Материалдар / Жеңіл атлетиканың Қазақстанда дамуы

Жеңіл атлетиканың Қазақстанда дамуы

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстанның ауыр жағдайды басынан өткергеніне қарамастан ең алғаш жеңіл атлетика үйірмесі 1918 жылы Семей қаласында құрылған. Үйірме жетекшісі Алексей Огородников болды. Семей спорт үйірмесінің әр спортшысында арнайы билеттері болған. Жеңіл атлетикамен тек қана ер азаматтар айналысқан. Алғашында спорттық құрал-жабдықтар мен спорт алаңдарының жоқтығынан жеңіл атлетиканы спортқа теңемеген, ол тек қана ойын-сауық, көңіл көтеру ретінде болды
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Қараша 2021
953
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Дәріс № _____


Тақырыбы: Жеңіл атлетиканың Қазақстанда дамуы


Жоспары:

  1. ҚР Жеңіл атлетиканың шығу тарихы

  2. ХХ ғасырдың ең жүйрік қос қазағы

  3. Қазақстандық жеңіл атлетшілердің жетістігі


Спорт ханшайымы жеңіл атлетика – спорттың ең көп тараған түрі. Оған әр түрлі қашықтықта жүгіру мен жүру, ұзындық пен биіктікке секіру, спорттық снарядтарды лақтыру, жеңіл атлетикалық көпсайыстар енеді. Жеңіл атлетикалық жарыстар ашық және жабық (манеж) алаңдарда өтетін жеке, командалық және эстафеталық жарыстар болып бөлінеді [1].

Жеңіл атлетиканың тарихы ежелгі дүние дәуіріндегі халықтардың іс әрекетінен басталады. Мәліметтерге сүйенсек, жеңіл атлетикадан жарыс біздің эрамызға дейінгі 776 жылы өткізілген. Бұл туралы Ежелгі Грек олимпиада ойындары туралы жазбаларда анық жазылған. Сол замандарда жарыс тек ұзын-сонар алаңда жүгіру жарысымен шектелген. Бұрынғы атлеттердің жетістігі жүгіру шапшаңдығымен өлшенген. Бізге алғашқы олимпиадалық чемпиондардың Ежелгі Грекиядан шыққаны белгілі [1].


ҚР Жеңіл атлетиканың шығу тарихы

Қазақстанның ауыр жағдайды басынан өткергеніне қарамастан ең алғаш жеңіл атлетика үйірмесі 1918 жылы Семей қаласында құрылған. Үйірме жетекшісі Алексей Огородников болды. Семей спорт үйірмесінің әр спортшысында арнайы билеттері болған. Жеңіл атлетикамен тек қана ер азаматтар айналысқан. Алғашында спорттық құрал-жабдықтар мен спорт алаңдарының жоқтығынан жеңіл атлетиканы спортқа теңемеген, ол тек қана ойын-сауық, көңіл көтеру ретінде болды [2;4].

Қазақстандағы ең алғашқы спорттық құрылым 1925 жылы Семей қаласында Киров стадионы салынды, 1929 ж. Алматыда Динамо стадионы, 1935-1936 жылдары Спартак, Локомотив стадиондары салынған. 20 ғасырдың басында жеңіл атлетикадан ең мықты Семейдің спортшылары болды [2;5].

Қазіргі елордамыз Астана қаласында жеңіл атлетиканың дамуы 1947-1948 жж. соғыстан кейінгі жылдары басталды. Осы жылдары «Динамо», «Локомотив», «Искра», «Пищевик», «Спартак» және т.б. жаңадан әртүрлі спорттық қоғамдарда жеңіл атлетика спорты пайда бола бастады. Әрине, қалада ол жылдары жақсы стадион жүгіру жолымен, көрермендік тамашалау орындарымен болмады, бірақ 1950 жылы Қ. Мұнайтпасов атындағы стадионда жүгіру жолы, жеңіл атлетикалық секторлар, диск лақтыратын, ядро итеретін, ұзындыққа және биіктікке секіретін шұңқырлар орнатылды[2;5].

Целиноградта жеңіл атлетикадан арнайы мектеп ашылады, стадионда жүгіріс жолын салып және «Автомобилистте» спорт зал ашылды және жеңіл атлетик манежімен бірге салынды. 2009 жылы стадионға яғни «Достық Спорткомбинатына» жеңіл атлетика спортын дамытуға берілді.

Қазақстанда алғашқы ресми жеңіл атлетикалық жарыс Бүкілқазақстандық І-інші спартакиада 1928 жылы Петропавл қаласында өтті. Республикада жеңіл атлетикадан тұңғыш рет КСРО-ның спорт шебері атағын Ш.Бекбаев алды (1943 жылы).

Қазақстанның жеңіл атлеттері Олимпиада ойындарында, дүние-жүзілік чемпионаттар мен халықаралық жарыстарда жоғары нәтижелерді көрсетіп, жеңімпаздар мен жүлдегерлер атанды.

Жеңіл атлетика — бүгінгі таңда тек біздің елде ғана емес, дүние жүзінде кең таралған спорт түрі. Жеңіл атлетиканың негізгі жаттығулары — тегіс жерде жүгіру, жүру, кедергілермен жүгіру, ұзындыққа және биіктікке секіру, лақтыру, жеңіл атлетикалық көпсайыс [3;40].

Жүгіру - қысқа, орташа және ұзақ қашықтық болып үшке бөлінеді.

Қысқа қашықтыққа - 100, 200, 400 м және 110 м кедергілі қашықтық жатады.

Орташа қашықтыққа - 800,1000, 1500, 2000, 3000 м жүгіру және 3000 м кедергілі қашықтыққа жүгіру жатады.

Ұзақ қашықтыққа — 5000, 10000, 20000, 42 шақырым 192 м марафондық қашықтық және 50 шақырым кросс (дала жарысы) жатады.

Жүру — 20 шақырым спорттық жүріс.

Лақтыру — диск, найза, граната, балға, доп және ядро.

Секіру — орында тұрып және жүгіріп келіп ұзындыққа секіру, биіктікке және сырықпен секіру, үш аттап секіру.

Жеңіл атлетикалық көпсайыс — көпсайыс құрамына жеңіл атлетиканың жаттығуынан 10 жаттығуға дейін кіреді. Олар — жүгіру, секіру, лақтыру және кедергілерден өту [3;40].

Диск лақтыру — жеңіл атлетиканың түрі, белгіленген шеңбердің ішінен лақтырғаннан кейін арнайы шектелген аумақтың ішіне түседі. Жарысқа қатысушылар диаметрі 2.5 метр дөңгелек ішінен диск лақырады. лақтыру қашықтығы деп дөңгелектің сыртқы радиусынан диск түскен жерге дейінгі қашықты айтады. Ерлер пайдаланатын диск салмағы — 2 кг, ал әйелдердік — 1 кг (Жастар үшін -1.5 кг, Жасөспірімдер -1.75 кг) [3;45].

Найза лақтыру, жеңіл атлетиканың тәртібі; ағаш немесе темір найзаны ұзындыққа екпінмен лақтыру. Спортшы екпінмен секіргеннен кейін (10-12 қадам) найзаны лақтырады, лақтырылған құрал ұшымен жерге қадалуы керек. Найзаның ұзындығы ерлер жарысында 260 см, ал әйелдер жарысында – 220 см тең болады [3;47].

Ядро серпу.  Ядроның массасы: ерлер қолданатын ядро массасы – 7 кг 257 г, әйелдер қолданатын ядроның  массасы 4 кг. Ядроны шеңберде тұрып, итеріп серпіп лақтырады. Шеңбердің бұрыш мөлшері – 60 ᵒ. Ядроны бір орында тұрып та, адымдап та лақтырады. Ядро серпілетін шеңбердің диаметрі 2 м 13,5 см болады [3;47].

Кіші доп лақтыру. Кішкене доп лақтыру- мектеп оқушылары үшін аса пайдалы жаттығу түрі. Доп лақтыру - жүгіру, секіру, бір орында лақтыру арқылы орындалады. Лақтырудың кез – келген түрі үлкен қашықтыққа өткізіледі. Лақтыру адамның жылдамдығын, қабілеттілігін, дамытады. Мектеп бағдарламасында доп және гранат лақтыру қарастырылады. Доптың салмағы 150 г. [1;99].

Граната лақтыру. Салмағы ерлерде 700г, әйелдерде 500г. Граната түсетін жерге 10м коридор сызылады, коридордан шығып кетсе, есептелмейді. Коридордың ені 5см ақ сызықпен көрсетілген. Жүгіру жолдың ұзындығы 30, ені 4м. [3;46].


ХХ ғасырдың ең жүйрік қос қазағы

Әмин Тұяқов пен Ғұсман Қосановтан кейін әлемдік деңгейде бәйге алған қазақ жүйрігі болған жоқ. Нақты дерекке сүйенсек, Ғұсман Қосанов пен Әмин Тұяқов 100 метрді 10,2 секундта артқа тастап, Еуропадағы ең таңдаулы желаяқтың бірі атанса, содан бері 55 жылда бұл қашықтықта екеуінен озған алаш баласы болмапты.

Ғұсман ағамыз қазақ жастарынан шыққан тұңғыш Олимпиада жүлдегері. Ол кісі 1960 жылғы Рим олимпиадасының күміс жүлдегері, КСРО-АҚШ бәсекесінің жеңімпазы, Кеңес одағының ведомствоаралық чемпионатының алтын жүлдегері, КСРО рекордшысы, Украина мен Молдавияның бірнеше дүркін чемпионы. 1967 жылдан жаттықтырушылық қызметпен айналысып, 1968 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген бапкері атағына ие болды.

Ғ. Қосанов құрметіне арналған жеңіл атлетикадан ―Қосанов Мемориалық атты халықаралық жарыс 1991 жылдан бастап өткізіліп келеді. Биыл жеңіл атлетикадан дәстүрлі халықаралық Ғұсман Қосанов Мемориалы 24-25 маусым күні Алматыда өтеді. Мәртебелі бұл жарысты Жеңіл атлетика федерациясы осымен 27-ші рет ұйымдастырғалы отыр. Ғұсман Қосанов мемориалына қатысуға 11 мемлекеттің спортшылары өз келісімдерін берді.

Әмин Тұяқов - 1962 жылғы КСРО чемпионатында тұңғыш рет КСРО чемпионы атанған қазақ желаяғы. 200 метр қашықтыққа жүгіруден 6 рет КСРО рекордын жаңартты. Ә.Тұяқов 100 метр, 200 метр қашықтыққа жүгіруден және 100х4 метр, 200х4 метр эстафетаға жүгіруден 8 рет КСРО чемпионы атанып, 10 мәрте күміс, қола жүлдеге ие болды.

Ә.Тұяқов Еуропа кубогының жеңімпазы (1965 жылы), Еуропа біріншілігінің күміс жүлдегері (1966 жылы), 50-ге тарта ірі халықаралық жарыстардың жеңімпазы, әрі жүлдегері болды. 1965 жылы оған КСРО спортына еңбегі сіңген шебер жоғарғы атағы берілді және жеңіл атлетика саласында қазақ халқының даңқын әлемге аспандатқан желаяқ «Құрмет белгісі» орденімен марапатталды.


Қазақстандық жеңіл атлетшілердің жетістігі

Солдатенко Вениамин - спорттық жаяу жүрістен КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері. Қазақстанның және халықаралық турнирлердің жеңімпазы. 50 шақырым қашықтыққа спорттық жаяу жүрістен жеті дүркін КСРО чемпионы. Еуропа , Әлем чемпионы. ХХ-Олимпия ойындарының күміс жүлдегері. Сонымен қатар ―Құрмет белгісі орденімен және медальдармен марапатталған [2;18].

Муравьев Владимир Павлович - техникалық ғылымдар кандидаты. Спорт шебері, спортқа еңбегі сіңген шебері. 200 метр қашықтыққа жүгіруден КСРО халықтары спартакиадасының жеңімпазы, 200 метрге және 4х100 метрлік эстафетаға жүгіруден Еуропа кубогінің иегері, Дүниежүзілік чемпионаттың күміс жүлдегері, 100 метрге жүгіруден КСРО чемпионы ХХІV-Олимпиада ойындарының чемпионы. 2 рет - Құрмет белгісі орденімен марапатталған [2;21].

Шишигина Ольга Васильевна - қазақстандық жеңіл атлет, кедергілі жүгіру спринтершісі, Сидней олимпиадасының чемпионы (2000 жылы), Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері. 1994 жылғы Жапонияның Хиросима қаласында өткен Азия ойындарында жеңімпазы, "Қазақстан Республикасының спортқа еңбек сіңірген шебері". 1995 жылдардағы жазғы (Гетеборг, Швеция) және қысқы (Барселона) әлем чемпионаттарының күміс медаль иегері. 1999 жылғы жабық жайда өткен (Маэбаши, Жапония) әлем чемпионатында алтын жүлде мен 2000 жылғы Сидней олимпиадасындасының жеңімпазы. 2002 жылы Қазақтың мемлекеттік туризм және спорт Академиясын бітірген. Қазақтың мемлекеттік туризм және спорт Академиясының жеңіл атлетика кафедрасының меңгерушісі [2;39].

Дмитрий Карпов - қазақ жеңіл атлетикасының серкесі, қарағандылық онсайысшы. 2004 жылы Афины олимпиадасының қола жүлдегері. 2003 жылы, 2007 жылы, 2008 жылы Әлем чемпионаттарының қола жүлде иегері, Азия ойындары жеңімпазы. 2007 жылғы Әлем рейтингісінде онсайыстан 858 ұпаймен 4-ші орында табан тіреді. Дмитрий Карпов - онсайыстан 8725 ұпайлық Азия рекорды иегері [2;41].

Ольга Сергеевна Рыпакова - Қазақстанның үш аттап секіруден жеңіл атлеті. 2008 жылғы Бейжіңде - қола медаль, 2012 жылғы Лондон – алтын және 2016 жылғы Рио-де Жанейро олимпиадасында- қола медальді иеленген. Ольга Рыпакова 2010 жылы Шанхайда өткен «Гауһар лига» деп аталатын жарыста алтын, 2011 жылғы Тэгу қаласында өткен әлем чемпионатында Ольга Рыпакова күміс медаль жеңіп алды. 2017 жылы Өскемен қаласында Олимпиада чемпионы Рыпакова атындағы Жеңіл атлетика манежі ашылды.

Марат Жыланбаев - марафоншылар арасында «Гиннестің рекордтар кітабына» жеті рет енген әлемдегі жалғыз спортшы. Жер шарындағы ең ірі шөлдерді жүгіріп өту бойынша да онымен әзірге теңесетін марафоншы жоқ. Марат 1990-1991 жылдар арасында, анығырағы 365 күнде жалпы саны 226 классикалық марафонға қатынасқан. 1992 жылы Азия құрлығының ең ұзын шөлі Қарақұмды, 1993 жылы Африка құрлығының алпауыты Сахараны, осы жылдың өзінде Үлкен Виктория шөлін жалғыз өзі жүгіріп өтеді. 1994 жылы Америкадағы Невада шөлін бағындырып, жалпы саны жеті рет мойнына «Гиннестің рекордтар кітабының» арнайы алқасын тағынған.

Қорытындылай келе, еліміздегі жетекші спорт түрінің бірі – жеңіл атлетика. Бүгінде бұл спорт түрімен Қазақстанда 11 мыңнан астам адам шұғылданады. Бұл статистика спорт мектептерінде тіркелгендердің есебінен алынған. 2000-ға жуық спортшы Қазақстан чемпионаттарына қатысады. Дәл қазіргі таңда ұлттық штаттық командада 34 кәсіби спортшы бар. 2020 жылға дейін олардың санын 50 спортшыға дейін жеткізу жоспарда екен. Бұл спорт түрінің бұқаралық дамуына инфрақұрылым көп әсерін тигізері сөзсіз. Ал спортшылар үшін де спорт кешендерінің сапасы маңызды. Сондықтан еліміздің түкпір-түкпірінде спорт мектептері мен спорт кешендер салынуда.

Қазіргі кезде Семей қаласында халықаралық талаптарға сай келетін «Абай-Арена» атты спорт кешені салынып жатыр. 16 наурыз күні Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының кезектен тыс конференциясында президент болып сайланған Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов біздің қаламыздын мектеп оқуылары мен жеңіл атлеттер осы кешенде оқу-жаттығу жиынын өткізуге болатынын айтты.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Жеңіл атлетика тарихы - https://k.k.wikipedia.org/wiki/ Жеңіл_атлетика

  2. Новиков П. ҚР Жеңіл атлетика федерациясының Президентінің бастамасымен жарық көрген жинақ. – Алматы, 2008. - 56 б.

  3. Төтенай Б. Дене тәрбиесі оқулығы. – Алматы, 2013.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ