Материалдар / «Жезқазған аймағының табиғаты»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Жезқазған аймағының табиғаты»

Материал туралы қысқаша түсінік
Курсты оқып үйренудің нәтижесінде оқушылар туған өлкесінің табиғи ортасын және оны қорғау проблемаларын біліп, оған бағдар жасай алуға үйренеді. Жаңа бағдарламаның мазмұны мен құрылымы оқушылардың географиялық ойлауын қалыптастырып, дүниетанымдық идеяларды, біліктілік пен дағдыны және басқа география пәні курстарының арасындағы сабақтастықты, сонымен қатар іс–әрекет тәсілдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Тарихи деректермен жете танысу және жергілікті табиғат кешендерін мұқият танып білу мақсатында мұражайлар мен табиғат аясына саяхат сабақтары да жоспарланған. Тараулар бойынша теориялық, сарамандық сабақтар қаралып, оқушылардың алған білімін пысықтап, қорытындылауға және бағалауға арналған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
1744
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Түсінік хат


«жезқазған аймағының табиғаты» курсының негізгі мақсаты – оқушыларға өздері тұрып, өмір сүріп жатқан өңірдің физикалық–географиялық ерекшеліктерінің алуан түрлілігін ашып көрсету болып табылады.

бұрынғы жезқазған облысына қараған, қазір жезқазған –Ұлытау аймағы болып аталып жүрген аумақтың физикалық – географиялық ерекшеліктерін жергілікті оқушыларға оқыту мақсатында, аталмыш эксперименттік оқу бағдарламасы бойынша оқытылатын пәнді «жезқазған аймағының табиғаты» деп атауды жөн көрдік.

белгілі географ – ғалымдармыздың – Ф. Теміреева мен С.Нүрсейтовтың жарық көрген оқу–әдістемелік еңбектеріне және тағы да басқа көптеген ғылыми – танымдық мақалаларға сүйене отырып, бұл бағдарламаның оқу тақырыптық жоспары (34 сағат) бес тарауға бөлінді.

Олар:

1 – жезқазған аймағына физикалық – географиялық шолу (5 сағат).

2 – жезқазған аймағының табиғатына жалпы шолу (17 сағат).

3 – жезқазған аймағының табиғат кешендері (5 сағат).

4 – жезқазған аймағының табиғатын қорғау (3 сағат).

5 – білімді қорытындылау (2 сағат).

Курсты оқып үйренудің нәтижесінде оқушылар туған өлкесінің табиғи ортасын және оны қорғау проблемаларын біліп, оған бағдар жасай алуға үйренеді.

жаңа бағдарламаның мазмұны мен құрылымы оқушылардың географиялық ойлауын қалыптастырып, дүниетанымдық идеяларды, біліктілік пен дағдыны және басқа география пәні курстарының арасындағы сабақтастықты, сонымен қатар іс–әрекет тәсілдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.

Тарихи деректермен жете танысу және жергілікті табиғат кешендерін мұқият танып білу мақсатында мұражайлар мен табиғат аясына саяхат сабақтары да жоспарланған.

Тараулар бойынша теориялық, сарамандық сабақтар қаралып, оқушылардың алған білімін пысықтап, қорытындылауға және бағалауға арналған.














Өзектілігі:

Оқушыларға туған өлкенің табиғатын білуге оларды аялауға тәрбиелеу;


Проблемасы: (Мәселесі)

Жезғазған аймағының географиялық ерекшеліктерін ғылыми – тарихи деректерін білу;


Мақсаты:

Жезқазған аймағының физикалық – географиялық ерекшеліктерінің алуан түрлілігімен танысу;


Міндеті:

Проблеманы байқау және нақтылау;

Шешу жолдарын жоспарлау;

Жоспарды іске асыру механизмі;

Нәтижелерін көре білу және қолдана білу;


Зерттеу объектісі:

Жезқазғанның табиғаты;


Зерттеу пәні: география.

Оқушылардың зерттеушілік құзыреттілігінің деңгейін дамыту;


Күтілетін нәтиже:

Егер, осы табиғаттың компанеттерінің ерекшеліктерін толық оқып білсе, онда адамның іс – әрекет салдарынан топырақ, су, өсімдік, жануар климатының өзгеруін болжай алуы тиіс.


Болжам:

Оқушылардың даму деңгейі олардың географиялық зерттеу іс – әрекетіне тартуға мүмкіншілік береді және оқушылардың географиялық ББДы жоғары деңгейге көтеріледі.



















Оқу пәнінің мазмұны мен құрылымы.

(Барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағат)


1 – Кіріспе (2 сағат)


  • Жезқазған аймағы кең байтақ отанымыз – Қазақстан Республикасының нақ ортасында;

  • Жезқазған аймағының географиялық орыны, табиғаты, жер байлығы мен шаруашылығы және олардың ел өміріне әсері;

  • Аймақтағы табиғи ортаның, шаруашылығының және халқының өзара байланыстары;

  • Жезқазғанның географиялық орынының аумағы, оның көршілес қалалардан ерекшеліктері;

  • Аймақтың шикізат қоры мен кен байлығының халықтың әлеуметтік мәселелерін шешудегі маңызы.


1 – Сарамандық жұмыс


1. Қазақстанның саяси әкімшілік картасынан Жезқазған аймағының географиялық орынын және шекарасын анықтау және кескін катраға түсіру;

2. Жезқазғанға іргелес жатқан қалаларды тауып, олардың географиялық орындарын салыстыру;

3. Картадан Жезқазған аймағының ауданына кішкентай бірнеше мемлекеттердең еркін орналаса алатындығын анықтау;

4. Аймақтың ең шеткі нүктелерін анықтау.

2 – Жезқазған табиғатының зерттеу тарихы (5 сағат)


  • Жезқазған жерінің алғашқы зерттеу тарихы, Арқа жері туралы арабтардың зерттеу мәліметтері. (аймақтағы Сарысу өзенін, Ұлытау тауларын, Балқаш көлін зерттеген деректері);

  • Жезқазған жеріне жасалған орыс ғалымдарының зерттеулері.


2- Сарамандық жұмыс


Жезқазған жері туралы орыс ғалымдарының еңбектері.


Жезқазған аймағының табиғатына жалпы шолу (17 сағат)


Жезқазған аймағының жер бедері (6 сағат)


  • Жезқазған жер бедерінің қалыптасуы мен пішіндері. Таулар, жазықтар, ұсақ шоқылардың орналасулары. Олардың құрылымы мен биіктіктері.


3 – Сарамандық жұмыс


  • Жезқазған жерінің геологиялық құрылысы, гео – техтоникалық аймақтары және пайдалы қазбаларының орындарын белгілеу;

  • Жезқазған жерінің жер бедері, оның халықтың тіршілігіне әсері және табиғи ортаның адам іс – әрекетінің әсерінен өзгеруі;

  • Кен орындарын игеру деректерімен танысу.


Аймақ климаты (2 сағат)


Аймақтағы климат құрушы факторлар және климаттың басты ерекшеліктері.


4 – Сарамандық жұмыс


  • Карта бойынша ауа массаларының қозғалысын, циклонды, антициклонды, температураны, ылғалдылықты танып білу;

  • Климаттың шаруашылыққа, тасымалына, адам денсаулығына әсері.


Жезқазған аймағының ішкі сулары (5 сағат)


Жезқазған аймағындағы басты өзен жүйелері:

  • Сарысу, Қаракеңгір, Сарыкеңгір, Тоқырауын өзендерінің қоректену ретері, су шығыны, жылдық ағысы, мұз басу реті, өзен суларының шаруашылыққа пайдаланылулары;

  • Көлдердің пайда болуы және проблемалары.

  • Көлдер, олардың шаруашылыққа пайдалануы (Шұбар теңіз, Қарақойын, Шошқакөл, Ащыкөл, Көктіңкөл т.б.);

  • Жасанды су қоймалары, жер асты сулары және қорғау шаралары.


5 – Сарамандық жұмыс


1. Жезқазған аймағындағы өзен – көлдердің орналасу ерекшелкітері және олардың орынын анықтау;

2. Жезқазған аймағының су ресурстарымен қамтамассыз етілуіне баға беру.


Жезқазған аймағының топырағы мен жер қорлары (2 сағат)


  • Топырақтың түзілуі, олардың негізгі түрлері, қасиеттері, құнарлығы.

  • Топырақтың таралу заңдылықтары. Жезқазғанның топырақ картасы.

  • Топырақтың табиғаттағы және адамның іс – әрекетіндегі маңызы. Жер қорлары. Жердің ластануымен бұзылуы. Қорғау шаралары. Мелиорациялау.



Жезқазған аймағындағы өсімдік жамылғысы мен жануарлар

дүниесі (2 сағат)


Жезқазған аймағындағы өсімдік жамылғысы, өсімдік картасы. Ендік бағытта таралуы. Жануарлардың алуан түрлілігі және табиғи ортаға бейімделу ерекшеліктері.

Биологиялық түрлерді сақтау шаралары. Қызыл кітап.

Жезқазған аймағының табиғат кешендері (5 сағат)


- Табиғи зоналар, олардың бөліну. Зона компонеттерінің өзара байланысы мен тәуелділігі.


6 – Сарамандық жұмыс


Аймақтағы табиғат зоналарының және олардың өзара айырмашылығы.


Табиғи зоналарға салыстырмалы түрде сипаттама беру:


А) географиялық орыны;

Ә) климаты;

Б) топырағы, оның құнарлығы;

В) өсімдіктері;

Д) адамдардың іс – әрекеті, зонадағы экологиялық проблемалар.


Жезқазған аймағының құрғақ дала, шөлейт, және шөл зоналары. Олардың климатына, жер бедеріне, суларына, топырақ пен өсімдік жамылғысына және жануарлар дүниесіне сипаттама беруі.

Табиғи зонадағы экологиялық проблемалар.


Табиғи ортасын қорғау (3 сағат)


Адамзат экологиясы. Табиғат – Адам – Қоғам. Табиғат ресурстарын тиімді пайдалану. Табиғи ресурстар, өнеркәсіп және өндіріс.

Мемлекеттік қорғалатын табиғи территориялар (қорықтар, демалыс орындары).


Қорытынды қайталау (2 сағат)


  • Табиғатқа экскурсия;

  • Сынақтама




Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар:


Оқушылар:

жезқазған аймағы география пәнін;

жезқазған аймағын (дүние жүзінің) Қазақстан картасындағы орнын, жер көлемін, Республиканың солтүстігі мен оңтүстігіндегі, батысы мен шығысындағы ең шеткі нүктелеріне дейінгі қашықтықтардың шамасы бірдей екенін;

жалпы топографиялық және тақырыптық карталардағы түрлі обьектілердің бейнелену тәсілдерін;

жезқазған аймағының зерттелу тарихын;

жер бедерінің халқының орналасуына оның тұрмысына шаруашылық әрекетіне, әсеріне, минералды ресурстарды тиімді пайдалану шараларына мысалдар келтіруді;

Пайдалы қазбалардың негізгі ресурстары – аудандар мен бассейндер;

Темір, марганец Атасу тобы – кен орындары Ақтай, Yшқатын, Қамыс, Қаражал, қарсақбай тобы – балбырауын, Керегетас, жезді; тас көмір – Yйтас, Сарыоба, жезқазған, Талдыбұлақ, жаман – Айбат;

Негізгі климат құрушы факторларды; күн радиацияларының негізгі түрлерін, климат құрушы ауа массаларының басты типтері;

Су ресурстарының ішкі тұйық алабы; оларды қорғау мен қалыпына келтіру; табиғатың қатерлі құбылыстарын алдын алу іс – шараларын;

жезқазғанның (өзендері, көлдері, жер асты сулары, су қоймалары);

Топырақтың негізгі зоналық типтерін; жануарлар мен өсімдіктердің жезқазған аймағына тән типтерін; жер және биологиялық ресурстарды тиімді және тиімсіз пайдалануға мысалдарды;

Топырақтың ерекше қорғалатын аумақтары мен табиғи ескерткіштері;

Қоршаған ортаны ластау көздері мен түрлерін анықтай алуы және өлшей алуы тиіс.


Оқушылар:

Тектоникалық құрылымға байланысты жезқазған аймағының жер бедерінің негізгі ерекшеліктерін, неоген – төртік дәуірдегі қозғалыс сипаттарын, пайдалы қазбалардың орналасуын, сыртқы процестердің әсерінен жер бедерінің өзгеруін;

Климат картасы бойынша күн сєәулесінің радиациясын, қаңтар мен шілде айларының орташа және абсолютті температурасын, жылдық жауын – шашаынды, булануды, синоптикалық карта бойынша ауа – райын;

Атмосфералық фронттар және олардың ауа – райының күйіне әсерін, климаттың негізгі түрлерінің ерекшелігін, түтіннің пайда болуын;

Негізгі өзен жүйесінің ерекшелігін, су ресурстарының таралу заңдылықтарын түсіндіре алуы тиіс.




Оқушылар:

Табиғат компоненттеріндегі және геожүйедегі өзгерістердің адам ағзасына әсерін;

Атмосфераның жер беті суларының, топырақ жамылғысының жеке соған байланысты геожүйенің ластауын;

Өзен, көл, жер асты суларының, адамның іс – әрекетіне байланысты өзгеруін, су қоймаларын құрудың салдарынан табиғи кешендердің өзгеруін;

Адамның іс – әрекетінің салдарынан топырақ, өсімдік жамылғысының және жануарлар дүниесінің өзгеруін;

Табиғи кешендердің адамның іс – әрекетінің салдарынан өзгеруін болжай алуы тиіс.


































Жезқазған аймағының физикалық географиясын оқытуға арналған күнтізбелік жоспардың үлгісі.


Тарау атаулары

Сабақтың тақырыптары

Сағат саны

I – тарау

(7сағат) Жезқазған аймағына физикалық географиялық шолу

Кіріспе

1

Жезқазған аймағының географиялық орыны мен шекарасы

1

Жезқазған жері табиғатының зерттелу тарихы

1

Жезқазған жері туралы ежелгі зерттеулер

1

Ресей және кеңес империясы кезіндегі зерттеулер

1

Қ.И.Сатпаев зерттеулері

1

Қайталау

1

II – тарау

(17 сағат) Жезқазған аймағы табиғатына жалпы шолу


Жезқазған аймағының жер бедері

1

Жер бедерінің даму тарихы

1

Жезқазған аймағы жер көлемінің геологиялық құрылысы және геотэктоникалық аймақтары

1

Жезқазған аймағының пайдалы қазбалары

1

Мұражайға саяхат –сабақ

1

Қайталау

1

Жезқазған аймағы климатына жалпы сипаттама

1

Жергілікті жер климатының басты ерекшеліктері

1

Жезқазған аймағының ішкі сулары

1

Жезқазған аймағының өзен, көлдері

1

Аймақтағы көлдер

1

Жер асты су қоймалары

1

Қайталау

1

Жезқазған аймағының топырақ жамылғысы мен жер қоры

1

Топырақтың мелиорациялау мен қорғау, олардың маңызы

1

Жезқазған аймағының өсімдіктер мен жануарлар дүниесі

1

Биологиялық қорлар және оларды сақтау шаралары

1

III – тарау

(5 сағат) Жезқазған аймағының табиғат кешенері

Жезқазған аймағының табиғат кешендері

1

Жезқазған аймағының зоналары

1

Дала зонасы

1

Шөл – шөлейт зонасы

1

Қайталау

1

IV – тарау

(3сағат) Жезқазған аймағының табиғатын қорғау

Адамзат экологиясы

1

Жезқазған аймағының табиғат байлығы, оны тиімді пайдалану

1

Жезқазған аймағындағы қорықтар мен қорықшалар

1

V – тарау

(2 сағат)

білімді қорытындылау


Табиғатқа экскурсия


1

Сынақтама

1


Рефераттар тақырыбы:

  • Жезқазған аймағының зерттелу тарихы;

  • Қ.И.Сәтбаевтың орталық Қазақстанды зерттеуі;

  • Пайдалы қазбалар;

  • Жер қыртысын геологиялық даму ерекшеліктері және

геотектоникалық аймағы;

  • Өзендер мен көлдері оларды қорғау іс – шаралары;

  • Өсімдіктері мен жануарлары;

  • Ерекше қорғалуға алынған аймақтар. Қызыл кітап;

  • Адамзат экологиясы.


Жоба тақырыбы:

Жезқазған аймағының сирек кездесетін өсімдіктері.

Қазахмыстың даму тарихы және экологиясы.

Ғажайып киік.

Адамзат экологиясы.

Қала және қоршаған орта.

Жезқазған аймағының ауыз су мәселесі.


Өлшеуіш құралдары.

Сауалнама.

Тұлғаның құзыреттілігін бағалау диагностикалары.

Өздік жұмыстар.

Тест.

Аралық бақылау.

Блум таксономикаларының мүмкіндіктері.

Сабақ берудегі ұйымдастыру формалары.

Дәріс.

Семинар, трениг.

Жеке топтық жұмыстар.

Саяхат сабақ.

Ойын.

Проблемалық сабақ.











DrawObject3 DrawObject2 DrawObject1

Қолданылған әдебиеттер

DrawObject6 DrawObject5 DrawObject4

DrawObject12 DrawObject11 DrawObject10 DrawObject9 DrawObject8 DrawObject7

Мұғалімге арналған әдебиеттер. Оқушыларға арналған әдебиеттер.

DrawObject14 DrawObject13

Пайдаланған әдебиеттер:


Ф.М.Теміреева, С.Нұрсейтов, Ф.М.Теміреева, С.Нұрсейтов,

Жезқазған облысының геогра – Жезқазған облысының геогра –

фиясы Ұ.Есназарова, Қазақстан – фиясы Ұ.Есназарова, Қазақстан –

ның физикалық географиясы ның физикалық географиясы

Е.Мамбетқазиева, А.Бекенова, Е.Мамбетқазиева, А.Бекенова,

Қ.Қыдырбаев. Қазақстан қорықта – Қ.Қыдырбаев. Қазақстан қорықта –

ры. Алматы. Қайнар. 1980. ры. Алматы. Қайнар. 1980.

Атлас казахский ССР Том1 1982. Атлас казахский ССР Том1 1982.

Ол кім? Бұл не? 3томдық.

Первый акдемик. Алексей Брагин.

Арқада туған алып. Амралин Ә.


Глоссарий


Баға – бағалау процесі нәтижесінің шартты – формальды (белгілік) көрінісі; оқушылардың оқу жетістіктерінің бағасын сандар мен ұпайлар түріндегі сандық көрінісі.

Диагностика – оқу процестерінің жағдайларын обьективті және жан – жақты зерттеуді қамтамассыз ететін оқытудың көрсеткіштерін алу тәсілі;

танымдық процесте орын алып отырған барлық өзгерістерді анықтау тәсілі.

Құзыреттілік – оқушылардың іс – әрекеттің әмбебап тәсілдерін меңгеруін көрінетін білім нәтижесі.

Топонимика – жер – су аттары


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!