Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жоғары білім беру жүйесідегі кредиттік технология

Материал туралы қысқаша түсінік
Реферат, БАОӨЖ, МӨЖ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жоспар:

І. Кіріспе.

ІІ. Негізгі бөлім.
1.  Кредиттік оқыту технологиясына сипаттама.
2.  Кредиттік оқыту технологиясын қарастырған ғалымдар.

3. Кредиттік оқыту технологиясының ерекшелігі.

ІІІ. Қорытынды.

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер.






































Кіріспе

Елімізде жоғары білім жүйесін дамыту талаптарына сай студенттерге терең білім және тәрбие беру, оларды жан–жақты дамыту бүгінгі күннің басты мәселесі. Білім және тәрбие беру – бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интеллектуалдық мәдени дамуының жоғары деңгейін және кәсіби біліктілігін қамтамасыз ететін үздіксіз үдеріс.

Білім беру жүйесіндегі жаңа білім парадигмасы білім, білік, дағды жиынтығын толық меңгерген, қоғам өміріне белсене араласатын, шығармашылықпен ойлайтын, өзін-өзі көрсете алатын, өздігінен ақпаратты іздеп, талдайтын және оны дамытуға қабілетті, кәсіби құзыретті жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған.

Жоғары оқу орындарындағы білім беру мен тәрбие жұмыстарының талапқа сай жетілдірілуі студенттердің болашақ кәсіби құзыретті маман болып қалыптасуына зор ықпал етеді. Осы тұрғыда республикамыздың жоғары білім беру жүйесі кәсіби мамандар даярлауда оқытудың кредиттік жүйесіне көшуді қолға алды.

Себебі, бүгінде халықаралық жоғары білім беру тәжірибесін ескермей, қазіргі заманға сай білім алуға қол жеткізу мүмкін емес.

Алғаш рет кредиттік-сағаттық жүйе АҚШ-та пайда болып, дамыды. «Кредиттік-сағаттық» ұғымын 1869 жылы Гарвард университетінің Президенті, атақты америкалық білім беру қызметкері Чарльз Элиот енгізді. Нәтижесінде 1870-1880 жылдары кредит-сағаттар арқылы өлшеуге болатын пәндердің көлемін шешетін жүйе енгізілген еді. 1892 жылы «кредиттік-сағаттық» жүйе дамуының екінші кезеңі басталды. АҚШ ұлттық білім беру комитеті «колледж-мектеп» құрылымын жетілдіру мақсатында, орта мектептерде оқыту бағдарламасын стандарттауда «кредит» ұғымын тек колледждерде ғана емес, мектептерге, білім берудің магистрлік және докторлық деңгейлеріне бакалаврлық бағдарламаның мазмұнын бағалау үшін кредиттік жүйені енгізді [2].

1999 жылы 19 маусымда Италияның Болон қаласында 29 Еуропа елдерінің өкілдері қатысуымен өткен басқосуда Болон Декларациясы қабылданған еді. Бұл Декларацияда Еуропада жоғары білім беру жүйесі бойынша реформалық бастамалардың нақты мақсаттары айқындалды. Декларацияға сәйкес болашақта Еуропада ортақ жоғары білім беру жүйесін құру белгіленді. Осылайша Болон үдерісі басталды. Қазақстан Республикасы Болон үдерісіне 2010 жылдың наурыз айында қосылды.

Болон Декларациясына бұған дейін біртұтас Еуропада жоғары білім беру мәселесін шешу бойынша қабылданған бірқатар құжаттар негіз болды. Атап айтатын болсақ, олар: 1988 жылы басқа Болон Декларациясы- Университеттер Ұлы Хартиясы және 1998 жылғы 25 мамырда қабылданған Сорбон Декларациясы [3].

Қазақстанның жоғары білім беру жүйесіне Еуропалық кредиттік жүйе (ESTS) енгізілді. Еуропалық кредиттік жүйе бойынша Франция, Германия, Испания, Италия, Ұлыбритания және т.б. елдерде білім беріледі [4].


Негізгі бөлім

Қазіргі таңдағы ғылыми техникалық прогресс пен өркениетті даму дәуіріне бет бұру  кезеңінде жаңа қоғамға лайықты саналы, білімді жеке тұлғаны қалыптастыру бүгінгі қоғамның алдында тұрған негізгі міндет. Сондықтан, қандайда бір мелекеттің білім жүйесінің халықаралық дейгейдегі кредиттік жүйеге өтуінің маңызы ерекше.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында «Кредиттік оқыту жүйесі» (технологиясы) - білім алушының және оқытушының оқу жұмысының көлемін өлшеудің сәйкестендірілген бірлігі ретінде кредитті пайдалана отырып, білім алушылардың пәндерді оқып зерделеу дәйектілігін таңдауы және дербес жоспарлауы негізіндегі оқыту деп көрсетіледі [5].

Жоғары оқу орындарының кредиттік оқыту жүйесіне көшуінің басты мақсаты – білім жүйесін әлемдік білім кеңістігімен кіріктіру және өндіріс пен нарықтық жағдайдың өзгеруіне тез бейімделе алатын кәсіби мамандардың әлемдік сұранысқа, бәсекеге қабілетті болуына мүмкіндік жасау болып табылады.

Оқытудың кредиттік жүйесі – білім берудің демократиялығымен сипатталады және әр студенттің жеке бас ерекшелігі мен қабілеттерін дамытуға жағдай жасайды. Бұл жүйенің негізгі ерекшелігі – студенттердің білім кеңістігін қалыптастыру еркіндігі, яғни, жалпыға міндетті мемлекеттік білім стандарттарының мамандар дайындаудың сапасына қоятын талаптарына сәйкес, білім алудағы өзінің ерекшелігі мен қалауына сай ұйымдастыра алады.

Елімізде кредиттік оқыту жүйесін теориялық және ғылыми-қолданбалы бағыттары бойынша зерттегендер Г.К.Ахметова, С.Б.Әбдіғаппарова, С.Ә.Әбдіманапов, Б.С.Әбдірәсілов, Ж.Д.Дадабаев, А.А.Құсайынов, С.М.Өмірбаев, Б.З.Андасова және басқалар кредиттік жүйенің жоғары білім беру жүйесіне ендірілуіне үлес қосты [6].

Кредиттік оқыту жүйесі сызықтық емес оқыту жүйесіне жатады. Осы тұрғыда кредиттік оқыту жүйесінің дәстүрлі «сызықты» оқыту жүйесінен ерекшеліктерін атап өтуге болады:

- дәстүрлі жүйеде оқытудың мақсаты ақпарат пен нақты білім беру болса, кредиттік жүйеде нақты білімнің негізінде өзіндік шешім қабылдай білу, талдау, қорыту дағдыларын жетілдіру, яғни шығармашылық әрекет пен өздігінен танып-білуді және кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру;

- студенттердің оқу жоспарындағы қамтылған пәндерді таңдау еркіндігі, әр студенттің өз жеке оқу жоспарын жасауға тікелей өзі қатысуы, оқыту бағдарламасының ыңғайлылығы;

- студенттердің оқытушыларды таңдаудағы еркіндігі;

- "студент-оқытушы" қарым-қатынасының "субъект- субъект" болып өзгеріп, оқытушының ұйымдастырушылық және қосалқы рөл атқаруы;

- студенттерге пән таңдауда, оқу траекториясын таңдауда көмектесетін академиялық консультанттардың енуі;

- оқу үдерісін ұйымдастыруда факультеттердің еркіндігі, оқу үдерісін қажетті әдістемелік материалдармен қамтамасыз ету қажеттігі;

- әр студенттің эдвайзер көмегімен оқу пәндерін меңгеру үшін білім беру траекториясын таңдау арқылы оқытудың жекелендірілуі;

- студенттің өзіндік жұмысының үлесінің артуы, оның оқытушы қатысуынсыз жүргізілетін және оқытушы жетекшілігімен жүргізілетін болып бөлінуі;

- студенттің меңгерген білім сапасының аралық бақылау мен емтиханда бағаланып, сынақтың болмауы;

- шетелде оқу мүмкіндігі;

- оқыту үдерісінде интербелсенді әдістерді кеңінен қолдану мүмкіндігі;

- бағалау жүйесінде дәстүрлі бағалаудан ерекше пайыздық бағалау жүйесінің енгізілуі.

Кредиттік оқыту технологиясы дегеніміз – білім алушы мен оқытушының оқу жұмысының көлемінің біріздендірілген өлшем бірлігі ретінде кредитті қолдану арқылы, білім алушының пәндерді таңдауы және реттілікпен оқуын өз бетінше жоспарлауы негізінде оқыту.

Кредиттік оқыту жүйесі қолданылған оқыту үдерісі келесі формаларда ұйымдастырылған: аудиториялық сабақтар (дәрістер, тәжірибелік сабақтар), зертханалық сабақтар, студиялық сабақтар.

Кредиттік оқыту жүйесін енгізудің мақсаты – студенттердің кәсіби дайындық деңгейін арттыру, олардың жеке шығармашылық қабілеттіліктерін жан-жақты дамыту, қажет болған жағдайда студенттерге жақын және алыс шетел жоғары оқу орындарына кедергісіз ауысу мүмкіндігін беру.

Оқу жылы академиялық мерзімдерден, аралық бақылау кезеңдерінен, іс-тәжірибе және демалыстардан тұрады. Бітіретін курста оқу жылына  қорытынды бақылау мерзімі қосылады. Университеттегі академиялық мерзім ұзақтығы 15 аптадан тұратын семестр болып табылады.

Оқу жылы ережеге сәйкес, 35 аптадан тұрады:

30 - теориялық оқу,

5 - қорытынды бақылау.

Дегенмен күндізгі бөлім студентеріне жылына екі рет, ұзақтығы 7 аптадан кем емес демалыстар бекітілген.Оқу жылының басы 1 қыркүйектен  басталады. Жазғы семестр (бітіру курстарын қоспағанда) өткізіледі, оқу мерзмі 6 аптаға дейін, оның  4-5 аптасы  теориялық оқу, 1 аптасы - қорытынды бақылау (емтихандық сессия).

Оқу сабақтары көбінесе белсенді шығармашылық түрде (тренингтер, іскерлік ойындар, диспуттар, дөңгелек үстелдер, семинарлар) жүргізіледі.

Оқу сабақтары:

1)      Күндізгі бөлім студентері үшін бір немесе екі аусымдық сабақ 8,00-18.30 сағатқа  дейін жалғасады.

2)      Сырттай оқу бөлімінің студенттері үшін еркін аудиториялық қордың болуына байланысты сабақтар 8.00 -20.00 сағатқа жалғасады [6].

Шетелдегі түрлі кредиттік оқыту жүйелерін зерттеу нәтижесінде төмендегідей тұжырымдар жасауға болады:

1) көптеген елдердің оқыту жүйелері сырттай қарағанда ұқсас келеді;

2) жаңа жүйені ендіру біртіндеп және оқу сапасын жоғалтпай жүргізілуде;

3) факультеттер мен кафедралардың және студент- тердің оқу үрдісін ұйымдастыруда құқықтары мен жауап- кершіліктері артты;

4) жаңа жүйе сапаны арттыруды және экономикалық тиімділікті белсендіреді;

5) кредиттердің ұлттық жүйесінің құрамына кредиттерді жинау мен ауыстыру кіреді, соның негізінде

ЖОО-ның автономиялығын сақтау;

халықаралық білім беру жүйесінің айқындығын арттыру;

кез келген басқа ұлттық білім беру жүйелеріне сәй- кес келе алуы;

жоғары білім берудің барлық формалары мен бағдарламаларына қолдануға болатындығы;

ECTS жүйесінің негіздерін: кредиттерді, сынақтық ауыстыру, ақпараттық пакет, білімдерді бағалауды тіркеу және т.б. іске асты;

6) жалпыеуропалық «Дипломдардың қосымша-сына» (Diploma Supplement) сәйкес болуы, бұл жоғары білім берудің академиялық және кәсіби біліктілігін айқын етеді.

Кредиттік оқыту жүйесінің жақсы жақтарымен қатар, кемшіліктері де бар:

білім беру стандарттарын орнатуда мемлекеттің реттеушілік рөлі аздап кемиді;

барлық кредиттік жүйелерде студентке шектен тыс еркіндіктің берілуі;

Алайда, аналитикалық талдаудан алынған деректер нәтижесінде кредиттік оқыту жүйесінің беретін мүмкіндіктерінің төмендегідей артықшылықтары даусыз:

Кредиттер жүйесінің (мысалы, ECTS) ендірілуі әртүрлі елдердің білім беру жүйелерін бір-бірлеріне ашық етуге мүмкіндік берді.

Кредиттік жүйе студенттерге олардың оқуын ше- телде академиялық танылуына кепілдеме береді. Сол арқы- лы студенттің басқа оқу орнының толыққанды оқу курс- тарына және академиялық өміріне қолы жетеді.34

Бұл технологияда оқу үрдісіне қатысушы барлық субъектілердің нақты әрекеттері айқын түрде сипатталған.

Оқу үрдісінің экономикалық тиімділігін белсен- діреді.

Шетелдегі оқуын аяқтаған соң өз оқу орнына қайта келмей, сол қабылдаған оқу орнында қажетті біліктілікті алу үшін қалуына болады (мысалы, ECTS жүйесі). Шетелдегі кредиттік жүйені зерттеу барысында алынған және Ресей жоғары оқу орнындағы (РУДН) сынақ (кредит) бірлігін қолдану тәжірибесінің нәтижелерінен оқытушы мен студенттің оқу үрдісіндегі іс-әрекетінің өзгеретінін анықталды [26].

Атап айтқанда, студенттер үшін:

Оқу жылы бойы жүйелі түрде оқу жұмыстарын жасау қажет болды.

Оқытудың жеке траекториясын таңдау мүмкіндігі берілді, яғни білім берудің вариативтілігі қамтамасыз етіледі.

Сабақ кестесін сәйестендіріп құру арқылы басқа бағыттардағы және мен мамандықтардағы сабақтарға қатысу, қосымша пәндерді игеру, сабақтас мамандану мен қосымша біліктілік алу мүмкіндігі бар.

Басқа оқу орындарының оқу курстары мен академиялық өміріне қолы жетіп, шетел және ресей университеттерінің өзара келісілген білім беру бағда- рламалары болған жағдайда оқытудың нәтижелерінің акаде-миялық танылуына кепілдік беріледі.

Барлық оқу мерзіміне студентті ұдайы жұмыс істеуге белсендіреді. Бұл олардың өз бетімен ақпаратты іздеу және оны жаңа білім алу үшін оған аналитикалық ұғыну дағдыларын қалыптастырады.

Оқытушы үшін:

Оқу-әдістемелік базаны жетілдіру, нақты пәндер бойынша білімге қойылатын талаптарды құрастыруы тиіс;

СӨЖ-дің көлемі артады және әдістемелік және техникалық қамтамасыз етілуін жетілдіруі қажет. Білім беру бағдарламасына енген пән бойынша студенттің білімді игеруіне ұдайы бақылау жасауы қажет.

Оқу материалын қысқа тығыз түрде баяндау формасын оқытушының ұдайы жасалатын жекелей кон- сультациялары арқылы студенттердің белсенді жұмыс- тарымен үйлестіруге көшуге байланысты оқу үрдісін ұйымдастыру мен жоспарлауын өзгертеді.

Басты назар аудиториядағы сабақ беру жүктеме- сінен әдістемелік жағына ауысады.

Сабақтың мазмұнын, қажетті материалдарын, СӨЖ- дің ақпарат көздерін және білімді бақылауда қолданы- латын әдістемелер мен материалдардың мазмұнын ұдайы жаңалауды талап етеді. Бұл оқытушының ұдайы өзін-өзі жетілдіру және өздігінен оқу қажеттігін туғызады

Кеңес Одағының ыдырауы және жаңа тәуелсіз мемлекеттердің құрылуы жаңа білім жүйесінің дамуындағы ізденістерге әкелді. Әлемде танылған батыс елдерінің экономикалық, әлеуметтік прогрестері Қазақстан үшін үлкен бағдар болды. Әрине, оқу бітіруші түлектер бәсекелестік қабілеттілігімен білім беру кеңестігінің таңдауында оқушыға дербестік беру, оқытудың деңгейін көтеру, еңбек сұранысына бағдарланған, оқу бағдарламаларының жоспарлауын икемді ғана болуы мүмкін, әлемдік білім беру көрсеткендей казіргі білім талаптарына кредиттік оқыту технологиясы сай келді.[4,19-20б.];
Кредиттік оқыту технологиясы оқытудың бағытсыз жүйесі–оқу процесінің ұйымдастыру тәсілін белгілейтін оқушыларға белгіленген шегінің (құрауыш қалауы және оқытудың қосымша түрлері бойынша) білім беру процесінің жеке жоспарлау мүмкіндігі болады. Қатаң жүйеде, белгіленген көлемде, оқыту логикасына сәйкес, белгіленген мерзімде білімдік кәсіптік бағдарлама пәндерін оқушыларға оқытатындығын бағытты оқыту жүйесі жобалайды.
Біздің республикамыздың жоғары оқу орындарында кредиттік жүйені енгізуде шетел мемлекеттерінің тәжірибесі мен халықаралық тәжіриебенің маңызы өте зор. Солай болғандықтан, осы технология Қазақстанның жоғары оқу орындарында белсенді жұмыс еткендіктен отандық тәжірибені оқу мәнді болады, одан басқа да аймақтық жоғары оқу орындарының жинақталған тәжіриебесін есепке ала отырып, консультация және әдістемелік көмек көрсету қажет[5,17-18б.];
Қазақстан Республикасында кредиттік оқу жүйесі 19 ғасырдың 90-шы жылдарының ортасынан біртіндеп қалыптаса бастады. Елімізде 2007 жылы 15 тамызда «Білім туралы» жаңа заң қабылданды. Осы заңның 11 бабында  білім жүйесі мәселелерінің бірі болып оқытуда жаңа технологияларды тиімді пайдалану және енгізу, сонымен қатар кредиттік, дистанциялық, ақпараттық-коммуникациялық оқыту кәсіби білімнің қоғамда және еңбек нарығында болып жатқан өзгерістер қажеттілігіне тез үйлесуге мүмкіндік туғызатыны атап көрсетілген. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын іске асыру мақсатында №66-шы «кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру ережесі» әзірленген және бекітілген. Кредиттік оқыту технологиясы — бұл білім беру технологиясы, өз бетімен білім алу деңгейін көтеру және дара негізінде шығармашылық білімді меңгеру, оқу процесін және білім көлемін кредит негізінде есепке алуды, білім  беруді  таңдап  алған траекториясын регламенттеу болып табылады [6,15-16б.];
Кредиттік оқыту жүйесі бойынша бір академиялық сағат ұғымы барабарлық өзгерістерге ұшырайды, дәрістік, практикалық (семинарлық) сабақтар 1 байланыс сағатқа (50 минутқа) немесе студиялық оқыту 1,  байланыс сағатқа (75 минутқа) немесе лабараториялық және дене тәрбиесі сабақтары 2 байланыс сағатқа (100 минутқа), сонымен қатар барлық оқу практикалар түрлері 1 байланыс сағатқа (50 минутқа), барлық педагогикалық практикалар түрлері 2 байланыс сағатқа (100 минутқа), барлық өндірістік практикалар түрлері 5 байланыс сағатқа (250 минутқа) тең.
Оқуды аяқтау үшін студент құрауыш бойынша міндетті түрде белгілі мөлшерде кредит алуы керек:
міндетті түрде;
таңдау бойынша;
Оқушы (студент) өзінің білім беру бағдарламасын тәлімгер — кеңесші (эдвайзер) — көп тәжіребесі бар оқытушы арқылы жасайды. Оқу пәндерін меңгеруге көмек көрсету үшін тьюторлар (оқытушылар) ұсынылады. Тьютордың міндеті — оқушының (студенттің) оқу әрекетінің барысын қадағалау және оқушыға (студентке) өтілген оқудың барынша толық көлемде оқытушыға кері қайтарылуы. Яғни, 15 апта бойы өтілген сабақты меңгеріп, оқытушыға айтып беру, сондай-ақ кредитін өтеп беру болып табылады. Топтық консультациялар өткізу (оқу процесінің ішінде). Оқу процесін іске асыру үшін оқытушының және оқушының әр пән бойынша формалар мен құралдары, баспа және электрондық түрде курсты бейнелейтін, оқушылардың (СӨЖ) өз бетімен игеру деңгейін бақылайтын, олардың өткізу мерзімі мен мазмұнын көрсететін оқу-әдістемелік кешені болуы қажет. Студенттің өздік жұмысының жоғары тиімділігін қамтамасыз ету үшін, мазмұны мен оларды өткізу мерзімі көрсетілген оқушының басшылығымен студенттердің өздік жұмысын қабылдайды[7,3-4б.];
Анықтамалық — жолсілтемеге келесі міндеттер енгізіледі:
Студенттің құқығы мен міндеті;
Оқу кезеңіндегі жұмыс жоспары;
GРА орта балынан есеп айырысу әдістемесі;
Қорытынды мемлекеттік аттестаттауға қойылатын талаптар.
Оқу пәні бойынша оқу әдістемелік кешені мыналардан тұрады:
Әр пән бойынша силабус — бағдарламаларды оқытудан;
Практикалық (семинарлық) сабақтардың жоспарынан;
Студенттің өзіндік жұмысы бойынша тапсырмаларынан;
Студенттің оқытушы басшылығымен орындалатын  өзіндік жұмысы бойынша тапсырмаларынан және тағы басқалардан тұрады.
Оқу сабақтарын оқыту белсенді шығармашылық формаларда (кейс -сатылар, тренингтер, пікірталастар, дөнгелек үстелдер, семинарлар және т.т.) өткізу керек. Оқу пәні бойынша білімді бақылау формасы – емтихан болады. Білімдері көп балды әріптік жүйе бойынша бағаланады. Қорытынды аттестаттауды өткізу формасы дипломдық жұмысты қорғау немесе мемлекеттік емтихандарды тапсыру болады [8,13-14б.];
Оқу процесінің негізгі кезеңін жоспарлауда техникалық және кәсіби білімді кредиттік оқыту жүйесіне ауысуды ұйымдастыруда, осы бағытта кемшіліктерді талдай отырып, сөзсіз қиыншылықтар туындайтынын айта кету керек.

Кредиттік технология бойынша оқу процесін жоспарлау кезеңдерін талдай отырып, біз оның жағымды жағдайы мен артықшылығында көреміз. Тек оқутышының ғана емес, оқушылардың да академиялық еркіндіктерін кеңейту; оқушылармен пәндерді таңдау (50%- ға дейін) оқытушының жағынан кең спектр ұсыныстарын таңдау болып келеді. Бұл екі жақтың да жауапкершілігін тудырады, осының нәтижесінде оқу процесі тең дәрежелі адамдар сұхбатына айналады [9, 9-10 б.];




Қорытынды

Еліміздегі әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістер, республиканың әлемдік деңгейде білім беру жүйесіне жетуде жасаған қадамдары осы кезге дейін педагогика теориясы мен практикасында бекітілген білім беру парадигмаларын, жүйелерін, әдістерін, формаларын жетілдіру талабын қойды. Білім берудегі жаңа басымдықтар – ізгіліктік педагогика, студенттердің тұлғалық әлеуетін анықтау және дамыту, әлеуметтік үдерістер мен тұлғааралық қарым-қатынастарды ұйымдастырудың ерекше формасы ретінде танылатын оқыту үдерісінің тиімділігін арттыру болып отыр.

Зерттеліп отырған тақырыбымыз бойынша бүгінгі таңда кредиттік жүйеде білім беру мәселесі бойынша жазылған еңбектер бар, бірақ студенттердің кәсіби құзыреттіліктерін дамытуға бағытталған арнайы еңбектер жоқ деп айтуға болады. Сондықтан осы проблема нақты зерттелмегендіктен, біз осы мәселені зерттеуді қолға алдық. Теориялық және тәжірибелік-эксперименттік зерттеу нәтижелері болжамдарды бекітіп, мынадай қорытынды жасауға мүмкіндік береді.

Оқытудың кредиттік технологиясының негізгі басым бағыттары, кредитті оқытушы мен студенттердің оқу жұмыстары көлемінің бірізді өлшем бірлігі ретінде қолдана отырып, студенттердің өздігінен ұйымдастыру қабілеттілігін және оқу үрдісі шеңберінде білім беретін треакторияны таңдау негізінде өз бетімен білім алуды дамыту болып табылады.

Кредиттік оқыту жүйесінде студенттердің кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру проблемасының өзектілігі қоғамды ақпараттандыру үдерісінің қарқынды жүруімен, оның студенттердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруға әсер ететін жағдайларын айқындау, дамыту және жүзеге асыру мүмкіндіктері анықталды. Жоғары оқу орнындағы білім беру үдерісін теориялық-әдіснамалық зерделеуіміз кредиттік оқыту жүйесінде студенттердің кәсіби құзыреттіліктерін дамытуда оқытушы мен студенттің өзара байланысты іс-әрекеттерін ұйымдастыруды, студенттің өзіндік іс-әрекеті, тұлғалық даму ерекшеліктерінің өзгерісін анықтауға мүмкіндік туғызды.
















Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы. Астана, 14 желтоқсан, 2012ж. 

  2. Чистохвалов В.Н. Системы накопления и перевода кредитов, используемые в европейских и американских университетах // Материалы к совещанию «Проблемы введения кредитной системы высшего профессионального образования». 25-26 марта 2002 г. – М.: РУДН, 2002. 

  3. Болонский процесс: середина пути. М., 2005. 378с. 

  4. Основы кредитной системы обучения в Казахстане /Под общ. редакции Ж. А. Кулекеева, Г. Н. Гамарника, Б. С. Абдрасилова. А., КазНУ им. Аль-Фараби, 2004. -198 с. 

  5. Қазақстан Республикасы «Білім туралы» заңы. –Астана, 2007.- 60б.  

  6. Андасова Б.З. Кредиттік оқыту жүйесі бойынша болашақ экономистердің өздік жұмысын ұйымдастырудың педагогикалық шарттары. Пед.ғыл. канд. Автореф: 13.00.08.- Астана, 2007. 25б.

  7. Митина Л.М. Психология профессионального развития учителя. — М.: 1998. -200с. 

  8. Ниязова Г.Ж. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану – кәсіптік білім мамандығы студенттерінің кәсіби құзырлылығын қалыптастырудың маңызды элементі. Педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертациясы. Алматы, 2008, 141 б. 

  9. Кенжебеков Б.Т. Университет студенттерінің кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудың теориясы мен практикасы. (монография). – Астана, 2001. -275 б. 



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.10.2024
199
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12