Ұйымдастырылған іс-әрекет : « Коммунативттік дағды» Тіл дамыту
Күні 17 қазан 2024ж
Тақырыбы: Жыл құстары жылы жақа ұшты
Мақсаты: Балаларға жыл құстары туралы түсіндіру; [ұ], [ү] дауысты дыбыстары жөнінде ұғымдар қалыптастыру; дауысты дыбыстардың сөздердің құрамында жіңішке және жуан болып естілуін түсіндіру; «жыл құстары» жалпылауыш сөздерінің мағынасын пысықтау; құстардың күз мезгілінде жылы жақтарға ұшуы туралы мәлімет беру.
Міндеті: Балаларды [ұ], [ү]
дауысты дыбыстарды буын немесе сөз құрамында нақтылы айтуға
машықтау, дұрыс артикуляциясын үйрету; бұл дыбыстарды
бір-бірінен құлақпен естіп ажыратуды, белгілі түстің екі түрлі
реңкі арқылы білдіруді үйрету; жекеше және көпше түрдегі
сөздер арқылы жауап айту біліктерін қалыптастыру; қимылды ойында
мәтіндегі сөздерге, белгіге сай рөлді сомдап, қарым-қатынас жасауға
жаттықтыру; кеңістікті бағдарлау, есту зейінін, көзбен қабылдау,
ырғақты сезіну қабілеттерін, ақыл-ойды дамыту.
Балаларды жыл құстарының тіршілігіне, сөздердің
дыбысталуына қызығушылыққа, зеректікке, ұйымшылдыққа
тәрбиелеу.
СӨЗДІК ЖҰМЫС
Балалардың сөздік қорына: жыл құстары, көш бастады, жылы жақ, қоныстайды сөздерін қосу. «Үй құстары» жалпылауыш сөзіне қатысты сөздерді, фразаларды, құстарға байланысты сөздердің жекеше және көпше түрлерінің жұптарын айтқызу арқылы сөйлеу қабілеттерін жетілдіру.
ӘДІС-ТӘСІЛДЕР
Аудиожазбаны тыңдау, сәлемдесу шеңбері, артикуляциялық жаттығу, түстер терапиясы (таңбалауыштармен) және сөздік жаттығу, қимылды ойын, жаттамақ жаттығуы, жұптарда сөздік жаттығу, пысықтау, балалардың іс-әрекетін бағалау.
ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР
1. Көрнекілік
материалдар.
Баяу, ырғақты әуенжазба.
Жылы жаққа шулап ұшқан құстардың дыбыстары.
[ұ], [ү] дауысты дыбыстары артикуляциясының сызбалы суреттері.
Интербелсенді тақта немесе көрнекіліктерге тақта.
Көрсеткіш.
Жаттығуды ұйымдастыруға қажетті: қарлығаш, көкек, тырна, үйрек және
аққу құстарының суреттері.
Көрнекілік заттық суреттер: көкек, тырна, аққу, үйрек, қаз,
қараторғай, торғай, қарға, аққұтан.
Құстар топтамасының екі нұсқасы:
1) жыл құстарының арасында қарға мен торғай бар;
2) жыл құстары.
2. Үлестірмелі
материалдар.
Қимылды ойынға жыл құстары салынған қалташалар.
Әр балаға белгілі түстің ашық және қою реңкіндегі екі
таңбалауыш.
ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ІС-ӘРЕКЕТТІҢ БАРЫСЫ
1. КІРІСПЕ БӨЛІМ
1.1. Аудиожазбаны тыңдау.
Баяу әуенжазба қосылады.
– Балалар, күз мезгілі келді. Аспанды сұр бұлт қаптады, дала суық,
бірақ күз ғажайып мезгіл.
Көркемсөз.
Асқаржан Сәрсеков «Күзгі көрініс».
Күздің салқын самалы
Аймалайды маңдайдан.
Алып қашып барады
Жапырақты сарғайған.
Тыныстаған ырғалып
Бақ-бау қандай, гүл қандай?
Сары қыздар жиналып
Сыбырласып тұрғандай ...
1.2. Аудиожазбаны
тыңдау.
Жылы жаққа шулап ұшқан құстардың дыбыстары
естіледі.
–
Балалар, мына дыбыстарды таныдыңдар ма?
Дұрыс.
– Құстар неге шулайды? Иә, құстар жылы жаққа ұшқалы жиналып
жүр.
– Бүгін біз жыл құстары туралы әңгімелеп, олардың әндерін де тыңдап
көрейік.
2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Артикуляциялық жаттығулар, [ұ], [ү] дауысты
дыбыстары.
2.2.1.
Тәрбиеші:
– Балалар, «құс» және «күз» бірдей сөздер ме? Неге бірдей емес?
(Біреуі құсты білдіреді, біреуі жыл мезгілін
білдіреді.) Әрине, дұрыс айтасыңдар. Дұрыс айтасыңдар.
– Бірақ мына сөздердің естілуіне көңіл бөлейік.
– Күз ...
Тәрбиеші:балаларға сөздердің айтылуын қайта көрсетеді.
Балалар екі сөздің жіңішке және жуан естілетінін айтады.
– Жарайсыңдар, балалар! Бұның себебі [ұ], [ү] жуан және жіңішке
дауысты болғандары.
– Жуан [ұ] дауысты дыбыс. Кайталаймыз.
– Жіңішке [ү] дауысты дыбыс. Кайталаймыз. Жарайсыңдар!
– Балалар, осы дыбыстардың қатысуымен көптеген сөздерді айтып,
олардың естілу ерекшеліктерін байқап көрейік.
2.2.2.[ұ]:
– Ұұұ ..., ұ ..., ұ ... (артикуляцияны көрсету). Менің
соңымнан қайталаймыз.
Бірнеше балаға жеке қайталату, ауыз, ерін, тістің
дұрыс қалыптарын қадағалау.
- шұқ-шұқ – ұшық [ұшұқ] – пұшық [пұшұқ]
- құс-құс – құстар
- құп-құп – құптар
- құдық [құдұқ] – құбық [құбұқ]
- құлық [құлұқ] – шұлық [шұлұқ]
– Бұл сөздерде [ұ] дауысты дыбысы жуан.
[ү]:
– Үүү ..., ү ..., ү ..., (артикуляцияны көрсету). Менің соңымнан
қайталаймыз.
Бірнеше балаға жеке қайталату, ауыз, ерін, тістің дұрыс қалыптарын
қадағалау.
– түс-түс – түсі [түсү]
– түк-түк – түлік [түлүк]
– күтім [күтүм] – бүтін [бүтүн] – түтін [түтүн]
– түлік [түлүк] – гүлім [гүлүм] – үкім [үкүм]
– Бұл сөздерде [ү] дауысты дыбысы жіңішке.
2.2.3.
– Мына дыбыстарды дауысты дыбыстар деп неге айтамыз? Иә.
Дауысты дыбыстар дейміз, себебі ауыз қуысынан осы дыбыстар
шыққанда ауаның шығуына ештеңе кедергі болмайды. Дауыс
кедергісіз шығады. Қайталайық. Ұмытпаңдар.
2.2. «Дыбыс аулаушылар» түстер терапиясы
(таңбалауыштармен) және сөздік
жаттығу.
Жаттығуды ұйымдастырғанда балалар үшін белгілі түстің ашық
және қою реңктегі екі таңбалауышы ұсынылады. Мысалы, қызыл мен
қызғылт, көк пен көгілдір, жасыл мен ашық жасыл, күлгін мен ақшыл
күлгін, сары мен ақ сары, қоңыр мен ал қоңыр.
Түстерді және олардың реңктерін ажырату балалар үшін қиындау
болғандықтан, түстер терапиясын жүйелі түрде қолданып отырған
жақсы.
Тәрбиеші::
– Балалар, сендерге құстар туралы бірнеше тақпақ жолдарын
ұсынамын. Сендер мұқият тыңдап, жолдар арасынан не [ұ], не [ү]
дауысты дыбыстары естілген сөздерді тауып аласыңдар.
Сөзді айтқаннан кейін, оның құрамында [ұ], [ү] дыбысы жуан
немесе жіңішке шыққаны туралы карточканың біреуін көрсетіп, маған
жауаптарыңды айтасыңдар.
Сұр бұлтты қуып келді суық жел,
Құстар үшін ыстық екен туған жер.
Алысқа ұшып жатыр құстар,
Жылы жаққа кетіп жатыр мына тұстан.
Үйрек күзде көп жүзіп жүрмейді,
Жылы жаққа жолды іздейді.
– «Гү-үу ... , гү-үу» гуілдейді күздің күні,
Тырналардың дыбыстары да үні.
Күздің күні күртешені киіп, күліп,
Біз бірге жүріп, күтеміз күздің жүзін.
Тәрбиеші: тақпақтың әр шумағынан кейін,
балаларға бірыңғай сұрақ қояды.
– Қандай қажетті сөздерді естідіңдер? Карточканы көрсетіңдер. Түсі
неге қою (ашық)? (Себебі, дауысты дыбыс жуан (жіңішке) Тамаша!
Жарайсыңдар!
– Қалай ойлайсыңдар, балалар, біз не туралы айтып шықтық? Дұрыс
құстар туралы, күз туралы. Күзде барлық құстар жылы жаққа
ұшады.
Тәрбиеші:
балалардың ажыратуларына ыңғайлы болуы үшін [ұ], не [ү]
дыбыстары бар сөздерді дауыс ырғағымен белігілейді.
Педагог балалардың дыбыстарды жіңішке және жуан айтылуына
қарай дұрыс анықтағанын қағадағалайды.
2.3. «Қаздар, ұшыңдар!» қимылды
ойыны.
Ойынды ұйымдастыру үшін педагог әр балаға қаздың
қалташасын үлестіреді. Балалар оларды мойындарына тағып
алады.
Мақсаты.
Балаларға ойын шартына сай қозғалуды үйрету; ойындағы мәтін бойынша
диалогке қатысуға, рөлді сөздеріне сай атқаруға жаттықтыру;
белсенді қарым-қатынасқа, шапшаңдыққа, зеректікке тәрбиелеу.
Шарты.
Тәрбиеші
бұл ойында қасқырдың рөлін алып тастайды,
балалардың бір-біріне кедергі жасамау үшін қауіпсіздік техникасын
сақтау ыңғайлы болады.
Ойын барысында балалар қаздардың сөздерін мәтінге сәйкес
айтады, қаздың қимылына іліктеп жүріп, белгілі жерде тоқтайды.
Барысы.
Тәрбиеші:
– Балалар, ненің қалташаларын киіп алдыңдар? (Қаздардың
қалташаларын киіп алдық.) Жарайсыңдар!
– Күзде дала қаздары үй қаздарындай емес, жылы жаққа жиналып,
үлкен көшті бастайды. Қыста қаздарға көл бетінде қорек жоқ.
– Балалар, мен сендерді жылы жаққа шақырған аналарыңмын.
Сендер менің сөздерімді мұқият тыңдаңдар. «Қаздар, ұшыңдар!» деген
кезде ғана орындарыңнан «ұшып» менің қасыма келесіңдер.
– Дайынсыңдар ма?! Бастайық!
Тәрбиеші:
Қаздар! Қаздар! Қаздарым!
Кетті ме екен жаздарың?
Балалар:
Жаздан шықтық жем толған!
Қамданамыз қыс алда!
Қанаттарды жаямыз,
Күзбен бірге ұшамыз!
– Қаздар! Ұшыңдар! (бұл сөздер балалар үшін белгі
болады)
Ойындағы сөздер балалардың айтуына күрделі болса, соңғы екі
жолды айтуға болады.
Балалар алаңның бір шетінен екінші шетіне «ұшады».
Орын жеткіліксіз болса, балалар өзара араласып, баяу қозғалып
жүреді. «Қаздар, ұшыңдар!» сөздері балалардың қозғалысқа
келуін белгі болады.
Ойын екі рет ойнатылады.
2.4. Жаттамақ жаттығуы. «Жылы жаққа
... »
2.4.1. Жаттығуды ұйымдастырғанда
тәрбиеші
қарлығаш, көкек, тырна, үйрек және аққудың
суреттерін қажетті уақытында тақтаға тізеді.
Тәрбиеші:
– Балалар, қазір мен сендерге бір тақпақты оқып беремін, ал сендер
қандай жыл құстарының атауларын естігедеріңді айтайсыңдар.
Жылы жаққа, жылы жаққа
Ұшты, ұшты біздің бақтан
Қарлығаштар, көкектер.
Бірігіп, жеке-жеке.
Көлден ұшты аққулар,
Үйректер мен тырналар.
– Балалар, естеріңде қалған құстарды атап көрейік. Сұраққа толық
жауап береміз.
Балалар жылы жаққа қарлығаш, көкектер және тағы басқа
ұшатынын айтады.
2.4.2.
Тәрбиеші::
– Балалар, тақпақты кім жаттап алды? Айтып көрейік.
Жарайсыңдар!
2.5. «Бір және көп» жұптасып
ойнайтын сөздік жаттығу.
2.5.1. Тәрбиеші:балаларды екі сапқа бөліп, бір саптағы балаларға
орындықтарға отыруды, ал қалған жартысына тұруды ұсынады.
– Қазір отырған балалар мен көрсеткен суретке қарап, бір ғана
құстың тұрғанын атайды.
– Тұрған балалар құстардың көп болған кездегі атауын атайды.
– Мысалы, орындық – орындықтар, қабырға –
қабырғалар.
Тәрбиеші
балаларға: қарлығаш, көкек, тырна, аққу, үйрек,
қаз, қараторғай, торғай, қарға, аққұтан суреттерін кезекпен
көрсетеді.
Балалардың жауаптары: қарлығаш – қарлығаштар, көкек –
көкектер, аққу – аққулар, қаз – қаздар, қарға – қарғалар,
үйрек – үйректер, аққұтан – аққұтандар.
2.5.2. Тәрбиеші:
тақтаға барлық құстың бейнесін орналастырады, арасында қыстайтын
құстардың бір-екеуі болады.
– Балалар, бұл құстардың арасында бізде қыстап қалатын құс бар. Ол
не? Қайсы? (Олар қарға,
торғай.) Жарайсыңдар!
– Балалар, мына құстарды алып тастасақ, қалған барлық құсты
қалай атаймыз? (Бұның барлығы жыл
құстары.) Жарайсыңдар!
Тәрбиеші: бір-екі балаға қайта айтқызады.
3. ҚОРЫТЫНДЫ
Ұйымдастырылған іс-әрекетті пысықтау, балалардың іс-әрекетін
бағалау.
Тәрбиеші::
– Балалар, бүгін не туралы әңгімеледік? (Жыл құстары туралы
әңгімеледік.) Жарайсыңдар!
– Құстар туралы тақпақтарды айтқанда біз қандай дыбыстарды
іздеп көрдік? (Біз [ұ], [ү] дыбыстарын іздедік) Неге екі
дыбысты іздедік? (Себебі [ұ] дыбысы жуан, [ү] дыбысы
жіңішке.) Жарайсыңдар!
– Бұл дыбыстарды қандай дыбыстар дейміз? (Дауысты дыбыстар, себебі,
оларды айтқанда ауаның шығуына ештеңе кедергі болмайды.) Иә. Ауаның
шығуына кедергі жоқ. Қайталатайық. Жарайсыңдар!
– Жылы жаққа ұшатын құстарды бір сөзбен не деп атаймыз? (Жыл
құстары деп атаймыз.) Дұрыс айтасың, Диляра!
– Қандай құстар естеріңде қалды? Олар күзде неге ұшып кетеді?
(Қыста жыл құстарына қорек жоқ.) Иә. Олар үшін не шөп, не
жәндік жоқ. Жарайсыңдар!
– Балалар, жыл құстары да адам сияқты қысқа дайындалу керек. Бүгін
сендер зерек, ұйымшыл, ұғымтал болдыңдар. Жарайсыңдар, балалар!
Ұйымдастрылған іс-әрекет аяқталды, сау болыңдар!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Жыл құстары жылы жақа ұшты

шағым қалдыра аласыз