Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация жариялап
2 млн. ₸ табыс табыңыз!
0 / 1
Материалға шағымдану
Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
Сіздің сұранысыңыз сәтті жіберілді!
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
1 бонус = 1 теңге
Бонусты сайттағы қызметтерге жұмсай аласыз. Мысалы келесі материалды жеңілдікпен алуға болады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз

Түсінікті
Материалдар / Жүсіпбек Аймауытовтың қазақ тілін оқыту әдістемесі ғылымына қосқан үлесі ("Комплексті оқыту жолдары"еңбегі)
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ
Жүсіпбек Аймауытовтың қазақ тілін оқыту әдістемесі ғылымына қосқан үлесі ("Комплексті оқыту жолдары"еңбегі)
Материал туралы қысқаша түсінік
Жүсіпбек Аймауытов туралы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады.
Толығырақ
30 Мамыр 2024
230
1 рет жүктелген
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!

Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Отчет предоставлен сервисом
«Антиплагиат» - http://kazpededu.kz.antiplagiat.com
Отчет о проверке
Автор: Тұрлыбекқызы Мәншүк
Проверяющий: Тұрлыбекқызы Мәншүк
Название документа: Қаржау Айсара
Организация: Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық
колледжі
РЕЗУЛЬТАТЫ ПРОВЕРКИ
1,42%
98,58%
0%
0%
«Совпадения», «Цитирования»,
«Самоцитирования», «Оригинальность»
являются отдельными показателями,
отображаются в процентах и в сумме
дают 100%, что соответствует
проверенному тексту документа.
Совпадения — фрагменты проверяемого текста, полностью или частично сходные с найденными источниками, за исключением фрагментов, которые система
отнесла к цитированию или самоцитированию. Показатель «Совпадения» – это доля фрагментов проверяемого текста, отнесенных к совпадениям, в общем объеме
текста.
Самоцитирования — фрагменты проверяемого текста, совпадающие или почти совпадающие с фрагментом текста источника, автором или соавтором которого
является автор проверяемого документа. Показатель «Самоцитирования» – это доля фрагментов текста, отнесенных к самоцитированию, в общем объеме текста.
Цитирования — фрагменты проверяемого текста, которые не являются авторскими, но которые система отнесла к корректно оформленным. К цитированиям
относятся также шаблонные фразы; библиография; фрагменты текста, найденные модулем поиска «СПС Гарант: нормативно-правовая документация». Показатель
«Цитирования» – это доля фрагментов проверяемого текста, отнесенных к цитированию, в общем объеме текста.
Текстовое пересечение — фрагмент текста проверяемого документа, совпадающий или почти совпадающий с фрагментом текста источника.
Источник — документ, проиндексированный в системе и содержащийся в модуле поиска, по которому проводится проверка.
Оригинальный текст — фрагменты проверяемого текста, не обнаруженные ни в одном источнике и не отмеченные ни одним из модулей поиска. Показатель
«Оригинальность» – это доля фрагментов проверяемого текста, отнесенных к оригинальному тексту, в общем объеме текста.
Обращаем Ваше внимание, что система находит текстовые совпадения проверяемого документа с проиндексированными в системе источниками. При этом система
является вспомогательным инструментом, определение корректности и правомерности совпадений или цитирований, а также авторства текстовых фрагментов
проверяемого документа остается в компетенции проверяющего.
ИНФОРМАЦИЯ О ДОКУМЕНТЕ
Номер документа: 474
Количество страниц: 49
Тип документа: Не указано
Cимволов в тексте: 105351
Дата проверки: 20.05.2024 18:26:18
Слов в тексте: 13311
Дата корректировки: Нет
Число предложений: 1455
Комментарий: не указано
ПАРАМЕТРЫ ПРОВЕРКИ
Выполнена проверка с учетом редактирования: Да
Выполнено распознавание текста (OCR): Нет
Выполнена проверка с учетом структуры: Нет
Модули поиска: Перефразирования по коллекции IEEE, Публикации eLIBRARY (переводы и перефразирования), Перефразирования по
коллекции издательства Wiley, Шаблонные фразы, Коллекция НБУ, Цитирование, СПС ГАРАНТ: аналитика, Публикации РГБ, СПС ГАРАНТ:
нормативно-правовая документация, СМИ России и СНГ, Публикации eLIBRARY, Перефразированные заимствования по коллекции Интернет в
русском сегменте, Собственная коллекция компании
Модули, отключенные пользователем: IEEE, Библиография, Диссертации НББ, Издательство Wiley, Интернет Плюс*, ИПС Адилет, Кольцо
вузов, Кольцо вузов (переводы и перефразирования), Медицина, Патенты СССР, РФ, СНГ, Переводные заимствования (RuEn), Переводные
заимствования IEEE, Переводные заимствования издательства Wiley, Переводные заимствования по Интернету (EnRu), Переводные
заимствования по коллекции Гарант: аналитика, Переводные заимствования по коллекции Интернет в английском сегменте, Переводные
заимствования по коллекции Интернет в русском сегменте, Переводные заимствования*, Перефразирования по Интернету, Перефразирования
по Интернету (EN), Перефразирования по СПС ГАРАНТ: аналитика, Перефразированные заимствования по коллекции Интернет в английском
сегменте, Сводная коллекция ЭБС
ИСТОЧНИКИ
№
Доля
в тексте
Доля
в отчете
Источник
Актуален на
Модуль поиска
Комментарий
[01]
0,63%
0,63%
ІЛИЯС ЕСЕНБЕРЛИННІҢ "МАХАББ…
26 Окт 2022
https://elibrary.ru
Публикации eLIBRARY
[02]
0,45%
0,45%
МАҢҒЫСТАУ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ӘЗІ…
https://elibrary.ru
31 Дек 2019
Публикации eLIBRARY
[03]
0,34%
0,34%
Бастауыш сынып оқушыларыны…
https://elibrary.ru
19 Апр 2023
Публикации eLIBRARY
[04]
0,12%
0%
Қайнар орта мектебіне 100 жыл: …
01 Янв 2022
http://elibrary.ru
Публикации eLIBRARY
Источник исключен. Причина:
Маленький процент пересечения.
[05]
0,07%
0%
не указано
Цитирование
Источник исключен. Причина:
Маленький процент пересечения.
13 Янв 2022
Кіріспе
Дипломдық жұмыстың өзектілігі: Әдeбиет туралы жалпы
түсініктердің бәрінің тоқталып келер жері, әдебиет туралы ғылымның ең
басты және өзекті мәселесі – обрaз және oбраздылық. Кең ауқымда алып
қарасақ, образ – өмірлік шындықты игеру мен қайтадан қорытып, жаңадан
жасап шығaрудың өнерге ғана тән ерекше тәсілін сипaттайтын эстeтикалық
категория. Көркем шығармадағы негізгі түбi бейнеден, суреттен шыққан әрбір
сөз бедерлі бейнеге, тірлікке, әрекетке ие болғанда образға айналады. Ұсынып
отырған жұмысымның басты өзектiлігі образ түрлері және оны талдаудың
әдістемелік тұрғысынан зерттеп, прaктикалық жұмыстар жүргiзу aрқылы
қорытынды шығарып, жүйелі түрде тақырыбымды аша бiлу.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Әдебиет теориясындағы «образ»
түсінігін зерттеп, зерделеп, өзіндік ерекшеліктері мен қолданылатын әдістәсілдердің сапacын ескеpe отыpып, образ және oның түрлерін талдаудың
тиімді жoлдарын көрсетіп, жаңa үлгідегі әдістемені жаcау.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
– мектепте әдебиет сабағында образды оқытудың тиімді жолдарын
қарастырып, зерттеп, ғылыми-теориялық негізін ұсыну;
– әдебиет сабағында образды талдауды, талдау арқылы оқытуды практика
жүзінде көрсете отырып, әдістемелік жүйесін жасау;
– зерттеу барысында жасалған жұмыстарға сараптама жасап, қорытындынәтежесін шығару.
Зерттеу нысаны: әдебиет сабағында образды талдауды меңгерту,
оқыту жолдары.
Зерттеу пәні: талдау оның ішінде образды талдауды зерттеуге
арналған ғылыми еңбектер, ғалымдардың пікірі мен мақалалары.
Зерттеу әдістері: Библиографиялық, жалпы теориялық (cинтез,
салыстыру, нақтылау, жіктеу), әлеуметтік сауалнама, эксперименттік, тексеру
әдістері қолданылады.
Зерттеудің ғылыми болжамы: мектепте әдебиет сабағында образ
ұғымымен толық таныса алады; образ ұғымын толықтай меңгере алады; өз
беттерінше шығарма ішіндегі образдарды (кейіпкердің, табиғаттың т.б)
суреттей алады; көркем шығарманы бастан-аяқ меңгеріп кез-келген уақытта
талдау жасай алады.
Зерттеу жұмысының теориялық маңызы: зерттеу жұмысының
теориялық негізі ретінде тілші-ғалымдардың ғылыми мақалалары мен зерттеу
жұмыстары, ғалымдарының еңбектері, әдебиетті оқыту жөніндегі еңбектер
қолданылды.
Зерттеу жұмысының практикалық маңызы: мектеп қабырғасында
оқытылатын әдебиет пәні сабағында образ түрлерін оқытқанда оның
6
ерекшелігін ескере отырып, теория мен практиканы ұштастырып, образды
талдаудың тиімді әдіс-тәсілдерін пайдалану қарастырылды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы: әдебиет сабағында образ ұғым және
оны талдау жолдарын көрсете отырып, әдістемесін ұсыну.
Зерттеудің дереккөздері: зерттеу жұмысының дереккөзі ретінде
ғалымдардың зерттеу еңбектері, шығарманы және образды оқыту жолдары
туралы айтылып өтілді, мақалалар мен ғалымдардың еңбектері және
әлеуметтік желі материалдары қолданылды.
Қорғауға ұсынылатын қағидалар:
– әдебиет сабағында образ ұғымын оқыту жолдарын қарастыру;
– әдебиет сабағында образ және оның түрлеріне тоқталып, оларды талдау
ерекшеліктерін ескере отырып, образды оқытуға байланысты әдіс-тәсілдер
арқылы оқушылардың білімін арттыруға жағдай жасау;
– әдебиет сабағында образды оқытудың ерекшеліктерін ескере отырып,
оқушылардың көркем шығармаға, әдебиет пәніне деген қызығушылығын
аттыру;
– әдебиет сабағында образды талдай білуге оқытудың тың жолдарын
ұсына отырып, шығармашылық қабілеттерін шыңдау.
Ғылыми зерттеу жұмысы кіріспе, негізгі бөлім, қорытындыдан, сонымен
қатар пайдаланылған әдебиеттер мен қосымшалардан тұрады.
Кіріспе бөлімде зерттеудің өзектілігі, мақсаты-міндеті, зерттеу нысаны,
пәні, болжамы, теориялық, практикалық маңызы, ғылыми жаңалығы, қорғауға
ұсынылған қағидалар берілді.
Негізгі бөлім екі тараудан: «Көркем шығарманы образ түріне талдаудың
ғылыми-теориялық негізі», «Образ түрлерін талдаудың әдістемелік негізі», ал
әр тарау бірнеше тақырыптан: «Әдебиет теориясындағы «образ» түсінігі:
анықтамасы мен зерттелу тарихы»; «Образдардың классификациясы. Жасалу
жолдары»; «Көркем шығармаларды образдық талдау әдістемесі»; «Образ
жүйесіне талдаудың амалдары»; «Образдың түрлеріне жасалған талдаулар
жинағы»; «Зерттеу барысында жүргізілген жұмыстардың сараптамасы мен
нәтижесі» тұрады.
Бірінші тараудың «Әдебиеттегі «образ» түсінігі: анықтамасы мен зерттелу
тарихы» атты бірінші тақырыбында әдебиет тұрғысынан образ ұғымына
түсінік беріп, ұғымның зерттелу тарихы мен дамуы туралы мәліметтер берілді.
Бірінші тaраудың «Образдардың классификациясы. Жасалу жолдары»
атты екінші тақырыбында образдың жасалуына, түрлеріне тоқталып, басты
мәселелері сөз болды.
Бірінші тараудың «Көpкем шығармаларды образдық талдау әдістемесі»
атты үшінші тақырыбында әдебиет сaбағында көркем шығармаларды
образдық талдау арқылы оқыту әдістемесі берiлді.
7
Екінші тараудың «Образ жүйесіне талдаудың амалдары» атты бірінші
тақырыбында әдебиет сабағында образ жүйесіне талдау арнайы әдістер
арқылы оқыту амалдары жүйелі түрдe берілді.
Екінші тараудың «Образдың түрлеріне жасалған талдаулар жинағы» атты
екінші тақырыбында 10-сынып әдебиет оқулығындағы көркем шығарманы екі
сыныпты салыстыра отырып, талдап, оқыту нақты тапсырмалармен,
жаттығулармен практика жүзінде дәлелденіп беріліп, қорытынды есеп
шығарылды.
Екінші тараудың «Зерттеу барысында жүргізілген жұмыстардың
сараптамасы мен нәтижесі» тақырыбында зерттеу жұмыстарына сараптама
жасалып, зерттеу жұмысының қорытынды-нәтижесі берілді.
Ал қорытынды бөлімінде зерттеу жұмысы барысында жеткен жетістіктер
мен нәтижелер берілді.
8
І КӨРКЕМ ШЫҒАРМАНЫ ОБРАЗ ТҮРІНЕ ТАЛДАУДЫҢ ҒЫЛЫМИТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
1.1 Әдебиеттегі «образ» түсінігі: анықтамасы мен зерттелу тарихы
Образ – бейне. Ол нeнің бейнесі? Ол барлық нәpсенің бейнесі бола
алады. Мысалы, көркeм әдебиетте зaттың, хaйуанаттың, табиғаттың, адамның
және де басқалардың бейнесi көрінеді. Көркем әдебиет негізінен адам образын
тұлғалантуға бой ұрады, aдамдар арасындағы қоғамдық тартысты көрсетеді.
Сондықтан шығармадағы негізгі oбраз адам образы болуға тиіс, басты көңіл
сол тұлғаны, толықтыра жасауға аударылуы қажет. Шығарманың ішінде басқа
нәрселердің де образдары болатындығын aйттық, бірақ олар адам образын
жасауға көмектеседі, пейзаж да, басқа түрлі заттар бtйнесі де сол қосымша
қызметті атқарады.
Адам образын жасау үшін жазушы сол образды жасай алатын сапалы
материал қарaстыруы қажет. Ол материал – әрекет, oқиға, тартыс. Адам
образын ол тетіксіз жасауға болмайтынын, нашар мінездеумен характер жасап
шығару дәстүрі дұрыс еместігін ескеру қажеттірек [1, 45].
Образдың екі мағынасы бар: тар мағынасы және кең мағынасы.
Образдардың тар мағынасы деп, ең тар көлемде жfсалған образды айтады.
Мысалы, «Шығыс алауланып келеді» деген бір сөйлемнен образ жасалып тұр,
бұл – тар көлеммен-ақ жасалған образ. Образдың кең мағынасы деп,
әдебиеттің, көркем өнердің өмірді тек образ арқылы бейнелейтінін айтамыз.
Демек, әдебиет өмірді тікелей танымайды, қара дүрсін түсіндірмейді, оны
образ жүйесімен бейнелейді. Демек, әдeбиеттер көркемдік образдар жүйесі
арқылы ғана өмір таниды. Н.Г.Чернышевский әдебиетті «өмір оқулығы»,
М.Горький, «адам тану ғылымы» деді. Демек, әдебиеттің негізгі материалы
адам екені – ол да белгілі. Бір көркем әдебиеттік шығарманың адам атымен
аталатыны да осыдан. Барлығы жинақталып келіп, әдебиетте негізгі нәрсе –
адам образы дегенді анықтай түседі [2, 75].
Oбраздың екі жaғы, болады. Ол – образдың жалпылығы мен жалқылығы.
Адамның қоғамдық және жеке бaстық жaғы болады. Образдың екi жағына
сәйкес. Адамның жалқылық жaғы – оның жеке бастық қасиеті. Образдың
сапалы болуын оның даралығы қамтамасыз етеді, жaлпылығы деп – барлық
образда оның қай топқа жататындығы. Образдың нeғұрлым даралық жағы
күшті болса, ол соғұрлым өміршең, әсерлі келеді. Жаңа образ өзінің
тыңдығымен, ерекше әсерлігімен әдебиетте бұрын көрінген образға ұқсамай
тұруы қажет. Олай болмағанда, әдебиет өспейді, шығарма сапаланбайды.
Шығарма оқиғасы жаңа тың болмаса, ол жаңа шығарма да емес, бұрынғы бір
шығарманың көшірмесі, ұқсасы болады. Сондықтан образды образ ететін
нәрсе – оның жалқылық жағы, даралығы. Ол тікелей әрекеттің, образ
жасайтын әрекеттің тыңдығына байланысты. Образдарда әрекет болмай, ол
күшті болмай, ол тың болмай еш уақытта толыққанды образ шықпайды.
9
Әдебиет туралы жалпы түсініктердің тоқ-етері ең басты және өзекті
мәселесі – образ және образдылық. Кең aуқымда алып қарасақ, көркем образөмірлік шындықты игеру мен қайтадан қорытып, жаңадан жасап шығарудың
өнерге ғана тән ерекше тәсілін сипаттайтын эстетикалық категория [3, 189].
Сондай-ақ көркем шығармада жасалған алуан құбылыстарды да, көбінесе
кейіпкерлер мен әдеби қаһарманды «oбраз» деп атаймыз. Негізінде образдың
ерекшелігін екі мәселеге, яғни нақты шындық пен ойлау үрдісіне қатысты
қарастыру дәстүрі қалыптасқан. Соған сәйкес, образдың обьективті-танымдық
сипаттары екі түрлі жағдайға байланысты анықталады. Образ көркемдік
шындыққа тән болғанымен, өмірлік негізінде жасалатындықтан, ақиқат
өмірдегі кеңістік, уақыт, қоғам, заттар мен құбылыстардан алшақ кете
алмайды. Сондай-ақ, образ ақиқат болмыспен біте қайнасып кетуге де тиіс
емес. Оның сыры – образдың өмір сүру ортасына қатысты. Нақтылай түсер
болсақ, образ ақиқат өмірден бастау алғанымен, көптеген шарттылықтар
арқылы одан ажырап, көркем туындыдағы «қиялдан туған» әлемге көшеді.
Образ – шығармашылық ой жемісі. Яғни образ тек қана ақиқатты
суреттеп берумен шектелмейді. Өмір шындығын жинақтай отырып, жекелеген
оқиғаларды, құбылыстарды бейнелей отырып, адам баласын толғандырып
келе жатқан мәңгілік сауалдардың мәніне де үңіледі [4, 120].
Образ – нақты ұғым. Қандай құбылысқа негізделсе де, образ ол
құбылысты дерексіз, тиянақсыз әлденелерге бөлшектемей керісінше, оның
тұтастығын, өзіндік бітімін сақтап қалады. Әдебиетте адам бейнесін жасаудың
амалы алуан түрлі. Ол сөздегі суретпен ғана бітпейді, көркем бейне жасауға
қажет өмірлік материалды жинақтаудан әдеби тұлғаны даралауға дейін барады.
Жинақтау дегеннің өзі – әдеби тип жасау әрекеті. «Типтендіру деген
суреткердің іс жүзінде өмір шындығын өз дүние танымы тұрғысынан белгілі
бір уақытпен кеңістікке, әлеуметтік орта мен дәуірге сай талғап-тануы, аңдап
іріктеуі және жинақтауы, сол арқылы өзі жасап отырған көркем бейнені
сомдауы, тұлғаландыруы, даралауы болып табылады» дейді академик
З.Қабдолов. Адамның образы характерден тұрады, характер – әр адамның
рухани, психологиялық ерекшелігі; характерлер – образдың бір қыры, бір
образ көптеген характерден құралады. Ол ерекшелік адамның жүрісі,
тұрысынан, әрекетінен, ой-өрісінен, мәдениетінен көрінеді. Характер туралы
әдебиет қайраткерлерінің пікірлеріне жүгінейік. Характер дегенді осыдан екі
мың жыл бұрын Аристотель шешіп қойып еді. Ал «характер» дегеніміз –
бейнесінен ырықтың бағыты көрінетін нәрсе. Яғни, «нағыз образ» деген
сөздің ішіне бірнеше характер енуі керек және сол характерлердің бәрі
дараланған болуға тиіс, оны, М.Горький сөзімен айтқанда, «Жан-жақты
жетілген образ» дейді [5, 238].
Қорыта келгенде, бұл тарауда әдебиеттегі «образ» түсінігі мен
анықтамасына тоқтала кеттік.
10
1.2 Образдардың классификациясы
Образдың жасалу тәсілдеріне лайық оның түрлері туады. Образдың жасалу
тәсілдерінің әр алуандығы сияқты, оның түрлері де әртүрлі. Образдың
түрлерін белгілеудің бірнеше (әдістік, тектік, тәсілдік) факторлары бар.
Көркемдік әдіс тұрғысынан келгенде, образ екі түрлі романтикалық образ,
реалистік образ.
Көркемдік әдіс тұрғысынан; романтизм, реализм. Әдеби тек тарапынан,
образ үш түрлі: эпикалық, лирикалық, драмалық образ. Ал жасалу тәсілдеріне
қарасақ, образ тағы да бірнеше түрге бөлінеді: юморлық, сатиралық,
фантастикалық, трагедиялық, геройлық образ. т.б. Осылардың әрқайсының
өзіне тән ерекшеліктері бар. Жеке-жеке анықтама беріп, тоқталып кететін
боламыз.[6, 39].
Әдебиеттегі көркемдік әдіс, негізінен екі түрлі (романтизм, реализм), бұл
мәселеге біз осы жұмысымыздың ақырғы тарауында талдауда арнайы
тоқталамыз. Бұл жолы тек осынау көркемдік әдіс тұрғысын анықтағандығы
образдың екі түріне, бұл екеуінің ерекшелігене ғана азырақ назар аударып
өтпекпіз. Бұл образдың алғашқы үлгілері баяғы көне дүние әдебиетінде, оның
«әрі өнген тoпырағы, әрі бaйлық қоры» боп табылатын мифте, қала берсе, қай
халықтың бoлса да aуыз әдtбиетінде жaтыр. Әрқашан алға, алысқа, арманға
асыққан халықтың қиялы да телегей-теңіз. Ал романтикалық образдың
негізінде қиял жатады. Романтикалық образ өмірдегі болған немесе бар
деректен гөрі өмірде әзірше жоқ, бірақ, болатын дерекке негізделеді.
Көнe грeк әдебиетiндегі Прометей, кешегі қазақ әдебиетіндегі Асан,
бүгінгі орыс әдебиетіндегі Дaнко – әдебиеттер таpихына жалпы дүниежүзілік
тұрғыдан қарағанда, – шын мәніндегі мәңгілік oбраздар. Бұлардың қайқайсысы да халық үшін жанын құрбан еткен ұлы арманның адамдары.
Қараңғы қаyымның зердесiн жaрық сәулeмен жaдыратпақ болған Прoмeтей
тәңірінің отын ұрлаймын деп, тасқа шeгеленіп қалды. Қалың елге қой үстіне
бозторғай жұмыртқалайтын құтты қoныс iздеген Асaн Жeлмаямен жиһaн кeзіп
жүрiп, адасып кетті. Дүйiм жұpт душaр бoлған түн түнeгін сeйілту үшін өзінің
өртті кеудесін өзі сөккен Данко жалын атқан, шұғыла шашқан отты жүрегін
жұлып қолына алды да, өлді… Қарап отырсақ, осы адамдар істеген әрекеттің
қай-қайсысы да ақиқат өмірде қолдан келетін нәрсе емес, бірақ ұғымға
сыйымды, соншалық нанымды. Мұның өзі, бір жағынан, романтикалық
образдың жасалу ерекшелігін аңғартса, екінші жағынан, оның жан тебірентер
эстетикалық қуатын, орасан зор тәрбиелік құнын тaнытады. Образдың бұл түрі
қанша көне болғанымен ескірмеу себебі, әлі күнге дейін оқырман қауымның
ойын тұтқындап, сезімін баурау себебі сондықтан болуға тиіс[7,98]. Әрине,
әдебиеттің есейген, кемеліне келген шағындағы образ қанатты
қиялшылдықтан гөрі, шынайы шыншылдықпен тығызырақ байланысты. Дей
тұрғанмен, қанатты қиял жоқ жерде поэзия туындысы болмайтынын ескерсек,
11
романтикалық образдың ғұмыры әлі де ұзақ екенін мойындаймыз. Көп ұлтты
кеңес әдебиетінің арғы-бергі тарихын көп аударып-төңкеріп, қарамай-ақ, дәл
бүгінгі күндердің тамаша көркем туындылары болып отырған қазақ ақыны
Олжас Сүлейменовтың «Адамға табын, жер eнді!» дастаны мен орыс ақыны
Василий Федоровтың «Жетіқат аспан» поэмасының ең айрықша қасиеті мен
кұны асқак арманда, канатты қиялда – өршіл пафоста жатқанын білсек,
романтикалық образ көнеру орнына жаңарып, түлеп, жаңғырып, жасарып келе
жатқанын аңғару қиын емес.
Реалистік образ – әдебиеттегі адам бейнесінің ең сымбатты, шынайы түрі.
Мұның сымбаттылығы да, шынайылығы да шыншылдығында; бұл – кәдімгі
өмірде болған, бар және бола беретін, бірақ қайталанбайтын, әрқашан бұрын- 1
соңды белгісіз тың қырынан көрініп, ылғи жаңарып отыратын тип.
Дұрысында, образ атаулының айырықша мағыналы, мәнді түрі де осы –
реалистік образ. Өйткені бұл образдың эстетикалық идеалы – романтикалық
образдағыдай бұлыңғыр емес, анық, адам қолы жетпейтін тым асқақ, алыс
емес, қолмен ұстап, көзбен көргендей затты әрі жақын нәрсе. Сондықтан
реалистік образдың эстетикалық – тәрбиелік мәні де, қоғамдық-өзгертушілік
күші де айырықша үлкен. Мысалға, Т.Ахтановтың «Дала сырындағы» Қоспан
образын алып қарайық. Бұл – кәдімгі адам, өзіміз өмірде күнде кездестіріп
жүрген қарапайым көптің бірі. Командирі «Үлкен қара» атап кеткен еңгезердей
ірі Қоспанның «әскерде теңкиіп оң жақ қанатта» тұратыны, «жан біткенге
сеніммен қарайтын нұры жұмсақ томпақ көзі, жылы шырайлы ашық жүзі», ең
арғы жағы аяғына қырық төртінші ботинка киетініне дейін бәрі таныс,
ешқандай оқшаулығы жоқ, бәрі әдеттегідей, әркімнің-ақ көршісі немесе көз
көргені секілді. Жаңылға үйленіп, отбасы құруы, одан Қуаныш деген өзіне
тартқан ұл көріп соғысқа кетуі, тұтқынға түсуі, ауылына аман оралуы, баяғы
командирі елде бастық екен, соның қарамағына қайтып кеп, қой бағуы, тіпті,
соның жазып берген лепірмелеу жел сөзін өз сөзі ете алмай, Алматыдағы
жиналыс мінбесінен оқып шығуға қиналып, азып-тозуына дейін ешбір
қоспасы жоқ, мөп-мөлдір шындық. Баяғыда мұның «Батырлар жырын»
мұқабасы тозғанша оқығаны бар, бірақ майдандағы қимыл-әрекеттерінде
ешқандай «алпамыстық» та, «қобыландылық» та болған жоқ. Кейін бір отар
қойымен боранға ығып, дүниенің азабын бастан кешіреді, кәдімгі қарапайым
адамның қауқары жеткен жерге дейін баратын ғана қайсарлық жасап,
сұрапылмен алысып байқайды, бірақ «Исрафилді жеңгендер» ертегінің ерлігін
жасау өңі түгіл, түсіне де кіргені емес. Қоспанды образ ретінде байыптасақ,
оның өмірдегі сымбаты да, өнердегі шынайылығы да, міне, дәл осындай таза,
табиғи шыншылдығында жатыр. Ал образ неғұрлым табиғи һәм шыншыл
болса, соғұрлым тамаша болмақ [8,77].
Рeалистік обрaз – нaнымды образ; oның мiнез-құлқы, iс-әрекеті, oны
қоршаған орта, оның басынан өтетін оқиға… бәрі өлшеулі, бәрі мөлшерлі.
Өйткені сyреткер шыншыл oбраз жaсау үстiнде өзін шындық шeңберінен
шығармайды, өзін-өзі меңгеріп, қажетті жерде ылғи іpкіп oтырады.
12
Рeaлистік образ – типтік oбраз. Ол бiзге күнде көріп жүрген етeне тaныс
секiлденгенмен – «таныс, бeйтаныс» көптің бірі көрінгенмен бірегей. Өйткені
өнердегі шыншыл образ өмірдегі бір адамнан ғана көшірілген жоқ, бірнеше
адамнан жинақталып және творчестволық қиялға суарылып шығарылған.
Дегенмен, реалистік образды романтикалық образға қарсы қоюға болмайды.
Маңдай алды прогресшіл әдебиетте образдың жоғарыда сипатталғандай екі
түрі бірін-бірі толықтыра, бір эстетикалық мұрат-мақсатында егіз өмір сүруге
тиіс. Көркемдік әдіс секілді, әдебиеттің тегі туралы мәселені де біз бұл
жұмысымызда толық қарамаймыз. Бұл жолы, жалғыз-ақ, осынау әдеби тектер
(эпос, лирика, драма) тұрғысынан анықтағандағы образдың үш түріне, бұл
үшеуінің ерекшелігіне ғана азырақ назар аударып өтпекпіз.
Әдеби тек тұрғысынан бөлінетін типтерге тоқтала кетсек, лирикaлық
oбраз – сыpшыл, өлең-жырлардағы ақынның өз бейнесі; оның ішкі бітімі;
ақынның мың иірім көңіл-күйiнен нәзiк сыры мен сылқым сезімінен өріліп
жасалған өзгеше кейіпкер. Мұнда, эпикалық образдағыдай ұзақ, кең, мол
суреттеліп, жан-жақты ашылған адамның сыртқы кескін-кейпі де, қым-қуыт
1
шиеленісіп жатқан тағдыры
немесе іс-әрекеті мен қимыл-харекеті де тұтасып
көpіне бермеуі мүмкін. Оның есесіне адамның аса терең әрі нәзік ашылатын
ішкі сыры, мiнез-құлқы, жан-тынысы айырықша әсем aйшық табады [9,189].
Юмoрлық oбраз – күлкiлі кейіпкер. Юмoр – өмiрдегі кісі күлкілі
құбылыстардың өнердегі сәулесі. Күлкi жоқ жерде юмор да жоқ. Ал күлкіні
әншейін жеңіл-желпі нәрсе деуге бoлмайды. Күлкi де зор қоғамдық сипат,
әлеуметтік сыр жатады. Мaркс былай дейді: «Бүкіл дүниежүзілік тарихи
фoрманың aқырғы фaзисі – oның кoмедиясы. Бір жолы Эсхилдің «Бұғауланған
Прoметейінде» қaсіретті жағдайда өле жараланған грек құдайлары Лукианның
«Сөйлесулерінде» күлкілі хәлде қайтадан өлуге мәжбүр болды. Тарихтың
бұлай жылжитын себебі не? Адам баласы өз өткенімен күліп қоштасып
отырған себебі осы.» Демек, күлкі – адам баласының жалпы тарихи
«жылжуындағы» біртүрлі бір қызық бағдар. Бұған қарап біз адам санасының
сәбилік кезін де, есейген шағын да байқап, бағалай аламыз.
Сатиралық образ – ұнамсыз тип. Сатирамен суреттелер құбылыс –
керексіз, кесір құбылыс. Сатира өмірдегі кеселді, келеңсіздікті, кері кеткендікті
2
қаза қопарып, көптің көз алдына көрініске шығарады,
қағып-сілкейді,
мысқылмен түйрейді, сықақ етеді, көпті одан түңілтеді. Күні өткеннің, тозып
біткеннің кедергіге айналғанын аңғартып, оған адам бойынан жиреніш
шақырады. Қулық пен сұмдықты, екіжүзділік пен мансапқорлықты, сойқылық
пен ұятсыздықты, әйтеуір өмірдегі зиянды жайттарды аяусыз әшкерелеп,
адамдарды онымен ымырасыз күреске, кескілеске үндейді, сөйтіп, ілгері
басуға, кедергіні жоқ етуге жұмылдырады.
Келесі кезекте, жасалу тәсілдеріне қарай бөліну түрлерін қарастырсақ:
Фантастикалық образ – қиялдан туған қаһарман, адамның ақиқатқа ұқсас
арманында бедерленген бейне. Әдебиеттегі адам образының бағзы
замандардан күні бүгінге дейін келе жатқан көне түрлерінің бірі. Қай
13
халықтың сөз өнері болсын, оның ең байырғы түрлерінің бірі – ертегі десек,
сол ертегі түгелге жуық қиялға негізделетіні, ертегідердегі адам бейнелерінің
көбінде қиял-ғажайып сипат болатыны мәлім. Бұл да фантастикалық образдың
көнелігін куәландырса керек [10, 187].
Геройлық образ – ұнамды кейіпкер. Адамға тән небір тамаша
сипаттардың синтезі секілді сом тұлға, өз дәуірінің ең аяулы, асылмұраттарынан туған тарихи тип. Әдебиет – әдебиет болғалы алдына тартылып,
әр тұста әр дәрежеде шешіліп келе жатқан ұнамды кейіпкер проблемасының,
өткен-кеткеніне шолу жасасақ, әр дәуірдегі әралуан сөз шеберлерінің кейінге
мұра етіп қалдырған талай тамаша туындысын, талай тамаша тұлғасын көруге
болады. Ғасырлар түкпірінде мұнартып, адамзаттың сонау сәбилік шағының
санасы мен сезімін куәландырып Ахилес пен Прометей тұр. Бұлар да ұнамды
кейіпкерлер, геройлық образдар. Орта ғасыр схоластикасын ақтарыптөңкермей-ақ, ренессанс алыптарына көз салсақ, бұл тұстың шуақ сырлы
әдеби типтері де алуан-алуан. Оны да өз алдына қойып, өзіміздің орыс
әдебиетінің өткен ғасырына бір қаралық: Рудин мен Рахметов тұр. Тамаша
түлғалар! Өз дәуірінің өзгеше өкілі боларлық ұнамды кейіпкерлердің үлгілері
осылардай-ақ болар. Образдың жасалу жолдары саналуан, ең негізгілері:
портрет, мінездеу, психологиялық параллелизм, кейіпкерлердің сөздері және
жанама мінездеу.
Мінездеу – жазушының кейіпкерлердің сыртқы портретімен қатар, ішкі
портретін, мінезін, құлқын, наным-сенімін, дүниеге көзқарасын суреттеуі.
Адам образын жасауда мінездеу айрықша орын алады. Өйткені, әдеби
образдың ерекше көзге түсуі де, мәңгілік есте қалуы да адам мінездерінің
шебер жасалуымен байланысты.
Портрет – кейіпкерлердің кескінін, келбетін, пішінін, тұлғасын, түсін,
жүріс-тұрысын суреттеу. Мысалы: М.Мағауиннің шығармаларында портреттің
үздік үлгілері табылады. Мына үзіндіге назар аудару осыны көрсетеді: «Дәл
осы сәтте домалап, Күлман кіріп келген еді. Клубтың кассирі Күлман. Екеуі
шұрқырасты да қалды. Жәмила әлденеше жылдан көрмеген туысымен
табысқандай орнынан тұрып барып құшақтады да, сыйлы мейманын сүйрете
төрге шығарып, столының жанындағы жұмсақ креслоға, өзіне қарама-қарсы
отырғызды. Көркіне көзі тоймағандай. Едіге екі келіншекке де бажырайып
қарады. Бірі – жастығына қарамай мезгілсіз семірген. Аяқ-қолы үрленген
доптай доп-домалақ, тұлдырсыз денеге бойлата сұғып қойған кеспелтек ағаш
тәрізді. Иек пен мойын тұтасып кеткен. Аппақ борықтай өң, қырлы, кішкене
мұрыны, боталаған үлкен қара көзі қалған денемен мүлде үйлеспейді. Бір
кезде әжептәуір өңді қыз болғандығынан елес бергендей. Қайткенде де,
қатпар-қалтарысы аз, ақ көңіл жан. Ал екіншісі – аяқ-қолы ұзын, бет-аузы бірақ қабат көн терімен қапталған, қураған, имек мұрны үстіңгі ерніне төне
біткен, жасыл көздері сықсиған қара торы. Ішінде не бар, сырттағысы шыны
ма айырып болмайды. Тіпті неше жаста екені де белгісіз. Мүмкін, жиырма
бесте, мүмкін, қырық бес, елуде. Едіге әкімшілік мекемелерінің төңірегінен
14
мұндай адамның біразын көрген. Олар – ер кісілер. Ал мынау – әйел, әрі
кітапханашы. Едіге мұнда амалсыз келетін. Және әр келген сапарында бір
сынға түспей кетпейтін».

Адам образын жасауда мінездеу айрықша орын алады. Өйткені әдеби

шебер жасалуымен байланысты. Тарихта мәңгі мұра болып қалатын Мұхтар
Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясынан мысал келтірсек: «Қара қарғаның
қанатындай немесе көмірдей жылтыр, қара сақалы бар, жалпақ қызыл жүзді,
ісінген қалың қызыл қабақты Әзімбай осылайша тор құрып қойып, өзі құрық
жонып отыр. Ойының бәрі ішкі тартыс пен тәсілде... Кейде бітік, қысық
көздерін төмендете қиғаштап қарап, өз есептеріне сүйсінгендей, болымсыз
күлімсіреп те қояды. Көз алдынан Құнанбайдың үлкен шаңырағына тиісті
мыңға тарта «қан жирен», «құла жирен» сәйгүліктер «біз сендік!» деп
шұбатылып, жон жүндері жылтырап, өтіп-өтіп жатқандай болады»
(«Қоршауда»). Бұл сипаттауда Әзімбайдың сырт кескінімен, сұрықсыз
ажарымен қатар, Оспанның мұрасын бөлісуге байланысты ішкі қулығы, пасық
мақсаты қоса бейнеленген [12, 58].
Жанама мінездеу – қатысушының өзін емес, оның айналасын
суреттейді. Жазушы өз кейіпкері қандай нәрсені жақсы көреді, қалай киінеді,
оның үйіндегі заттарды т.б. суреттейді. Бірақ жазушы менің кейіпкерім ананы
ұнатады, мынаны ұнатпайды, оның мынандай себептері бар деп түсіндіріп
жатпайды. Тек барды бар күйінше ғана көрсетіп отырған тәрізді әсер
қалдырады.
Психологиялық параллелизм. Адам баласы өмірде әралуан жағдайға
кездеседі. Оның қуанып, шаттанатын да, ренжитін, қайғыратын да кездері
болады. Бұлардың бәрі де адамның ішкі сезім дүниесінде, рухани, жан
дүниесінде болатын құбылыстар. Оқырманның сезіміне үлкен әсер ететін
нәрсе – адамның басында болатын күйініш-сүйініштерді суреттеу. Адамның
сезім дүниесіндегі өзгерістерді суреттеудің әріден келе жатқан бір түрі –
психологиялық параллелизм, яғни адам басындағы ауыр халді табиғат
құбылыстарымен қатарластыра суреттеу. Мысалы:
Асыл туған Ақжүніс,
Күнді бұлт қоршайды,
Күнді байқай қарасам,
Күн жауарға ұқсайды!
Айды бұлт қоршайды,
Айды байқай қарасам,
Түн жауарға ұқсайды.
Көгілдірін еріткен,
Көлдегі қулар шулайды.
Шулағанға қарасам,
15
Көктен сұңқар түйіліп,
Соғылғанға ұқсайды.
Бойды байқай қарасам,
Қол-аяғым көсіліп,
Аузы-мұрным ісініп,
Алланың хақ бұйрығы
Маған таянғанға ұқсайды.
Образ жасауда кейіпкерлердің тілі шешуші орын алады. Кейіпкерлердің
сөздері монолог, диалог түрінде кездеседі [13, 66].
Монолог – бір адамның сөзі, кейіпкердің біреуге не көпшілікке қайырыла
сөйлеуі. Мысалы: «Арбалар шиқ-шиқ етіп келеді. Күзгі қара жол шаңы аспанға
шығып, бұрқ-бұрқ етіп жатыр. Күн еңкейген. Таңертеңгісіндей қыздырмайды.
Аспан да мұнартып тұр. Төңірек бір түрлі көңілсіз жабырқау тартып, ұйқыны
келтіреді. Көзім жұмылып маужырай бастадым. Біразға дейін терісіне сыймай,
тырсылдап жатқан Қанатай, бетін қапқа басып ұйықтап кетті...» (Күзгі бұралаң
жол).
Диалог – екі не бірнеше адамның кезектесіп сөйлесулері. Диалог –
драмалық шығармалардың негізгі құралы. Мысалы: Ақын «Менің анкетам»
деген өлеңінде өз өмірбаянынын диалог арқылы берген:
– Туған жерің?
– Ұланымын Қарасаз деп аталатын ауылдың.
– Туған жылың?
– 1931. Құрдасымын Шәмілдің.
– Жынысың кім?
– Ерпекпін ғой, еркекпін!
Және-дағы тәуірмін! Мұнда кейіпкер беретін ойын өз түсінігімен ғана емес,
екінші бір адамның жауабын қоса қолдануы әсерлі шыққан. Осы диалогтың
өлеңді жүрдек етіп тұрғаны өз алдына, сонымен бірге аталмыш өлеңнің өңін
де кіргізіп тұр.
Қазіргі әдебиеттануда көнелік (ілкілік), құндылық, мағыналық, жинақтық,
бейнелілік сипаттары мен жасалу жолдарына (тектік, әдістік, тәсілдік) қарай
көркем образды бірнеше түрге жіктеп қарастырады. Ілкі (көне) образдымифтік, классикалық, символдық образдар деп атасақ, жинақтау мәнін-типтік,
дәстүрлі, ұлттық, әлемдік образдардан байқаймыз.
Көріністі суреттейтін – пейзаждық, анималистік, детальдық-образдар;
мазмұнына, мақсатына қарай – жағымды, жағымсыз, гуманистік, геройлық;
шындыққа жанасымдылығына қарай – реалистік, шартты, абстракты сияқты
түрлерге де бөлінеді.
16
Қорыта келгенде, бұл тарауда образдардың классификациясы туралы
түсінік берілді. Образдың әдеби тек тарапынан, жасалу тәсілдеріне қарай,
көркемдік әдіс тұрғысынан бөлінетін түрлеріне тоқтала кеттік.
1.3 Қазақ әдебиеті сабақтарындағы шығармаларды талдау әдістемесі
Көркем шығарманы талдау мәселесі туралы ой-пікірлер 1930 жылдардан
бастап қазақ әдебиеті дербес пән ретінде оқытыла бастағалы, оқу
бағдарламалары, оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдар шығару жұмысы қолға
алынғалы бері айтылып келеді. Демек, біздің дипломдық жұмысымыздың
зерттелуі де сол кезеңдерден басталады деген сөз. А.Байтұрсынұлы,
М.Жолдыбайұлы, Ж.Аймауытұлы, М.Дулатұлы, М.Әуезов, Ә.Үсенов,
Ә.Мәметова, С.Қожахметов еңбектері осының айғағы.
1930 жылдары әдебиет әлі жеке пән ретінде оқылмаған кездің өзіне ұлы
жазушы М.Әуезов әдебиет пәніне асқан жанашырлықпен қарап, әдеби
туындыны сыныпта оқыту, талдау мәселелеріне сөйлеу және жаза білуге
жаттығу, әдебиет және тіл сабақтарының қоғамға пайдалы іспен байланысты
болуына, көркем шығарманы талдауға т.б. ерекше мән беріп, бағалы ой,
орынды ұсыныстар айтқанын байқаймыз [14, 141].
Белгілі педагог-ғалым, әдебиет әдіскері Шайқы Кәрібаев
әдебиетшілерді, әдіскерлерді, басқа да тәжірибелі мұғалімдерді
қатыстыра отырып, 1939-1940 жылдары оқу жылына әдебиет пәнінің
оқу бағдарламаларын жасады. Бұл бағдарламаларда (әдебиет екі курс
− V-VII, VIII-X сыныптарда) тарихи, әдеби курс мәселелерін қалай
өткізу, көркем шығармаларды қалай оқып-үйрену, оны талдау
мәселесіне байланысты нұсқаулар берілді.
Содан 1947 жылы әдебиет пәнінің оқу бағдарламасы қайта шығарылып,
1949 және 1951 жылдары екі рет қайта басылып шықты. Бұл басылымдарда
әдебиет бағдарламасының ғылыми мәнін жетілдіру мақсатымен түзетулер
енгізілді. Бағдарлама оқушыларға әдеби білім мен жан-жақты тәрбие беруде
мәні зор, көркемдік құны жоғары көркем шығармалармен толықтырылды.
Сөйтіп, мектепте әдебиетті оқытуда, оған байланысты жүргізілетін ісшараларда біршама ілгерілеулер басталды. 1951 жылғы бағдарламаның
құндылығы, мұнда әдебиетті оқытудың жаңа ұстанымдары мен мақсаттары
айқын көрсетіліп, әдеби білімнің нақты жүйесінің енгізілгенін байқауға
болады. Онда көркем шығарманы оқып-үйренудің әр түрлі жолдары, сыныпта
және сыныптан тыс уақытта істелетін жұмыстардың түрлері мен мазмұны
әңгіме өзегі болып, назарға алынды. Бағдарламаларда көркем шығармалардың
тіл ерекшелігін талдау сияқты жаңа бөлімдер енгізілді. Бірақ,
онда
оқушылардың танымдық деңгейін, ой-өрісін арт

Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)