Материалдар / Жүсіпбек Шайхисламұлы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жүсіпбек Шайхисламұлы

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал ішіндегі ақпарат әдебиетшілер үшін тың ақпарат.
Авторы:
17 Желтоқсан 2023
335
3 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті





РЕФЕРАТ




Тақырыбы: Жүсіпбек Шайхисламұлы өмірі мен шығармашылығы.



Орындаған: Маратова Раушан Серікқызы

Тобы: ҚТӘ-31

Тексерген: Шайекенов Жангелді Жұмақайұлы















Орал-2022.


Жүсіпбек Шайхисламұлы қазіргі Жамбыл  облысының Сарысу ауданының аумағында дүниеге келген. Бұл тұжырымға ақынның 1896 жылы М.Чиркова мұрагерлерінің баспаханасында басылым көрген «Қисса-и Айман-Шолпан» жырының аяқтамасындағы:

«Арқада Сарысуда туған жерім,

Сартау құмда, Сары үйсін тұрған жерім.

Шәһарлы орта деседі дуанымыз,

Семирешин ескі облыс жүрген жерім», 

деген өлең жолдары айғақты дәлел болады.

Кейінгі жылдардағы зерттеулерде ақынның туған жері мен ғұмырнамалық даталарына  байланысты керағар тұжырымдар айтылып келеді. Бұл орайда Жүсіпбек туралы соңғы жылдары зерттеу жүргізген профессор С.Дәуітұлы мәліметтеріне жүгінсек, ол 1854 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Қызылқұм ауданы, Қожатоғай аулында туып,  1936 жылы Шыңжаң өлкесі, Іле облысы, Аттың тауы деп аталатын жерде қайтыс болған. Сондай-ақ Н.Катанов пен М.Ғұмарова зерттеулерінде, «Қазақ қолжазбаларының ғылыми сипаттамасы»  мен «Қазақ совет энцклопедиясында»  ғұмырнамасына байланысты 1857-1936 жылдар аралығы көрсетіліп, Жетісуда туғаны айтылса, «Қазақ ақындарының антологиясында»   С.Дәуітұлы даталары  қайталанған.

Енді Шыңжаң өлкесінде басылған «Үш жүзік» жинағындағы деректерге сүйенсек: «Ол Әулие ата маңында туған. Кейін қазіргі Іле қазақ автономиялы облысының Текес ауданына қоныс аударып келіп, сонда мекендеген. Марқұмның мүрдесі қазіргі Іле Қазақ облысына қарасты Текес ауданы, Шиліөзек аулының оңтүстік жағындағы жатағандау төбенің басында тұр. Зираттың басына …тас қойылып, оған араб әрпімен “Қазақтың ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы, бастырып таратушы, насихаттаушы әйгілі ақын Жүсіпбек қожа Шайхисламұлы [1857-1937]», – деген жазу ойылған.

Бұл мәліметке қарағанда, ақын аруағын сыйлап, құлпы тас қойған ұрпақтарының, туған туыстары мен ауылдастарының шындықтан ауытқи қоймағаны анық. Сондықтан ендігі жерде әдебиет тарихын зерттеушілерге соңғы дерекке тоқталған орынды сияқты.

Жүсіпбек алғашында ауыл молдасынан сауаттанып, кейін Әулиеата медресесінде білімін толықтырады. Осы білім ошағында араб, парсы тілдерін меңгеріп, шағатай жазуына машықтанады. Оқудан кейін дін қызметіне қызықпай, ақындық, серілік жолға түсіп, қазақтың сайын даласын шарлауға бел буады. Сыр сүлейлері, Сарыарқа мен Жетісудың әйгілі ақын-жыршыларымен жүздесіп, халықтың рухани мұраларын жиыстырумен шұғылданады. Шығыстың классикалық әдебиетін оқып  үйреніп, Фердауси, Хафиз, Низами, Жәми, Физули, Науаи жырларымен жете танысады.



Жүсіпбекқожа Шайхисламұлының Қытай Халық Республикасы,Текес ауданындағы Шилі өзек атты жердегі қабырына: «Қазақтың ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы,бастырып таратушы, насихаттаушы әйгілі ақын – Жүсіпбек Шайхисламұлы 1937-1857» деп жазылған.

Дей тұрғанмен 2001-жылғы «Ақихат» журналының 4-санында «Жүсіпбектің Қытайдағы жылдары» деген мақалада автор ф.ғ.к-доцент Дүкен Мәсімхан ақынның Оңтүстік Қазақстан облысында, Сыр бойындағы «Қожатоғай»деген жерде дүниеге келгенін жазады.Бұл нұсқаны ғалым Сәрсенбі Дәуітұлы да ұстанып келеді. «Қожатоғай» елді мекенінде Жүсіпбекқожаға арнап бір көшенің аты берілген. Қожалардың осы күні жасы үлкені ғана емес, сөзі жүйелі, өзі киелі қарты Әдіхам Шілтерханов ақсақал осы көз қарасты мақұлдап дәріптеп келеді. Олай дейтініміз «Қожатоғай» қазақ әдебиетіне Мәделіқожа, Майлықожа, Жолбарыс, Асан, Исабек секілді қайталанбас таланттарды берген жер. Демек Жүсіпбекқожа бұл жерге сыймай қалмайды. Жүсіпбекқожа Майлықожадан 24-жас кіші болып келеді. Жалпы жыр сарынында Сыр бойының төкпе термешілігі, Майлықожа, Нұралы ақындар секілді діни дастандарға көп көңіл бөлуі мен дастандардағы оқиғаларды Құран аяттарымен көркемдеп, дәлелдеп толық тұжырым беріп отыруы ақынның Сыр бойы ғана емес жалпы Оңтүстік Қазақстанның түлегі екенін толық дәлелдейді. Исламдық әдебиетті исламдық білімі бар жан ғана жаза алады. Жүсіпбекқожа өмірі қым-қуыт оқиғаларға толы болғанға ұқсайды, біріншіден ақынның Қазақ әдебиетінен мәліметі өте мол болған. Бұл ақын қазақ даласын көп аралап, көптеген ақын,жыраулармен кездескен деген ұйғарымға саяды. Татар, Ноғай, Өзбек, Қарақалпақ, Қырғыз тілдерін жетік білген. Парсы, араб тілдерінен толық мағлұматы болғаны Зарқұм, Кербала оқиғасы, АнХазреттің Мехражға қонақ болғаны секілді діни дастандарынан анық білінеді. Жүсіпбекқожаның Қазақ арасындағы аз ақындардың бірі болып ерекшеленуіне, өлең, жыр, дастан жазуы мен қатар сол дастандарын Қазан қаласындағы Татар оқымыстылары мен қоян-қолтық араласып өз уақтында бастырып, елге таратып отыруы. Ақынның баспадан шығарған көптеген кітаптарын ел арасында кешегі күнге дейін табуға болар еді. Болмаса қолдан қолға көшіріп жазған нұсқалары өткен ғасырдың 60-жылдарына дейін ел арасында сақталды. Ел арасында әлі де сақталған нұсқалары жоқ деп айтуға аузымыз бармайды. Себебі Жүсіпбекқожа халық аузында ең көп сақталған ақындардың бірі. Жүсіпбекқожа жайлы ел арасында әр түрлі жақсы да, жаманда сөздер мен тұжырымдар көп болған, әлі де аз емес. Солардың бірі Ақынның өз шығармасы емес, бірақ дер кезінде ел арасынан тауып алып, өңдеп, кей жерлерін қайта жазып,  оқушыға татымды етіп көрсетіп, баспадан шығарып ел арасына таратуы. Бұл жырларға Айман-Шолпан, Біржан-Сара айтысы, Қыз Жібек секілді халық ауыз әдебиетіне тиесілі дүниелер. Бұл жырларды Жүсіпбекқожа мен жаздым деп айтқан емес, мен өңдедім деп жазады. Ал Зарқұм, Кербала оқиғасы, Жүсіп-Зылиха,  Сайфул Мәлік, Мансур Халлаж, Барсиса, Анхазрет Мұхаммад әлейкіссаламның Мехражға барған секілді дастандарға Түркі әдебиетінде қалам тартпағаны кемде кем. Бұл дастандарды Қазақ арасында Шәді төре, Майлықожа, Нұралы секілді ақындар әр қырынан жазып қалдырған. Сондықтан жақын арада бір үлкен жиын, ғылыми-теориялық конференцияға мұхият дайындалып,  Жүсіпбекқожаның өз туындысы қайсы, ел ішінен жазып алып баспаға бергені қайсы, өңдегені қайсы деп ортақ пікірге келер уақыт болды.

Жүсіпбекқожа Сыр бойынан 1880-жылдар көлемінде шығып Тараз, Әулиеата маңында біраз аялдаған секілді. Бұл кей бір азаматтардың Жүсіпбекқожа Әулие ата маңында туылды деуіне себеп болды. Соңы Алматы облысының Кеген, Нарынқол маңында 1916-жылға дейін өмір сүріпті. Бір сөзінде; «Бір себеп пен кетіп ем елден шығып» деп айтуына қарағанда бір күрделі жағдай бар секілді. 1916 жылдан бастап өмірінің соңына дейін Қытай мемлекеті жерінде Текес маңында өмір сүрген. Бабамыз тек ақын, шайырлық пен емес, ел үшін қажетті болған көптеген жайларға қатысып келген. Хорасан егіп бала емдепті, шөптен дәрі дайындап, ел ішіндегі ауру-сырқауға дәрмен болыпты, медресе ашып бала оқытыпты. Бұл жайдың бәрі Текес жерінде сайрап жатыр.

Жүсіпбекқожа Қытайдан Қазақстанға жиі қатынасып тұрған сыңайлы, ақын 1927-жылы Қарқара жәрмеңкесінде кездесіп М.Әуезовпен әңгімелесті деген дерек бар, сол себептеп Мұхаң «Қыз-Жібек әңгімесінің негізі ескі замандағы ел әдебиетінің  ертегі сияқты қара әңгімесінен алынған. Бері келгенде өлең өлшеуіне салып, сүретті әңгімеге айналдырып, поэма қылып шығарған Жүсіпбекқожа»-дейді.

Соны мен Жүсіпбекқожа артында ұшан теңіз дүние қалдырған ғажайып жан.

Бүгінгі күні біздің қолымызда мына төмендегі дүниелер бар.

1.Қисса Зарқұм

2.Қисса анхазірет расулдың миғражға қонақ болғаны

3.Кербала қиссасы

4.Қисса хазірет Әли разыалла анһудың Шаһ Барбарға құл болып сатылғаны туралы.

5.Қисса Мансұр әл-Халаж

6-Қисса Көдек баланың хикаяты

7-Қисса Мұхаммед расул алланың дәрул пәниден дәрул бақиға рихлат еткен мәселесі

8-Қисса Шаһизинда

9-Қисса хазірет Әлидің сараң байды жолға салғаны

10-Қисса  хазіреті  Оспан разы алла анһудың пайғамбарды қонаққа шақырғаны

11-Қисса–и Гүлжәмила қыздың хикаясы

12-Қисса Бәрсиса

13-Қисса хазірет Жүсіп аләйһиссалам илән Зылиханың мәселесі

14-Қисса  Қасым Жомарт

15-Хикая  Рисала Мұңлық-Зарлық

16-Қисса Зейне Зайуб

17-Қисса Гүлшаһра Дохтари сұлтан Кашмирдің хикаясы

18-Хикаят Сәлімжан

19-Қисса Дотан Құбақанбайұғлы

20-Қисса-и Алпамыс батыр

21-Қисса Абылай

22-Қисса Кенесары – Наурызбай

23-Қисса Қыз Жібектің хикаясы

24-Айман – Шолпан

25-Наурызбай — Ханшайым

26-Қисса Біржан сал мен Сара қыздың айтысы

27-Хикаят Жүсіпбекқожаның Уәзипа қызбен айтысы

28-қисса Фелшер қыз

29-қисса Ихсан Мәрсия

30-Мәңгі тату ерлі-зайып

1-Алпамыс (екінші нұсқасы).

32-Хайбар оқиғасы

33-Сайфул Мәлік-дастаны.

34-Шахри Рамазан.

35-Кеменгер қыздың кереметі

Сонымен қатар ақынның бір талай мысал, насихат өлеңдері болған;Көк бузау, Ері мен әйелінің жұмбақ айтысы, Қасқыр түлкі және  бөдене, Қасқыр мен қозы секілді біраз дүниесі табылды.Тегі арнайы зерттеуді керек ететін дүние секілді.

Жүсіпбекқожа өмірінің соңын Қытай жерінде өткізген.1916-жылғы Қарқара көтерілісіне Албандар ішінде жүрген Жүсіпбекқожада қатысқан, емшілік, шөптен дәрмен жасау мүмкіндігі мол болғандықтан  жаралыларға көмек   берген, белсенді мүшесі болған секілді. Бұған ақынның «Келіп едім Матайды көрейін деп» деген өлеңіндегі;

Орысқа ерлікпенен қарсы сөйлеп,

Бір сапар жапа шектік көз елім-ай.

Өзімнің кім екенін білдірмеген,

Қаламды біразірақ безедім-ай-деген сөз тіркестеріндегі;

Өзімнің кім екенін білдірмеген,

Қаламды біразірақ безедім-ай-деген сөзден Жүсіпбекқожа іздеу салынған азғана адамның бірі болғанға саяды.Сөз саптауына қарағанда ақын Қытай асып кеткен соң елді сағынып және келгенге ұқсайды.

Жүсіпбектің өмір жолы мен шығармашылығына мән берсек, жиырмадан асқан жігіттік шағынан бастап халық шығармашылығына ден қойып, қазақ даласының көп жерлерін аралаған. Көптеген әдеби мұраларды жазып алып, өзінің білгендерін ел ішіне таратып отырған. Кейін оларды қайта өңдеп, жаңғыртып, мүмкіндігінше жариялауға қол жеткізген. ХІХ ғасырдың сексенінші жылдарының басында сондай сапарлардың бірінде белгісіз жыраудан «Қыз Жібек» жырының бір нұсқасын хатқа түсіріп, өзінше жырлап, халық арасында айтып жүрген. Осы тұста, яғни 1887 жылы Ресейдің әскери қызметкері Е.А.Александров Марабай жыраудан туындының бір нұсқасын жазып алып, М.Ағыманов деген оқыған қазақ азамытына қара сөзбен мазмұнын аудартады. Тағы бір нұсқасын белгісіз шығарушы (Валиулла Тухфатуллин деген болжам бар) 1894 жылы Қазан жеке кітап күйінде жарыққа шығарады. Осы кітап қолына түскен болуы керек, Жүсіпбек 1900 жылғы өз басылымының кіріспесінде былайша ренішін білдіреді:

«Басында менен жайылды

Қисса болып бұл Жібек.

Басы-соңына қарасам,

Бәрі шала сөзінің,

Еңіреп жылап жүр жүдеп.

Басында менен шыққанда

Тыңдаған адам жылаған,

Сүйейін мұны бір демеп.

Қиссасын қайта түзейін,

Әруақтарың жар болса,

Сіздер де мені жүр жебеп».

Сөйтіп, өзі айтқандай түзетіп, кейбір қара сөздерді өлең жолына түсіріп, кейбір оқиғаларға өзгерістер енгізіп, өзінің нұсқасын ХХ ғасырдың алғашқы жылы Қазанның «Университет» баспасында бастырды. Кейін бұл кітап 1903, 1905, 1909, 1910, 1911 жылдары аталған қаланың түрлі баспаларында қайта басылып отырды. Бірақ 1909 жылғы басылым «жетінші», 1910 жылғы «сегізінші», 1911 жылғы «тоғызыншы» басылым деп шығуына қарағанда, бірнеше басылым халыққа таралмаған, болмаса шығаруға рұқсат етілмеген деген болжам жасауға болады. Кеңестік кезеңде 1923, 1957, 1967, 1985 жылдары, ел тәуелсіздігінен кейін 2009 жылы «Бабалар сөзі» жүз томдық сериясында жыр нұсқаларының қатарында, Қытай елінде «Жүсіп-Зылиха», «»Үш үзік» жеке жинақтары басылым көрді. Қазір еліміздің сирек қорларында «Қыз Жібек» жырының Х.Досмағамбетұлы, Ш.Қалмағамбетов (2 нұсқа), Қ.Иманов, Х.Өтеғалиева, М.Төлепқалиев, Қ.Мырзағалиев, Е.Ахметов, Ә.Дәнекеров, Р.Мәзқожаев, Қ.Баймағамбетов т.б. жеткізген нұсқалар сақталған. Бұлардың дені сол Жүсіпбек нұсқасының негізінде жырланған және сюжеттік мазмұндарында айтарлықтай ерекшеліктер байқалмайды.

Ал Жүсіпбектің нұсқасының жоғарыда айтылған Марабай, белгісіз (1894) нұсқалардан қандай айырмашылығы бар?  деген сауалға байланысты бірер сөз. Ең алдымен, «Мен сөйлейін жарандар» деп басталатын 70 жол жырдың кіріспесі өзге нұсқаларда кездеспейді. Алғашқы Қазанда басылған мәтіннің «Әлқисасынан»  бастап Төлегеннің Жібек күймесіне жақындауы, оның өлімін естіртуі, Жібектің Хореннен ат сұратуы оқиғаларын баяндайтын қара сөздер Жүсіпбекте өлеңмен жырланады. Нұсқада көптеген өлең жолдары толықтырылып, діни ұғымдарды, атауларды молынан кіріктірліген. Керісінше, Кеңес кезеңінде жырланған, жазып алынған нұсқаларда дінге байланысты сөздер, тіркестер алынып тасталған, болмаса басқа ұғымдармен алмастырылған. Жүсіпбек нұсқасында Сансызбай Жібекті еліне алып келгеннен кейінгі оқиғалар, қалыңдықтың түсін жору арқылы шаппақ болып келе жатқан қалматың жорығын алдынала болжап, қарсы шығып тас-талқан етіп жеңуі, одан Жағалбайлы еліне қайта барып, Жібекті жасауымен алып келуі, тойдың сипаты жан-жақты баяндалып, жыр толық аяқталады. Ал өзге жыр нұсқаларында бұл оқиғалар қысқа қайырылады.

Жүсіпбек  нұсқасының тілі көркем әрі қарапайым, ой орамдары нақышты, сөз қолданысы – кестелі,  композициялық құрылымы айшықты, оқиғалары қызықты болып келеді. Мәселен, табиғаттың, қыздың сұлулығын дәл Жүсіпбектей суреттеген жыр нұсқасы кездеспейді. Қазақ  көшінің сән-салтанаты, онда ұсталатын салт-дәстүр, оны ажарлай түскен қыз-келіншектердің көрік-келбеті ешбір эпостық туындыда дәл осындай бейнеленген емес.

Көш алдына қараса,

Бір қыз кетіп барады.

Жанасалай сұлудың

Қасына жетіп келеді,

Төлеген мырза көреді.

 

Көш алдында сұлудың

Он қыз нөкер қасында,

Өзі он бес жасында,

Ақ маңдайы жалтылдап,

Танадай көзі жарқылдап,

Алтын шашбау шашында.

Қырық нарға жүк арттырған,

Қымқап зерлі кілемді

Жүк үстіне жаптырған.

Қазинелі қырық нарға

Жібектен арқан тарттырған.

Әсемдіктің бәрін де

Бұ жаһаннан арттырған.

Дүрия бешпент белсеніп,

Бұ дүниені кең салып,

Алтындай қамшы қолға алып,

Әб жыландай толғанып,

Бұралып кетіп барады,

Жын соққандай теңселіп, –

деген сияқты жолдар көштің әр бөлігінің сән-салтанатын, оның көркін еселей түсетін қыздардың жанды суретін оқырманның көз алдына елестетеді. Бұл – Жүсіпбектің алдындағы көптеген жыршылардан ерекшелейтін өзіндік «мені», айқындап тұратын айырықша жаңалығы.

Ж.Шайхисламұлы ХІХ ғасырдың 70 жылдарынан бастап Қазан, Уфа, Ташкен баспаханаларында қазақ фольклоры мен ауыз әдебиеті үлгілерін, Шығыс сюжетіндегі қисса-дастандарды бастырып шығаруды қолға алған алғашқы қазақ зиялыларының бірі болды. Қазақ кітаптарының тарихына көз жіберсек, «Қыз Жібек» (1900, 1903,1905, 1909, 1910,1911) алты рет, «Айман–Шолпан» (1891,1901, 1910, 1913, 1916) бес мәрте, өзге де «Алпамыс батыр», «Кенесары–Наурызбай», «Наурызбай–Ханшайым» секілді қазақтың төл жыр-дастандары мен «Біржан мен Сара», өзінің Уәзипа қызбен айтысы  әлденеше қайта бастырылып отырғанын көреміз.

Сондай-ақ «Жүсіп–Зылиха», «Мұңлық–Зарлық», «Қисса Зейне Зайуб», «Қисса Гүлшаһра», «Хикаят Сәлімжан», «Қасым–Жомарт» т.б.  шығыстық желіге құрылған дастандардың жарыққа шығуына мұрындық болған да – осы Жүсіпбек. Мұнан өзге «Пайғамбардың миғражға барғаны», «Мұхаммед Расул Алланың дәрул пәниден дәрул бақиға рихлат еткен мәселесі», «Қисса ғазіреті Оспан Разы Алла Анһудың қонаққа шақырғаны», «Қисса ғазіреті Әлидің Сараң байды жолға салғаны», «Кербаланың шөлі», «Қисса Зарқұм», «Дәриға қыз», «Қисса-и Гүлжәмилә қыздың хикаясы», «Қисса Бәрсиса» т.б. ондаған діни дастандарды жырлап, халқының рухани игілігіне айналдырды. Бұл туралы М.О.Әуезов: «Из бесспорно ему принадлежащих произведений мы знаем целую серию религиозно-героических поэм, изданных в Казани и во множестве экземпляров, распространенных в свое время в степи»,– дей келіп, олардың түпкі идеясы ислам дінінің негіздерін насихаттайтынын атап өтеді. Дегенмен, Кеңес өкіметі атеистік идеологияының бет пердесін терең ұғынған ғалым сөз аяғын былайша қортындылайды: “…этот материал, бесспорно требует  оценки и анализа как с точки зрения распространения его на казахской почве, так и со стороны достоинств и недостатков. Но последние вопросы не входят в круг поставленных нами задач, поэтому воздерживаясь от каких бы то ни было суждений на этот счет приведем только факты, которые  по свидетельству самого Жусупбека способствовали ему заняться именно этими, не другими темами. Жусупбек – первый казахский поэт, при жизни издававший в виде отдельных сборников или брошюр все свои произведения» (Жоғарыда көрсетілген басылым – Т.Ә.).

Шындығында, ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басында қазақ халық әдебиетіне қызығушылық танытып, ел арасынан жинап, баспаға дайындап, оларды жарыққа шығаруға қолқабыс еткен қазақ-татар зиялылары аз болмады. Олардың арасынан К.Шахмарданұлы, А.Сабалұлы, М.Тыныштықұлы, М.Жұмашұлы, М.Сабыржанұлы, А.Үлімжіұлы,  Ш.Шаһхәкімұлы, Б.Бижігітұлы, Р.Айтқожин, И.Қонайұлы, Ә. Жүсіпұлы т.б. ақын-жыршылардың кітап бастыру ісіндегі  алғашқы еңбектерін атап өткен жөн. Кітаптанушы Ж.Шалғынбайдың зерттеулерінде 1807-1917 жылдар аралығында әдеби мұраларды қамтыған 774 жинақ  (тиражы – шамамен 2 млн. 300 мың), оның 578 кітабы фольклорлық шығармаларға арналған.

Ж.Шайхисламұлын қазақтың алғашқы кітап бастырушысы деу қисынсыздау болар. Себебі «Қисса-и Сейфулмүлік»  1807 жылы Қазан гимназиясының баспаханасынан тұңғыш басылым көргенде Жүсіпбек дүниеге келмеген де еді. Бұдан кейінгі жылдары «Ығлан-наме» (1831), «Қисса-и Сейфулмүлік» (2-басылымы. 1840), «Сүлеймен Бақырғани» (1846, 1848), «Хикаят Хаким ата» (1846),   «Бабыр-нәме» (1857), «Ер Тарғын» (1862, 1871, 1876) сияқты әдеби, фольклорлық мұралар алғашқылардың қатарында татар зиялыларының, Н.И.Ильминскийдің көмегімен баспа жүзін көрген. Ал қазақ кітаптарының тарихынан Жүсіпбек құрастырған «Қисса-и Зарқұм» дастанының 1877 жылдың 30 маусымында Қазан университетінің баспаханасынан Тобан Құрса аулының тұрғыны Шамсуддин Хұсейнұғлының қаражатымен жарияланым көргенін көруге болады. Ол алғашқы кітабын 20 жасында жарыққа шығарған болса, онда шығыс сюжеттерін назиралық жолмен жырлау, халық мұраларын жинау, баспаға дайындау жұмыстарымен тым жастау кезінен бастап айналысқаны байқалады. Жалпы, кеңес кезеңіне дейінгі кітаптардың тарихына шолу жасағанда, жинақтардың саны жағынан да, қайта бастыруда да, таралымының мөлшері тұрғысында да Жүсіпбектен асқан кітап бастырушыны анықтай алмаймыз. Сондықтан ұлты қазақ кітап бастырушыларының бастауларында Ж.Шайхисламұлы тұрады деуге толық негіз бар. Ал «Қисса-и Сейфулмүлік»  дастаны мен 1900 жылы Тройцкде басылған Мұхамеджан Сералинның «Топжарған» жинағының арасында 165 қазақ кітабы жарық көрген. Олардың арасында «Қамбар батыр», «Ер Тарғын», «Қозы Көрпеш баян сұлу», «Қыз Жібек», «Айман-Шолпан», «Біржан мен Сараны айтысы» сияқты ұлттық руханияттың інжу-маржандары бар.


Жарық көрген кітаптардың Жүсіпбек қолынан шыққанын дәлелдейтін айырықша белгісі, қолтаңбасы бар ма деген сұрақ туындауы мүмкін. Әрине оған да жауап табылады.

Себебі, біріншіден, ол кездерде «автор», құрастырушы», «жауапты шығарушы», «жауапты редактор» т.б. ұғымдар, тиісінше оларға қатысты қызметтер болмаған. Әр кітаптың титулдық беттерінде шығарманың атауы, тілі, баспасы, баспаханасы, жылы, беті, таралымы, қаржыландырушысы (демеушісі), жазушысы көрсетіліп отырған. Ал «жазушы» деген ұғымның «жинаушы», «жазып алушы», «өңдеуші», «жырлаушы», «баспаға дайындаушы», «басылуын үйлестіруші» т.б. мәндері болса керек. Себебі әр шығарма баспаға жеткенше осы үдерістен өтуге тиісті. Сондықтан жазушыны – автор деп санамаған жөн.

Екіншіден, жинаушының, жыршының, құрастырушының қолтаңбасы шығарманың кіріспесі мен аяқтамасында айқын аңғарылады. Дәл осындай үрдіс Жүсібек бастырған кітаптардың көбінде орын алған. Мәселен, «Қыз Жібектің» кіріспесінде: «Басында менен жайылды, Қисса болып бұл Жібек» десе, «Айман-Шолпанның» аяқтамасында:

Нұсқаны әр жақсыдан алған едім,

Материалды жүктеу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!