Жігітке жеті өнер де аз!
Тәрбие сағаты
Мақсаты: білімділік -
Оқушыларды ұлттық салт-дәстүр негізінде білімін кеңейту, білім деңгейін көтеру, жетілдіру.
Дамытушылық: Ұлттық дүниетанымын қалыптастыру. Шығармашылық, танымдылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Татулыққа, ынтымақтыққа, бірлікке шақыру, адамгершілікке, ұлтжандылыққа, имандылыққа тәрбиелеу. Ер балаларды ұлттық тұрғыда халқымыздың әдет-ғұрпын, салт-дәстүрлерін қадірлеу, отансүйгіш, патриоттық сезімдерге баулу.
Көрнекілігі:
Тарихи тұлғалардың портреттері, қолөнер шеберлерінің бұйымдары, бес қару, ат әбзелі, қатысушыларының қолынан шыққан туындылары қойылады.
Барысы:
Мұғалім: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! Сіздер бүгін «Жігітке жеті өнер де аз» атты жігіт сұлтаны сайысына қош келдіңіздер. Жігіттеріміз өз өнерлерін ғана көрсетіп қоймай, біздің салт-дәстүрімізді, ұлттық ойындарымызды, шеберліктерін көрсетеді. Олай болса жігіттерімізге сәт-сапар тілей отырып, «Жігітке жеті өнер де аз» атты жігіт сұлтаны сайысын ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер!
1-жүргізуші: Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық.
Ата жолын жалғамақ,
Ел дәстүрін қолдамақ.
Ел намысын қорғамақ.
Жігіттер шықсын ортаға,
Бүгін сұлтан атанбақ!
2-жүргізуші:
Қайсысы күйші, кім биші,
Талабына қарайық.
Кімдер зерек, кім жылдам,
Таланттарын табайық!
1-жүргізуші:
Құрметті көрермен қауым! Енді сайысқа түсетін жігіттерді қол соғып, қошеметтеп шақырайық.
2-жүргізуші:
Уа, халайық, халайық,
Бар өнерді салындар.
«Ер сұлтандар» атты лайықтап,
Тобыңмен жеңіп алыңдар.
1-жүргізуші:
Әр топты өзін таныстыруға шақырайық.
Жігіттер келіп жетті танысуға,
Бойындағы бар дарынды дамытуға.
Жігерленіп сахнаға келіп жетті,
Әдеппен, ізетпенен табысуға.
Әр топ өздерін таныстырады.
1-жүргізуші:
Қыран бүркіт көтерер елдің нарқын,
Қыраң асырар елдің даңқын, - демекші сегіз қырлы, бір сырлы жігіттеріміздің өнерлерін көрсетуге шақырамыз.
Әр топтан екі адам ортаға шығып өнер көрсетеді.
2-жүргізуші:
Ат өнері білінбес,
Бәйгеге түсіп жарыспай.
Ер өнері білінбес,
Қоян-қолтық алыспай.
«Ердің асылы күшімен білінеді» дегендей, келесі тапсырма күш сынасу болмақ
(Жігіттер арқан тартысады)
1-жүргізуші:
Талаптың мініп тұлпарын,
Келдім міне жарысқа.
Белгісіз кім ұтары,
Түстік міне сайысқа.
Ата-бабаларымыздың ұлан асыр жерімізді білектің күші, найзаның ұшымен талай жаудан қорғап қалғаны мәлім. Ал, енді біздің бүгінгі жігіттеріміздің ел қорғауға қаншалықты әзір екенін көрелік.
Қол күрес. Екі адамнан ортаға шығады.
Жерден тартылу. Тобымен қатысады.
2-жүргізуші:
Жылдар-жылдар тарихтың мол бекеті,
Сен әкелген жақсылықтар көп тегі.
Көңілінді шат сезімге баурайды,
Халқымыздың бүгіні мен өткені, - деп енді жігіттеріміз қоржыннан асықтар алып сұраққа жауап береді.
1-сұрақ. Қазақ халқының тарихындаи қандай хандар өткен?
Хандар: Абылай, Әбілқайыр, Тәуке, Жәңгір.
2 сұрақ. Қазақ халқының тарихындаи қандай батырлар өткен?
Батырлар: Сыпатай, Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Кенесары, Есет, Қайдауыл, Көтібар.
3-сұрақ. Қазақ халқының тарихындаи қандай билер өткен?
Билер: Қаз дауысты Қазыбек би, Төле би, Әйтеке би.
4-сұрақ. Үш ұғымы туралы сұрақтар.
1.Үш жүз: (Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз)
2. Үш арсы: (Ұйқы, тамақ, күлкі)
3. Үш даусыз: (Мінез, кәрілік, ажал)
5-сұрақ. Бес асыл мен бес дұшпанды ата.
Бес дұшпан: (өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ)
Бес асыл: Талап, еңбек, терең ой, қанағат ету, рақым жасау.
6-сұрақ. Жеті жетімге не жатады?
Тындаусыз қалған сөз жетім,
Қиюсіз қалған бөз жетім,
Иесіз қалған жер жетім,
Басшысы жоқ ел жетім,
Аққу-қазсыз көл жетім,
Елінен айырылған ер жетім,
Замандасы қалмаса,
Бәрінен де сол жетім.
7-сұрақ. Ұлттық ойындардың түрлерін ата.
(Ақсүйек, асау үйрету, арқан тарту, тымпи, сақина салу, көкпар)
8-сұрақ. Бес қаруды атаңыз.
(мылтық, садақ, найза, қылыш, айбалта)
9-сұрақ. Аттың ер-тұрмандарына нелер жатады?
(жүген, желдік, тоқым, ер құйысқан, өмілдірік, үзеңгі, аткөрпе, тартпа, қамшы.)
10-сұрақ. Жігіттің үш жақын жұртын ата.
(Ағайын жұрт, нағашы жұрт, қайын жұрт)
11-сұрақ. Үш арысты атаңыз.
(С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров)
12-сұрақ. Төрт түліктің пірін атаңыз.
(Түйе пірі – Ойсыл қара, жылқы пірі – Қамбар ата, сиыр пірі – Зеңгі баба, қой пірі – Шопан ата, ешкі пірі – Шекшек ата.)
1-жүргізуші:
Қой асығы демеңіз,
Қолға жақсы сақа ғой.
Жасы кіші демеңіз,
Ақылы асса аға ғой, - дегендей әр топтан үш мықтыны шақырып, ана, Отан, ерлік тақырыбында мақал-мәтелді қаншалықты білетінін «Білімді мыңды жығар» сайысы барысында байқап көрейік.
1. Ағайын- алтау, ана-біреу.
2. Ағайынның алтын сарайыннан
Анаңның жыртық лашығы артық.
3. Ана сүтін ақтамағанды ешкім мақтамайды.
4. Анаңды Мекеге үш арқалап барсаң да,
Қарызыңнан құтыла алмайсын.
5. Отанға опасыздық еткенің,
Өз түбіне өзің жеткенің.
6. Жат жердің қаршығасынан,
Өз елінің қарғасы артық.
7. Кісі елінде сұлтан болғанша,
Өз елінде ұлан бол.
8. Отан үшін күрес,
Ерге тиген үлес.
9. Ерліктің шарты - өзіне сенгендік.
10. Ер жігітке өлім бар да, қорлық жоқ.
11. Ер жігіт үйде туып, түзде өлер.
12. Үйде шешен – дауға жоқ,
Үйде батыр – жауға жоқ.
2-жүргізуші:
Ей жігіттер!
Сендерге артар міндет көп,
Көтер биік ата салтын құрметтеп.
Ақтай білсең ата-баба үмітін,
Әрбір сөзі тәлімі бар бір мектеп.
Келесі сайысымыз «Ескірмейтін есті сөз»
1. Отқа су құйма, түкірме.
2. Мал сүйегін отқа жақпа, ақты төкпе.
3. Қазақ түнде мал, адам санамайды.
4. Пышақтың жүзін жалама, пышақтың жүзін кезбе.
5. Үйге қарай, үйді айналып жүгірме.
6. Айға қарай қолынды шошайтпа
7. Күлді, тұзды баспа, шашпа.
8. Жағыңды, беліңді таянба, тізенді құшақтама.
9. Бас киімді теппе, лақтырма.
10. Итті теппе, итке су шашпа.
11. Есікті керме, табалдырықты баспа.
12. Нанды шашпа, баспа.
13. Түнде өзенге суға түспе, су алуға барма.
14. Мойныңа белбеу салма.
15. Жұма күні кір жума.
16. Үш айтта кір жууға, тырнақ, шаш алуға болмайды.
17. Сыпырғышты көкке көтеріп баланы ұруға болмайды.
18. Кемтар адамға күлме.
1-жүргізуші:
Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсен менше сүй, - деп ұлы Абай атамыз айтқандай ортамызға әншілерді шақырайық...
2-жүргізуші:
Поэзия!
Менімен егіз бе едің?
Мен сені сезесің бе,
Неге іздедім?
Алауыртқан таңдардан сені іздедім,
Қарауытқан таулардан сені іздедім.
Бұлақтардан, бақтардан, аландардан
Шырақтардан, аттардан, жалаулардан,
Сені іздедім жоғалған замандардан.
Махабаттан іздедім алып ұшқан!
Сәттерімнен іздедім жаңылысқан.
Сені іздедім жадырау, жабығыстан, - деп келесі сайысымыз «Поэзия минутына» арналады.
1-жүргізуші:
Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық!
Топ басшысынан ауылдың,
Аталы бата алайық.
Екі түрлі әнші бар,
Біреуі соның бата алған.
Ешқашан артық болмайды.
Атадан үлкен бата алған.
2-жүргізуші:
«Жеті атасын білмеген жетесіз» - деп айтпақшы, кешіміздің соңында біздің қыран жігіттеріміздің топ басшысы жеті аталарын атап бата береді.
1-топ басшысы:
А, құдайым оңдасын,
Оң жылына бастасын.
Бастарына бақ силап,
Қыдыр бабаң қолдасын.
Бүгінгі мына сынақта,
Тұғырдан таймас қыран бол.
Ел-жұртына ұран бол!
Цицерондай шешен бол.
Ескендірдей бекем бол,
Атымтайдай жомарт бол,
Айбаты асқан ұлан бол,
Халқын сүйер Сұлтан бол.
Еліне ұнар Ару бол!
А, құдай, жарылқа! Әумин!
2-топ басшысы:
Ләй, Аумин!
Әлемнің бетін жарық ет,
Ұл-қызды түгел білімді ет.
Келесі оқу жылына
Аман – есен түгел жет!
Меккедегі Мұхамед,
Түркістанда Қожа Ахмет,
Маңғыстауда Ер Бекет,
Осы айтқан тілеуімді,
Құдай қаласа қабыл ет! Әумин!
2-жүргізуші:
Бойларында от бар екен, байқадым,
Жүректерде шоқ бар екен, байқадым.
Әрқашанда осы шоқты өшірмей,
Жалындатып шарықтаңдар әрдайым.
1-жүргізуші:
Достарым, түсініндер сөздің нарқын,
Әр кезде бола берсін жүздер жарқын.
Мәңгілік жоғарылап жұлдыздарың,
Бақытқа бөлендерші қазақ халқын, - дей отырып, ендігі сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз.
«Ер сұлтаны», «Жігіт сұлтаны» деген атақты табыс етеді.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Жігітке жеті өнер де аз !"

шағым қалдыра аласыз