"Жігіт сұлтаны"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Жігіт сұлтаны"

Материал туралы қысқаша түсінік
жігіт сұлтаны сайысына қатысатын ұландарға арналған таныстур
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ассалаумағалейкум, алаш жұртым

Мәртебелі, өнерлі, қазақ ұлтым.

Басымды иіп, баршаға сәлем берем,

Қазағымның сақтаумен әдет-ғұрпын.

Ассалаумағалейкум, арда елім,

Тұғырлы Тұғыл менің туған жерім.

Ақордада өтетін бұл сайысқа,

Үкі тағып, жіберді артып сенім.

Атам қазақ, Санияз елім менің,

Тұғылым туып-өскен жерім менің.

Сайысқа келіп тұрмын жыр өлкеден,

Рысқұлов білім берген төрім менің.

Тарбағатай 90 жыл, құтты болсын,

Бұл тойың 100-іңменен жұпты болсын.

Жеңістің мерекесі қарсаңында,

Қойнауың ән, күй менен жырға толсын.

Астанам, асқақтай бер, жер бетінде,

Барша әлем көз тіккен келбетіңе,

Мына біздей жастарың тұрған кезде,

Дами бер, өркендей бер, тербетіле.

















(Соғыс даласы. Атыстың, бомбаның дауысы. Кішкене қараңғы бөлме. Стол үстінде майшам. Хат ұстаған жауынгер)

  • Ооо менің ғазиз анашым. Сағынышты сәлеміңді осы бір тілдей қағазға сидыра алдың ба екен.

  • Жан анам. Менің сізді қалай сағынғанымды білсеңіз ғой. (күрсіну)

  • Сұм соғыс, мені апатайымнан айырдың ғой. (айғай сап, орнынан атып тұрадыда, ақырындап қайта отырады. Хатты ашады)

Құлыным аманбысың! Тағдырдың тажал төбетін тымағыңда сілкіп жүрсің бе?

Қайтейін, қарғам-ау! Сені аялап өсіріп, енді азамат болды ма дегенде, ажалмен айқасуға шығарып саламын деген ой, үш ұйқтасам да түсіме кірмепті.

Қайтейін, қарғам-ау! Мұндай соғыс қансыз, құрбандықсыз болмайды. Бірақ, менің үмітімнің сәулесі - сенсің. Сен сөнуге тиіс емессің.

Бүгін, таңға жуық көзім ілініп кеткен екен. Кенет, құлағымның дәл түбінен «Апа, уайымдама, мен жеңіспен ораламын» деген сенің дауысыңды анық естідім.

Балам, сенің аман-есен оралуың керек. Сен біздің ошақтың ғана емес, бүкіл еліңнің үмітінің сәулесін жағуға тиіссің!

Сен аман-есен оралуға тиіссің, балам! Сені мына мен түгілі үйдің іргесіндегі өзің су тасып жүріп салып кеткен жалғыз аяқ соқпағың да күтеді. Сені, өзің алақаныңмен қант беріп үйреткен қасқа құлының да күтеді. Тіпті анау, тозығы жеткен есік те, желдеткен кезде сен келгендей сықырлап, ашылады да тұрады.

Иә, сен келесің! Қайтар жаудың бетін! Сен жеңіспен ораласың! Мен зарыға күтемін, құлыным!

(жеңімен көзін сүртіп, орнынан тұрады)

Иә, апатай, сеніңіз маған! Мен міндетті түрде оралам!!!


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.10.2018
524
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі