Жоба әдісін биология курсында қолданудың зерттеушілік дағдыны қалыптастырудағы тиімділігі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жоба әдісін биология курсында қолданудың зерттеушілік дағдыны қалыптастырудағы тиімділігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Жоба әдісін биология курсында қолданудың зерттеушілік дағдыны қалыптастырудағы тиімділігі
Материалдың қысқаша нұсқасы

ЖОБА ӘДІСІН БИОЛОГИЯ КУРСЫНДА ҚОЛДАНУДЫҢ ЗЕРТТЕУШІЛІК ДАҒДЫНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ТИІМДІЛІГІ



П.А.Көпбосын

ЖШС «Дарынды балалар» зи яткерлік білім беру мектебі, Сарыағаш, Қазақстан

Бұл мақалада жоба әдісін қолдана отырып, биология бойынша жобалау-зерттеу қызметін ұйымдастыру ерекшеліктері қарастырылады. Жоба әдісімен оқытудың ашықтық пен ізгілендіру қағидаттарының ерекшеліктері көрсетілген. Сонымен қатар жобалық оқыту әдістемесінде оқушының тұлға ретінде көпжақты қалыптасуын қамтамасыз ететін әртүрлі тәсілдер сипатталған. Мақала оқу жобаларын енгізу ерекшеліктерін анықтау, биологияны оқытуға қатысты оларды іске асыру алгоритмін әзірлеу бойынша зерттеу нәтижелерін білдіреді. Алынған нәтижелер технологиялық модельді апробациялау жобалық қызметтің құзыретіндегі контекстінде әмбебап оқу іс-әрекеттерін қалыптастыру үшін жоба әдісінің тиімділігін айқын дәлелдейді. ХХ ғасырдың бірінші жартысында жасалған жоба әдісі қазіргі ақпараттық қоғамда тағы да өзекті болып отыр.

Түйін сөздер: жоба, зерттеушілік, болжам, биология, мәселе, әдіс.

Кіріспе

Қазіргі кезеңде білім алушылардың жобалық қызметін ұйымдастыру мектептің негізгі білім беру бағдарламасы құрылымында міндетті талаптарының бірі болып табылады. Сондықтан жоба әдісі оқушылардың оқу және сабақтан тыс іс-әрекетінде белсенді қолданыс табуда. «Жоба» әдісімен оқыту прагматикалық оқытудың негізін қалаушы Джон Дьюи идеяларының арнасында оқытудың ұйымдастырушылық формаларының бірі болып табылады. Д.Дьюидің теориялық концепциясы американдық педагог У.Килпатрик пен Э.Коллингстің жоба әдісін әзірлеуіне негіз болды. Алайда «жоба» сөзі көбінесе шектен тыс пайдаланылады және жоба әдісімен оқытуды іске асыру негізделген қағидаттарға сәйкес келмейтін көптеген мектеп іс-шараларын қамтиды. Жоғарыда келтірілген ақпараттан оның бастапқы принциптеріне сәйкес оқытуды іске асыру оқытушының оның әдістемесін егжей-тегжейлі зерделеуін көздейді. Оқушылар командасы күнделікті өмірімен байланысты тақырыптарды шешеді. Бұл тақырыптар пәнаралық сипатта болуы тиіс. Олар баланың өзі еркін таңдаған іс-әрекеті ғана үлкен ықыласпен орындалатынын, танымдық іс-әрекет оқу пәні арнасында емес, балалардың ерекше мүдделеріне сүйенетінін, нақты оқыту ешқашан бір жақты болмайтынын есепке алды. Ресейде бұл идеяларды бірінші болып С.Т.Шацкий жүзеге асырды. Қазіргі уақытта әдістемелік және педагогикалық әдебиетте «жобалар» әдісі жеткілікті ашылған, бірақ биология пәнін оқыту барысында жобаны жүзеге асыру мүмкіндігі тек кейбір авторлармен қаралды [1;86]. Солардың ішінде Н.Ю.Пахомова, М.Б.Романовская, Л.В.Ляхова, Е.С.Полат т.б. келесі талаптарды бөліп көрсетеді:

1. Интеграцияланған білім берудің ізденіс проблеманың болуы; жоспарында зерттеуді талап ететін маңызды

2. Болжанатын нәтижелердің практикалық, теориялық, танымдық маңыздылығы;

3. Оқушылардың өзіндік (жеке, жұптық, топтық) қызметі;

4. Жобаның мазмұндық бөлігін кезең-кезеңмен құрылымдау;

5. Іс-әрекеттердің нақты бір реттілігін көздейтін зерттеу әдістерін пайдалану: проблеманы және одан туындайтын зерттеу міндеттерін анықтау (зерттеу барысында «миға шабуыл» әдісін, ғылыми іс шараның белгілі бір формасы «дөңгелек үстелді» пайдалану); гипотезаларды ұсыну және оларды шешу; зерттеу әдістерін талқылау (статистикалық, эксперименттік әдістер, бақылау және т.б.); соңғы нәтижелерді ресімдеу тәсілдерін талдау (презентацияларды қорғау, шығармашылық есептер, және т.б.); алынған мәліметтерді жинау, жүйелеу және талдау; қорытынды жасау, нәтижелерді ресімдеу, оларды таныстыру; қорытынды, зерттеудің жаңа проблемаларын айқындау.

Оқушылар оқу материалын рефлексивті түрде қабылдауға бағдарланады, алдына мақсат, проблема қою қабілетін қалыптастырады, пәнүсті түсініктері мен пәнәралық деңгейде әртүрлі пәндерден алынған ақпаратты білім, білік және дағдыға айналдырады [2;6]. Е.В. Тяглова және Е.А. Якушкина жобалар әдісін енгізудің ең үлкен мәселелері биологияны оқытуда пайда болатынын атап өтсе, М.В. Высоцкийдің пікірінше, биология сабақтарында жобалар әдісін қолдану оқушылардың іс-әрекеттерін жүзеге асыруға, оқу кезінде алған білім мен біліктерді біріктіруге мүмкіндік береді. Оқушылардың зерттеу құзыреттілігі, ойлау үрдістерінің даму деңгейін көрсетеді, олар: проблеманы тұжырымдау; оны шешу туралы болжам жасау; гипотезаны ұсыну; қойылған проблеманы шешу шарттарын анықтау және ажырату; табиғи құбылыстардың ықтимал себептері мен салдары туралы болжамдарды негіздеу және т.б. [3;33].

Қазіргі ақпараттық қоғамда мұғалімнің сабақтарда жоба әдісін қолдануы, оқушыларға өз бетінше оқып, өз білім деңгейлерін көтеруіне, олардың тұлғалық қасиеттеріне сәйкес қатаң шеңберден кетуіне және кеңінен ізденуіне мүмкіндік береді.

«Жоба» әдісі - оқытудың жеке-әрекеттік тәсілін іске асыратын төртінші буын технологиясы, шектеулі уақытта және шектеулі ресурсты пайдалана отырып, жүзеге асырылатын қызметті кезең-кезеңмен ұйымдастыру және сипаттау тәсілі. Мұғалім жоба әдісін қолдануда оқушылардың психологиялық, физиологиялық ерекшеліктерін және олардың мүдделерін ескеруі қажет, яғни жоба қол жетімді шығармашылық тапсырмалардан тұруы керек.

Мұғалім жұмысының басты мақсаты - әмбебап оқу іс-әрекеттерін қалыптастыру. Оқушыларға кейбір таңдалған тақырып бойынша «жаттықтыру» әдісімен білім беру емес, оларды мәселені бөлуге, оны әртүрлі тәсілдермен шешуге және шешудің ең оңтайлы тәсілін табуға үйретеді.

Жоба әдісімен оқыту оқушыларға көптеген тәрбиелік міндеттерді шешуге және тұлғалық: іскерлік, жігерлілік, жауапкершілік қасиеттерін дамытуға көмектеседі, өз еңбегінің нәтижесі үшін жауапкершілікке үйретеді, іс нәтижесі әр адамның жеке үлесіне байланысты деген сенім қалыптастырады және оқушыларға өз қабілеттері мен даралығын көрсетуге, олардың практикалық іс-әрекетінің дағдылары мен біліктерінің, зерттеу құзыреттерін қалыптастыруына мүмкіндік береді. Жоба әдісінің негізінде оқушылардың танымдық уәждемесін дамыту, өз білімдерін өз бетінше құрастыра білу, ақпараттық кеңістікте бағдарлай білу, алынған ақпаратты талдау, өз бетінше гипотезалар шығару, танымдық, зерттеушілік, шығармашылық іс-әрекет дағдыларын игеру, шешім қабылдау жатыр.

Жоба әдісін қолдана отырып сабақ жүргізу, әсіресе, практикалық-теориялық жоба әдісінінің тиімділігін, бағалау жүйесіндегі рационалдылығын көрсетеді [4; 324]. Осылайша, жоба әдісімен оқытудың мақсаты-оқушылардың өздері әртүрлі ақпарат көздерінен өз бетінше білім алып, алған білімдерін танымдық және практикалық тапсырмаларды шешу үшін пайдалануды үйренетін жағдайлар жасау. Осындай әдістердің бірі жоба әдісі болып табылады, ол біздің ойымызша, қазіргі заманғы инновациялық технологиялардың негізі болып табылады және бүгінгі таңда әртүрлі оқу пәндерін оқытуда қолданылады.

Жоба қызметінің негізі келесі іскерліктер болып табылады: - білімді практикада өз бетінше қолдану;

- ақпараттық кеңістікте бағдарлау;

- үздіксіз өздігінен білім алу;

- сыни және шығармашылық ойлаудың болуы;

- мәселені көру, қалыптастыру және шешу қабілеті.

Жоба әдісі түсінігін - қойылған оқу-танымдық міндетке жетудің белгілі бір тәсілінің жалпыланған моделі, тәсілдер жүйесі, танымдық қызметтің белгілі бір технологиясы деп білеміз. «Жоба» - қызметтің нәтижесі және «жоба» ұғымын таным әдісі ретінде араластырмау маңызды. Жоба әдісі зерттеуді жеке және топтық түрде іздеуді талап ететін проблеманың болуын көздейді. Ол бір сабақта да, сабақтар сериясында да қолданылуы мүмкін. Зерттеу және жобалау қызметі ұғымын дамыта отырып, ғалымдар зерттеу көбінесе «жоба» рөлінде болады деп есептейді. Шын мәнінде, кез келген зерттеу осы зерттеуді жобалау және жүзеге асыру негізінде құрылады.

Жобалау және зерттеу қызметі өзінің бағыты мен нәтижесі бойынша әртүрлі. Зерттеу жұмысы танымдық үрдістер мен танымдық іс-әрекетті белсендіру арқылы жаңа білімді игеруге және ашуға бағытталған. Жоба іс-әрекеті-тәжірибелік, өзінің табиғаты бойынша және белгілі бір объектіні (модельді) құруға бағытталған. Айырмашылықтармен бірге, екі қызмет ұқсас [5;52].

Оқу жобалары әдісінің негізі оның нәтижеге практикалық бағытталуы болып табылады, ол міндетті түрде оны көруге, ұғынуға, практикалық қызметте нақты қолдануға болатындай болуы тиіс. Мұндай нәтижеге қол жеткізу үшін оқушылар проблеманы көру қабілетіне ие болуы тиіс, жан-жақты білімді тарта отырып, оларды шешудің нұсқаларын өз бетінше әзірлеуі, нәтижені болжау, жағдайға байланысты өз іс қимылдарының жоспарын түзету т.б.

Жоба қызметін балалар мен ересектердің қарым-қатынасын, шығармашылығын қамтамасыз ету құралы ретінде қарастыруға болады. Сонымен қатар, белгілі бір жағдайларда адамның жобалау қызметіне қатысуы мен оның қатысушыларының өзін-өзі дамытуы (олардың өзін-өзі анықтауы, өзін-өзі көрсетуі, шығармашылық қабілеттерінің дамуы және т.б.) арасында тәуелділік бар - деп айтуға болады. Балалардың қатысуы - педагог дамуының, оның кері байланысқа сезімталдығының міндетті шарты болуы мүмкін [6;12].

Оқу жобасы өте қатаң құрылымға, уақыт шеңберіне және құжаттамасына ие. Әрбір жобаның нақты басталуы мен аяқталуы бар. Оқу жобаларының көлемі әртүрлі. Уақыт бойынша жобаларды оқушыдан материалды іздеу, оны талдау және т. б. үшін көп уақытты талап ететін ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді деп бөлуге болады.

Жобамен жұмыс істеу кезінде осы оқыту әдісінің бірқатар ерекшеліктерін атап көрсету қажет. Ең алдымен бұл жоба жұмысы барысында шешілетін мәселенің болуы. Мәселе жобаның авторы үшін жеке маңызды сипатқа ие болуы керек, оны шешім іздеуге ынталандыру керек. Жоба әдісі - білім беру, тәрбие үрдісін ұйымдастырудың икемді үлгісі. Жобалар ауқымы мен бағыты бойынша төмендегідей бөлінеді:

1. Монопәндік жоба - бір оқу пәні шеңберіндегі жоба сыныптық-оқу жүйесіне толығымен сәйкес келеді.

2. Пәнаралық жоба - екі немесе одан да көп пән бойынша білімді пайдалануды көздейтін жоба. Жиі психикалық қызметке қосымша ретінде қолданылады.

3. Пән үсті жобасы - пәннен тыс жоба, білім саласы түйіскен жерде орындалады, мектеп пәндері шеңберінен шығады. Оқу қызметіне қосымша ретінде пайдаланылады, зерттеу сипаты бар. Жобаны құру кезінде белгілі бір кезеңдерді сақтау маңызды.

Оқытудың жобалық әдісін әзірлеудің әртүрлі нұсқалары белгілі, бірақ 10 кезеңнен тұратын келесі нұсқа қолайлы:

  • жобалық тапсырманы әзірлеу;

  • мақсатты болжау;

  • шығармашылық топтарды қалыптастыру;

  • кезеңдерді әзірлеу;

  • жобаның жоспары бойынша тапсырмаларды бөлу (баланың рөлін ажырату);

  • жобаны әзірлеу;

  • жобалық қызметтің қорытындыларын білдіру, нысандарын анықтау;

  • нәтижелерді ресімдеу;

  • презентация;

  • рефлексия.

Жоба жұмысын ұйымдастыруда ең маңыздысы - жобалаудың дәстүрінің болуы. Дәстүрдің басымдылығы мол. Бұл жерде дәстүр «жоба» жұмысында, ең алдымен, проблеманың болуында емес, мұғаліммен жобаға қатысушылардың бірге жұмыс жасау тәжірибесінің болуында [7;109]. Биология пәнінде жоба жұмысын сабақта бастаған жөн, яғни жобаға қатысушылар жұмыстың біршама бөлігін сабақта, ал басқа бөлігін сабақтан тыс орындайды.

Мысалы: «жобаға кіру» (тақырыбы, мақсаты, міндеттері және т.б.) сабақта орындалады, ал әдебиет көздермен жұмыс, жобаны рәсімдеу үйде; эксперименталды бөлімді өткізу мұғалімнің басшылығымен мамандандырылған кабинетте, ал алынған нәтижелерді таныстыру сабақта орындалады. Ол үшін практикалық және зертханалық жұмыстарды, топтық өзара әрекеттесуді ұйымдастыра отырып, іс-әрекеттік тәсіл негізінде аралас сабақтарды, ойын сабақтарын жақсы пайдалану керек. Бұл сабақ түрлері оқушыны белсенділігін арттырып, оған дербестік танытуға мүмкіндік береді [8;62]. Сонымен қатар, зертханалық сабақтарда жоба әдісін қолдану, жоба жұмыстарын ұйымдастыру практикалық және кәсіби дағдыларды дамытуға әсер ететіндігі және биологиялық процестерді жақсы түсінуге ықпал ететіндігі дәлелденген. Білімгерлердің пәнге деген қызығушылығымен қатар олардың креативтілігін де арттырады. Теория мен практиканы ұштастырудың бірден-бір оқыту тәсілі болып табылады [9;2,10;30].

Зерттеу материалдары мен әдістері

Биология саласындағы тиімді білім берудің ажырамас бөлігі оқушылардың жобалық қызметі болып табылады. Мұны түсіндірмелі-иллюстрациялық тәсілді қолдану кезінде оқушының міндеті жаттықтыру жолымен білімді есте сақтау мен қайта жаңғырту немесе қандай да бір әрекетті меңгеру арқылы, ал жоба әдісін қолдану кезінде оқушы заттар мен құбылыстар туралы білім алатыны, өз бетінше әзірленген немесе ұсынылған жұмыс жоспары барысында оларды зерделеу жолдарын белгілейтінімен түсіндіруге болады. Ол мұғалім ұсынған немесе өз бетінше тұжырымдалған міндеттерді шешу жолымен меңгеруге жататын білімді немесе әрекеттерді ашады. Нәтижесінде оқушыларда жаңа білімге деген қажеттілік пайда болады. Жоба әдісін қолданғанда біз оқушылардың қызметін ғылыми білімді шығармашылық меңгеруге және ғылыми таным әдістерін меңгеруге бағыттаймыз. Тәсілдің мәні проблеманы қою және оны оқушылардың шешімі арқылы өз бетінше іздеуден тұрады. Әрбір іздеу - маңызды. Өз жұмысымызда түрлі типологиядағы жобаларды пайдаландық. Бұл зерттеу, ақпараттық, іздестіру, шығармашылық, рөл-ойын жобалары (оқушылардың басым қызметінің сипаты бойынша); жеке, жұптық, топтық жобалар (қатысушылар саны бойынша); қысқа мерзімді ( сабақтың белгілі бір кезеңінде), орташа қысқа мерзімді ( бір аптадан бір айға дейін), ұзақ мерзімді болуы мүмкін. Көбінесе орындалатын жобалар бірнеше түрлерді үйлестіре отырып, кешенді сипатқа ие болды. Жобаның әрбір түріне қысқаша тоқталар болсақ:

Биология курсында 7- сынып оқушыларымен «Түркістан қаласының аумағында қыстайтын құстардың түрлік құрамын анықтау» тақырыбында жоба дайындалды. Жобаның проблемасы анықталып (климат, ауа-райына байланысты, жыртқыш құстар санының төмендеуі, басқа да факторлар есебінен қыстайтын құстар: қарғалар, алақарға, сауысқандар мен торғайлардың саны тым артты. Нәтижесінде егінге, бақша, астық дақылдарына елеулі шығын әкелуде. Олардың шектен тыс шоғырлануынан саябақ, аллея, ескерткіштер мен сәулет ғимараттарын бүлдіру әсерлері байқалады. Жоба жұмысын орындау барысында жоба жоспарына сәйкес тапсырмаларды топта оқушылар мұғалім кеңесімен бөлісті. Бұл деректер құстардың географиялық аудандар мен биотоптар бойынша таралу сипатын, сондай-ақ құстардың кеңістіктіктегі тобыр құруының жалпы ерекшеліктерін айқындау. Қыстайтын құстардың түрлері жиынтық тығыздығы, биомассасы және басқа тіршілік заңдылықтарынан деректер жинау, ақпараттық сипаттамаларын беру жұмыстары жүрді. Құстардың географиялық аудандар мен биотоптар бойынша таралу сипатын, сондай-ақ құстардың кеңістіктіктегі тобыр құруының жалпы ерекшеліктерін айқындау, қыстайтын құстардың түрлері жиынтық тығыздығы, биомассасы және басқа тіршілік заңдылықтарынан деректер жинау, ақпараттық сипаттамаларын беру жұмыстары жүрді. Жергілікті жерде қыста мекендейтін құстарға бақылау жүргізу үшін топ оқушылары белгілі маршрутпен белгіленген алаңдағы құстардың түрін, түсін, дене пішінін, жемдерін қар астынан тауып жеуге икемдігін (тұмсықтары үшкір, мықты, тырнақтары өткір) айқындады.

Мысалы, қарға мен сауысқан ұқсастығына қарай қоректік тізбектегі орнын, олардың жауларын анықтауға зерттеу жүргізді. Құстарды ұстау екі мезгіл: 800-1800 және 19 00- 2100 уақыттарында жүргізіліп, құстардың жынысы, қанаты мен жіліншік ұзындығы, салмағы т.б. белгілері есепке алынды.

Жұмыс кезеңдерін орындауда орнитологиялық әдістер таңдалып, анықтағыштармен сөздіктер, атластар қолданылды. Жұмыстың нәтижесі сыныпта талданып, қызықты деректермен толықтырылып, презентациямен қорғалды. Жоба орындаушы-оқушылардың тұлғалық, шығармашылық және зияткерлік қабілеті, дербестігі, белсенділік, жауапкершілік сынды қасиеттерін көрсету негізінде олар жобалау қызметінің алгоритмін меңгерді, ақпаратты өз бетінше іздеуді және талдауды, басқа пәндер бойынша бұрын алған білімдерін біріктіруді және қолдануды үйренді. Жоспарлау және шешім қабылдау іскерліктері қалыптасты. Жобаның қорытындысында құстар күні аталып, фотосессия ұйымдастырылды. Осы жобаны орындау, оқушылардың зерттеу әлеуетін іске асырды, дербестікке баулыды, оқушылар жаңа білім мен іскерлікке ие болды. Оқушылар ғылыми-зерттеу жұмысының негіздерімен танысты, зерттеудің мақсаты мен міндеттерін анықтауды, зерттеу жоспарын құруды үйреніп, балалалар зерттеушілік дағдыларын меңгеріп, мотиавция алды.

Оқушылар үшін әртүрлі синтетикалық тағам қоспаларының, ақуыздардың қасиеттерін салыстыру, әр түрлі тағамдық өнімдерде витаминдерді табу сияқты мини-зерттеулер өте қызықты. Биологиядан 8- сыныпта « Дәрумендер» тақырыбы бойынша жоба жұмысында «Кейбір өнімдерде С витаминін анықтау» атты кішігірім практикалық жұмыстар жүргізілді. Нұсқамалық карталар бойынша оқушылар осы витаминнің мазмұнына лимон шырынын, қырыққабат тұздығын, компотын, алма шырынын зерттеді. Бұл шағын зерттеу жобасын орындап, олар қорытынды жасады: С витамині жаңа піскен көкөністер мен жемістерде бар, ол термиялық өңдеуден өткен өнімдерде жоқ.

Бұл қызметті биологияға қызығушылығы жоғары емес оқушылар да қызығушылықпен қабылдады, себебі антиоксидант, иммунитет, обыр, т.б. ұғымдар аясында келесі жұмысты жоспарлауға болады. Осындай шағын жобаларды сабаққа үй тапсырмасы ретінде беремін: мысалы, өз көңіл-күйіңізді зерттеу: импульсті жүктемеге дейін және кейін санау, өлшеу т.б. Бұл тапсырмадан кейін балаларда презентация жасап, жаңа өздерінің ағзасына қатысты керекті деректер мен ақпарат жинақтайды. Осындай жұмыстарды орындауда мұғалімдердің биология сабағын оқытуда «жоба» әдісін пайдалану, сабақты шығармашылық формасында ұйымдастырып, оқушымен ортақ іспен айналысатын пікірлес, ұжымдастың тең құқылы қарым-қатынастың орнауына ықпал етіп, жалпы жұмыс шеңберінде әртүрлі жастағы балалардың ынтымақтастасуына, ең бастысы оларда зерттеушілік дағдыларының қалыптастыруға зор мүмкіндік берді. Біздің зерттеу жұмысымыздың аясында «Дәрілік өсімдіктер, олардың табиғаттағы әртүрлілігі мен маңызы», «Ультракүлгін сәулелердің теріге әсері» т.б. тақырыптар бойынша да жоба жұмысы жүрді. Жобалық қызметті ұйымдастыру үшін оқушылар үшін сараланған, олардың мүдделеріне, қабілеттері мен мүмкіндіктеріне сәйкес тапсырмалар мен сұрақтар дайындалды. Зерттеу кезеңдері жоспармен жүргізіліп, қорытындысы, биология апталығында баяндалып қорғалды. Сабақта жоба әдісін қолданудың тиімділігі, жасаған жеке және топта оқушылардың өзін көрсете білуіне, өз білімін қолдана білуіне, көпшілікте қол жеткізілген нәтижені көрсете білуіне толық мүмкіндік берді. Сабақ үлгерімдері жақсарып, өздері ашқан практикалық маңызы бар мәселелерді шешуге бағыт алды.

Зерттеу нәтижелері және оларды талқылау Әдістемелік әдебиетте және интернет сайттарында мектептің жалпы білім беру тәжірибесінде биология сабақтарында жобалар әдісін қолдану туралы ақпараттар бар. Біз осы ақпаратты қамтитын әдебиетке талдау жүргіздік. «Ұстаздар сайты u-s kz» т.б. сайттарда ұсынылған жобаларды талдау негізінде біз биология мұғалімдерінің жобалық оқыту технологиясын қолдану тәжірибесін зерделедік. Жұмыстарды талдау жобалардың көпшілігі зерттеу (35,9 – 66,7%), аз бөлігі – ойын (1,9-8,9%) болып табылатынын айтуға мүмкіндік берді. Сайттарда ұсынылған жобаларды талдау мұғалімдер басшылығымен, оқушылардың ақпараттық, практикалық-бағытталған және пәнаралық жобаларды да атқаратынын көрсетті. Бұл оқушылардың танымдық уәждемесін дамыту құралы ретінде жобалық қызметтің педагогикалық мүмкіндіктері оқушылардың түрлі жобаларға қатысуын қамтамасыз ету шартымен неғұрлым тиімді іске асырылуы мүмкін. Осы мақсатта оқу процесінде бізбен бірнеше жоба жұмыстары дайындалды. Сонымен қатар, «Дәрілік өсімдіктер, олардың табиғаттағы әртүрлілігі мен маңызы», «Ультракүлгін сәулелердің теріге әсері», «Экологиялық факторлар», т.б. тақырыптар аясында жобалық әдістемелік материалдар жинақталып, сабақтардың технологиялық карталары әзірленді. Жобалық қызметті ұйымдастыру үшін оқушылар үшін сараланған олардың мүдделеріне, қабілеттері мен мүмкіндіктеріне сәйкес тапсырмалар мен сұрақтар әзірленді. Зерттеу жұмысы барысында әзірленген «ХХІ ғасырдың азық – түліктің зиянды қоспалары» жобасы бойынша жинақталған оқу-әдістемелік материалдар - оқушылардың «Ғылымның жаңа көкжиегіне қадам» тақырыбы аясындағы конференциясында табысты сынақтан өтті.

Биология мұғалімдерінің қолданатын әдістерінің көптүрлілігі, соның ішінде жобалық әдіспен оқыту барысында білім алушылардың жобалық қызметін ұйымдастыруға көңіл бөлетіні толықтай болмаса да, үлкен бетбұрыс бар екені айқындалды.

Мұғалімдердің айтуынша, жоба әдісінің мүмкіндіктері оқушылардың танымдық мотивациясын дамыту құралы ретінде оқушылардың әртүрлі үлгідегі жобаларға қатысуын қамтамасыз ету, сондай-ақ биологияны оқытудың материалдық базасын жақсарту жағдайында тиімді іске асырылуы мүмкін болатыны аңғарылды. Осылайша, біздің жұмысымызда жобалық қызметтің мәні мен мазмұны, мектептегі жобалық оқытудың психологиялық-педагогикалық негіздері мен мазмұны талданды.

«Қаратау жотасы жағдайында алма сорттарының зиянкестерінің фаунасын зерттеу» жобасының әзірленген бағдарламасы 7- 9 сынып оқушыларының биология сабағында сынақтан өткізілді. Бұл бағдарлама оқушылардың пәнге деген тұрақты қызығушылығын қалыптастыру, күнделікті өмірде биологиялық білімді қолдануды көздейді. Жоспарланған нәтиже: оқушыларды өз жер телімінде, бақшада, саяжайда картоп және қызанақ зиянкестерін тануға, олармен күресу шараларымен танысуға, тәжірибелік сипаттағы міндеттерді шешу үшін биологиялық білімді қолдануға үйрету.

Мұғалімдерден жобалық әдіс зор күш салуды талап етеді, өйткені мұғалім дирижер ретінде тек оқушының әрекетін ғана басқарып, оларды белгілі бір тұжырымдарға апаратыны көрінеді.

Зерттеу барысында жобалық оқыту барысында оқушылардың танымдық уәждемесін дамыту мәселесі заманауи білім беру тәжірибесі үшін өзекті деген тұжырым жасалды. Осылайша, жобалық қызметтің мәні мен мазмұнын анықталып, мектептегі жобалық оқытудың психологиялық-педагогикалық негіздері мен мазмұнын талданды. Зерттеу барысында жобалық оқыту барысында оқушылардың танымдық уәждемесін дамыту мүмкіндіктерінің аясы белгіленіп, анықталды.

Қорыта келгенде «жобалық» жұмыс барысында оқушылар білімді өздеріне мұғалімнен дайын түрде алмай субъективті жаңа фактілерді ашады және өзі үшін жаңа ұғымдарды шығарады. Олар өздерін әрдайым алғашқы ашушылар ретінде сезінеді және оқу олар үшін үлкен тұлғалық мәнге ие, бұл оқуға деген уәждемені арттырады. Бұл оқушылардың танымдық уәждемесін дамыту құралы ретінде жобалық қызметтің педагогикалық мүмкіндіктері оқушылардың түрлі жобаларға қатысуын қамтамасыз ету шартымен неғұрлым тиімді іске асырылуы мүмкін. Сондықтан да оқушыларды жобалық әдіспен көбірек жұмыс жасауға үйрету - мұғалім сабағы табыстылығының кепілі болмақ. «Жоба» әдісін кеңінен пайдаланғанда жоба жұмысына қатысушы оқушылардың мынадай артықшылықтары анықталды.

  • атқарылған жұмыстар туралы өз пікірлерінде оқушылар жасалған жұмысқа деген эмоционалдық қарым-қатынасты ғана емес, сонымен қатар, оның нені үйреткенін, қандай қиындықтар мен жетістіктер болғанын атап өтті. Сонымен қатар, өткізілген жұмыс барысында білім алушыларда танымдық әмбебап оқу әрекеттері қалыптасты.

Білім алушылар схемалардан, иллюстрациялардан, мәтіндерден ақпаратты жақсы ала бастады. Схема түрінде ақпарат беруді және объектілерді белгілері бойынша топтастыру мен жинақтауды жүргізу, себеп-салдарлық байланыстарды анықтауды үйренді. Анықтамалық әдебиетті пайдалана отырып, ақпаратты тексеру, қосымша ақпаратты табу. Өзіндік стандартты емес шешім, әдіс- тәсілдерін табу, нысанды түрлендіру, импровизациялау және оны шығармашылық өзгерту т.б дағдыларын меңгеріп дамытты.

































Эффективность использования проектного метода в курсе биологии в формировании исследовательских навыков

В статье рассматриваются особенности организации проектно-исследовательской деятельности по биоло гии с применением проектного метода. Отражены методологические особенности проектного обучения, к которым относятся принципы открытости и гуманизации. Также в методике проектного обучения описаны разные подходы, обеспечивающие многостороннее формирование школьника как личности. Представлены результаты исследования по выявлению особенностей внедрения учебных проектов, разработки алгоритма их реализации применительно к обучению биологии. Полученные результаты, апробация технологической модели убедительно доказывают эф фективность метода мини-проектов для формирования универсальных учебных действий» в контексте компетенции проектной деятельности. Разработанный ещё в первой половине XX века метод проектов вновь становится актуаль ным в современном информационном обществе.

Ключевые слова: проект, исследования, гипотеза, биология, проблема, метод.



Еfficiency of using the project method in the course of biology in the formation of research skills

This article discusses the features of the organization of project research activities in biology using the project method. It reflects the methodological features of project training, which include the principles of openness and humanization. Also, the methodology of project training describes different approaches that provide a multi-sided formation of the student as a person. The results of a study to identify the features of implementing educational projects, developing an algorithm for their implementation in relation to teaching biology, are presented. The results obtained and the approbation of the technological model convincingly prove the effectiveness of the mini-project method for the formation of universal educational actions in the context of the competence of the project activity. Developed in the first half of the XX century, the project method is again becoming relevant in the modern information society.

Keywords: project, research, hypothesis, biology, problem, method.













Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Турабаева Г. К., Маханов Т. Ш., Битемирова Ш. А., Оспанова Г. С., Бозшатаева Г. Т. (2016) Анализ применения метода проектов в образовательной школе // Международный журнал экспериментального образования. № 3-1. – С. 86-88.

  2. 2. Тяглова Е. В. (2008) Исследовательская и проектная деятельность учащихся по биологии». Москва: Глобус. - 255 с.

  3. Смирнова Н. З., Бережная О. В. (2018) Экспериментальная методика формирования исследовательской компетен ции учащихся на основе познавательных универсальных учебных действий при обучении биологии в 6 классе // Вестник КГПУ им. В.П. Астафьева. №3. С.32-37.

  4. 4. Costa-Silva D., Cortes J. A., Bachinski R. F., Spiegel C. N., Alves G. G. (2018) Teaching Cell Biology to Dental Students with a Project-Based Learning Approach //Journal оf Dental Education. №3(82). DOI: 10.21815/JDE.018.032. – 322-331. 13 Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы № 1(81), 2020

  5. Хан Н. Н., Курманбекова М. Б. (2019) Педагогикалық ЖОО студенттерінің жобалық зерттеу қызметінің мәнін түсінудің әдіснамалық тәсілдері // Абай атындағы ҚазҰПУ-ң Хабаршысы «Педагогика ғылымдары» сериясы, №2 (62), 51-57 б.

  6. Бедерханова В. П. (2000) Совместная проектировочная деятельность как средство развития детей и взрослых // Развитие личности. №1. С.11-23.

  7. Поливанова К. Н. (2011) Проектная деятельность школьников: пособие для учителя. М.: Просвещение. – 192 с.

  8. Сторожева Н. В. (2008) О возможности использования на уроках биологии метода учебных проектов // Муници пальное образование: инновации и эксперимент. №2. С.62-67.

  9. Khandelwal1 S., Zemore S. E., Hemmerling A. (2018) Nutrition Education in Internal Medicine Residency Programs and Predictors of Residents’ Dietary Counseling Practices //Journal of Medical Education and Curricular Development. Volume 5: 1–10. DOI: 10.1177/2382120518763360

  10. Kai-Han Yang, Zhi-Xia Jiang, Freida Chavez, Lian-Hong Wang, Chang-Rong (2019) Yuan Effectiveness of a training program based on maker education for baccalaureate nursing students: A quasi-experimental study // International Journal of Nursing Sciences. Number 6. 24-30.







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.11.2025
27
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі