Материалдар / “Жүрегімізде -мейірім”
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

“Жүрегімізде -мейірім”

Материал туралы қысқаша түсінік
“Жүрегімізде-мейірім” атты ашық тәрбие сағаты, 7 сынып оқушыларына арналған. Мақсаты: Оқушыларға мейірімділік, қайырымдылық құндылықтары туралы, «қайырымды адам» туралы түсініктерін кеңейту және жақсылық пен жамандықтың қатар жүріп адам өмірінде сан қилы белең көрсететінін ұғындыру. Міндеттері: Мейірімділіктің адам өміріндегі мәні және жақсылық жасаудың қуаныш әкелетіндігін сезіндіру, жақсылықты түсіну, жақсылық жасауға тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Мамыр 2022
407
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: « Жүрегімізде -мейірім»
Мақсаты: Оқушыларға мейірімділік, қайырымдылық құндылықтары туралы, «қайырымды адам» туралы түсініктерін кеңейту және жақсылық пен жамандықтың қатар жүріп адам өмірінде сан қилы белең көрсететінін ұғындыру.
Міндеттері: Мейірімділіктің адам өміріндегі мәні және жақсылық жасаудың қуаныш әкелетіндігін сезіндіру, жақсылықты түсіну, жақсылық жасауға тәрбиелеу.
Жүру барысы
1. Ұйымдастыру бөлімі.

Ой шақыру.
Мұғалім сөзі: Балалар, бүгінгі тақырыпты айтпас бұрын, мен сіздерге мына слайд шоуды мән беріп қарауды сұраймын. Содан кейін өздерің тақырыпты табатын боласыздар. (жай музыка жүріп тұрады, слайд көрсетіледі)

Сабақ 6- сыныптар арасында өткізілді. Қатысқан оқушылар саны:47
Ал, бүгінгі тәрбие сағатымыздың негізгі тақырыбы не болмақ, қалай ойлайсыздар? (балалардың жауаптары тыңдалады)
Дұрыс айттыңдар, бүгін біздер мейірімділік туралы сөз қозғаймыз. Жақсылық пен жамандық адамның іс - әрекеті арқылы өлшенеді. Халқымыз «жақсылық» деген ұғымды адамгершілікке балаған. Адамгершілігі мол мейірімді, қайырымды адамды «жақсы адам» деген. Ендеше жақсылық пен жамандық туралы ойланып көрейік.

«Бізден сұрақ-сізден жауап» -әдісі.

Оқушыларға сұрақ қойылады:
- Жақсылық, жамандық деген ұғымдарды қалай түсінесіздер?
- Жақсы болу, жақсылық жасауды қалай үйренуге болады?
- Жақсы сөз айту, жақсылыққа жата ма?
- Жақсылық жасау адам жасына байланысты ма?
- жақсы адамның бойында қандай қасиеттер болады?
Мұғалім: Адамның ішкі сұлулығы — адамның жүрегі, жүрек жылуы, махаббат, ар - ұят, қайрат, мейірімділік, жақсылық, адамшылық осы жүректен туындайды. Ойымызды әрі қарай өрбіту үшін видеоролик бойынша жұмыс жүргіземіз.
Оқушыларға видео мысал көрсетіледі.
«Мейірімділік әлемді құтқарады»
Сұрақтар:
Бұл мысалдан кейін қандай сезімде болдыңдар?
Адамдар жасаған жақсылығының қайырын сұрайма, қалай ойлайсыңдар?
Мен жаңа айтып кеттім, Адамның ішкі сұлулығы — адамның жүрегі, жүрек жылуы, махаббат, ар - ұят, қайрат, мейірімділік, жақсылық, адамшылық осы жүректен туындайды деп, жүрегімізді жамандық жауып тастаса біз қалайша жақсы адам боламыз. Сондықтан да бұл әңгімеден не түюге болады?
Сұрақ: Мейірімді адам деген қандай адам?
«Мейірімді адам деген кім, және кімді ең мейірімді, ең қайырымды адам деп ойлайсыңдар?» деген сұрақтарға жауап алып, постерге жауап жазады.
Мейірімді, қайырымды болып үйренейік...

Оқушы: Өкінішке орай, мейірімділік пен қайырымдылық сынды қасиеттер барлық адамға тән емес. Тіпті біздің заманда оның қажеті де жоқ дегенді естиміз. Алайда бұлай дейтіндер қатты қателеседі.

Оқушы: Мейірімді, бауырмал, көмекке дайын тұратын абзал адамдар – кез келген қоғамның негізгі тірегі. Лепірме сөз сияқты көрінсе де, мейірімділік пен қайырымдылық адамға адам болып қалуына көмектеседі. Қалаған жағдайда мұндай лайықты қасиетке кез келген адам ие бола алады. Қалай дейсіз ғой?

Ойын: Өзіңнің жылулығыңмен бөліс

Picture 6

Көмегіңіз қандай түрде білдірілетіні аса маңызды емес. Бұл:- қолдан келген материалды көмек; - физикалық көмек (үй жинасу, азық-түлік, дәрі-дәрмек жеткізу, кішкентай баланы қарай тұру және т.б.); - кеңес айту; - рухани қолдау; - тегін заңгерлік кеңес және т.б. болуы мүмкін.

Қалай болғанда да, сіз басқа адамға көмектесіп қана қоймай, өзіңіз де қайырымды, мейірман бола түсесіз.

Оқушы:Не үшін қайырымды және мейірімді болу керек?

Қайырымдылық пен мейірімділік адамға тек жақсы жағынан әсер етеді. Қоғам кілең енжар, тек өзін ойлайтын адамдардан құралса, қандай болар еді? Біреудің көмегіне сену түгілі, қай жерде қастық жасап кетер екен деп күтіп жүру қандай әсерге бөлейді? Мұндай адамдардың ортасында өмір сүргіңіз келер ме еді?

Оқушы:Табиғаттың «ең мықты тірі қалады» деген заңы бар. Онда мейірімділікке орын жоқ. Бірақ адам түйсікпен ғана өмір сүрмейтіндіктен саналылар қатарына жатады ғой. Бір дана адам: "Өркениетті қоғамға оның балаларға және қарттарға, яғни қорғансыз адамдарға қарым-қатынасына қарап баға беруге болады" деп бекер айтпаған.

Мұғалім:Ендеше, адамдар бір — біріне жылы сезімін білдіріп, тек жақсылық ойлау, игілік жасау арқылы мейірімділік таныта алады.
Жақсылықпен - кәрі - жастың күйін біл,
Сөз, ісіңмен ел - жұртыңды сүйіндір- дегендей- мейірімді кісі деп сөзінен ісі көрінетін, айтқан сөзін кейіннен өзі ұстанатын кісіні айтады.!
Ендеше,«Әрқашан күн сөнбесін» әні. Қабыл алыңыздар!
Сабақтың қорытындылай келе «Жүректен -жүрекке» деген ниетпен мынандай кішкентай жүрекшелерге мейірімділік, қайырымдылық туралы өз тілектеріңді жазып жіберіңіздер. Сонымен балалар бүгінгі сабақта адами құндылықтар, жақсы қасиеттер,мейірімділік туралы мәлімет алдық.

Жүрегіміз жылылыққа көңіліміз шаттыққа, жүзіміз қуанышқа толып, бүкіл адамзат баласын жақсылыққа жетелейтін мейірімділік қасиеті сөнбей, әр күніміз әдемі өтсін.Мейірімділік көрсеткен адам -мейірімділік кереді деген жақсы сөзбен сабағымызды аяқтаймыз. Жақсылықтың жаршысы болыңыздар! Келесі кездескенше аман сау болыңыздар!





















Ш.Уәлиханов атындағы №1 жалпы білім беретін мектебі









Тәрбие сағаты







Тақырыбы: «Жүрегімізде-мейірім»

7Б- сынып

Сынып жетекшісі: Жумагулова Т.С











Арқалық қаласы

























































































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!