400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жүрегім қазақ тәрбие сағаты қмжсы

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сағаты қмжсы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін.

Тәрбие ісінің меңгерушісі:

Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)



Күні: .


Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Тәрбие тақырыбы

Жүрегім қазақ

Құндылық


Мақсаттары

Оқушыларды туған жерін, туған елін, халқын ардақтап өтуге үйрету. Бақытқа жетер жолдың бірі – туған Отанды сүюден басталатынын түсіндіру. Жүрегінде патриоттық сезімдерін ояту. Оқушыларды достыққа, адамгершілікке, саналыққа тәрбиелеу.


Сабақтың барысы:


Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

Тілдің туын көтерген Майқы биден бастап, от ауызды, орақ тілді би-шешендер, көрнекті ақын-жыраулар мен сөз қадірін ұғар қазақ халқы болды. Жазба тілдің негізін салған Абай, «Алаш» деп ұрандаған Ахмет, сыршыл ақын Мағжан, қазақты әлемге танытқан М.Әуезов, Жамбыл ақын бастаған тілінен май тамған ақындар тобы, сөз өнерінің шеберлері Ғабит пен Ғабиден — тіліміздің ертеңі үшін ой таразысын тербеген жандар.

Тілім менің қайыршы емес қаңғыбас,

Тілім тұлпар- қуған желге шалдырмас.

Кенже ұлдай үлкен үйге мұрагер,

Жер иесі- менің тілім мәңгі жас.

Әуезов,Абайды өткен дәріс тілі,

Тіл қатқан Тоқтар, Талғат ғарыш тіл.

Қанша заң қабылдаймыз, жетер енді,

Естілсін мемлекеттік әр істе үні!


«Тілім барда айтылар сыр ойдағы..»

«Тілімде менің сыры терең жаным бар»



Сабақтың ортасы

Тілің, дінің жоғалса, айтшы, досым,не етер едің?

Тілім, дінім болмаса мылқау болып өтер едім.

Болашағым мұнар боп, жоғалмай ма қайран тіл?

Шұбарламай тіліңді, өз орнымен сөйлей біл.

Тілің білмес жандарды айтшы біздер не дейміз?

Тілін білмес адамды құр жәндікке теңейміз.

Тілімізді қалай біз көтереміз жаңғыртып?

Таза, көркем сөйлейік, көрсетпейік салғырттық.

Тазалығы тілімнің сақталмайды неліктен?

Ондайларға айтарым: «Тілді сыйла,құрметте, Тіл-халықтың жаны мен сәні» деймін жүректен.

Басқа пәле тілден деп ойлайсың ба достарым?

Аз сөйлеген, көп тыңдап, ей болашақ жастарым.

Шұбарламай тілімді қалай сақтап қаламын?

Анық, таза сөйлеуге бар күшімді саламын.

Қазақ тілінің таңғажайып қасиеттері жайында пікір айтушылар көптеп саналады. Олардың арасында өз ғалымдарымыз және ақын-жазушыларымызбен қатар өзге жұрт өкілдері де баршылық. Әсіресе , ірі түріктанушылар мен саяхатшылардың ана тілімізге үлкен құрметпен қарап,тамсана жазғандары мәлім.Мұндай игілікті іске ат салысу- ұлтжанды азаматтарымыздың ортақ парызы.Дуалы ауыздардан шыққан мұндай сөздерді мектептерде, көпшілік орындарда көрнекі құрал, плакат ретінде пайдаланар болсақ та артық емес. Біз төменде алаш азаматтарының және әлемге әйгілі өзге де жұрт өкілдерінің қазақ тілі жайлы айтқан кейбір пікірлерін жинақтап, оқырмандар назарына ұсынып отырмыз. 


Мұхтар Әуезов: «Құдайға шүкір, сөздік қоры жағынан қазақ тілі ешкімнен кем де, кедей де емес, әдебиетіміздің қаулап өсуінің бір себебі осында жатқан сияқты».

Ғабит Мүсірепов: «Ана тілін құрметтемеу ештемені сыйламау деген сөз. Жастар мұны қатты ескеруі керек. Тілден биік асқар жоқ!»

Сәбит Мұқанов: Әркімге туған тілі- туған шеше.

Оған бала міндетті саң мың есе.

Сәрсен Аманжолов: «Ана тілін ананың баласындай сүй»

 Бауыржан Момышұлы: «Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту- бүкіл ата-бабамызды,тарихымызды ұмыту».

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы: «Дүниедегі ең асыл тіл- араб тілі, одан кейін түрік тілі, түрік тілінің ішіндегі гауһары-қазақ тілі».

В.В.Радлов: «Қазақтардың тілі жатық та шешен әрі өткір, көбінесе сұрақпен жауап беруге келгенде таңқалдырарлықтай оралымды сөйлейді».



Сабақтың соңы

Болашақ жастар қазақ тілін ту етіп тігіп, кейінгі ұрпаққа бүлдірмей тапсыруға тырысайық, жас достар! Өйткені біз бүгінгі заманның баласы болғанымызбен, келешек ұрпақтың атасымыз.

Мәңгілік елдің мәңгілік тіліне айналған тіліміздің мәртебесі арта берері анық.






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
13 ұстаз жүктеп алған
28.11.2023
1326
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі