Материалдар / Жиналған астықты өңдеуге арналған машиналар
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жиналған астықты өңдеуге арналған машиналар

Материал туралы қысқаша түсінік
Жиналған астықты өңдеуге арналған машиналар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Сәуір 2023
544
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

К І Р І С П Е


Еліміздің өнеркәсібі шаруашылықтарында сағатына 5,10,20,30,40 т дән тазартатын немесе тазартып-кептіретін тұрақты пункт-агрегат салуға арналған машиналар мен жабдықтар комплексін шығарады. Дән тазартатын ЗАВ-2ОА, АЗС-ЗОМ, ЗАВ-40 агрегаттары, дән тазартып кептіретін КЗС-1ОШ, КЗС-2ОБ және КЗС-40 комплекстері ең көп тараған.

Астықты валкаға орып алу үшін ЖВН-6А, ЖШН-6, ЖНС-6-12, ЖВР-10, ЖВС-6 ЖРБ-4,2, ЖНУ-4 валкалы жаткалар қолданылады.

Астықтың бір фазалық жинауы тікілей комбайналау арқылы жүргізіледі, және де бұл әдіспен валкаларды жинап соғып алуға болады. Ол үшін астық жинағыш комбайндар СК-5 «Нива», СК-6 «Колос», СКД-6 «Сибиряк» қолданылады. Олардың құрылысы және жұмыс атқару принциптері көбінде ұқсас болады, айырмашылығы өлшемдерінде, кей бір агрегаттарының құрылысында болады.

Жиналған астықты өңдеу дәнді тазалау мен сорттауды, кептіруді, сақтауды, тиеу-түсіру және тасу жұмыстарын қамтиды.

Жиналған өнімнің астығында негізгі дақылдардың дәнінен басқа әдетте арамшөптердің тұқымы, дәнсіз масақтар, сабан үзінділері, топан, басқа да мәдени өсімдіктердің тұқымы, жарнамаланған дән болады.

Бұл қоспалар тұқымдық материалдың да, азық-түліктік астықтың да сапасын нашарлатады, оны сақтауды қиындатады, көп жағдайда арамшөптер тұқымының, олардың сабақтарының бөліктері мен бастырының ылғалдығы мәдени өсімдіктердің дәнімен салыстырғанда 30-35% жоғары болып келеді. Тұқымдық материалды дер кезінде және айтарлықтай толық тазаламау оның ылғалдана түсуіне, өзінен-өзі қызуына, көгеруіне, тоңдануына ықпал етеді, дәннің тұқымдық және товарлық қасиеттерін нашарлатады.

Сорттау кезінде дәнді мақсатына: себуге, ұн тартуға, жармаға түюға арналуына қарай белгілі сорттарға бөлу қажет. Неғұрлым ірі, салмақты тұқымды сепкенде өті жоғары әрі тұрақты өнім береді, ал одан өніп шыққан өсімдік ауа райы топырақ жағдайына, түрлі аурулар мен зиянкестерге төзімді келеді.

Аталған пункттер комбайндардан келіп тұсетін астық үймелерін тасқынды әдіспен тазартуға да, азық-түлік астығы мен тұқымдық материалды екінші рет тазартуға да арналған. Пункттерді төбесі жабық арнайы салынған үйлерде орналастырады. Оларда адамдар тұрақты жұмыс істейді. Пункттерде еңбек дұрыс ұйымдастырылса, астық үймесін тәулік бойы тазартуға, жоғары өнімділікке жетіп, жұмыстың өзіндік құнын астық үймесін ашық қырмандарда тазартумен салыстырғанда 1,5-2 есе кемітуге болады.

Комбайндардан келіп түсетін қырмандағы астық үймесін өздігінен қозғалатын ВП-2ОА үйме тазалауыш тазарталыд, оның өнімділігі 20 т/сағ.




Дәнді тазарту және сорттау принциптері

Астық қоспасын дән тазартатын машиналармен фракцияларға бөлу үшін тазартылатын қоспаның құрамына енетін дән мен бөтен заттардың жекелеген түрлерінің түрлі фзикиалық-механикалық қасиеттерін: шөлшеріндегі өзгешеліктерді, аэродинамикалық қасиеттерін, сыртқы бетінің күйін, формасын және үлес салмағын пайдаланылады.

Дәнді көлемі бойынша бөлу. Көпшілік жағдайда дән сопақша болып келеді. Дәннің ұзындығы – ең үлкен, қалыңдығы – ең кіші мөлшері, ені – ұзындығы мен қалыңдығының ортасындағы аралық мөлшер. Қалыңдығы мен еніне қарай дәнді елекпен, ұзындығына қарай негізінен триерлермен бөледі. Бірақ бұл елек дәнді ұзындығына қарай бөлуге жарамайды, өйткені дән тізінен түсіп, тесіктен өтіп кетуі мүмкін. Сондай-ақ дәнді еніне қарай бөлу үшін де пайдалануға болмайды, себебі дән аударылып түсіп, сопақша тесік арқылы қалың жағымен өтіп кете алады.

Сопақша тесіктері бар елікті дәнді қалыңдығына қарай сорттау үшін де арамшөптерден тазарту үшін пайдалануға болады. Мәселен дәндердің қалыңдығы әртүрлі болатын қара бидай мен бидайдың қоспасын алып олардың еніне қарай бидайдың дәнінің қалыңдығын үлкен қара бидай дәннің қалыңдығынан кішкентай сопақша тесіктері бар тербеліп тұрған елікке төксе, онда бидайдың дәні тесіктен өтіп кетеді, ал қара бидай дәні елікте қалып қояды.

Еніне қарай дәнді дөңгелек тесіктері бар елікпен бөледі. Дөңгелек тесік арқылы тігінен ені тесік диамертінен кем дән ғана өте алады. Ұзын дәндер (арпаның, бидайықтың, қара бидайдың т.б) дөңгелек тесіктерден нашар өтеді. Ұзындығы енінен екі еседен аса қоймайтын дәндер ғана (тары, қарақұмық, бидай және басқалар) жақсы өтеді.

Барлық еліктің бүйіріне соғылған өз нөмірі болады. Полотно нөмірі оның тесігінің 10-ға көбейтілген жұмыс мөлшеріне сай келеді.

Сопақша тесіктер дәннен екі-үш есе ұзындау болады. Еліктегі тесіктерді олардың ұзындығы мен дән қимылының бағыты сәйкес келетіндей етіп жасайды.

Сопақша тесіктері бар еліктер дөңгелек тесіктілерден көбірек қолданылады. Мұны тесіктер алатын орны көп болмауымен, яғни олардың неғұрлым тиімді жұмыс істейтінімен түсіндіру керек. Сонымен бірге сопақша тесікті електі дәнді сорттау кезінде жиі пайдаланады, өйткені зерттеу жұмыстары масса мен геометриялық мөлшер арасындағы ең күшті тәуелділік дәннің қалыңдығына байланысты болатынын анықталды.

ТЬазартылған материалды дәннің ұзындығы бойынша триерлерде бөледі. Триердің негізгі жұмыс органы цилиндр, оның ішкі жағында тесілген немесе штампталған ұялары болады. Цилиндр аздап көлбей орнатылып, ішіне науа орналастырылған. Цилиндр айналғанда ұялар ұзындығы өз диаметрінен қысқа дәндерді ғана іледі. Белгілі бір биіктікте дәндер өз салмағының әсерімен ұялардан төгіліп, науаға құйылады, науадан оларды сыртқа шнек алып шығады. Ұяларға сыймаған немесе науаның дән қабылдайтын жиегінен жоғары көтерілгенге дейін ілігіп тұра аламаған ұзын дәндер цилиндрден түсіп кетеді.

Қысқа және ұзын дәндерді – жоғары сапалы етіп бөлу үшін науаның дән қабылдайтын жиегі дән құйылатын және дән түсетін аймақтың аралығында орналасуы әрі цилиндрдің белгілі бір айналу жиілігі болуы қажет. Айналу жиілігін күшейткенде ұзын дәнедер қысқа дәндермен орталықтан тепкіш күштің әсерімен науаға түспейді немесе цилиндрдің ішкі бетіне жабысып, онымен қоса айналып, дән ұзындығына қарай бөлінбейді.

Дәнді аэродинамикалық қасиеттеріне қарай бөлу. Ауа тасқынына түскен дәндер салмағына, көлеміне, формасына және сыртқы бетінің ерекшеліктеріне байланысты қозғалысын өзгертеді. Ауа ағынын орталықтан тартқыш күшпен жұмыс істейтін желдеткіш береді, ол төрт және алты қалақшалы қанаттан және құндақтан тұрады. Құндақтың бүйірлеріне дәнді кейіннен қысым бергіш түтікке жіберетін, ауа сорылатын саңылаулар бар.

Ең қарапайым астық тазалауыш машиналарда әдетте айдағыш көлбеу ағынын пайдаланады. Ауыр салмақты сапалы дәндер осындай тасқынға ілігіп жақынырақ, ал жеңіл де нәзік дәндер алысырақ барып түседі.

Күрделі дән тазалауыш машиналарда айдағыш немесе сорғыш ауа тасқыны бар вертикаль каналдарды қолданады. Тазартылған массаның қабаты арқылы өтетін ауа тасқыны үрленетін вертикаль каналды аспиратор деп атайды.

Қазіргі күрделі дән тазалауыш машиналарда ауа тасқынын үрлеу үшін барабан типтес көп қалақшалы доңғалақтан тұратын диаметрлі жетдеткіштер қолданылады. Доңғалақ екі жақ бүйірінен құндақпен жабылған. Қалақшалар қисық сызықты формалы болып келеді және доңғалақтың айналуы бойынша ілгері қарай майыстырылған. Доңғалақтың шеңбері бойынша осы қалақшалардан тор пайда болады. Ауа кіретін саңылау ауа шығатын саңылауға қарсы орналасқан. Ауа доңғалақтың бүкіл ұзындығы бойынша сорылып, доңғалақ торы арқылы екі рет өтіп, ауа кіретін саңылау арқылы каналға үрленеді.

Диаметрлі желдеткіштер каналдың екі бойынша біркелкі ауа ағынын жасайды және жетек үшін аз айналымды қажет етеді, ол жұмыс кезінде діріл мен шуды азайтады.

Каналдағы ауа ағынының жылдамдығын жапқыш дәннен барлық жеңіл-желпі қоспалар бөлініп қалатындай етіп реттеп отырады. Ауа ағыны қоспаларды тұндыру камерасына айдайды. Тұндыру камерасының ауданы ауа каналының ауданынан үлкен, сондықтан ауаның жылдамдығы тұндыру камерасында бәсеңдейді, қоспалар шөгіп, сыртқа шығарылады.

Дәнді сыртқы бетінің күйі мен формасына қарай бөлу. Астық қоспасында жекелеген компоненттер дәндердің сыртқы бетінің күйін анықтайды, олар тегіс, кедір-бұдыр, бороздалы, адырлы, қабыршақпен, мамықпен көмкерілген және т.б. болып келеді. Формасы жөнінен дәндер домалақ, жалпақ, қырлы, ал формасы дұрыс болмай келеді.

Осы ерекшеліктері бойынша дәнді полотно горкаларында ирелең горкаларда, электр магнитті және дән тазалауыш машиналарда бөледі. Електер мен триерлерде, сондай-ақ ауа ағынын пайдаланғанда қажетті нәтижелерге алынбағанда ғана солай істейді.

Дәнді сыртқы бетінің күйі мен формасы бойынша бөлудің негізгі принципі мынадай тегіс дәндер көлбеу жазықпен кедір-бұдыр дәндермен салыстырғанда жақсы сырғиды, дәннің домалақ формасы олардың қозғалуына жәрдемдеседі, ал жалпақ формасы кедергі келтіреді. Екі параллель білікшеге тартылған шексіз полотно – полотно горкасының жұмысы осыған негізделген.

Горка көлбеуінің белгілі бір бұрышын және полотно қимылының жылдамдығын таңдап алып, тегіс дәндердің полотно төмен қарай жылжып, қабылдағышқа, ал кедір-бұдыр дәндердің жоғары көтеріліп, қабылдағышқа келіп құйылуына мүмкін болады. Осылайша қарасұлыны сұлыдан, қызылша тұқымын сынған сабақтар мен қоспалардан ажыратып алады. Тегіс горкаларда беде, зығыр тұқымдарынан қозыошаған, үйбидайық, арамшырмауық және дәннің сыртқы беті кедір-бұдыр болып келетін басқа да арамшөптер дәндерін бөліп алады.

Неғұрлым тиімді тәсіл – арамшөптердің кедір-бұдыр дәнін электромагниттермен бөліп алу. Бұл үшін беденің немесе зығырдың дәндерін құрамында темір мен бор бар ұсақ етіп үгітілген ұнтақпен мұқият араластырады. Арамшөптердің кедір-бұдыр дәндеріне бұл ұнтақ жақсы жабысады, ал беде немесе зығыр дәндерінің тегіс бетіне ұнтақ жабыспайды. Алынған қоспаны ішіне электромагнит орнатылған айналмалы жез барабанға жібереді. Ұнтақ жабыспаған тегіс дәндер барабаннан тез сырғып түсіп қалады, ал ұнтақпен көмкерілген кедір-бұдыр дәндер электромагнит өрісінің күші бар учаскеде барабанның сыртқы бетіне тартылып, содан соң барабанның астыңғы жағына түседі. Электромагнитті ЭМС-1 дән тазалауыш машинасы осы принциппен жұмыс істейді.

Сыртқы бетінің күйі мен формасындағы өзгешелікке бьайланысты дәндер ирелең горкаларда бөлектенеді. Мәселен, сиыржоңышқаны арпадан осындай тәсілмен бөліп алады. Сиыржоңышқаның, домалақ дәндер мен арпаның ұзынша дәндерінің қоспасы ирелең горканың айналымдары бойынша өз бетімен қозғалады. Бұл орайда арпа дәні үнемі винттің сыртқы бетінде қалып қойып, ирелең горканың орта тұсына жақын келіп түседі. Сиыр жоңышқаның дәндері үлкен орталықтан тепкіш күштің әсерімен ирелең горканың орталығынан қашықтап, винттің сыртқы бетінен тысқары барып түседі. Олар айналмалы құндаққа келіп төгіледі, сол құндақ арқылы сыртқа шығарылады.

Үшбұрыш формалы кейбір дәндерді формасы басқа дәндерден үшбұрышты тесіктері бар елекпен бөліп алуға болады. Бидайдан қатар қарақұмығын, тимофеевкалық кіші қымыздықты т.б. осындай тәсілмен бөліп алады.

Дәндерді меншікті салмағы бойынша бөлу. Әр түрлі мәдени өсімдіктер мен арамшөптер дәндерінің меншікті салмағы (1 см3 салмағы) бірдей болмайды. Осы тәсілмен дәндерді сұйық ерітінділерде бөліп алуға болады, олардың меншікті салмағын біршама жеңіл дәндер қалқып шығатындай, ал ауыр дәндер ыдыстың түсібе түсетіндей етіп таңдап алады.

Дән тазалауыш машиналар

Қандай дән (азық-түлік немесе тұқымдық) алу қажеттігіне және ол қандай қоспалармен ластанғанына байланысты дән үймесі бар, екі және үш рет тазартылады. Дән тазалауыш машиналар үш типті болады: азық-түлік астығын алу үшін дәнді бастапқы өңдеуден өткізетін машиналар, тұқымдық материал алуға арналған машиналар, астық пен тұқымдық дәнді оңай бөліне қоймайтын қоспалардан тазартатын арнаулы (горкалар, ирелең горкалар, электромагнитті және тағы басқалар) машиналар.

Жұмыс органдарының құрамы бойынша дән және тұқым тазалауыш машиналар мынадай түрлерге бөлінеді: ауа, ауа-елек, триер және ауа елек- триер машиналары. Алғашқы екеуі дәнді бастапқы өңдеуден өткізіп, азық-түлік материалын алу үшін қолданады. Машиналардың үшінші және төртінші типі дәнді тұқымдық материал нормасына жеткенше тазалап, сорттайды. Сонымен бірге дән тазалауыш машиналардың конструкциясы қарапайым және күрделі болып келеді.

Жылжымалы ОВП-2ОА үйме тазалауыш машиналардың ауа елек түріне жатады. Дән үймесін комбайннан немесе молотилкадан кейін тазалауға арналған. Ірі астық шаруашылықтарында, негізінен ашық қырмандарда қолданылады. Тазалауыштың негізгі жұмыс органдары дән құйылатын конвейер, ауа келетін бөлігі бар дән қабылдайтын камера, екі елек станы, дән төгілетін конвейер және қозғалыс механизмі.

ОВП-20 А үйірме тазалаушы жұмысының технологиялық схемасы: Б1, Б2, В,Г – електер


Машина үйілген астықты қозғалғанда Т әрпі тәрізді дән құйылатын қырғылы конвейер астықты іліп алып, оны қабылдау камерасының бөлігіне (шнегіне) береді. Қабылдау камерасынан шығарда астық тең екі бөлікке бөлініп, ауа каналдарына келіп түседі, мұнда ауа тасқыны жеңіл қоспаларда дәннен бөледі. Содан соң астықтың екі бөлігі жекелеген, буын қаптар арқылы қосарланып жұмыс істеп тұрған елек стандарына жылжиды. Елек стандарынан өткеннен кейін астық қайта бір тасқынға бірігіп, дән түсіретін қырғылы конвейермен автомобильге немесе қырман алаңына құйылады. Қалдықтарды ауа және елек тазалауыштары машинадан тысқары жерге пневмоконвейермен шығарып тастайды.

Өздігінен жүретін тұқым тазалауыш СМ-4 машинасы бидай, қара бидай, арпа, сұлы, жүгері, жөп және басқа дақыл тұқымдарын тазалап, сорттауға арналған. Ол ауа елек триер машинасы біріне жатады. Машинаның қырманда немес қоймада жұмыс істеу және бір қоймадан екіншісіне жылжыту үшін ендігінен жүретін механизмі бар.

Машинаның ең жоғарғы жұмыс жылдамдығы 4,5 м/сағ тасымал жылдамдығы 435 м/сағ жұмыс органдары мен өздігінен жүретін механизмнің жетегі жалпы қуаты 4,6 кВТ екі электр двигателінен жұмыс істейді. Тұқымды бидайды тазалап, сорттау кезінде бір сағат таза жұмыстың өнімділігі 4 т.

Дән тазалағыш СМ-4 машинасы жұмысының технологиялық процесінің схемасы

СМ-4 машинасы дән құйылатын транспорматордан, бөлгіш шнектен, таза ауа тазалау бөлігінен тұрады. Ал ауа тазалау бөлігі өз кезегінде екі тұйық аспиратция жүйесінен – бірінші және екінші аспиратциядан, 4 елегі бар екі ярусты елек станынан, екі триерден, дән төгетін екі тасқынды элеватордан тұрады. Машина бөлгіш шнекке дәннің құйылуы мен автоматты түрде реттеп отыруға арналған құрылғымен жабдықталған.

Машина астық үйіндісін жағалай қозғалғанда Т тәрізді дән құйылатын транспортер дәнді іліп алып, оны бөлгіш шнектің қабылдау шөмішіне береді. Ол дәнді шөміштің ені бойынша бөліп бірінші аспиратцияның ауа куаналына жібереді, мұнда ауа тасқыны жеңіл қоспаларды дәннен бөледі. Бөлінген жеңіл қоспалар тұндыру камерасына тұндырылып одан шнекпен сыртқа шығарылады.

Тазаланған дәнді шнек триерге әкелінетін дән төгетін элеватордың бірінші тармағының қалпақшасына жібереді. Триер ұялары ұзындығы ұя диаметрінен аспайтын қоспаларды таңдап алып, науаға төгеді, одан шнекпен сыртқа шығарылады. Қысқа қоспалардан тазартылған дән қара сұлы триерге келіп түседі. Бұл триердің ұялары сапалы дәнді сұрыптап алады, дән триер науасынан шнекпен дән төгетін элеваторға құйылады.

Ұзын қоспалар қара сұлы триерінен сыртқа шығарылады. Азық түлік астығын тазалауда триерлерді әдетте ажыратып қояды, дән екінші аспиратциядан кейін дән төгетін элеватордың екінші тармағының қалпақшасына қарай бағытталады.

Дән құйылатын транспортер көлбей қырғылы элеватордан және элеваторға Т тәрізді орналасқан шнек қоректендіргіштерінен тұрады, олар элеватордың төменгі қалпақшасымен топсалы қосылған. Алым ені 3350 мм. Қырманның міндетіне байланысты дән құйылатын транспортердің биіктігін леведкамен реттеп отыруға болады.

Ауа тазалау бөлігі екі тұйық аспирация жүйесінен тұрады. Ортақ қабырғадағы саңылау арқылы ауаның бір бөлігі бірінші аспирацияның айдауыш тармағынан, екінші аспирацияның ауа соратын тармағына келеді. Ауа тасқынын жасау үшін диаметрлі желдеткіштер (7 және 8) қолданылған. Аспирация каналдарындағы ауа тасқынының күші жапқыштармен (17 және 10) сына- ременьді вариатордың есебінен желдеткіштің айналу жиілігімен қосымша реттеліп отырады.

Екінші аспирация каналдарының аралығындағы жыраларда алмалы-салмалы мата сүзгі орналасқан, шаңданған ауаның бір бөлігі сол арқылы шығып кетеді. Сүзгіні ауық-ауық тазартып тұрады. Елек станы ОВП-20 машинасындағыдай құрылған, бекітіледі, қозғалысқа келтіріледі.

Дәл түсіретін элеватор – екі тасқынды, жабық шөмішті тасымалдағыш (нория). Қуыршақ және қара сұлы триерлері цилиндрлер ұяларының мөлшерімен ғана ерекшеленеді. Әрбір триер ұяларының диаметрі 5 мм қара сұлы триері ұяларының диаметрі 9,5 мм. Цилиндрлердің диаметрі 600 мм ұзындығы 1960 мм. Бөлгіш шнекті яғни бүкіл машинаны автоматты түрде реттеп отыратын құрылғы. Жылжымалы шымылдықтан және клапаннан тұрады. Клапан серпілі, қысу күшін машина оң жақ бүйіріне орналасқан фикастор рычаг реттеп отырады. Клапан өсінде ажырату таянышы орнатылған. Бөлгіш шнектің құндағына дән толып кетсе, клапан сызғымдалады да, таяныш арқылы шеткі ажыратқыштың ролигіне әсер етіп, өздігінен жүру механизмі электромагнит арқылы ажырайды, ал дән қалыпты мөлшерде болса қосылады. Электромагнит тіреуіш тісті доңғалақтың бос жүрісінің шаппасымен тоспалы қосылған.

Өздігінен жүретін механизм ашық цилиндрлі редуктордың тіреуіш тісті механизмінен, жұдырықша муфталарды басқару білігінен, жүріс доңғалақтарына тартылған шынжырлы берілістерден, жұмыс және бос шаппаларын біріктіру механизмінен тұрады.


Астық тиеуіштер

Өздігінен жүретін ЗМ-60 дән ұшырғышы астық қоймалары мен ашық қырмандарда дән тиеу-түсіру жұмыстарын механикаландыруға, дәнді аударыстыруға, жеңіл қоспалардан бөліп, сүзуге және астық үймелерінен көмбелер жасауға арналған 1 сағат таза жұмыс өнімділігі – 52,3 т. Қажетті қуаты – 9,44 кВт.

ЗМ – 60 дән ұшырғышы жүріс бөлігі бар рамадан, Т тәрізді екі қоректендіргіші бар қырғылы транспортерден, бұру рамкасынан, триммерден (ұшырғыштан 3), көтеру механизмінен, өздігінен жүретін механизмнен, электр жетегінен және жарық жүйесінен тұрады.

Лебедканың көмегімен дән тиейтін транспортерді жұмыс қалпына келтіреді. Қарсы жетектің муфтасын іске қосады. Содан соң дән құйылатын транспортердің электр двигателін қосады. Дән ұшырғыштың қалыпты жұмыс істеп тұрғанына көз жеткізгеннен кейін өздігінен жүретін механизмді іске қосады, бұл үшін басқару рычагын жайлап нөлдік белгіден жоғары қарай көтеріп, қажетті жылдамдықты таңдап алу керек. Дән құйылатын транспортер астықты іліп, оны триммердің бағыттауышы келте түтігіне береді.

Өздігінен жүретін ЗМ-60 дән ұшырғышы


Триммер аыстықты 4,5 м жоғары көтеріп, оны төмен ьтүсірілген бағыттауыш құндақпен тасымал құралдарына тиейді.

Триммер ось маңында бұрыла алады, сондықтан астық автомашиналар мен автопоездарға толассыз тиеуге болады. Триммер астық көмбелерін үйе алады. Дән ұшырғыштиың жұмысын өздігінен жүретін механизм реттеп отырады. Жұмыс жылдамдығын 0-45 м/сағ аралығында өзгертіп отыруға болады. Артқа қарай қозғалған кезде жылдамдық 0-ден 250 м/сағ-қа дейін өзгереді. Әлдеқандай транспорт құралына тіркелгенде тасымалдау жылдамдығы 5 м/сағ-тан аспауы тиіс.

Өздігінен жүретін ЗПС-100 дән тиеуіші ЗМ-60 дән ұшырғышы жұмыстарында қолданылады, тек ол дәнді жеңіл қоспалардан бөліп сүзбейді. 1 сағат таза жұмыс өнімділігі 100 т. Астық тиеу биіктігі -2,8 м. Электр двигателінің қуаты 10,5 кВт. Жалпы сырт көрінісі бойынша ол ЗМ-60 дән ұшырғышына ұқсас, тек триммердің орнынан дән құйылатын ленталы транспортер орнатылған. Дән төгетін транспортер айналмалы колонкаға бекітілген, оның көмегімен триммер сияқты оны екі жағына қарай 900-қа бұрып, арнаулы лента тежеуішпен белгілі бір қалыпқа қоюға болады. Тиеуіштің (бір сатылы) жұмыс жылдамдығы – 40 м/сағ, тасымалдау жылдамдығы 600 м/сағ.


Астық кептіргіштер

Астық ұзақ уақыт сақтаудың шарты оның ылғалдылығының қалыпты болуы, ол бидай, қарабидай, арпа, тары, жүгері үшін 14-15%-тен аспауы тиіс. Егін орағы кезінде еліміздің бірқатар аудандарында дәннің дымқылдығы 20-22%-ке, ал жауын-шашынды кезде 30%-ке дейін жетеді.

Жаңадан жинап алынған, ылғалдығы 18%-тен аспайтын астық кондициялы қалыпқа табиғи әдіспен – күннің көзіне немесе ауамен – кептіру арқылы жүргізіледі. Ылғалдығы одан артық астық ауамен немесе оттық газдар араласқан ауамен жылытылған дән кептіргіштерде жасанды жолмен кептіріледі.

Күннің көзіне кептіргенде де, ауамен кептіргенде де астықты қалыңдығы 10-15 м-ден аспайтын мөлшерде теп-тегіс етіп жайып, әлсін-әлсін аударыстырып отырады, бұл үшін дән тиеуіштер мен дән пульттерін пайдаланады. Күннің көзіне кептіргенде астықтың ылғалдығы 2-3% ал ауамен кептіргенде (ашық ауа райында) – 1 төмендеуі ықтимал. Дән тиеуіш арқылы бір рет өткізілген астықтың ылғалдығы 0,5%-тен көп төмендей қоймайды.

Қазіргі дән кептіргіште астық бір өткенде оның ылғалдылығы 12-14% төмендейді. Кептіру режимін жылу көзінің температурасы, оның астық қабаты және осы қабаттың арасы арқылы өту жылдамдығы анықтайды.

Дәнді кептіруге оны қыздыратын температураның маңызы ерекше, өйткені температура шекті мөлшерден асып кетсе, дәннің сапасы төмендейді, шығымдылығы күрт нашарлайды.

Жылу көзінің (оттық газдардың ауамен қоспасы) және дәнді жылыту температурасы дақылға және астықтың бастапқы кездегі ылғалдылығына байланысты таңдап алынады. Дәннің бастапқы ылғалдылығы ұлғайып кетсе, жылу көзінің температурасын төмендетеді. Кептіруде температураны дән үлгілерін сынап термометрлі, сыйымдылығы 750-1000г қақпағы арқылы тексеріп тұрады. Кептіру құрылғысының түріне қарай шахталы және барабанды астық кептіргіштер болып бөлінеді.

Шахталы кептіргіштерге астықты үстіңгі жағынан құяды. Кептіру камерасында астыңғы жағынан бес қырлы қораптар шаршылай орналастырған. Астық қораптар аралығымен төмен қарай өз салмағының әсерімен қозғалады., жылу астықтың алдынан соғады. Жылу көзі кептіру камерасына келетін қораптар дән жеткізетін түтік желісі жағынан ашық тұрады, қарама-қарсы ұшы бітеу қабырғаға тіреледі, ал жұмсалған жылу көзі шығарылатын қораптар дәнді кері әкететін түтік желісі жағынан екі бүйірінен тұрады. Жылу көзі желдеткіш шығаратын арын күшімен қозғалады. Кептіру камерасының астыңғы жағында салқындату камерасы орналастырылған. Дән әкелетін қораптарға атмосфера ауасы үрленеді, ал дән әкелетін қораптар арқылы ауа сыртқа шығарылады.

Дәннің қозғалыс жылдамдығы салқындату камерасының астында ілгері-кейін қозғалатын саңылау қолпақтарының орын ауыстыруы арқылы реттеліп отырады. Масақты дақылдардың азық-түлік дәнін кептіру үшін шахталы кептіргіште жылу көзінің температурасы 100-1100С мөлшерде белгіленеді, астықты 450С – қа дейін қыздырады: тұқым кептіру кезінде дәннің қыздыру температурасын 400 С-ға дейін төмендетеді.

Қазіргі тұрақты шахталы дән кептіргіштерінде кептіру шахталарыцнан өткеннен кейін астықты салқындату үшін екі тік цилиндрден тұратын салқындату колонкаларын орнатып, олардың арасындағы бос орынға дән толтырады. Цилиндрлердің жұмыс бөлігі тесілген, бұл ауаның өтуін қамтамасыз етеді. Салқындаған дән колонканың төменгі бөлігінің шлюзді қақпағы арқылы шығады. Қақпақты мотор-редуктор қозғалтады, ол кептіргіш үстінде орналасқан бункерлердегі астықтың жоғарғы және төменгі деңгейінің датчиктері жұмыс істегенде қосылады.

Барабанды кептіргішке астық айналмалы секциялы барабанмен беріледі., Барабанның қалпақшалары және крестовинкалары астықты көтеріп, содан соң оны барабанның жиегіне лақтырады. Жылу бергіш астық тасқыны арқылы өтеді. Кепкен дән салқындату барабанына келіп түседі. Азық-түлік астығын кептіру үшін барабанды кептіргіштегі жылу көзінің температурасы 180-2000С, тұқым үшін 140-1600С болады.

Бір рет өткізілген астықтың ылғалдылығы шахталы кептіргіште 6%, ал барабанды кептіргіште 8% кемиді.

Барабанды дән кептіргіштер әмбебап, оларда астық біркелкі қызып, біркелкі кебеді: ылғалдылығы мен ластануы кез келген дәрежедегі астықты кептіруге болады. Кептіру процесі автоматты түрде реттеліп отырады: кебуге аз уақытты қажет ететін жеңіл дәндер барабан арқылы жылдамдырақ өтеді. Барабанды дән кептіргіштерді орнату үшін төбесі биік үйлердің қажеті жоқ.

Барабанды, тұрақты СЗСБ-8 дән кептіргіші түрлі дақылдардың дәнін кептіруге арналған. Кез келген дәрежеде ластанған астықты кептіруге болады, дәнді алдын ала тазартып алудың қажеті жоқ. Электр двигательдерінің тағайындалған қуаты 30,4 кВт.

Барабанды СЗПБ-8 дән кептіргіш


Кептіргіш жұмыс істеп тұрғанда салқындату колонкасындағы дәннің деңгейін қамтамасыз ететін қақпағының жұмысы автоматты түрде басқарылады. Сондай-ақ оттықты жағуды және от жалынын бақылауды автоматтандыру көзделген. Сағатына 65 кг сұйық отын жұмсалады. Өзге барабанды кептіргіштердің де құрылысы мен жұмыс процесі осындай.

ЗАВ-20А дән тазалауыш агрегаты мен КЗС-20Б дән тазалауыш–кептіргішіне арналған машиналар мен жабдықтар комплексі

ЗАВ-20А дән тазалауыш агрегат-пәнктіне арналған машиналар мен жабдықтар комплексінің құрамына гидравликалық ГАП-2Ц автомобиль көтергіші, НЗ-20 дән құйылу нориясы, екі ауа елек ЗВС-10 дән тазалауыш машиналары, олардың аспирациялық каналдарында ауа тасқынын жасауға қызмет ететін орталық ауа жүйесі, екі БТ-10 триер блогы, беріліс транспортерлері, дән өткізгіштері, сигналдандыру және блоктау жүйесі бар басқару пульті енеді.

Автомашиналық гидравликалық автокөтергіші астықты дән төгетін ұрғыға құяды. Содан соң нориялар дәнді қатар жұмыс істейтін екі ауа елек машинасынцың қабылдау камерасына береді. Бұл машиналардың елек стандары ОВП-20 және 4см тазалауыш машиналардағы құрылған және солай жұмыс істейді. Жеңіл қоспалар орталық ауа жүйесінің тұндыру камерасы арқылы қоспалар секциясының бункерлер блогына келеді. Тазартылатын материалдың сапасына және мақсатына қарай дән ауа елеу машинасынан кейін тазартылған дән бункеріне немесе триерде тазартылуға жіберіледі. Ірі қоспалар ауа елек машиналарынан қалдықтар секциясына ал ұсақ қоспалар жем секциясына келіп жиналады. Ұзын қоспалар да триер блогынан қалдықтар секциясына, ал қысқа қоспалар жем-шөп секциясынан таза дән тазаланған дәндер бункеріне құйылады. Бункерден астық өзі құйылады. Комбайндардан астық бір қалы

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!