Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
«Жол-көлік оқиғаларының себептері» ЖЖЕ №2 / №6 сабақ «Қауіпті сынықтар» (Челленждер)
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Сынып сағаты |
«Жол-көлік оқиғаларының себептері» ЖЖЕ №2 |
|
Күні |
||
Сынып жетекші: |
М.Қанатқызы |
|
Сынып: 5 «Ж» |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: |
«Жол-көлік оқиғаларының себептері» ЖЖЕ №2 / №6 сабақ «Қауіпті сынықтар» (Челленждер) |
|
Сабақтың мақсаты: |
Жасөспірімдердің өмірі мен денсаулығын қауіпті челленждерден (хоббилер) қорғау, олардан болатын қауіптің салдарын түсіндіру. |
|
Дәйексөзі: |
Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас! |
Сабақтың кезеңі/ уақыт |
Мұғалім әрекеті |
Оқушы әрекеті |
Ресурстар Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары |
Ұйымдастыру кезеңі (7 мин) |
Ұйымдастыру кезеңі Психологиялық ахуал
Жол-көлік оқиғасы деп көлік құралының қозғалысы кезінде орын алған адам қазасына немесе жарақаттануына, көлік құралдарының, құрылғылардың, жүктердің бүлінуіне немесе басқа да материалдық шығындарға әкеліп соқтыратын оқиғаларды айтады.
ЖҚО-ның екі сипаттық ерекшіліктері болады:
Біріншісі, апаттың қозғалыстағы көлік құралына қатысты орын алды. Мұндай көлік құралдарына автомобильдер, автобустар, мотоциклдер, мопедтер, қозғалтқышты велосипедтер, трамвайлар, троллейбустар, тракторлар мен қозғалтқышының қуаты мен көлік құралының қозғалыс жылдамдығы әртүрлі өздігінен жүретін механизмдер, сонымен қатар ат жегілген арбалар жатады.
Екіншісі ерекшелігі, жағдайсыз жайыттардан туындырған апаттар, атап айтқанда: жарақаттану, адам қазасы немесе азаматтарға, мемлекеттік және жекеменшік мекемелерге келтірілетін елеулі материалдық шығындар. |
Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді. Психологиялық ахуал Оқушылар дың пікірі тыңдалады |
Тақырыптық бейне суреттер. Үлестірме қағаздар |
10 мин |
Қауіпсіздік сабағы |
№ 6-САБАҚ «Қауіпті сынақтар» (Челленждер) |
Тақырыпқа сай безендірулер, фото суреттер |
Сабақ басы (10 мин)
|
Тест сұрақтары Жергілікті жерлерде жаяу жүргіншілер өтпесі жоқ жерде, қалай жолды кесіп өтуге болады? Жол бұрылыстарында Жолдың екі жағынанда жақсы көрінетін жерде Жол төмпешігінің алдында немесе артында Тротуардың қай жағымен жүру тиіс? Оң жағынан Сол жағынан Бәрібір Велосипедші велосипетіне тіркеме тіркеуге болады ма? Рұқсат етіледі, егерде велосипед біреу болса Рұқсат етіледі, егерде қатты тіркелген болса Рұқсат етілмейді Шаңғы мен шанада сырғанауға болады тек: Жаяу жүргіншілер жолында Жүргінші жолдың оң жағында Парктерде,стадиондарда Жабдықталған қосымша орындықта, сенімді аяқ тірегішпен тасымалдауға болады Ересек адамды Бір баланы Екі баланы Егерде велосипедші ЖҚЕ бұзса, ЖПҚ инспекторы құқұғы бар: Бұзған адамға ескерту жасау Бұзған адамға айыппұл салу Жоғарыда аталған санкцияларының біреуін қолдану ЖҚО-сы кезінде адам қаза тапса, бұзушылық жасаған адам қандай жауапкершілікке тартылады? Ешқандай Әкімшілік Қылмыстық |
Сұрақтарға жауап береді. |
Сұрақтар жазылған үлестірме қағаздар
|
Ортасы (15 мин) |
Ережелермен танысу: Бұл қандай белгі? Жаяу жүргіншілер қозғалысына тиым салынған жерді көрсетеді
Қай белгі жолдан өтуге рұқсат етілгенін көрсетеді?
Белгінің қай түрі жаяу өтпелі жол белгісін көрсетеді? |
Сыныппен жұмыс жасайық. «Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас» дәйек сөзін негізге алып, «Біртұтас тәрбие» бағдарлама аясында оқушылар жолда жүру ережелерін түсініп, өз пікірлерін айтады. |
Ережелер бейнеленген суреттер. |
Соңы
|
Жол-көлік оқиғаларының жіктелімі
Қақтығысу. Қозғалыстағы көлік құралдарының бір-біріне немесе темір жолдағы қозғалмалы құрамға соғылуымен сипаталатын оқиға. Бұл түрге кездейсоқ тоқтаған көлік құралына соғылу немесе темір жолдағы қозғалмалы құрамның темір жол желісінде тұрып қалған көлік құралдарымен соғылуы жатады.\бағдаршам алдында немесетехникалық ақаулыққа байланысты туындайды\ Аударылу. Қозғалыстағы көлік құралының аударылуымен аяқталатын оқиға. Қозғалмай тұрған көлік құралдарына соғылу. Қозғалыстағы көлік құралының тоқтап тұрған көлік құралына,сонымен қатар тіркемеге соғылуымен аяқталатын оқиға Кедергіге соғылу. Көлік құралының қозғалмай тұрған кедергіге соғылуымен немесе оны қағуымен аяқталатын оқиға.\ көпір тірегіне, ғимаратқа,қоршауға, т.б.\ Жаяу жүрушіні басып кету. Көлік құралының жаяу адамды басып кетуімен немесе адамның көлік құралының астына түсуімен сипатталатын оқиға. Бұл түрге, сонымен қатар, көлік құралымен тасымалданатын жүк немесе заттардан жаяулардың жапа шегуімен аяқталатың оқиғалар жатады. Велосипед жүргізушісін басып кету Ат жегілген арбаны басып кету Жанаурларды басып кету Басқалар |
Рефлексия жасайды. Сабақтан кейін қандай әсер алғанын, не сезінгенін, не ұнағанын айтып, алған әсерімен бөліседі |
|
Мәселелерді шешу: Жол-көлік оқиғаларын болдырмау үшін жол ережелерін
сақтауын насихаттау.
Технологиясы: Ақпараттық-коммуникациялық технологиясы, деңгейлеп оқыту, ұжыммен оқыту әдісі, неміс технологияларының элементтері.
Қолданылатын
құрал жабдықтар: АРМ, үлестірмелі карточкала, тақта.
Пән аралық
байланыс: Автомобиль жолдары мен аэродромдарды іздену мен
жобалау, жол құрылыс машиналар
Сабақтың өткізілу барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі 1 мин.
II. Өткен тақырыпты қайталау 25 мин.
-
Фронтальды сұрау әдісі (Power Point бағдарламасы қолданылады):
-
Жол жүру ережелері дегеніміз не?
-
Жүргізушілердін, жүргіншілердің және жолаушылардың міндеттері қандай?
-
Көлік құралдардың техникалық жағдайы бойынша қойылатын талаптар қандай?
-
Реттеушінің белгісіне түсінік беру
-
- Бағдаршам құрылғысы
2. Жол қозғалысы ережелері бойынша тест
III. Жаңа тақырыпты түсіндіру «Power Point бағдарламасын қолдану арқылы ақпарат беру, Презентацияны қорғау, Бейнетаспаны талқылау ) 50 мин.
-
Жол-көлік оқиғалары туралы түсінік
Арнайы маманның ақпараты - БҚО ІІД ӘБ полиция
подполковнигі Лезов Н.М.
-
Жол-көлік оқиғаларының жіктелуі
(оқушылардың презентациясы)
-
Жол-көлік оқиғаларының статистикасы
Бейнетаспа
IV. Жаңа тақырыпты бекіту (флипчартпен жұмыстану) 10 мин.
-
Жол-көлік оқиғалары дегеніміз не (Карточка бойынша жұмыстану)
-
Жол-көлік оқиғаларының жіктемелерін атаңдар
-
Жол көлік оқиғалары бойынша тест
V. Үйге тапсырма беру 2 мин.
1.Сыртанов С.К., Қиялбаев Ә.Қ. «Автомобиль жолдарындағы жол
қозғалысының қауіпсіздігі» 30-43 бет, 43 беттегі суретті салу
VI. Сабақты қорытындылау 2 мин.
-
Жаңа тақырыпты түсіндіру
.
Кіріспе- арнайы пән оқытушысы Туманова Ш.С.
Жол-көлік оқиғасы деп көлік құралының қозғалысы кезінде орын алған адам қазасына немесе жарақаттануына, көлік құралдарының, құрылғылардың, жүктердің бүлінуіне немесе басқа да материалдық шығындарға әкеліп соқтыратын оқиғаларды айтады.
ЖҚО-ның екі сипаттық ерекшіліктері болады:
Біріншісі, апаттың қозғалыстағы көлік құралына қатысты орын алды. Мұндай көлік құралдарына автомобильдер, автобустар, мотоциклдер, мопедтер, қозғалтқышты велосипедтер, трамвайлар, троллейбустар, тракторлар мен қозғалтқышының қуаты мен көлік құралының қозғалыс жылдамдығы әртүрлі өздігінен жүретін механизмдер, сонымен қатар ат жегілген арбалар жатады.
Екіншісі ерекшелігі, жағдайсыз жайыттардан туындырған апаттар, атап айтқанда: жарақаттану, адам қазасы немесе азаматтарға, мемлекеттік және жекеменшік мекемелерге келтірілетін елеулі материалдық шығындар.
-
Келесі сөз жол-көлік оқиғалары туралы қосымша ақпарат беретін арнайы маман жол инсперторы - БҚО ІІД ӘБ полиция подполковнигі Н.М.Лезов мырзаға береміз.
-
Жол-көлік оқиғаларының жіктелімі бойынша алдын ала 2 оқушыға тапсырма берілді – презентация жасау. Соларды шақырайық
-
Жол-көлік оқиғаларының статистикасы - БҚО бойынша 2009 жылға берілген бейнетаспа
-
Жаңа тақырыпты бекіту (флипчартпен жұмыстану)
Жол-көлік оқиғаларының жіктелімі
-
Қақтығысу. Қозғалыстағы көлік құралдарының бір-біріне немесе темір жолдағы қозғалмалы құрамға соғылуымен сипаталатын оқиға. Бұл түрге кездейсоқ тоқтаған көлік құралына соғылу немесе темір жолдағы қозғалмалы құрамның темір жол желісінде тұрып қалған көлік құралдарымен соғылуы жатады.\бағдаршам алдында немесетехникалық ақаулыққа байланысты туындайды\
-
Аударылу. Қозғалыстағы көлік құралының аударылуымен аяқталатын оқиға.
-
Қозғалмай тұрған көлік құралдарына соғылу. Қозғалыстағы көлік құралының тоқтап тұрған көлік құралына,сонымен қатар тіркемеге соғылуымен аяқталатын оқиға
-
Кедергіге соғылу. Көлік құралының қозғалмай тұрған кедергіге соғылуымен немесе оны қағуымен аяқталатын оқиға.\ көпір тірегіне, ғимаратқа,қоршауға, т.б.\
-
Жаяу жүрушіні басып кету. Көлік құралының жаяу адамды басып кетуімен немесе адамның көлік құралының астына түсуімен сипатталатын оқиға. Бұл түрге, сонымен қатар, көлік құралымен тасымалданатын жүк немесе заттардан жаяулардың жапа шегуімен аяқталатың оқиғалар жатады.
-
Велосипед жүргізушісін басып кету
-
Ат жегілген арбаны басып кету
-
Жанаурларды басып кету
-
Басқалар
Жол-көлік оқиғаларының статистикасы
Автомобиль көлігінің шаруашылық жұмыстарын атқаруға және экономиканы дамуына, халықтың тұрмысының жақсаруына тиімді әсер етуінен басқа да, кері әсерлерінің бар екенін ескергеніміз жөн. Автомобиль XIX ғасырдың аяғында пайда болып, бірнеше жылдан кейін адам өміріне қауіп туғыза бастады. 1896 жылы автомобиль алғаш рет адамды соқты, ал 1899 жылы осындай оқиға адам өлімімен аяқталды.Сонан бері автомобиль апаты жыл сайын өсіп келеді және соңғы жылдары өте күрт өсіп кетті.
Оны дәлелдеу үшін мынандай статистикалық мәліметтерге қарайық:
-
Әлемде автомобиль катастрофаларынан қаза болғандарының саны, әлдеқашан инфекциялық аурулардан өлгендерден асып кеткен.
-
АҚШ-та автомобиль жолдарында опат болғандар(2 млн. Адамнан аса), ол мемлекеттің барлық соғысқа қатысулардан опат болғандардан(600 мың) бірнеше есе көп.
-
әлемде автомобиль катастрофаларынан жылына 300 мың адам өледі және 8 млн. Адам жарақат алады, жылына автомобиль апаттарының келтіретін шығыны тек қана АҚШ-та 16 млрд. доллардан асады.
2013 жылға қарай ЖКО нәтижесiнде қайтыс болғандардың санын 2009 жылғы деңгейден (2898 адам) 10 %-ға, 2015 жылға қарай 14 %-ға төмендету. 2013 жылға қарай зардап шегушiлерiмен ЖКО-ның санын 2009 жылғы деңгейден (14788 адам) 8%-ға, 2015 жылға қарай 10%-ға қысқарту
Осы мәселелердің тиімді шешіміне қол жеткiзу жолдары мен тиiстi шаралар: Жол қозғалысына қатысушылардың құқықтық танымын арттыру және қауiптi мiнез-құлқының алдын алу мақсатында жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мәселесi бойынша әлеуметтiк бейнероликтер, ақпараттық-талдау телевизиялық бағдарламаларды шығару, жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мәселелерi бойынша республикалық журнал басып шығару арқылы, қауiпсiз жол қозғалысын қамтамасыз ету саласында, профилактика және халықпен ақпараттық жұмыс iстеу жүйелiлiгiнiң тиiмдiлiгiн арттыру және қамтамасыз ету жоспарлануда.
Жол қозғалысы саласындағы нормалар мен ережелердi сақтау деңгейiн арттыру, Жол қозғалысы ережелерiн бұзуды тiркеудiң автоматтандырылған жүйесiн енгiзу есебiнен жол қозғалысын қадағалауды жетiлдiру, жолдағы авариялық-қауiптi учаскелердi жою жөнiндегi жұмыстар жалғасатын болады. Жол қозғалысын ұйымдастыруда қазiргi заманғы әдiстер мен құралдарды қолдану, жол-көлiк оқиғаларының (ЖКО) автоматтандырылған ақпараттық-iздестiру жүйесiн әзiрлеу және енгiзу, сондай-ақ, республикалық маңызы бар жолдарды жол қозғалысын басқарудың интеллектуалды көлiк жүйелерiмен жарақтандыру жоспарлануда.
2012 жылдың 8 ай ішінде еліміз бойынша статистикалық деректерге сүйенсек 8 376 Жол көлік оқиғасы (ЖКО) тіркелген, бұл көрсеткіш 2011 жылдың деректері бойынша 6 903, яғни бұл жылдан – жылға өскендігін байқалады. Тәулік мезгілі бойынша жол-көлік апаттары ең жиі жағдайда кешкі уақытта 19–23 сағат аралығында орын алады – тәуліктік саннан 31,3%. Тәулік уақыты бойынша ЖКО айтарлықтай саны таңғы сағат 7-ден 8-ге дейін де орын алады – 7%, Бұның себебі алыс қашықтыққа шыққан жүк автомобильдерінің жүргізушілерінің дем алмай шамадан тыс көлікті басқару болып табылады, осының салдарынан көлікті басқарып келе жатып ұйықтап кетулері жиі ұшырасады.
– өткелдерде жаяу жүргіншілерді қағып кетуі 3 597;
– көлік құралдарының өзара соқтығысуы 2 771;
– көліктердің аударылуы 1032;
– жануарларды басып кету 28;
– жол қозғалысы ережелерін (ЖҚЕ) сақтамау: оның ішінде жылдамдықты арттыру – 2 072 рет тіркелсе;
– велосипедшілерді басып кету – 190;
– тағыда басқа жол көлік оқиғасы тіркелген.
Сондай-ақ ЖКО салдарын басқа мемлекеттермен салыстыратын болсақ, мысалы 86 миллон халқы бар Германияда статистика бойынша , 2010 жылы 90 кәмелетке толмаған азаматтар қаза тапса, ал Қазақстанның 15 миллион халқынан 8 ай ішінде 171 бала қаза тапқан.
Міне осының бәрі жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын дұрыс ұйымдастыру мәселесін алға қояды. Жол қозғалысын ұйымдастыру – көпжақты күрделі мәселе. Бұл күрделі мәселені шешуде ғылым мен техниканының жетістіктерін толық пайдалану және заңдылық және ережелерді сақтаудың, статистикалық мәліметер мен үгіт-насихат жұмыстарының орасан зор маңызы бар
Жүргізушілер кінәсінен болатын ЖКО-ның негізгі себептері:
– қауіпті жағдайда жүру жылдамдығын жоғарлату, озу ережесін бұзу және сол жаққа шығу;
– қиылыстардан өту ережесін бұзғандығы;
– жаяу жүргіншілердің көп жерлерде абайсыз жүру;
– жаяу жүргіншілер кінәсі бойынша ЖКО болуының негізгі себептері;
– жақын келе жатқан көлік алдынан көшені кесіп өту;
– көрсетілмеген жерден көшені кесіп өтуі.
ЖКО туралы статистикалық мәліметтерді талдау қалада және тұрғылықты жердегі ЖКО-ның көп бөлігін көлік құралының қақтығысуы мен жаяу жүргіншілерге басып кету құрайтындығын көрсетеді. Бұндағы негізгі себеп болып жүргізушілердің қозғалыс ережесін бұзу болып табылады. ЖКО-ның пайда болуына әсер ететін себептер мен жағдайларды дұрыс анықтау қозғалыс қауіпсіздігін жақсарту бойынша тиімді шаралар жасауға мүмкіндік береді.
Жол-көлік оқиғасына ұшырап қалған жағдайда не істеу керек?
Әрине, мұндай апатты ешкімнің басына бермесін деп тілейміз. Әйтсе де, көлік оқиғалары айналамызда бұрынғыдан да жиі орын алып жатқанын бәріміз де байқап жүрміз. Тіпті кейде мұндай оқиғалар жол ережесін бұзбауға тырысатын, сақ адамдардың басына да түсіп жатады.
Егер Сіздің басыңызға дәл осындай жағдай тап келсе, яғни ЖКО-ға ұшырасаңыз:
1. Тез арада көлікті тоқтатыңыз (тұрған орныңыздан қозғалмаңыз).
2. Апаттық жарық дабылқаққышты қосып, апаттық тоқтау белгісін қойыңыз (жанып-өшіп тұратын қызыл фонарь).
3. Жәбірленушілерге дәрігер келгенге дейінгі медициналық көмек көрсету шараларының мүмкіндігін қарастырыңыз.
4. Жедел-жәрдем шақырыңыз (шұғыл жағдайда жәбірленушіні жолдағы көлікке салып жіберіңіз, егер мүмкіндік болса, өз көлігіңізбен жақын маңдағы емдеу мекемесіне апарыңыз, өз тегіңізді, көлік нөмірін жаздырып, жеке куәлігіңізді көрсетіп, оқиға орнына қайта оралыңыз)
5. Ішкі істер органына хабарлаңыз (немесе ұялы телефоныңыздан 112 нөміріне хабар беріңіз)
6. Оқиғаға куә болғандардың аты-жөндері мен мекен-жайларын жазып алып, ішкі істер органының қызметкерлерінің келуін күтіңіз.
7. Егер басқа көліктердің қозғалуына мүмкіндік болмса, жүретін жолды босатыңыз.
8. Жүретін жолды босату және жәбірленген адамды өз көлігіңізбен ауруханаға жеткізу қажет болған жағдайда, алдын ала куәлардың қатысуымен машинаның жағдайын, орналасуын, жол көлік оқиғасына қатысты заттарды белгілеп алыңыз. Олардың сақталуы үшін барлық мүмкіндікті қолдануыңызға тура келеді, сондықтан да оқиға орын алған жерді айналып өтуді қамтамасыз етуіңіз керек.
9. Егер ЖКО барысында жәбір көрген адамдар болмаса, жүргізушілер өзара келісім нәтижесінде түсіністік тапса, алдын ала оқиға сызбасын құрастырып, жақын маңдағы жол полиция бекетіне не болмаса ішкі істер бөлімшесіне барып, оқиғаны рәсімдеп, қол қояды.
Сонымен, ЖКО-ға ұшырап қалған жағдайда салқынқандылықтысақтау аса маңызды екенін естен шығармаңыз. Ең бірінші кезекте полицияны, сақтандырушыларды, егер қажет болса, жедел жәрдемді шақыру керек.
Бұдан кейін, куәлардың координаттарын, апат орнын суретке (ең болмағанда ұялы телефонға) түсіру керек және жол полициясы қызметкерлерін күтіңіз. Олармен ақырын, асықпай сөйлесу керек. Бос қағаздарға, толтырылмаған хаттамаларға ешуақытта қол қоюға болмайды.
Тест сұрақтары
-
Жергілікті жерлерде жаяу жүргіншілер өтпесі жоқ жерде, қалай жолды кесіп өтуге болады?
Жол бұрылыстарында
Жолдың екі жағынанда жақсы көрінетін жерде
Жол төмпешігінің алдында немесе артында
-
Тротуардың қай жағымен жүру тиіс?
-
Оң жағынан
-
Сол жағынан
-
Бәрібір
-
Велосипедші велосипетіне тіркеме тіркеуге болады ма?
-
Рұқсат етіледі, егерде велосипед біреу болса
-
Рұқсат етіледі, егерде қатты тіркелген болса
-
Рұқсат етілмейді
-
Шаңғы мен шанада сырғанауға болады тек:
Жаяу жүргіншілер жолында
Жүргінші жолдың оң жағында
Парктерде,стадиондарда
-
Жабдықталған қосымша орындықта, сенімді аяқ тірегішпен тасымалдауға болады
Ересек адамды
Бір баланы
Екі баланы
-
Егерде велосипедші ЖҚЕ бұзса, ЖПҚ инспекторы құқұғы бар:
Бұзған адамға ескерту жасау
Бұзған адамға айыппұл салу
Жоғарыда аталған санкцияларының біреуін қолдану
-
ЖҚО-сы кезінде адам қаза тапса, бұзушылық жасаған адам қандай жауапкершілікке тартылады?
-
Ешқандай
-
Әкімшілік
-
Қылмыстық
-
Бұл белгі нені білдіреді?
Мұндай жол белгісі жоқ
Жаяу жүргіншілер қозғалысына тиым салынған жерді көрсетеді
Жүргізушілерге жаяу жүргіншілер қозғалысына жақындағаны туралы ескертеді
-
Қиылыс алдында мұндай белгі тұрғанда, жол қиылысында автомобильдің көп болуы қай жағында ықтимал?
-
Оң жағынан
-
Сол жағынан
-
Қай жағынан болсада
-
Бұл қосымша ақпарат белгілері (табличкалар) велосипед немесе мопед жүргізушілеріне қандай мағына білдіреді?
-
Күндіз қозғалысқа тыйым салынады
-
Жарық фараларымен қозғалысқа тыйым
-
Сенбі,жексенбі және мереке күндері қозғалысқа тыйым салынады
-
Бұл қосымша ақпарат белгілері (табличкалар) велосипед немесе мопед жүргізушілеріне қандай мағына білдіреді?
-
Шығуға тыйым салынады
-
Сол және оң жаққа қозғалысқа тыйым салынады
-
Қозғалысқа тыйым салынады
-
Белгінің қайсысы жолдан өтуге рұқсат етеді
-
№ 1 белгі
-
№ 2 белгі
-
Екі белгіде
-
Көрсетілген белгі бойынша велосипед жүргізушісіне жүруге құқұғы барма?
-
Құқұғы жоқ
-
Құқұғы бар
-
Мопед жүргізушісі қай белгі бойынша жүруге құқұғы жоқ?
-
«А» белгісі
-
«Б» белгісі
-
Екі белгіде
-
Теміржол өтпесіне жақындағанда қай белгі шлагбаум жоқтығы туралы ескертіледі ?
№1 белгі
№2 белгі
-
Мопед жүргізушісі көрсетілген белгі бойынша жүруге құқұғы барма?
Құқұғы жоқ
Құқұғы бар
-
Бұл белгі нені білдіреді?
-
Жаяу жүргіншілердің қозғалысына тыйым салынады
-
Жаяу жүргіншілер өтпесі
-
Жаяу жүргіншілер жолы
-
Мопед жүргізушісіне бұл белгі бойынша жолға шығуға рұқсат па?
-
Рұқсат етілмейді
-
Рұқсат етіледі
-
Велосипед қозғалысына тыйым салынатын жол белгілері қандай әріптермен көрсетілген?
«А» белгісі
«А» және «В» белгіс
«Б» және «В» белгісі
«А», «Б» және «В» белгісі
-
Белгінің қайсысы біржақты жол қозғалысын көрсетеді ?
-
Барлық суретте
-
Тек 2 суретте
-
3. 1 и 2 суретте
-
4. Тек 3 суретте
-
Қандай белгі «Жаяу өтпе» белгісін көрсетеді?
№1 белгі
№2 белгі
№3 белгі
№4 белгі
-
Бұл -жол белгісі білдіреді:
-
Маршруттық көлік құралдарына арналған жол жолағы
-
Автобус пен (немесе) троллейбустың аялдау орны
-
Жол тек автобустар қозғалысы үшін арналған
-
Бұл белгі:
Кедергіні айналуға сол жақтан рұқсат етіледі
Біржақты қозғалысты жолға шығу
Солға қозғалыс
-
Қандай белгі тыйым салынатын топқа жатады?
-
«А» және «Б» белгісі
-
«Б» белгісі
-
Барлығы
-
Бұл белгі ақпарат береді:
Қиыршық тас, ұсақталған тас және сол сияқтылардың көлік құралдарының дөңгелегі астынан шашырауы мүмкін жол участкесі
Балшықтың шашырауы мүмкін жол участкесі
-
Қандай белгілер жолдың қауіпті бұрылысына жақындағаны туралы ескертеді?
2 и 5 белгілер
2 и 3 белгілер
2, 3 и 5 белгілер
1 и 4 белгілер
2 белгілер
-
Көрсетілген белгі нені білдіреді?
-
Велосипед жүргізушісіне оңға қозғалуына тыйым салуды
-
Оңға бұрылудан басқа, велосипедпен қозғалысқа тыйым салуды
-
Велосипедпен қозғалысқа тыйым салуды
-
Қандай белгі тұрғын аймаққа қолданылады
Тек 3
Тек 1
Тек 2
Тек 2 және 3
-
Егерде қиылыс алдында мұндай белгі орнатылған болса, велосипед жүргізушісі не істеу керек ?
Көлік болмаған жағдайда, қиылысты тоқтаусыз өтуге болады
Қиылыста өту кезінде өте мұқиат болу керек
Тоқтау-сызығының алдынан тоқтау, ол жоқ болса-қиылысатын жүріс бөлігінің шетіне жетпей аялдама жасамай қозғалуға тыйым салынады
30.Жүргізушіге мотоциклін осы жердегі тұраққа қоюға болама?
-
Ия
-
Жоқ
Жаңа тақырыпты бекіту бойынша тест сұрақтары
1.Көлік құралының қозғалысы кезінде орын алған адам қазасына немесе жарақаттануына, көлік құралдарының, құрылғылардың, жүктердің бүлінуіне немесе басқа да материалдық шығындарға әкеліп соқтыратын оқиғаларды не деп айтады
Жол-көлік оқиғасы
Жол қозғалысы
Жол қазасы
Жол жарақаты
2. Жол-көлік оқиғаларының жіктелімі
Қақтығысу, Аударылу.
Қозғалмай тұрған көлік құралдарына соғылу, Кедергіге соғылу.
Жаяу жүрушіні басып кету, Велосипед жүргізушісін басып кету
Ат жегілген арбаны басып кету , Жанаурларды басып кету
Жоғарыда аталғандар дың бәрі
-
Жаяу жүрушіні басып кету
Қақтығысу
Аударылу.
Қозғалмай тұрған көлік құралдарына соғылу.
Кедергіге соғылу.
-
Жаяу жүрушіні басып кету
Қақтығысу
Аударылу.
Қозғалмай тұрған көлік құралдарына соғылу.
Кедергіге соғылу.
-
Жаяу жүрушіні басып кету
Қақтығысу
Аударылу.
Қозғалмай тұрған көлік құралдарына соғылу.
Кедергіге соғылу.
-
Жаяу жүрушіні басып кету.
Велосипед жүргізушісін басып кету
Ат жегілген арбаны басып кету
Жанаурларды басып кету
Басқалар
-
Қақтығысу .
Велосипед жүргізушісін басып кету
Ат жегілген арбаны басып кету
Жанаурларды басып кету
Басқалар
-
Жол жүру ережелері дегеніміз не? ……………
-
Жүргізушілердін, жүргіншілердің және жолаушылардың міндеттері қандай? …………….
-
Көлік құралдардың техникалық жағдайы бойынша қойылатын талаптар қандай? …………….
-
Жол қозғалысының реттеудің техникалық құралдары бойынша түсінік беру. ……………….