Жердің пайда болуы, Жер планетасының пішіні, өлшемі, қозғалысы 5 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жердің пайда болуы, Жер планетасының пішіні, өлшемі, қозғалысы 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Жер ғаламшары туралы жалпы түсінік алады. * Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттері дамытылады. * Өзара ынтымақтастыққа, бірлікке үйренеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Сабақтың тақырыбы:

Жердің пайда болуы, Жер планетасының пішіні, өлшемі, қозғалысы

Жалпы мақсаты:

* Жер ғаламшары туралы жалпы түсінік алады.

* Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттері дамытылады.

* Өзара ынтымақтастыққа, бірлікке үйренеді.

Оқу нәтижелері:

Оқыту үрдісінде оқушылардың әрқайсысына жеке тұлға ретінде қарап, өздеріне деген сеніміндері, оқушының білімге ынтасы артады.Топтық жұмысқа қалыптасады, өз ойларын еркін жеткізеді, мақсатқа жетуге топ болып ұмтылады, бірін-бірі бағалайды, шығармашылыққа ұмтылады, пәнге деген қызығушылықтары артады.

Түйінді идеялар:

Сыни тұрғыдан ойлай отырып, ой-пікір, пайымдары қалыптасады.

Ресурстар:

Интерактивті тақта, компьютер, слайд, маркер, плакат, магнит, бағалау және кері байланыс (көңіл-күй) парағы, құрастырма суреттер (Астана көріністері)

Жаттығулар және бірлескен жұмысқа негізделген тәсіл:

І. Топқа бөлу. «Астана айшықтары» суреттерін құрау арқылы 3 топқа бөлу.

Әр топтың топ басшылары тағайындалады.

ІІ. Сергіту сәті. «Бобер биі» клипі бойынша.


ІІІ. «Миға шабуыл» стратегиясы

1.Біз қандай ғаламшарда өмір сүрудеміз? (Жер)

2.Жер туралы қандай мәліметтер білесіңдер?

Оқушылардың ой-пікірлерін білу.


ІҮ. Мағынаны тану. «Ортақ нәтижеге жету» стратегиясы

Олай болса біз Жер ғаламшары туралы білімімізді одан әрі тереңдете түсейік. Ол үшін сендер мына сұрақтардың жауабын мәтінді оқи отырып шығарасыңдар.

1-топтың сұрақтары:

1.Жер қашан пайда болған?

2.Алғашқы кезде жер қандай болған және кейін қандай өзгерістер болды?

3.Жердің жалпы ауданы және оның неше пайызы су, неше пайызы құрлық?

4.Жердің пішіні қандай және оны қалай дәлелдеуге болады?

5.Глобус деген не? Алғашқы глобусты кім жасады және қашан?


2-топтың сұрақтары:

6.Полюс деген не?

7.Экватор деген не?

8.Экватор сызығы жерді қандай жартышарларға бөліп жатыр?

9.Жердің экваторлық және полюстік радиустері нешеге тең?

10.Экватордың ұзындығы неше шақырым?


3-топтың сұрақтары:

11.Жер өз осін қанша уақытта айналады?

12.Күн мен түннің алмасу себебі неде?

13.Неліктен біздің ғаламшарымыз Күн жылуын біркелкі қабылдамайды?

14.Жер Күнді қанша уақытта айналып өтеді?

15.Неліктен жыл мезгілдері алмасады?

16. Жыл деген не?

Бұл сұрақтарды топпен талқылап оны плакатқа жазады (сұрақтары мен жауаптарын). Содан соң «Елші» стратегиясын қолдану.

(Жаттығудың сипаттамасы:

Топтар тапсырмаларды орындап болғаннан кейін топтың бір адамы «елші» болып сайланады да, зерделенген материалды түсіндіру және жинақтау, бұл туралы жаңа топтың ойын, бір шешімге келгенін немесе жетістікке жеткенін білу үшін басқа топқа барады. Бұдан кейін елші өз тобына қайтып оралып, білгендерін айтып береді)

Бұдан кейін электрондық оқулық арқылы Жердің өз осінен және Күнді айнала қозғалуы туралы көрсету. Және глобуспен де көрсету.

Ү. Ой толғаныс. «Тақырыптық түйінді сөздер» стратегиясы.

ҮІ. Бағалау: оқушылар өзін-өзі бағалайды (фигураларды таңдау арқылы: бесбұрыш, төртбұрыш және үшбұрыш)

ҮІІ. Кері байланыс. Көңіл-күй парағындағы суретті таңдап және ол суретті неліктен таңдағанына түсініктеме беру арқылы көңілдерін білдіреді.

ҮІІІ. Үйге тапсырма: негізгі ұғымдар



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.12.2018
1218
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі