"Жүректің құрылысы"ашық сабақ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Жүректің құрылысы"ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Биология пән мұғалімдеріне арналған ашық сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Жүректің құрылысы мен қызметі

Мақсаты:Оқушыларға қан айналым жүйесіндегі ең маңызды мүшелерінің бірі – жүрек құрылысы мен қызметі туралы білім беру.
а) Білімділік Жүрек құрылысы жөнінде айта отырып, бала дамуындағы жүрек ерекшеліктерін, бөлімдерін меңгерту. Олардың маңызын және атқаратын қызметі туралы түсінік қалыптастыру.
ә) тәрбиелігі : Оқушылардың анатомия пәнінен алған білімдерін қолдануды өмір шындығымен байланыстыра отырып, пәнге деген қызығушылықтарын ояту және адамгершілік қағидаларын бойына сіңіре отырып тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
б) дамытушылық : Оқушылардың өз бетімен білімін толықтырып, тереңдетіп отыру, дағдыларын, ойлау қабілеттерін дамыту.
Жаңа материалды түсіндіру кезеңі

Қанайналым мүшелері. Қан адам ағзасында ұдайы қозғалыста болады. Қанның қозғалуы – ағза мен сыртқы ортаның арасында газ бен зат алмасуды қамтамасыз етеді. Дененің барлық мүшелері мен ұлпалары қоректік заттар мен оттекті қабылдап, зиянды заттардан тазартылады. Ағзада қанның үздіксіз қантамырлардың бойымен ағуын (қозғалысын)қанайналым дейді. Қанайналым жүйесіне – жүрек және қантамырлар жатады. Қанның қантамырлардың бойымен тұйық түрде, яғни қанайналым шеңберімен ағатынын XVІІ ғасырда ағылшын ғалымы У. Гарвей ашты.

 

 

60-сурет. Кеуде қуысы:

1 – жүрек; 2) – қабырғалар  3 –көкет (диафрагма)

 

     Жүректің құрылысы. Жүрек – қанайналым жүйесінің орталық мүшесі. Оның жиырылуы мен босаңсуының нәтижесінде қан қантамырлардың бойымен үздіксіз ағады. Ересек адамдарда жүрегінің салмағы 250–300 г. Жүрек – кеуде қуысында, екі өкпенің аралығында орналасқан іші қуыс бұлшықетті мүше (60-сурет). Жүрек көлденең жолақты бұлшықет ұлпасынан тұрады, адам еркінен тыс жиырылады. Жүректің жалпақ бөлігі – негізі, сүйірлеу бөлігі – ұшы деп аталады. Жүректің сыртын дәнекер ұлпадан тұратын жұқаүлпершек (жүрек қабы) – перикард қаптап тұрады. Жүрек пен үлпершектің арасындағы кеңістікте аздаған сұйықтық болады. Ол жүректің еркін жиырылуына жағдай жасап, үйкелісті азайтады (61-сурет). Жүрек 4 қуысты: 2 жүрекшеден (предсердие) және 2 қарыншадан (желудочек) тұрады. Жүрекшелердің сыртында қосымша құлақшалар (ушко) болады. Жүректің сыртындағы көлденең сайша жүрекшелер мен қарыншаларды бөліп тұратын шекара болып саналады.

 

 

61-сурет. Жүректің сыртқы құрылысы:

1 – қолқа доғасы; 2 – өкпе артериясы; 3 – сол жақ жүрекше; 4 – қантамырлары; 5 – сол жақ қарынша; 6 – оң жақ қарынша; 7 – төменгі қуысты вена тамыры; 8 – оң жақ жүрекше; 9 – жоғары қуысты вена тамыры; бағдарша (стрелка) қанның ағу бағытын көрсетеді

 

Жүректің қабырғасы 3 қабаттан тұрады. Сыртқы қабаты – эпикард (грекше «epі» – сыртқы, «cor» – жүрек), өте жұқа, жүректі қоршап тұрады. Ортаңғы қалың бұлшықетті қабаты –миокард (грекше «mіos» – бұлшықет). Ішкі қабаты жұқа – эндокард (грекше «endo» – ішкі) жүректің ішкі қуыстары мен қақпақшаларын астарлап жатады.

Жүректің миокард қабаты қарыншаларға қарағанда жүрекшелерде жұқа. Ондағы бұлшықет талшықтары екі түрлі бағытта орналасқан. Қарыншалардағы миокард қабаты (әсіресе, сол жақ қарыншада) қалың.

Жүрек негізінен ұшына қарай созылып жатқан қалың бұлшықет қабаты арқылы 2 бөлікке бөлінген. Жүректің әрбір бөлігінде бір жүрекше, бір қарынша болады. Әр бөліктегі жүрекше мен қарынша өзара тесіктер арқылы байланысады. Сол тесіктерде жүрекшелерден қарыншаларға қарай ашылып-жабылып тұратын жақтаулы қақпақшалар (створчатые клапаны) болады. Оң жақ жүрекше мен оң жақ қарыншаның арасында үш жақтаулы, сол жағында қос жақтаулы қақпақшалар орналасқан (62-сурет).

 

 

62-сурет. Жүректің ішкі құрылысы:

1 – қолқа доғасы; 2 – жарты ай тәрізді қақпақшалар; 3 – сол жақ жүрекше; 4 – сол жақ қарынша; 5 – жүректің емізік тәрізді бұлшықеттері; 6 – жүректі ұзынынан бөліп тұратын қалың бұлшықет қабаты; 7 – оң жақ қарынша; 8 – жақтаулы қақпақшалар; 9 – төменгі қуысты вена тамыры; 10 – оң жақ жүрекше; 11 – жоғары қуысты вена тамыры

 

Қарыншалар мен олардан басталатын артерия қантамырларының арасында жарты ай тәрізді қақпақшалар (полулунные клапаны) бар. Бұл қақпақшалар қантамырлардың ішіне қарай ашылады.

Жүректегі қақпақшалар қанды тек бір бағытқа қарай өткізеді. Жақтаулы қақпақшалар арқылы қан жүрекшелерден қарыншаларға қарай өтеді. Жарты ай тәрізді қақпақшалардан қан артерия қантамырларына қарай ағады. Қақпақшалар тығыз жабылып, қанның кері бағытқа қарай өтуіне кедергі жасайды. Жүректегі қақпақшалар эндокард қабатынан түзілген.

Жүрек қуыстарымен қанның ағу бағыты:

 

Қан жүрекшеден  қарыншаға  қарыншадан  артерия қантамырларына қарай ағады.

Жүректің жұмысы – бірін-бірі ырғақты түрде алмастырып отыратын жүрек циклынан тұрады. Әр соғуы 3 кезеңнен тұрады: 1) жүрекшенің жиырылуы (0,1 сек); 2) қарыншаның жиырылуы (0,3 сек); 3) жүректің босаңсуы (жүрекше мен қарыншаның бір мезгілде тынығуы) (0,4 сек). Жүректің бір рет соғуына барлығы 0,8 сек уақыт кетеді. Ересек адамда жүрек қалыпты жағдайда минутына 70–75 рет соғады. Жүрекке күш түскенде соғуы жиілейді. Қарыншалар әрбір жиырылғанда қантамырларға 70–80 мл, яғни бір минутта 5–5,5 л қан өтеді. Жүректің өмір бойы тынбай жұмыс істесе де, шаршамауы тынығу кезеңініңболуына байланысты. Жүрек қабырғасындағы бұлшықеттердің қаңқа бұлшықеттерінен айырмашылығы: а) ет талшықтары шоқтанып орналаспай, бір-бірімен тор тәрізді жалғасып жатады; ә) жүрек бұлшықеттерінің жиырылуы бірыңғай салалы бұлшықеттердікі сияқты сыртқы тітіркендіргіштерге тәуелді емес (өздігінен еріксіз жиырылады); б) жүрек бұлшықеттерінің жасушалары 2 түрлі: 1) жиырылатын жасушалар; 2) жүректің өткізгіш жүйесін құрайтын жасушалар:

1) жиырылатын жасушаларда көлденең жолақты бұлшықет талшықтарына қарағанда митохондрийлері көп болады. Сондықтан олар тотығу деңгейінің жоғары болуын қамтамасыз етеді. Керісінше эндоплазмалық тор қаңқа бұлшықет талшықтарымен салыстырғанда нашар дамыған. Жүрек бұлшықеті жасушаларында ядросы дәл ортасында,миофибриллалары шет жағында қатарласа орналасады.

2) жүректің өткізгіш жүйесін құрайтын жасушалар импульстерді жүректің өз ішіне өткізеді. Бұл жасушалар өте ірі, түйіршікті эндоплазмалық торлары өте көп. Миофибриллалары мен митохондриялары аздау әрі ядролары ірі.

Жүректің ішкі бетіндегі ерекше жалпақ жасушалар қантамырлары мен лимфа тамырларының ішкі бетін астарлап жатады. Бұл жасушалар қанның қантамырлардың ішінде ұюына кедергі жасайды. Жүрек бұлшықетінің тағы бір қасиеті сыртқы тітіркендіруге тәуелді емес. Жүректе болатын импульстерге жауап ретінде ырғақты жиырылуға қабілетті. Бұл құбылысты жүрек автоматиясы (жүректің өздігінен жиырылуы) дейді. Жүректің өздігінен жиырылуын жүректің бұлшықетінде болатын ерекше бұлшықет жасушалары реттейді. Осының нәтижесінде ағзадан бөлініп алынған жүректе қозу ырғағы пайда болады. Электрокардиограмманың көрсеткіші жүрек бұлшықеттерінің жұмысын аңғартады. Мұның жүрек ауруларын анықтауда маңызы зор.

Жүрек жұмысының реттелуі үнемі жүйкелік және гуморальдық жолмен жүзеге асады. Жүректің жиырылу жиілігінің жүйкелік реттелуі – сопақша мида орналасқан «жүрек ырғағының орталығына» байланысты. Бұл орталықтан жүрекке қозғағыш жүйкелердің 2 тобы әсер етеді. Оның парасимпатикалық бөлімі жүрек жұмысын бәсеңдетсе, симпатикалық бөлімі жүректің жиырылу жиілігін күшейтеді.

Қантамырлар ағзаны түгелдей торлап жатады. Қантамырлар: артериялар (салатамырлар), веналар (көктамырлар) және капиллярлар (қылтамырлар) деп 3 топқа бөлінеді (63-сурет).

Артерия қантамырлары (грекше «arterіa» – қантамыр) – қанды жүректен мүшелер мен ұлпаларға тарататын қантамырлар тобы. Жүректен шығатын екі ірі артерия қантамыры бар. Оң жақ қарыншадан басталатын – өкпе артериясының ішінде вена қаны болады. Сол жақ қарыншадан басталатын – қолқа (аорта) тамырының ішінде артерия қаны. Артериялардың қабырғасы 3 қабаттан тұрады: сыртқы қабаты – дәнекер ұлпасынан, ортаңғы қабаты – бұлшықет ұлпасынан, ішкі қабаты – жалпақ эпителий жасушаларынан түзілген. Артерия қантамырларының қабырғасы қалың, серпінді. Олардың сыртқы қабаты мықтылық, серпінділік қасиет беріп, қантамырлардың кеңейіп, тарылуына әсер етеді. Ортаңғы қабатысерпінді талшықтар мен бірыңғай салалы бұлшықеттерден тұрады. Бұлшықеттер жиырылып, босаңсу арқылы қантамырлар қуысының диаметрін реттейді. Ішкі қабатықантамырлардың қабырғасына қосымша мықтылық қасиет береді. Артерия қантамырларымен ағатын қанның қысымы өте жоғары болады. Сондықтан қысымға төзіп, созылуына қабырғасының тығыз, мықты, серпінді болуының маңызы өте зор. Артерия қантамырлары бұлшықеттердің астында терең орналасады, сондықтан олар көрінбейді. Ең ірі артерия қантамыры – қолқа (аорта) деп аталады. Жүректен алыстаған сайын артерия қантамырлары тармақтанып, жіңішке капиллярларға айналады.

 

      

 

63-сурет. Қантамырлар:

а) қантамырлардың денеде орналасуы; ә) қантамырлардың түрлері: 1 – артериялар; 2 – веналар; 3 – вена қантамырларының ішіндегі қақпақшасы; б) капиллярлар; в) қан айналымының сызбанұсқасы: 1 – кіші қанайналым шеңбері; 2 – үлкен қанайналым шеңбері

 

Қорыта айтқанда, көпшілік артерия қантамырларының бойымен артерия қаны ағады. Тек өкпе артерия қантамырының ішімен вена қаны ағады.

Ерекше ескертетін жағдай – барлық артериялық қантамырлармен тек артерия қаны, барлық веналық қантамырлармен тек вена қаны ағады деген түсінік қалыптаспауы тиіс.

Вена қантамырлары (латынша «vena» – қантамыр, сіңір) – мүшелер мен ұлпалардан көмірқышқыл газына, зат алмасу өнімдеріне, гормондарға және т. б. қаныққан қандыжүрекке тасымалдайды. Артерия қантамырларына ұқсас веналардың да қабырғасы 3 қабаттан тұрады. Артерияларға қарағанда веналардың бұлшықет қабаты нашар жетілгендіктен қабырғасы жұқа, жұмсақ, серпінділігі аз болады. Вена тамырларының бір тобы терінің астына жақын орналасқандықтан, тарамдалған көк түсті тамырлар жай көзге айқын байқалады. Әсіресе қарт адамдарда бадырайып анық көрінеді. Артерияларға қарағанда веналарда қан қозғалысы баяу.

Вена қантамырлары орналасқан орнына байланысты теріге жақын жатқан және тереңде жатқан деп екі топқа бөлінеді. Веналық қантамырларымен қанның ағуына сол қантамырлардың жанындағы бұлшықеттердің жиырылуы да көмектеседі. Денеден жиналатын вена қаны алдымен ұсақ вена қантамырларына жиналады. Ұсақ вена қантамырлары өзара қосылып, ірі вена қантамырларын түзеді. Ең соңында бүкіл денеден жиналатын вена қантамырлар жоғары және төменгі қуысты вена қантамырларына айналады. Бұл екі вена қантамырлары вена қанын оң жақ жүрекшеге әкеледі.

Өкпеден келетін 4 өкпе вена қантамырлары сол жақ жүрекшеге артерия қанын тасиды.

Вена тамырларының ерекшелігі – ішінде жарты ай тәрізді қақпақшалары болады (63-сурет). Ол қақпақшалар қанның жүрекке қарай қозғалуына әсер етпейді, тек кері ағуына кедергі жасайды.

Капилляр қантамырлары (қылтамырлар) – латынша «capіllarіs» – шаш тәрізді қылдай) адам шашынан 50 есе жіңішке. Олар дененің барлық мүшелері мен ұлпаларын торлайды. Капиллярлардың қабырғасы өте жұқа, эпителий жасушаларынан түзілген бір қабаттан тұрады. Капиллярлармен қан өте баяу қозғалады. Олардың жұқа қабырғалары арқылы қан мен ұлпаның арасында газ алмасады. Сондықтан қан еріген оттегінің көбін ұлпаға беріп, көмірқышқыл газымен қанығып, вена қанына айналады. Қандағы қорек заттар капиллярлардың қабырғасымен ұлпаларға өтіп, ұлпадан зат алмасу өнімдері қанға беріледі. Капиллярлардан қан веналарға жиналады. Капиллярлардың қабырғалары өте жұқа болғандықтан еріген қоректік заттар, оттек, көмірқышқыл газы, алмасу өнімдері оңай өтеді. Химиялық және жүйке тітіркендірулерінің әсерінен капиллярлар бірде кеңейіп, бірде тарылады. Капиллярларда қан қысымы артерия тамырларынан төмен болады (5-кесте).

Қорыта келгенде, адам ағзасында қан – артериялар, веналар, капилляр қантамырларының бойымен ғана ағады.

ІV. Бекіту. Сонымен қорта келегенде төмендегі сөздерге сипаттама беріңіздер:

Жүрек. Жүрек тобы, қолқа, жүрек жұмысын реттеу, эпикард, миокард, эндокард, қарыншалар, жүрекшелер, жақтаулы қақпақшалар, айшық тәрізді қаақпақшалар, артериялар, артериола, веналар, капиллярлар қан айналым мүшелері.



Үйге тапсырма беру. Жүректің құрылысы. Жүрекшелер мен қарыншалардың қызметін оқу.

Бағалау

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Өтілген «Организмдердің ішкі орасы» тарауы бойынша тапсырмалар беріледі.
Тікелей сұрақтар:
1. Организмнің ішкі ортасын нелер құрайды?
2. Қан қандай ұлпаға жатады?
3. Қан неден тұрады?
4. Эритроциттердің тіршілік ұзақтығы қанша?
5. Лейкоциттердің қызметі
6."Фагоцитоз" құбылысын ашқан кім?
7. Тромбоциттер қайда түзіледі, бұзылады және қызметі қандай?
8. Қанның ұюына нелер қатысады?
9. Донор, реципиент деп нені айтамыз?
10. Агглютинация деп нені айтамыз?
11. Антиденелер адам ағзасында қандай қызмет атқарады?
12. Иммунитет дегеніміз не? Оның түрлеріне сипаттама беріңдер.

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
1. Қызығушылықты ояту: «Ой шақыру».
Жанды мотор сынбайды,
Күні - түні тынбайды.
Кейде оның жүрісін,
Дәрігерлер тыңдайды (Жүрек)

2. Тарам - тарам бір ғалам,
Айқыш - ұйқыш шырғалаң.
Толған ағыс тоқтаса,
Жоғалады бірге адам. (Қантамырлар)
Адамның денесінде ең маңызды рөл атқаратын не? Ойланып көрейік.
(Адамның суретінен жүрек көрсетіледі)
- Жүрек – қан тамырлары туралы не білеміз?

Мұғалім толықтыра отырып, оқушылар өз ойларын айтады.

ІІ. Мағынаны тану.
Оқушылар өз бетімен іздене жұмыс істеуі үшін тапсырма беріледі.
Орындалатын тапсырмалар:
1. Жүректің құрылысын зерттеңіз
2. Жүрек жұмысының кезеңдерін сипатта.
3. Артериялар мен веналардың құрылысын салыстыру
4. Капиллярлар қантамырларының құрылысы мен атқаратын қызметі
Уақыт беріледі. Уақыт болғасын оқушылар тапсырма бойынша жауап береді.
Мұғалім әр тапсырмаға қосымша электрондық оқулықтан мәліметтер береді.

ІІІ. Толғаныс.
Оқушыларға өтілген тақырып бойынша мынадай тапсырмалар беріледі:
1. Сурет бойынша құрылысын анықта

2. Биологиялық диктант
1. Жүрек тұтас қалқа арқылы оң және сол жақ бөлікке бөлінеді.
2. Оң жақ жүрекше мен оң жақ қарыншаның арасында үш жақтаулы, ал сол жақ бөлігінде қос жақтаулы қақпақша орналасқан.
3. Сол жақ қарынша мен қолқа, оң жақ қарынша мен өкпе артериясы арасында жарты ай тәрізді қақпақшалар болады.
4. Жақтаулы қақпақшалар арқылы қан жүрекшелерден қарыншаларға қарай өтеді.
5. Вена тамырларының ерекшелігі ішінде қақпақшалары болады.
6. Артерия жүректен қашықтаған сайын тармақталып артериолаларға одан әрі капиллярға айналады.
7. Капиллярлардың веналық ұшы бірігіп венула түзеді.

Сабақтың барысы: 
І.Ұйымдастыру кезеңі: 
- оқушылармен сәлемдесу; 
- сынып оқушыларын түгелдеу; 
- оқушылар назарын сабаққа аудару; 
Психологиялық дайындық 
Бір – бірімізге күлімсіреп қарап, амандасайық. Демді терең ішке тартып, демді шығарайық. Біз байсалды, деніміз сау, қайырымды, мейірімді және ақжарқын балалармыз. Бір-бірімізге тек қана жақсы тілектер тілейік. 

Топқа бөлу. Түрлі түсті қағаз беріледі, оның артына 1,2,3 саны жазылып, оқушылар сан бойынша 3 топқа бөлінеді. Топ аттарын болжау әдісі арқылы анықтау. Әр топқа топ аты туралы анықтама жазылған парақ таратылады. Оқушылар оқып, топ аттарын анықтайды. 
Бұлар ядросыз қан жасушалары.Оларда ерекше нәруыз гемоглабин болады. Негізгі қызметі – оттек пен көмірқышқыл газын тасымалдау осы гемоглабин арқылы іске асырылады. Олардың тіршілік ұзақтығы шамамен 120 күн. (Эритроциттер) 
Бұлар ядросы бар белсенді қозғалатын қанның ақ жасушалары. Тіршілік ұзақтығы 2 – 4 күн. Негізгі қызметі – организмді ауру тудыратын бактериялардың, бөгде денелердің енуінен қорғау. (Лейкоциттер) 
Бұлар қанның ең кішкентай, түссіз, ядросыз формалық элементтері. Негізгі қызметі – қанның ұюы және қан кетуді тоқтату процестеріне қатысады. (Тромбоциттер) 

1-топ: Эритроцит 
2-топ: Лейкоцит 
3-топ: Тромбоцит 
Топ басшыларын өзім сайлаймын. Әр топтан бір оқушының артына стикер жапсыру арқылы топ басшыларын сайлау. Топ басшыларына бағалау парағын таратамын. 
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау 
«Жылдам және дұрыс» 
1. Организмнің ішкі ортасына не жатады: қан, ұлпа сұйықтығы, лимфа 
2. Қан қандай ұлпаға жатады? Дәнекер 
3. Қан беруші адамды қалай атайды? Донор 
4. Қанның ұйымайтын, тұқымқуалайтын ауруы қалай аталады? Гемофилия 
5. Қанды қабылдаушы адам? Реципиент 
6. Адам ағзасында неше литр қан болады? 4,5 – 5 л 
7. Оксигемоглабин деген не? оттекті гемоглобин 
8. Иммунитет деген не? ағзаның бөгде затқа қарсы тұру қабілеті 
9. Қан топтары: 1,2,3,4 топ 
10. Қанның түссіз жасушалары: лейкоцит 
11.Иммунитеттің неше түрі бар? 2 
12. Егу арқылы қабылданатын иммунитет: жасанды 
13. Қан ұю ұзақтығы: 4-5 мин 
14. Қанның қызыл пигменті: гемоглобин 
15. Қан ұюына қатысатын жасуша: тромбоцит 
16. Тұқымқуалайтын иммунитет: табиғи 
17. Ядросыз қан жасушасы қалай аталады? эритроцит 
18. Қан құрамы: қан жасушасы, қан плазмасы 
19. Қанды қанша уақыт сақтайды: 30 күн 
20. Қан ұюына қандай элемент қатысады: кальций тұзы 
2) «Сәйкестігін табу тест» 
Әр топқа 10 сұрақтан тұратын тест беріледі. 
1-топқа: 
1.Ішкі ортаға не жатады: : а) 4,5-5 л 
2.Қанның мөлшері қанша : ә) қан, ұлпа сұйықтығы, лимфа 
3.Қан пластинкасы қалай аталады: б ) 3 
4.Гемоглобин деген не: в ) Мечников 
5.Эритроциттің диаметрі: г) бөгде бөлшектерді сіңіру, қорыту 
6.Плазма нәруызы қаншаға бөлінеді: ғ) тромбоцит 
7.Оксигемоглабин деген не: д) фибриногеннің фибринге айналуы 
8.Фагоцитоз қандай процесс: е) 7,5 мкм: 
9.Лейкоцит қызметін ашқан ғалым: ж) қанның қызыл пигменті 
10.Протромбин деген не: з) оттекті гемоглобин 
2-топтың сұрақтары: 
1.АИВ: а) 4-5 мин 
2.Қанның түссіз жасушалары: ә) жасанды 
3.Қанды қабылдайтын адам: б)адам иммунитет тапшылығы вирусы 
4.Егу арқылы қабылданатын иммунитет: в) фагоцитоз 
5.Қан ұйымайтын ауру: г) реципиент 
6.Қан ұю ұзақтығы: ғ) гемофилия 
7.Қанның қызыл пигменті: д) лейкоцит 
8.Қан ұюына қатысатын жасуша: е) табиғи 
9.Бөгде бөлшектерді сіңіру процесі: ж) гемоглобин 
10.Тұқымқуалайтын иммунитет: з) тромбоцит 
3- топтың сұрақтары: 
1.Адам лимфа түйіндерінің саны: а) 3 
2.Қан беруші адам ә) қан ұю 
3.Қан глюкозасы қызметі: б) жасушаның энергия көзі 
4.Ядросыз қан жасушасы: в) эритроцит 
5.Плазма нәруызы қанша топ: г) 460 
6.Тромбоцит қызметі: ғ) донор 
7.Рентген сәулесінен лимфоциттер: д) 4 
8.Адамның қан тобының саны : е) жойылады 
9.Тромбоциттің тіршілік ұзақтығы : ж) қызғылт-сұр 
10. Лимфа түйіндерінің түсі: з) 7-10 күн 
Жауаптары: 
І – топ ІІ – топ ІІІ - топ 
1. Ә 1. Б 1. Г 
2. А 2. Д 2. Ғ 
3. Ғ 3. Г 3. Б 
4. Ж 4. Ә 4. В 
5. Е 5. Ғ 5. А 
6. Б 6. А 6. Ә 
7. З 7. Ж 7. Е 
8. Г 8. З 8. Д 
9. В 9. В 9. З 
10. Д 10. Е 10. Ж 
ІІІ. Жаңа білім беруге дайындау 
«Миға шабуыл» стратегиясы 
- Біз бүгін адам организмі туралы білімді толықтыруды жалғастырамыз. Кәнеки, балалар, мен бірнеше жұмбақ оқимын, ал сендер шешуін табасыңдар. 
Жанды мотор сынбайды, 
Күні-түні тынбайды. 
Кейде оның жүрісін, 
Дәрігерлер тыңдай (Жүрек) 
2. Тарам-тарам бір ғалам, 
Айқыш-ұйқыш шырғалаң. 
Толған ағыс тоқтаса, 
Жоғалады бірге адам. (Қантамырлар) 

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Қанайналым жүйесі. Жүрек және оның қызметі» 

ІV. Жаңа сабақты түсіндіру 
Адамның жүрегі оң жақ және сол жақ бөліктен тұрады. Жүректін әр бөлігі құлақша мен қарыншадан кұралады. Құлақша мен қарыншалар қақпақшалар арқылы байланысады. Жүректің қақпақшалары деп, кұлақша мен қарынша аралығында ашылып-жабылып тұратын арнайы бөлім. Қақпақшалар тек қарынша жаққа ғана ашылады да, қанның құлақшадан қарыншаға еркін өтуіне мүмкіндік жасайды, сондықтан ол кері қарай ақпайды, үнемі алға қарай ағады. Адамның жүрегі 4 бөлімнен тұрады: екі құлақша, екі қарынша. Қанның тұйық жүрек-қан тамырлары жүйесі бойынша үздіксіз қозгалуы қан-айналым деп аталады. 
Жүрек - пішіні конус тәрізді, кеуде куысының сол жақ жартысына жақын, екінші – бесінші қабырға деңгейінде орналасқан куыс бұлшық ет мүшесі. Ересек адамның жүрегінің массасы 250 – 300 г. Жүрек сұйықтықтың аздаған мөлшері бар жүрек қабында орналасқан. Жүрекшелер мен қарыншалар жақтаулы қақпақшамен өзара байланысты болады. Оң жағы үш жақтаулы қацпақша, ал сол жақ бөлікте қос жақтаулы қақпақша болады. Қарыншалар жиырылған кезде сіңір жіпшелері қақпақшалардың жүрекше жаққа ашылуына жол бермейді. Сол жақ қарынша мен қолқа, оң жақ карынша мен өкпе артериясы шегінде айшық тәрізді қақпақшалар болады. Олардың пішіні – жартылай дөңгелек терең қалта тәрізді. Бұл кақпақшалар қанды жүрек қарыншасынан артерияға өткізеді, бірақ канның артериядан карыншаларға кері ағуына кедергі келтіреді. Жүрек қабырғасы үш қабаттан тұрады. Сыртқы ка¬бат – эпикард жүрек бетін қаптайды, ортаңғы бұлшық ет қабаты – миокард еріксіз жиырылатын ерекше көлденең жолақты бұлшық ет ұлпасынан түзілген. Ішкі кабат – эндокард жүректің ішкі қабатын және жүрек қакпақшаларын түзеді. Оң жақ қарынша қабырғасы – жұқалау, ал жүрекше қабырғасы одан да жұқа болады. 
Артериялар – қан жүректен барлық мүшелер мен ұлпаларға ағатын тамырлар. Олардың ішіндегі ең ірісі – қолқа (аорта). Ол сол жақ қарыншадан басталып, артерияларга тармақталады. Артерия қабырғасы қалың, иілгіш және серпімді. Олардың құрамына арасынан созылғыш талшықтар өтетін бірыңғай салалы бұлшық еттер кіреді. Артерия жүректен қашықтаған сайын тармақталып, капиллярларга айналатын, арнасының диаметрі, шамамен, 100 мкм артериолага айналады. 
Капиллярлар - ең жіңішке қан тамырлар, арнасы 4 – 20 мкм құрайды, ал қабырғасы жалпақ жасушалардың бір қабатынан тұрады. Адамда капиллярлардың жалпы саны 2 млрд. Капиллярға таралған артерия қаны біртіндеп вена қанына айналады да, венаға түседі. Капиллярдың вена ұшы бірігіп венула түзеді, ол венаға айналады. 
Веналар – қан мүшелер мен ұлпалардан жүрекке агатын ірі тамырлар. Вена кабырғасы артерия ағасынан жұқа, сондай-ақ бұлшық ет және созылғыш талшықтар аз. Венаның ішкі қабырғасы қанының бағыты бойынша орналасқан қалта тәрізді қақпақшалар түзеді, бұл қанның жүрекке қарай ағуына себепші болады. 

V. Жаңа сабақты бекіту. 
І-топқа Биологиялық диктант 
1.Жүрек кеуде қуысының _______________ орналасады. 
2.Жүректің өзінің өте жұқа қабатын _____деп аталады 
3.Жүректің жұмысы ___ кезеңнен тұрады 
4.Жүрекше мен қарынша аралығында ашылып- жабылып тұратын арнайы бөлім ____ деп аталады 
5.Жүректің салмағы _____. 
ІІ-топқа Адасқан сөздер (Сәйкестігін табыңдар) 
1.Жүректің үстіңгі бетін қаптайтын өте жұқа қабат а) Артериялар 
2.Жүректің сыртын қаптап тұратын дәнекер ұлпадан тұратын жұқа үлпершек б) миокард 

3.Жүректің ортаңғы қалың бұлшықетті қабаты в) Перикард 
4.Жүректің ішкі қуыстары мен қақпақшаларын астарлап жататын қабат г) Капиллярлар 

5.Қанды жүректен алып шығып, мүшелерге таратын қан тамырлары с) Эпикард 

6.Дененің барлық мүшелері мен ұлпаларын торлайтын қан тамырлары д) Веналар 

7.Қанды мүшелерден жүрекке тасымалдайтын қан тамырлары е) Эндокард 

ІІІ – топқа Адасқан сандар (Сәйкестігін табыңдар) 
1.Жүрекшелер жиырылып (систола), қан қарыншаларға өтеді а) 70-75 

2.Қарыншалар жиырылып (систола), қан қолқа мен өкпе артериясына айналады 
б) 0,4 
3.Жүрекшелер мен қарыншалардың бір мезгілде тынығып, босаңсуы (диастола) В)0,1 
4.Жүректің 1 рет соғуына барлығы мынадай уақыт кетеді Г) 2 млрд 
5.Ересек адамда жүрек қалыпты жағдайда минутына қанша рет соғады? С)250-300 
6.Ересек адамның жүрегінің салмағы Д)0,3 
7.Адамда капиллярлардың жалпы саны Е)0,8 
Жауаптары: 
І – топ ІІ – топ ІІІ - топ 
1. Сол жағында ІІ-V омыртқалар арасында 1. С 1. В 
2. Эпикард 2. В 2. Д 
3. 3 кезеңнен тұрады 3. Б 3. Б 
4. Жақтаулы қақпақша 4. Е 4. Е 
5. 250 – 300 г 5. А 5. А 
6. Г 6. С 
7. Д 7. Г 

«Біздің жүрегіміз» қызықты мәліметтер оқу (мұғалім баяу оқиды) 
«Жүрек» деп аталатын бұлшық ет әлемде махабаттың символы болып табылады. Гректер жүрек жанның арашасы деп ойласа, қытайлықтар бақыт жүректе деп сенген, ал египеттіктер эмоция мен интелект жүректе туады деп санаған. Жақында америкалық ғалымдар достармен көп араласу жүректің саулығын сақтайтынын анықтады. Адамның араласатын ортасы кеңейген сайын, оның жүрек ауруымен ауру қаупі азаяды екен. Мамандардың есептеуінше вальс музыкасы адамның жүрек ырғағына сәйкес келеді. Жүректің біздің өмірімізде алатын орны тым ерекше болғаны соншалықты барлық елде «Жүрек күні» аталып өтіледі, ол 25 қыркүйек. Бұл күні адам өміріндегі ең басты мүшеге ерекше көңіл аударылады. Сонымен қатар шведтік ғалымдардың зерттеуінше хор айтылғанда хорға қатысушылардың жүрек ырғағы бір үйлесімдікте болатынын анықтады. 

2-тапсырма. Дәптермен жұмыс. 
1-топ: Терминдік болжам. Тақырып бойынша жаңа сөздерді дәптерге жазу. 
2-топ: Жүрекке жарнама жасау. Өз ойларын дәптерге жазу топ болып. 
3-топ: “Сандар сырына саяхат”. Тақырып бойынша дәптерге жазу 

VI.Сергіту: «Жүректен жүрекке» 
Адам организмінде жүректің құрылысын, қызметінің маңызын білдік.Адам өмірінде осы жүрегіміздің ерекшелігі өзінің айналасындағы адамдармен қарым-қатынасына байланысты.Әр адам жүрегі мейірімділік пен махаббатқа толы болсын дей келе, сабағымызды ақын ағамыз Мұқағали Мақатаевтың «Жүрек арызы» атты өлең жолдарымен қорытындылаймыз. 

Жүрек арызы 
"Бас, ием менің. 
Өзіңнен бұрын жаралғам. 
Алдымен - менмін, 
Сонан сон, - сенсің жаралған. 
Басың мен миың, ақылың, есің, қимылың, 
Аяқ пен қолың - 
Барлығы менен нәр алған. 
Балғын шағыңда, өмірге жаңа аттанған, 
Бағыңа бастар адамдық жолға ап барғам. 
Кезім де болды қайғырған әрі шаттанған, 
Кезің де болды, қайтейін, маған дақ салған. 
Келеді сенің кей-кейде мені мұз еткің, 
Бәріне көндім, қателігіңді түзеттім. 
Төсек тартқызып, төнгенде қатер басыңа, 
Айнымай соқтым, аялап сені күзеттім. 

Жалындым саған жақыны бол деп баршаның, 
Жан-ием, сенің жақсылығыңды аңсадым, 
Өткіздім сені қаншама қауіп-қатерден 
Ал енді, маған, демалыс берші, шаршадым!.. 

...Қақың жоқ сенің дем алуға да, соқпауға, 
Қарсы барамыз оқтарға, әлі оттарға. 
Қақым жоқ менің демалыс саған беруге, 
Қақың жоқ сенің қалдырып мені тоқтауға!!! 

VII. Үйге тапсырма. тақырыпты оқу, « Жүректің құрылысы» реферат жазу. 



Жүрек анатомиясы

Жүрек – адам мен жануарлардың қан айналу жүйесінің орталық органы. Ол қанды артерия жүйесіне айдайды және оның веналарға қайтып оралуын қамтамасыз етеді. Омыртқасыз жануарлардың кейбір түрлерінде (буылтық құрттарда, моллюскілерде, буынаяқтыларда) жүрек арқа жағында орналасқан, бір қарынша және бірнеше жүрекшелерден тұрады. Барлық омыртқалы жануарларда және адамда жүрек дененің кеуде қуысында орналасқан. Дөңгелекауыздыларда, балықтарда жүрек екі камералы – бір жүрекше, бір қарыншадан тұрады. Жүрекшенің қабырғасы жұқалау, ал қарыншанікі – біршама қалындау келеді. Балықтар жүрекшесінің маңында вена қолтығы, ал қарыншасының жанында артерия конусы (шеміршекті балықтарда), ал сүйекті балықтарда қолқа жуашығы болады. Дөңгелекауыздылардың, балықтардың жүрегі арқылы вена қаны ағып өтеді, олардың қан айналымы бір шеңберден ғана тұрады. Қосмекенділердің құрлықта тіршілік етуіне сәйкес жүрек үш камералы (екі жүрекше, бір қарынша), әрі косымша кіші қан айналым шеңбері (немесе өкпелік шеңбер) пайда болған. Бауырымен жорғалаушылардың да жүрегі үш камералы, бірақ қарыншасы жартылай жұқа перде арқылы екіге бөлінген. Тек қолтырауында жүрек толық төрт камерадан (екі жүрекше, екі қарынша) тұрады. Құстар мен сүтқоректілердің жүрегі төрт камералы (екі жүрекше және екі қарынша). Жүрек, негізінен, ұшына қарай қалың бұлшык ет арқылы екі бөлімге бөлінген және әрбір бөлімдегі камералар өзара бір-бірімен ғана байланысады. Олардың жүрегінің оң жақ бөлімінен тек вена қаны ағып өтетіндіктен венозды бөлім, ал сол жақ жартысынан тек артерия қаны ағатындықтан артериялы бөлім деп аталады.

Сүтқоректілердің ұрығының дамуы кезінде оң жүрекше мен сол жүрекшенің арасы сопақша тесік (боталлов өзегі) арқылы байланысып тұрады, кейін ұрпақ дүниеге келген соң ол бітеліп қалады. Адамның жүрегі, негізінен, кеуде қуысының сол жағын ала орналасады, оның 2/3 бөлігі кеуде қуысынын сол жағында, ал 1/2 бөлігі кеуде қуысының оң жағында орналасады. Өте сирек жағдайда жүректің ауытқып орналасуы да кездеседі. Адам жүрегінің пішіні конусқа ұқсас, оның оң жақ жалпақтау келген бөлігі – негізі, ал сол жақтағы сүйір бөлігі ұшы деп аталады. Жүректін ұшы сол жақтағы 5-жұп қабырғаның шеміршекті шетіне сәйкес келеді. Жүректің сыртындағы дәнекер ұлпадан тұратын қабын – үлпершек (перикард) деп атайды. Жүрек үлпершектің ішінде бос жатқандықтан, еркін жиырылып босаңсиды. Сыртындағы көлденең сайшалар жүрекшелер мен қарыншалардын арасын бөліп тұрады. Жүрекшелер жүректің негізі жағында, қарыншалар ұшы жағында орналасады. Жүрекшелердің сыртында қосымша құлақшалары болады, кейде оларды саңыраукұлақ деп атайды. Жүрек үш қабаттан тұрады. Сыртқы жұка қабаты – эпикард, ортаңғы қалың бұлшық етті қабаты – миокард, ал камераларды астарлап жатқан жұқа қабаты – эндокард деп аталады.

Ересек адамдарда жүректің салмағы 250 - 330 граммдай, ұзындығы 10-15 см, көлденеңі 8-11 см, қалыңдығы 6-8,5 см. Шамамен жүректің үлкендігі әр адамның өзінің жұмған жұдырығындай болады. Жүректің қызметі жүрекше бұлшық еті мен қарынша бұлшық етінің белгілі бір ырғақпен кезектесе жиырылуы (систола) және босаңсуы (диастола) арқылы атқарылады. Ең алдымен, жүрекше жиырылып, қанды бос қарыншаға итереді, оған 0,1 с уакыт кетеді; екінші кезеңі – қарыншалардың жиырылуы (қан қолқа мен өкпе артериясына итеріледі), оған 0,3 с, ал үшінші кезеңі – жүрекшелердің де, қарыншалардың да босаңсуы (диастоласы), мұны жалпы пауза деп атайды, оған 0,4 с уакыт кетеді. Жүректің осындай жұмысына 0,8 с уақыт кетеді. Ересек адамның жүрегі минутына 72-75 рет соғады. Жүректің жұмысы қанмен бірге келетін гормондар арқылы, сондай-ақ өзіндегі шеткі жүйке жүйесі арқылы реттеліп отырады.

 

Адам жүрегінің ішкі кұрылысы:

1 — қолқа доғасы; 2 — өкпе артериясы; 3 — өкпе венасы;

4 — сол жақ жүрекше; 5 — қос жақтаулы (митральді) қақпақша;

6 — сол жақ қарыншаның емізік тәрізді бұлшық еті;

7 — ортаңғы қалың бұлшық ет қабаты (миокард); 8 — жүрек ұшы;

9 — сыртқы жұқа қабаты (эпикард);

10 — он жақ қарыншаның емізік тәрізді бұлшық ет қабаты;

11 — ішкі жұқа қабаты (эндокард); 12 — үшжақтаулы қақпақша; 13 — он жақ жүрекше;

14 — оң жақ жүрекшенің бұлшық ет қабаты; 15 — жоғарғы қуыс венасы; 16 — қолқа;

17 — сол жақ ұйқы артериясы; 18 — сол жақ бұғана асты артериясы

 

 

 





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.02.2019
2513
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі