жүйріктен жүйрік озар 5 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

жүйріктен жүйрік озар 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
жүйріктен жүйрік озар - жарыс 5 сынып. 5 сынып оқушыларына математика пәнінен жарыс сабақ. Оқушылардың өз денгейіне байланысты , логикалық және тақырыптық есептерді қамтиды
Материалдың қысқаша нұсқасы

ОЛИМПИАДА ЕСЕПТЕРІ

5 сынып


1. 13-ке бөлгенде қалдықпен және бөліндісі 17-ге тең болатын ең үлкен

бүтін санды табыңдар.

2. Бақа тереңдігі 25м құдыққа түсіп кетті. Ол құдықтан шығу үшін күніне 5м көтеріліп, 4м қайта түсіп отырды. Бақа неше күнде құдықтан шығады?

3. Алынған сан 36-ға бөлінетіндей 52*2* жазбадағы жұлдызшаларды цифрлармен алмастырыңдар.

4. Сыныпта математиканы ұнататын қыздардың саны математиканы ұнатпайтын ұлдардың санымен бірдей. Сыныпта кімдер көп: математиканы ұнататын оқушылар ма, әлде ұлдар ма?

5. Кітапханада ағылшын, француз және неміс тілінде кітаптар бар.Ағылшын тіліндегі кітаптар барлық шет тіліндегі кітаптардың 40%-ын, француз тіліндегілер ағылшын тіліндегінің 75%-ын құрайды, ал қалған 210 кітап неміс тіліндегілер. Кітапханада шет тілінде неше кітап бар?

6. 9 тиынның біреуі жалған және ол басқаларынан жеңіл. Табақты

таразы арқылы гирсіз екі өлшегеннен жалған тиынды қалай анықтауға

болады?

7. 5 л және 7 л-ік ыдыс арқылы 6 л суды қалай құяды?

8 .Осы фигураны төрт тең фигураларға бөл:


9. Екі сағат бір уақытта соғуды бірге бастап, бірге аяқтады. Бірінші сағат – әрбір екі секунд сайын, екінші сағат – әрбір үш секунд сайын соғады. Есептегенде барлығы 13 соғу болды (бірігіп қалған соғулар бір соғу деп есептелінеді). Бірінші соғу мен соңғы соғудың арасында қанша уақыт өтті?

10.Қарбыздың салмағы 20 кг болды, ал ондағы құрғақ зат 1% - ын құрайды. Біраздан кейін қарбыз құрғап қалды да, құрғақ зат 2% болды. Қарбыздың соңғы салмағы қандай?

11. Үш жұмысшы ботқа пісірді. Бірінші 2 кесе жарма, екінші 1 кесе

жарма, ал үшіншісінде ешқандай жарма болмады. Ботқаны барлығы тең бөліп жеді. Үшінші жұмысшы: «Ботқаларыңа рахмет, мен сендерге 50 теңге беремін, сонда менің жеген ботқамды сендер салған жармамен қалай бөліп аласыңдар?» - деді.

12. Кез келген үш натурал санның арасынан әрқашанда қосындысы 2-ге бөлінетін 2 сан табуға болатынын дәлелдеңдер.

13. Ең үлкен бір орынды санға, ең үлкен екі орынды санды неше рет қосқанда, ең үлкен үш орынды сан шығады?

14. 7*9+12:3-2-ге жақшаны қойғанда а) 23 ә) 75 шығу керек.

15. Серік мектепке автобуспен барып, қайтқанда жаяу келеді, сонда

барлық жолға 1 сағ 30 минут уақыт жыбереді. Егер автобуспен жүрсе 30 минут уақыт жібереді. Егер Серік мектепке жаяу барып қайтса, оған қанша уақыт жібереді?

16.Қалған саны ең үлкен болатындай етіп берілген 123456789101112131415... ............5657585960 санының 100 цифрын сызып таста.

17. Кеме дүйсенбі күні түсте жүзуге кетті. Жүзу 100 сағатқа созылса, онда

кеме қай күні қандай сағатта оралады?

18. Ұзындығы 16 см, ені 9см тік төртбұрышты қалай тең екі бөлікке бөлуге және одан квадрат құруға болады

19. Есепте: 101101*999-101*999999

20. 3п+1 сандарының ішінен 5-ке еселік болатын үш санды табыңдар.

21. 9 бет қағаз болған, оның кейбіреуін 3 бөлікке бөлгенде 15 бет қағаз болды. Қанша бет қағазды бөлген?

22. Өрнектің мәнін тап:

26*25-25*24+24*23-23*22+22*21-21*20+20*19-19*18+18*17-17*16+16*15-15*14.

23. Жанұяда 4 бала бар, олар 5,8,13 және 15 жаста. Олардың аттары

Айнур, Болат , Әсем Әсель. Олардың біреуі бала бақшасына барады , Айнур Болаттан үлкен және Айнур мен Әсемнің жастарының қосындысы 3-ке бөлінеді. Әр қайсысы неше жаста?

24. Азайғыш, азайтқыш және айырманың қосындысы 26 болса, азай-ғышты тап.

25. Балықшылар салмағы 100гр, 200гр, ...., 1900гр 19 балық ұстады. 10 балықшы балықты тең бөліп ала ма? Егер бөлсе қалай? Бөле алмаса неге



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.11.2022
528
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі