Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жетістікке жетелеген жүйелі жұмыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектептін оқу жылы барысында жеткен жетістіктері
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жетістікке жетелеген жүйелі жұмыс

2025–2026 оқу жылы Қ.А.Яссауи мектеп ұжымы үшін табысты да нәтижелі жыл болды. Жыл бойы мұғалімдер мен оқушылар білім беру, тәрбие, шығармашылық және спорт бағыттарында белсенді жұмыс жүргізіп, аудандық, облыстық деңгейлерде жоғары жетістіктерге қол жеткізді. Бұл жетістіктер – мектеп ұжымының жүйелі еңбегі мен сапалы білім беруінің нақты көрсеткіші.

Оқу жылы барысында педагогтер заманауи білім беру технологияларын тиімді пайдаланып, оқушылардың білім сапасын арттыру бағытында нәтижелі жұмыстар атқарды. Мұғалімдер түрлі семинарлар мен кәсіби байқауларға қатысып, өз тәжірибелерін бөлісті. Бірқатар ұстаздар аудандық және облыстық деңгейдегі кәсіби шеберлік байқауларында жүлделі орындарға ие болып, білім саласының дамуына өз үлестерін қосты.Атап айтар болсақ,Түркістан облысы білдім басқармасының білім беруді дамыту орталығының ұйымдастыруымен өткізілген «Жылдың үздік дефектологы» тақырыбындағы облыстық байқауында жүлделі ІІ орын иеленген Нуриддинова Жазира Ерболқызы, Түркістан облысы «Педагогикалық идеялар» фестивалі облыстық байқауында жүлделі ІІ орын иеленген Хамдамов Бобур Бобомуротұлы. Сонымен қатар, әдістемелік бірлестіктер аясында ашық сабақтар, шеберлік сағаттары, тәжірибе алмасу алаңдары ұйымдастырылып, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамытуға бөлінді.

Оқушылардың білім сапасын арттыру мақсатында пәндік олимпиадалар, ғылыми жобалар, интеллектуалдық сайыстар мен түрлі танымдық іс-шаралар тұрақты түрде өткізілді. Нәтижесінде мектеп оқушылары Акабаева Зебо Иулчиевна (жетекшісі Бахова Рабиға Кубеевна),Фузайлова Гулрух(жетекшісі Бахова Рабиға Кубеевна),Үсен Көркем Әзімбекқызы(жетекшісі Қарабаев Әзімбек Үсенұлы),Узбекова Давлатгул Бақтиярқызы(жетекшісі Бабаева Насиба Азизовна),Нурмуратов Асылбек Анварұлы(жетекшісі Альтаева Меруерт Баратбековна),Азизова Робия Қадыржанқызы(жетекшісі Бахова Рабиға Кубеевна) аудандық пән олимпиадаларында жүлделі орындарды иеленіп, облысқа екі оқушымыз жолдама алып пәндік олимпиадаға қатысты. Ғылыми жоба жарыстарында оқушылар өздерінің зерттеу жұмыстарын сәтті қорғап, шығармашылық қабілеттерін көрсете білді.

Сонымен қатар, оқушылар спорттық жарыстар мен мәдени іс-шараларда да белсенділік танытты. Волейбол, футбол, шахмат,дойбы, тоғызқұмалақ,күрес секілді спорт түрлерінен ұйымдастырылған жарыстарда жүлделі орындарға ие болды. Атап айтар болсақ,Түркістан облысы білім басқармасының білім беруді дамыту орталығының ұйымдастыруымен өткізілген білім беру ұйымдарының педагогтері арасында қазақ күресінің мәртебесін көтеріп, спортқа баулу,тұғырлы тұлға және ұлттық рухты қалыптастыру мақсатында өткізілген «Ұстаз Барысы-2026» облыстық жарысында 82кг салмақ дәрежесінде Акабаев Илхомжон Тургунбаевич жүлделі ІІ орынды иеленді. Өнер мен шығармашылық бағытындағы байқауларда ән, би, көркем сөз оқу жанрлары бойынша оқушылардың жетістіктері жоғары бағаланды.«Ulzhan Aldashova Art Fest»республикалық би байқауына белсене қатысып,ұлағатты ұстаз ретінде өнерлі балаларды тәрбиелеп,арнайы қолдау көрсеткені үшін музыка пәні мұғалімі Кульбаева Динара Оразбаевна алғыс хатпен марапатталды және оқушыларымыз Дубайға жолдама жеңіп алды.Оқушыларымыз Түркістан қаласында өткізілген Республикалық «Samgau Fest» балалар мен жасөспірімдер өнер фестивалінде жүлделі ІІ орын иеленді.Шығармашыл оқушылар арасында «Ақберен» республикалық өнер байқауының аудандық кезеңінің «Ақындар мүшайрасы»номинациясын иеленген 11 сынып оқушысы Тұрсын Ерасыл Тұрысбекұлы ІІ дәрежелі дипломмен(жетекшісі Қалыбаева Бибіжамал Абдикуловна) және «Эссе жазу» номинациясы бойынша үздік нәтиже көрсеткені үшін 9 сынып оқушысы Тулен Балым Бөріханқызы ІІІ дәрежелі диполоммен марапатталды(жетекшісі Жунисова Айжамал Арыстанбековна). 8-11сынып оқушылары арасында «Өзбекәлі Жәнібек оқулары» облыстық байқауының аудандық кезеңінде «Тағылым тамшылары» бағыты бойынша ІІ дәрежелі дипломмен 10 сынып оқушысы Алшынбек Әмина Бақбергенқызы(жетекшісі Қожамжарова Ақмарал Амантайқызы), «Абай оқулары» республикалық шығармашылық конкурсының аудандық кезеңінде «Абайдың асыл мұрасы» номинациясы Абай өлеңдері мен қара сөздерін жатқа оқу бағытында жақсы нәтиже көрсеткені үшін ІІІ дәрежелі диполоммен 9 сынып оқушысы Дадаева Улбосын Анварқызы(жетекшісі Бахова Рабиға Кубеевна)марапатталды. Республикалық «Мағжан оқулары»ғылыми шығармашылық конкурсының аудандық кезеңінде «Ақын да бір бала ғой Айға ұмтылған» жас дарындар бағыты бойынша ІІІ дәрежелі диполоммен 8 сынып оқушысы Алшынбек Расул Бақбергенұлы(жетекшісі Баураева Айниса Баймахановна) марапатталды. 9-11сынып оқушылары арасында «Абайтану» олимпиадасының аудандық кезеңінде үздік нәтиже көрсеткені үшін ІІІ дәрежелі дипломмен Дадаева Улбосын Анварқызы марапатталды(жетекшісі Бахова Рабиға Кубеевна).

Тәрбие жұмыстары аясында « Адал азамат» жобасы, патриоттық тәрбие, құқықтық сауаттылық, экологиялық мәдениет және ұлттық құндылықтарды дәріптеу бағытында түрлі іс-шаралар өткізілді. Бұл жұмыстар оқушылардың азаматтық жауапкершілігін арттырып, тұлғалық дамуына оң әсерін тигізді.

Жалпы, 2025–2026 оқу жылы мектеп үшін жетістіктер мен жарқын жеңістер жылы болды. Мұғалімдердің кәсіби еңбегі мен оқушылардың ізденісі нәтижесінде білім мен тәрбие саласында айтарлықтай табыстарға қол жеткізілді. Алдағы уақытта да мектеп ұжымы сапалы білім мен саналы тәрбие беру бағытындағы жұмыстарын жалғастырып, жаңа белестерді бағындыратынына сенім мол.

«Қ.А.Яссауи атындағы №22 жббм» кмм

ДОЖЖО Ахметова Гулжаухар Абибуллаевна

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.05.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12