Материалдар / Жүгіру және оның түрлері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жүгіру және оның түрлері

Материал туралы қысқаша түсінік
Дене шынықтыру пәні мұғалімдеріне арналған
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқа мерзімді жоспар

Мектеп: № 25.Т.Рысқұлов атындағы мектеп-гимназия

Күні 15.05.2023


Мұғалім аты-жөні: Шыныбек Нұржан

Сыныбы: 3а,з

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Жүгіру оның турлері

Оқу мақсаты

3.1.2.1 дене дамуына ықпал ететін түрлі жүйелі жаттығулар мен қозғалыстарды орындау сапасын арттыруды түсіну және көрсету

Сабақ мақсаты

Сабақ кезінде қауіпсідік ережесін сақтайды. Жүгіру әдістерін және дене жаттығуларын біледі және орындай алады.

Бағалау критерийі

Денені қыздыру, ширату жаттығуларын орындайды. Денені босаңсыту, ағзаны қалпына келтіру жаттығуларын кешенді орындап көрсетеді.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану





Тілдік мақсаттары

Пәнге қатысты сөздік пен терминдер: волейбол добы, тор, жүгіру, орын ауыстыру, ойын стартегиясы, ереже , ойын алаңы.

Диалог құруға арналған пайдалы тіркестер:

Талқылауға арналған сұрақтар: Пионербол ойынның шығу тарихын білесің бе?

Құндылықтарды дарыту

Сабақ кезінде бір-біріне деген әділдік, жауапкершілігін арттыру.

Пән аралық байланыстар

Биолигия, тарих, физика пәндерімен байланыстыру.

АКТ пайдалану дағдысы

Жеңіл атлетиканың әдіс-тәсілдерін бейне жазылымнан көрсету.

Алдыңғы меңгерілген білім

Саптық жаттығулар



Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекеттері

Ресурстар

Сабақтың басы

15мин

Сапқа тұрғызу, оқушылармен сәлемдесу, рапорт қабылдау. Сабақтың тақырыбымен таныстыру, сабақ барысындағы қауіпсіздік ережесін түсіндіру. Саптағы жаттығулар, жүру, жүгіру жаттығуларын орындау. Сабақ тақырыбына байланысты арнайы жаттығуларын орындау. Тыныс алу жаттығуларын жасап, жалпы дамыту жаттығуларын орындау.

Әр жаттығу үшін үлкен, таза кеңістік.

Мұғалім үшін ысқырық,секундомер.

Сабақтың ортасы 25мин

Тапсырма:

Денені қыздыру, ширату жаттығулары кешенін және ағзаны қалпына келтіру жаттығуларын жаса.

Дескриптор:

денені ширату жаттығуларын орындайды;

денені босаңсыту жаттығуларын кешенді орындайды;

денені ширату мен босату жаттығуларының айырмашылығын анықтайды;

Мен осы сабақта «Жарыс сабағы» әдісін қолдандым. Жарыс сабақтың барлық кезеңдерінде және оқудың барлық сатыларында болғаны дұрыс. Сабақтағы бәсекелестік оқушылардың физикалық қабілеттерін дамытуға, танымдық қызығушылығын арттыруға ықпал етеді, сонымен қатар сабақтағы эмоциялық әсерлілік деңгейін күшейтіп, оқушылардың белсенді болуына көмегін тигізеді.









Әр жаттығу үшін үлкен, таза кеңістік. Мұғалім үшін ысқырық, секундомер.

Оқушыларға волейбол доптары.

Сабақтың соңы 5мин

Сапқа тұрғызу, тыныс алу жаттығуларды жасап, бастапқы қалыпты келтіру, оқушыларды «Басбармақ» әдісімен бағалау, үй тапсырмасын беру.




Саралап оқыту- көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз?

Қабілеті жоғары оқушыларды дамытуды қалай жоспарлайсыз?


Бағалау-Сіз оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалайша жоспарлап отырсыз?


Денсаулық және қауіпсіздік техникасын қадағалау

-тапсырмаларды оқушылардың деңгейіне қарай беру;

-қимыл әрекеттеріне қарай жаттығуларды тереңдету үшін қабілетті оқушыларға қиындау тапсырмалар;

-әлсіз оқушыларға көмектесу үшін жеңілдетілген тапсырмаларды беру.

-байқау,тыңдау,сұрақ қою;

-оқушылардың өзін- өзі бағалау;

-кері байланыс ұсыну арқылы;

-мақсатты түрде оқуға уәждеу;

-мақтау-мадақтау әдістері қолданып бағалау.

-денсаулық пен қауіпсіздік туралы үнемі айтып түсіндіру.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!