ЖҮЗ ЖАСАҒАН ЖҮРЕКТЕН ТӨГІЛГЕН ЖЫРЛАРДЫҢ
ТӘРБИЕЛІК МӘНІ
Керимбаева Динара Жумағұлқызы
Тараз қаласы, №5 мектеп-гимназиясының қазақ тілі
мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Қазақтың халық поэзиясының алыбы Жамбыл Жабайұлының есімі дүние жүзіне мәлім. Жүз жыл жасап, екі ғасырдың бірдей куәсі болған ақын өз тағдырын туған халқымен тұтастырып, оның бар өмірін, биік мұратын, мұң-мүддесін жырына арқау етті. Дәстүрлі қазақ жырын жаңа заманның талап тілектеріне орайластыра, жаңарта, жасарта білді. Ұлттық жазба әдебиетінің өкілдерімен қатар жасаған ол, сол әдебиеттің жаңалықтарын халық поэзиясында пайдаланып, өзі білген халықтың сөз өнерінің тапқыр да бай үлгісін азаматтық дәстүрін олардың бойына сіңіруге тырысты. Осылайша, Жамбыл ақын халық поэзия мен жазба әдебиетінің арасындағы алтын көпір қызметін атқарды. Бұл жағдайлар Жамбыл ақынның шығармашылық өнерін өлшеусіз биікке көтеріп, ХХ ғасырда халық поэзиясының жаға өрлеу дәуірін қалыптастырды.
Жамбыл ақынның балалық шағының бәрі көшпелі ауылдың кем-тарлық, жоқшылығы жағдайында өткен, жас кезінде осындай халықтық күйзелістердің куәсі болған. Болашақ ақынның өмірге көзқарасы да осындай жағдайда қалыптасқан. Жамбыл ауыл молдасынан хат танығандықтан былай , молда алдындағы қорлықты былай суреттеген:
Шып-шып етіп молданың,
Қолындағы тобылғы,
Қозғалтпайды жонымды.
Торпылдатып тонымды,
Жыртар болды тонымды. [1]
Әкесіне шағым ете барып, енді молданың алдына бармайтынын, шағымын әкесіне айтып барды. Осыдан бастап «Шағым» өлеңі дүниеге келеді. Ақындық өнерді мадақтау,өлең сүйетінін айтып,осы жолға түсуге рұхсат сұрау Жамбылдың осы тұста шығарған «Әкеме», «Сарыбайға» деген өлеңдерінің де мазмұнын құрайды.
«Екейде елу бақсы , сексен ақын жаратып мінеді екен ерттеп атын» деген аңызды есіне слып, «сен сексен бірінші болып қайтесің » деген. Екей –Жамбыл ақынның шыққан руы.Шынында да бұл рудан талантты ақын- жыршылар , өнер иелері көп шыққан.Солардың ең атақтысы-Сүйінбай ақын.«Менің пірім-Сүйінбай !»,-деп жырлаудың да сыры осында.Сүйінбай жырлары шындықты айта білумен, өткірлігімен, тапқырлығымен халыққа ұнаған және ел арасына кең тараған. Жасынан сөз өнеріне жетік, шыншыл Жамбылдың алғашқы өлеңдерін Сүйінбай мақұлдап оған баға берген, батасын берген. «Өлеңді тыңдаушының көкейінен кетпейтін етіп айт. Әрқашан жүрекпен жырла:әділ сөйлеп, адал бол»,-дейді шәкіртіне.
Халықтың төменгі тобының ішінен шығып, өнер қуған ақынның ендігі мектебі де елінің өмірі мен шындығы болды. Ол еңбекші елдің кемтар тіршілігін, ел басшыларының әділетсіздігін, таптық қайшылықты көп жырлаған. Алайда, Жамбылдың революциядан бұрынғы көптеген жырлары кезінде жазылынып алынбай, із-тозсыз жоғалған. Олардың сақталғандарының өзі ақын жырларының халықтық бағытын айқын таныта алады.Ол «Жылқышы», «Кедей күні»өлеңдерінде:еңбегі мен бейнеті жанбаған адамның аянышты күйін тағдыр талқысына салған заман қатігездігін айтты.
Сары түнде сарылып, кірпік ілмей,
Салқын күзде бір жылы үйді білмей,
Сахарада салақтап күндіз –түні-
Бұралқы ит пен малшының сиқы бірдей,-деген жолдарда қазақ ауылындағы малшы тіршілігінің қатал да ащы шындығы бейнеленсе, екінші өлеңде жетім баланың қайыршыдлық күйін суреттейді. [2].
Қайтып жаның ашымас,
Заман неткен қатыбас?!
Еткен еңбек, төккен тер,
Қалай түкке татымас,- деп күйінеді.
Жамбылдың алғашқы жырларында басым көрінетін сыншылдық ащы сарынды осы шындық туғызады. Ол халық мұңын көре білмейтін, ел күйімен санаспайтын қатыгез ел басшыларын сынға алады.
Жамбыл шығармашылығындағы саяси-әлеуметтік мәселелердің тереңдей қойылуына қоғамдық тартыстар мен қақтығыстар елеулі әсер етеді.
1916 жылғы июнь жарлығынан кейінгі халық басына түскен ауыртпалыққа Жамбыл өзінің жырымен ортақтасты. Ақын халық қайғысын арқалап, не істерін білмей шерленді. Халықты тәуекелге бел буып,патшаға қарсы көтерілуге үндеді. Ұлт азаттық көтерілісін бастаған ел батырларын мақтады. «Патша әмірі тарылды», «Зілді бұйрық» өлеңдері осыған дәлел.
Жамбыл шығармаларының ең бір салмақты жағы- оның айтыстары. Жазуы кеш дамып, өлеңді ауызша шыңарып айтуды дәстүрге айналдырған елде- айтыс ақындықтың үлкен мектебі болған. Ақын айтыс үстінде тапқырлыққа, уытты сөздерді табан астында тауып айтып үйренген, шеберленген.
Сонымен қатар, Жамбыл халықтың эпикалық жыр үлгілерін де меңгерген ақын. «Өтеген батыр», «Сұраншы батыр» атты дастандары да халықтың арман-мұңын жырлауға арналған. Бұл шығармалардың идеялық негізінде халықтың бақыты үшін күрескен ерлердің үлгілі істері алынады.
Өтеген туралы халық аңызы Жетісу бойында кең жайылған.Сүйінбай, Майкөт сияқты ақындар оның сюжетін пайдаланып, өзінше жырлаған.Жамбыл ағыздың негізгі сарынын сақтай отырып, оған жаға мазмұн береді. Оның Өтегені-қой үстінде бозторғай жұмыртқалайтын еркіндік заманды іздеуші, бақыт пен тыныш қоныс үшін күресуші.Шығарма сюжеті нақты оқиғалар арқылы дамиды. Қоқан ханы Құдияр Жетісуға шабуыл жасап, елді қырып-жоя бастайды.Қорлыққа шыдамаған ел, батырды іздетеді. Алыста, тау ішінде жатқан кедей батырға қос атпен кісі шабады. Сұраншы өз батырларын жинап, «құмырсқадай қайнаған»көп жаумен соғысқа шығады. Ақын Сұраншының осы ерлігін зор шабытпен жырлады. Жырдың тағы бір жаңалығы: онда қазақ халқын Қоқан қол астынан азат етудегі шаруа орыс әскерлерінің пайдалы қызметі, азаттық жолындағы күресте таққан қырғыз, өзбек достық ынтымағы нанымды суреттеледі.Мұның бәрі Жамбылдың ақынның шыңармашылыңының алғашқы кезеңі халық өмірімен тығыз байланысты. Ол шындықтың шабытты жаршысы, халықтың арман-мұңының жоқтаушысы болды.
Қарт Жамбыл жетпістен асқан шағында еңбекші елімен бірге өмірдің азапты жолын өткен ақын, оны теңдік заманы туды деп ұқты. Ақынның жиырмасыншы жылдары айтқан жырлары кезінде жазылып алынбағандықтан сақталмаған. «Қазақстан тойына», «Замана ағымы» сияқты өлеңдері сақталған.
«Замана ағымы» ұзақ толғау- жыр. Ол 1927 жылы жер бөлініс кезінде бір жиында айтқан жыры болатын. Жырда ақын ел ішіндегі әлеуметтік өзгерістер жайлы айтады. Өзі көрген халық өмірінің ауыр күйлері, кедей—жалшылар өмірінің ауыр күйлері өзекті етіп айтылған. Ақын заман ағымының өзгергенін айтып, жаңа өмір таңы атты деген сенімін жырға қосады. Жырда Жамбыл өзі куә болған халық өмірінің екі кезеңі, ақындық шендестірулер арқылы көркем суреттеледі.
Жамбылдың шығармашылық өрлеу жылдары –отызыншы жылдар іші. Бұл кезде біздің елімізде жаңа қоғамдық құрылыс-социализм енді деп жарияланды.
Осы тұста Жамбыл қоғамды, халықтар достығын мадақтайтын жырлар шығарды: «Туған елім», «Халықтың сәлемі», «Ұлы заң», «Ленин», «Орден алғанда», «Қайта жасардым» деген өлеңдерін шығарды.
Отанға төнген қауіп ақын жанын қатты күйзелтті. Ленинградты қорғаудың нағыз ауыр күндерінде шыңарылған «Ленинградтық өренім» Ұлы Отан соғысы кезіндегі поэзияның ең таңдаулы туындыларының бірі болды. Бұл жыр қорғаушыларға қару іспетті жігерлендірді.[3]
Сонымен бірге, Жамбыл шығармашылығында Отан сүю мен оны мекендеген халықтар достығы тақырыбы да кең суреттеледі. Жаңа өмір үшін күресте ныңайған осы достыққа ақын айрықша мән береді, «Бірімен бірі туысқан, Қол ұстасқан ел жатыр» деп жырына қосады.Достықты терең түсіне, сезіне жырлау ақынның «Дастархан жыры», «Халық туысқандығы», «Пушкинге», «Тарас» өлеңдерінде анық байқалады.
Отан бейнесін жасауға Жамбыл халық поэзиясының ең бір шұрайлы, кестелі сөз өнерін қолданады. Ол Отанды көбінесе мәуелі баққа немесе жаңа жолға бет алған салтанатты көш бейнесінде алады.
Отаным байтақ мәңгі бақ,
Гүл, бәйшешек толған жер.
Он бір жұрт-он бір туысқан,
Қанаттас қатар қонған жер,-деп «Жаз жыры» өлеңінде жырласа,
Одағым десе ойыма-
Шалқыған шалқар көл түсер.
Көк жиегі бал құрақ-
Көкорай шалғын жер түсер,-деп «Одақ» өлеңінде дөп басып, жырлайды.
Осы жылдары шығарылған Жамбыл өлеңдерінің тақырыптық шеңбері кең.Ел мен қоғам өміріндегі елеулі оқиғалардың қай-қайсысы болса да, ақын назарынан тыс қалған жоқ. Жастарға, қызыл әскерлерге, дәрігерлерге, мұғалімдерге арнау өлеңдерін айтты. Осылардың бәрінде ақын өз отандастарына өмір туралы өз байламын толғады, оларды жаңа өмір үшін күреске үндеді. [4]
Жамбыл шығармашылығының осы бір тұста шарықтап көрінуі кездейсоқ емес еді.Ауызша шығарылып тараған әдебиет үлгісін халықтың сөз өнерін жетік білген Жамбыл, бойында екінің бірінде кездесе бермейтін, елден ерек талант бар-ды. Ол сол таланттын жаңа жағдайда дамытып, байытты. Сөзге жаңа мазмұн, өзгеше өң береді. Эпитет, теңеу, метафора , кейіптеу, әсірелеу, сияқты көркемдік құралдар оның тіл байлығымен қатар заман бейнесін танытанытар сөздерді табуға жәрдемдесті. Мұның негізінде, ақын еңбегінің халық шығармашылығымен тығыз байланысы жатыр. Ол туған халқының қуанышы мен қайғысын тереғ толғап айта білді, өзін ғаырлық тарихтың куәсі ретінде ылғи алға ұстап отырды.[5]
Қорыта айтсақ,
«Жамбыл менің жай атым,
Халқым- менің шын атым,-деп тегін айтпаған. Жамбылдың шығармалары дәстүрлі халық өнерінің заңды жалғасы. Ұлы ақынның поэзиясындағы ақындық шығармашылық тұлғасына тән қасиеттер өз маңыздылығын сақтай отырып, талай ұрпаққа үлгі өнеге екені тарихымыздың мақтанышы. Жауынгер ақынның жалынды жырлары, бүгінгі ұрпаққа күш береді, патриоттық сезімін оятады, жігерлендіреді.
Әдебиеттер тізімі
-
Жамбыл. 2 том. Алматы «Ғылым» 1996 ж.
-
Тарихи тұлғалар 2021ж. Авторлары Б. Тоғысбаев, А.Сужикова, Б.Шәкиева.
-
Қирабаев С. Жамбыл Ленинградқа келіп, оны қорғаушылардың қатарында тұрды.//Жұлдыздар отбасы. Аңыз адам: Жыр алыбы Жамбыл Жабаев.2001-№8 (20)
-
Рақымқызы Р. Бала Жамбылдан дана жырау Жамбыл Жабаевқа дейін// Жұлдыздар отбасы.
-
М. Әуезов. Жиырма томдық шығармалар жинағы: зерттеулер, мақалалар. – Алмата: Жазушы, 1985ж.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
ЖҮЗ ЖАСАҒАН ЖҮРЕКТЕН ТӨГІЛГЕН ЖЫРЛАРДЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ

шағым қалдыра аласыз