ЖОО-ға дайындық кафедрасындағы мәдени-танымдық саяхат сабақтардың негізгі мақсаты

Тақырып бойынша 11 материал табылды

ЖОО-ға дайындық кафедрасындағы мәдени-танымдық саяхат сабақтардың негізгі мақсаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Дәрісханадан тыс сабақ өткізудің белсенді бір түрі мәдени-танымдық саяхаттар мен жорықтар болып табылады. Дайындық кафедрасындағы мәдени-танымдық саяхат сабақтардың негізгі мақсаты – шетелден келген қазақ жастарына тарихи отанының тарихы мен заманауи қазіргі келбетін, тіршілік тынысымен тікелей таныстыра отырып, оларға еліміз туралы жағымды пікір қалыптастыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ЖОО-ға дайындық кафедрасындағы мәдени-танымдық саяхат сабақтардың негізгі мақсаты


Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының ұстаздар ұжымы өздері еңбек етіп келе жатқан уақыт ағымында дәрісханадан тыс мәдени-танымдық сабақтар, сейіл-саяхаттар, жорықтар (толығырақ мәліметті www.kaznu.kz сайтынан біле аласыздар) ұйымдастырудан да мол тәжірибе жинақтады.

Дәрісханадан тыс сабақ өткізудің белсенді бір түрі мәдени-танымдық саяхаттар мен жорықтар болып табылады. Дайындық кафедрасындағы мәдени-танымдық саяхат сабақтардың негізгі мақсаты – шетелден келген қазақ жастарына тарихи отанының тарихы мен заманауи қазіргі келбетін, тіршілік тынысымен тікелей таныстыра отырып, оларға еліміз туралы жағымды пікір қалыптастыру.

Саяхатта білім алушылар атамекенінің мәдени және тарихи мұраларымен, жәдігерлерімен танысады, өздерінің тілді меңгерген деңгейін іс жүзінде толық көрсету мүмкіндігіне ие болады.

Жыл сайын ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының шетелдік тыңдаушылардың қомақты тобы түркі халықтарының алтын бесігі – киелі Түркістан мен тарихи тағылымы мол Тараз – еліміздің көне қалаларына қаласына барып, Қожа Ахмет Яссауи, Айша Бибі, Қарахан ата, Тектұрмас кесенелеріне зиярат етіп қайтады. Түркістан қаласында оларды мұражайларға, көрме залдарына саяхатпен қатар «Керуен сарайдағы» жасанды өзен бойымен қайықтарда серуендейді.

Әлемдегі ең көне қалалардың бірін көру оларға ерекше әсер етті, жадыларында өшпестей белгі қалдырды.

Дәстүр бойынша тыңдаушылар Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне арналған 28 панфиловшылар саябағына, мұражайына арналған даңқты Мемориалын көрді. Қатал соғыс жылдарындағы Қазақстан халқының көрсеткен ержүректігі мен батырлығы ешкімді де бей-жай қалдырған жоқ.

ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының оқытушылары мен тыңдаушылары демалыс уақытын Іле Алатауының баурайында орналасқан «Көктем» шипажайында және де Қырғызстандағы Ыстық көлдің жағалауына орналасқан спорттық-денсаулық сақтау пансионатында тиімді өткізе алады.

Сонымен қатар білімалушылардың қалауы бойынша Алматының және Алматы төңірегіндегі көрнекті жерлерде: Медеуде, Шымбұлақта, Үлкен Алматы көліне сейілдеп қайтады. Қаһарлы аязы шыңғырлаған қыстыгүндері шаңғымен, конькимен, шанамен, сырғанау сияқты қысқы ойын-сауықтарға қатысу, атамекенінің әсем табиғатын тамашалау – жер жәннаты Жетісудың мұндай сұлу көрінісі, бұрын қарды көрмеген, жылы жақтан келген кейбір білім алушылар үшін ұмытылмас керемет жайт.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың аға оқытушылары Наралиева Р.Т., Мужигова Г., Бегалиева А.К.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
01.12.2022
624
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі