Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
"Жетісу тарихы" -Сәйден Жолдасбаев
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
С.Ж.Жолдасбаевтың «ЖЕТІСУ ТАРИХЫ» еңбегі.
Казира Оразғалиевна Жолдасбаева
Тарих және құқық пәнінің оқытушысы
«Алматы технология- экономикалық колледжі»ЖСШ
( Алматы Казахстан)
Тұрақ-жай оны мекендеген халықтың тұрмысы және мәдениетінің дәрежесінің көрсеткіші, тарихи дамуынан хабар беретін кұнды дерек көзі. Оларды арнайы зерттеу - белгілі бір халықтың тарихындағы этникалық және тұрмыстық, материалдық және рухани мәдени дамудың барысын анықтауға мүмкіндік береді.
Біз қарастырып отырған зерттеу жұмысы Жетісу өңірін мекендеген тұрғындардың тарихи дамуындағы тұрақ - жайлардың орналасуы мен құрылыс жүйесін, құрылысының материалдары мен әдіс - тәсілін, басқалардан ерекшелігі мен ұқсастығын анықтауға бағытталған. Бұл еңбек сонымен қатар «Тарих және қоғамдық ғылымдар академиясының» академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Сәйден Жолдасбайұлы Жолдасбаевтың қызметтінің бір кезеңі ғана қамтылады.
С.Ж.Жолдасбаев “Жетісу тарихы”[1] атты еңбегінде археологиялық деректер негізінде қазақ жеріндегі тұрақ - жайлардың даму тарихының қола және темір дәуірінен бастау алатынын баяндайды. Айта кететін бір мәселе, қола және темір дәуірлеріндегі тұрақ-жайлардың даму барысы жайлы мәселелер
А.М.Оразбаев[2] пен А.Х.Марғұланның[3] ғылыми еңбектерінде де
айтылған еді. С.Ж.Жолдасбаев сонау ерте замандағы тұрақ жайлар мен зерттеліп отырған кезеңдегі Жетісу өңіріндегі тұрақ жайлардың арасында көп айырмашылықтың жоқтығына көңіл аударып мынандай пікір білдіреді: «Екі дәуірдің мыңдаған жылдарды араға салған ұзақтығына қарамастан құрылыс жүйелерінің бір-біріне дәлме-дәл ұқсастығына қарағанда, бұлардың арасында бір жергілікті этникалық байланыс бар ма деген ой тудырады. Олай болса, жерімізде үй-жай салудың мыңдаған жылдар тарихы бар деп айтуға толық құқығымыз бар деп айта аламыз»[4]. Мұны С.Ж.Жолдасбаев өзінің жүргізген зерттеулерінің барысында туындаған тұжырымының бірі деп есептеуге болады. Қазақ халқының тұрақ жайларының өзіндік тарихы сонау қола, темір дәуірінен даму алатыны жайлы зерттеулері оның көлемді еңбегінің алғашқы бөлімінде баяндалған. Осы тұрақ - жайлардың салыну ерекшеліктеріне, құрылыс материалдарының саны мен сапасына қарай бұрынғы ру-тайпалардың өмір суру деңейін анықтауға болатыны белгілі.
С.Ж.Жолдасбаев Л.Г.Нечаеваның[5], Страбонның[6] еңбектеріндегі мәліметтерді пайдалана отырып, басқа жерлерде де тұрақ - жайды салудың көне дәуірден басталғаны жайлы тұжырымдар жасау барысында салыстырмалы талдау тәсілін кең қолданған. Л.Г.Нечаева өзінің зерттеуінде көшпелі халықтың ерте темір дәуірі мен ортағасырдағы тұрақ - жайларына байланысты мәселеге баса көңіл аударады. Сонымен қатар зерттеудегі тұрақ - жайлар өз кезінде халықтар өмірінде маңызды орын алған, тек кейінгі отырықшылыққа көшкен кезде ол жерлерді тастағанын атап өтеді. Л.Г.Нечаева өзі зерттеп отырған дәуірдегі тұрақ жайлардың өзгерістерін жүйелі түрде зерттеген, ол өзгерістерді шаруашылық, әлеуметтік-экономикалық, географиялық факторлармен байланыстырған және жергілікті халыктың көшпенділерге әсерін де анықтаған.
Мұнымен қатар, С.Ж.Жолдасбаев сақ тайпасындағы құрылыс ісінің дамығандығы жайлы К.А. Ақышевтың[7], С.П.Толстовтың, [8] Ә.Х. Марғұланның[9] ғылыми зерттеулеріндегі мәліметтерді орынды пайдалана білген.
К.А. Ақышевтың «Ақтас қыстауы» [10] еңбегіндегі тұрақ - жай туралы көзқарастарына тоқтала отырып, С.Жолдасбаев қыстауды ұзағырақ мекендеудің себебтерін анықтап көрсеткен: «басты себеп тұрақ-жай салынған жердің адам өмір сүруге де, мал жайылуға да, шаруаны жүргізуге жағырафиялық жағынан тиімділігі.
Екінші жағынан, тастан салынған үй-жайдың беріктігі»[11]. Ол қыстаудағы өмірдің ұрпақтан-ұрпаққа жалғасуын табиғи, тарихи тиімділіктің нәтижесінде деп пайымдайды. Алғашқы тұрақ-жайлардың тастан салынғаны жайлы мәліметтер зерттеу барысында анықтаған. Тұрақ - жайлардың ерте кезден бастап тастан салынғанын Солтүстік Кавказ халқының материалдық мәдениетін зерттеуші В.П.Кобычевтің [12] зерттеулері негізінде де нақтылай түседі. Сөйтіп, зерттеуші тек қазақ жеріндегі тұрақ жайларды ғана зерттеп қана қоймай басқа халықтардың да тарихындағы тұрақ- жайлардың дамуына да көңіл аудара білген.
Соның нәтижесінде салыстырмалы әдіс- тәсілдерді қолдана отырып зерттеу барысында үлкен жетістікке қол жеткізе алған.
Тұрақ- жайлардың түрлерін анықтау кезінде С.Жолдасбаев зерттеушілер - Н.Н. Харузиннің[13], Г.П.Васильеваның[14], У.Х. Шәлекеновтың[15], К.Ш. Шаниязовтың[16], Б.Х.Кармышеваның,[17] Э.А.Рикманның[18], С.Мұқановтың,[19] В,В.Востровтың[20] еңбектеріндегі материалдарды пайдаланған.
Автор сондай-ақ, тұрақ-жайлардың бір түрі - шошаланың даму тарихына да баса көңіл аударған. Шошаланың аталуына тоқтала отырып, оның әр жерде әртүлі атауларының болғанын көрсетеді.Сонымен қатар шошаланың салыну құрылысын зерттеу барысында А.М.Оразбаевтың[21] еңбегінде қола дәуіріндегі шошаланың жерден қазылып, ағаштан айналдыра қадалар қазылып жасалғаны аныкталса, Жетісу шошаларының жер бетінен тастан қаланғанын археологиялық қазба жұмысының нәтижелері бойынпіа дәледі, деректерді нақты көрсете отырып дәлелдеген. Зерттеу барысында С.Жолдасабаев шошала бірінші пайда болды ма, әлде киіз үй пайда болды ма? - деген сұраққа жауап іздейді. Ол жауапты Ә.Х.Марғұланның[22] және А.М.Оразбаевтың [23] ғылыми зерттеулерінен табады. С.Ж. Жолдасбаев тұрақ - жайға байланысты зерттеулерді салыстыра келе, ең алғаш болып шошаланың пайда болғанын көрсетіп, одан кейін киіз үйдің пайда болғаны жайлы пікірді қостайтынын нақты көрсеткен.
Ғалым киіз үй жайлы мәселе С.М. Мұқановтың[24] еңбегінде дәлелді деректің негізінде қазақ халқының тұрақ - жайының даму барысы нақты айқындалған деп жоғары бағалайды.
Шошаланың жасалу жүйесіне А.М.Оразбаевтың [25], Н.Харузиннің[26], К.М. Байпақовтың[27]зерттеулері негізінде салыстырмалы түрде зерттеу- жүргізіп, ғалым қазақ халқының өмірінде тұрақ- жайдың басты бір түрі шошала болғанын және оның жасалу материалдары жергілікті жағдайға
байланысты екенін өзінің жүргізген археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесіндегі деректерімен дәлелдеген.
С.Ж.Жолдасбаев өзінің археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесі бойынша шошаланың салыну жүйесіне жан-жақты сипаттама жасаған.Бұл нақты берілген сипаттаманың археология саласында әлі де дау тудырып жүрген мәселелердің басын ашуға үлкен септігі тиері анық. Ол сонымен қатар, өзінің жүргізген археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде табылған деректер негізінде В.В.Востров пен И.В.Захаровалардың[28] қазақтардың қыстауларында Қазан төңкерісіне, колхоз құрылысына дейін тұрақ - жайлар тек бір бөлмелі болып келді деген пікіріне қосылмайтын-дығын жазады.
С.Ж. Жолдасбаев « Жетісу тарихы» еңбегінде халқының қалыптасқан кезіндегі елді мекендерді зерттеп, ондағы тұрақ-жайларға археологиялық қазба жұмыстарын жүргізіп, оларды сипаттап жазған. Әулиеата уезіндегі Хантау баурайында орналасқан Күйелі деген жерде 11 қыстауындағы елді-мекендерінің жұрты анықталып, ондағы50-ден астам тұрғын үй мен қора-жайлар зерттеліп олардың сипаттамасы ғылыми еңбекке енгізді.
Күйелі екінші қыстауындағы тұрақ-жайлардың орналасуын зерттеп, олардың салыну әдіс –тәсілін былайша сипаттайды: «Қыстауда екі бөлмелі тұрғын үй, бір қораның орны бар. Қора тұрғын үйдің бет алдында жартасқа тақап салынған. Алдындағы екі бөлмелі тұрғын үйдің бір бөлмесі киіз үйдің формасымен жасалған шошала. Алдынғы төрт бұрышты, көлемі 1.90*1,50м. Ал шошала тәрізді бөлеменің көлемі 4*4 м.Сақталған қабырғаның биіктігі 60см. Кейбір жерлері 90см. Қалған тастары өте үлкен. Қабырғаның қалыңдығы 60см. Шамасы 4-5 қанатты киіз үйдің формасын береді. Бөлменің ошағы оң жағындағы қабырғаға тақап салынған. Құрылыс материалдары шикі кірпіш»[29].
Осы қыстаудағы тұрақ жайларды зерттей келе С.Жолдасбаев оның негізгі ерекшелігі-төртбұрышты бөлме мен киіз үй тәріздес бөлменің бір-бірімен
ШПШКй
егіц* іззиі:
иялых пэ:і тап жазл* орналаавг ғы ехс- І2ҒК 5-'.-дяе
ынлағы ес огіз үйшя ы бөлмее: л шошале збырғаЕыл.
жалғастырылып жасалуы екенін және киіз үйдің формасына еліктегіштіктің күшті болғанын дәлелдейді. Ол өзінің зерттеу жұмысы барысында қыстаулардағы тұрақ-жайлардың екі-үш-төрт бөлмелі екенін және олардың формаларының барлығы киіз уйге, шошалаға ұқсас екенін айқындайдьі.Сонымен қатар қыстау салған кезде қазақ халқы оның малға, жанға қолайлы жерге орналасуына да көңіл аударғанын көрсетеді. “Қыстау салсаң күнгейге сал, күн түсіп түрсын, қыста малға шөп болмаса, күн болсын “[30], -деген байырғы заманнан келе жатқан еөздердің дұрыстығын Сұңқар шоқысына жүргізген зерттеу барысында дәлелдейді.
С.Ж.Жолдасбаев Бұғыты, Сартау, Торайғыр, Бартoғай жеріне жүргізілген археологиялық зерттеу жұмысы кезінде анықталған тұрақ - жайлардың орналасуына байланысты қысқаша төмендегідей тұжырым жасаған: 1) Тұрғын жайлардың құрылыс жүйелері киіз үйдің түріне сәйкестеліп, жасалған. 2) Кұрылыс материалдары ретінде жергілікті тасты пайдаланған. 3) Құрылыс жүйелерінің жобаларынан тарихи тұрғындардың, әлеуметтік-экономикалық жағдайларын бірден байқауға болады.[31]
Бұл жасалған тұжырыммен Жетісу өңірінде мекендеген халықтың тұрмысы мен шаруашылығын анық сипатгауға мүмкіндіктің туындағаны байқалады. Зерттелген тұрақ жайлардың киіз үйге ұқсастығы, оны тастан салуы анық көрсетілуінің өзі оны мекендеген халықтың жартылай отырық- шылықтан отырықшылыққа өтуін көрсетеді.
Малайсары тауының бөктерінен табылған тұрақ - жайлар соқпа там әдісімен жасағаны анықталған. Бірақ, бұл әдіс қай кезден пайда болғаны туралы дерек жоқ. Тек Алматы облысының шығысында ұйғыр халқының қоныс аудару кезінде олардың тұрақ-жайларды осы соқпа әдісімен салғаны белгілі. Ұйғыр халқының тұрақ жайының даму жайлы зерттеген ғалымдар Г.С. Баратова[32], А.Б. Зульяровтардың[33] еңбектеріне сүйене отырып, С.Ж.Жолдасбаев тұрақ жайларды соқпа әдісімен салуды бұрынғы қазақ халқының қолданған әдісі емес пе деген ойды өрбітеді.
Малайсары жеріндегі қыстаулардағы тұрақ жайлардың құрылыс жүйелерінің ерекшеліктерін С.Жолдасбаев атап көрсеткен: «біріншіден, тұрақ жайлардың төртбұрышты болып келу басым. Екіншіден, қораларының шошала тәрізді жасалуы немесе жер кепелер болуы. Үшіншіден, соқпа там тәсілімен тұрақ жай салудың болуы. Алайда барлық жағдайда тұрақ жайлардың құрылыс материалдарына негізінен қарапайым тасты пайдаланған. Төртінші бір ерекшелік, мұндағы қазақтардың тұрақ жайларының екі немесе үш бөлмелі үйлері көп жағдайда қоржын тәрізді жасалуы”[34]. Ғалым бұл ерекшеліктерді нақты керсетуі арқылы қазақ халқының тұрақ жайларының қандай дәрежеде дамығанын білеміз және басқа халықтан өзгешеліктері де анықталады деп есептейді. Автор зерттеу барысында табылған тұрақ жайлардың алуан түрі бар екенін және олардың архитектуралық жүйелерінде жергілікті этникалық ұқсастықтың басым екенін анықтаған.
Ғалым тұрақ жайларды төрт түрге топтастырған:
-
бір бөлмелі тұрғын үйлер, оларды үшке бөлген: а) жерден қазылған жер үйлер;ә) жер үстінен жасалған шошала, құрылыс материалдары тас; б) жер үстінен салынған төртбұрышты бір бөлмелі үйлер.
-
екі бөлмелі үйлер, оларда үшке бөлінген:а) жер үстінен салынған төртбұрышты екі бөлмелі үйлер; ә) екі бөлмелі үйдің бір бөлмесі шошала болып келеді; б) қатар бір-бірімен байланысты салынған шошаланың құрылыс жүйесімен салынған үйлер.
-
Үш бөлмелі үйлер, олар бес түрге бөлінген: а) үш бөлмелі тұрақ жайдың құрылысы тек шошаладан жасалуы.Үйге кіретін есігі ортадағы шошаладан жасалған,одаш екі жағындағы шошалаларға қатынасады. Сонда ортадағы шошала дәліздің (ауыз бөлменің) қызметін атқарған;ә) екі төртбұрышты бөлменің ортасындағы бөлмесі немесе дәлізі шошаланың кейпімен салынуы; Екі жағындағы төртбұрышты бөлмеге ортадағы шошала аркылы қатынас жасалынатыны;б)төртбұрышты екі бөлменің ұзын жағынан емес көлденең жанынан, үшінші бөлме есебінде шошаланың салынуы. Шошала негізгі түпкі қонақ бөлменің кызметін атқарған; в) үш бөлмелі үйдің екі төртбұрышты бөлмесінің көлденең жанынан емес, ұзынынан үшінші бөлме болып шошаланыңжасалуы;г) үш бөлмелі үйдің құрлыс жүйесінің төртбұрышты бөлмелерден жасалуы.
-
Төрт- бес бөлмелі үйлер,оларда төрт түрге бөлінген:
а) бірінші ортасындағы бөлмесі шошала болса, ал қалған төрт бөлме сол шошаланы айналдыра жалғастырылып есіктері жеке-жеке ортадағы шошала арқылы байланысады; ә) негізгі ортадағы бөлменің қызметіне енді шошала емес төртбұрышты бөлме жасалған. Мұндай жағдайда ортадағы бөлмемен екі бөлме байланыстырылса, ал екі бөлме ортадағы негізгі бөлменің оң жағындағы керегесімен бірге жасалып, есіктері бір біріне тұтасып жатқан кіші- гірім қамал тәрізді;б) қоржын тәрізді жасалған енді, үш бөлмелі емес төрт бөлмелі үйдің бесінші бөлмесі шошаланың кейпімен жасалған; в) екі- екі бөлмеден бір-бірімен қатынас жасайтын біріктіріп жасалған төрт бөлме.[35]
Ғалымның тұрақ – жайлардың бұлай топтастыруының өзі археология саласының дамыған дәрежесін байқатады. Жетісу өңіріндегі тұрақ жайлардың топтастырылуы арқылы халықтың қола дәуірінен бастап даму барысы қалай жүргенін көруімізге болады. Сонымен қатар оның біз талдап өткен еңбегін қазақ халқының жартылай отырықшылыктан отыршылыққа өтуін накты дәлелдейтін зерттеу жұмысының бірі деп есептеуге болады.
Әдебиеттердің тізімі:
-
С.Ж.Жолдасбаев Жетісу тарихы 1996,Алматы.,211-228бб.
-
А.М.Оразбаев Поселение Чагалинка(Шағалалы) некоторые формы и типы жилищ// По следам древних култур Казахстана А.,1970.129-130бб.
-
Ә.Х. Марғұлан Ерте дәуірдің архитектурасы//Қазахстан архитектурасы А.,1959.79б.
-
С.Ж.Жолдасбаев Жетісу тарихы 1996,Алматы 211б.
-
Л.Г.Нечаева о жилище кочевников Юго-Восточной Европы В железном веке (1 тыс.дон.э.-первая половина 2 тыс.н.э.)// Древнее жилище народов Восточной Европы.М.,1975.7-50бб.
-
Страбон.География VII.17;ВДИ,1947№4.201б.
-
К.А. Ақышев,А.К.Ақышев. Отчет за 1992г. Институт археологии им. А.Х.Марғұлана. Рукописн.фонд.
-
С.П. Толстов. По древним дельтам Окса и Яксарта. М.,1962.136-204бб.
-
А.Х.Марғұлан. Ерте дәуірдің архитектурасы...79б.
-
К.А.Ақышев Зимовки-поселения и жилища древних усуней.// Известия АН КазССР,сер. Общ.наук,1969,№1.
-
С.Ж.Жолдасбаев Жетісу тарихы 1996,Алматы.,213б.
-
В.П. Кобычев. Поселения и жилище народов Северного Кавказа в XIX-XXв.в.М.,1982.
-
Н.Н.Харузин. История развития жилища у кочевыхи полукочевых тюркских и монгольских народностей России. М.,1896,54-55бб.
-
Г.П.Васильева. Формы оседлого жилища Южной туркмении в XIX в.// Жилища народов средней Азии и казахстана. М.,1982,195б.
-
У.Х.Шалекенов. Казахи низовьев Амударьи,Ташкент.1966.207б.
-
К.Ш.Шаниязов.К этнической истории Узбекского народа. Ташкент.1974,237б.
-
Б.Х.Кармышева, Дж.Х. Кармышева. Что такое Арка-Юрт?// Ономистика Востока. М.,1980,108-113бб.
-
Э.А.Рикман. памятники сарматов и племен черняховской культуры Кишенев,1975,113-115бб.
-
С.Мұқанов.Халық мұрасы.А.,1974,99б.
-
В.В.Востров. К истории развития оседлого жилища у казахов.М-Л.,1961.
-
А.М.Оразбаев. Поселение Чагалинка...141-142бб.
-
А.Х.Марғұлан Ерте дәуірдің архитектурасы...79б.
-
А.М.Оразбаев. Поселение Чагалинка...141-142бб.
-
С.М. Мұқанов казахская юрта.А.,1981.
-
А.М.Оразбаев. Поселение Чагалинка...143б.
-
Н.Харузин История развития жилища у кочевых и полукочевых тюркских и монгольских народностей России. М.,1896.54-55бб.
-
К.М.Байпақов. Средневековая городская культура Южного Казахстана и Семиречья. А.,1986.157б.
-
В.В.Востров. И.В.Захарова Казахское народное жилище А.,1989.,1989,30-34бб.
-
С.Ж.Жолдасбаев Жетісу тарихы 1996,Алматы.,127б.
-
С.Ж.Жолдасбаев Жетісу тарихы 1996,Алматы.,132б.
-