Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жеңіл атлетика

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ: Жүгіру, секіру,

лақтыру дағдыларын

қалыптастыру. Жеңіл атлетика.


Мектеп: Қойгелді атындағы орта мектеп

Күні: 21.09.2018

Мұғалімнің аты-жөні : Әзіханов Ардақ Талғатұлы

Сынып: 6

Қатысқандар: 15

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы :

Сабак 3

Қауіпсіздік ережесі.

Әртүрлі физикалық жүктеме кезіндегі ағзадағы өзгеріс

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

6.3.4.1 - денсаулықты нығайтуға бағытталған арнайы спорттық техника қауіпсіздігін, нормалары мен ережелерін түсіну




Сабақ мақсаттары




Барлық оқушылар орындай алады:

Оқушылар қауіпсіздік ережелерін еске түсіріп, қысқа қашықтыққа жүгіру дағдыларын біледі және орындайды

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Оқушылардың көпшілігі қысқа қашықтыққа жүгіру жатығуын орындай алады және қауіпсіздік техникасын түсінеді

Кейбір оқушылар орындай алады: Оқушылар қысқа қашықтыққа жүгіру техникаларын толық орындайды және басқаларына көрсетіп үйретеді және қауіпсіздік техникасын сақтай біледі.

Жетістік критерийлер


Қысқа қашықтыққа жүгіру кезінде қауіпсіздік ережесін сақтай отырып және өзара қарым-қатынас арқылы жаттығуларды орындайды


Дескрипторлар

Білім алушы:

- төменгі cөреге тұру техникасын біледі;

- екпін алып жүгіре алады;

- қысқа қашықтыққа жүгіру техникасын меңгереді.

-Жүгіру кезінде өз жолынан шықпайды.





Тілдік мақсат

Пəнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

« Қысқа қашықтыққа жүгіру »- «Бег на короткий дистанции» - «Sprint»

«Сөре»-«Старт»-«Start»

«Мәре»-«Финиш»-«Finish»

Пән аралық байланыс:

Математика, жаратылыстану, ағылшын тілі

Алдыңғы оқу:


5.3.4.4.Денсаулықты нығайту жаттығулары барысында қауіпсіздік техникасынан хабардар болу

Сабақ барысы

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар


Басы


-Оқушыларды сапқа тұрғызу;

-Сәлемдесу;

-Оқушыларды түгелдеу;

-Спорттық киіміне көңіл бөлу.

-Оқушыларды спорт түрлерінің суреттері бойынша топқа бөлу(футбол, хоккей т.с.с.). -Жаңа сабақтың тақырыбымен, мақсатымен жетістік критерийлерімен таныстыру.

- Саптық жаттығулар;

- Жүру жаттығулары;

- Жүгіру жаттығулары;

- Жалпы дамыту жаттығулары;

- Бір орнында орындалатын жаттығулар.

1.Жалаушалар, ысқырық , секундомер


Ортасы


Қызығушылықты ояту. Суретке қарап қай спорт түрі екенін анықтау. Мағынаны ажырату Жеңіл атлетиканың тарихы ежелгі дүние дәуіріндегі халықтардың іс әрекетінен басталады. Табиғи қозғалыстар, яғни, жүру, тұру, секіру адам бұлшық еттерінің қозғалысы адамзат пайда болған дәуірден бастау алады. Мәліметтерге сүйенсек, жеңіл атлетикадан жарыс біздің эрамызға дейінгі 776 жылы өткізілген. Бұл туралы Ежелгі Грек олимпиада ойындары туралы жазбаларда анық жазылған. Сол замандарда жарыс тек ұзын-сонар алаңда жүгіру жарысымен шектелген. Ерлер мен әйелдeр арасындағы бәсеке жеке-жеке өткізіліпті. Бұрынғы атлеттердің жетістігі жүгіру шапшаңдығымен өлшенген. Бізге алғашқы олимпиадалық чемпиондардың Ежелгі Грекиядан шыққаны белгілі. Жеңіл атлетика спорттың ең көп тараған түрі және оны көпшілігі спорт патшайымы деп те атайды. Оған әр түрлі қашықтықта жүгіру мен жүру, ұзындық  пен биіктікке секіру, спорттық снарядтарды лақтыру, жеңіл атлетикалық көпсайыстар енеді. Жеңіл атлетикалық жарыстар ашық және жабық (манеж) алаңдарда өтетін жеке, командалық және эстафеталық жарыстар болып бөлінеді. Қазақстанда алғашқы ресми жеңіл атлетикалық жарыс — Бүкіл Қазақстандық 1-спартакиада 1928 жылы Петропавл қаласында өтті. Республикада жеңіл атлетикадан тұңғыш рет КСРО-ның спорт шебері атағын Ш.Бекбаев алды (1943). Қазақстанның жеңіл атлеттері Олимпияда ойындарында, дүниежүзілік чемпионаттар мен халықаралық жарыстарда жоғары нәтижелерді көрсетіп, жеңімпаздар мен жүлдегерлер атанды. Олар: Ұ.Қосанов, Ә.Тұяқов, С.Исабаев, Б.Күреңкеев, т.б. Тәуелсіз елімізге тұңғыш алтын медальді 2000 жылы Сиднейде (Австралия) өткен ХХҮІІ Олимпиядалық ойындарда кедергілер арқылы жүгіруші О.Шишигина әкелді.  Қысқа қашықтыққа жүгіруде төменгі сөрелік қалып қолданылады.Төменгі сөреде жүгірген кезде жүгіруші өзінің күшті деген аяғын 35-45 см көпіршекке қоюы тиіс. “Сөреге!» деген команда бойынша жүгіруші аяқтарын көпіршеге тіреп,кейінгі аяқтың тізесін бүгіп жерге тигізеді.Екі қолының жазылған саусақтарын бойына иық кеңдігіндей етіп тірейді.

1.Қолды тіреп тұрып,сөреден тез серпіліп шығу.

2 . Қолды тіреп тұрып,сөреден шыққаннан кейін 30 метрге дейін екпіндей жүгіру.





3.Төменгі сөрелік қалыпты үйрену

1)30-60 м-ге дейін шапшаңдықты үдете жүгіру,

2 )20-30 метр қашықтыққа бірден шапшаңдықпен жүгіру,





3 )60 метрге дейін ең жоғары шапшаңдықпен жүгіру.



Жүгіру техникасын меңгерту:

Қысқа қашықтыққа жүгіру техникасын көрсету.

Қысқа қашықтыққа жүгіру техникалары:

1. Қысқа қашықтыққа жүгіру техникасын әдістерін үйрету. 
2. Төменгі сөреге тұру техникасын орындау.
3. Төменгі сөреден қозғалу немесе екпін алу техникасын орындау. 
4. Қысқа қашықтыққа жүгіру кезінде жылдамдықты барынша арттыруды орындау.
5.Сөреде орналасуын, жүгіріп шығуын қадағалау. Жаттығулардың орындалу әдісіне назар аудару.





















































Соңы


ТShape4 Shape3 Shape2 Shape1 ыныс алу жаттығулары.

Сапқа тұрғызу.Сабақты қорытындылау

Ассоциация әдісін пайдалану

Жеңіл атлетика бойынша алған білімдерін тақтадажазылған сөзге стикерге жазып жапсырады

Shape7 Shape6 Shape5

Жеңіл атлетика

Тарихы

Жеңіл атлетика

ережесі



Shape9 Shape8



Shape10

Оқушылар бір-бірінің орындаған жаттығуларын «басбармақ» әдісі арқылы бағалай алады. Оқушылар сабақта түсінбеген жаттығуларын, мұғалімге қоятын сұрақтары және сабақтан әсерлерін стикерге жазып кері байланыс тақтасына жапсырып кетеді. Сабақ топ бойынша бағаланады.


Дифференциалды оқыту – Қабілеті жоғары оқушылар қысқа қашықтыққа жүгіруді өте жақсы орындайды және басқаларға үйретеді

Қабілеті орташа оқушыларға қысқа қашықтыққа жүгіру техникаларын орындай алады

Қабілеті төмен оқушыларға қауіпсіздік ережесін сақтап төменгі сөреден қозғалып екпін алу жаттығуын
түсініп орындайды




Оқушылар әр топта бір-бірін бағалайды.

Жеңіл атлетика сабағындағы қауіпсіздік ережелері


Сабақ бойынша рефлексия:

Оқу міндеттрі мен сабақ мақсаттары оқушыларға қолжетімді болдыма?

Оқушыларға қойылатын сұрақтар:

- нені білдім, нені үйрендім ?

- нені толық орындай алмаймын?

-қандай дескрипторды орындай алмадым ?


Қорытынды:

Сабақтың жақсы екі аспектісін көрсетіңіз (оқытуға, үйренуге қатысты.)

1

2

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту және үйрену.)

1

2

Сыныппен жеке тұлғалар туралы не білдім және келесі сабағымды өткізуіме қалай әсер етеді?

1



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.01.2019
806
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12