«Жомарт
күз»
Мақсаты: Балаларға күз мезгілінің
ерекшелігі туралы түсінік беру. Күз мезгілінің тіршілікте тиер
пайдасын, табиғаттың өзгешелігін, қыр-сырын тақпақ, өлең жолдар мен
нақыл сөздер арқылы ой-өрісін дамыту. Жыл мезгілінің ішіндегі күз
айының алатын орны жөнінде айту.Балаларды табиғатты қорғауға,
сүюге, аялауға, қажырлы еңбек етуге
тәрбиелеу.
Сабақтың
көрнекілігі:Суреттер, сыныпты безендіру,
аппликация, жеміс-жидек, көрме. Музыка залы мерекеге сай
безендірілген.Жүргізуші кіреді. Жүргізуші:
Қуандырып
біздерді
Мерекелді күз
келді.
Кел жемісті алтын
күз,
Кемелденсін ел
енді.
Құрметті қонақтар! Балалар!
Алтын күз мерекесіне қош келдіңіздер! Ел байлығын арттырған
берекелі де, мерекелі күз мерекесі құтты болсын!
Ендеше «Алтын
күз» атты ертеңгілігімізді
бастаймыз..
( Балалар музыкалық әуенмен
кіреді)
Армысыздар
халайық,
Бармысыздар
халайық.
Күзгі тойда жұп
жазбай,
Келіңдер қарсы
алайық.
Балалар
тақпақтары
Расул: Соңғы әнін
айтып,
Құс кетті
қайтып
Асия: Күздің қазан
айында,
Алма, алмұрт
піседі.
Мади: Жапырақтар
сарғайып,
Сыбдыр-сыбдыр
етеді.
Қ.
Айзере: Сары алтынға
малынған,
Жетті, міне алтын
күз.
Айсұлтан:Сап-сары ғып
даланы,
Бояпты ғой күз
деген.
Даниял: Қарашы, күз келді, күз
келді.
Сары алтын ауыпты
іздерді.
Айым: Жиып-теріп болған
соң,
Той жасайды
халқымыз.
Раяна: Осень-осень
погоди,
Ты с дождями не
спеши.
Дай еще нам
лето,
Солнышко и
света.
Жүргізуші: Жомарт күздің
біздерге,
Берерін алып
шашпайық.
Алтын күз тойын
сіздерге,
Өлеңменен
бастайық
Келесі балалардың
орындауындағы «Күзгі вальс» әнін назарларыңызға ұсынамыз! Қарсы
алыңыздар!
Жүргізуші Балалар бізге сонау алыстан
«Күз ханшайымы»келіпті
(осы кезде себетке толы
жемістері бар «Күз ханшайымы» билеп
кіреді.)
Күз
ханшайымы: Сәлеметсіздерме
балалар!Сәлеметсіздерме қонақтар
Балалар:Салеметсіз
бе!
Күз
ханшайымы:.Мен сендерге сонау алыстан
«Балдырған» тобына арнайы келдім.Маған өнерлеріңді көрсетесіңдер
ма?
Балалар:Ия
Жүргізуші: Хош келдің Күз ханшайымы!
Төрлет.Біздің балалар ән де,тақпақ та, би де билей алады. Біздің
балалардың барлығы ақылды.
Күз
ханшайымы: Балалар, дыбыс естіледі ме?
Біздің орман жақтан кірпілер келе жатыр екен. Ал, кірпілер,
төрлетіндер!
Жүргізуші: Ән салыңдар
күліңдер,
Жайнап гүлдей
жүріңдер.
Күздің тойын
тойлайық,
Би-билейік ойнайық. Ендеше,
осы кірпілердің өнерін тамашалайық. «Кірпілер» биі қарсы
алыңыздар!
Күз
ханшайымы: Менің қолымдағы конверттегі
тапсырмалары орындай аласындар ма? Ішінде жұмбақтары
бар.
Күз ханшайымының
жұмбақтары:
Ашылығымен
танымал,
Көзден жасты
тамызар.
Қырық қабат
орамы,
Бұл не екен
танып ал.
(пияз).
Жер астында
денесі,
Жер бетінде
желегі,
Желектен ұстап
суырсаң,
Көкөністің
төресі. (сәбіз)
Күлгін түсті
сопақша,
Онсыз болмас,
бау-бақша.
Жылы өлке
мекені,
Тап оның не
екенін
(баялды).
Киінген
қабат-қабаттар,
Жүз киімде бір мән
бар.(қырыққабат).
Жалпақ жапырақ
астында,
Жалпақ жұмыр денесі.
(қияр).
Жүргізуші:
Берекелі
бақ-дәулет,
Арта түссін
тойланып,
Карсы алайық
балалар,
Бірге тойлап, ән салып!
Келесі орындалатын «Таңмен
бірге» атты әсем әніміз.
Жүргізуші:
Қарсы алайық қол
соға,
Өнерлі жас
қаншама
Мың бұралып,
билеген
«Қолшатыр» биімен
ортамызға сұлу аруларымызды
шақырайық.
Жүргізуші: Берекесін
сыйлауға
Өлкемізге күз
келді
Жемістерін
жинауға,
Шақырады
біздерді
Балалардың орындауындағы
«Сары бидай» биін қабыл алыңыздар!
Жүргізуші:
Жомарт күздің біздерге,
Берерін алып
шашпайық.
Алтын күз тобын
сіздерге,
Ән-шашумен
бастайық.
Келесі біздің балаларындың
орындауына «Жомарт күз» әнін
тамашалаңыздар!
Күз
ханшайымы: Балалар, сендермен өткізген
«Алтын күз» ертеңгілігі маған ұнады. Барлықтарын өнерлі, әдемі,
талантты және ақылды екендеріне көзім жетті. Барлықтарына үлкен
рахмет! Кездескенше күн жақсы! Сау болындар,
балалар!
Тәрбиеші: Құрметті қонақтар бүгінгі
біздің «Алтын күз» атты ертеңгілігіміз өз соңына жетті. Көңіл
қойып, тыңдағандарыңызға рахмет. Көріскенше сау
болыңыздар.