Материалдар / Жеткіншек ұрпақ тәрбиесіндегі халық педагогикасының алатын орны
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Жеткіншек ұрпақ тәрбиесіндегі халық педагогикасының алатын орны

Материал туралы қысқаша түсінік
Елбасы: «келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік тұр, оны арқалап жүрген – ұстаздар. Себебі еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылу бүгінгі ұрпақ бейнесімен өлшенеді»,-деген еді. Адам баласы қоғамда өзінің жақсы адамгершілік қасиетімен, адамдығымен, қайырымдылығымен ардақталады. Мінез-құлқының тәрбиесімен бірге білімді ұштастыра алғанда елге пайдалы азаматтардың қатары көбейеді. Ұлттың бүгіні де, болашағы да тәрбиелі ұрпаққа байланысты. Ұрпақ тәрбиесі-келешек қоғам тәрбиесі. Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл парасаты мол, мәдени-ғылыми өрісі озық етіп тәрбиелеу-біздің қоғам алдындағы борышымыз.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Маусым 2021
269
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Picture 61 Жеткіншек ұрпақ  тәрбиесіндегі  халық педагогикасының алатын  орны


«Тәрбие, кең мағынасымен алғанда, қандай да болса

бір жан иесіне тиісті азық беріп, сол жан иесінің

дұрыс өсуіне көмек көрсету деген сөз.»

М.Жұмабаев).

Елбасы: «келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік тұр, оны арқалап жүрген – ұстаздар. Себебі еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылу бүгінгі ұрпақ бейнесімен өлшенеді»,-деген еді.

         Адам баласы қоғамда өзінің жақсы адамгершілік қасиетімен, адамдығымен, қайырымдылығымен ардақталады. Мінез-құлқының тәрбиесімен бірге білімді ұштастыра алғанда елге пайдалы азаматтардың қатары көбейеді.  Ұлттың бүгіні де, болашағы да тәрбиелі ұрпаққа байланысты. Ұрпақ тәрбиесі-келешек қоғам тәрбиесі. Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл парасаты мол, мәдени-ғылыми өрісі озық етіп тәрбиелеу-біздің қоғам алдындағы борышымыз.

Дана халқымыз «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтпаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейрімділік, қайрымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқарады.

«Атадан бала тусайшы, ата жолын қусайшы» деп, атадан-бала мұра болып келе жатқан жақсы қасиеттерді келер ұрпақ­­тың бойына сіңіріп, ізгілікке тәр­бие­леуді армандап: «Шыншыл, әділет­ті, иман­ды болу-атадан-бабадан келе жат­қан дәстүріміз» деп сол дәстүрді бұз­ған­дарға ат-шапан айып тартқызған.

Мәсе­­лен, атасы немересін алдымен елі­нің құтты қонысымен таныстырған. Жыл­дың әр мезгілінде елдің қайда, қалай көше­тінін, суды қайдан ішетінін, жеті атасын, елдегі даңқты адамдардың ерлік хикаяларын, ауыл-аймақтағы жер-су атауларын баласының санасына сіңіре білген. Адамды жақсы ететін де, жаман ететін де-тәрбие.

Сондықтан жеткіншек ұрпақ өз халқының рухани қазынасымен, ұлттық мәдениетімен, салт-дәстүрімен неғұрлым тереңірек сусындап өсуі керек.

Бүгінгі ауқымды да маңызды мәселелердің бірі - болашақ жастарды қандай идеологиялық негізде тәрбиелейміз, оның адамгершілік саналары мен әлеуметтік бағдары қандай болмақ деген сұрақтарға жауап беріп, оның жолдары мен әдіс – тәсілдерін көрсету.

Олай болса, өркениет өзегі – білім, ғылым, тәрбие десек, бұл мәселеге де өз үлесімді қосуым керек деп ойлаймын.


Тәрбие жұмысына қосатын ойларым:

1. Тобымда денсаулығы зор, рухани дүниесі бай, адамгершілікті, тәуелсіз жеке тұлғаны қалыптастыру бағытында жұмыс жасау;

2. Студенттерді азаматтылыққа, отан сүйгіштікке, зиялылыққа, адам құқтары мен бостандықтарын, мемлекеттік рәміздер мен ұлттық дәстүрлерді сыйлауға тәрбиелеу;

3. Тобымдағы студенттерді өзінің және қоғамның, табиғи және мәдени ортадағы, күнделікті сабақ, тоқсандық бағалану кезінде, өзінің іс-әрекетіне жауапкершілігін қалыптастыру;

4. Мемлекеттік тілді және басқа тілдерді үйрену арқылы жастардың әлем және ұлттық мәдениетті игерулеріне, Қазақстан халықтарының дәстүрлері мен мәдениетін зерттеуіне және қабылдауын түсіндіру; /орыс және шет тілдерін/.

5. Жеке тұлғаның өзін-өзі іс жүзінде көрсетуі мен ары қарай дамуына ықпал етуде жастардың танымдық қызығушылығын, олардың шығармашылық қабілеттерін, жалпы білімге икемділігін, өзін-өзі тану мен өздігінен білім алу дағдыларын, әлеуметтенуін барынша дамыту бейімділігін қалыптастыру;
6. Отбасылық тәрбиеге көңіл бөлу.

7. Сонымен бірге:

1.Әрбір студенттің табиғат берген қабілетін, талантын ояту /мамандықтары бойынша/
2.Әрбір тұлғаны еркін ойдың, озат сананың иесі етіп тәрбиелеу.
3.Жас ұрпақты ар-намысты, ер азамат етіп, сонымен қатар өзгенің бойында осы қасиеттерді сыйлай, бағалай білетін адамгершілігі мол адам етіп баулу

8. Өз сабақтарымда Абайдың қара сөздерін, сабақ тақырыбына байланысты пайдалану, тәрбие тәсілдерінің бірі болады деп ойлаймын.

9. Білім сапасын үнемі қадағалау, ата-аналармен үнемі байланыста болу.

10.Студенттің қиналған кезінде қолдау көрсету, сұрақтарына әрқашан жауап беру.


Колледжде тұлғаның түрлі қызметтер саласында өзін-өзі көрсетулері үшін жағымды жақсы жағдайлар құрылған. Колледжде студенттер үшін дәстүрлі түрде ашық есік күндері, «Қайырымдылық» акциясы, студенттер күні, мұғалімдер күні және т.б. іс-шаралар өткізіледі және түрлі үйірмелер жұмыс жасайды, мамандықтары бойынша кәсіптік чемпионаттарға қатысуға жолдама алады, кәсіптік жарыстың да тәрбиелік мәні өте жоғары деп білемін.

Студенттердің танымдық қызығушылығы, шығармашылық қабілеті, білімге икемділігі, өзін-өзі дамытуы да осы жерден бастау алады. Жас шыбық иілуге қандай икемді болса, жасөспірім де тәрбиені қабылдауға солай бейім. “Ел боламын десең, бесігіңді түзе”- деп заманымыздың заңғар жазушысы М. Әуезов айтқандай, ел болашағы- жасөспірімдердің саналы да өнегелі тәрбиесіне тікелей байланысты. Осы қағиданы, ережелерді жүзеге асырғанда біз болашағымызға зор сеніммен қараймыз.

Сондықтан, өзіміз не үйретсек, соның жемісін көреміз, сол үшін береріміздің мәні мен маңызы зор болуға тиісті.


Арнайы пәндер оқытушысы

Тулешова Нурсулу Камидуллиевна




Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!