|
Білім беретін мекеменің атауы |
«№155 Д.Шыныбеков
атындағы орта мектебі»
КММ |
|
|
Күні: |
28.04.2025 |
|
|
Педагогтің аты-жөні |
Алпысбай Мөлдір |
|
|
Сынып: 4 «А» |
|
|
|
Сабақтың тақырыбы: |
«Мен білетін соғыс....» эссе байқауы |
|
|
Мақсаты |
- Оқушылар соғыс туралы өз түсініктерін қалыптастырады; - Эссе жазу дағдысы дамиды; - Бейбітшілік пен Отан қорғаудың маңызын ұғынады. Оқу нәтижелері: - Соғыс жайлы ой бөліседі; - Эссе құрылымын сақтап, ойларын жазбаша жеткізе алады; - Пікірін дәлелдейді, шығармашылық қабілеті артады. Құндылықтарды дарыту: - Патриотизм, жауапкершілік, бейбітшілікке деген құрмет. |
|
Сабақтың барысы:
Ұлы жеңіс ұрпақ жадынан өшпейді
Адамзат тарихындағы ең сұрапыл, жойқын ұрыс болған Ұлы Отан
соғысының жеңіспен аяқталғанына да 80 жыл толды. Ел басына күн туып
ер етікпен су кешіп, кеудесін оққа тосқан сол бір қиямет күнде
аталарымыз ұлтына, тілі мен діліне қарамастан Отаны үшін от кешті.
Бұл қанды қырғын қаншама ошақты ойрандап, талай боздақтың сүйегін
жат жерде қалдырды, тірі қалғандары елге мүгедек болып оралды. Жан
қияр ерліктің арқасында жеңісті күн бізге қазақтың қайсар
азаматтары мен ержүрек батырларының арқасында келгені
анық.
Сол кездегі адамдардың елге,
жерге деген патриоттық сезімін, ержүректілігі мен төзімділігін паш
ететін, мәңгі тарихта қанмен таңбаланған Ұлы Отан соғысының қанша
жылдар өтсе де жанға салған жарасы жазылар емес. Бұл күн –
аталарымыздың батырлығы мен жанқиярлығы, өз Отанына деген шексіз
сүйіспеншілігінің арқасында қатал соғыста жеңіске жеткізіп,
еркіндікті алып берді. Сұрапыл соғыста қаймықпай от кешіп, Отан
қорғауда талай ерлік көрсеткен азаматтың бірі – Айдарбек Тұрғанбаев
еді. Ол 1908 жылы Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Ақтоған ауылында
шаруа отбасында дүниеге келген. Айдарбек соғысқа орда бұзар отыздан
асқан шағында Шиелі комиссариаты арқылы аттанады. 1942 жылдың мамыр
айында Балтық теңіз жағалауындағы Латвия, Литва, Эстония елдерін
фашистерден азат етуге қатысады. Содан ерліктің ерен үлгісін
көрсетіп бірнеше медалдармен марапатталған. Алғашқы марапаты 1944
жылы «За отвагу» медалын кеудесіне тағады.
Екінші қарулы девизияның қызыл әскері Айдарбек Тұрғанбайұлы неміс басқыншыларымен шайқаста өзін батыр, әрі батыл жауынгер ретінде көрсетті. Сондай-ақ, «Памят народа» сайты арқылы «За отвагу» медалының не үшін берілгені архив құжаттарында былай дейді. 1944 жылы 26 шілде де оқ дәрі салынған машинаның моторы жау бомбасының атқылауынан өртеніп, қозғалтқыш бөлігінен шыққан жалын оқ дәрі қораптарына өтеді. Осы кезде өз өмірін қатерге тіккен Айдарбек алғашқылардың бірі болып снариядтарды құтқару үшін жанып тұрған ыстық машинаға жүгіргеннің арқасында оқ дәрі блогын сақтап қалған. Одан 1944 жылы 31 шілде де Литва қаласын қорғау үшін шайқаста жылдам оқ атып, қарумен жаудың төрт танкісіне қарсы шыққан. Қарт майдангер ерлік үшін күресті, батырлықтың ерен үлгісін көрсеткені үшін бірнеше медалдармен марапатталған. Бүгінде батырдың барлық құжаттары Ресей Федерациясының Қорғаныс министірілігінің орталық мұрағатында сақтаулы тұр екен.
Соғыстан кейінгі қиын-қыстау уақытта ерінбей еңбек етіп, халыққа қызмет етті. Осындай еңбекқорлығының арқасында отбасын құрып, қан майданнан жаудың бетін қайтарып, кіндік қаны тамған туған жерге оралған соң отбасын құрып, 2 ұл мен 3 қыз тәрбиелеп өсірді. Оларды оқытып, қызды – қияға, ұлды – ұяға қондырып, олардан ұрпақ жалғар 21 немере мен 36 шөбере сүйді.
«Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» дегендей, жасаған ерен ерлігі ел жадында мәңгі қалып, өнегесі болашағымызға күш, қайрат, рух береді. «Ер есімі – ел есінде” демекші, бізге жарқын болашақ, бақытты ғұмыр сыйлаған майдангерлердің ерлігі ешқашан ұмытылмайды. Олардың қасиетті рухы бүгінгі бейбіт тірлігімізге мәңгі шуағын шашпақ.
ЕКІ СОҒЫСТЫҢ КУӘГЕРІ
Шиелі ауданы «Ақтоған» елді мекенінде 1914 жылы дүние есігін ашқан Мұсахан Смайылұлы Молдабаев жастайынан еңбекке араласып 1936 жылы Карело – Фин соғысына, 1941-1945 жылдары сұрапыл Ұлы Отан соғыстарына қатысып неміс басқыншыларының алғашқы легін елдің Батыс шекарасында қарсы алған, екі соғыстағы ерлік істері үшін бірінші және екінші дәрежелі «Ұлы Отан Соғысы» ордендерімен, Маршал Г.К.Жуковтың, бас қолбасшы И.В.Сталиннің алтын медалімен соғыс және бейбіт өмірдегі еңбегі үшін оннан астам медальдарымен марапатталған.
Мұсахан Молдабаев қарияның фин және Ұлы Отан соғысындағы ерлік істері бейбіт еңбектегі еңбек жолдары кейінгі ұрпақтарға үлге-өнеге болып қала бермек. Оны Шиелі ауданының елді мекендеріндегі тұрғындардың, жас және аға ұрпақ-өкілдерінің білмейтіндері кемде-кем болар.
Кешегі кезеңдердегі қоғамдық өзгерістер Қазан төңкерісінің дүмпуі, алғашқы колхоздастыру, бай манаптардың дүние-мүлкін тәркілеу, ашаршылық және қуғын-сүргін жылдарындағы қиын-қыстау кезеңдер, Карело-Фин, 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы отты жылдар т.б. ата-аналарымыздың бастан кешкен қиын-қыстау уақыттары туралы ұрпақтан – ұрпаққа жетіп, естерінен кетер емес.
Қаншама жылдар өткенімен тарих қойнауына сүңгіген майдан даласындағы қиын-қыстау өмірдің дәмін татқан ардагер жауынгерлер ешқашан ұмытпақ емес. Олар кейінгі ұрпаққа бейбіт өмірдің үлгісін тарту етті.
Солардың бірі де, бірегейі Мұсахан Смайылұлы Молдабаев аға 1914 жылы Шиелі өңіріне қарасты «Ақтоған» елді мекенінде дүниеге келген. Балалық балғын шағын өзінің туған ауылында масақ теріп, қозы-лақ бағып жүріп латын әрпімен сауатын ашып ер жетті.
1936 жылы 22 жасында әскер қатарына шақырылды. Қазақша, орысша сауаттылығын, қырағылығын, іскерлігін байқаған командирлері оны Белорусиядағы кіші офицерлер дайындайтын әскери училищеге оқуға жібереді. Оқуын үздік бітірген соң лейтенант атағын алған саяси жетекші (политрук) Ленинград облысындағы әскери бөлімшеге қызметке жіберіледі.
1939 жылы міндетті әскери борышын атқарып, елге қайтайын деп тұрған уақытында Финляндиямен соғыс басталып, атты әскер құрамында кавалерист болып соғысқа қатысады. «Ажалсыз өлмейді» дегендей ауыр жараланбай аман есен елге оралады. Фин соғысына қатысқан жауынгер Мұсекең осы жылдарда Оңтүстік өңірдегі «Мақтаарал» совхоз техникумын (үздік) ауылшаруашылық мамандығы бойынша бітіріп келіп, өзінің туған ауылы «Ақтоған» бөлімшесінің бастығы болып қызмет атқарады. Осы жылдары соғыс басталды. Ұзамай-ақ Мұсахан Молдабаев әскерге қайта шақыртылып, 1941 жылы аға лейтенант шенімен №57 гвардиялық атқыштар полкі құрамында алғаш рет батыс Украина шекарасында неміс басқыншыларымен бетпе-бет кездесті.
Фин соғысында небір жорық жолдарынан өткен, шайқас көрген ысылған жауынгер немістермен соғыста батыл соғысып, ерліктің үлгісін көрсетеді. Калинин майдан далсында жауынгерлік жорық жолдарын жүріп өтіп Ржев, Псков, Воронеж облыстарынның қаншама елді мекендерін жау қолынан азат етті. Ол кісінің Ұлы Отан соғысындағы ерлік жолдарын айқын дәлелдейтін марапат қағаздары мен ерлік істері үшін алған орден, медалдары дәлел боларлықтай.
Соғыста бірнеше рет бастан,
іштен, аяқ-қолдан жаралы болған. Мұсекең осындай ауыр жарақаттардың
салдарынан 1943 жылдың соңында елге қайтарылды. Елге келген соң да
«Бәрі майдан үшін» деген ұранмен әскер қатарына адам жинады, әскери
комиссариатта еңбек етті, шаруашылықта жұмыс істеді. 1945-1946
жылдары бірлескен «1 Май» колхозында колхоз төрағасы, аудандық май
зауытында директор қызметтерін атқарды. Белгілі дихан Ыбырай
Жахаевпен бірге күріште екті, оған көмекші де болып қызметте
істеді. 1951 жылы Алматы ауылшаруашылығы техникумын бітірген соң,
Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Күйік» қаракөл қой совхозында,
Жданов атындағы астық совхозында абыройлы қызмет етіп, өзінің
күш-жігерін, қайратын, ұйымдастырушылық қабілеттерін көрсете білді.
Онан кейінгі жылдарда зейнет жасына дейн Шиелі аудандық орман
шаруашылығында қызмет істеді. Майор шенінде әскери зейнеткерлікке
шыққанына қарамастан еңбектен қол үзбей жүрді. Соғыстан кейінгі
жылдарда еңбек үлгісін көрсетіп, елдің экономикасын, халықтың
әл-ауқатын көтеруге үлес қосқаны үшін Лениннің туғанына 100 жыл,
Жарыстың жеңімпазы, бірнеше рет «Еңбек ардагері» медальдары мен
марапатталды. Мұсекең 1943 жылы, соғыстан елге оралған соң көрші
колхоз «Ортақшылдың» қызы Ақманат Шәкірқызымен үйленеді. Олардан
тараған ұл-қыздары шаңырақтың түтінін түзу шығарып, немере, шөбере
өсіріп отыр. Ол кісі 1997 жылы 83 жас¬ында бақилыққа аттанған еді.
Егер тірі болғанда бүгіндері бар жоғы 104 жаста ғана болар
еді-ау. Мұсахан Смайылұлы өзінің ұл-қыздарының, олардан
тараған ұрпақтар арасында қашанда қасиетті болып, мәңгі есте қала
бермек. Ия, осындай өнегелі ерен еңбек және соғыс ардагері, екі
«Ұлы Отан соғысы ордендерінің иегері»иегері запастағы майор, саяси
жетекші (политрук) Молдабаев Мұсахан ақсақалдың есімімен Шиелі
ауданы орталығынан көше атын беру жөнінде аудандық ономастикалық
комиссияға ұсыныс жасаған жөн ғой деп есептеймін.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Жеңістің 80 жылдығы тәрбие сағат ҚМЖ

шағым қалдыра аласыз