Материалдар / Жол ережелері 5 сыныпқа арналған Дене шынықтыру пәні бойынша
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жол ережелері 5 сыныпқа арналған Дене шынықтыру пәні бойынша

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Қаңтар 2019
742
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы:Жол ережесін есте сақта 

Мақсаты: Оқушыларды жолда дұрыс жүріп-тұруға тәрбиелеу. Қоғамдық мекемелердің күнделікті тұрмыста алатын орны , онда көптеген адам жұмыс істейтінін айтып түсіндіру. Олардың қандай көліктермен жұмысқа баратынын анықтау.
Қалалық және ауылдық жерлерде жолда жүру ережесінің айырмашылығын анықтау. Жол белгілерін ажырата білуге баулу. Жол жүру ережесін сақтауға тәрбиелеу.
Көрнекілік: Үй макеті , бағдаршам , жол белгілері.
Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Сынып сағаты.
-Балалар біз бүгін « Жол тәртібін жадыңда ұста » тақырыбында сынып сағаты өткіземіз.
Мұғалім: Жолда жүру ережелеріне арналған сынып сағатымызды Шөмішбай Сариевтің мына өлең жолдарымен бастаймыз.
Арманға алдан күткен асығамыз,
Біз қалай толқын атпай басылармыз.
Жол жүру ережесін жақсы біліп,
Сақтықта тұра алатын жас ұланбыз.
Жалғайтын достастырып бар елменен,
Жолдардан тұрады ғой әлем деген.
Бүгінгі бізге келген қонақтарға,
Алдымен беріледі сәлем деген.
Нұршат: Жол тәртібі кімге керек – бірге ойланып көрелік,
Әрқайсыңның қылығыңа әділ баға берелік.
Ережені жақсы білген ортаға шық, жас ұлан,
Біліміңді сарапқа сал, біз етейік төрелік.
Санжар: Қызыл көзін ашқанда,
Сынық сүйем баспа алға.
Қуаныш: Сары көзін ашқанда,
Қарап қалма аспанға.
Ербол: Жасыл көзін ашқанда,
Өте бергін жасқанба.
Ескерту белгі:
Өзі қызыл, үшбұрышты ескертуің мен болам,
Хабарлайтын бар қауіпті, оң сапарды жолдаған.
Тыйым салу:
Мен бәріне әрқашанда тыйым салып тұрамын,
Қауіп болса алда тұрған, жібермеймін бір адым.
Түсім қызыл, өзім шеңбер сызық болып бітемін,
Осы жолы үндемеймін, барма тағы сұрағың?
Анықтама: Белгімен көрсетер жылдамдық пен бағытты
Ой, шұңқыр, бұрылыс, қатерді, қауіпті.
Барлығын да анықтап көрсетіп жіберем,
Сондықтан бәрі де мені тез таныпты.
Нұршат: Баратын сапардың қашығын, тұрағын,
Үн-түнсіз жол сілтеп, көрсетіп тұрамын.
Төрт топтан құрылған белгілер туыстай,
Жөн сілтеп тұрамыз у-шусыз ұрыспай.
Мұғалім: Жол белгілерін, міндеттеріңізді жақсы біледі екенсіңдер. Сендерге көп рахмет. Ал енді, балалар, олай болса , қазір жұмбақ шешіп, викториналық сұрақтарға жауап беріп көрелік.
1-жұмбақ: Арқаным бар тым ұзын,
Ала алмайсың бір үзім.
Ақылға салып ойланып,
Тапшы мұны пысығым. ( жол)
2-жұмбақ: Бір тұлпар, су ішпейді, жем жемейді,
Ескеріп ешбір адам емдемейді.
Жүк емес жануарға жүз адам да,
Шылбырын сымға байлап тез жөндейді. (трамвай)
3-жұмбақ: Бұйырмапты бас та, ауыз да, құлақта,
Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (бағдаршам)
Викториналық сұрақтар.
1-сұрақ . Жолаушылар дегеніміз кімдер ?
Жауап: Кез-келген көлік түрін пайдаланатын адамдар.
2-сұрақ. Бағдаршам дегеніміз не ?
Жауап: Бағдаршам автомат жүйесіне қосылған үш көзді аспап. Жол қоғалысын реттейді.
3-сұрақ. Велосипедпен неше жастан бастап жолмен жүруге болады ?
Жауап: жол бойына 14 жасқа толған балаларға ғана рұқсат.
4-сұрақ. Жиекжол жоқ жерде қалай жүру керек ?
Жауап: Ауылдық жерлерде жиекжол болмау мүмкін, ондай жағдайда жолдың бір шетімен келе жатқан көлікке қарама-қарсы бағытта жүрген жөн
Көрнекіліктермен жұмыс.
А) жолда жүру ережесінің сақталуы
Ә) көлік түрлері
Б) жол белгілері
Қорытынды. Ән.«Әрқашан күн сөбесін» аяқтау.
Көшеде тек жүрелік,
Өзінше бұл да бір ерлік.
Ата-ана қынжылмасын,
Түсіріп ұнжырғасын.


Тақырыбы:
Көше ережесін білесің бе?
Мақсаты: Жол ережелері туралы білетін білімдерін одан әрі дамыту. Жол ережелерін білу арқылы, оларды адамгершілікке, ұстамдылыққа, әдептілікке тәрбиелеу;
Көрнекілігі: көше суреті, жол белгілері, бағдаршам.
Құрылымы:
Құрметті оқушылар, құрметті ұстаздар! Бәріміз ұнататын, білгіміз келетін, қыр - сыры мол көшеде жүру тәртібіне байланысты «Көше ережесін білесің бе?» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз.
- Ендеше, балалар тақтада ілулі тұрған суретке назар аударайық.
- Мұнда не бейнеленген?
- Көшеде не тұр?
- Бағдаршам бізге не үшін керек?
Ендеше, бағдаршам біздің сенімді, әрі қайырымды досымыз. Оған біздің бәріміз бағынуымыз керек.
- Қане, кім маған бағдаршам туралы тақпақ айтады?
1 - оқушы: Бағдаршам сенімді
Сүйетін серігің
Сүйсең сүйген жеріңді
Сыйламайды сені кім?
2 - оқушы: Жанса көзі жасыл,
Жолың айдай ашық
Жүре бергің батыл
Керегі жоқ сасып.
3 - оқушы: Сары көзі жанса,
Сен мынаны аңғар
Тұрып қалмай онша
Қозғалуға қамдал
4 - оқушы: Қызыл көзі жанса,
Мейлі көлік жоқта
Қатып қалғын жанғанша
Қыбыр етпе тоқта.
5 - оқушы: Бағдаршам тіліне
Бағынбауға болмайды.
Тас қып байлап түбіне
Жазалайды ондайды.
6 - оқушы: Оң жақ жасыл жанғанда
« Оңға бұрыл» дегені
Сол жақ жасыл жанғанда
«Солға бұрыл» дегені
7 - оқушы: Жасыл сәуле жанғанда
Жол ашық деп біле бер.
Жасқанба да алданба
Жайраң қағып, жүре бер.
Келесі сіздердің тамашалайтын әндеріңіз: «Жол жыры»
- Балалар көшеде бағдаршамсыз қалай жүруге болады?
- Көшеде бағдаршамнан басқа не тұрады?
- Жол белгілерінің қандай түрлерін білесіңдер?
- Жол белгілерін неше топқа бөлуге болады?
Жол белгілері туралы кім маған тақпақ айтып береді?
8 - оқушы: Көшелердің бульвардың
У - да шу шетінен
Өткейсің тратуардың
Тек қана оң жақ шетімен.
9 - оқушы: Бейбастық болма бекерге
Кездесер алдан көп қой сын
Қиылыстан әрбір өтерде
Айдалаға қарама
10 - оқушы: Үлкен болдым десем де
Ешкім маған сенбейді.
Жалғыз жүрме көшеде
Кішкентайсың сен дейді.
11 - оқушы: Үлкенмін ғой міне мен
Ойыншықтарды жинаймын.
Машинама мінер ем
Кабинасына сыймаймын.
Ендеше, сол жол белгілеріне тоқталайық.
12 - оқушы: Тұрамын көшенің қиылысын тұрақтап,
Қашпаймын мүдіріп, ешқандай сұрақтан.
Белгісі жолдардың төрт топтан тұрады.
Жарқырап көрінер түнде де жырақтан.
Сақтандыру белгісі:
Қып - қызыл үшбұрыш
Ескерту белгісі мен болам.
Қауіптен сақ бол деп
Сәт сапар жолдаған.
Тыйым салу белгісі:
Қызылмен боялған шеңберім аумақты
Тиымшыл белгімін, қаталмын, салмақты.
Мен тұрған жерлерде хақың жоқ жүруге,
Қауіп бар, бағдарла, көз салып жан - жаққа.
Міндеттеу белгісі:
Белгімін көрсетер жылдамдық, бағытты,
Міндетті бұрылыс, әйтпесе қауіпті.
Барлығын анықтап тұрамын жолында
Абай бол, шартымды міндетті орында.
Нұсқау белгісі:
Баратын жеріңнің бағытын, тұрағын,
Үн - түнсіз жол сілтеп, жол нұсқап тұрамын
Күндіз де, түнде де от болып жанады
Көк түске боялған, төртбұрыш шырағым.
- Балалар, белгілер туралы жақсы біледі екенсіңдер. Осы сендер қандай транспорт түрлерін білесіңдер?
Транспорт түрлеріне байланысты жұмбақтар шешейік.
Төрт аяғы домалақ,
Адамсыз ол жүрмейді.
(көлік)
Өзі тым күшті
Аяғы тісті
Лезде тындырар
Қыруар істі.
(трактор)
Шабысқа тәулік бойы төзе алады,
Бір тұлпар, жаңылмайтын жорғасы бар.
Жүк емес жануарға жүз адамның
Доғасын сымға сүйреп, жолға шығар.
(трамвай)
Жоқ өзінде бас та, ауыз да, құлақ та,
Бақырайған үш көзі бар бірақта.
( бағдаршам)
Сөйлеуді ол білмейді
Бірақ «тоқта», «жүр» дейді.
( бағдаршам)
Ендігі кезекті көрініске кезек берейік.
Шуақты өміріміз күндей күліп
Жүректе бүршік атып, гүлдейді үміт
Арманға сапар тарту мүмкін емес
Жол жүру ережесін білмей тұрып.
Қай көшеге, қай қалаға барсаңыз да
Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да
Жол жүру ережесі – қатал тәртіп
Ол - ортақ! Үлкен – кіші бәрімізге.
Бәріміз бірге «Кім жылдам» ойынын ойнайық.
Шарты: Көрсетілген белгілердің атын атауларың керек.
Мақсаты: Жол белгілерін қаншалықты меңгергендіктерін тексеру.
Ата - аналарыңыз сіздердің аман болуларыңызды, әрқашан тәртіпті болуларыңызды қалайды. Сондықтан «Әрқашан күн сөнбесін» әнін айтайық.
Балалар, осы тәрбие сағатынан сендер жолда, көшеде қалай жүру керек екендігін үйренді деп сенемін. Енді көшеде, жол қиылыстарында жолда жүру ережесін қатаң сақтаңыздар!
Сонымен, тәрбие сағатымыз аяқталды.



Тақырыбы: «Бағдаршам – біздің досымыз»
Мақсаты: Жолда жүру ережесін есте сақтауға, оқушыларға жол белгілерін неше түрі бар, оны білу не үшін қажет, бағдаршамның, жол белгілерінің атқаратын қызметі қандай екенін үйрету.
Жол ережесін есте сақтау қабілетін, қызығушылықтарын арттыру, барлығымызға ортақ қойылған тәртіпті бұзбауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: көше ережесін сақтау тақырыбына салынған әр түрлі суреттер, бағдаршам, жол белгілері.
Барысы: І Кіріспе 1 - жүргізуші
Арманға алда күткен асығамыз, Біз қалай толқын атпай басылармыз. Жол жүру ережесін жақсы біліп, Сақтықпен жүре алатын жас ұланбыз!
2 - жүргізуші
Жалғайтын достастырып бар елменен, Жолдардан тұрады ғой әлем деген, Бүгінгі бізге келген қонақтарға Сабағымыз басталсын сәлемменен!
ІІ Негізгі бөлім 1 - жүргізуші Қазіргі таңда балалар өмірін кездейсоқ жол - көлік оқиғаларынан қорғау – мәні зор мәселелердің бірі болып отыр. Еліміздің барлық қала, ауылдарына ортақ көше қатынас ережесі енгізілген. Бұл ережені оқушылар да, үлкендер де, көлік жүргізетін жүргізушілер де бұлжытпай орындауы керек.
2 - жүргізуші
Жолда жүру ережелерін бұзбас үшін сол ережелерді орындау қажеттілігін түсіну аз, оларды нақты білу керек. Біздің елімізде әр түрлі көліктер жылдан - жылға көбейіп келеді. Жаяу адамдар мен көліктегі жолаушылар саны да көбейе түсуде. Көшелер мен жолдардағы жағдай барған сайын күрделеніп келеді.
1 - жүргізуші Жол - көлік оқиғаларының қаупі арта түсуде. Сондықтан да жүргізушілер мен жаяу адамдардың көшелер мен жолдарда ерекше тәртіпті және мұқият болуы қажет. Жол - көлік оқиғаларының зардабынан көбіне балалар зардап шегуде.
2 - жүргізуші
Міне, осы мақсатта біздің сыныбымызда «Жол жүру ережесін білу — бәріне міндет» атты жол ережелеріне арналған тәрбие сағаты өткізуде. Ендеше, қош келдіңіздер!
1 - жүргізуші:
- Балалар, жол инспекторын ортаға шақырайық. Жол инспекторы:
Сәлем, балалар! Мені барлық елдің балалары жақсы біледі. Бүгін сендерге арнайы келдім.
2 - жүргізуші
Қош келдің, жол инспекторы! Бүгінгі тәрбие сағаты бәріміз үшін маңызды.
1 - жүргізуші –
Бүгін сынып оқушылары жол жүру ережелері бойынша өздерінің білімдерін сарапқа салмақшы.
2 - жүргізуші
«Қызылдар», «Сарылар», «Жасылдар» тобы болып сайысқа түседі.
Сонымен ортаға қатысушы топтарды қошеметпен шақырайық!
1 - жүргізуші
Бүгінгі бағдарламада:
1. Өз орныңды тап, әр топ өздерінің ұрандарымен топ аттарымен таныстырып өтеді.
2 - жүргізуші
2. Жол инспектор қызметкерінің сауалы, әр топқа үш - үштен сұрақтар беріледі.
1 - жүргізуші
3. Жол белгілерін еске түсірейік, қиылған суреттерден жол белгілерін құрастыру.
2 - жүргізуші
4. Сен білесің бе?, жол белгілерінің суреттері көрсетіледі, соның аттарын айтады.
1 - жүргізуші
5. Шығармашылық жұмыс, әр топ көрініс қояды, қалған топ жолда жүру ережелерінің неге бұзылған себебін анықтап айтулары керек.
2 - жүргізуші
1 - сайысымызды бастайық.
1 - жүргізуші Ал сайысымызды бастамақ бұрын, жол инспекторы, әр дұрыс жауапқа 1 фишка-дан беріп бағалауға көмектесіңіз. Жол инспекторы: Әрине, көмектесемін. Мен ол фишкаларды қонақтар алдындағы әр топ қорапшасына салып тұрамын. Сайыс соңында қорытындысын қонақтардың хабар - лауын сұраймыз. Іске сәт!
1 - жүргізуші 1 - сайыс: Өз орныңды тап, әр топ өздерінің ұрандарымен топ аттарымен таныстырып өтеді. «Қызылдар» тобы: Қызыл көзін ашқанда,
Сынық сүйем баспа алға.
«Сарылар» тобы: Сары көзін ашқанда
Қарап қалма аспанға.
«Жасылдар» тобы: Жасыл көзін ашқанда,
Жүре бергін, жасқанба!
2 - жүргізуші 2 - сайысымызда Жол инспектор қызметкерінің сауалы, әр топқа үш - үштен сұрақтар беріледі. Жол инспекторы: Ескертемін! Қол көтермей, рұқсатсыз берілген жауап есептелмейді.
1 - сұрақ: Көшедегі кездейсоқ қауіп - қатерден аман болу үшін нені білуіміз қажет? (қауіп - қатерден аман болу үшін жолда жүру ережесін жақсы білуіміз керек.)
2 - сұрақ: Бағдаршамның түстері қалай орналасқан? (бағдаршам түстері тігінен 1) қызыл, 2) сары, 3) жасыл болып орналасқан. Қызыл түсі жүруге тыйым салады; сары түсі назар аударыңыз, жасыл түсі жүруге рұқсат дегенді білдіреді.)
3 - сұрақ: Кешкі уақытта жаяу жүргіншіге жақсы,, анық көрінуі үшін қандай киім киген дұрыс? (ашық түсті киімдер киген дұрыс және қол фонары болғаны дұрыс. Ал балаларға арнайы фосфорлы білезік не смайликтермен жүрген дұрыс.) Жол инспекторы: енді жұмбақ шешеміз, мұқият болыңыздар.
1 - жұмбақ: Көзін ашып жұмады.
Бағыт сілтеп тұрады. (Бағдаршам)
2 - жұмбақ: Ала таяқ ұстаған,
Жол тәртібін нұсқаған.
Өміріңді күзеткен,
Ысқырығы күшті адам.
(Автоинспекция қызметкері)
3 - жұмбақ: Арқаным бар тым ұзын,
Ала алмайсың бір үзім.(Жол)
Жол инспекторы: Келесі сұрақ: реттелген жол қиылыстары және реттелмеген жол қиылыстары деген не? (реттелген жол қиылыстары деп бағдаршаммен реттелетін жол қиылыстарын айтамыз. Реттелмеген жол қиылыстары деген - бағдаршаммен реттелмейтін жол қиылыстары.)
2 - сұрақ: жаяу жүргіншінің жолды кесіп өтуге болатын жерлерін атаңыздар. (жол асты өтпесі, реттелген жол қиылыстарында; зебра, жолақ не «жаяу жүргінші өтпесі» арқылы).
3 - сұрақ: Жолды кесіп өту ережелерін атаңыздар. (жолды кесіп өту үшін алғаш екі жаққа қарап алып, жақын маңда машина жоқ болса, 1 - жол ортасына дейін сол жаққа қарау керек, ортаға жеткен соң оң жаққа қарау керек. )
1 - жүргізуші: 3 - сайыста жол белгілерін еске түсіру, қиылған суреттерден жол белгілерін құрастыру, қағазға желімдеу. (жол инспекторы әр топқа тапсырмаларын таратады.)
2 - жүргізуші: ортаға оқушыларды шақырайық.
1 - оқушы Нұртаза Бағдаршам аты
Көп көзі бар батыр
Тоқ болғанмен заты
Өзінде көп ақыл
Тұрады ол дәйім
Бұрышында жолдың
Қиып өткен сайын
Қарайтұғын балғын
2 - оқушы: Алма
Көшедегі бағдаршам болмаса,
Кісі жоқ өзіңе жол сілтер.
Кідірме, абыржып онда аса,
Сенгейсің өзіңнің көзіңе.
3 - оқушы: Гүлназ
Көшеде ортаға жеткенше,
Әуелі көзің сол жаққа.
Балақай, ортадан өткен соң.
Мойының сол жақтан оң жаққа.
Жол инспекторы: Топ тапсырмаларының жұмысын қонақтарға апарады.
1 - жүргізуші: 4 - сайысымыз: Сен білесің бе?, жол белгілерінің суреттері көрсетіледі, соның аттарын атау керек.
2 - жүргізуші: Соңғы сайыс: Шығармашылық жұмыс, әр топ көрініс қояды, қалған топ жолда жүру ережелерінің неге бұзылған себебін анықтап айтулары керек.
ІІІ Қорытынды
1 - жүргізуші:
Сөз кезегі қонақтарда.
4 - оқушы: Аян
Мен білем, бәрін мен - деген.
Отырған жоқсың бөлмеде,
Машина өтіп кеткен соң.
Жолаушы алға беттесін.
5 - оқушы: Ұлан Ұшқалақ бала ұрыншақ.
Ойлалық, соны ұғынсақ.
Машина өтіп кеткесін.
Балақай алға беттесін.
6 - оқушы: Гүлназ Жыламасын, аналар.
Жас ұландар өсе бер.
Сақ болыңдар балалар.
Сақ жүріңдер, көшеде!
7 - оқушы: Айжан Қай көше, қай қалаға барсаңыз да,
Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да.
Жолда жүру ережесі заңды тәртіп.
Ол ортақ үлкен - кіші баршамызға.
Басталар әр қадамың аттауменен,
Жолда жүру ережесін сақтауменен.
Жол инспекторы: Футбол деген жақсы ойын саналар,
Стадионда ойнасаң, тек, балалар.
Көшеде доппен ойнама,
Қатерге басты байлама.
1 - жүргізуші Асфальтта көлденең
Сызылған ақ жолақтар
Бар жерінен өткейсің.
2 - жүргізуші Алдыңдағы бағдаршам
Жасыл көзі жанғанда,
Абайлап барып өткейсің.
Абай болшы мұндайда
Жаяу жүргінші болғанда!
1 - жүргізуші Осымен тәрбие сағатымыз аяқталды. Келесіде кездескенше қош, сау болыңыздар







Тақырыбы:
Сен және көше
Түрі: тест
Мақсаты: Көшеде жүру тәртібін және көше қатынас ережелерін қайталау. Оқушыларды сақтыққа тәрбиелеу. Өз бетімен жұмыс жасай білуге дағдыландыру.Сөздік қорларын байыту.
Көрнекілігі: Көшеде жүру ережесіне байланысты баспадан шыққан таблица. Қиылған жіңішке ұзын тілім қағаздарды еденге жапсырып, үлкен көше, жиекжол, екі көшенің қиылысқан
кескіні түсіріледі.

I.Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың назарын жаңа сабаққа аудару.
II.Негізгі кезең
Мұғалім түсіндірмесі: Бағдаршам - өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз. Оның сырын біліп, тілін алу баршамызға керек.
Біздің ауылымызда, сол сияқты біздің еліміздің басқа да қала, ауылдарында бәріне ортақ көше қатынас ережесі енгізілген. Бұл ережені оқушылар да, үлкендер де, яғни барлық көлік жүргізетін жүргізушілер де бұлжытпай орындауы керек. Балалар, сенднр көшеде жүру ережесін білесіңдер ме екен, көрейік.
Мынандай сұрақтарға жауап беріңдерші:
1. Көшеде жүру ережесін білу бізге не үшін керек?
- Әр оқушы көшеде жүру тәртібін өте жақсы білуі керек. Көшеде жүре білу машина астына түсуден, апаттан сақтайды.
2.Жиекжол дегеніміз не?
- Адамдар жаяу жүретін көше жиегіндегі тар жол.
3.Жаяу адамға қай жермен жүруге рұқсат етілмейді?
- Көлік жүретін көшенің ортасымен жүруге рұқсат етілмейді.
4.Көшеде жүру тәртібін кім басқарады?
- Көшеде жүру тәртібін бағдаршам басқарады.
5.Көше қиылыстарында қай жерлерден өтуге болады?
- Көшенің екінші көшемен қиылысқан жерінде немесе «Өтетін жер» деп жазылған тұста немесе асфальтта көлденеңіне сызылған жалпақ ақ жолақтары бар жерінде және бет алдындағы бағдаршамның жасыл жарығы жанған кезде өтуге болады.
6.Бағдаршам жоқ көшелерден қалай өтеміз?
- Егер өтетін жерде бағдаршам болмаса, көшеден өте бере әуелі сол жаққа қараймыз.Көшенің орта тұсына жеткенде, оң жағымызға көз саламыз.Егер
ол жақтан машина келе жатса, өтіп кеткенше сол орында күте тұрамыз.
7.Ал жиекжолда қалай жүру керек?
- Жиекжолдың оң жағымен жүру керек, сол жағымен жүруге болмайды.
8.Жиекжолдан тағы қалай жүруге рұқсат етілмейді?
- Төрт-бес адам қатар жүруге болмайды.
Мұғалім: Балалар, келесі кезекті жұмбақ шешуге берелік.
1.Бір тұлпар су ішпейді, жем жемейді,
Есіркеп ешбір адам жемдемейді.
Жүк емес жануарға жүз адам да,
Доғасын сымына сүйреп, жол жөндейді.
( Трамвай)
2.Арқаным тым ұзын,
Ала алмайсың бір үзім.
(Жол)
3.Қозғалмасаң құлайды,
Сүйемесең сұлайды.
Құйымшақты ері бар,
Бұл не деген жануар?
(Велосипед)
4. Бұйырмапты бас та, ауыз да, құлақ та,
Бақырайған үш көзі бар бірақ та.
(Бағдаршам)
Бұдан кейін оқушылар өздерінің бағдаршам туралы іздестіріп тапқан жұмбақтарын кезегімен айтып шығады.
Сатыбалды: Сөйлегенді білмейді,
Бірақ «тоқта, жүр»дейді.
Әйгерім: Әйгілі үш сөзді,
Бір дәу тұр үш көзді.
Оған жас-кәріміз,
Бағындық бәріміз.
Нұрболат: Менің үш көзім бар,
Бір көзім «кідір»дейді,
Бір көзім «жүгір»дейді,
Бір көзім «абайла»дейді.
«Қарап қалма маңайға»дейді.
Мұғалім: Көшеде жүру тәртібін кім басқарады?
Бір оқушы көшеде жүру тәртібін көрсететін бағдаршам суретін көрсетеді.
Ринат: (Бағдаршамның қызыл отын көрсетіп) Бағдаршамның қызыл оты жанғанда жүргіншіге де, көліктерге де тоқтап тұру керек.
Сары шам бағдаршам отының ауысуын көрсетеді.Бұдан да жүруге болмайды.
Сарыдан кейін жасыл жарық жанғанда жол ашық, жүруге болады.
Амангүл: Көреген дәу қырағы,
Көшемізде тұрады.
Ол бергенде команда,
Бағынамыз әмәнда!
Ашса кезек үш көзін,
Айтты деп ұқ үш сөзін.
Нығымет: Тоқта!
Әсемгүл: Сақтан!
Бексұлтан: Жол ашық!
Айгүл: Жүрме жолға таласып.
Ахмет: Қызыл көзін ашқанда,
Сынық сүйем баспа алға!
Ақнұр: Сары көзін ашқанда,
Қарап қалма аспанға!
Қуаныш: Жасыл көзін ашқанда,
Өте бергін, жасқанба!
Бағдаршам сигналдарын қолдарына ұстап, кезегі келгенде көрсетіп тұрады.










Тәрбие сағаты: «Қай жерде ойнауға болады?»
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың көшеде жүру ережелерін меңгеру дағдысын қалыптастыру және оны іс - жүзінде пайдалана білуін жетілдіру. Оқушыларды сақтыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Көше ережесін сақтау тақырыбына салынған әр түрлі суреттер, қатырма қағаздан бағдаршам макеті, жас автоинспектордың бас киімі мен таяқшасы.
Сабақтың барысы: Оқушылардың сабаққа даярлығын тексеру, топқа бөлу.
- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
- Күз мезгілі, қазан айы.
- Көшелерімізде қандай өзгерістер болып жатыр?
- Көшедегі жол бойын машиналар ерсілі - қарсылы жүруде, бағдаршам көздері кейде жыпылықтап өшіп қалуда.
- Жол жүруге қолайсыз.
- Ал, осы жол тәртібін басқарушыны білеміз бе? ( Бағдаршам).
- Ал көшедегі кездейсоқ қауіп - қатерден аман болу үшін нені білуіміз қажет?
- Біздер көшеде жүру ережесін жақсы білуіміз керек.
І - бөлім. Сұрақтар:
1. Бағдаршам дегеніміз не? Адам үшін оның маңызы қандай?
2. Бағдаршамның неше түрі болады?
3. Бағдаршамның қызметін атап бере аласың ба?
4. Жолдағы қозғалыс бағдаршамнан басқа қандай белгілермен реттеледі?
ІІ - бөлім: Теориялық білімдерін практикалық іспен байланыстыру.
Оқушылар алдына арнайы жол белгілері макеті, көше сызықтары салынған таблица, көлік түрлері, таратылады. Әр топ өзіне берілген заттарды пайдаланып көліктермен жүргіншілер қимылын көрсетеді.
1 - топ: Жаяулар өтетін жолдар, жиек жолдар, жаяу жүргінші қалай жүру керектігін макетті пайдаланып көрсетеді.
2 - топ: Қай жерде ойнауға болады? Қай жерде ойнауға болмайды?
3 - топ: Қандай көліктерге бағдаршамның қызыл жарығына жүруге рұқсат етіледі?
ІІІ - бөлім: «Үйренейік, білейік».
Әр топқа түрлі - түсті қағаз, қайшы, желім таратылып береді. Олардың өздері білетін жол белгілерін жасауларын талап етеді, белгі 3 - дана болу керек.
Мысалы:
а) жаяулар өтетін жер, жаяулар өтуге болмайтын жер.
ә) Велосипедпен өтуге болмайтын жер, өтуге болатын жер.
б) Жолдар «Бір жақты қозғалысты жол» белгісі, жол жұмыстары
Топ мүшелері өздері қиып әзірлеген белгілерін көрсетіп, сол туралы түсінік береді. Белгі түрлері толықтырып қайталанылады.
ІҮ - бөлім:.
Жұмбақтар шешу.
Әр топ бір - біріне дайындаған жұмбақтарын жасырады.
І. Көзін ашып жұмады.
Бағыт сілтеп тұрады. (Бағдаршам)
ІІ. Ала таяқ ұстаған,
Жол тәртібін нұсқаған.
Өміріңді күзеткен,
Ысқырығы күшті адам. (Автоинспекция қызметкері)
ІІІ. Арқаным тым ұзын.
Ала алмайсың бір үзім. (Жол)
Қорытынды: Өмірде күтпеген оқиғалардан сақтану үшін жол ережелеріне бағыну керек. «Сақтансаң сақтармын» дегендей ережелерді тек білу ғана шарт емес, оны бұлжытпай орындаса ғана аман - есен жүруге болады.

Сабақтың тақырыбы: Реттеуші және оның ескертпелері
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға жолда жүру ережесін үйрете отырып олардан алған білімдерін пысықтау.
Өз ойларын ашық айтуға, көше тәртібі белгілерін жатқа айтуға дағдыландыру.
Оқушыларды мейірімділікке, байқағыштыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, бағдаршам.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.
Арманға алда күткен асығармыз
Біз қалай толқын айтпай басылармыз.
Жол жүру ережесін жақсы біліп
Сақтыққа тұра алатын жас ұланбыз!
Жалғайтын достастырып бар елменен
Жолдардан тұрады ғой әлем деген.
Бүгінгі бізге келген қонақтарға
Ойынымыз басталады сәлемменен!

Реттеуші деген кім?
Реттеуші алғаш үлкен қалаларда пайда болған, яғни оның негізгі міндетті көшедегі қозғалысты реттеу. Оны реттеу үшін ол жезл деген құралды пайдаланды. Көпшілік оны «ала таяқ» деп те атайды.

Жұмбақ жасыру.
1. Жоқ өзінде бас та, ауыз да, құлақ та,
Бақылаған үш көзі бар бірақ та
(Бағдаршам)
Кейін реттеушінің орнына бағдаршам пайда болды.
Бағдаршам қалай пайда болды?
Алғашқы бағдаршам темір жол бойында пайда болды. Оны ойлап тапқан адамның есімі тарихта сақталмаған. Ал оны көше қозғалысына ыңғайлап, қайта жасаған ағылшын инжинер - механигі Д. Найт болатын. Ол 1868 жылы Лондондағы парламент үйінің алдына бағдаршам орнатты. Апарат ортасына газды шам орнатылды. Өкінішке орай, газ жарылып кезекте тұрған полицей қаза болды. Содан бағдаршам жарты ғасыр бойы ұмыт болды.
Тек 1914 жылы Американың Кливлену қаласында сосын Нью - Йорк қалаларында қайтадан пайда болды. Бұл жолы екі түсті қызыл, жасыл электр бағдаршам болды.Ал 1918 жылдан бастап үш түс қолданыста болды.
Кеңес одағы бойынша алғаш рет бағдаршам Мәскеу қаласында 1924 жылдан Кузнецкі көпірі мен Петровка көшелерінің қиылысынан орын алды.
Қазіргі заманның талабына сай жаңа технологияның дамуына байланысты реттеушіні бағдаршам алмастыруда. Олай болса балардың бағдаршам туралы тыңдайық
Қызыл жарық: Қызыл жарық жанғанда,
Қалт тоқтай қал табанда.
Сары жарық: Сары шамы жағылса,
Сақ абай бол барынша!
Жасыл жарық: Жасыл жарық – жол ашық,
Зымырай бер бел асып
Барлығы: Ирек - ирек көшелер,
Көше деген мың ирек.
Қиындыққа әйтседе
Үйренесің біртіндеп.
Барар жерге асықпа,
Бәйге алмайсың бұрын кеп.
Қазір жаяу жүргіншілерге де арналған бағдаршам бар. Бірақ әзірге біздің қаламызда орнатылмаған. Бірақ біз үлкен қалалардан көре аламыз. Мысалы: Ақтау қаласында т. б
Олай болса бүгінгі сабағымызда реттеуші туралы білдік.
- Енді осы реттеушінің әрбір қиылысы бізге, көліктерге айтылған ескертпелер екен.
Практикалық кезең.
Үлкен қалаларда не көп, бағдаршамдар көп. Олардың көпшілігі көнеріп, істен шығып қалып жатады. Тіпті кейде көлік қозғалысы шамадан тыс көбейіп кетуі де әбден мүмкін. Ондайда жүріс - тұрысты реттеу үшін бағдаршамдар орнына реттеуші тұрады. Ол ала таяқшаның көмегімен қозғалысты қалыпқа келтіреді. Егер реттеуші түн мезгілінде тұрса, жүргізуші көретіндей яғни таяқшаның ішінде жанып тұратын белгі болады. Егер реттеуші таяғын жоғары қарай көтерсе, бұл дайындалу керектігін ескертеді. Мұндай жағдайда жүруге болмайды.Реттеуші бізге қарай қарап тұрса немесе арқа жағын беріп тұрса жүруге тыйым салынады.Реттеуші бүйірімен бұрылып тұрса онда жүруге болады деген сөз, жүруге рұқсат берілген жағдайда реттеушінің екі иығы да саған көрініп тұрады. Егер бағдаршам жұмыс істеп тұрса, реттеуші де тұрса, онда реттеушінің қимылын басшылыққа алу керек.
Тапсырма.
1. Реттеуші деген кім, оның қызметі қандай?
2. Егер реттеуші таяғын жоғары көтерсе не істеу керек?
3. Қандай жағдайда жүргіншінің жүруіне болады?
4. Егер бағдаршам жұмыс істеп тұрса, реттеуші бағыт көрсетіп тұрса, кімге бағыну керек?
Есіңде болсын!
Өткелі жоқ жерден өтуге болмайды.
Көшенің қиылысына келгенде, екі жағыңа назар аудар, жасыл жарықтың жануын күт.
Көшенің арғы бетіне жүгіріп өтуге болмайды.
Көшенің арғы бетіне жолдың қақ ортасынан өтпе.
Көше қиылысында тоқтау сызығы болады. Осы жерде тұрып бағдаршам белгісінің жануын күт.
Автобусты артқы жағынан айналып өт. Жолда келе жатқан машина көрінбесе, онда екі жағы бірдей көрінетін жолды таңда, сол жерден өт.
Жаяу жүргіншілер жаға жолдың оң жақ қапталымен жүруге тырысу керек.
Егер велосипедпен жүрсең, жолда жүруге ережелерін білетінің, туралы куәландырылған қағазың болуы тиіс.
Велосипедпен неше жастан бастап жолмен жүруге болады. (сұрақ)
Жол бойында 14 жасқа толған балаларға ғана болады.(жауап)
Жол бойына коньки, шаңғы доп теппе.
Көліктің артына жармаспа.
Қалтарыстан шыға келме, өміріңе қауіпті.
Жаға жолмен ғана жүруге болады, машина жолымен жүруші болма.
Жол көлік оқиғасын кезінде полиция бөліміне хабарлас.
Жарақат алғандарға алғашқы дәрігерлік жәрдем көрсет.
Жол белгілерін ажырата білген жөн.
Қорытынды.
Біздің қалаларымызда, сол сияқты ауылды жерлердің бәріне ортақ жол қатынасы енгізілген. Бұл ережені оқушылар, үлкендер де барлық жүргіншілер, көлік жүргізушілері бұлжытпай орындалуы керек. Жол заңы дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді. Жол тәртібін бұзбаңдар, жол тәртібін бұзғандықтан кейбіреулер машина дөңгелегіне ілініп қаза тауып, кейбіреулері жарақат алады. Жол тәртібін білейік, есен - аман жүрейік!





Сабақтың тақырыбы: Мен - көлік жүргізушімін.
Білімділік мақсаты: Оқушыларды көліктермен, жолда жүру ережелерімен, жол
белгілерімен, бағдаршаммен және жаяу мен көліктің өзара байланысын ұқтыру.
Дамытушылық мақсаты: Балалардың ой - өрісін дамыту, білім - білік дағдыларын қалыптастыру, ойлау қабілеттерін дамыту, қоршаған ортада болып жатқан келеңсіз оқиғаларды оқушының өзі терең түсініп, одан сақтану жолдарын өздері ұйымдастыра алатындай психология қалыптастыру.
Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды көшеде, жолда жүру мәдениетіне тәрбиелеу. Жол оқиғасынан сақтандыру.
Көрнекілік: а) алғашқы көліктер, көлік суреттері
ә) жол белгілері.
б) бағдаршам макеттері
в) бейнетаспа
г) мультимедиялық компьютерлік құрылғы

Сабақ жүрісі: Ұйымдастыру:
- Балалар қазір бізде қандай апталық өтуде?
- Жолда жүру тәртібіне арналған апталық
- Тақырыппен таныстыру

Психологиялық дайындық.
- Біздің ата - бабамыз қандай халық болған?
- Көлік ретінде нені пайдаланған?
Ой қозғау, түсіндіру
Ал ауыр жүк артуға, алыс жолға төзімді жылқыны қазанат деп атап, оны ерекше бағалаған.
- Одан кейін қандай көлік пайда болды деп ойлайсыңдар?
Велосипед (фр. vélocipède, шығу тегі лат. velox —[1] жылдам, жедел және pes — аяқ) —
адам күшімен қозғалатын көлік түрі.
Көбінесе екі доңғалақты, кейбір кездерде үш доңғалақты түрлері де кездеседі. Бірінші
велосипедтер Еуропада 19 ғасыр пайда болып, одан бері әлемге кең тараған
- Келесі пайда болған көлік қандай деп ойлайсыңдар?
1769 — Өздігінен қозғалатын алғашқы көлікті француз инженері Fardier және артилеррия
капитаны Nicolas Joseph Cugnot (1725 - 1804) жасады.
Автомобиль сөзінің мағынасы өздігінен қозғалатын, жолаушыларды және жүкті, сондай -
ақ өз қозғалтқышын тасымалдауға арналған дөңгелекті көлік түрі болып табылады

Үй тапсырмасы.
Суретке қарап автомобиль маркаларын ажырату.

Білімді бекіту
- Көлікті кім жүргізеді?
- Жүргізуші болу үшін не істейміз? Құжат көрсету.
Кез - келген мекемеде жұмыс істейтін азаматтың өз бөлмесі, өзінің үстелі мен орындығы - оның жұмыс орны десек, автокөлік жүргізушілердің жұмыс орны - жол үсті болып табылады. Әрбір көлік жүргізуші жол үстіне мұқият қарап отырады. Кейде жаяу жүргіншілер жол үстіне шығып кетеді бұлар әрине тәртіп бұзушы жаяу жүргіншілер
Сондықтан көшеде жолда жаяу жүргіншілер өздерін зейінді ұстап, жолда жүру ережелерінің талаптарына көңіл бөліп қарағандары дұрыс. Жаяулардың жолда жүру ережелерін сақтамауы автокөлік жүргізушілерінің жұмысын қиындатады.

Жол құрылысы, жол белгілері, бағдаршам туралы толық түсінік беру
Ең алғашқы көшелік бағдаршам 1868 жылы Лондонда пайда болған. Оны ойлап тапқан ағылшындық инженер Найт еді. Алғашқы бағдаршамның екі ғана семафорлық қанаты болған. Көлденеңінен орналасқан қанат "тоқта" дегенді білдірсе, 45 градус бұрышқа еңкейтілген белгі - "абайлап өтіңіз" дегенді білдірді. беріп, көлік жүргізушілерін абай болуға шақырған. 1918 жылдан бастап қана үш түс қолдана басталды
Алғашқы электр бағдаршамын ойлап тапқан адамның есімі Лестер Вайр.
Осы білімдерімізді тереңдей түсу үшін викториналық сұрақтарға жауап берелік.

Викториналық сұрақтар:
1. Жолаушылар дегеніміз кімдер?
Кез - келген көлік түрін пайдаланатын адамдар.
2. Бағдаршам дегеніміз не?
Бағдаршам автомат жүйесіне қосылған үш көзді аспап. Жол қозғалысын реттейді.
3. Велосипедпен неше жастан бастап жолмен жүруге болады?
Жол бойына 14 жасқа толған балаларға ғана рұқсат.
4. Көшеде бағдаршам болмаса не істеу керек?
Өз көзіне сену керек, жол ортасына жеткенше, әуелі сол жаққа қара, ортасынан асқан
соң, оң жаққа мойныңды бұр
5. Қандай көліктің түрлеріне бағдаршамның қызыл жарығына жүруге рұқсат етеді?
Жедел жәрдем, полиция, өрт сөндіру машинасы.
6. Жолаушы таситын қоғамдық көліктерді қай жерден күтеді?
Аялдамада
7. Жақындап қалған көліктің алдынан жүгіру неліктен қауіпті?
Жүргізуші көлікті тоқтата алмай, адам өміріне қауіп төнеді.
8. Полиция, жедел жәрдем, өрт сөндірушілер өтіп кеткенше күтіп тұру міндетті ме?
Иә, міндетті
10. МАИ деген сөзді талдап бер
Мемлекеттік авто инспекция
Практикалық жұмыс көрсету
Көшеде тәртібіне байланысты бейнетаспа көрсету
Көшеде аман - есен жүрейік. осыған байланысты әнімізді тыңдаймыз
«Әрқашан күн сөнбесін»әнін шырқау

Қорытынды.
Жол заңы дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді. Жол тәртібін бұзба, ол қатер тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса солай жүріп, доп қуалайтыны, шаңғы тебетіні, жүріп бара жатқан машинаға жабысатыны, қалтарыстан жолға шығып келетін салдарынан бұзылады. Жол тәртібін бұзғандықтан кейбіреулер машина дөңгелегіне ілініп қаза тауып, кейбіреулері жарақат алады. Ал кейбіреулері өмірлік мүгедек болып қалады.
Сондықтан әрбір оқушы мектепте оқылатын» Жолда жүру ережесі» тақырыбындағы сабақты мұқият тыңдап, әр сабақтан қорытынды жасап отыруға міндетті. Үлгілі, тәртіпті оқушы көшеде, жолда жүру ережесін, заңын бұзбайды.

Тақырыбы: Жол тәртібін жадыңда ұста!
Түрі: Тест
Мақсаты: Көшеде жүру тәртібін және көше қатынас ережелерін қайталау.
Оқушыларды сақтыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Көшеде жүру ережесіне байланысты баспадан шыққан таблица, суреттер, нақыл сөздер.т.б.
І.Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылардың назарын жаңа сынып сағатына аудару.

ІІ.Негізгі кезең
Бағдаршам-өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз.Оның сырын біліп, тілін алу баршамызға керек.

Мұғалім: Балалар, көшеде жүру ережесін білу бізге не үшін керек?
Айзат: Әр оқушы көшеде жүру тәртібін өте жақсы білу керек.Көшеде жүре білу машина астына түсуден, апаттан сақтайды.
Арсен: Көшеде жүру тәртібін орындамау көліктің жүріп-тұруына кедергі келтіреді.Мысалы: Жолаушылар жұмысқа, сабаққа,
дәрігерге баруға кешігуі, фабрика, зауыттарға, дүкенге, жүк мезгілінде апарылмауы, вокзалдарға басқа қалаларға дер кезінде жете алмауы мүмкін.

Мұғалім: Жаяу адам қай жермен жүруге болмайды?
Альбина: Көлік жүретін көшенің ортасымен жүруге рұқсат етілмейді.

Мұғалім: Көшеде жүру тәртібін кім басқарады?
Бір оқушы көшеде жүру тәртібін көрсететін бағдаршам суретін көрсетеді.
Қуандық: (Бағдаршамның қызыл отын көрсетіп)
Бағдаршамның қызыл оты жанғанда жүргіншіге де, көліктерге де тоқтап тұру керек.Сары шам бағдаршам отының ауысуын көрсетеді.Бұдан да жүруге болмайды.Сарыдан кейін жасыл.
Жарық жанғанда жол ашық, жүруге болады.

Мұғалім: Көшенің екінші көшемен қиылысқан жерінде немесе «Өтетін жер» деп жазылған тұста немесе асфальтта көлденеңнен сызылған жалпақ ақ жолақтары бар жерінде және бет алдындағы бағдаршамның жасыл жарығы жанған кезде өтуге болады.
Көрнекілік көрсетіледі.

Мұғалім: Бағдаршам жоқ көшелерден қалай өтеміз?
Берік: Егер өтетін жерде бағдаршам болмаса, көшеден өте бере әуелі сол жаққа қараймыз.Көшенің орта тұсына жеткенде, оң жағымызға көз саламыз.Егер ол жақтан машина келе жатса, өтіп кеткенше сол орында күте тұрамыз.
- Оқушы қалай өтетінін көрсетеді.

Мұғалім: Балалар, сендер Дұрыс және Бұрыс атты екі оқушының көшеде қалай жүретінін көресіңдер.Екеуінің қайсысы көшеде жүру тәртібін білмейді, аңғарып отырыңдар!

Екі оқушы жиек жолмен жүріп келеді.Бұрыстың түймелері
салынбаған, қалай болса солай киінген, Дұрыс таза, тап-тұйнақтай, жиек жолдың оң жағымен келе жатыр.Жолда қария әжейді қағып кетеді, кешірім сұрауды да ұмытады.
Балалар, Дұрыс пен Бұрыстың қайсысы қателіктер жіберді және қандай қателіктер?
Ақбөбек: Бұрыстың үсті-басы кір, киімі алқам-салқам, өзіне мән бермейді екен, қарияны қағып кетіп, кешірім сұраған жоқ.

Мұғалім: Не себепті кісіні қағып кетті?
Серік: Көшеде жүру тәртібін білмеді.Жиек жолда дұрыс жүрген жоқ.

Мұғалім: Ал жиек жолда қалай жүру керек?
Медеу: Жиек жолдың оң жағымен жүру керек, сол жағымен жүруге болмайды.

Мұғалім: Онда тағы қалай жүруге рұқсат етілмейді?
Айжамал: Төрт-бес адам қатар жүруге болмайды.
Жиек жолда қалай жүруді екі оқушы көрсетеді.

Мұғалім: Аялдамада тұрған көлікті яғни машина, автобусты қалай айналып өту керек?
Оңайбай: Аялдамада тұрған автомобиль, автобус немесе троллейбусті тек сырт жағынан айналып өту керек.Сонда біз оның соңында келе жатқан машинаны дер кезінде көреміз.
Мұғалім: Жарайды, оқушылар сендер көптеген көше қиылысында кездесетін қауіп-қатерлерден аман-сау құтылып шығады деген сенімдемін.

ІІІ.Қорытындылау
Жолда жүру ережесін әр кез жадымызда сақтауымыз керек.
Жол тәртібін жадыңда ұста, балақай!



Тақырыбы:
Сен және көше
Түрі: тест
Мақсаты: Көшеде жүру тәртібін және көше қатынас ережелерін қайталау. Оқушыларды сақтыққа тәрбиелеу. Өз бетімен жұмыс жасай білуге дағдыландыру.Сөздік қорларын байыту.
Көрнекілігі: Көшеде жүру ережесіне байланысты баспадан шыққан таблица. Қиылған жіңішке ұзын тілім қағаздарды еденге жапсырып, үлкен көше, жиекжол, екі көшенің қиылысқан
кескіні түсіріледі.

I.Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың назарын жаңа сабаққа аудару.
II.Негізгі кезең
Мұғалім түсіндірмесі: Бағдаршам - өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз. Оның сырын біліп, тілін алу баршамызға керек.
Біздің ауылымызда, сол сияқты біздің еліміздің басқа да қала, ауылдарында бәріне ортақ көше қатынас ережесі енгізілген. Бұл ережені оқушылар да, үлкендер де, яғни барлық көлік жүргізетін жүргізушілер де бұлжытпай орындауы керек. Балалар, сенднр көшеде жүру ережесін білесіңдер ме екен, көрейік.
Мынандай сұрақтарға жауап беріңдерші:

1. Көшеде жүру ережесін білу бізге не үшін керек?
- Әр оқушы көшеде жүру тәртібін өте жақсы білуі керек. Көшеде жүре білу машина астына түсуден, апаттан сақтайды.

2.Жиекжол дегеніміз не?
- Адамдар жаяу жүретін көше жиегіндегі тар жол.

3.Жаяу адамға қай жермен жүруге рұқсат етілмейді?
- Көлік жүретін көшенің ортасымен жүруге рұқсат етілмейді.

4.Көшеде жүру тәртібін кім басқарады?
- Көшеде жүру тәртібін бағдаршам басқарады.

5.Көше қиылыстарында қай жерлерден өтуге болады?
- Көшенің екінші көшемен қиылысқан жерінде немесе «Өтетін жер» деп жазылған тұста немесе асфальтта көлденеңіне сызылған жалпақ ақ жолақтары бар жерінде және бет алдындағы бағдаршамның жасыл жарығы жанған кезде өтуге болады.
6.Бағдаршам жоқ көшелерден қалай өтеміз?
- Егер өтетін жерде бағдаршам болмаса, көшеден өте бере әуелі сол жаққа қараймыз.Көшенің орта тұсына жеткенде, оң жағымызға көз саламыз.Егер
ол жақтан машина келе жатса, өтіп кеткенше сол орында күте тұрамыз.

7.Ал жиекжолда қалай жүру керек?
- Жиекжолдың оң жағымен жүру керек, сол жағымен жүруге болмайды.
8.Жиекжолдан тағы қалай жүруге рұқсат етілмейді?
- Төрт-бес адам қатар жүруге болмайды.

Мұғалім: Балалар, келесі кезекті жұмбақ шешуге берелік.
1.Бір тұлпар су ішпейді, жем жемейді,
Есіркеп ешбір адам жемдемейді.
Жүк емес жануарға жүз адам да,
Доғасын сымына сүйреп, жол жөндейді.
( Трамвай)
2.Арқаным тым ұзын,
Ала алмайсың бір үзім.
(Жол)
3.Қозғалмасаң құлайды,
Сүйемесең сұлайды.
Құйымшақты ері бар,
Бұл не деген жануар?
(Велосипед)
4. Бұйырмапты бас та, ауыз да, құлақ та,
Бақырайған үш көзі бар бірақ та.
(Бағдаршам)
Бұдан кейін оқушылар өздерінің бағдаршам туралы іздестіріп тапқан жұмбақтарын кезегімен айтып шығады.
Сатыбалды: Сөйлегенді білмейді,
Бірақ «тоқта, жүр»дейді.

Әйгерім: Әйгілі үш сөзді,
Бір дәу тұр үш көзді.
Оған жас-кәріміз,
Бағындық бәріміз.

Нұрболат: Менің үш көзім бар,
Бір көзім «кідір»дейді,
Бір көзім «жүгір»дейді,
Бір көзім «абайла»дейді.
«Қарап қалма маңайға»дейді.

Мұғалім: Көшеде жүру тәртібін кім басқарады?
Бір оқушы көшеде жүру тәртібін көрсететін бағдаршам суретін көрсетеді.
Ринат: (Бағдаршамның қызыл отын көрсетіп) Бағдаршамның қызыл оты жанғанда жүргіншіге де, көліктерге де тоқтап тұру керек.
Сары шам бағдаршам отының ауысуын көрсетеді.Бұдан да жүруге болмайды.
Сарыдан кейін жасыл жарық жанғанда жол ашық, жүруге болады.
Амангүл: Көреген дәу қырағы,
Көшемізде тұрады.
Ол бергенде команда,
Бағынамыз әмәнда!
Ашса кезек үш көзін,
Айтты деп ұқ үш сөзін.
Нығымет: Тоқта!
Әсемгүл: Сақтан!

Бексұлтан: Жол ашық!
Айгүл: Жүрме жолға таласып.
Ахмет: Қызыл көзін ашқанда,
Сынық сүйем баспа алға!

Ақнұр: Сары көзін ашқанда,
Қарап қалма аспанға!
Қуаныш: Жасыл көзін ашқанда,
Өте бергін, жасқанба!
Бағдаршам сигналдарын қолдарына ұстап, кезегі келгенде көрсетіп тұрады.

Тақырыбы: Сен және көше
Түрі: тест
Мақсаты: Көшеде жүру тәртібін және көше қатынас ережелерін қайталау. Оқушыларды сақтыққа тәрбиелеу. Өз бетімен жұмыс жасай білуге дағдыландыру. Сөздік қорларын байыту.
Көрнекілігі: Көшеде жүру ережесіне байланысты баспадан шыққан таблица. Қиылған жіңішке ұзын тілім қағаздарды еденге жапсырып, үлкен көше, жиекжол, екі көшенің қиылысқан кескіні түсіріледі.



Тақырыбы: Абайлаңдар, балалар!
Мақсаты: Жолда жүру ережесін есте сақтауға, оқушыларға жол белгілерін неше түрі бар, оны білу не үшін қажет, бағдаршамның, жол белгілерінің атқаратын қызметі қандай екенін үйрету. Жол ережесін есте сақтау қабілетін, қызығушылықтарын арттыру, барлығымызға ортақ қойылған тәртіпті бұзбауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Бағдаршам, жол белгілері, жолда жүру әліппесі, жол ережесіне арналған суреттер.
Сынып оқушылары үш топқа бөлінеді: қызыл түсті киім киген оқушылар – «Қызылдар», сары түстілер- «Сарылар», жасыл түстілер – «Жасылдар».

Жүру барысы
1. Ұйымдастыру бөлімі.
Мұғалім: Біздің елімізде әр түрлі көліктер жылдан-жылға көбейіп келеді.Жаяу адамдар мен көліктегі жолаушылар саны да көбейе түсуде. Көшелер мен жолдардағы жағдай барған сайын күрделеніп келеді. Жол-көлік оқиғаларының қаупі арта түсуде. Сондықтан да жүргізушілер мен жаяу адамдардың көшелер мен жолдарда ерекше тәртіпті және мұқият болуы қажет. Жол-көлік оқиғаларының зардабынан көбіне балалар зардап шегуде. Оның себебі – көптеген мектеп оқушылары жолда жүру ережелерін әлі де болса нашар біледі. Міне, осы мақсатта біздің сыныбымызда бүгін «Абайлаңдар, балалар!» атты жол ережелеріне арналған тәрбиелік шара өткізбекшіміз. Ендеше, қош келдіңіздер.

Оқушы: Арманға алда күткен асығамыз,
Біз қалай толқын атпай басылармыз.
Жол жүру ережесін жақсы біліп,
Сақтыққа тұра алатын жас ұланбыз!
Жалғайтын достастырып бар елменен,
Жолдардан тұрады ғой әлем деген,
Бүгінгі бізге келген қонақтарға
Кешіміз басталсын сәлемменен!
Мұғалім: Бүгінгі шарамызға қатысатын топтарды таныстырайық. Қызыл түсті белгілері бар «Қызылдар», жасыл түсті белгісі бар топ «Жасылдар» және сары түстілер – «Сарылар» тобы.Әр топ өздерін таныстырады:
«Қызылдар» тобы:Қызыл көзін ашқанда,
Сынық сүйем баспа алға.
«Сарылар» тобы: Сары көзін ашқанда
Қарап қалма аспанға.
«Жасылдар» тобы: Жасыл көзін ашқанда,
Жүре бергін, жасқанба!
Жүргізуші: Қызыл жанды, тоқтағын,
Көрдің жұрттың тосқанын.
Сары жанды – дайындал
Айналаңа қарап ал.
Жасыл жанды – тыңдағын
Жолың ашық, тұрмағын.
Балалар, бүгінгі кешіміздің ең басты қонағы – Бағдаршамды ортаға шақырамыз.
Ортаға Бағдаршам болып киінген оқушы шығады.

Бағдаршам: Сәлем, балалар! Мені барлық елдің балалары жақсы біледі. Бүгін сендерге арнайы келдім.
Жүргізуші: Қош келдің, Бағдаршам! Бүгінгі айтар әңгімеміздің бәрі саған қатысты болмақ, сондықтан да бізбен бірге бол.
Бағдаршам: Мен сендерге қояр сұрағым бар. Сендерді тексерейін. Жауабын кім айтар екен?
Көше ортасын айналдырып футбол тебер алаңға,
Көрдіңдер ғой ұмытқаны ережені, далаңдап.
Ал, кәнеки, үйренейік бәріміз де жүру тәртібін.
Ережені жақсы білер, жатқа білер кім мұны,
Кім айтады жол белгісі неше топтан тұрады?
Оқушылар жауап береді.

Бағдаршам: Тұрамын көшенің қиылысын тұрақтап,
Қашпаймын мұдіріп, ешқандай сұрақтан.
Белгісі жолдардың төрт топтан тұрады,
Жарқырап көрінер түнде де жырақтан.
Жүргізуші: Жарайсың, Бағдаршам! Ал енді сұрақ қойып топ мүшелерін тексеріп көрейік.
Викториналық сұрақтар:

1. Қоғамдық транспорттан шыққаннан кейін көшеден қалай өту керек?
2. Жол таңбасы қандай екі түрге бөлінеді?
3. Жаяулар өтпесі қалай белгіленеді?
4. Бағдаршамдв сигналдар қалай орналасқан?
5. Жол белгілері қандай топқа бөлінеді?
6. Балалардың суреті салынған белгі қайда орнатылады?
7. Оқушылардың велосипедпен көшеде және жолда қай жастан жүруіне рұқсат етіледі?
8. Велосипедпен жолға шығарда нені тексеру қажет?
9. Көшеден, жолдан қай жерде өтуге болады?
10. Габариттік оттар қай кезде жанады? (фарлар)
11. Жүргізушілер сыртқы жарық приборларын не үшін қосады?
12. «Тротуар» деген сөз нені білдіреді?

Дұрыс жауап берген топқа өздеріне сәйкес келетін түстен жетондар беріледі.
Жүргізуші: Жарайсыңдар. Жол ережесіне қатысты сұрақтарға ең көп жауап айтқан …. топ мүшелері. Құттықтаймыз! Ал енді ір топтың үй тапсырмасын тексерейік. Бағдаршам туралы деректер дайындау керек болатын, ендеше, тыңдалық.

«Қызылдар» тобы: Алғашқы бағдаршам теміржол бойында пайда болды. Оны ойлап тапқан адамның есімі тарихта сақталмаған. Ал оны көше қозғалысына ыңғайлап, қайта жасаған ағылшынның инженер-механигі Д. Найт болатын. Ол 1868 жылы Лондондағы парламент үйінің алдына бағдаршам орнатты. Алдымен түрлі-түсті сигналдар қайыс берілістің көмегі арқылы өзгертіліп отырды. Сосын аппарат ортасына газды шам орнатылды. Өнінішке орай, бірде газ жарылып, кезекте тұрған полицей қаза болады. Содан бағдаршам жарты ғасыр бойы ұмыт болады.

«Сарылар » тобы: Бағдаршам тек 1914 жылы Американың Кливленд қаласында, сосын Нью-Йорк, тағы басқа қалаларында қайта пайда болды. Бұл жолы олар электрлі болды. Тек екі түсті ғана, қызыл және жасыл. 1918 жылдан бастап қана үш түс қолдана басталды.

«Жасылдар» тобы: Кеңес Одағы бойынша алғаш рет бағдаршам Мәскеу қаласында 1924 жылы Кузнецк көпірі мен Петровка көшелерінің қиылысынан орын алды. Бағдаршамдағы түстер бекер таңдап алынбаған. Қызыл түс қауіп ұғымын білдіреді. Сосын бұл түс күндіз де, түнде де, тұман мен жауынды күні де жақсы көрінеді. Жасыл түс қызыл түстен айқын ажыратылады. Сары сигнал – негізі қызыл мен жасыл түстердің арасындағы айырым белгісі.

Мұғалім: Жарайсыңдар, балалар! Үй тапсырмасына өте жақсы дайындалып келіпсіңдер. Ал енді кезекті жол белгілеріне береміз. Әр топ өзінің түсіне қарай белгілерді таңдап, сол белгілер туралы айтып шығады.
Тақтада қызыл түспен «Ескерту белгілері», жасыл түспен «Тыйым салу белгілері» және сары түспен «Міндеттеу белгісі» деп жазылған сөздер ілінеді.
1-топ: Ескерту белгілері . Қолына айналасы қызыл жолақпен көмкерілген сары түсті тең қабырғалы үшбұрыш ұстаған топ басшысы:

Қып-қызыл үшбұрыш,
Ескерту белгісі мен болам.
Қауіптен сақ бол деп,
Сәт сапар жолдаған.
Аман-сау жүреді жаяу да, көлік те,
Мен берген белгіні сақтаған, қолдаған.
Үшбұрышты қызыл бояу – мен көрінсем абайла! Жол бойында қауіпті түс алдан шығар дегенді айтар ескерту белгісі.
Қалған топ мүшелері басқа ескерту белгілерін көрсетіп таныстырады.

2-топ: Тыйым салу белгісі. Қолына қызыл жолақпен көмкерілген сары түске боялған дөңгелек қалқаны бар топ басшысы:
Қызылмен боялған, шеңберім аумақты,
Тыйымшыл белгімін, қаталмын салмақты.

Мен тұрған жерлерде хақың жоқ жүруге,
Қауіп бар, бағдарла көз салып жан-жақты.
Дөп-дөңгелек қызыл шеңбер, мен көрінсем «Тоқта қане» деп жар салар тыйым салу белгісі.
Топ мүшелері тыйым салу белгілері туралы айтады, таныстырады.

3-топ: Міндеттеу белгісі. Қолында көк түсті дөңгелек қалқаны бар топ басшысы:
Белгімін көрсетер жылдамдық бағытты,
Міндетті бұрылыс, әйтпесе қауіпті.

Барлығын айшықтап тұрамын жолыңда,
Абай бол, тартуымды міндетті орында!
Қалған топ мүшелері басқа белгілерді таныстырады.

Мұғалім: Рахмет, балалар. Сендер бүгін көп мәлімет бердіңдер. Алдағы уақытта осы жол ережесін сақтап, басқа балаларға үйретіп жүріңдер.

Бағдаршам: Мен сендерге ризамын. Бүгінгі жол ережесіне арналған шараға өте жақсы үлкен жауапкершілікпен дайындалғандарың көрініп тұр. Рахмет сендерге. Барлық белгілермен мына отырған балаларды таныстырып шықтыңдар. Енді бұл сынып оқушылары көшеде жол ережесін бұзбайды деп ойлаймын. Мен енді сендермен қоштасамын. Әлі талай сендерге қонаққа келіп тұрамын.Сау болыңдар, балалар!

Мұғалім: Сау бол, Бағдаршам. Ал, балалар, бізге де қоштасатын уақыт келді. Әр топ басшылары қорытынды сөздерін айтсын.
Оқушы: Шуақты өміріміз күндей күліп,
Жүректе бүршік атып гүлдейді үміт.
Арманға сапар тарту мүмкін емес
Жол жүру ережесін білмей тұрып.

Оқушы:Қай көше, қай қалаға барсаңыз да,
Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да,
ЖОЛ жүру ережесі заңды тәртіп,
Ол бәрімізге ортақ тәртіп.
Оқушы: Жолда жүру әліппесін
Білген жөн бес саусақтай.

Сонда ғана жүре аласың
Сен өзіңді аман сақтап.
Барлығы: Жол тәртібін білейік
Аман есен жүрейік!

Мұғалім: Рахмет, балалар. Бүгін сіздер өздеріңнің жол ережесін білетіндіктеріңді көрсеттіңдер.Қай жерде жүрсеңдер де жолда жүру ережесін сақтап, басқаларды да соған шақырыңдар дегім келеді. Ал енді «Тоқта!», «Дайындал!» және «Жол ашық!» деген сөздерді байланыстырып әр топ өз жұмысын қорытындыласын.
«Қызылдар» тобы: Тоқта! Сен жолда жүру ережесін білесің бе? Бұл ережені білмесең, өміріңе қауіп төнуі мүмкін. Сондықтан да үнемі есіңде сақтап жүр, жас дос!
«Сарылар» тобы: Жол ережесін білмейтін кішкене інілерің мен қарындастарыңа ақыл-кеңес беріп, оларға жол ережесін үйретуге дайындал. Бұл сенің міндетің.
«Жасылдар» тобы: Өміріңнің қай кезеңінде де жолдарың ашық болсын!











Тақырыбы: Жол тәртібін сақтаймыз!


Мақсаты: - Оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру; ережелерді есте сақтауға үйрету;

  • Жол қауіпсіздігін, өз өмірлерін сақтай білуге тәрбиелеу;

Көрнекілік: бағдаршам, сызылған жол, жол белгілері.


Өтілу барысы:

  1. Мұғалімнің кіріспе сөзі

-Құрметті оқушылар! Бүгін біз жолда жүру ережелерін білеміз бе, оларды қалай меңгергенбіз, өз өміріміздің қауіпсіздігін сақтай аламыз ба, сол жөнінде ой бөлісейік. Және жолда жүрудің үлгісін көрсетейік.Ендеше, 3 «А» сынып оқушыларына кезек берейік. (Ортаға Мерует пен Ләззат шығады)

- Арманға , алда күткен асығамыз,

Біз қалай толқын атпай басыламыз,

Жол жүру ережесін жақсы біліп,

Сақтыққа тұра алатын жас ұланбыз.

-Жалғайтын достастырып бар елменен,

Жолдардан тұрады ғой әлем деген

Бүгінгі бізге келген қонақтарға

Сабағымыз басталсын сәлемменен.

Мұғалім: -Балалар! Бүгінгі біздің «Жол тәртібін сақтаймыз!» атты тәрбие сағатына мемлекеттік автоинспекция қызметінен жас автоинспектор келіпті. Біз оны ортаға шақырып, сөз кезегін берейік. (МАИ қызметкерінің формасын кигке бала ортаға шығады)

-Сәлеметсіздер ме, балалар! Сендер алдымен менің жұмбағымды шешіп беріңдер:

Сөйлеуді ол білмейді,

Бірақ, тоқта, жүр дейді.

-Бағдаршам!

-Жарайсыңдар, балалар!Ендеше, бағдаршамға назар аударайық.Жолда жүру тәртібін, ережесін жақсы білеміз бе екен, байқайық! Қане, жол белгілері ортаға келейік, өздеріңді таныстырыңдар!

-Мынау қандай белгі? Сақтандыру, ескерту белгісі. (Айналасы қызыл жолақпен көмкерілген үшбұрыш)

Қып-қызыл үшбұрыш,

Ескерту белгісі мен болам.

Қауіптен сақ бол деп,

Сәт сапар жолдаған.

Аман-сау жүреді

Жаяу да, көлік те,

Мен берген белгіні

Сақтаған, қолдаған!

Тыйым салу белгісі. ( Қызыл жолақпен көмкерілген дөңгелек)

Қызылменен боялған шеңберлі, аумақты

Тыйымшыл белгімін, қаталмын, салмақты

Мен тұрған жерлерде хақың жоқ жүруге

Қауіп бар, бағдарла, көз салып жан-жаққа.

Міндеттеу белгісі. (Көк түсті дөңгелек)

Белгімін көрсетер жылдамдық, бағытты

Міндетті бұрылыс, әйтпесе қауіпті.

Барлығын анықтап тұрамын жолыңда,

Абай бол, шартымды міндетті орында!

Нұсқау (көрсеткіш) белгісі. (Көк түсті төртбұрышты)


Баратын жеріңнің бағытын , тұратын,

Үн-түнсіз жөн айтып, жол нұсқап тұрамын

Күндіз де, түнде де от болып жанады

Көк түске боялған төртбұрыш шырағым.

(Осы кезде велосипед қоңырауы естіледі, велосипедпен бала келеді, тежегішті басып, тоқтай қалады.)

-Әй, жолда бәрің неқылып иіріліп тұрсыңдар?Велосипед келе жатқанын көрмейсіңдер ме? Қағып кетсем қайтесіңдер, ә?

Автоинспектор: -Велосипедің болғаны жақсы екен. Ендеше, біздің жолда жүру ережесіне арналған жиынымызға хош келдің. Ол ережелерді сенің де білуің керек.Балалармен таныс бол.Атың кім өзіңнің?

-Менің атым – Зуылбек. Велосипедпен ылғи зуылдап жүремін.Сосын балалар мені осылай атап кеткен.Ал, мына белгілер көшеде қаптап тұр, мен оларды біліп қайтем?Велосипедті мен бұларсыз-ақ зуылдатам. (Қызыл жолақпен көмкерілген дөңгелек белгідегі велосипедті көреді)

- Әй, мынау қандай белгі? Мынау менің велосипедім емес пе? Мен үшін жасалған белгі ме?

Автоинспектор: - Ия, Зуылбек, сен үшін.Бұл белгінің аты- «Велосипед жүрмейді!»

Зуылбек: (таң қалып) Жүрмейді? Тапқан екенсіңдер! Зуылбектің велосипедінің жүрмейтін жері жоқ, білдіңдер ме? Мен үшін көше де, саяжай, арық, аула, бақ, гүлзарлар да бәрі ашық. Әлгі ... сендерше айтқанда қандай, қалай еді? «Зеленый свет», «Жасыл жарық».

(Сақтандыру белгісін ұстаған балаға жақындап, жан-жағына қарайды.)

-Мұны да белгі дейді-ау. Әй, көшеге пәтер үшін жылу батареясы не үшін керек?

Автоинспектор: (күліп) Зуылбек-ау, бұл да тағы саған керек белгі. Айталық, сен велосипедпен зуылдап келесің дейік. Қарсы алдыңнан осы белгі кездесті. Ендеше, алдыңда « Шлагбаумы бар, темір жол бар»- деген сөз. Ұқтың ба?

Зуылбек: А-а-а , (қолын сілтеп) Бұл белгінің де қажеті бола қоймас, салдырлап-гүлдірлеп поезд жеткенше зу етіп өтіп те үлгіремін.

(Адам сұлбасы салынған нұсқау белгісінің жанына тоқтай қалады.)

-Ал, мына белгі не үшін керек?

Автоинспектор: Қара, «Адамдар өтеді».

Зуылбек: Велигім тұрғанда мұны қайтем. (Велосипедін келген жағына бұрады) Қой, мен зуылдайын.Бұл белгілерді түгендеймін деп тұрғанда жолымнан қалармын.Сау болыңдар, балалар! Сау болыңыз, ағай! (Кетеді)

Автоинспектор: Балалар! Сендер бұл белгілерді біліп жүріңдер. Ал, енді қауіпсіздік ережелерін мына тұрған балалардың есіне салып көріңдер.

  1. Жолдың машина жүретін бөлігінде ойнауға болмайды.

  2. Жолды жаяу жүргіншілерге арналған жолдан өт.

  3. Егер жолдан өтуге үлгірмесең, орталық сызықта немесе «қауіпсіздік аялдамасында» тоқта да, бағдаршамның жасыл түсі жануын күт.

  4. Жолдан өтерде солға қара, ал бөлгіш жолақтан кейін оңға қара.

  5. Жолдан бағдаршамның тек жасыл түсі жанғанда ғана өт.

  6. Егер жаяу жүргіншілерге арналған жол болмаса, жаяу жүргінші жолдың шетімен қозғалысқа қарсы жүруге тиісті.

  7. Келе жатқан машина алдынан жолды кесе жүгірме.


Автоинспектор: Ал, балалар, бағдаршамның көздері туралы айтып беріңдерші.


  1. Бұл сақшының үш көзді,

Үш көзден ұқ, үш сөзді.

Ашша сақшы үш көзін,

Айтты деп ұқ үш сөзін

Тоқта! Сақтан! Жол ашық!

Жүрме жолға таласып.




  1. Қызыл көзін ашқанда

Сынық сүйем баспа алға,

Сары көзін ашқанда,

Қарап қалма аспанға.

Жасыл көзін ашқанда,

Жүре бергін жасқанба!

Автоинспектор: Ал, қазір «Жолдан дұрыс өт» ойынын ойнайық. (Балалармен бірге жолдан өтеді)

-Жарайсыңдар, балалар! Бәрің де жолдан дұрыс өттіңдер! Жолда үнемі осы жүргіншілерге арналған жол арқылы жүріп, жол ережесін есте ұстаңдар! (Орнына тұрады)

Мұғалім: Ал, балалар! Міне, сендер жолда жүру ережесін еске түсіріп, жолдан өту қауіпсіздігін сақтауды үйрендіңдер.Жолда, көшеде барлық ережелерді есте сақтаймыз ба?

Ендеше, біз сабағымызды әнмен аяқтайық.


Көшеде сақ бол!

1.Көшеде біз сақ болайық,

Қайғырмасын ата-ана,

Жолда сен бол лайықты

Оқушылар атына.

Қ-сы: Әрқашан күн сөнбесін

Аспаннан бұлт төнбесін

Қасымда болсын анам

Болайын мен де аман.

2.Жолда жүру әліппесін,

Білгенің жөн бес саусақтай.

Сонда ғана жүре аласың,

Сен өзіңді сау сақтап.

































« Әдеп және әдет»

 

Мақсаты: Оқушыларды әдепті,ізетті , қайырымды,иманды болуға тәрбиелеу.

Түрі: әңгіме

1. Иманды болу. Құдіретті өмір заңдылықтарын жанжүрекпен сыйлап, сол тәлімнаманың қағидаларын бұлжытпай орындаудың көркем көрінісі. Тек жақсылық жасау, жақсылық ойлау, адам баласын, айналаны, табиғатты сыйлай білу. Ашуланбау, өсек айтпау, артық сөз сөйлемеу, тек пайдалы сөзді айту. Жан тазалығы мен тән тазалығын сақтай білу. Тіршілікте тынымсыз пайдалы еңбек ету. Адам баласына, табиғатқа тек пайда келтіру. Иманды болу-ұлттық мәдениеттің, яғни әдептіліктің мәдени көрінісі. Иманды болу – адамгершілік парыз.

2. Әдепті болу. Әдеп-қалыптасқан ұлттық мәдениеттің белгісі. Игі әдеттен әдет-ғұрып қалыптасып, одан әдеп пайда болады . «Әдеппен сөйлеп әдеттен» деп, халық сөйлеу мәдениетін талап етеді. «Әдепті бала –арлы бала, әдепсіз бала-сорлы бала» деп, халық әдепсіздікті қатты сынайды. «Көп сөйлеп созбайын, әдептен озбайын » деп , Абай дана көп сөйлеудің өзі әдепсіздік екенін ашық айтады. Мінез әдебі, жүріс-тұрыс әдебі, өнер әдебі, іс-әрекет әдебі, шығармашылық әдеп ұлттық тұлғаның ішкі және сыртқы тұлғаның мәдениетін көрсетеді. Жалпы ұлттық әдеп- ғасырлар бойы қалыптасқан мәдени құндылық болып табылады. Әдепті болу, яғни мәдениетті болу әрбір тұлғаның ұлттық борышы.

3. Ізетті болу. Адамзат баласымен тек сыйласымдылық әдеппен қатынас жасай білу. Үлкенге құрмет көрсету, кішіге ізет білдіру. Көпшілікті, бауырластарды, руды, елді, ұлтты, жалпы адам баласын қадірлей білу. «Адам да –құдірет де, Әманда құрметте» қағидасын ұстау. Әрқашанда әдептілік іс-әрекетпен, әдеп сақтаумен көпшіліктің көңілінен шығу. Ізеттілік- мәдени әрекеттің көркем көрінісі.

4. Қайырымды болу. Адам баласына, табиғатқа қамқорлықпен жақсылық жасау.Кемтарларға, кембағылдарға, жетім-жесірлерге, тұрмыстан қысылғандарға қайырым жасау. Халық қажетіне демеуші болу. Адамзатқа, табиғатқа қайырымдылық шараларын ұйымдастара білу. Қайырымдылық- әдептілік негізі. Қазақ халқы-қайырымды халық.. Біз – қайырымды халықтың ұрпағымыз. Қайырымды болу ұлттық парыз.

5. Мейірімді болу. Адам баласына, табиғатқа мейір-шапағат көрсету. Адам баласының жақсылық жақтарын көріп, бағалай білу. Ата-ананың балаға деген мейірім-шапағаты. Жақсы адамдардың жанашырлық іс-әрекеттері. Жанжүрегімен беріле жақсы көрудің көркем көріністері. Ата-ананың немереге деген мейірімділігі, оларды ерекше жақсы көруі. Ата-ананың мейірім-шапағаты әдептің шыңы, жүрек сезімінің шындығы.
6. Салауатты болу. Сабырлы, салтанатты тұлғаның өмір қиындықтарын жеңе біліп, саналы әрекет жасауының көрінісі. Артық сөзден, арақ ішуден, темекі тартудан, құмар ойындарынан аулақ болу әрекетінің көркем көріністері. Жан тазалығы мен тән тазалығын сақтай білудің нәтижелік белгісі. Әлеуметтік ортада әдеп сақтап, үлгі-өнеге көрсету арқылы байқалған, әдепті тұлғаның абыройлы бейнесінің көрінісі.

7. Білікті болу. Ғылыми, мәдени, әдеби құндылықтарды жан-жақты жақсы біліп, оны әдеппен іс-әрекетке пайдалана білу қабілеті. Білгенін басқаларға үйрете білудің көрінісі. Көп оқып, көп үйренудің тұлғалық нәтижесі. Инновациялық тәсілдер мен жаңаша технологияны жақсы игеріп, оны жан-жақты пайдаланудың кәсіби-танымдық көріністері.

8. Қамқоршы болу. Адамға, табиғатқа, жан-жануарларға жақсылық жасап, оларды қорғап, көмек көрсетудің әдепті көрінісі. Ата-ананың балаға, адамдардың бір-біріне, табиғатқа қамқорлығы әдеппен қалыптасып, адамгершіліктің биігінен көрінеді. Әрбір әдепті адам қамқорлық сезімін қалыптастыра білуге міндетті.
9. Сабырлы болу. Әрқашанда шыдамдылықты, байсалдылықты, төзімділікті, ақылдылықты сақтай білу үлгісі. «Сабыр түбі- сары алтын» деп, қазақ халқы ұрпағын сабырлы болуға тәрбиелейді. «Асығыс түбі- өкікш, Ойланып алмақ- сабыр сол» дейді Абай дана. Сабырлы болу-әдептіліктің көркем көрінісі.
10. Жауапты болу. Әдептіліктің аса зор қажетті түрі. Әрбір адамның өзіне, өз әрекетіне, борышына, міндетіне, парызына жауапкершілікпен қарауы-адамдықтың, әдептіліктің белгісі. Отбасына, тәрбиеге, еңбекке, білімге, кәсіпке, өмірге, денсаулыққа жауапкершілікпен қарау- адамзаттық парыз. Отбасылық, ұжымдық, қоғамдық, мемлекеттік жауапкершілік сияқты әрбір адамда құқықтық жауапкершілік бар. Жауапкершілігі жоқ адамның адамгершілігі де жоқ.

11. Ұлтжанды болу. Жеке тұлғаның ең әуелі өз ана тілін, ұлтын сүюін, бүкіл адамзатты қадірлей білетінін көрсететін әдеп. Ұлтжандылық әдебі ұлттық намыс, перзенттік парыз арқылы қалыптасады. Ұлтжанды тұлға өз ұлтының әдептілік құндылықтарын жоғары бағалап, оларды өмірге пайдаланады. «Ер ел үшін туады, ел үшін өледі» . Ұлтжанды болу- отансүйгіштіктің үлгілі белгісі.

12. Ұжымшыл болу. Ұжымды ардақтап, оның мақсаттар мен дәстүрлерін бұлжытпай орындаудың әдептік көрінісі. Отанға ұйымдасып қызмет етудің көрінісі ұжымнан басталады. Ұжымдық жауапкершілік, дәлдік, қамқорлық, салтанаттық, өнерпаздық, зерттегіштік, білімдарлық дәстүрлерін іске асыруда ұжым мүшесі өз міндетін әдепті орындауға тиіс. Ұжымшыл болу – көпшілікті, халықты, әулетті, жалпы адам баласын сыйлай білудің өнегелі үлгісі.
13. Іскер болу. Жеке тұлғаның іс- әрекеті шеберлігі мен әдептілігінің белгісі. Іскерлік кәсіптік білім мен іске құмарлық, қарымды қабілет, дархан дарын арқылы дамып, қалыптасады. Іскер болу біліктілікпен де тығыз байланысты. Мәдениеттілік әрекет арқылы іскерлік пен шеберлік айқын танылады.
14. Намысты болу. Ұлттық тұлғаның өз ұлтының құндылықтарын, ұлттық ерекшеліктерін жоғары бағалап, оны дамуға , қорғауға жанқиярлықпен беріліп, қызмет етудің әдептілік көрінісі. Ұлттық намыс көркем- өнерде, спортта, Отан қорғауда ерекше орын алып, жеңіске жетуге қозғаушы күш болады. Мейірімді, қайырымды, шебер, шешен, иманды, ер жүрек халықтың намысын қорғай білу – зор мақтаныш.

15. Перзенттік парызды өтеу. Әрбір ұлттық тұлғаның Отан алдындағы, ата-ана алдындағы қасиетті міндеттері-перзенттік парыз деп аталады. Отанға қызмет ету, Отанды қорғау, ата-ананы сыйлау, оларға қызмет ету білім алудан басталады. Перзенттік парызды өтеу әрекеті ұлттық әдеппен тікелей байланысты. Ата-ана алдында әдепті болу-перзенттік парызды өтеудің алғышарты болып табылады.
16. Шыншыл болу. Әділеттілікті сақтай біліп, шындықты қорғау. Әдептіліктің айшықты айғағы-шыншылдық. «Өтірік өрге бастырмайды», «Міншіл болма, шыншыл бол» деп, халық ұрпағын шыншылдыққа тәрбиелеген. Дала даналары шындық үшін жан қиған. Өмірде, өнерде, әдебиетте шындықты танып, оны айта білу керек. Шындық айтылмаса, мәдениет бұзылады. Шыншыл, әділетті болу – адамзаттық парыз.

Қорытынды.

                    Сабақтың тақырыбы: Құқық дегеніміз не?

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Оқушыларға құқық туралы мәлімет бере отырып,өз құқықтарын жете білуге,өз беттерімен салыстыра білуге,өмірде қолдана білуге үйрету,құқықтық білімдерін толықтыру.

2.Дамытушылық: Адамгершілік,адалдық,әділдік пен мейірімділікке баулу арқылы саяси саналылығын мен таным белсенділігін арттыру

3.Тәрбиелік: Адамгершілік ізгі қасиеттер мен ар-ождан бостандығына, адалдық пен мейірімділікке баулу арқылы құқықтық тәрбие беру.

 

Сабақтың түрі: дөңгелек үстел, пікірталас

Әдіс – тәсілдері: түсіндіру,ой – қозғау, пікір алмасу,сұрақ – жауап

Көрнекілігі: Қанатты сөздер,слайд,ҚР Конституциясы,ел рәміздері.

 

 

Қанатты сөздер:

 «Тәртіпке бас иген құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды»

                                                                                                    Б.Момышұлы.

 

«Ата заң әркімнің бойтұмары болып, оның әрбір қағидасы мүлтіксіз орындалғанда ғана ортақ мақсатқа қол жеткіземіз»

                                                                                                     Н.Назарбаев

 Әнүран басталады.

 

 «Балаңды беске дейін ештеңеден тыйма,

  Бестен он үшке дейін құлындай қина,

  Он үштен ары сырласыңдай сыйла».

 

«Жақсы бала – сүйініш, жаман бала — күйініш»

 

1.Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Қайырлы күн құрметті ұстаздар.оқушылар: «Ұяда не көрсең,ұшқанда соны ілесің» деген аталы сөзді атамыз  қазақ  бекер айтпаған. Әр адам заңдарды құрметтеп,ата – бабамыздың тәжірибесін үнемі назарда ұстап отыруы тиіс.Халқымыз 13 жастағы баланы «отау иесі» деп атады.Ал қазіргі Қазақстан Республикасының Ата заңы бойынша,қылмыс жасаған баланы 14 жастан жауапқа тартады.16 жастан бастап толық әкімшілік,қылмыстық жауапкершілік басталады,азамат жеке куәлік алады.

    Заңды білу – заман талабы. Бүгінде Қазақстан Республикасында демократияға бағытталған құқықтық мемлекет құру идеясын жүзеге асырып, ондағы әрбір азаматтың өз құқықтарын жете біліп,соған қарай сана – сезімдерін қалыптастыру керек.Азаматтың міндеті – заң талаптарын бұзбау,екінші жағынан өзіне жүктелген міндетін орындау.Өйткені заң дегеніміз — өмірдің нәрі.Заңның мықтылығы – атында емес,адалдығы мен әділдігінде.Заңның ең басты мақсаттарының бірі – қоғамдағы алуан мінезді адамдарды салауаттыөмір салтына тәрбиелеу.

 

Жылдар сөйлейді:

1. 1787 жылы –  Америкада дүниежүзіндегі тұңғыш Конституция «Адам құқығы туралы билль» қабылданды.                     

2. 1789 жылы 26 тамызда –  Америкада «Адам және азаматтардың құықтары» декларациясы қабылданды.

3. 1948 жылы 10 желтоқсанда БҰҰ- да “Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясы қабылданды”

4. 1959 жылы 20 қарашада – БҰҰ- ның Бас Ассамблеясына  “балалар құқығы” декларациясы қабылданды.

5. 1989 жылы “Бала құқығы туралы” конвенция қабылданды.

6. 1993 жылы 28  қаңтарда егеменді еліміздің алғашқы Конституциясы қабылданды.

7. 1995 жылы 30 тамызда референдум арқылы екінші Конституциямызды қабылдадық

8. 2002 жылы 8 тамызда “Қазақстан Республикасының баланың құқықтары туралы” заңы қабылданды.

 

   Жеке адам құқығы мәселесіне аса зор үлес қосқан, тарихта өшпес із қалдырған ойшылдар Т.Гоббс,Ш.Монтескье, Ж.Ж:Руссо,И.Кант, Т.Джефферсон, т.б. адам құқықтарының негізгі қағидаларын ең алғаш анықтап белгілеп берген.Олар барлық мемлекетттік өкімет халықтың мүддесіне жұмыс істеуге тиіс дейді.Қазақ ойшылдары да Төле би,Әйтеке би,Қазыбек би бабаларымызбен бірге Абай атамыз да адам құқықтарын қорғаған.Ол 1885 жылы Шарда өткен билердің төтенше сьезіне қатысып,сот жүйесіне өзгерістер енгізген.Шоқан Уәлихановта  «Сот реформасы» еңбегінде адам бостандықтарын жазған.Қазіргі кезде адам құқықтары мен бостандықтарына арналған қағидалар мен ережелердің ерекше жүйесі – «Халықаралық құқықтық құжаттардың» маңызы ерекше болып отыр.

   Құқық дегеніміз – мемлекет тарапынан заңдастырылған және қадағаланатын,жалпыға бірдей міндетті нормалар жүйесі.Құық негіздеріне мемлекеттің басты негізгі заңы – Конституция,салалық заңдары және басқа құқық нормалары тұжырымдалған мемлекеттік нормативті актілері жатады.

                                             



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!