11 сынып
Әдебиет
Тақырып. Романның әдеби-тарихи маңызы
Мақсаты:
Білімділік. Мұхтар Әуезовтің эпикалық жанрдағы «Абай жолы» эпопеясы жайлы білімдерін кеңейту.
Дамытушылық. Оқушылардың ой-өрісін, тыңдау, есте сақтау дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік. Романда көрініс табатын оқиғалардан жақсы үлгі-өнеге бойларына сіңіру.
Сабақ типі Жаңа сабақ
Сабақ түрі. Дәстүрлі .
Сабақ әдісі. Сұрақ-жауап,
Сабақ формасы. Дара
Сабақ мотивациясы.
Сабақтың барысы. І. Ұйымдастыру кезеңі
А) Амандасу.
ІІ. Үй жұмысын тексеру
Өткен материалды қайталау.
ІІІ. Білімді жетілдіру
Кітаптың пейзажды беттері – қағаз емес, нақ тірі табиғаттың өзі. Адамды үйден шығарп алып кетеді. Бір жерде ақ кірпік боранға адасып кетеміз, енді бір жерде ауадағы дымқыл сыз бетке тиеі, тағы бір жерде ай нұрына малынып тоғайда жүреміз, енді бірде маңдайымыздан шақырая қадалған күнге қолымызды қалқалаймыз.
Біріншіден, Әуезов құрғақ, сылдыр сөйлем құрмайды, ең әуелі өзі тебірене толқып алады да, сол тілсіз сезім тілімен сөйлейді.
Екіншіден, Абай емес-ау, алдымен Әуезовтің өзі анық ақын; тұтанбай, ұшқындаймай, лапылдамай, өртенбей жаза алмайтын нәзік діріл, сыршыд ақын.
«Абай жолының» энциклопедиялық сипаты туралы академик Қ.Сәтбаев әдемі айтты. «қазақ халқының өткенін зерттегісі келетін ғалымның бірде-бірі бұл кітапты жанап өте алмайды: ғалым-филолог одан фольклордың бай материалдарына қанығумен қоса, қазақ әдеби тілі мен сөздігінің қаз басуы мен қалыптасуын көреді; ғалым-этнограф қазір өмір көне заманмен қоса көнерген небір тұрмыстық белгілер мен өмір құбылыстарын біледі.. құс салып, саят құрған, қыз ұзатып, ас беруді, өлік жөнелтуді суреттейтін тараулар, билер айтыссы мен билік шешкен қазылық картиналардың әрқайсысы жеке-жеке ғылыми-этнографиялық толайым еңбектерге парапар; ғалым-экономистер Қазақстанның ХІХ ғ.халық шаруашылығының құрылысынан дәлме-дәл нақты мәлімет алады, ондағы тап қайшылығының өзіндік ерекшелігімен танысады; ғалым-юристер шариғаттан бастап, билер кесіміне шейінгі даланың заң-жобаларынан бағалы мағлұматтар жинайды». Классикалық эпопеяда жан түбрентер көркемдік күшпен жинақталған өмірдің синтездік шындығы ғылымның әр саласындағы маман адамдар үшін осындай таным-тағылым қайнары болса, қалың оқырман үшін Абайдан Дәрменге дейінгі барлық басты кейіпкерлер ақыл мен сананың, арман мен ойдың сарқылмас кені секілді.
«Абай жолын» оқыған адам өмірдің өнерге айналған академиясынан өткендей болады.
Абай жолы – халық жолы. Осыны қалай түсінесің және қалай түсіндіресің.
IV. Рефлексия не білдім?
Не білгім келеді?
V. Үй тапсырмасы. Романның әдеби-тарихи маңызы жайлы толғаныс.
VI. Бағалау
Әдебиет
11 сынып
Тақырып: Жамбыл – ірі эпик ақын
Білімділік. Жыршы ақын Жамбыл Жабаевтың өміріне шолу, ақындық мұрасымен таныстыру, ақын туралы білімдерін толықтыруға ықпал ету. Дамытушылық. Оқушының ой-өрісін, іңгімелеу дағдысын жетілдіре отырып, мәнерлеп, байланыстырып сөйлеуді дамыту.
Тәрбиелік. Оқушыны ақын мұрасын қадірлеуге, ақынға деген сүйіспеншілігін арттыра отырып тәрбиелеу.
Сабақ типі. Жаңа сабақ.
Сабақ түрі. Дәстүрлі
Сабақ әдісі. түсіндіру, сұрақ-жауап.
Сабақ формасы. Дара, топпен
Сабақ мотивациясы.. сөзжұмбақ
Сабақтың барысы. І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй жұмысын тексеру
ІІІ. Білімді жетілдіру
Жамбыл Жабаев 1846 жылы ақпан айында жамбыл тауының етегінде дүниеге келеді. Ол ауыл молдасынан оқиды. Жастайынан ән мен өлеңге құмар жамбыл ел арасында айтылып жүрген жырларды жаттап алады. Ол он екі жасынан домбыраны үйренеді. Ьтабиғат оған күшті дауыс береді. Жамбыл жүз жасаған ақын. Жамбылдың жазған өлеңдерінің тақырыбы: халықтың тұрмыс-тіршілігі, Отан, туған жер, теңсіздік. Жамбыл жанжақты ақын.
Ол – айтыс ақыны.
Бөлекқызымен – 1870 жылы
Айкүміспен – 1872 ылы
Бақтыбаймен – 1872 жылы
Сары ақынмен – 1875 жылы
Бөлтірікпен – 1890 жылы
Шыбыл шалмен – 1890 жылы
Сарбас ақынмен -1895 жылы
Құлманбетпен – 1897 жылы
Досмағамбетпен – 1907 жылы
Шашубаймен – 1909 жылы
Сұрақтарға жауап беру.
-
Жамбыл қай жерде туған?
-
О қндай ақын?
-
өлеңдерінің тақырыбы қандай?
Ойтолғау жазу.
Енді, балалар, Жамбылдың қандай ақын екендігін білдіңдер. Сол бойынша ойтолғап көрейік.
Амбыл тауының етегінде қарлы, боранды күні дүниеге келді.
-
Жамбыл – ақиық ақын.
-
Табиғат Жамбылға дарын береді.
-
Жамбыл ән салғанда дауысы зор.
-
Жамыл белгілі ақындармен кездесті.
-
Жамбылдың өлеңдері бұкіл Жетісуға әйгілі болды.
-
Жамбыл үздік ақын атанды.
өмірі меншығармашылығына байланысты сөзжұмбақ шешу.
Сөзжұмбақ.
|
|
|
|
|
|
|
Ж |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
А |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Б |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
А |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Е |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
В |
|
|
|
|
|
|
Сұрақтары.
-
Жамбыл Жабаев өлеңдері қай жерде әйгілі болды?
-
табиғат оған не берді??
-
Қоршаған ортаға байланысты өлеңін білесің бе?
-
Ол қандай ақын?
-
1897 жылы қай ақынмен айтысты?
-
қай патшаның тұқымын мақтаудан бас тартты?
Рефлексия не білдім?
Не білгім келеді?
Үй тапсырмасы Ақын шығармаларын оқу.
Бағалау
11 сынып
Әдебиет
Тақырып. «Құлагер», «Күйші» поэмасы
Мақсаты:
Білімділік. І.Жансүгіровтің лирикалық шығармалары «Құлагер», «Күйші» поэмаларын игету.

Тәрбиелік. Поэмада көрініс табатын оқиғалардан жақсы үлгі-өнеге бойларына сіңіру.
Сабақ типі Жаңа сабақ
Сабақ түрі. Дәстүрлі .
Сабақ әдісі. Сұрақ-жауап,
Сабақ формасы. Дара
Сабақ мотивациясы.
Сабақтың барысы. І. Ұйымдастыру кезеңі
А) Амандасу.
ІІ. Үй жұмысын тексеру
Өткен материалды қайталау.
ІІІ. Білімді жетілдіру
І.Жансүгіровтің лирикалық шығармалары «Құлагер», «Күйші» поэмалары
«Құлагер» поэмасын оқу. Мазмүнын білу.
Сахара өмірінде ерекше серуен, халықтың серпінді күшінің думанындай қызықты бір рақыты – ат шабыс дәстүрін Ілияс ерекше тәптіштеп нақты сурет арқылы, қимыл-қозғалыс үстінде, жанды, тірі қалпында кең тыныс зор шабытпен жеріне жеткізе бейнелейдң.
Құлагердің алдынан аң құтылмас, артынан жылқы жетпес өрен жүйріктігін бірден танып, оның себебін соқырға таяқ ұстатқандай айтып беретін – Күреңбай сыншы.
Тәует бас, қамыс құлақ, қураған жақ,
Құлан жал, бұлан мойын, қой жұтқыншақ.
Қоян жон, жазық жая, жауырынды,
құс топшы, қос шынтағы қалыңқырақ...
Рефлексия не білдім?
Не білгім келеді?
Үй тапсырмасы Толық мазмұнын білу.
Бағалау
11 сынып
Әдебиет
Тақырып. Ғ.Мүсірепов – көркемсөз зергері
Мақсаты:
Білімділік. Ғ.Мүсіреповтің өмірі, шығармашылығы жайлы оқушылардың білімдерін кеңейту. Ғ.Мүсірепов – көркемсөз зергері екендігін таныту. Дамытушылық. Оқушылардың ой-өрісін, тыңдау, есте сақтау дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік. Адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақ типі Жаңа сабақ
Сабақ түрі. Дәстүрлі .
Сабақ әдісі. Сұрақ-жауап,
Сабақ формасы. Дара
Сабақ мотивациясы.
Сабақтың барысы. І. Ұйымдастыру кезеңі
А) Амандасу.
ІІ. Үй жұмысын тексеру
Өткен материалды қайталау.
ІІІ. Білімді жетілдіру
Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов – ұлттық сөз өнері тарихындағы зор тұлға. Оның әйгілі әңгіме, пьеса, романдары ел өмірінің ең бір елеулі кезеңдерін – дала азаматының рухани өзгерісін, қилы-қилы қия белін бейнелейді.
Жамбыл ауданы, жаңа жол аулында орта дәулетті отбасында туған. Бала кезінде ауыл модасынан оқып, хат таныды. Ол кездегі ауыл ақсақалдарының бір әдеті – кешке жақын дөң басына немесе көкорай шалғын көк майса үстіне киізді жайғызып тастап, неше түрлі қисса, жырды қызыға тыңдайтын болған.
Шағын жанр өрінде оқу, талқылау.
Ғ.Мүсірепов әңгімелерінің көркемдік-идеялық ерекшелігі қандай?
Азушы шығармаларындағы әзіл-оспақтар кейіпкер мінезімен қалай үйлесім тапқан?
Рефлексия не білдім?
Не білгім келеді?
Үй тапсырмасы «Қазақ солдаты» романын оқу.
Бағалау
11 сынып
Әдебиет
Тақырып. М.Әуезовтың әңгімелері. «Қорғансыздың күні»
Мақсаты:
Білімділік. М.Әуезовтың әңгімелері. «Қорғансыздың күні» әңгімесінің мзамұнын ашу, тақырып, идеясын айқындау.

Тәрбиелік. Әңгімеде көрініс табатын оқиғалардан жақсы үлгі-өнеге бойларына сіңіру.
Сабақ типі Жаңа сабақ
Сабақ түрі. Дәстүрлі .
Сабақ әдсі. Сұрақ-жауап,
Сабақ формасы. Дара
Сабақ мотивациясы.
Сабақтың барысы. І. Ұйымдастыру кезеңі
А) Амандасу.
ІІ. Үй жұмысын тексеру
Өткен материалды қайталау.
ІІІ. Білімді жетілдіру
Әуезов 1921 жылы «Қорғансыздың күні» деген әңгіме жазады. Бұл оның көркем прозасының басы еді.
«Қорғансыздың күні» әңгімесін оқу.
Толық мазмұнымен танысу.
Кейіпкерлер жүйесін анықтау. Ғазиза бейнесін ашу.
Композициялық талдау жасау.
Тақырыбы:
Идеясы:
IV. Рефлексия не білдім?
Не білгім келеді?
V. Үй тапсырмасы «көксерек» әңгімесін оқу.
VI. Бағалау
11 сынып
Әдебиет
Тақырып. М.Әуезовтың «Еңлік - Кебек» пьесасы
Мақсаты:
Білімділік. М.Әуезовтың «Еңлік - Кебек» пьесасы оқу, мазмұнын ашу.

«Еңлік - Кебек» пьесасын рөлге бөліп оқу.
Еңлік –Кебек кездесуін баяндау.
Абыз кім?
«Еңлік -Кебек» жырымен салыстыру.

Тақырып. М.Әуезовтың «Еңлік - Кебек» пьесадағы драмалық конфликт

Ру арасындағы қақтығыс.
Кебектен кім өш алғысы келді? Себебі неде?
Абыз бейнесі – автордың ой қазығы Абыз толғаныстары – пьесаның идеялық мазмұны. Абыз сарыны, сөйтіп, күллі коллизияның құлақ күйі, яки бұлақ бастауы ғана емес, өнер туындысының өн бойында толассыз тасқындап барып, сарқып құяр чаға да. Демек, шығармадағы шындық шымылдығы Абыз зарымен ашылып, абыз өсиетімен жабылуы жайдан жай емес.
Батыр бәсекеге түссе – жатпен түсер, егессе – жаумен егесер. Ал Есеннің бәсекесі де, егесі де - өзі туған жұрттың өзіндей бір өндір ұлы, қаны бір іні Кебекпен ер дегендер бүйтіп өзара жағаласып, елге сыймағанша, аол елін күні кеше қан қақсатып «Ақтабан-шұбырынды» қылған ата жаумен айқаспас па? Ал Есен болса, батыр десек «белге шықпай ойда айнақшыр бейпіл», азамат десек, «ауыл үйдің тентегі» екен...
Драмалық конфликт қай жерден көрінеді, дәлелдеңдер.
IV. Рефлексия не білдім?
Не білгім келеді?
V. Үй тапсырмасы «Қаракөз» пьесасын оқу.
VI. Бағалау
11 сынып
Әдебиет
Тақырып. М.Әуезовтың «Қарагөз» пьесасы
Мақсаты:
Білімділік. М.Әуезовтың «Қарагөз» пьесасы оқу, мазмұнын ашу.

Жиырмасыншы жылдардағы Әуезов драматургиясында айрықша орны бар тағы бір елеулі туынды – «Қарагөз» трагедиясы.»Қарагөздің» алғашқы нұсқасы сол кездегі тұрпайы социолгизмнің сойылы сияқты «сойып сал» сынына ұшырады. Оның баты себебі «Қарагөздің» прологінде бір қолына қобыз, бр қолына сыбызғы ұстап, сахнаға шыққан «ескі пішінді шал – үлкен ақсақалдың трагедия кейіпкерлері срым мен қарагөз заманын аңсап: «Ол аса бір соққан желдей, алыста сары белдей; Арқаның ақ төсінде ақ айналы көлдей, толықсып аққан селдей ...»» деп аһ ұруы еді.
Мазмұнын сұрау.
Қарагөздің алғаш рет сахнаға қойылған кезінен отыз үш жылдан кейін автор осы шығарманы қайта қарап, идея, көркемдік жағындағы бұрынғы терістік, қателіктерін түзеп, қайтадан жазып шықты. «Қаргөздің» идеялық-тақырыптық негізін осынау соңғы (1959) нұсқасына жазған алғы сөзінде автор былай белгілейді: «жалпы пьеса тақырыбы – беймезгіл заманда жолсыз өмір кешіп, ерте татқан қайғы-зардың уынан қаза тапқан өнерлі жастар жаый.пьесаның идеясы: заптан туған ақындық, қан-қайғыдан ту,ан қаза жеке бастың ғана күй шерінен басталып барып, көп мұңдар, жылаулар күйіндегі азапты ұғынуға беттеген шабытты көрсетпек. Кесір кер заманның қайғы-қасірет қазасынан туған ызалы шабыты, ақындықты бейнелемек.»

Тақырып. Қорытынды сабақ
Мақсаты:
Білімділік. Оқушылардың алған білімдерін тиянақтау.

Ақын-жазушыларға шолу.
Сұрақ-жауап.
1. Шұғаның белгісі повесінің авторы кім?
2. Мырқымбай!Мырқымбай!Мырқымай!
Бай, бай, бай, бай!
Жүрмейсің жай.
Нең бар еді? Әй, құдай-ай!... авторн ата.
3. сол күнне нұр ала алмай,
Басы мұнар бауыр тар..
Гималай асқар неге олай? Үзінді қай шығармадан.
4. Ақан бейнесі қай шығармада суреттеледі.
5. айтыскер ақын ....
6. алғашқы аты «Жұмбақ жалау» боп басылған роман.
7. Шыңғыс тау етегінде дүниеге келген жазушы?
8. Абыз, Есен, Матақ... қай шығармадан.
І.жансүгіровтың бір өлеңін жатқа айт.
Б.Майлиннің қосымша оқыған әңгімесін айта ғой.
IV. Рефлексия не білдім?
Не білгім келеді?
V. Үй тапсырмасы көркем шығарма оқу.
VI. Бағалау
11 сынып
Әдебиет
Тақырып. Мұхтар Әуезов өмірі мен шығармашылығы
Мақсаты:
Білімділік. Мұхтар Әуезовтің өмірі мен шығармашылығы жайлы білімдерін кеңейту.
Дамытушылық. Оқушылардың ой-өрісін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Тәрбиелік. Адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақ типі Жаңа сабақ
Сабақ түрі. Дәстүрлі .
Сабақ әдісі. Сұрақ-жауап, дәріс сабақ
Сабақ формасы.
Сабақ мотивациясы. Портрет.
Сабақтың барысы. І. Ұйымдастыру кезеңі
А) Амандасу.
ІІ. Үй жұмысын тексеру
Өткен материалды қайталау.
ІІІ. Білімді жетілдіру
Жол басы
Қазақ халқының ХХ ғ. Ұлы жазушысы, ғалым, қоғам қайраткері Мұхтар Омарханұлы Әуезов 1897 жылы бұрынғы Семей (қазіргі Шығыс Қазақстан) облысына қарасты Шыңғыстау деген жерде, Абай туған өлкеде дүниеге келген. өз әкесі Омархан да, атасы Әуез де ескіше сауатты кісілер болған екен. Олар Абаймен жақсы сыйластықты қарым-қатынаста болыпты. Білім сапарын ауыл мектебінен бастаған бала Мұхтардың кішкентай кезінен сусындап өскен рухани қазынасының бірі – Абай өлеңдері. «Атам Әуез Абаймен дос еді. Ол кісі біз сияқты немерелеріне ақынның өлеңдерін де, аудармаларын да көп оқытатын. Әсіресе, Абай аудармаларын, Татьяна жанының нәзік сырын, оған Онегин жауабын жаттатқызатын»,- деп қаламгер кейін өз естеліктерінде жазған.
1908 жылы Семейдегі қалалық училищеде, одан соң мұғалімдік семинарияда оқыған шақтарында ол орыс және шетел әдебиетінің туындыларымен молынан танысады. Мұның бәрі оның шығармашылықпен айналысуына үлкен себепші болды.
Болашақ жазушы, ғұлама ғалым Санк-Петербург университетінде (1928 жылы аяқтаған), Ташкенттегі Орта Азия университетінде оқыған. 20-30 жылдары жазушы қаламынан көптеген әңгімелер туған, ал 20 жылдардың аяғына қарай «Қараш-қараш оқиғасы» (1927) және «Қилы заман» (1928) повестері жазылған.
Қаламгердің есімін әлемге мәшһүр еткен ең басты туындысы – «Абай жолы» атты 4 кітаптан тұратын тарихи роман-эпопеясы.
(тақырып, идеяға тоқталып өту)
Қандай бір болмасын көркем шығарманың жазылуына өмір шындығы негіз болады. Жазушы өзін қызықтырған өмір оқиғаларын жан-жақты зерттеп, байыптап барып, шығармасын жазуға отырады. Көркем туындыда қаламгер өмір оқиғаларын, алуан түрлі тағдырларды суреттей отырып, осы арқылы қоғамдағы бір немесе бірнеше әлеуметтік жайларды көтереді. Міне, осындай көркем шығармада жазушы көтерген мәселені тақырып деп атайды. Мәселен, «Қараш-қараш оқиғасы» пвесінің тақырыбы – ескі қазақ аулындағы әлеуметтік теңсіздік мәселесі.
Жазушы шығармада адамдардың тағдырын, күрес-тартысын жайдан-жай бейнелемейді. Адамдар тағдырына, оқиғаның сипатына, шешіміне қатысты өз көзқарас-ойын білдіреді. Яғни жазушы өзі суреттеп, көркем баяндап отырған құбылыстарға бағасын да береді. Бұл бағалау, яғни идея – кейіпкерлер арасындағы тартыстың шешімінен, оқиғаның аяқталуынан танылады. Демек, көркем туындының идеясы дегеніміз – жазушының өзі көтеріп, көркем бейнелеген әлеуметтік мәселелер, адамдар тағдыры арқылы айтпақ ой, танытпақ шындығы.
М.Әуезовтің қандай әңгімелерін білесіңдер?
IV. Рефлексия не білдім?
Не білгім келеді?
V. Үй тапсырмасы. Реферат.
VI. Бағалау
11 сынып
Әдебиет
Тақырып. Мұхтар Әуезов – қазақ әдебиетінің кассигі
Мақсаты:
Білімділік. Мұхтар Әуезовтің өмірі мен шығармашылығы жайлы білімдерін кеңейту. Қазақ әдебеиетін дамытушы жазушыларымыздың бірі екендігін таныту.

Түбірлі мазмұн, тың пішін
Жаңа саты
Баспалдақта (оқып білу)
1. Қаламгердің алғашқы туындыларынан үлкен болашағы байқала ма?
2 Әуезов шығармаларынан өзекті тақырыбын талдап, түсіндіріңдер.
3. Әуезов талантының жан-жақтылығы.
IV. Рефлексия не білдім?
Не білгім келеді?
V. Үй тапсырмасы. Шығармашылын оқу.
VI. Бағалау
Әдебиет
11 сынып
Тақырып: Жамбылдың айтыстағы ақындық шеберлігі

Жамбылдың ақындық қызметінде айтыс елеулі орын алды. Жамбыл өзінің ақындық өнерін көбінесе осы айтыстар үстінде көрсетті. Жамбылдың айтыстағы бір ерекшелігі - өзінің ақындық өнерін тиісті идеялық бағытта пайдалана білгендігі. Ақын айтыста қалың көпшіліктің көңіліне қонымды ел ішіндегі әлеуметтік теңсіздік, әділетсіздік сияқты мәселеллерді қозғайды. Айтыс үстінде хаық атынан сөйлеп халықа арқа сүйеп отыратын.
Ол – айтыс ақыны.
Бөлекқызымен – 1870 жылы
Айкүміспен – 1872 ылы
Бақтыбаймен – 1872 жылы
Сары ақынмен – 1875 жылы
Бөлтірікпен – 1890 жылы
Шыбыл шалмен – 1890 жылы
Сарбас ақынмен -1895 жылы
Құлманбетпен – 1897 жылы
Досмағамбетпен – 1907 жылы
Шашубаймен – 1909 жылы
Ақынның шығармалары деген тақ. Оқу.
IV. Рефлексия не білдім?
Не білгім келеді?
V. Үй тапсырмасы. Бір өлеңін жаттау.
VI. Бағалау
Әдебиет
11 сынып
Тақырып: Әбділда Тәжібаев өмірі мен шығармашылығы
Білімділік. Негізігі білімдерін ұштай отыра, Ә.Тәжібаевтің өмірі мен шығармашылығы жайлы білімдерін кеңейту.
Дамытушылық. Оқушының ой-өрісін, әңгімелеу дағдысын жетілдіре отырып, мәнерлеп, байланыстырып сөйлеуді дамыту.

Сабақ формасы. Дара,
Сабақ мотивациясы..
Сабақтың барысы. І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй жұмысын тексеру
ІІІ. Білімді жетілдіру
Әбділда тудыран шығармаларың жиынын үш айқын салаға бөлуге болады. Оның біріншісі – ұсақ түрдегі сыршыл өлеңдер,. Екіншісі – поэмалар. Үшіншісі саласы – пьесалар болады.
Лирикалық қысқа шығармаларынан бұрын Әбділда жазып жүрген өлеңдерден басқаша шыққан жаңа өрнекті, сырлы, күйлі өлеңі «Сырдариядан» басталады деуге болады.
Жыл санап өне арттырып, жазушының мәдениетіне терең бойлап, қазақ поэзиясына қызықты жемістер беріп келген Әбдіда талантты, өзіндік стилі, өзгешелігі бар күшті ақынның бірі саналады.
Сыр жырлары.
І
Осы менің сырым неткен бақытты!
Тіпті босқа өткізбепті қарттықты,
өзі жастық құндағында жатыпты.
Сырым сенің, Сырым менің – сырласым,
Секілді едің бала күнгі құрдасым,
Ойнаушы едім ағысыңмен алысы,
Алып қашқан әпкешімнің сырғасын.
Сырым менің, Сырым менің – сырласым,
Алғам сенен сырдай терең жыр басын.
Ұшырғансың алатауға мені өзің,
Деп биіктен Әбділдашым шырқасын.
өлеңді мәнерлеп қу.
Мазмұнын ашу.
Туған жерге деген құрмет қалй беріледі.
өлеңнің тақырыбы:
идеясы:
6-7 бөлімдегі ойды ашыңдар.
IV. Рефлексия не білдім?
Не білгім келеді?
V. Үй тапсырмасы. Бір өлеңін жаттау. Реферат жазу.
VI. Бағалау
11 сынып
Әдебиет
Мазмұндама
Мақсаты: Оқушылардың тыңдаған мәтінді мазмұнына жақын, әдемі, сауатты жазуға баулы.
Орфографиялық заңдылықтарға, пунктуациялық нормаларға сай жазу.
Әкемнің әңгімесі
Әкем тоғыз жасымда дүние салды. Осы жасқа жеткенше, тізесіне отырғызып алып, Отырарды жанқиярлықпен қорғау жолында опат болған ер жүрек бабалары жайлы сан мәрте әңгімелегені жадымда нақ бір тасқа басылғандай жазылып қалыпты. Бәлкім, перзентінің көңіліндегі туған жерге деген олқылықты осымен толтырайын дегені шығар.
Кейде анамның: «Тым жас қой. Түсіне қояр ме екен№»-деген күмәнді қарсылығына:
- Жоқ, түсінуге тиіс. Түсінбесе өзіне қиын болады. Тамырын тереңге жібере алмаған дарақтың қашан да ғұмыры келте,-дер еді.
Жер қайысқан қолмен әлемді жаулап алуға ұмтылған Шыңғыс ханның әскері рта Азияның мұнарасы көк тіреген небір әсем шаһарларын бар жоғы бес, он бес күннің ішінде бағындырып жатты. Қарсы келгеннің бәрін ат әмірлері қақпасын өз қолдарымен ашып берісті. Ал Отырар алты ай бойы жауға алдыртпай, жанқиярлықпен қасқайып қарсы тұрады...
Шыңғыс хан «Отырарда еркек кіндік қалмасын» деген бұйрық береді. Қайсар рухты Қайырхан мен өз туған жеріне табан тірей алмаған, Отырардың қақпасын Шыңғыс хан әскерлеріне ашып берген сатықн жыгыттің трагедиясы маған ұстаздық қызмет атқарды. Осы әңгімесі үшін ғана әкем, әкем арқылы Отырар менің мақтанышыма айналды. Кейде көзімді жұмсам болды, тоғыз жасар мені алдына алып, Отырар жанкештілігі туралы әңгіме айтып отырған әкем елестейді. Сезіммен тәрбиелеу-тәрбие атаулының ұлысы.
Әкемнің жастай сүйегімесіңірген тәлімі, оған деген өзімнің де ерекше сезімім мен құрметім мені мүлде басқа арнаға алып шықан болар...
1992 жылы Отырар топырағында жерлестерімнің сұрауымен шығармашылық кешім өтетін болды. Қырық күн шілденің соңы. Аспан айналып жерге түсрдей қапырық. Орталықтан отыз шақырым қашықтықта, аудан шекарасы саналатын елсіз жерде үш мыңға тарта жерлестерім тосып алды. әкемнің көзін көрген қариялыр мен ақ жаулықты кейуаналардың құшағы бірінен соң бірі тартып алып, қапелімде босатар емес. Жергілікті ақындар кезекпе-кезек жыр арнап, иен дала мен биге бөленіп кетті. Үш әжей Отырар топырағын алтын жіппен әдіптеген ақ жібек матаға тұмар етіп орап:
- Құлыным, қайда жүрсең де, туған топырағыңның қасиеті желеп-жебеп жүрсін,-деп мойныма тақты.
Осы өмірімде туған халқымның талай сый-сияпатын көріп, өз елімнен тыс жерлердің де кейбір құрметі сыйлықтарын алған екенмін. Бірақ, ешқайсысы осы туған жер топырағы түйілген тұмардай тебірендірген емес.
(М.Шаханов.)
Жоспар
-
Бабалар жайлы әңгіме.
-
Туған жер туралы толғау.
-
Отырар оқиғасы.
-
Бір уыс топырақ.
Әдебиет
11 сынып
Тақырып: 1916 жылғы көтеріліс жайлы өлең-жыр үлгілері
Мақсаты:
Білімділік. 1916 жылғы көтеріліс жайлы жалпы шолу, сол жылдары жазылға өлең-жырларда талдау.
Дамытушылық. Өз ойларын жүйелі, дәлелді жеткізуге баулу.
Тәрбиелік. Елін, жерін құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақ типі. Білімді жетілдіру
Сабақ түрі. Дәстүрлі
Сабақ әдісі. Сұрақ – жауап, дәлелдеу.
Сабақ формасы. Дара,
Пән аралық байланыс. Тарих.
Сабақ мотивациясы
Сабақтың барысы. І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй жұмысын тексеру
ІІІ. Білімді жетілдіру
1916 жылғы көтеріліске жалпы шолу.
1916 жылғы патша жарлығы.
1916 жылғы көтеріліс жайлы жырлаған ақындарымыздың бірі – Ж.Жабаев.
Жамбыл - өмірімен де, шығармашылығымен де екі ғасырды молынан қаусыра тұтастырып жатқан ұлы жырау.
Болашақ жырау бұрынғы Әулие –Ата жеріндегі Жамбыл тауының етегінде туған. Есімнің Жамбыл аталуы да содан
Ақын жыр, айтыстарының уыттылығы, адамдықты, әділдікті, батырлықты көксеген аңсары, кедейді жақтап, көкірегі азған кесепаттарды ызалы шенеуі сол күйік наладан бастау алып жатқанды.
Патша әмірі тарылды
Қызығыңды көп көрдім,
Қарабастау, Құлансыз.
Күндерімді өткердім,
Сенде жүріп ұзақ жаз.
Көкорайға жайылған,
Секілді едік үйрек, қаз.
Ештеңе жоқ уайымнан
Жүруші едік көңіл мәз.
Патша әмірі тарылды,
Оған қылар бар ма лаж?!
Ішке толған зарымды
Кімге айтармын қылып наз! ....
-
Өлеңді мәнерлеп оқу.
-
Мағынасын ашу.
-
Тақырып, идеясы.
IV. Рефлексия Не білдім ?
Не білгім келеді?
V. Үй тапсырмасы «Зілді бұйрық» өлеңін оқу.
VІ. Бағалау.
Әдебиет
11 сынып
Тақырып: 1930-1960 жылдардағы әдебиет
Мақсаты:
Білімділік. 1930-1960 жылдардағы әдебиет жайлы жалпы шолу, сол жылдары жазылға өлең-жырларға талдау. Еліміздің тарихындағы ірі оқиғалар суреті. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы көрінісі жайлы түсінік беру.

1930-1960 жылдардағы әдебиет

Кеңес дәуіріндегі қазақ Ұлы Отан соғысы
әдебиеті жылдарында
С.Сейфулин, Б.Майлин, Ж.Жабаев, с.Мқанов,
І.Жансүгіров
(жалпы шолу) Ғ.Мүсірепов
Ұы Отан соғысы жылдарындағы поэзия мен позаға тоқталу.
Соғыс кезіңдегі әдебиеттің сипаты
Поэзия, проза
Бейбітшілік тақырыбы
Тарихи тақырып (оқулықтан оқып, ауызша жеткізу.)
Әдебиет
11 сынып
Тақырып: Сыныптан тыс оқыған шығармаларды талдау.
Мақсаты:
Білімділік. Сыныптан тыс оқыған шығармаларды талдау. С.Торайғыровтың «Бір адамға» өлеңі, С.Дөнентаев өлеңдері

Бір үйде жиюлы екен қазына мал,
Көрсетті бәрін бізге ақсақал шал:
«Бұрынғы атамызға сыйға берген,
Біздерде мынадай бар, мынадай бар?..»
Ол рас аталарың шенге алыпты,
Арзан қып, қымбат емес, кемге алыпты.
Апыр-ай, қалай бұлдаған сатқандарын,
Оа, түйме, сылдырмақ теңге алыпты!
Суреттер және көрдім жүзі жарқын,
Ойладым: «Оңдырған-ау, баққан халқын».
Соншама құны толық бұлды түйме,
Артында қалдырмас па жақсы даңқын?...
Өлеңді мәнерлер оқу.
Мазмұнын ашу.
Құрылысына, тіліне талдау.
С.Дөнентаевтың шығармаларын оқу мысал жанрын талдау, үлгі-өнеге алу.
IV. Рефлексия Не білдім ?
Не білгім келеді?
V. Үй тапсырмасы Өлеңді жаттау.
VІ. Бағалау
Әдебиет
11 сынып
Тақырып: М.Дулатов өмірі мен шығармашылығы
Мақсаты:
Білімділік. Оқушылардың негізгі білімдерін ұштай отыра М.Дулатов жайлы білімдерін кеңейту, Міржақыр Дулатов шығармаларын оқуға баулу.
Дамытушылық. Оқушылардың шығармашылық ізденіске баулу; Көркем мәтінмен жұмыс істей білу дағдысын жетілдіру.
Тәрбиелік. Ұлы ақынның еңбектерін оқи отырып, адамгершілік, адалдық, ізгілік, еңбекқор, ғылым, білімді жан-жақты меңгерген көкірегі ояу елін, жерін сүйетін азамат болуға тәрбиелеу. .
Сабақ типі. Жаңа сабақ.
Сабақ түрі. Дәстүрлі
Сабақ әдісі. Іздендіру.
Сабақ формасы. Дара,
Сабақ мотивациясы.
Сабақтың барысы. І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй жұмысын тексеру
ІІІ. Білімді жетілдіру
М.Дулатов 1885 жылы 25қарашада бұрынғы Торғай облысының Жангелдин ауданында дүниеге келген.
Міржақып әуелі ауыл мектебінде оқыған. 1897 жылы Торғай қаласындағы орыс-қазақ мектебіне түсіп, 1902 жылы оны ойдағыдай бітіріп шғады. Алты-жеті жыл бойы ел ішінде, ауыл мектептернде бала оқытады. Мұғалым бола жүріп, өлең жазады.
1907 жылы Петербургт шыққан «Серке» газетінде Міржақыптың «Жастарға» деген өлеңінің басылу сырыда осында. 1909 жылы Уфа қаласында «Оян, қазақ» өлеңдер жинағы басылып шықты.
Қара құс һәм адам (айтыс)
Қара құс:
Жалғанға патша баланған,
Данышпан ізгі саналған,
Аллашыл әділ адамнан,
Қайдан шықты бұл мінез?!
Адам:
Тексеретін сен емес!
Ескеретн мен емес!
Саған адам тең емес,
Маңайымнан жоғал тез!
Қара құс:
Атам менің қара құс,
өзім қырғи бала құс.
Тояттармын болып тұс,
Жемтігіңе келдім кез.
Адам:
Айтқанымды кектесең,
Оқ жалынсын кетпесең!
Сырғыш қанат етпесем...
Адамға серт айтқан сөз!..
Оқып, талқылау.
Өмірі мен шығармашылығына байланысты хронологиялық кесте жасау.
IV. Рефлексия Не білдім ?
Не білгім келеді?
V. Үй тапсырмасы «Оян қазақ» жинағын оқу.
VІ. Бағалау
Әдебиет
11 сынып
Тақырып: М.Дулатов «Оян қазақ» өлеңдер жинағы
Мақсаты:
Білімділік. Оқушылардың негізгі білімдерін ұштай отыра М.Дулатов жайлы білімдерін кеңейту, «Оян қазақ» өлеңдер жинағы жайын түсіндіру.

«Оян, қазақ» деген ұранда қандай ой жатыр. (ортаға салу)
Көзіңді аш, оян, қазақ, көтер басты,
өткізбей қараңғыда бекер жасты.
Жер кетті, дін нашарлап, хал һарам боп,
Азағым, енді жату жарамас-ты.
1909 жылы Уфа қалсында авторға бүкіл орта Азияда ғажап даңқ әкелген «Оян, қазақ!» атты өлең кітабы шығады. Кітап тәркіленіп, ақын қуғынға түсіп Омбы, Қызылжар жаққа кетуге мәжбүр болады.
Қазақ халқының бұрынғы һәм бүгінгі хәлі
Міржақып, неге отырсың қалам тартпай,
Бәйге алмас болғанменен жүйрік шаппай.
Шамаңды кәдәри хәл1 көрсетсеңші,
Байғұс-ау, оянсаңшы қарап жатпай.
Не файда бір орыннан қозғалмайтын,
Тазармас қарасу да жатқан ақпай.
Артықтан тағлым алып, кемге үйретпей,
Жүруің лайық па ғақыл таппай?
Сен неге бой көрсетпей жасқанасың?
Тастаса көзің көрсін халық ұнатпай.
Бұл шақта сөз базары көтеріңкі,
Сынаспай бақытыңды сен де баптай.
Бірде алып, бірде қалып жүрмес пе едің,
Сөзіңді біреу сөгіп, біреу мақтай.
Бой тежеп жүрексіну дұрыс емес,
Шашылған ризықты жүріп татпай.
-
Мәнерлп оқу.
-
Мағынасын ашу. (көтерген мәселесі)
«Елім-ай» өлеңін оқып, талдау.
Ем таба алмай дертіңе мен ертеден,
Сол бір қайғын өзегімді өртеген.
Тырп етпейсің бас көтеріп көрпеден,
Еңсең неге түсті мұнша елім-ай?...
өткен сағым, келер алдын бір мұнар,
қызылшылсың қызарғанға тым құмар.
Сақтан деген сөзді жан жоқ шын ұғар.
Жемге шапқан, қармақ құрса, елім-ай!
Тіліне, құрылысына талдау.
IV. Рефлексия Не білдім ?
Не білгім келеді?
V. Үй тапсырмасы «Елім-ай» өлеңін жаттау.
«бақытсыз Жамал» романды оқу.
VІ. Бағалау
Әдебиет
11 сынып
Тақырып: М.Дулатов «Бақытсыз Жамал» романы
Мақсаты:
Білімділік. Оқушылардың негізгі білімдерін ұштай отыра М.Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» романының тақырып, идеясые ашу.

Сабақ әдісі. Іздендіру. Салыстыру.
Сабақ формасы. Дара,
Сабақ мотивациясы.
Сабақтың барысы. І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй жұмысын тексеру
ІІІ. Білімді жетілдіру
Қазақ прозасында алғашқы жарық көрген роман «Бақытсыз Жамал» романы.
Романға шолу.

IV. Рефлексия Не білдім ?
Не білгім келеді?
V. Үй тапсырмасы
VІ. Бағалау
11 сынып
әдебиет
Тақырып: Мағжан Жұмабаев «Қорқыт» поэмасы
Мақсаты:
Білімділік. М.Жұмабаевтың поэмаларын оқып, талдау. көркемдік ерекшелігін табу.

Тәрбиелік. Адамгершілікке, кішіпейілділікке тәрбиелеу.
Сабақ типі. Білімді жетілдіру
Сабақ түрі. Дәстүрлі
Сабақ әдісі. Сұрақ – жауап,
Сабақ формасы. Дара,
Сабақ мотивациясы
Сабақтың барысы. І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй жұмысын тексеру
ІІІ. Білімді жетілдіру
Прозалық шығармалары «Ақ боз ат»
Поэмалары. Батыр Баян, «Ертегі», «Қорқыт», «Жүсіп хан», «Қойлыбайдың қобызы» т.б
Бүгінгі сабақта қарстыратынымыз «Қорқыт » поэмасы
Торп түрлерін қайталау (эпитет, теңеу, метафора, синекдоха, метонимия)
Алтайға жер жүзінде тау жоқ жеткен,
Алтайға бетегедей алтын біткен.
Бейіштей алтын алтай етегінде,
Ертеде алаш елі мекен еткен.
Ол күндер көз жетпейтін ерте күн ғой,
Ерте күн-ертегідей ерке күн ғой.
Өткен күн – ұстатпайтын сұлу сағым,
Жалғыз-ақ желден жүйрік жетеді ғой.
Өткен күн ертегімен таласқандай,
Уа, дүние, ол күндерде алаш қандай?
Ой-қырдан орғып-қарғып, еріккенде
Алтайда ойнақ салып жүрген аңдай.
IV Рефлексия Не білдім?
Не білгім келеді?
V Үй тапсырмасы оқып, мазмұндау.
VI Бағалау
Әдебиет
9 сынып
Тақырып: Жүсіпбек Аймауытовтің өмірі мен шығармашылығы
Мақсаты:
Білімділік. Жұсіпбек Аймауытовтің әңгіме, пьесаларын қарастыру, танысу. Тақырып, идеясын ашу.

Тәрбиелік. Адамгершілікке, туған жерін сүюге, құрметтеуге
тәрбиелеу.
Сабақ типі. Білімді жетілдіру
Сабақ түрі. Дәстүрлі
Сабақ әдісі. Сұрақ – жауап,
Сабақ формасы. Дара,
Сабақ мотивациясы
Сабақтың барысы. І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй жұмысын тексеру
ІІІ. Білімді жетілдіру
Кесте толтыру.
|
Білемін |
Білгім келеді |
Білдім |
|
Жазушы, ақын, драммтург, Әнші әңгімесі бар. |
|
|
Павлодар облысы, Баянауыл ауданында туған. 15-16 жасында Павлодарға келіп, екі сыныпты орысша-қазақша мектепте оқиды.
1914-1918 жылдары сесейдегі мұғалімдер семинариясын оқып бітіреді. Семейде «Абай» журналын шығаруға қатысады.
Романдары. «Қартқожа» романы алғаш рет 1926 жылы Қызылордада басылады. «Ақбілек» романы 1927-1928 жылы журналда басылған.
Повесі мен әңгімелері. «Күнекейдің жазығы» повесі1928 жылы «Жаңа әдебиет» журналында басылған.
Пьесалары. «Мансапқорлар», «Шернияз»
Хорнологияллық кесте жасау.
Әнші әңгімесі талдау.
Ж.Аймауытов шығармалары Кеңестік дәуірде жарыққа шықпады. Бұған не себеп болды деп ойлайсыңдар?
Ж. Аймауытов қазақ прозасындағы ерекше қолтаңбасы қалған қаламгер. Не себептен Жүсіпбек шығармашылығы туралы ілтипатпен айтылады?
Кесте толықтыру.
Рефлексия Не білдім?
Не білгім келеді?
V Үй тапсырмасы Әңгімені аяқтау.
VI Бағалау.
Әдебиет
9 сынып
Тақырып: С.Торайғыровтың өмірі мен ақындық жолы
Мақсаты:
Білімділік. Оқушылардың негізгі білімдерін ұштай отыра, С.Торайғыров жайлы білімдерін кеңейту.

Ақынның өмірі ұмтылыс пен ізденіске толы болды. С.Торайғыров 1893 жылы 28 қазанда Омбы уезінің, Шағырай болысында, Қарауыл Шабар аулында туған. әкесі Шоқпыт кедей, момын, ақкөңіл адам болған.
1911 жылы Сұлтанмахмұт бір қыс бойы Нұрғали деген мұғалімнен оқиды. (қазақ, татар). Сұлтанмахмұт оқудың мақсатын халыққа пайдалы қызмет ету міндетімен байланыстырады. «Талиптерге» атты өлеңінде ол замандастарына: «Ұйқы басқан миллатыңды көр, соларды оят, ілгері баста, ол үшін өнер-білім үйрен» деп ашық үгіт айтады.
Милаттың кел де бірі, ал жастары,
Қызмет қыл өткір қылыш, алмастары.
Бәріміз қуат қосып, бірге тартсақ,
Анық қой надандыта қалмастары,- деп қорытады.
1913 жылдың күзінде Сұлтанмахмұт Троицкіге қайтады. Онда келіп, «айқап» журналының редакциясына қызметке орналасады. Осы жылы жазған «Айт», «Бір адамға» деген өлеңдерінде Сұлтанмахмұт қоғамдық теңсіздікті бұрынғыдан да гөрі айқынырақ көрсетеді.
Бір үйде жиюлы екен қазына мал,
Көрсетті бәрін бізге ақсақал шал:
«Бұрынғы атамызға сыйға берген,
Біздерде мынадай бар, мынадай бар?..»
Ол рас аталарың шенге алыпты,
Арзан қып, қымбат емес, кемге алыпты.
Апыр-ай, қалай бұлдаған сатқандарын,
Оа, түйме, сылдырмақ теңге алыпты!
Суреттер және көрдім жүзі жарқын,
Ойладым: «Оңдырған-ау, баққан халқын».
Соншама құны толық бұлды түйме,
Артында қалдырмас па жақсы даңқын?...
Рефлексия Не білдім?
Не білгім келеді?
V Үй тапсырмасы Реферат жазу.
VI Бағалау.
Әдебиет
11 сынып
Тақырып: С.Сейфуллин өмірі мен шығармашылығы
Мақсаты:
Білімділік. Оқушылардың негізгі білімдерін ұштай отыра, С.Сейфуллин өмірі мен шығармашылығы жайлы білімдерін кеңейту.

«Желсіз үзілмей келген жиырма жылдық ақын жолы – жеңіл жол емес. Күш-қуат, ой-сезім, істері нәр атаулының барлығын, қуаныш пен күйініш, қиналу мен тебірену араларында, жалындай жанып ортаға салаған жылдар. Бұл жолғ барлық жас қуаты, өмірлік бейнеті, жүрек қаны сарп етілген. Осы күйді, әсіресе, Сәкен басынан мол кешті».
Мұхтар Әуезов
ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінң негізін салушылардың бірі – Сәкен Сейфуллин аз ғана ғұмырында өлмейтін мол мәдени мұра қалдырды.

Рефлексия Не білдім?
Не білгім келеді?
V Үй тапсырмасы Сыр сандық өлеңін оқу.
VI Бағалау.
Әдебиет
11 сынып
Тақырып: С.Сейфуллин «Сыр сандық» өлеңі
Мақсаты:
Білімділік. . С.Сейфуллин «Сыр сандық» өлеңін игерту. Тақырып, идеясын ашу.

Сәкен лирикасындағы жақсы үлгілердің біразын 1926 жылы Қызылордада басылып шыққан «Экспресс» жинағынан табамыз.
Сыр сандық
Өлеңді мәнерллеп оқу.
Шырқ айналар шіркін тауық,
Жемің болса қолыңда,
Қайдағысы сені тауып,
Топырлайды жолыңда.
Досыңмын деп ант береді,
Жем іздеген жанама,
Жем таусылса жалт береді,
Сенерлік дос санама.
Нағыз достар – бір-ақ қалып,
Шындап берік сүйіскен,
Бір-біріне сыр ақтарып,
Сыр түйінін түйіскен...
Тақырыбы: Адалдық пен арамдық, талант пен күншілдік, мансап пен ұждан, достық пен қастандықт жырлайды.
Идеясы: Жаман қасиеттерден аулақ болу, досқа адал болуды дәріптейді.
Талдау. Тіліне талдау.
Ақын қандай тақырыптарды көтерген?
Рефлексия Не білдім?
Не білгім келеді?
V Үй тапсырмасы «Көкшетау» поэмасын оқып келу.
VI Бағалау.
Әдебиет
11 сынып
Тақырып: С.Сейфуллин «Көкшетау» поэмасы
Мақсаты:
Білімділік. . С.Сейфуллин «Көкшетау» поэмасын игерту. Тақырып, идеясын ашу.

Сабақ әдісі. Сұрақ – жауап, Бітібаева технологиясы.
Сабақ формасы. Дара,
Сабақ мотивациясы
Сабақтың барысы. І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй жұмысын тексеру
ІІІ. Білімді жетілдіру
Орамал лақтыру ойыны арқылы поэма мазмұнын тексеру.
Көкшетау
Оқжетпес
Қалмақ қызы Жұмбақтас
Қарақұс пен кептер
Қарақұс, кептер, лашын
Бала кептер
Бала кептер мен сұңқар түнде ұшқан кептер
Кептер мен жапалақтар
Кептер мен лашын
Кептер мен бүркіт
Адақ бүркіт пен аққу, мерген
Адақ мерген
Қыз жұмбағы жұмбақтың шешуі ерік алған қыз бен ханның қолы
Қыз бен керкөжек
Идеясы: ақын зор гуманистік ой айтады, махаббат күші, ғашықтық қуаты, сүйген жарға деген құштарлық әділетсіздікті, қатыгездікті жеңеді деген поэтикалқ салтанат құрады.
Рефлексия Не білдім?
Не білгім келеді?
V Үй тапсырмасы үзінді жаттау.
VI Бағалау.
Әдебиет
11 сынып
Тақырып: Б. Майлин өмірі мен шығармашылығы
Мақсаты:
Білімділік. Оқушылардың негізгі білімдерін ұштай отыра Б.Майлин жайлы білімдерін кеңейту, Б.Майлин шығармаларын оқуға баулу.

Қазақ әдебиетінің ХХ ғасырдағы жаңа дәуірін бастаған «алыптар тобында» ірі ақын, іргелі прозаик және драматург Бейімбет Майлиннің орны өзгеше, бөлек.
Бейімбет жармағамбетұлы Майлин 1894 жылы бұрынғы Торғай облысы, Қосатнай уезі, Дамбар болысындағы Ақтөбе деген жерде туған. Екі жасында әкеден жетім қалған Бейімбет бір байдың сауыншысы боп жүрген анасының қолында тәрбиеленеді.
Ақындығы
«Жырлағаным – кедейдің жыры» оқып, мазмұндау.
«Мырқымбай» өлеңін оқу. Талдау.
Жиынтық кейіпкер екендігін дәлелдеу. Мырқымбай бейнесін сипаттап беріңдер.
? Майлин поэзиясының идеялық-тақырыптық негіздері қандай?
IV. Рефлексия Не білдім ?
Не білгім келеді?
V. Үй тапсырмасы «қара шелек» әңгімесін оқу..
VІ. Бағалау.
Әдебиет
11 сынып
Тақырып: Майлин - драматург

Жазушының 1960-1964 жылдарда қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасынан жарық көрген алты томдығына, «Шұға» мен «жалбырдан» басқа он бі пьеса енгізілген. Бұлардың әрқайсысының көлемі мен мазмұн тереңдігі, көтерген мәселесі мен жазылу тәсілі, соған сйкес жанрлық, сипаты да түрлі-түрлі.
«Неке қияр» пьесасын оқу, ой тұжырымдау.
IV. Рефлексия Не білдім ?
Не білгім келеді?
V. Үй тапсырмасы аяқтау.
VІ. Бағалау.
Әдебиет
11 сынып
Тақырып: І.Жансүгіров өмірі мен еңбегі
Мақсаты:
Білімділік. Оқушылардың негізгі білімдерін ұштай отыра І.Жансұгіров жайлы білімдерін кеңейту, І.Жансұгіров шығармаларын оқуға баулу.

І.Жансүгіров 1894 жылы бұрынғы Қапал уезі, Ақсу болысында (бұрынғы Талдықорған облысы, Ақсу ауданы) туған. Хат танитын, шағатай тілдеріндегі кітаптарды жинайтын, аңыз-ертегілерді, батырлық жырларды, тарихи оқиғаларды, әңгіме+шежірелерді жақсы білетін, көкірегі ояу, көзі қарақты, әр түрлі өнерді ұстаған әңгімеші, домбырашы, ұста, көшелі Жансүгір анасынан ерте қалған Ілиясыты жетімсіретпей, еркелетіп, жақсы үлгі көрсетіп, тәрбиелеп өсіреді.
«Мен өзім тауды туып, тасында өстім»
«Үмітке мініп жүр көңіл» оқып, талдау.
1915-16 жылдарда жазылған Ілиястың алғашқы өлеңдерінде өз заманының көкейкесті әлеуметтік мәселелеріне үн қосу, дәуір қойып отырған ссұрақтарға жауап іздеу сарындары бар.
1917 жылы жазылған «Тілек» өлеңі Ілиясытың кезеңдегі тақырыптық-идеялық ізденістерінің көрнісі.
Сұрақ.
-
І.Жансүгіров поэзиясында ауыз әдебиеті дәстүрлері қандай орын алады?
-
Төңкеріске дейінгі өлеңдерінің тақырыптық, мазмұндық өрісі қандай деңгейде болды?
-
Жеке заттың поэтикалық бейнесін жасаудағы шеберлігін ақынның қай туындысынан байқауға болады?
IV. Рефлексия Не білдім ?
Не білгім келеді?
V. Үй тапсырмасы «Жер таппан жерге жетер Жетісуым» оқу.
VІ. Бағалау
Әдебиет
11 сынып
Тақырып: «Ағынды менің Ақсуым», «Гималай» өлеңдері
Білімділік. Ілияс поэзисындағы мөлдір арнаның бірі – табиғат лирикасы жйлы сөз қозғау, «Ағынды менің Ақсуым», «Гималай» өлеңдерін игерту.

Тәрбиелік. Ұлы ақынның еңбектерін оқи отырып, адамгершілік, адалдық, ізгілік, жан-жақты меңгерген көкірегі ояу елін, жерін сүйетін азамат болуға тәрбиелеу. .
Сабақ типі. Жаңа сабақ.
Сабақ түрі. Дәстүрлі
Сабақ әдісі. түсіндіру, сұрақ-жауап.
Сабақ формасы. Дара,
Сабақ мотивациясы..
Сабақтың барысы. І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй жұмысын тексеру
ІІІ. Білімді жетілдіру
Ілияс поэзиясындағы мөлдір арнаның бірі – табиғат лирикасы. Туған жерін, елінің таутасын, өзен-көлін беріле сүиген патриот ақын қоршаған ортаның ғажап сұлулығынан өз шабытынан нәр алып, сан ауан бояуларды буырқанған ғажап суретер салды.
Ағынды менің Ақсуым,
Арқырап әлі ағасың,
Ақиланған ашумен,
Ақтарды асқар сабасын.
Тас тарпуын, шапшуын
Қарасаң қайран қаласың,
Жалғыз жазғы бір кеште
Жағаладым жағасын.
өлең не жайлы?
1929 жылы «Гималай» өлеңді оқу. Талдау.
7-8 дуынды қара өлең, кезекті ұйқастар араласып отыратын он тармақты он екі шумақтан тұратын өлең «Сұрау» және «Жауап» деген екі бөлімнен құралған.
Бірінші шумақта:
Ақшалап басын қар көміп,
Аспанның төсін арда еміп,
Анасындай алтын күн
Сел жіберіп бір жуып
Жел жіберіп бір желпіп,
әлсін-әлсін нұр сеуіп
есейген асқар Гималай,-
деп табиғаттың ғажап жаратылысы – алып таудың жалпы суреті жасалады да, соңғы жодарда қонтрастылық мағынадағы риторикалық сұрау қойылады.
Шығыс халықтарының ишарат бейнесі – Гималай образын жасау үшін аллегориялық мағынада ала отырпы, өлең тақырыбын дамыта келе, Шығыс елдерінің болашақ дамуына зор үміт, сеніммен қараған саяси лириканың үздік үлгісін тудрды.
IV. Рефлексия Не білдім ?
Не білгім келеді?
V. Үй тапсырмасы . . Ағынды менің Ақсуым» жаттау.
VІ. Бағалау
11 сынып
Әдебиет
Тақырып: Ботакөз – тарихи роман
Мақсаты:
Білімділік. С.Мұқановтың «Ботакөз» романы – тарихи роман екендігін, романдағы тартыс, күрес тақырыбын ашу, Ботакөз бейнесін сомдау.
Дамытушылық. Оқушылардың белсенді ойлау қызметтерін жандандырып, сауатты жазу, оқу дағдыларын жетілдіру.
Тәрбиелік. Оқушылардың адамдық, елжандылық қасиеттерін дамыту.
Сабақ типі Жаңа сабақ
Сабақ түрі. Дәстүрлі емес
Сабақ әдісі. Сұрақ-жауап, дәлелдеу.
Сабақ формасы. Дара, топпен.
Сабақ мотивациясы. Қима кеспелер.
Сабақтың барысы. І. Ұйымдастыру кезеңі
А) Амандасу.
ІІ. Үй жұмысын тексеру
ІІІ. Білімді жетілдіру
Өткен сабақта біз С.Мұқановтың өмірі мен шығармашылығына тоқталған болатынбыз.
Сәбит Мұқанов – қазақ әдебиетінің аса көрнекті қайраткері.
Хронологиялық кестеге назар аударайық.
«Ботакөз» романы композициялық құрылысы жағынан үлкен үш бөліммнен тұрады.
Бірінші бөлім «Тұңғиықта»- ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ қауымын суреттеуге арналған, екінші бөлімі «Таң атарда» қазақ аулында бай мен кедей арасындағы наразылықтың үдей түсуі, әсіресе 1916 жыл оқиғасына байланысты, патшаның маусым жарлығы салдарынан ұлт-азаттық қозғалысының тууы сөз болады, үшінші бөлімі «күн күлімдегенде» - Қазан төңкерісі кезеңін, онан соңғы азамат соғысы жылдарын қамтиды.
Ботакөз романының мазмұнын сұрау.
1 тапсырма.
Қарама-қарсы топ романнан үзінді бойынша 3 сұрақтан дайындау.
С.Мұқанов «Ботакөз» романы
Карточкалар арқылы әр топ қай бағыт бойынша талдайтындығы анықталады.
№1. Тегі, түрі
№2. Тақырып, идеясы
№3. Кейіпкерлер жүйесі. Ботакөз бен Асқар бейнесі
№4. Кейіпкерлер жүйесі. Итбай мен Кулаков бейнесі
№5. Композициялық талдау
№6. Оқырман позициясы
Сабақта жаттығу жасау жадынама
1 кешен
1,2 кезең.
Ойтолғау
Оқу, білім мәселесі жүзеге қалай асты
Рефлексия не білдім?
Не білгім келеді?
Үй тапсырмасы . І деңгей. Роман құрылысын білу. .
ІІ деңгей. Романды көркемдік ерекшелігіне талдау.
ІІІ деңгей. Шығарма: «Ботакөз – тарихи роман»
Бағалау.
11 сынып
Әдебиет
Тақырып. «Абай жолы» эпопеясы

Сабақ әдсі. Сұрақ-жауап, дәріс сабақ
Сабақ формасы. Дара
Сабақ мотивациясы.
Сабақтың барысы. І. Ұйымдастыру кезеңі
А) Амандасу.
ІІ. Үй жұмысын тексеру
Өткен материалды қайталау.
ІІІ. Білімді жетілдіру
Мұхтар Әуезовке біртуар талант ретінде тән қасиет, бәрінен бұрын, таңқалғандай тұтастық дегенбіз. Ол әрі жазушы, әрі ғалым, әрі ұстаз және осында көп қырларының бірде біреуінде осалдық танытқан кісі емес. Халық аузындағы «сегіз қырлы, бір сырлы» деген мықтылықтың өзі осы-ақ шығар.
1950 жылы Мәскеуде басылып шыққан «Абай» романына алғы сөз ретінде Әуезов өзінің өмірбаяның жазды. Сонда автор: «Соңғы жиырма жылды қазақ әдебиетінің классигі Абай жайындағы романға арнадым»,-деді. Демек, ол өзінің бас кітабына отызыншы жылдардың басынан кірісе бастаған. Ал енді осы ұлы шығарманың туу тарихына қарасақ та, әлгі айтылған, Әуезов шығармашылығындағы таңғажайып тұтастықты көреміз.
«Абай жолы» - Әуезовтің бас кітабы.
Мәңгілік кітаптар тарихы да қызық: кітап авторына автор кітабына айналып кетеді. Ел есіне Толстой десе – «Соғыс пен бейбітшілік» түседі.
Сондай-ақ, Әуезов – «Абай», «Абай жолы»... Әуезов: «Абай» және «Абай жолы» романдарын жазу,-деген ол-менің күллі творчестволық тіршілігімдегі түбегейлі әрекетім.
«Абай» романының бірінші кітабы 1942 жылы, екнші кітабы 1947 жылы жарыққа шыққан.
«Абай» романын неше рет қайталап оқысам,-деді Ғабит Мүсірепов,-сонша, әрдайым жаңа бір ой, жаңа бір көркемдік, бұрын оқығанда байқалмай кеткен тереңдік табам».
«Абай жолының» бас кейіпкері – Абай. «Романның бірінші кітабында балғын жас шәкірт Абаймен жарысып ауылға қайтсақ, ақырғы кітабында алпысты алқымдатып қайтыс болған ел ағасы – ақын Абайдың жаназасына қатысамыз. Сонда елу жылдай өмірдің айғағы боламыз. Жарты ғасыр өмір!» (М.Қаратаев).
Тағы бір күрделі ерекшелік – осынау кең құлашты халықтық эпопея бастан-аяқ тартысқа, қарама-қарсы күштердің қым-қиғаш күресіне құрылған және осылардың бәрі диаектикалық қимыл-қозғалыс, өсу-өрбу, өрістеу үстінде көрсетілген.
Мысалы: бәрінен бұрын мұнда жеке адамдар арасындағы психологиялық шиеленістер, қарым-қатынастағы қайшылықтар, әлдінің әлсізге қиянаты, зорлығы, қаныпезерлікке ұласқан қаталдығы (Қодар мен Қамқа оқиғасы); одан өрбіген ру мен ру арасындағы кескілестер – жер дауы, жесір дауы, құн, барымта, алыс-жұлыс, айқастар; осылардың жалпы жұртқа тиген зардабы – түрлі сипаттағы қаналулар, кедейленулер, қаңғып-тнтіреулер, жұтқа ұшыраулар, жатақтардың пайда болуы, қазақ даласына орыс переселендерінің келуі, жарлы-жақыбайлардың өзара ынтымағы, олардың үстемдерге қарсылығы, бұл қарсылықтар үстінде көрінген жалаңтөстер, осы арқылы бірте-бірте ескі мен жаңаның ара жігі ажырап, күрестің жаңаша сипат алуы...Осылардың бәрі қара қылды қақ жарған әділдік пен ақиқат шеңбеінде, тағы да нақты және даму үстінде көрінуі, шын мәніндегі реалист суреткердің айта қалғандай дарын кұшіне, талант қуатына саяды.
«Абай жолы» (орманнан үзіеді) оқу.
І том. Жолда.
Рефлексия не білдім?
Не білгім келеді?
Үй тапсырмасы. Үзіндіні аяғына дейін оқу.
Бағалау
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Жүсіпбек Аймауытов "Қартқожа" романы

шағым қалдыра аласыз