Жетіген (аспап)
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Jump to navigationJump to search
|
Жетіген |
|
|
Жіктелуі |
шекті аспап |
|
Туыстас аспаптары |
|
Жетіген - қазақ халқының көп ішекті шертпелі аспабы. Жалпы тұрқы ұзынша, жәшік тектес етіп жасалады. Бетіне жұқа тақтайдан қақпақ жабылып, үн беретін ойықтары салынады.
![]()
Мазмұны
Тарихы
Жетіген — жасалуы да, ойналу әдіс-тәсілі де өте күрделі аспап. Ертеректе ел арасында сақталған көне жетігеннің ішегі аттың қылынан тағылып, тиектің орнына асықтар пайдаланылатын болған. Аспаптың құлақ күйі осы асықтарды әрлі-берлі жылжыту арқылы келтірілген. Ішек сандары жетеу болғандықтан, аспап Жетіген аталған.
18 ғ-да қазақ даласын аралаған саяхатшы-этнографтар И.Лепехин, И.Георги, т.б. екі ішекті домбырадан басқа көп ішекті аспаптардың да болғандығын жазады. Ал саяхатшы А.С. Паллас 1786 жылғы қазақ даласын аралаған сапарында осы күнгі жетігеннің көне түрін кездестірген. “Бұл аспап шыршадан жасалған шағын ғана жәшік, оның түбі ғана бар. Оған ішектер ешбір құлақсыз керілген. Бұл аспапты құлақ күйіне келтіру үшін әрбір ішектің астына кішкене тиек — қойдың асықтары қойылады. Музыкант ішектің ұзын жағын сол қолымен тартады да, оң қолымен дишкантта ойнайды”, — деп жазған. Этнограф-саяхатшылардың осы секілді жазбаларына қарағанда, Жетіген аспабы қазақ халқы арасында 19 ғ-дың ортасына дейін сақталып, бертін келе жоғалып кеткен. Осы этнографиялық сипаттамалар бойынша қалпына келтірілген немесе жетілдіріліп жасалған жетігеннің алғашқы үлгісі өмірге қайта келіп, өнеріміз бен аспаптық музыкамызда орын ала бастады. 1817 жылғы “Сибирский вестник” журналында жазылған анықтама бойынша белгілі шебер Оразғазы Бейсенбекұлы 1966 ж. Жетіген аспабының алғашқы нұсқасын қалпына келтіріп жасап шықты. Бұл алғашқы үлгінің дыбыс ауқымы бір жарым октава болып, 13 ішек тағылып жасалды. Оның ұзындығы 1060 мм, шанақ ені 250 мм болып, бетіне екі-үш жерден тиектер қойылып жасалды.
Жетігеннің ноталық жүйесін анықтаған ғалым-зерттеуші Б.Сарыбаев болды. Жетіген аспабына байланысты оны ертеде жеті ұлынан айырылған күйші-өнерпаз жасап, “Жетігеннің жеті күйін” шығарыпты дейтін аңыз бар. Аспаптық-фольклорлық музыкамызда ерекше орын алатын бұл аспап 1970 жылдан бері Т.Сарыбаев, Е.Құсайынов, С.Мерекеев, т.б. музыкашылардың орындауында жаңаша сипатқа ие болды. Жетіген аспабының қазіргі шеберлер жасаған үлгісінің дыбыс ауқымы 2 — 2,5 октаваға дейін жеткізілді. Қазақ халық музыка аспаптары мұражайында жетіген аспабының этнографиялық сипаттамалар бойынша жасалған көне үлгісі мен жетілдірілген үлгілері сақталған. Оларды О. Бейсенбекұлы, Н. Әбдірахманов, Д. Шоқпарұлы, С. Ділманов секілді аспапшы шеберлер жасап шықты. Аспап “ Сазген”, “Мұрагер”, “Адырна”, “Отырар сазы”, т.б. белгілі өнер ұжымдарында ойналып келеді.
Жетіген аспабы түркі тілдес халықтардың барлығында да бар және өз тілдік атауларымен аталады. Мысалы, татарлар — “етиган”, тывалықтар — “жадықан”, хақастар — “шатқан” деп атап, музыкалық аспаптарымыздың да этникалық шығу, пайда болу негізінің ұқсас, тектес екендігін байқатады.
Жетіген сөзінің пайда болуы
«Жетіген» деген атау тегінде екі сөзден құралса керек: жеті және ән. Яғни, мұны әндетуші немесе күй шертуші жеті ішек десе де болғандай. Өйткені түркі тілдерінде мынадай музыкалық терминдер бар: аган — өлең, әуен; ган-ни — жырға қосу; ганани — ән, шумақ; таган — ән салу.
Татар және ұйғыр тілінде — ахан, өзбекше аханг. Бұл сөздердің мәні де сол — ән, әуен. Қазақ тілінде бұл сөздерді дыбыстағанда, бәлкім, «аһан», «аган» дегенді «ән» деп кеткен болу керек.»
Профессор Құдайберген Жұбанов бүл жайында былай деп жазған еді:
«Тегінде, «ән» парсының «оһаник» деген сөзінен шықса керек.
Жетіген даму тарихы
Шертпелі аспаптардың ең көне түрінің даму тарихы бізге күні бүгінге дейін белгісіз. Сондықтан бүл саланы зерттеушілер бар болғаны әр түрлі болжаулар айтумен ғана шектелулері мүмкін. Әр түрлі халық аспаптарының дамуында кейбір орталық заңдылықтар бар дедік. Осындай аспаптар жетілдірілген сайын ондағы ішектер саны бірте-бірте көбейе берген. Аспаптар тұтас ағаштан ойып жасалған, шанақтары әдетте көн терімен қапталған, кейбір этнографиялық еңбектерде шанағы ашық қалдырылған аспаптар жайында да сөз болады. Қарапайым аспаптарда құлақ болмаған, сондықтан ішектерді қолмен керіп байлаған. Күйге келтіру үшін тиек орнына қойылған асықты жылжытатын болған. Музыканттардың орындаушылық шеберліктері артқан сайын шертпелі аспаптардың түрі өзгеріске ұшырап, жетіле түсіп отырған. Мойын жасалып, байланатын пернелер саны артқан сайын мұндай аспапта ойнау техникасы едәуір байи түскен.
Өз еңбектерінде XVIII ғасырдың ғалымдары үш ішекті домбыраны қалай тартатындары жайлы көргендерін жазады және осыған орай садак, түріндегі шертпелі көне аспаптан қылқобыздың пайда болуы мүмкін дегенді айтады.
Мысалы, XVIII ғасырдағы саяхатшылар И. Лепехин, П. Паллас, И. Георги және П. Рычков өздерінің жазбаларында түркі халықтары арасында тараған шертіп ойналатын көп ішекті көне аспап жайында жиі-жиі ауызға алады. Олар бұл аспапты көбінесе Сібірдің батыс бөлігін мекендеуші тұрғындар арасынан кездестірген. Осы аспаптардың құрылысын суреттеп жаза отырып, ғалымдар оның гуслиге, арфаға және лютняға ұқсайтындығын айтқан, сол себепті өз еңбектерінде оны «гусли», «жатқызылған арфа» деп атайды. Соңғы атаудың тағылу себебі, аспапты ойнаған кезде көлденеңдете ұстау керек. Зерттеушілердің барлық еңбектерінде жеті ішекті көне аспап —жетіген жайлы баяндалады. Бірақ әр этнограф оны өзінше атаған, мысалы, «етиге», «етиган», «ятага», «елтаға», «джатыган» дейді, солай бола тұра, түркі тілінің, келтірілген сөздерінде ортақ түбір бар екенін байқау қиын емес.
Саяхатшылар көп жайларда қазақ ауылдарын да аралап көрген. Ертеде жазылған этнографиялық мақалалардың бірінде былай делінген:
«Джатыган» деген атау аспапқа тағылған жеті ішекке байланысты алынған, өйткені джаты (жеті — Б. С.) жеті деген сөз. Ол ішін ұңғылап жасаған ағаш жәшік сияқты, ұзындығы — бір жарым аршын шамасында, ені аршынның төрттен біріндей, ал биіктігі екі вершокқа жетеді, ұзын әрі кең бүйірлі жағы ашық қалдырылған, екінші бүйір жағы жабық. Жабық бүйірге жуандығы әр түрлі сым ішектер тағылады, олардың әрқайсысының астында екі тиектен болады. Ойнау кезінде жіңішке ішектерді бері қаратып қояды да оны екі қолымен үрғылайды, бір қолымен дауысқа ыңғайлай шертеді де, екіншісімен тиектен біршама жерден мұңды, әрі дірілдеп шығатын дауысты келтіреді».
Саяхатшылар XVIII ғасырдың екінші жартысында кездестірген жетігендердің кейбір түрлері тіптен қарадүрсін жасалынған. Академик П. С. Паллас солардың бірі туралы былай деп жазады:
«Аталмыш аспап шағын шырша жәшігінен тұрады, оның түбі ғана бар, оған жуандықтары әр түрлі алты сутужный (сым— Б. С.) ішектері ешқандай құлақсыз-ақ керілген».
Ертеде көптеген үй жабдықтары, музыка аспаптары, солардың ішінде жетіген де тұтас ағаштан ойып жасалатын болған, сол себепті саяхатшылар жетігеннің сыртқы түрін астау сияқты жәшікпен салыстырған. Мұндай жетігенде құлақ, қақпақ дегендер болмаған. Ішектер аспаптың сырт жағына қолмен керіліп байланған.
Этнографтардың мәліметтеріне қарағанда, жетіген кейбір аймақтағы қазақтардың арасында XIX ғасырдың ортасына шейін кездескен. Өткен ғасырдың 60-жылдары Москвада этнографиялық көрме ұйымдастырылған, оған Орынбор губерниясының қазақтары музыка аспаптарының бірнеше түрін әкеліп қойған. Кейін бұл аспаптар Дашковский этнографиялық музейіне беріліпті.
Осы музейдің 1868 жылы жазылған коллекциялық тізімінде сыбызғының үш түрі жайында, қылқобыз бен домбыраның бірнеше түрі, сондай-ақ жеті ішекті жетіген туралы айтылыпты. Суреттеп жазылуында бұл аспаптар: цибизга, кубыз, думбра және ятага деп аталған.
А. Масловтың «Сибирский вестник» (1818) журналында жарияланған мақаласында жетіген анағұрлым толық суреттелген. «Ятага,— деп жазыпты ол, — Орынбор қырғыздары (қазақтары — Б. С.) қолданатын музыкалық аспап. Шанағы ұзын, орта тұсы төрт бұрышты, бір жағына қарай доғал бұрыштанып сәл иілген. Бүйіріндегі екі қақпағы тұтас, қалған екі қақпақтың әрқайсысы екі бөліктен біріктірілген, олардың бір-біріне қатынасы 9:25-ке қатынасындай. Төменгі қақпақта бес жұлдызша орналасқан 25 қосымша дауыстар жасалған, сәл дөңестеу жоғарғы қақпақта, иілген тұсына тақтай жапсырылған, оған ішектерді байлауға арналған жеті ағаш құлақ орнатылған, ішектер аспаптың, түп жағындағы кішкене мыс шығыршыққа бекітілген. Төменгі қақпақтын, түбін ала бірнеше тақтайша бекітілген: олар тек сәндік үшін емес, аспапты жерге қойғанда тіреуіш қызметін де атқарады. Ятаганың жалпы түрі үлкен жапон котосына өте ұқсас. Ятаганың қақпағы сарғыш сырмен ал қалған бөліктері қара түске боялған, құлақтары сияқты ұсақ белшектерін айтпағанда, қызыл сырмен сырланған. Ятаганың бұрауы белгісіз. Көлемі мынадай: ұзындығы—102 см, ені—14 см, биіктігі осы шамалас, бірақ резонатордың қалыңдығы екі есе кем.
«Ятага» аталып, осылай суреттелген бұл аспаптың жетігеннен аумай ұқсастығы дау туғызбаса керек. Масловтың еңбегінде Орынбор қазақтарының арасынан табылған жетігеннің суреті бар және бұл сурет бірден-бір құжат болып саналады.
Сібірдің батыс аймақтарын мекендеуші халықтардың, тұрмыс салты, әдет-ғұрыптары бір-біріне жақын екені, сондай-ақ олардың музыкалық аспаптарының ұқсастығы жайында этнографтар көп жазып қалдырған. Саяхатшы П. Паллас манси халықтарының (қазіргі Ханты-Мансийск ұлттық округі) музыкасы туралы былай деп жазады:
«Ойнаушы бұл аспапты тізесіне қояды да сол қолымен шертіп бас үнін келтіреді, ал оң қолымен әуен шығарады. Өлеңдердің буындары қарапайым, татар халық әуеніне ұқсайды».
Бұл арада Паллас жетіген тектес аспапты жазып отыр, ал «татардікіне ұқсайды» дегені әдетте саяхатшылар шығыс түркі халықтары арасынан өздері естіген әуенді айтқаны.
XVIII ғасырдың өзге де саяхатшылары: И. Лепехин, С. Гмелин, П. Рычков, И. Георгидің еңбектерінде осындай мәліметтер келтірілген. XVIII ғасырда жетігенмен бір тектес аспаптар түркі халықтары арасында неғұрлым көбірек тараған. Алайда, олардың бәрінде бірдей сақталмаған. Татар халқы арасында «етиганның» ұмыт болғаны, оның орнына гуслидің тарап отырғаны жайында А. Масловтың еңбегінде былай делінген:
«...гусли татарларда кездеседі...алайда, бұрын оларда гуслиге ұқсайтын өз аспаптары болған, оларды «етиган» деп атаған.
Жетіген тектес аспап Астрахань мен Орынбор татарлары арасында кездеседі. Бұл туралы И. .Георги былайша еске алады:
«...Олар өздерінің лютнясінде ойнайды, оны «елтага» деп атайды.
Архив материалдарынан көрікетіндей, жетіген тектес аспаптар Қазақстан территориясынан солтүстікке таман мекендеуші көптеген халықтарда: «марилерде, чуваштарда, буряттарда, удмурттарда, тувалытарда, хакастарда және тофыларда болған. Г. Миллердің «Қазан губерниясын мекендеуші мәжуси халықтар, яко то черемис, чуваш және вотяктарды олардың тұрмыс салттарын көрсете отырып баяндау» атты мақаласынан:
«Олардың музыкалық аспаптарының ішінен алдымен ауызға аларымыз жатқызылған арфа іспеттес аспап»
деген жолдарды оқимыз.
Этнограф С. Болотов қазақтардан көп ішекті шертіп ойналатын аспап тапқан. Ол бұл аспапты торбанмен салыстыра келіп, «шебер орындаушынын, қолында оның үнін рақаттана отырып тыңдайсың»,— деп жазады.
Халықтың аңыз-ертегі, өлең-жырларында әр қилы музыкалық аспаптар жиі аталып отырады. Сонау бағзы заманнан бері келе жатқан көне аңыздардың бірінде жеті ішекті жетігеннің шығу тарихы баяндалған. Бұл аңызды біз 1966 жылы Өзбек ССР-іне қарасты Бұхар облысындағы Тамды ауданына экспедицияға барғанымызда жазып алдық. Оны бізге жергілікті домбырашы Жақсылық Елеусінов айтып берді. Мұны ол бала кезінде өзінің атасынан естіген екен:
«Жұрт әр түрлі ауруға, аштыққа жиі-жиі ұшырайтын өткен заманда, қаһарлы қыстың қақаған аязды күндерінің бірінде жұттан мал қырылып, ел қатты күйзеледі.»
Жетігеннің құрам бөлшектері
Жоғарыда айтып кеткеніміздей, көне жетігенде құлақ болмаған. Ішектердің астына екі жақ шетінен асық қойылған. Аспап осы асықтарды жылжыту арқылы күйге келтірілетін болған. Даусын көтеру үшін асықтарды ішектердің екі жақ басынан ортасына қарай жақындатқан, ал оларды кері жылжытып, араларын алшақтатса дауыс төмендеген. Әрбір ішектің бұрауын келтіргенде орындалатын әннің, әyeнi басшылыққа алынған. Осы арада айта кетелік, домбыраны күйге келтіргенде тек ішектерді қатайтып не босатып қана қоймайды, сонымен қатар тиек пен шайтан тиекті жылжыту арқылы да бұрауын реттейді. Бұдан көретініміз, жетіген мен домбыраны күйге келтіру әдісінде кейбір ұқсастық бар. Ішектерінің бұрауы бұрынғыша келтірілетін домбыралар әлі де кездеседі. Ондай домбырада құлақ жалғыз болады. Жоғарғы ішек қолмен керіліп аспаптың басына байланады. Екінші ішек құлаққа бекітіледі және оны жоғарғы ішектің дыбысына келтіріп бұрайды. Жетігенге қүлақ жасағаннан кейін де оның ішектерінің бұрауын келтіруге тиекті пайдалану принципі сақталып қалды.
Жетіген талай жүздеген жылдар өтсе де сол баяғы қарапайым күйінде қала берді. Ішек саны жетеу, тиегі асық.
1966 жылы Оразғазы Бейсембаев «Сибирский вестник» журналында 1818 жылы суреттеп жазылуы бойынша жетіген аспабын жасады. Нақ осы жетігеннің бейнесін қайтадан өмірге келтіру көне аспаптарды қайта жасау ісінің бастамасы болды.
Жетілдіріліп қайта жасалған жетігенді жеке күй орындауда және әншілерді сүйемелдеуші аспап ретінде халық оркестрлері мен ансамбльдерінде кеңінен пайдалануға болады.[1]
Жетіген туралы аңыз
Ерте кезде ауылда бір қария тұрады. Оның жеті ұлы болған. Бір жылы қатты жұт болып, адамдар тамақсыз қалады, сөйтіп қарияның үйіне қайғы орнайды. Аштықтан үлкен ұлы Қания өлгеннен кейін қария кепкен ағаштың бөлігін алып, оған шек салып, тиек қойып, “Қарағым” күйін орындайды, Төралым деген екінші ұлы өлгеннен кейін екінші шек тартып, “Қанат сынар” деген күй шығарды, үшінші ұлы Жайкелдіге ол “Құмарым” күйін, төртінші ұлы Бекенге “От сөнер”, бесінші ұлы Хауасқа “Бақыт көшті”, Жүлзарға “Күн тұтылуы” атты күй шығарады. Ең кіші ұлы Қиястан айрылған қария жетінші шекті тартып, “Жеті баламнан айрылып құса болдым” атты күй орындайды. Аспаптан қайғыға толы көп дыбысты ала отырып, орындаушы әртүрлі әуен арқылы өзінің балаларының бейнелерін көрсетеді. Бұл шығарылған әуендер мұнан әрі дамытылып, аспапты орындаудағы күй-пьеса түрінде бізге “Жетігеннің жетеуі” деген жалпы атпен жеткен. “Жетіген деген атау екі сөзден тұрады: жеті және ән” - “жетіген” деген ұғымды береді
Қобыз — таңқаларлық пішінді және ғажайып сазды, бай тембрлі аспап. Кобыз ен коне аспаптардын быры
![]()
Мазмұны
Сипаттамасы
Қобыз екі шекті 40-қа тарта аттың ұзын қылы керілген ысқышы бар аспап. Қылқобыз аталуы да осыдан болар. Қобыз үнінің төмендеп қайта жоғарылап дыбыс шығаруы — шектеріне саусақтың ұшын ғана тигізіп, сәл ғана басып шертіп, керілген қылды ысқышпен үйкеп ысқылап тарту арқылы ысқышты аспапқа «іліп қойғандай» етіп көлденең ұстап ысқылап сүйкеп-сүйкеп көсеп-көсеп жібергенде флажолетті обертонды қою-қошқыл сазды мұңлы болып шығады.
Біреулер оны құс даусына ұқсатады: « — Оның даусы аспаптың шегін аттың жалынан керілген қылдан тартылған еспе ысқышпен үйкелегенде аққудың үніне ұқсас дауыс шығады» — дейді (П. Паллас). Енді біреулер қобыз үнін адам даусына ұқсатады (Б. Сарыбаев) ащы, зарлы, өксікті үн шығарады деген де пікір айтады. Кобыздын 4000 жылдык тарихы бар.
Қобызға деген көзқарас
Қобыздың саз аспабы ретінде тағдыры тайғақ, жолы тар, қиын-қыстау болды. Бұл аспап қазақ халқының тарихи-этникалық мәдениетінің көне көзі, рухани қазына мүлкі, эпостық және аспаптық музыкалық өнерін күні бүгінге дейін сақтап жеткізуші ұлттық мұра бола тұра, ол өзіне деген кертартпа ескілікті көзқарастан арылмай ақталмай-ақ қойды. Әу бастан-ақ қобыз бақсының, бақсылық жасаудың құралы деген пікір қалыптасқан болатын. Сондай бір түсінбеушіліктің кесірінен қобыз жаңа заман көшіне ілесе алмай ескіліктің қалдығы саналып жоғалып, жойылып кетудің алдында қалды дейді А. Затаевич. Осының салдарынан 20 ғасыр басында қобыз аспабына арналып шығармалар жазылмай сиреп ұмытыла бастады. «Әкеден балаға мұра» болып келе жатқан қасиетті өнеріміз, ұлттық салт-санамыз, отбасылық қобызшылық дәстүріміз үзіліп қалды. Классикалық қобыз музыкасының аты аңызға айналған ең соңғы хас шебері 19 ғасыр ортасында дүниеге келген Ықылас Дүкенұлы.
Дегенмен жоғалып жойылып құрып кетуге жақын қалған қобыз ойнау өнерін өмірге қайта оралтып «шаң басқан уақыт» пернесін ашуға жасалған шаралармен ізденістер, талпыныстар болмай қалмады. Осындай істің басында бірегей ірі қобызшылар зор тұлғалы музыканттары болып Жаппас Қаламбаевпен (1909—1970) Дәулет Мықтыбаев (1904—1976) тұрды. Шын мәнінде осы екеуінің арқасында музыкалық қобыз аспабының барлық құпиясымен қасиетінің қыры мен сыры сақталып өткеніміздің баға жетпес асыл мұрасын шашау шығармай жоғалтпай бізге жеткізіп жаздырып қалдырып кеткеніне шүкір дейміз.
Қобызда ойнап ең алғаш рет концерттік эстрадаға шыққан, 1968 жылы Алматы консерваториясында ашылған қылқобыз класына бірінші сабақ берген де осы екі тарлан.[1]
Қобыз – қазақ халқының көнеден қалған музыкалық аспабы, ұлттық мәдениетіміздің алтын діңгегі. Қобыздың арғы тегі садақтан шыққаны ғылыми түрде дәлелденген. Халық аңызы мен Орта Азия ғалымдарының кейбір деректеріне қарағанда, ғасырлар сырын жетелейтін қоңыр үнді киелі аспапты VIII-IX ғасырларда Қорқыт жасаған деседі.
Музыкатанушы Бектай Әлiмбай «Қобыз қайдан шыққан?» атты мақаласында: «Жалпы, iшектi аспаптарымыздың шығу тарихын, бұлардың қалай, қашан пайда болғанын бiрден «былай едi» деп, дәл айту өте қиын. Себебi, осы күнге дейiнгi iзденулер мен зерттеулер ұлттық аспаптардың пайда болуы жайлы бiрiздi, нақты пiкiрге келген жоқ. Қайсыбiр ғалымдар iшектi аспаптарды (адырна, қобыз, шертер, жетiген, домбыра) ұрмалы аспаптар (дабыл, даңғыра) негiзiнде пайда болды десе, ендi кейбiрi кәдiмгi садақты ғасырлар бойы жетiлдiргеннен пайда болды деп есептейдi.

Ұрмалы аспаптар негiзiнде пайда болды деген пiкiрге келер болсақ, ежелден жауынгер халық дабыл, даңғыра, дауылпаз, керней секiлдi аспаптарсыз жорыққа шықпаған. Бұлардың өз дыбыстық ерекшелiктерiне қарай, олардың бiрiн – сапқа тұруға, екiншiсiн – атой салуға, ендi бiрiн – ұрысты тоқтатуға пайдаланған. «Даңғыра-дабыл қағылып, қырғын соғыс басталды» («Қорқыт Ата кiтабы», 53-бет). «Бұдан қобыз қалай шықты?» деген сұраққа келейiк. Даңғыра немесе дабыл аспабын жорықта жүргенде ат үстiнде қолға ұстап жүруге ыңғайлы болсын деген себеппен бiр шетiн сопақтау, алмұрт пiшiндес етiп жасай бастаған. Және сол даңғыраның бетiне қосымша дыбыстық реңк беру үшiн көнтерi қайыстан жiп (iшек) тартқан. Келе-келе нар садақтың адырнасы үшiн пайдаланатын түйе сiңiрiнен даярланған тарамыс жiп (iшек) тартқан. Оның қайысқа қарағанда дыбыс өшiрмейтiн қасиетiнiң жоғары болуы себептi жиi пайдаланған. Осылай ғасырлар бойы даму, жетiлдiру барысында ең алғашқы қобыз, шертер тектес iшектi аспаптар пайда бола бастаған. Және бұлар бiздiң дәуiрiмiзге дейiн пайда болған.

Екiншi пiкiрге келетiн болсақ, оның да көңiлге қонар қисындары жеткiлiктi. Жауынгер бабаларымыздың жан бағатын бiрден-бiр қаруы садақ болған соң, оны күндiз-түнi қолдарынан тастамаған. Оның адырнасын шiрене тартып жiберiп кеп қалғанда, одан шығатын «ызың» – нәзiк үнге де көңiл аударған. Жай отырған кездерiнде көңiл-күйлерiнiң ауанына қарай адырнаны жайымен шертiп (пиццикато), оған ыңылдап қосылатын да болған. Адырнаға (iшекке) саусағын қойып, оны жоғары-төмен жылжытса, дыбыс деңгейiнiң өзгеретiнiн де байқаған. Содан келiп, ендi жауға кезенер қару емес, көңiл шерiн тарқатар рухани аспапты ағаштан арнайы жасай бастаған. Оған нақты дәлел: Африка құрлығындағы елдер арасында әлi күнге дейiн садақ пошымдас бiр iшектi (монохорд) аспапты пайдалантындар кездеседi екен. Және бiздiң ғалымдарымыздың айтуынша, дәл осы бiр iшектi садақ аспап – адырна – арфа Орта Азия, Қазақстан аймағынан Жерорта теңiзi арқылы Мысырға, одан әрi бүкiл Африка құрлығына тараған. Шындығында, садақты скиф, ғұн, сақтардан артық кiм терең меңгерген?!
Тиектi ойлап тапқанға дейiн барлық iшектi аспаптар негiзiнен имекдоға түрiнде жасалған. Өйткенi, таза дыбыс шығару үшiн тербелiске түскен iшек ешнәрсеге тиiп тұрмауы қажет. Осылай барлық көшпелi көне тайпаларда олар өздерi қасиеттi де киелi санаған бөрi, арқар, аққу бейнесiндегi адырна, сазген, қобыз, шертер секiлдi саз аспаптары ежелгi ғасырларда пайда бола бастады» – деп жазады.
Кешегi Ықыласты да – қобыздың атасы, Құрманғазыны – күй атасы деп атап жүрмiз. Олар аспапты алғаш ойлап табушылар емес, күй жанрын ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырған алтын көпiр – дәулескер күйшi, саңлақ сазгерлер.
Қобыз туралы аңыз
Қорқыттың қобыз аспабын ойлап табуы жөнініде мынадай аңыз бар: «Қорқыт жасынан өте ұғымтал, құйма құлақ болып өседі. Сол кездегі аспаптардың бәрінде ойнайды екен. Алайда ол оған қанағаттанбай, адам мен жануардың үнін, табиғаттағы құбылыстар мен дыбыстарды жеткізетін жаңа бір аспап жасағысы келеді. Он ойланып, тоғыз толғанады. Қарағай ағашын кесіп әкеліп, одан бір нәрсенің жобасын жасайды. Бірақ әрі қарай қалай., не істерін білмей қиналады. Күндер осылай өте береді. Бір күні шаршап отырып, көзі ілініп кетіп, түс көреді. Түсіне періште енеді. Ол балаға: «Қорқыт, жаққан қобызың 6 жасар нар атанның жілігіндей екен. Енді оған нар терісінен жасалған шанақ, ор текенің мүйізінен ойылған тиек, бесті айғырдың кұйрығынан тартылған қыл ішек жетпей тұр. Осылар болса, аспабың сайрағалы тұр екен» – деп кеңес береді. Қорқыт ұйқысынан ояна салып, осы айтылғандардың бәрін жасайды.
Қарағайдың түбінен
Қайырып алған, қобызым.
Үйеңкінің түбінен
Үйіріп алған қобызым.
Желмаяның терісін
Шанақ қылған, қобызым.
Ортекенің мүйізін
Тиек қылған, қобызым.
Бесті айғырдың құйрығын
Ішек қылған, қобызым.
Құлағыңды бұрайын
Осы айтқаным болмаса,
Қайырып жерге ұрайын,- деп қобызды қолына алған кезде, аспап боздап қоя беріпті. Қобыз үнін бар табиғат, ұшқан құс, ескен жел, жүгірген аң – бәрі тоқтай қалып, құлақ түре тыңдапты».(М.Жарқынбаев. Қорқыт. Өнер, 1987 ж.)

Қорқыттан кейін өмір сүрген, аты әйгілі, киелі бақсылардың бірі Қойлыбай туралы да қазақтар арасында аңыз көп. «Қойлыбай бар бақсының түп атасы, оқ тартар садағы іспетті» деп суреттейді оны Шоқан. Бірде ол қобызын аламан бәйгеге салғаг деген аңыз бар. «Жүздеген сәйгүлік қосылған бәйге аттарының келе жатқанын көргенде қолына қанжарын алып әулие, пірлерін жәрдемге шақырып Қойлыбай сарнап қоя береді. Сол-ақ екен бәйге жақтан бір қара дауыл тұрып, отша лапылдаған аптап ыстық жел соғады. Біркезде сол дауылдың артынан қалың қара көрініп, ат тұяғынның дүбірі естіледі. Демде бәйге аттарының алдынан қарборандатып, атты құлаш тамырымен ала жібін сүйреткен алып ағаш көрінеді. Сөйтсе ағаш дегені Қойлыбайдың қобызы, дауыл мен желді суырып келе жатқан көкаман жынының екпіні екен», – деп айтылады аңыз әңгімеде.

Дауылпаз – қазақтың ұрып ой-налатын көне саз аспабы. Ертеректе бұл аспап соғыс құралы ретінде айбар беріп, қыр көрсету үшін қолданған. Бертін келе дауылпазды аңшылық пен құсбегілікке де пайдаланатын болған. Оның жасалу әдісі күрделі. Дауылпаздың шапаты - өзегі алынған сырты жұмыр бітеу ағаштан ойып жасалған. Беті әбден иленіп, кеңкей шыңылтыр терімен қапталады. Жайға байлап немесе мойынға, иыққа іліп алып жүруге арналған аспалы бауы мен ұрып ойнайтын шағын таяқшасы болады. Дауылпаздың шанағының сыртын мүйізбен, түрлі тастармен, ою-өрнекпен безендіріп, сәндел жасайды.
Дауылпаз – дара аспап Шеті мен шегі, ұшы-қиыры пейіліндей кең қазағымның даласы тек мал мен егін шаруашылығы үшін ғана қолайлы болып қоймаған. Асқақ тауының бөктері мен сыңғыр күлкілі арудай мөлдір бұлақтарының етегінде әлемді мойындатар тамаша туындылар дүниеге келді. Оны да жасап шыққан – хат танымайтын, бірақ «өмір» мектебінің үздік оқушылары болған – қазақтар. Сахаралы сайын даламызда дүниеге келген аспаптың бірі – қазақтың қоңыр даусындай, арыстанның айбаты сыяр – дауылпаз аспабы.
Дауылпаз – өзінің аты айтып тұрғандай үні дауылды, күркіремелі. Оны дара аспап деуімнің себебі: дауылпаздың үніндей аспаптар кемшін. Дауылпазды алғаш көшпелі қауымның өкілдері, яғни малшы-бақташылар төрт түлікті, аң-құстарды, жан-жануарларды үркіту мақсатында пайдаланған. Өздерінің үні жетпеген жерді дауылпаз жалғап отырған. Кейін дауылпаз халық арасына тарап, ханның қол астына дейін жетеді. Дауылпазды соғу арқылы хан әскерін бір ортаға жинап немесе шақырған. Үкім немесе бір шешім шығарса да дауылпаздың үнімен қорытындылаған. Бертін келе, дауылпазды ем-домның көзі ретінде қолданған. Бақсы-балгерлер дауылпазды ұрып өздерінің көзге көрінбес жындарын шақырған. Сол арқылы дертіне шипа іздеп келген адамдарды ауруынан айықтырған. Дауылпаз – тек музыкалық аспап қана болмаған, оның атқарған маңызды қызметтері өте көп екенін осыдан-ақ біле аламыз. Ол бірден музыкалық мұраның бір бөлшегі ретінде дүниеге келе салмаған. Қайта музыканың қажетіне соңында барып жараған секілді. Кейін ел ішіндегі өнерлілердің қолынан түспей хан сарайында болсын, халық арасында болсын дауылпаздың үнімен өнерлерін паш еткен.
Дауылпаз – қазақ ұрмалы аспаптарының қатарына кіреді. Оны ұрып қана қолданғандықтан, кез келген күшке шыдас беру үшін тұрпаты қатты үйеңкі, қарағай, қайың секілді ағаштардан тұтас ойып жасаған. Дауылпаздың көлемі әрқалай болғанмен, оның жасалуы оңай шаруа емес. Біріншіден, ол жасалатын ағаштың тұлғасы да берік. Оның жарылып кетпес үшін өте ыждағатты шыдамдылық пен асқан шеберлікті талап еткен. Дауылпаздың ойылған бетіне әбден илеуі қанған теріні бекітеді. Салмағы қолға түспес үшін оған мойынға асып жүру үшін бау тағылып және дауысы анық әрі нық шығу үшін арнайы ұратын таяқ жасайды. Дауылпазды қолдануына қарай түрліше безендіреді. Хан сарайындағы дауылпаздар түрлі зергерлік әшекейлер мен алтын, асыл тастармен әдіптеледі. Дауылпазды пайдаланатын ортасына байланысты көлемін де әрқалай қылып жасайды. Ханның соғыс үшін қолданатын дауылпазы адам көтере алмас ауыр әрі өте үлкен болған. Оны орданың ортасына қойып, жанына дауылпазшыны сайлаған. Дауылпазды қарапайым адамдар жасай алмаған. Оны қыр-сырына қанық шеберлер ғана жасап шығарған. Дауылпазды ұлттық ойындарымыз «қыз қуу», «арқан тарту», «қазақша күрес» т.б. ойындарымыздың басталғаны мен аяқталғанын аңғарту үшін де дабыл орнына пайдаланған. Дауылпаздың қазіргі жасаулы қолданылып жүрген түрі – оның түпнұсқасынан әлдеқайда өзгерек. Бірақ қалпына келтіріліп, дамытылып жасалған нұсқасына да қуанамыз. Мүлдем жоғалып кеткенде қайтер едік?... Дауылпаздың қайта халқымен қауышуына ерекше еңбек сіңірген жандарды ауызға алмай кету – күнәнің үлкені шығар. Алғаш дауылпазды қазақ халқының ұлттық оркестрінің қатарына енгізіп, өнерін елге көрсеткен – Ахмет Жұбанов болатын. Дауылпаздың дамытылған, байытылған нұсқасын шебер Д. Шоқпарұлы жасап шығарған. Дауылпаз аспабына белгілі қолөнер шебері Қ.Қасымов пен танымал дирижер Ш.Қажығалиевтердің де еңбектері ұшан-теңіз.
Дауылпаз тек қазақ халқында ғана кездеспейді. Түбі бір түркі жұртында, оның ішінде өзбек пен қырғыз ағайындарымызда тұрқы дауылпазға келетін музыкалық мұралары бар. Атаулары да қазақтың дауылпазына ұқсайды. Өзбектерде «тәбльбасс» делінсе, қырғыздарда «доолбас» деп аталады.
Қазір дауылпаздың екі түрі белгілі.
-
Оның бірі - этнографиялық сипаттамасы бойынша қалпына келтірілген түрі.
-
Екіншісі - үлкен оркестрлер үшін жетілдіріп жасалған үлгісі. Ол 1933 - 34 ж. ш-да белгілі қолөнер шебері Қ.Қасымов, коми. А.Жұбанов, дирижер Ш.Қажығалиевтердің ұсыныстары бойынша жасалды. Жетілдірілген дауылпаздың жан-жағында терісін босатып не керіл тұратын, дыбысын жоғарылату немесе төмендету үшін жасалған арнаулы құлақтары бар. Ежелгі дауылпазда бұл бөлшектер болмаған. Аспаптың осы екі түрлі үлгі-нүсқасы да қазір халық аспаптар ансамбль оркестрлерінде қолданып жүр. Дауылпаздың бірнеше көне нұсқасы
Қазақ халық музыкалық аспаптары мұражайында сақтаулы. Оның әлденеше үлгісін шебер Д.Шоқпарұлы жасады
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Жетіген аспабы

шағым қалдыра аласыз