Жетістіктерге жетуге бағытталған педагог пен оқушы арасындағы бірлестік
Қазіргі таңда қаралып, шешіліп жатқан педагогикалық мәселелер өте көп. Солардың бірі - мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты орнату жолдары. Оқушылардың әлеуметтік дағдылары мен пәнге қатынасына ықпал ететін фактордың бірі - пән мұғалімінің балалармен тіл табыса алу қабілеті болып саналады. Себебі, мұғалімнің жеке басының қасиеті оқушының пәнге деген қатынасына елеулі ықпал етеді. Оның сөзі, жүріс-тұрысы, өзін-өзі ұстауы, киім-киісі, мәдениеті әрдайым бала үшін үлгі болып табылады. Педагогикалық қарым-қатынастың өзіндік ерекшелігі бар. Егер сабақты беделді, сыйлы мұғалім оқытса, оқушының пәнге деген қызығушылығы арта түседі. Бірақ ол үшін оқытушы өз беделін әрқашан сақтау керек. Қазіргі кезде тек қана мұғалім рөлінде, алдыңда отырған оқушылар алдында беделді бола алмайсың, сондықтан әрқашан ізденіп, сөзі мен ісінде бірлік болуы керек. Технология түрлерін білген жағдайда ғана, педагог белгілі жағдайларда дұрыс қарым-қатынас ұйымдастырады. Ол үшін мұғалім қатынас құрылымын, тапсырмалар мен ерекше педагогикалық ситуациялар туғызуда психологиялық, мимикалық, тілдік, қозғалыс және т.б. жүйені қолданады. Бұндай қарым-қатынас әрекеті үшін ынталылық керек. Ынталылық педагогикалық қарым-қатынаста педагогтың басты бір қатынастық мақсаты басты болып саналады. Ынталылық бұл жерде педагог қатынасты ұйымдастырушы ретінде екі түрлі болады,оқушы үшін оқытушының сөзі, бағыты, өзіне деген көзқарасы ең басты болады. Мұғалім – маман ретінде ешқашан кітаптан, не сабақ конспектісінен оқып бермеуі керек. Оқушы тыңдап отырып, алдындағы мұғалімнің аузынан шыққан сөздер өмірде жаңа ғана туындағанына көзі жеткендей болуы үшін, мұғалімнің сөзі әрі бай, түсінікті, көркем әрі қанық болуы керек. Жасөспірімдер үшін мұғалім рухани дүниесі, өздеріне деген көзқарасы маңызды рөл атқарады. М.М.Рыбакова жасөспірімдер мен мұғалімнің өзара қарым-қатынасының бес түрін саралайды:
1. Диктаттық қатынас – қатаң тәртіппен ресми қарым-қатынас негізінде білімге ерекше талап қою; 2. Нейтралды қатынас – оқушылармен интеллектуалдық-танымдық деңгейде еркін қатынас жасау, мұғалімнің өз пәніне ерекше ден қоюы, қабілеттілік;
3. Қамқорлық қатынас – мезі етерліктей тым өбектеу, оқушының өзіндік әрекетіне шошына қарау, ата-аналармен үнемі байланысын үзбеу;
4. Конфронтациялық қатынас – оқушыларды іштей жек көру, жұмысқа үнемі қанағаттанбау, менсінбеушілік үнмен сөйлесу;
5. Ынтымақтастық қатынас – барлық істі бірлесе жүргізу, бір-біріне қамқорлық жасау, оптимизм және өзара сеніммен қарым-қатынас жасау. Соңғы жылдарда мектептерде мұғалім мен оқушылардың арасында осы қатынас түрлерінің ішінде диктаттық және нейтралды қатынасты жиірек кездестіреміз. Ал қамқорлық қатынасқа мектепке келген жас мұғалімдердің жақындау болуы заңды да. Өйткені, олар әлі де өз мамандығының қыр-сырын жете білмегендіктен, әр нәрсені, әсіресе, оқушылардың еркіндігін де тәртіпсіздікке балайды. Баланың мектептегі әр ісіне өзін түгелдей жауаптымын деп есептеп, олардың өсіп келе жатқан жеке тұлға екенін ұмытып кетеді. Ал мұндай қатынас жан-жағына, оның ішінде мұғалімдерге сын көзімен қарайтын жасөспірімдердің намысына тиіп, өзінің есейгендігін дәлелдеуге ұмтылары сөзсіз. Немесе керісінше, олардың кейбірінің өзіне деген сенімін жоғалтып, бұйығыландыруы мүмкін. Қалай болғанда да мұғалім сабаққа дайындықты пәні бойынша өтілетін теориялық тақырыпты қалай меңгерту, қандай көрнекілік пайдаланамын, оқытуды тек қана бағдарламадан қалмау деп түсінбей, оқушының білімімен қатар ақыл-ойын, адамгершілік қасиетін, жеке тұлға ретінде өзара қарым-қатынасын қалай қалыптастырамын деген мәселені де жүзеге асырудың жолдарын іздестіру деп түсіну қажет. Өйткені психологтардың айтуынша, мұғалім мен оқушының өзара тіл табысуға ұмтылуы тек оқушының өсуіне ғана емес, мұғалімнің де қыр-сырына терең бойлауына мүмкіндік туғызады. Жеке тұлғаның қалыптасуында оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынастың орны ерекше. Қандай адам болсын, мейлі, оқымысты, мейлі қарапайым жұмысшы болсын, мектеп өмірі туралы, мектеп қабырғасында жүргенде өзіне үлкен әсер еткен мұғалім туралы аса бір жылылықпен еске түсіруі жиі кездеседі. Мұғалім мен оқушы қарым-қатынасы ғылыми тұрғыдан қаралатын күрделі мәселе, өйткені оқушының өзін қоршаған ортаға деген қарым-қатынасы оқушы мен мұғалімі екеуінің қарым-қатынасы негізінде қалыптасады, сондықтан бұл қарым-қатынас оқушының жеке қасиеттерінің қалыптасуына зор ықпал етеді.
Шет елдегі түрлі зерттеулердің ішінде Таленнің мұғалімдердің типологиясына байланысты моделін сіздердің назарларыңызға ұсынғым келеді.Өйткені М.Тален ұсынған оқытушылардың кәсіби позицияларының типологиясы назар тоқтататындай.
1. «Сократ» моделі. Мұндай ұстанымдағы оқытушы пікірталас пен пікірсайыстардың құптаушысы және өз сабақтарында оларды қасақана түрде тудырушы. Оның сабақ беру әдісінде белгілі жүйе жоқтың қасы, өйткені ол оқу процесінде әрқашан да біреулермен қақтығыста болады. Оның шәкірттері өз позицияларын ұдайы нығайта отырып, оларды қорғай біледі.
2. «Топтық пікірталастың жетекшісі» моделі. Ол оқу-тәрбиелік процестің басты мақсаты үйренушілер арасындағы келісім мен ынтымақтастыққа жету деп есептейді. Ал өзін шәкірттерінің арасындағы делдал деп түсінеді, өйткені ол үшін пікірталас нәтижелерінен гөрі демократиялық ымыра мен бітімгершілік маңызды.
3. «Шебер» моделі. Бұл ұстаз өз шәкірттеріне үлгі болуды қалайды. Үйренушілердің оның барлық әрекеттерін тек оқу процесінде ғана емес, сонымен бірге жалпы өмірге деген тұрғыдан бұлжытпай қайталауы керек.
4. «Генерал» моделі. Қатаң талап қоюшы, қайткенмен де өзінің айтқанын орындатуға ұмтылады, өйткені өзінің сөзін әрқашанда дұрыс деп бағалайды. Оның ойынша, оқушы солдат тәрізді тек бұйрықтарға ғана бағынуы керек. М.Таленнің айтуы бойынша, оқытушылардың бұл типі педагогикалық практикада басқаларға қарағанда анағұрлым жиі кездеседі.
5. «Менеджер» моделі. Оқытушы оқушы тарапынан бастама мен өзіндік әрекеттерді барынша қуаттап отырады. Педагог әрбір оқушымен оның шешіп отырған проблема мағынасын талқылауға,оқушының әрекеттерін бақылап, оларға әділ баға беруге әзір.
6. «Жаттықтырушы» моделі. Аудиториядағы қарым-қатынаста оқытушы мен оқушылар бір-біріне жақын екендігін әбден сезінетіндей. Оқушылар өздерін құдды бір команда ойыншылары ретінде сезінетіндей: мұнда жеке тұлғаның еш маңызы жоқ, өйткені олар тек бірлесіп қана көп шаруаны тындыра алады. Педагог мұнда ұжымдық ұмтылыстардың ұйытқысы рөлін орындайды. Ол үшін ең басты мәселе – аяққы нәтиже, табыс, жеңіс.
7. «Жол сілтеуші» немесе «Гид» моделі. Бұл оқытушының «білмейтіні жер астында», ол – тірі энциклопедия тәріздес. Оқытушы өте байсалды, қысқа әрі дәл сөйлейді. Барлық сұрақтарға ол жауапты бере алады, тіпті оған қандай сұрақтардың да қойылатындығын біледі. Оның міні жоқ сияқты, сол себепті де ол көп жағдайда оқушыларға қызықсыз көрінеді.
Мінеки көріп отырғандарыңыздай педагогтың шәкірттерге әсер ету жолдары түрліше. Тәжірибелі мұғалім ізденісті әр баланың жан- дүниесіне үңілуден бастайды.Әрбір шәкірттің жан дүниесінің есігін ашатын кілтін қолға түсіру- сезімталдық- көрегендік- сергектік-білімпаздық- ізденімпаздық- шығармашылық қабілетін байқап, оқытып жүрген шәкірттерінің өзіндік ерекшеліктерін жете зерттеп, біліп алған соң, әдіс-тәсілдерді солардың қабылдау деңгейіне қарай іріктеп талдап қолданады. Тиімді, пайдалыларын жетілдіре түседі.
Мұғалім мен оқушы – әр түрлі екі субъект. Мәселенің негізгісі осы әр түрлі рухани дүниені бірлестіру. Педагогикалық тұрғыдан қарағанда, тәрбиеленушіге нәтижелі ықпал ету үшін тәрбиеленушінің мұғалімді қабылдауы ғана емес, керісінше, мұғалімнің де тәрбиеленушіні қабылдауы қажет. Педагог міндетті түрде ықпал ету объектісін ғана көріп қоймай, жасалған ықпалдың нәтижесін де көруі керек. Мұғалім көп жағдайда өзінің сәтті ұйымдастырылған іс-әрекеттерінің тәрбиеленушіге жақсы ықпал ететініне сөзсіз сенеді. Алайда баланың бағынуы, баланың келісімі, эмоциялы іс-әрекеті міндетті түрде ескерілуі керек. Мұғалім үшін кері байланысты түсініп, қабылдау да өте маңызды. Егер күнделікті тұрмыста біз «мен» ұғымының «сен» ұғымымен сәйкессіздігіне үнемі кездесе берсек, педагогикалық қарым-қатынаста қателік жібергеніміз. Бұл «мұғалім — оқушы» қарым-қатынасының бұзылуына әкеп соғады. Педагогикалық қарым-қатынас – мұғалім мен оқушының рухани баюы. Бұл нәтижеге тек қана мұғалім оқушыға өзінің дәрежесіндей тең қарағанда ғана жетуге болады. Бұл қандай қарым-қатынасты білдіреді? Біріншіден, мұғалім оқушының рухани дүниесіне үлкен құрметпен қарап, оның еркіндігін мойындап, оның келісу-келіспеу хұқына және іс-әрекетті таңдау хұқына ие екендігін тануы. Екіншіден, оқушының дүниеге деген көзқарасын түсініп, оның қайғысы мен қуанышына ортақтасу. Үшіншіден, оның өзіне тән жеке қасиеттері мен ерекшеліктерін қабылдай білу. Кері байланыс, біреудің екіншіге деген қызығу қарым-қатынасынан туындайды. Жатсыну, бір-біріне селқостық өзара қызығу жоқ жерде пайда болады. Мұғалімдер қалыптасқан әдет бойынша өзімен, әңгімелескен оқушыға өз сырларын айта бермейді. Өзінің оқушылары, жұмысы туралы бәріне әңгімелеп бергісі келіп тұрса да, ол басқа әңгімелесушінің жан дүниесіне саңырау болады. Оқушылармен қарым-қатынаста да осы «мамандық қасиеті» айқын көрінеді, көп жағдайда мұғалімнің оқушымен әңгімесі өзінің монологына, ал мазмұны ескерту мен үйретулерге толы:болады. Мектеп мұғалімдеріне мынадай сөйлемді аяқтауларын ұсынғанда: «Мен қарама-қарсы келе жатқан оқушыны көрген кезде...», көпшілігі «Оған ескерту жасағым келеді» деп аяқтаған. Мұндайда педагогикалық қарым-қатынас мүмкін емес, өйткені оқушы бұл жағдайда тек қана объект болып саналады. Қарым-қатынас басқа біреудің жан дүниесіне, «мен» ұғымына ену. Бұл оңай емес, өйткені өзіне ұқсамайтын басқаның жан дүниесіне ену үшін психологиялық дайындық қажет. Сондықтан қарым-қатынасты ұйымдастыруда субъектінің психологиялық жағдайын ескеру өте маңызды болып табылады. Өйткені, субъектілердің кез келген қарым-қатынасы психологиялық кеңістікте өзгеріс туғызады. Тіпті шебер ұйымдастырылған ситуацияларда болсын, біз психологиялық жағдайдың бір-біріне ауысуының оңай емес екеніне көз жеткіземіз. Бұл үлкен күшті қажет етеді және біреуді қарым-қатынасқа түсіретін адам оның жағдайымен санасып, алдын-ала дайындық жүргізуі қажет. Кез келген ересек адам баламен қарым-қатынаста оның психологиялық ерекшелігін ескеріп, оған уақыт беруі керек. Қарым-қатынаста мұғалім ұстанатын ара қашықтықтың да өзіндік маңызы бар. Бұл әр мұғалімнің балаға деген көзқарасының әр түрлілігінде. Мұғалім балалардан неғұрлым қорықса және өз күшіне сенбесе, бұл арақашықтықтың алыстауына әкеп соғады және мұғалімнің беделіне нұқсан келтіреді. Әрине, арақашықтықты құралмен өлшеп, оның математикалық өлшемі бар деп айту мүмкін емес. Оның негізі - мұғалімнің тәрбиеленушіге селқос көзқарас танытпауы, сонымен қатар оның жеке өміріне де қол сұқпауы. Қарым-қатынасты дұрыс анықтау шығармашылықты талап етеді, әр мұғалім бұл мәселені өзі шешеді. Мектеп тәжірибесін бақылағанда мынаны байқауға болады, мұғалімдер оқушыларға өздерін сөзсіз тыңдату үшін өте алыс арақашықтықты ұстап, одан айырылмауға тырысады. Өз жұмыстарында балаларға өмірді, айналадағы әлемді таныту мақсатын қойған мұғалімдер оқушылармен өте жақын араласуы мүмкін. Арақашықтықты оқушыға білдірмей өзгертіп отырады. Оқушының тәртіпсіз қылығын көргенде қаталдау қарап, ал керісінше жағдайда жақын тартады. Арақашықтық өлшемі сонымен қатар мұғалімнің оқушымен сөйлесуінен «сіз» және «сен» түрінде - еркелету және ресми дауыс ырғағынан (суық және жылы, жұмсақ және қатқыл) көрінеді. Сырттай қарағанда қарым-қатынас деңгейіне ешкім көңіл аудара қоймағандай болып көрінуі мүмкін. Сөйтсе де, екінші адамның өзіне деген қарым-қатынасын бірден сезесің және қабылдайсың, ал егер оны тануда қателессең, қарым-қатынас күрделілене түседі немесе оның бұзылуына әкеп соғады. Қарым-қатынаста арақашықтықты сезу қиын емес. Бұл үшін сөйлесіп отырған адамдарды бақылап отырып, олардың бір-біріне деген көзқарасынан аңғаруға болады. Балалармен қарым-қатынас жасаудың ең бір нәзік және бағалы сәті – ол әр баланың өзімен жеке байланыс орнатуы. Бұл жеке қарым-қатынас баланың көңіліне сенім ұялатып, қамқорлық көрсетілгеніне риза болады. Балаларға психологиялық тұрғыдан қарап, олардың өмірлік тәжірибелерінің аздығын, білім дәрежелерінің әлі жоғары еместігін, адамдарды тануда тәжірибесіздігін ескерген жөн. Үлкендердің жан сарайларының кеңдігі балалардың қателіктерін кешіре білу, тіпті олардың әдейі істеген қателіктерін, тентектігін кешіре білуден байқалады. Ақылды мұғалім еш нәрсені назардан тыс қалдырмай, оқушыны білдірмей жетелейді, байқатпай бағыт-бағдар береді.
Әдебиеттер:
1. Жайтапова А.Ә. "Халықаралық педагогикадағы жаңа үрдіс: нәтижеге бағытталған білім беру". Алматы. 1998.105 б .
2. Құтпанбаев Ә. "Бүгінгі мектеп және мұғалім". Қазақстан мұғалім- 2004,
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз