«Арқалық қаласы әкімдігі
білім бөлімі»
№4 жалпы орта білім беретін
мектебі»ММ
Ашық
сабақ
Сабақтың
тақырыбы: Жоғары жылдамдықпен 30
метрге, 60 метрге жүгіру
Дене шынықтыру пәнінің
мұғалімі:
Ауезбеков
Е.Т
Арқалық
қаласы
Мерзімі: 24.04.2020
жыл
6 «А» сыныбы
(қыздар)
«Егер күшті болғың келсе –
жүгір, егер ақылды болғың келсе – жүгір, егер әдемі болғың келсе -
жүгір»
Ежелгі грек
мақалы
Cабақтың
тақырыбы: Жоғары жылдамдықпен 30
метрге, 60 метрге жүгіру
Сабақтың
мақсаты:
-
Білімділік
Білімді қалыптастыру,
оқушыларды біліммен хабардар етіп қана қоймай, олардың денсаулығын
нығайту.
Пән бойынша білім-білік
дағдыларын қалыптастыру. Оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беру
арқылы алған білімдерін бағалау.
Оқушылардың өздерінің
жетістіктерін өздерімен бірге талдап, өздік бағалау әдістерін
ұйымдастыру.
-
Тәрбиелік
Адамгершілік
тәрбиесі (Қазақстандық патриотизм,
ұлттық келісім ұғымдарын дұрыс қабылдау, үлкенге сый, кішіге жол
көрсету).
Дене
тәрбиесі (Жаттығулар арқылы
жасөспірімдердің денсаулығын нығайту).
Сұлулық
тәрбиесі ( Табиғат пен өнердегі
сұлулықты түсінуге, әдептілік ережелерін бойына сіңірген
шығармашылық қабілетін мүмкіндігінше
дамыту).
-
Дамытушылық
Жеке тұлғаны дамыту, талдау,
салыстыра білу қабілеттерін дамыту, оқу материалының ең бастысын,
мазмұнын ажырату, классификациялау.
Әрбір оқушыға көңіл бөлу
арқылы дене бітімін дамыту.
Спорттық ойындарға қызықтыра
ой қабілетін дамыту және денешынықтыру сабағынан тыс жекелеген
спорт түрлерімен айналысуға оқушыларға мүмкіндік жасау, Қазақстан
Республикасының спортшы жасөспірімдерін
дамыту.
Түйсік, сезім, жүйке жүйесін
дамыту.
Сабаққа керекті
құрал-жабдықтар: Ысқырық, секундомер,
секіртпелер, шығыршықтар, доптар
Сабақ өтілетін
орын: Спорт алаңы немесе спорт
зал
Сабақ
түрі: Аралас
сабақ
Пәнаралық
байланыс: Математика, Ағылшын
тілі
Сабақ
барысы:
І. Ұйымдастыру
кезеңі
ІІ. Кіріспе немесе дайындық
бөлімі
ІІІ. Негізгі
бөлім
ІV. Сергіту
сәті
V. Қорытынды
бөлім
Сабақ
мазмұны
|
Қайталау
саны
|
Әдістемелік
нұсқаулар
|
Дайындық бөлімі: 5
минут
|
Жалпы сапқа тұру, сәлемдесу,
кезекші мәліметі, оқушыларды түгендеу, сабақ мазмұнын қысқаша
түсіндіру. Назар аударуға арналған жаттығулар «Оңға бұрыл», «солға
бұрыл», «кері айнал»
|
|
Сапқа тұру, спорттық
киімдерге назар аудару
Жаттығуды нақты және бірдей
орындау
|
Жүру барысындағы
жаттығулар
А) Аяқ
ұшымен
Ә)
Өкшемен
Б) Жартылай
отырып
В) Толық
отырып
Г) Оң жаққа, сол
жаққа секіру
Д) Саптық
жүріс
|
10
м
|
Екі қол
жоғарыда
Қол
белде
Қол алдыда,
түзу
Қол
тізеде
Жаттығуды нақты және бірдей
орындау
|
Жүгіру барысындағы
жаттығулар
А) Жәй
жүгіру
Ә) Оң жақ қапталға
тіркемелей адым
Б) Сол жақ қапталға
тіркемелей адым
В) Тізені жоғары
көтеріп
Г) Аяқ ұшын жоғары
көтеріп
Ғ) Өкшені жамбасқа
лақтырып
Д) Арқамен
жүгіру
Е) Жылдамдыққа
жүгіру
З) Тынысты қалыпқа
келтіру
|
15
м
|
Бір қалыпты тыныс
алу
Екі қолды алдыға
айналдыру
Қолдарды артқа
айналдыру
Жоғары
секіру
Тізе бүгілмейді, қол
белде
Екі қол
артта
Сол иықпен
қарау
Ысқырық
бойынша
Дем алып, дем
шығару
|
Жалпыдамыту
жаттығулары
-
Б.қ. аяқ иық
көлемінде, қол белде, 1-4 басты оң жаққа, 5-8 сол жаққа
айналдыру
-
Б. Қ.аяқ иық
көлемінде, қол белде, 1-басты оң жаққа, 2-сол жаққа, 3-артқа,
4-алдыға еңкейтеміз.
-
1-4 иықты алдыға,
5-8 артқа айналдырамыз
-
Б.қ. аяқ иық
көлемінде, оң қол жоғары, сол қол төменде, 1-2 оң қолды артқа
кереміз, 3-4 сол қолды артқа
кереміз
-
Б.қ аяқ иық
көлемінде, қолдар кеуде алдында бүгулі, 1-2 қолдарды кеуде алдында
бүгілген күйі кереміз, 3-4 жазып
кереміз.
-
Б.қ аяқ иық
көлемінен сәл кең, оң қол жоғарыда, сол қол белде, 1-4 кеудені сол
жаққа еңкейтеміз, 3-4 қолды ауыстырып
қайталаймыз
-
Б.қ аяқ иық
көлемінде, қол белде, 1-4 белді оңға айналдырамыз, 3-4 солға
айналдырамыз
-
Б.қ аяқ иық
деңгейінде, қол белде 1-оң аяққа еңкейеміз, 2-ортаға, 3-солға,
4-Б.қ
-
Б.қ аяқ иық көлемінде, қол
белде, 1-аяқ ұшына, 2-өкшеге, 3- еңкейеміз,
4-Б.қ
|
Әр жаттығуды 3-4
рет
|
Жаттығуларды орындау
барысында көз бір нүктеге
қарайды
Жаттығу барысында
көз ашық, бас толық еңкейеді, толық
айналдырамыз.
Жаттығу барысында
алақан бүгулі, шынтақ түзу
Жаттығу барысында
шынтақ иық көлемінде
Жаттығу барысында
кеудені оң, сол жаққа барынша
еңкейтеміз
Жаттығуды санақ
бойынша санау
Жаттығу барысында
тізе бүгілмей санақ бойынша
саналады
Жаттығу барысында тізе
бүгілмейді, санақ бойынша
жүргізіледі
|
Негізгі бөлім: 20
минут
|
Жоғары жылдамдықпен жекелеп
жүгіріп секундомер бойынша нақты көрсеткіштері жазылып алынады.
Бірінші 30 метрге сосын 60 метрге. Кейінірек екі топқа бөлініп
барынша жылдамдықпен жүгіріп
жарысады.
|
|
30 метрге 6-сынып
қыздары үшін жоғары 4,9 сек. Орта 5,2 сек. Төмен 5,9
сек
6-сынып қыздары үшін 60 метрге
жүгіру Базалық деңгей 9,6 орындай алатын мүмкіндігі 9,4
секунд
|
Сергіту сәті: 15
минут
Оқушыларды екі топқа бөле
отырып түрлі тапсырмалар беру арқылы дененің шапшаң қимылдауына,
жылдам ойлай алу қабілетін дамытуға баулу. Ол үшін екі топқа
бөлінген командалар арасында жарыс ұйымдастырып ойындар мен
математикалық есептер, ағылшын сөздерін қазақшаға немесе керісінше
тәржімалау,сөзжұмбақтар шешкізіп, секіртпе мен шығыршықтарды
пайдаланып сабақты басқа пәндермен байланыстыра қызықтырып
өткізу.
Қорытынды бөлім: 3-5
минут
Жалпы сапқа тұрғызып сабаққа
үздік әрі белсене қатысқан оқушыларды бағалау. Жіберілген
кемшіліктер мен қателіктерді айтып, үйге тапсырмалар беру.
Оқушылармен қоштасу.