «Жетім» деп айтудың өзі қорлаумен тең болған-ды. Бес жастан кейін ұл- ұяты әкеге, қыз – ұяты шешеге жүктеледі. Әке көрген оқ жонуы, шеше көрген тон пішуі шарт. Қыз бен ұл әке–шешенің көлеңкесіндей,жанында болуы міндет еді.5 – 15 жасқа дейінгі бала әке – шешенің назарынан тыс қалуға бірде–бір жағдаят болмауы тиіс.Оларды әке – шеше қосшысындай бағалауы қажет. Ал он бестен асқан соң олардың « досы» болуы абзал.Солай болған да еді. Қыз бала жеті жасқа толысымен (жас өспірімдік шақтың басталуы деп есептеген), « ес біліп қалды, етек – жеңін жинай-тын шақ болды” деп, қолғабыс жасау, даяшылық ету, анасына көмектесу,іс қылу сияқты еңбекке араластырып, қызға тән білік-дағдыларды игерткен. Ол үшін, олар біз ұстап кесте тігіп, ине ұстап іс қылған, білік ұстап алаша, өрмек тоқуға араласқан. Жүн түтіп, майдалап шүйкелеумен қатар ұршық ұстап жүн иірген. Шүйкеден жіп есіп,бау құрастырған. Киімін жамап, түйме, түймебау қадаған.Су әкеліп, самауырын қойған, шәйнек асқан, мосы көтерген, пеш жаққан, отын терген, кір жуысқан, мал сауысқан.
Әрине, балалықтан аттар, жастыққа бастар аралық-бозбала (бойжеткен) сын кезең ұлға да, қызға да бірдей.Балалықтан байсалдылыққа өтер басқа өткел де,жол да жоқ.Бірақ олардың сол сыннан сүрінбей өтуіне сүйеніш болар адамдар:ата-ана,құрбы-құрдас,туыс-туған екені белгілі.Қазақ ғұрпында,ана қызға ең әуелі ақылшы,әрі жанашыр.Ана ақылынан титтей де аулақ кету, ауытқу болмаған десе болады.Қыз барлық өнегені анасынан алған.Сондығы болар,«қыз ұяты шешеге“ деген ғой.“Қыз жағадағы құндыз”.Ол баршаның бақыты.Көптің тәлімімен өсетін, нәзік қамқорлықты таңдайтын,талғайтын абзал да аяулы ұрпақ. ”.Әдепті, тәртіпті қыз ауылдың мақтанышы, ал, керісінше болса, ата-анаға сор, ауыл аймаққа күйік.Бой-жеткендерге “қырық үйден тию” қойып, «қыз қылығымен” дегенді.ерекше ескерткен.Бірақ мұның бәрі де қыз тәрбиесі үшін жеткіліксіз(бүгінгі таңда, тіптен орыны толмай жүр).Бойжеткен қыздарға ата-әже, әке-шеше жас жағынан тым алшақтау, құрбы-құрдас кейбір жағдайды шешуде өзі тәрізді тәжірибесіздік көрсетеді. Енді кімге иек артып,сүйену қажет?.Өмірдің өзі-”Жеңге,жеңге.” деп көрсетіп, сыбырлап: тұр емес пе?! Осы негізде қазақ әулетінде “Жеңге мектебі” өмірге келген.“Қызы бар үйдің қызығы бар” болатындықтан әр күн өткен сайын,өсіп келе жатқан қыздың физиологиялық ерекшеліктері сезіліп,жаңа тосын жағдайлары көбеюі рас. Осының бәрін суыртпақтап, білтелеп ұқтыратын кім еді? Әрине жеңге, ол болмаса әпекесі.Шындығында келін әулетке қосқан асыл жанды адамы,бақ береке нышаны.Сол шаңырақтың қыздары мен ұлдарына жанашыр жақын жан, жүрек сырын түсінісер ақылшы адамы.Ал, қыз үшін жеңгенің орыны ерекше.“Қызың өссе қызы жақсымен көрші бол,ұлың өссе ұлы жақсымен көрші бол” дейтін қазақ атамыз келінін кейде “қызым” дейді.Келін-қыз баланың табиғи ерекшелігі, жар сүю, бала асырап-күту, отбасындағы еңбектің дағдыларын үйретуші ұстаз.Қыз бала әулетте ерекше бағаланады.Ол ең әуелі өріс кеңітер ұрпақ,ауылдың сәні, шаңырақтың шаттығы қадірлі қонақ.Дүниеге қыз келіп,ата-анасы:«Ырыс алды-қыз»-деп қуанған.Әсіресе,қазақтар тұң-ғышының қыз болғанын қалаған.Оның себебі, «осы отбасына әлі талай ұрпақ келер,оларды асырап бағуға анасына жәрдемші болар,қыз туса екен!»-деп армандаған.Сондай-ақ, қазақ қыздары сәннің де,салтанаттың да ажары,табиғат сұлулығын, өз зейініне сіңіре білген,онымен үн қоса білген жаратылысынан ерекше дарын иелері.Олар-ән-күй,өлең-жыр, қолөнердің небір баға жетпес туындыларын жасаған,сақтап бізге жеткізген. Шынайы махабатты өмірінің ақырына дейін қастерлеп сақтап,ғашықтық жолында жанын пида еткен,өзінің ақ пейілді,нәзік сезімді жігіттері мен қыздарын жыр етіп,ұрпақтан-ұрпаққа таратып,ел есінде мәңгі қалдыру ата салтымыз.Осы салтты жүзеге асырушылар- жезделер мен жеңгелер, балдыздар мен қайындар,қайынсіңлілер болған. Олар осы салт арқылы жастарды мөлдір махаббатқа тәрбиеледі, бойжеткендерді жан-жақты түрде өмірге дайындады.Бұл тәрбие жақсы нәтиже берді.(Жалғасы бар)

ХОВДОБАЙ ОРИК (Павлодар ауданы.№1 Чернорецк орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі) 20.11.18



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!