Материалдар / "Жеңіспен соғыс аяқталды!" тақырыбында эссе
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Жеңіспен соғыс аяқталды!" тақырыбында эссе

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға эссе, мақала жазу барысында қажет
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Мамыр 2021
395
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жеңіспен соғыс аяқталды!

«Қанмен жазылған кітап: ерлік елеусіз қалмасын, олжа – елге, атақ – ерге сауға»

Қой аузынан шөп алмас қонақжай қазақ халқы үшін көрмеген қиындық қалмаған шығар. Егістік жерлерді тәркілеп алып, азық-түлік салығын салып, мал-мүлкін, құрал-саймандарын тартып алып 1931 жылдары ашаршылыққа ұшырап, босқын күйде қалды. Адамдар аш қасқырдай анталап өз балалары мен әйелдерін құрбандыққа шалып күн кешті. Нағыз «жұт» болды. Мұнымен тоқтаған жоқ. Әрі қарай қуғын-сүргінге жалғасып, жазықсыз қазақ зиялылары Итжеккенге айдалып, қалғандары атылып кетті. Қыршыннан қырылған жастар, қаншама боздақтар, бірінің әкесі, бірінің аға-бауыры бар еді. Бұдан әрі соғыс басталып, тарих бетінде ойып тұрып орын алып, аты қызыл әріппен жазылып 1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталды. Себебі, жеңіс бізге оңай келген жоқ. Қорқақты батыр еткен, сын сағатта шын батырды танытқан соғыс еді. Жас демей, кәрі демей ер адамдардың бәрі ұрыс алаңына еріксіз кетіп жатты. Сондай жас батыр қыздарымыз мен ұлдарымызда аз болмады. Ұлы Отан соғысы тарих шежіресінде қазақтың батыр пулеметші қызы Мәншүк Мәмбетова, Кеңес одағының мерген қызы Әлия Молдағұлова, Рейхстагқа ту тіккен Рақымжан Қошқарбаев, аты аңызға айналған тау тұлға батырымыз Бауыржан Момышұлы, Мәлік Ғабдуллин, Талғат Бигелдинов секілді жерлестеріміздің еңбегі ерең.

Отан үшін от кешкен, ақылдылығы мен батылдығын қатар алып, сұрапыл қан майданды өз көзімен көрген қайсар жан - Бауыржан Момышұлы. Көзбен көрген соғысты қағаз бетіне шимақтаған алғашқы қаламгер болатын. Негізгі айтар ойы мен тақырыбы – соғыстың бар шындығы еді. Сондай шығармасының бірі «Қанмен жазылған кітап» туындысы. Бауыржан Момышұлы өз көзімен көрген, басынан өткен оқиға Ұлы Отан соғысын қағаз бетіне өз атынан түсіріп жазады. Ол ұрыста адамның барлық қасиеттері сынға түсіп, тексеріліп, бәрі де шешіледі. «Ұрыс өтіріктің, жалған батырлықтың бет пердесін сырып тастайды. Екіжүзділік оқтың астында шыдас бермейді. Ұрыста зәре-құтыңның ұшқанын жасыра алмайсың. Батылдық мүлдем жоғалуыда мүмкін. Бірақ, табандылық – батылдардың қалқаны. Құтқару-қашуда емес, қорғану мен шабу» - дейді Бауыржан Момышұлы. Шығарма да ұрыс даласындағы адам бойында болатын барлық сезім атаулыны ашып көрсетеді. Сонымен қатар, оларды жоғарғы және төменгі сезімдер деп екі топқа жіктейді. Ұрыс және соғыс психологиясын ашық түрде түсіндіреді. Өмірдің қадірін ұқтырып, қарапайым шынайы оқиғалармен шығарма мазмұнында баяндап береді. Өмір бар жер де өлімнің де қатар жүретінін, бес күнгі жалғанды бейбіт, тәуелсіз ел де әдемі сүре білуді біздерге, оқырмандарға жеткізе білді. Парыз, ерлік, ержүректілік, батырлық, адамгершілік, қаһармандық деген жоғарғы сезімдер. Ал, опасыздық, қорқыныш, үрей, шошу, ұждансыздық, сатқындық та орын алмауы мүмкін емес. Бұл төменгі сезімдер. Ұлы Отан соғысы алапат оттың ортасы десек қателеспейміз. Адамның рухы мықты болмаса, ұрыс алаңында жеңіске жетуің не ғайбыл. «Тәуекелсіз – жеңіс жоқ. Жаудан қашып емес, қорғанып және шабуылға шығып құтыла аласың. Өмір сүр деген үміт оты жүрегіңді жылытады, әрбір солдат та пенде, ол да өмір сүргісі келеді.» - дейді шығарма да Бауыржан Момышұлы. Адамды алға жетелейтін «үміт» болса, сол үміттің орындалуы мына «тәуелсіздік, бейбіт күн».

Найзадан қол босаса қалам алдым,

Толғанып оқиғаны көп ойландым.

Тырмысып әлі келгенше көргенімді,

Жалтақтамай, именбей, ашық жаздым.

«Отырсам көп ойланып күнім жақын,

Әр адам біле бермейді сөздің парқын.

Ұрпаққа арнап істелген адал еңбек,

Ақ ниетпен ұсындым саған халқым.

Жазушы болмаған соң менің затым,

Көркемді жұмыр емес жазған хатым.

Атаусыз неге қалсын менің атым, - деген отты өлең жолдарымен шығарманы түйіндепті. Бұл жерде алапат отты майданның ортасында жүріп маңдай терін сарқып көрген білгенін шимақтап жүріп бардың қадірін білсін, тәуелсіздік туы оңай желбірмегенін ұқсын деген ұрпаққа аманат етіп мол мұра қалдырды. Қанды соғыстың қатыгез бейнесі шынайы бейнеленген туындыны назардан тыс қалмауы тиіс. Оған мына біздер жауаптымыз. Оттың ортасында көз майын тауысып жазылған келген еңбек ақталуы керек. Аманатқа қиянат жасалмай жас ұрпақ, мына біздер оқып түсінуіміз қажет. Қазіргі таңда сол кезде сұрапыл соғыс өткен жылдар бізден жыл өткен сайын алыстауда. Көзі көрген ардагер қарияларымызды күн өткен сайын азайып бара жатыр. Өткен күннің өміршеңдігін білеміз, ұмытылмайды. Сондықтан, соғысты көзі көргендердің саны азайса да, өшпес мұра қалдырған көркем әдебиеттегі шығармаларды оқып, мына біз жас ұрпақ әрі қарай насихаттап қадірін ұғыну біздің парыз. Алдағы уақытта бейбіт еліміз аман, жұртымыз тыныш, тәуелсіздігіміз баянды болсын. Тәуелсіз елдің ұлы – өжет, қызы – қайратты, халқы – қаhарман.

ҰОС жылдарындағы кітап (Б.Момышұлы «Қанмен жазылған кітап»)







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!