Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
жылдық жоспар
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Сабақтың тақырыбы: Інімнің сүйікті ісі
Сабақтың мақсаты: өзінің және отбасы мүшелерінің сүйікті ісі туралы айта алуға үйрету. Күтілетін нәтиже: Пәндік: өзінің және отбасы мүшелерінің сүйікті ісі туралы әңгімелей алу. Тұлғалық: отбасы мүшелерін құрметеу, өз отбасы туралы сүйіспеншілікпен әңгімелей білуге ұмтылу. Жүйелік-әрекеттік: сабақ барысында меңгерген белсенді сөздік қор мен қарапайым үлгі құрылымдарды өзіне таныс өмірлік жағдаяттарда орынды қолдана алу. Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аударуды ұйымдастыру. II. Өткен сабақ пен жаңа сабақты сабақтастыру. III. Жаңа сабақ.
Оқушылар 1-тапсырмадағы мәтін бойынша Асқардың інісі туралы ақпаратпен танысады. Тапсырма бойынша оның сүйікті ісі туралы айтады. Мұғалім оқушылардың назарын «Інімнің сүйікті ісі – сурет салу» деген сөйлемдегі «інімнің» деген сөзге аударады. Мұғалім берілген сөздегі тәуелдік жалғауы мен ілік септігі жалғауының қолданысын 2-тапсырма арқылы түсіндіріледі. 2-тапсырмадағы құрылымды толықтырып оқу арқылы оқушылар отбасы мүшелерінің сүйікті ісі туралы айтады. Ілік септігінің жалғауын үндестік заңына сәйкес таңдап қолдануға жаттығады. 3-тапсырмада тыңдалым және оқылым әрекетіне көңілибөлінеді. 1-тапсырмада оқушылар Асқардың інісінің сүйікті ісі туралы ғана ақпарат алса, 3-тапсырмада оқушылар Асқардың отбасы туралы толық мәлімет алады. 4-тапсырмада оқушылар берілген үлгі бойынша Асқардың отбасы мүшелерінің сүйікті ісі туралы толықтырып айтады. 5-тапсырмадағы кесте бойынша оқушылар Анардыңижәне оның отбасы мүшелерін (әкесі, анасы, әпкесі) сүйікті ісі туралы айтады. Үлгі:Анар ән айтуды және музыка тыңдауды жақсы көреді. Осы құрылым 6-тапсырмада жаттықтырыла түседі. 7-тапсырмада оқушылар өздерінің сүйікті ісі туралы айтады.
Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықтағы лексика-грамматикалық тапсырмаларды бекіте түседі. IV. Жаңа сабақты қорытындылау. Мұғалімдер оқушылар арасында жағымды психологиялық жағдай қалыптастыра отырып сабақты аяқтайды.
№6 сабақ
Сабақтың тақырыбы: Мақал-мәтел үйренейік!
Сабақтың мақсаты: ауыз әдебиеті үлгілерін бірі – мақал-мәтел туралы түсінік беру. Күтілетін нәтиже: Пәндік: белгілібір тақырыпқа байланыстымақалмен танысу, оның мәнін түсіну. Тұлғалық: сабақ барысында меңгерген белсенді сөздік қор мен қарапайым үлгі құрылымдарды өзіне таныс өмірлік жағдаяттарда орынды қолдана алу. Жүйелік-әрекеттік: сабақ барысында меңгерген белсенді сөздік қор мен қарапайым үлгі құрылымдарды өзіне таныс өмірлік жағдаяттарда орынды қолдана алу. Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аударуды ұйымдастыру. II. Өткен сабақ пен жаңа сабақты сабақтастыру. III. Жаңа сабақ.
Мұғалім оқушыларды сөздік бойынша жаңа сөздер қатарымен таныстырады. Содан кейін мақал-мәтел үйренуге, оны көп білуге шақыратын мақал-мәтел туралы тақпақпен жұмыс жасайды. 1-тапсырмадағы «Сен мақал білесің бе?» деген сұраққа оқушылар өз қалауы бойынша жауап береді. Мысалы: Иә, білемін. Жоқ, білмеймін. Оқушылар әзірге мақал білмейтіндерін айтса да, келесі бөлімдердегі осындай сабақта оқушылардың жаубы өзгеретіні анық. Себебі «Мақал-мәтел үйренейік!» деген тақырып барлық бөлімде орын алады. Әр бөлімнің тақырыбына байланысты оқушылар бір жылда он бір мақал үйренеді. Оларды суретті түрде есте сақтауға тырысады, сондай-ақ оның қандай мағына беретінін айта алуға үйренеді. 2-тапсырмада оқушылар мұғалімнің көмегімен берілген суретті сипаттаудан бастайды, яғни оқушылар суреттен не көріп тұрғандарын айтады, содан кейін «Апағым!», «Жұмсағым!» сөздерінің мағынасы түсіндіріледі. Әрі оның сурет бойынша шындыққа сәйкес келмейтіні де айтылады. Әр ана үшін қандай болса да өз баласы бәрінен артық екені түсіндіріледі. 3-тапсырмада оқушылар отбасы тақарыбымен байланысты «Қарға баласын «аппағым» дейді, кірпі баласын «жұмсағы» дейді» деген мағынасы түсінікті болары сөзсіз. 4-тапсырмада мақалды толықтырып оқу арқылы тағы бір рет қайталай түсінеді. 5-тапсырма сөйлесім әрекетіне бағытталған. Оқушылар диалогті оқиды. Осы үлгі бойынша өзара сөйлпеседі. «Есте сақта!» айдарымен берілген сурет арқылы сабақ бекітіледі. Мұғалім осы сабақ арқылы оқушылардың бойынша өз ата-аналарына, туған-туыстарына деген зор сүйішпеншілік сезім қалыптастыруға тырысады.
Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықтағы лексика-грамматикалық тапсырмаларды бекіте түседі. IV. Жаңа сабақты қорытындылау. Мұғалімдер оқушылар арасында жағымды психологиялық жағдай қалыптастыра отырып сабақты аяқтайды.
№ ____ сабақ
Күні:______________
Сабақтың тақырыбы: Менің бөлмем
Сабақтың мақсаты: өз бөлмесі туралы айта алуға үйрету; тақырып бойынша белсенді сөздік қорды меңгерту. Күтілетін нәтиже: Пәндік: жинау, сүрту, тазалау, жуу деген сөздерді меңгер; өз бөлмелері туралы әңгімелей алу. Тұлғалық: өз бөлмелеріне ұқыптылықпен қарауға, тазалыққа ұмтылу. Жүйелік-әрекеттік: сабақ барысында меңгерген белсенді сөздік қор мен қарапайым үлгі құрылымдарды өзіне таныс өмірлік жағдаяттарда орынды қолдана алу. Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аударуды ұйымдастыру. II. Өткен сабақ пен жаңа сабақты сабақтастыру. III. Жаңа сабақ.
Оқулықтағы 1-тапсырма мен 2-тапсырма тығыз байланыста орындалады. Оқушылар 1-тапсырмада «Менің бөлмем таза» деген сөйлеммен танысса, 2-тапсырмада осы сөйлемдегі таза сөзін жарық, кең сөздерімен алмастыра қолдануға жаттығады. Осы үлгі бойынша мұғалімнің «Сенің бөлмең қандай?» деген сұрағына өз қалаулары бойынша (таза,жарық, кең) жауап береді. 3-тапсырмадағы суреттер бойынша оқушылар «Мен заттарымды жинаймын. Мен еден жуамын. Мен шаң сүртемін. Мен кілем тазалаймын» дегенисөйлем үлгілерімен танысады, оларды тыңдайды, қайталайды, оқиды. «Есте сақта» айдары бойынша шаң сөзінен туындайтын шаңсорғыш сөзімен танысады, оны сөйлем ішінде қолдануға үйренуге (Мен кілемді шаңсорғышпен тазалаймын). 4-тапсырмада осыған дейін үйренген сөйлемдерден құралған мәтінмен танысады, оны тыңдайды, мәнерлеп оқиды. Осы үлгі бойынша өз бөлмелері туралы әңгімелейді. «Есте сақта!» айдарында жинау етістігінің ауыспалы осы шақта қолданылуымен танысады, оны қайталап жаттығады. 5-тапсырмадағы сөздерді сәйкестендіріп оқу арқылы етістіктердің болымды, болымсыз түрі қайталанады. 6-тапсырмада берілген етістіктерді жіктеу есімдіктерімен толықтырып оқу арқылы оқушылар белсенді етістіктер қатарын қайталай түседі.
Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықтағы лексика-грамматикалық тапсырмаларды бекіте түседі. IV. Жаңа сабақты қорытындылау. Мұғалімдер оқушылар арасында жағымды психологиялық жағдай қалыптастыра отырып сабақты аяқтайды.
№ ____ сабақ
Күні:______________
Сабақтың тақырыбы: Мен анама көмектесемін
Сабақтың мақсаты: үйде көрсетілетін көмек туралы әңгімелей алуға үйрету. Күтілетін нәтиже: Пәндік: үйде аналарына қалай көмектесетіндерін айта алу. Тұлғалық: еңбекке, отбасы мүшелеріне көмек көрсетуге ұмтылу. Жүйелік-әрекеттік: сабақ барысында меңгерген белсенді сөздік қор мен қарапайым үлгі құрылымдарды өзіне таныс өмірлік жағдаяттарда орынды қолдана алу. Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аударуды ұйымдастыру. II. Өткен сабақ пен жаңа сабақты сабақтастыру. III. Жаңа сабақ.
Оқушылар 1-тапсырмада диалог арқылы (- Сен үйде кімге көмектесесің? – Мен анама көмектесемін әңгіменің көмек туралы болатынымен танысады. 2-тапсырмада осы сұраққа жауап болатын сөздер қатарын (анама, әкеме, атама, әжеме, ағама, әпкеме, ініме, қарындасыма/сіңліме) дұрыс қолдана білуге дағдыланады. Оқушылар отбасы мүшелерін атауларын еске түсіреді, сондай-ақ бұл сөздерді тәуелдік жалғаулы барыс септігінде (тек құрылым түрінде) қолдана білуге жаттығады. Осыдан кейін оқушылар бір-біріне сұрақ қойып (Сен үйде кімге көмектесесің?), сұраққа өз қалаулары бойынша жауап береді. 3-тапсырмада берілген суреттер юойынша оқушылар үйде көрсетілетін көмек түрлерімен танысады (Мен ыдыс жуамын. Мен дастарқан жасаймын. Мен гүлге су құямын). Оқушылар берілген сөйлем үлгілерін тыңдайды, қайталайды, оқиды. 4-тапсырмада осыған дейін айтылғандар жинақталып, берілген мәтінмен танысады. Мәтінді тыңдап, мәнерлеп оқиды. 5-тапсырмада үйдегі көмекке қатысты тіркестерді толықтырып оқу арқылы белсенді сөздік қор тағы бір қайталанады. 6-тапсырмадағы етістіктерді толықтырып оқу арқылы жіктік жалғаулары бекітіле түседі.
Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықтағы лексика-грамматикалық тапсырмаларды бекіте түседі. IV. Жаңа сабақты қорытындылау. Мұғалімдер оқушылар арасында жағымды психологиялық жағдай қалыптастыра отырып сабақты аяқтайды.
№ ____ сабақ
Күні:______________
Сабақтың тақырыбы: Інім
Сабақтың мақсаты: іні-қарындастарына қалай көмектесетіндерін, оларға ненімүйрететіндерін айта алуға үйрету Күтілетін нәтиже: Пәндік: отбасы мүшелерінеиқандай көмек көрсететіндеріниайта алу. Тұлғалық: ізеттілікке,көмек көрсетуге ұмтылу. Жүйелік-әрекеттік: сабақ барысында меңгерген белсенді сөздік қор мен қарапайым үлгі құрылымдарды өзіне таныс өмірлік жағдаяттарда орынды қолдана алу. Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аударуды ұйымдастыру. II. Өткен сабақ пен жаңа сабақты сабақтастыру. III. Жаңа сабақ.
Сөздік бойынша оқушыларға үйрету сөзінің мағынасы түсіндіріледі. Сөзді дұрыс дыбыстауға назар аударылады. 1-тапсырмадағы сурет бойынша оқушылар сабақтың көмек тақырыбымен байланысты екенін аңғарады. Суреттегі інісініңм «Маған көмектесші» деген өтініші арқылы әңгіменің көмек көрсету туралы болатыны айқындалады. Мұнда әңгіме оқушылар өздерінен кішілерге қалай көмектесетіні туралы болмақ. 2-тапсырмадағы кесте бойынша оқушылар, әдетте, аға-әпкелері,іні-қарындастарына үйрететін іс-әрекет түрлерімен (санауды, сурет салуды т.с.с.үйрету) танысады. Мысалы: Мен ініме санауды үйретемін. Бұл да өзіндік бір көмек түрі болып табылатыны белгілі. 3-тапсырмада оқушылар мәтінді тыңдайды,мәнерлеп оқиды. Осы үлгі бойынша оқушылар өздері үйде іні-қарындастарына қандай көмек көрсететіндерін,нені үйрететіндерін айтады. 4-тапсырмада оқушылар үйрету етістігін толықтырып оқу арқылы оны ауыспалы осы шақта жекеше/көпше түрде қолдануға жаттығады. 5-тапсырмада керісінше, үйдегі аға-әпкелерінің нені үйрететіндерін айта алуға үйренеді. 6-тапсырмадағы сөйлемдерді толықтырып оқу арқылы осы құрылымды бекіте түседі.
Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықтағы лексика-грамматикалық тапсырмаларды бекіте түседі. IV. Жаңа сабақты қорытындылау. Мұғалімдер оқушылар арасында жағымды психологиялық жағдай қалыптастыра отырып сабақты аяқтайды.
№ ____ сабақ
Күні:______________
Сабақтың тақырыбы: Сен үйде не істейсің?
Сабақтың мақсаты: үйде немен айналысатынын, қандай көмек көрсететінін айта алуға үйрету. Күтілетін нәтиже: Пәндік: үйде немен айналысатынын айта алу. Тұлғалық: еңбекке, көмек көрсетуге ұмытылу. Жүйелік-әрекеттік: сабақ барысында меңгерген белсенді сөздік қор мен қарапайым үлгі құрылымдарды өзіне таныс өмірлік жағдаяттарда орынды қолдана алу. Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аударуды ұйымдастыру. II. Өткен сабақ пен жаңа сабақты сабақтастыру. III. Жаңа сабақ.
1-тапсырма арқылы көмек тақырыбымен байланысты сөздер қатары суреттер бойынша қайталанады:дастарқан жасау, еден жуу, гүлге су құю,шаң сүрту, кілем тазалау.2-тапсырмадағы үлгі бойынша оқушылар «Сен үйдене істейсің?» деген сұраққа жауап береді. 3-тапсырмада етістіктерді болымды,болымсыз түрімен сәйкестендіріп оқу арқылы белсенді сөздік қор қайталанады және олардың болымсыз түрі (1жақта) жаттықтырылады (жуамын-жумаймын,сүртемін-сүртпеймін, тазалаймын-тазаламаймын, құямын-құймаймын,жинаймын-жинамаймын, көмектесемін-көмектеспеймін). 4-тапсырмадағы диалогті толықтырып оқу арқылы аталған етістіктердің қолданысы бекітіле түседі. 5-тапсырмадағы сөйлемдерді толықтырыпоқу арқылы жіктік жалғаулары қайталанады. 6-тапсырмадағы диолог бойынша сөйлесім әрекетіне көңіл бөлінеді. Оқушылар берілген үлгі бойынша үйде кімге көмектесетіндерін және қандай көмек көрсететіндерін айта алады.
Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықтағы лексика-грамматикалық тапсырмаларды бекіте түседі. IV. Жаңа сабақты қорытындылау. Мұғалімдер оқушылар арасында жағымды психологиялық жағдай қалыптастыра отырып сабақты аяқтайды.
№ ____ сабақ
Күні:______________
Сабақтың тақырыбы: Еңбек туралы мақал
Сабақтың мақсаты: ауыз әдебиеті үлгілерінің бірі – мақал-мәтел туралы түсінік беру. Күтілетін нәтиже: Пәндік: белгілі бір тақырыпқа байланысты мақалмен танысу, оның мәнін түсіну. Тұлғалық: отбасы мүшелерін құрметтей білу; аға-іні, әпке-қарындастарын мақтан тұту. Жүйелік-әрекеттік: сабақ барысында меңгерген белсенді сөздік қор мен қарапайым үлгі құрылымдарды өзіне таныс өмірлік жағдаяттарда орынды қолдана алу. Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аударуды ұйымдастыру. II. Өткен сабақ пен жаңа сабақты сабақтастыру. III. Жаңа сабақ.
Мұғалім оқушыларды сөздік бойынша жаңа сөздер қатарымен таныстырады, сөздердің мағынасын түсіндіреді, олардың дұрыс дыбысталуына көңіл бөледі. 1-тапсырма арқылы оқушылар мақал-мәтелдер туралы тақпақты хормен қайталайды. 2-тапсырмада оқушылар 1-бөлімде өткен отбасы туралы «Қарға баласын «аппағым» дейді, кірпі баласын «жұмсағым» дейді» деген мақалды толықтырып оқу арқылы еске түсіреді. 3-тапсырмадағы сурет арқылы оқушылар жаңа мақалмен танысады. Ең алдымен сурет бойынша жұмыс жүргізіледі. Оқушылар сурет бойынша баланың ағаштағы көп алманы көріп, не ойлап тұрғанын айтады. Оқушылардың пікірі әртүрлі болуы мүмкін. Ал екінші сурет арқылы мақалмен танысады. 4-тапсырмада оқушылар еңбек туралы «Көз қорқақ, қол боатыр» деген мақалды қайталайды. Сондай-ақ оқушылар осы тапсырмада аталған мақалдың қандай мағына беретінін айта алуға үйренеді. 5-тапсырма сөйлесім әрекетіне арналған. Оқушылар берілген үлгі бойынша мақал туралы сөйлесуге үйренеді. 6-тапсырмадағы сұрақтарға жауап беру арқылы (Сен қандай мақал білесің? Бұл мақал қандай мағына береді?) оқушылар мақал туралы білімдерін қорытындылайды.
Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықтағы лексика-грамматикалық тапсырмаларды бекіте түседі. IV. Жаңа сабақты қорытындылау. Мұғалімдер оқушылар арасында жағымды психологиялық жағдай қалыптастыра отырып сабақты аяқтайды.
№ ____ сабақ
Күні:______________
Сабақтың тақырыбы: Ас болсын!
Сабақтың мақсаты: ата-аналарына дастарқан жасауға қалай көмектесетіндері туралы айта алуға үйрету. Күтілетін нәтиже: Пәндік: ыдыс атауларын қайталау; үйде дастарқан жасауға қалай көмектесетіндері туралы айта алу. Тұлғалық: үйде ата-аналарына көмек беруге ұмтылу. Жүйелік-әрекеттік: сабақ барысында меңгерген белсенді сөздік қор мен қарапайым үлгі құрылымдарды өзіне таныс өмірлік жағдаяттарда орынды қолдана алу. Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аударуды ұйымдастыру. II. Өткен сабақ пен жаңа сабақты сабақтастыру. III. Жаңа сабақ.
Оқушылар 1-тапсырмадағы сурет бойынша бала туралы сұраққа жауап береді. «Ол не істейді?» деген сұраққа оқушылар баланың қолындағы қасық пен шанышқығамқарап, оның тамақ ішетінін айтады. 2-тапсырмадағы «Сен не айтасың?» деген сұраққа оқушылар «Ас болсын!» деген жуапты таңдайды. Тамақ ішіп отырған адамдарға «Ас болсын!» деп айтатыны еске түсіріледі. Сондай-ақ «Есте сақта!» айдары бойынша «Ас болсын!», «Асыңыз дәмді болсын!», «Ас дәмді болсын» деген бірнеше нұсқамен танысады. 3-тапсырмадағы сұраққа (Дастарқанда қандай ыдыстар бар?) оқушылар сурет бойынша жауап береді. Олар дастарқандағы ыдыстарды (шанышқы, тәрелке, қасық, кесе) атайды.-тапсырмада тыңдалым және оқылым әрекетіне көңіл бөлінеді. Оқушылар Анар туралы мәтінді аудиотаспадан тыңдайды, мәнерлеп оқиды. 5-тапсырма осы мәтін мазмұны бойынша орындалады. Оқушылар мәтін бойынша берілген сұрақтарға (Анар үйде кімге көмектеседі? Ол не істейді? Ол дастарқанға қандай ыдыстар қояды? Дастарқанға тамақты кім қояды?) жауап беру арқылы мәтін мазмұнын қаншалықты түсінгендерін көрсетеді. Оқушылар осы үлгі бойынша өздері үйде дастарқан жасауға қалай көмектесетіндері туралы айта алады. 6-тапсырмада оқушылар сөздерді буынға бөлу, сондай-ақ қандай буын екенін ажыратып айту арқылы жуан, жіңішке дауысты дыбыстарды қайталайды.
Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықтағы лексика-грамматикалық тапсырмаларды бекіте түседі. IV. Жаңа сабақты қорытындылау. Мұғалімдер оқушылар арасында жағымды психологиялық жағдай қалыптастыра отырып сабақты аяқтайды.
Үйге тапсырма: сөздерді жаттау, бесінші тапсырма
№ ____ сабақ
Күні:______________
Сабақтың тақырыбы: Менің сүйікті тағамым
Сабақтың мақсаты: сүйікті тағамдары туралы айта алуға үйрету. Күтілетін нәтиже: Пәндік: тағам атауларын қайталау; қандай тағамды жақсы көретінін айта алу. Тұлғалық: асқа құрметпен қарауға, дұрыс тамақ тамақтануға тырысу. Жүйелік-әрекеттік: сабақ барысында меңгерген белсенді сөздік қор мен қарапайым үлгі құрылымдарды өзіне таныс өмірлік жағдаяттарда орынды қолдана алу. Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аударуды ұйымдастыру. II. Өткен сабақ пен жаңа сабақты сабақтастыру. III. Жаңа сабақ.
1-тапсырмада бойынша оқушылар ет, көже, қуырдақ, ботқа, мәнті, палау сөздерін қайталайды, олардың дұрыс дыбысталуына назар аударады. Сондай-ақ берілген сөйлемді толықтырып айту арқылы ( Менің сүйікті тағамым-....) өздерінің сүйікті тағамдарын атайды. 2-тапсырмадағы кесте бойынша оқушылар нені (қандай тағамды) жақсы көретіндерін айта алуға жаттығады. Тағам атауларын табыс септігінің жалғауымен қолдана білуге дағдыланады. 3-тапсырмадағы мәтінді тыңдайды, мәнерлеп оқиды. Осы үлгі бойынша өздерінің сүйікті тағамдары туралы әңгімелейді. « Есте сақта!» айдарында оқушылар табыс септігі жалғауының қолданылуымен танысады. Табыс септігінің жалғауларын 4-тапсырмадағы кестеде берілген сөздерге жалғау арқылы бекіте түседі. Оқушылар жуан, жіңішке дауысты дыбыстарды ажырата алатындықтан, берілген сөздерге үндестік заңы бойынша табыс септігінің жалғауын таңдап, оны осы құрылымдық үлгіде есте сақтайды. 5-тапсырмадағы сұраққа жауап беру арқылы (Сен нені жақсы көресің) табыс септігінің жалғаулары сөйлем ішінде жаттықтырыла түседі. 6-тапсырмадағы сөйлемдерді толықтырып оқу арқылы (Ол .... жейді. Ол ... жақсы көреді) тақырыпқа қатысты белсенді лексика , сондай-ақ табыс септігінің жалғаулары бекітіледі.
Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықтағы лексика-грамматикалық тапсырмаларды бекіте түседі. IV. Жаңа сабақты қорытындылау. Мұғалімдер оқушылар арасында жағымды психологиялық жағдай қалыптастыра отырып сабақты аяқтайды.
№ ____ сабақ
Күні:______________
Сабақтың тақырыбы: Сүт
Сабақтың мақсаты: сүтті сипаттай алуға, сүттің пайдасы туралы айта алуға үйрету. Күтілетін нәтиже: Пәндік:сүтті сипаттай алу,оның денсаулыққа пайдалы екенін айта алу. Тұлғалық: дұрыс тамақтанудың денсаулыққа пайдасын түсіну. Жүйелік-әрекеттік: сабақ барысында меңгерген белсенді сөздік қор мен қарапайым үлгі құрылымдарды өзіне таныс өмірлік жағдаяттарда орынды қолдана алу. Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аударуды ұйымдастыру. II. Өткен сабақ пен жаңа сабақты сабақтастыру. III. Жаңа сабақ.
Сөздік бойынша жаңа сөздермен жұмыс жасалады. Содан кейін оқушылар мұғалімнің көмегімен 1-тапсырмадағы суретті сипаттайды. Оқушылар суреттегі қыздың сүт ішіп отырғанын көріп тұрғандарын айтады. Ол үшін мұғалім тірек сұрақтар қоя алады. Мысалы : Мынау ұл бала ма, қыз бала ма? Ол үлкен бе, кішкентай ма? Ол не ішеді? Содан кейін кішкентай қыздың сөзіне назар аударылады. Қыздың неге сүт ішетіні түсіндіріледі (Қыз неге сүт ішеді? Себебі ол сүтті жақсы көреді). 2-тапсырмада оқушылар тірек сөздер арқылы сүтті сипаттайды. (Сүт ақ, дәмді,сұйық болады). 3-тапсырмадағы мәтін арқылы оқушылар оқылым дағдыларын қалыптастырады, сондай-ақ сүт туралы толық ақпарат алады. 4-тапсырмадағы сұрақтарға осы мәтін бойынша жауап беру арқылы өз білімдерін бекіте түседі. Нәтижесінде сүттің қандай болатынын,оның денсаулыққа неге пайдалы екенін мәтін арқылы айта алады. 5-тапсырмадағы сөйлемді толықтырып оқу арқылы оқушылар қант, какао, бал, тосап деген сөздер қатарын қайталаумен қатар, олардың тәтті болатынын, сондықтан сүтке қосса, сүттің дәмі өзгеретінін айта алады. Сондай – ақ оқушылардан олардың өздері сүтке не қосатындарын сұрауға болады. 6-тапсырма оқушылардың қызығушылығын туғызатыны сөзсіз. Әрине, тәжірибе жасау мүмкіндігі болса, оқушылар үшін тіптен қызық болары сөзсіз. Бұл тапсырма 1-жағдайдағы үлгі бойынша орындалады. Яғни оқушылар сүтке қант, какао, бал, тосап қосқанда, сүт қандай өзгеріске түсетінін айтады. Оқушылардың жауабындағы негізгі сөздер дәмі, түсі, өзгереді, өзгермейді деген сөздер болады.
Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықтағы лексика-грамматикалық тапсырмаларды бекіте түседі. IV. Жаңа сабақты қорытындылау. Мұғалімдер оқушылар арасында жағымды психологиялық жағдай қалыптастыра отырып сабақты аяқтайды.
№ ____ сабақ
Күні:______________
Сабақтың тақырыбы: Сүт тағамдары
Сабақтың мақсаты: сүт туралы білімдерін толықтыру; сүт тағамдары туралы айта алуға үйрету. Күтілетін нәтиже: Пәндік:сүттен жасалатын тағамдарды атай алу, олардың ненің сүтінен жасалатынын айта алу. Тұлғалық: сүт тағамдарының пайдасын түсіне білу. Жүйелік-әрекеттік: сабақ барысында меңгерген белсенді сөздік қор мен қарапайым үлгі құрылымдарды өзіне таныс өмірлік жағдаяттарда орынды қолдана алу. Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аударуды ұйымдастыру. II. Өткен сабақ пен жаңа сабақты сабақтастыру. III. Жаңа сабақ.
Сөздік бойынша жаңа сөздермен жұмыс жүргізіледі. 1-тапсырма бойынша оқушылар сүт тағамдарының сүттен жасалатынымен танысады. Дастарқандағы өздеріне таныс сүт тағамдарын атайды. 2-тапсырма арқылы оқушылар сүт тағамдарының атауын меңгереді. 3-тапсырмадағы кесте бойынша оқушылар сүттен не жасалатынын айтады. Мұнда сүт сөзіне жалғанған шығыс септігінің жалғауына назар аударылады. 4-тапсырмадағы сөйлемдерді толықтырып оқу арқылы оқушылар қымыз бен шұбаттың айырмашылығын түсінеді. Яғни сүт тағамдарының көпшілігі сиырдың сүтінен жасалатынына да назар аударады. 5-тапсырмадағы мәтін арқылы оқушылар сүт тағамдары туралы толық ақпарат алады, тыңдалым, оқылым әрекетіне көңіл бөлінеді. 6-тапсырмадағы сұрақтарға осы мәтін бойынша жауап беру арқылы мәтіннің мазмұнын қаншалықты түсінгедері анықталады. Содан кейін өздері сүт тағамдары туралы әңгімелей алады.
Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықтағы лексика-грамматикалық тапсырмаларды бекіте түседі. IV. Жаңа сабақты қорытындылау. Мұғалімдер оқушылар арасында жағымды психологиялық жағдай қалыптастыра отырып сабақты аяқтайды.
№ ____ сабақ
Күні:______________
Сабақтың тақырыбы: Балмұздақ
Сабақтың мақсаты: балмұздақ туралы өлеңмен таныстыру, өлеңнің мазмұнын айта алуға үйрету, өлең арқылы сүт тағамдары туралы білімдерін толықтыру. Күтілетін нәтиже: Пәндік: балмұздақтың сүттен жасалатынын, оның қандай болатынын және балмұздақ туралы өлеңнің мазмұнын айта алу. Тұлғалық: танымдық білімдерін арттыру. Жүйелік-әрекеттік: сабақ барысында меңгерген белсенді сөздік қор мен қарапайым үлгі құрылымдарды өзіне таныс өмірлік жағдаяттарда орынды қолдана алу. Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аударуды ұйымдастыру. II. Өткен сабақ пен жаңа сабақты сабақтастыру. III. Жаңа сабақ.
1-тапсырмадағы тірек сөздер бойынша (ақ, тәтті, дәмді, суық) оқушылар балмұздақтың қандай болатынын сипаттайды. Өздерінің балмұздақ жейтін-жемейтіндерін, балмұздақты жақсы көретінін-көрмейтіндерін айтады. 2-тапсырма арқылы оқушылар жегім келеді деген құрылыммен танысады. 3-тапсырмада оқушылар сурет бойынша жеміс-жидектер, түрлі тәттілер мен сусындарды атайды. Берілген құрылымды толықтырып оқу арқылы (Менің ... жегім келеді. Менің ... жегім келмейді. Менің ... ішкім келеді. Менің ... ішкім келмейді) қалау райды құрылымдық үлгіде қолдануға жаттығады. Содан кейін оқушылар өздерінің қалауы бойынша параққа төрт сурет салады. Оның біреуі жегісі келетін, біреуі жегісі келмейтін, біреуі ішкісі келетін, біреуі ішкісі келмейтін нәрсе болуы тиіс. Оқушылар өз суреттерін көрсете отырып, қалау рай формасын құрылымдық үлгіде қолданады. 4-тапсырмада оқушылар «Балмұздақ» деген өлеңмен танысады. Оны аудиотаспадан тыңдайды, мәнерлеп оқиды, мұғалім оқушыларға өлеңнің мазмұнын түсіндіріледі. Өлеңдегі:
«Дәмі оның балдай,
Өзі аппақ қардай.
Суық екен мұздай,
Тәп-тәтті ғой сондай!»
деген жолдарды түсіндіру үшін мұғалім «Еске сақта!» айдарымен берілген балдай тәтті, қардай аппақ, сүттей дәмді, мұздай суық деген тіркестерді түсіндіруге бағытталған тірек суреттерге сүйенеді. 5-тапсырма арқылы оқушылар құрылымдық үлгі бойынша өлең қалай аталатынын және өлең не туралы екенін айта алуға жаттығады. 6-тапсырмада оқушылар берілген сөздерді буынға бөлу, сөзде неше буын, қандай буын бар екенін ажыратып айту арқылы жуан, жіңішке дауысты дыбыстарды қайталайды.
Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықтағы лексика-грамматикалық тапсырмаларды бекіте түседі. IV. Жаңа сабақты қорытындылау. Мұғалімдер оқушылар арасында жағымды психологиялық жағдай қалыптастыра отырып сабақты аяқтайды.
№ ____ сабақ
Күні:______________
Сабақтың тақырыбы: Ас, тағам туралы мақал
Сабақтың мақсаты: ауыз әдебиеті үлгілерінің бірі – иһмақал-мәтел туралы түсінік беру; ас, тағам туралы мақалмен толықтыру. Күтілетін нәтиже: Пәндік: белгілі бір тақырыпқа байланысты мақалмен танысу, оның мәнін түсіну. Тұлғалық: асты, тағамды қадірлей білуді түсіну. Жүйелік-әрекеттік: сабақ барысында меңгерген белсенді сөздік қор мен қарапайым үлгі құрылымдарды өзіне таныс өмірлік жағдаяттарда орынды қолдана алу. Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аударуды ұйымдастыру. II. Өткен сабақ пен жаңа сабақты сабақтастыру. III. Жаңа сабақ.
1-тапсырма арқылы оқушылар мақал-мәтелдер туралы тақпақты хормен қайталайды. 2-тапсырмада оқушылар алғашқы екі бөлімде өткен отбасы және еңбек туралы «Қарға баласын «аппағым» дейді, кірпі баласын «жұмсағын» дейді», «Көз қорқақ, қол батыр» деген мақалдарды толықтырып оқу арқылы еске түсіреді. 3-тапсырмадағы сурет бойынша нанның дастарқандағы басты ас екенімен танысады. Мұғалім оқушыларға оның мағынасын түсіндіреді. 4-тапсырмада оқушылар ас, тағам туралы «Ас атасы - нан» деген мақалмен танысады. Сондай-ақ оқушылар осы тапсырмада аталған мақалдың қандай мағына беретінін айта алуға үйренеді. 5-тапсырма сөйлесім әрекетіне арналған. Оқушылар берілген үлгі бойынша мақал туралы сөйлесуге үйренеді. 6-тапсырмадағы сұрақтарға жауап беру арқылы (Сен қандай мақал білесің? Бұл мақал қандай мағына береді? ) оқушылар мақал туралы білімдерін қорытындылайды.
Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықтағы лексика-грамматикалық тапсырмаларды бекіте түседі. IV. Жаңа сабақты қорытындылау. Мұғалімдер оқушылар арасында жағымды психологиялық жағдай қалыптастыра отырып сабақты аяқтайды.
Үйге тапсырма: сөздерді жаттау барлығын қайталау
№ 18 сабақ
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан
Сабақтың мақсаты: оқушыларға Қазақстанда тұратындарын айта алуды үйрету; Қазақстанның жері, елордасы, елбасы туралы ақпарат беру. Күтілетін нәтиже: Пәндік: өзінің Қазақстанда тұратынын және Қазақстанның жері қандай екенін, елбасы кім, елордасы қай қала екенін айта алу. Тұлғалық: туған жеріне сүйіспеншілік сезіммен қарау, туған жерін, елін мақтан тұту. Жүйелік-әрекеттік: сабақ барысында меңгерген белсенді сөздік қор мен қарапайым үлгі құрылымдарды өзіне таныс өмірлік жағдаяттарда орынды қолдана алу. Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аударуды ұйымдастыру. II. Өткен сабақ пен жаңа сабақты сабақтастыру. III. Жаңа сабақ.
1-тапсырма бойынша оқушылар өздерінің Қазақстанда тұратындарын және Қазақстан жерінің үлкен екенін айта алады. 2-тапсырмада сөйлесім әрекетіне көңіл бөлінеді. Оқушылар тақырып бойынша сұрақ қоюға оқушылардың назары ілік септігі мен тәуелдік жалғауына аударылады. Оқушылар Қазақстанның жері, Қазақстанның астанасы, Қазақстанның Президенті деген тіркестерді дұрыс қолдана білуге дағдыланады. 4-тапсырмада оқушылар кесте бойынша жұмыс жасайды. Олар кестедегі ақпаратты пайдаланып, Қазақстанның президенті, астанасы, жері туралы сөйлемдер құрап айтады. «Еске сақта!» айдары бойынша оқушыларға ел сөзімен бірігу арқылы жасалған елорда, елбасы сөздерінің мағынасы түсіндіріледі. 5-тапсырмада оқушылар Қазақстан туралы толық мәтін үлгісімен танысады. Мәтінді аудтотаспадан тыңдау, мәнерлеп оқу жұмыстары жүргізіледі. Мәтін бойынша 6-тапсырмада берілген сұрақтарға жауап беру арқылы мәтін мазмұнын қаншалықты толық түсінгендерін көрсетеді.
Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықтағы лексика-грамматикалық тапсырмаларды бекіте түседі. IV. Жаңа сабақты қорытындылау. Мұғалімдер оқушылар арасында жағымды психологиялық жағдай қалыптастыра отырып сабақты аяқтайды.
№ ____ сабақ
Күні:______________
Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның елордасы
Сабақтың мақсаты: Қазақстанның елордасы туралы айта алуға үйрету. Күтілетін нәтиже: Пәндік: Астана қаласы туралы әңгімелей алу. Тұлғалық: туған жерін, еліміздің астанасын мақтан тұту. Жүйелік-әрекеттік: сабақ барысында меңгерген белсенді сөздік қор мен қарапайым үлгі құрылымдарды өзіне таныс өмірлік жағдаяттарда орынды қолдана алу. Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аударуды ұйымдастыру. II. Өткен сабақ пен жаңа сабақты сабақтастыру. III. Жаңа сабақ.
Сөздік бойынша оқушыларға ғимарат және ескерткіш сөзінің мағынасы түсіндіріледі. 1-тапсырмадағы тірек сөздер бойынша (әдемі, үлкен,жас)оқушылар «Астана қандай қала?» деген сұраққа жауап береді. 2-тапсырмада оңтүстік, солтүстік, батыс, шығыс сөздері қайталанады. Берілген сөйлемді толықтырып оқу арқылы оқушылар Астана қаласының Солтүстік Қазақстанда орналасқанын айтады. 3-тапсырма арқылы көптік жалғауы қайталанады. Сөздерді сәйкестендіріп оқу арқылы оқушылар үй,саябақ,ескерткіш,ғимарат сөздерінің көпше түрін есте сақтайды. Олардың не?нелер?сұрағына жауап беретініне назар аударылады. 4-тапсырмада оқушылар Қазақстанның елордасы туралы мәтінмен танысады. Мәтінді тыңдау,мәнерлеп оқу жұмыстары жүргізіледі. Содан кейін мәтінді 5-тапсырмадағы кесте бойынша әңгімелейді. 6-тапсырмадағы сұрақтарға жауап беру арқылы мәтіннің мазмұнын қаншалықты меңгергендерін байқатады. 7-тапсырмадағы сөздерді буынға бөлу,жуан,жіңішке буынды ажыратып айту арқылы жуан, жіңішке дауысты дыбыстарды қайталайды.
Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықтағы лексика-грамматикалық тапсырмаларды бекіте түседі. IV. Жаңа сабақты қорытындылау. Мұғалімдер оқушылар арасында жағымды психологиялық жағдай қалыптастыра отырып сабақты аяқтайды.
№ ____ сабақ
Күні:______________
Сабақтың тақырыбы: Саяхат
Сабақтың мақсаты: қайда сапар шегетіндерін, яғни қай қалаға баратынын айта алуға үйрету. Күтілетін нәтиже: Пәндік: Қазақстан қалаларының қайда орналасқанын және өзінің қай қалаға баратынын айта алу. Тұлғалық: саяхатқа, Қазақстанның қалаларын аралауға деген қызығушылыққа ұмтылу. Жүйелік-әрекеттік: сабақ барысында меңгерген белсенді сөздік қор мен қарапайым үлгі құрылымдарды өзіне таныс өмірлік жағдаяттарда орынды қолдана алу. Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аударуды ұйымдастыру. II. Өткен сабақ пен жаңа сабақты сабақтастыру. III. Жаңа сабақ.
Сөздік бойынша оқушылар саяхат сөзімен танысады. 1-тапсырмадағы диалог бойынша оқушылар суреттегі екінші баланың Астана қаласына бара жатқанымен танысады. Оқушылар «Сен қайда барасың?» деген сұрақты меңгереді. Бұл сұрақты жауабын 2-тапсырмадағы кесте бойынша толықтырады. Оқушылар барыс септігінің жалғауын дұрыс қолдана білуге жаттығады. «Еске сақта!» айдары бойынша барамын етістігінің ауыспалы келер шақта (жекеше/көпше түрде) қолданылуымен танысады. Жіктік жалғауларының өзгеруіне назар аударады. 3-тапсырмада оқушылар катта бойынша жұмыс жасайды. Карта бойынша Қазақстанның қалаларын атай алалы. Тапсырмада берілген үлгі бойынша оқушылар өзара қай қаланың Қазақстанның қай бөлігіне (солтүстік, оңтүстік, шығыс, батыс) орналасқаны туралы сөйлеседі. 4-тапсырма бару етістігінің ауыспалы келер шақтағы қолданысып бекіте түсуге бағытталған. Оқушылар берілген сөйлемдерді толықтырып оқу арқылы жіктік жалғауларын қайталайды. 5-тапсырмадағы үлгі бойынша сөйлеу үшін оқушылар 3-тапсырмада берілген картаға сүйене алады. Оқушылар карта бойынша Қазақстанның бір қаласын таңдайды. Сол қалаға сапар шегетінін және оның қандай қала екенін айта алады. 6-тапсырмада оқушылар сурет бойынша баланың қайда баратынын айтады, тапсырмада барыс септігінің жалғауына көңіл бөлінеді.
Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықтағы лексика-грамматикалық тапсырмаларды бекіте түседі. IV. Жаңа сабақты қорытындылау. Мұғалімдер оқушылар арасында жағымды психологиялық жағдай қалыптастыра отырып сабақты аяқтайды.
№ 21 сабақ
Сабақтың тақырыбы: Табиғат
Сабақтың мақсаты: Қазақстанның табиғаты, көрікті жерлері туралы айта алуға үйрету, тақырып бойынша белсенді сөздік қорды меңгеру. Күтілетін нәтиже: Пәндік: табиғатпен байланысты белсенді сөздік қорды қайталау Қазақстанның көрікті жерлерін атай алу. Тұлғалық: білімді, жан-жақты болуға талпыну, Қазақстанның қалаларымен танысуға деген қызығушылықты арттыру. Жүйелік-әрекеттік: сабақ барысында меңгерген белсенді сөздік қор мен қарапайым үлгі құрылымдарды өзіне таныс өмірлік жағдаяттарда орынды қолдана алу. Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аударуды ұйымдастыру. II. Өткен сабақ пен жаңа сабақты сабақтастыру. III. Жаңа сабақ.
1-тапсырма бойынша оқушылар картада өзен, көл, теңіз, мұхит көгілдір түспен берілетінін қайталайды. Карта бойынша осы уақытқа дейін меңгерген өзен-көл атауларын (Есіл, Жайық өзенін, Балқаш, Зайсан көлін) тауып көрсете алады. 2-тапсырмадағы үлгі бойынша өзара өзен-көлдер туралы сөйлеседі. Олардың Қазақстанның қай бөлігінде орналасқанын айтады. 3-тапсырмадаоқушылар «Табиғат деген не?» сөрағына жауап беру арқылы табиғатқа не жататымен танысады. Табиғатқа қатысты белсенді сөздік қорды (бұлт, тау, орман, өзен, көл т.б) меңгереді. 4-тапсырмадағы кесте бойынша оқушылар Алматы, Астана, Семей, Көкшетаудың мақтанышы болып саналатынын өзен, көл, таулармен танысады. (Мысал: Астананың мақтанышы – Есіл өзені. Көкшетаудың мақтанышы – Бурабай көлі). 5-тапсырмада оқушылар Қазақстанның табиғаты туралы мәтінмен жұмыс жасайды. Мәтінді аудиотаспадан тыңдайды, мәнерлеп оқиды. 6-тапсырмадағы сұрақтарға жауап беру арқылы мәтінді қаншалықты түсіндерін байқатады. 7-тапсырмадағы сұраққа жауап беру арқылы оқушылар табиғат тақырыбымен тығыз байланысты тау, орман, өзен сөздерін сурет бойынша қайталайды, оларды барыс септігінде дұрыс қолдана білуге жаттығады.
Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықтағы лексика-грамматикалық тапсырмаларды бекіте түседі. IV. Жаңа сабақты қорытындылау. Мұғалімдер оқушылар арасында жағымды психологиялық жағдай қалыптастыра отырып сабақты аяқтайды.
№ 22 сабақ
Сабақтың тақырыбы: Жазғы демалыс
Сабақтың мақсаты: жазғы демелысы туралы әңгімелей алуға үйрету. Күтілетін нәтиже: Пәндік: демалыста кіммен, қайда барғанын айта алу. Тұлғалық: демалыс уақытын қызықты өткізе білуге ұмтылу. Жүйелік-әрекеттік: сабақ барысында меңгерген белсенді сөздік қор мен қарапайым үлгі құрылымдарды өзіне таныс өмірлік жағдаяттарда орынды қолдана алу. Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аударуды ұйымдастыру. II. Өткен сабақ пен жаңа сабақты сабақтастыру. III. Жаңа сабақ.
1-тапсырмадағы мәтін арқылы оқушылар Маржанның жазғы демалысы туралы мәтінмен танысады. Оқушылар мәтін арқылы Маржанның жазда Көкшетауға барғанын, Көкшетудың Солтүстік Қазақстанда екенін, сондай-ақ Малжанның бұл сапарға ата-анасымен бірге машинамен барғанын біледі. 2-тапсырмадағы сұрақтарға жауап беру арқылы оқушылар мәтін мазмұнына қатысты негізгі сұрақтармен танысады. «Есте сақта!» айдары бойынша оқушылар бару етістігімен тіркесе қолданылатын негізгі сұрақтар қатарын қайталайды. Әдетте бару етістігі қайда? (қай жерге), кіммен? немен? Деген сұрақтармен жиі қолданылады. Яғни осы сабақта оқушылар кіммен қайда, қалай (немен?) барғанын айта алуы қажет. Осыған орай олар сабақ барысында барыс және көмектес септігінің жалғауларын дұрыс қолдана білуге жаттығады. 3-тапсырмада оқушылар Асқардың хатымен танысады. Бұл хаттың Маржанға қатысты мәтіннен айырмашылығы – оқушылар тек мәтінмен танысып қоймайды, нәтижесінде өздері де осы үлгіде достарына хат жазуға талпынады. Осы хаттың құрылымын сақтай отырып, өз сапарлары туралы жаза алады. 4-тапсырмадағы сұрақтар оқушылардың өздеріне бағытталған. Оқушылар бұл сұрақтарға өз қалаулары бойынша жауап бере алады. 5-тапсырма бару етістігінің өткен шақта жекеше, көпше түрде жіктелуін жаттықтыруға бағытталған. 6-тапсырмадағы сөйлемдерді толықтырып оқу арқылы оқушылар жіктік жалғауларын қайталайды.
Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықтағы лексика-грамматикалық тапсырмаларды бекіте түседі. IV. Жаңа сабақты қорытындылау. Мұғалімдер оқушылар арасында жағымды психологиялық жағдай қалыптастыра отырып сабақты аяқтайды.
№
23 сабақ Сабақтың тақырыбы:
Тәуелсіз Қазақстан Сабақтың мақсаты:
Қазақстанның мемлекеттік
рәміздері туралы әңгімелей алуға үйрету.
Күтілетін
нәтиже: Пәндік: Қазақстанның мемлекеттік
рәміздерін сипаттай алу. Тұлғалық: өз елінің мемлекеттік
рәміздерін құрмет тұту, мақтан ету.
Жүйелік-әрекеттік: сабақ барысында меңгерген
белсенді сөздік қор мен қарапайым үлгі құрылымдарды өзіне таныс
өмірлік жағдаяттарда орынды қолдана алу.
Сабақ
барысы: I. Ұйымдастыру
кезеңі. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Оқушылардың көңілін сабаққа аударуды
ұйымдастыру. II. Өткен сабақ пен жаңа
сабақты сабақтастыру. III. Жаңа сабақ.
1-тапсырма арқылы
оқушылар тәуелсіз сөзінің қолданысымен танысады.
2-тапсырмадағы диалог бойынша оқушылар
тәуелсіз деген
сөздің еркін деген мағына беретінін
үйренеді. 3-тапсырмадағы кесте бойынша
оқушылар тәуелсіз,
еркін сөздерінің сөйлемдегі
қолданысын жаттықтырады. 4-тапсырмадағы кесте бойынша оқушылар
тәуелсіқ мемлекеттің туы, елтаңбасы, гимні болатыны және олардың
мемлекеттік рәміздер деп аталатыны туралы ақпарат алады. яғни
мемлекеттіктрәміздер тәуелсіздік белгісі болып табылытынын
түсінеді. 5-тапсырмада оқушылар тәуелсіз Қазақстан, Қазақстанның
мемлекеттік рәміздері туралы мәтінмен танысады. «Есте сақта!»
айдары бойынша ту – байрақ –
жалау сөздерінің қолданысы мен
мағынасы түсіндіріледі. Осыдан кейін оқушыларға мәтіннің мазмұнын
кесте түрінде беруді ұсынуға болады. Оқушылар 4тапсырмадағы
кестенің негізінде өз нұсқаларын жасау арқылы тәуелсіз Қазақстан
туралы ақпаратты, өздерінің білетіндерін жинақтап көрсете алады.
6-тапсырмадағы сөздерді буынға бөлу, жуан, жіңішке буынды сөздерді
ажыратып айту арқылы жуан, жіңішке дауысты дыбыстарды
қайталайды. Сергіту
сәті: Күннің шыққаны жақсы ма?
(күнді бейнелейді)
Жақсы! (алақандарын соғады)
Желдің соққаны жақсы ма? (желді бейнелейді)
Жақсы! (алақандарын соғады)
Достарыңмен жүрген жақсы ма? (адымдайды)
Анаңды құшақтаған жақсы ма? (өздерін құшақтайды)
Жақсы! (алақандарын соғады)
Туған өлкеде жақсы ма? (құшақтарын жаяды)
Жақсы! (алақандарын соғады)
Үйіміз бар жерде жақсы ма? (үйді бейнелейді)
Жақсы! (алақандарын соғады)
Биде айналған жақсы ма? (айналады)
Жақсы! (алақандарын соғады)
Қазақстандық болған жақсы ма?
(бас бармақтарын көрсетеді)
Жақсы! (алақандарын соғады) Жұмыс дәптеріндегі
тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықтағы
лексика-грамматикалық тапсырмаларды бекіте
түседі. IV. Жаңа сабақты
қорытындылау. Мұғалімдер оқушылар арасында
жағымды психологиялық жағдай қалыптастыра отырып сабақты
аяқтайды. 5.
Үйге:
№ 24 сабақ
Сабақтың тақырыбы: Біздің Ту
Сабақтың мақсаты: Қазақстанның Туы туралы айта алуға үйрету. Күтілетін нәтиже: Пәндік: Қазақстанның Туын сипаттай алу. Тұлғалық: еліміздің туын құрметтеп тұту, мақтан ету. Жүйелік-әрекеттік: сабақ барысында меңгерген белсенді сөздік қор мен қарапайым үлгі құрылымдарды өзіне таныс өмірлік жағдаяттарда орынды қолдана алу. Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аударуды ұйымдастыру. II. Өткен сабақ пен жаңа сабақты сабақтастыру. III. Жаңа сабақ.
1-тапсырма бойынша оқушылар Қазақстанның Туы туралы біршама ақпарат алады. Бұл осы тапсырмадағы оқушылардың жауаптарымен байланысты жүргізіледі. Суреттегі оқушылар өздерінің қандай сурет салатынын (күн,қыран,ұлттық өрнек) айту арқылы Қазақстанның туында бейнеленген негізгі элементтер туралы ақпарат береді. 2-тапсырма арқылы Қазақстанның Туы мен тудағы күн, қыран құс, ұлттық өрнектің түсі қандай екенімен танысады. Оқушылар кесте бойынша тудың көгілдір түсті, ал күн, қыран құс, ұлттық өрнектің алтын/ сары/түсті екенін айтады. 3-тапсырма арқылы еліміздің туында бейнеленген қыран құстың нені білдіретінімен, ненің белгісі екенін айта алуға үйренеді. 4-тапсырма арқылы «Қырен ненің белгісі» деген сұраққа жауап бере алуды үйренеді. «Есте сақта!» айдары бойынша оқушылар еркін-еркіндік, бай-байлық, мол-молшылық,бейбіт –бейбітшілік сөздерінің жасалуымен танысады. Олар еркін,бай,мол, бейбіт сөздерінің қандай? деген сұраққа ал еркіндік, молшылық, бейбітшілік сөздерінің не? деген сұраққа жауап беретінін есте сақтайды. 5-тапсырмада оқушылар Қазақстан Туы туралы мәтінмен танысады. Мәтінді тыңдау,мәнерлеп оқу жұмыстары жүргізіледі. Осыдан кейін оқушылар мәтін негізінде Қазақстанның Туын сипаттайды. 6-тапсырма бойынша сұрақтарға жауап береді.
Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықтағы лексика-грамматикалық тапсырмаларды бекіте түседі. IV. Жаңа сабақты қорытындылау. Мұғалімдер оқушылар арасында жағымды психологиялық жағдай қалыптастыра отырып сабақты аяқтайды.
№ 24 сабақ
Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным
Сабақтың мақсаты: «Отан» өлеңінен үзіндімен таныстыру, өлеңнің мазмұнын айта алуға үйрету, байланыстыра сөйлеу дағдыларын арттыру. Күтілетін нәтиже: Пәндік: Отан туралы өлеңді меңгеру; оның мазмұнын айта алу.. Тұлғалық: туған жерін,елін, Отанын мақтан тұту. Жүйелік-әрекеттік: сабақ барысында меңгерген белсенді сөздік қор мен қарапайым үлгі құрылымдарды өзіне таныс өмірлік жағдаяттарда орынды қолдана алу. Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аударуды ұйымдастыру. II. Өткен сабақ пен жаңа сабақты сабақтастыру. III. Жаңа сабақ.
1-тапсырма бойынша оқушылар «Отан» сөзінің қолданысымен , ал 2-тапсырмада Отан сөзімен тығыз байланысты туған жер, туған ел, атамекен сөздерімен танысады. 3-тапсырмада оқушылар «Менің Отаным Қазақстан» сөйлеміндегі Отан сөзін туған жер, туған ел, атамекен сөздерімен алмастыра қолдануға жаттығады. 4-тапсырмада Жарасқан Әбдірашевтің «Отан» өлеңінен үзіндімен танысады. Өлеңді аудиотаспадан тыңдайды, мәнерлеп оқиды. Мұғалім өлеңінің мазмұнын түсіндіреді. 5-тапсырма арқылы оқушылар өлең туралы айта алуға үйренеді. «Өлең қалай аталады?» және «Өлең не туралы?» деген сұрақтарға жауап беру ақылы өлеңнің негізгі мазмұнын жеткізе алады. 6-тапсырмадағы сұрақтарға жауап беру арқылы Қазақстан туралы білімдерін жинақтап көрсетеді.
Күннің шыққаны жақсы ма?
(күнді бейнелейді)
Жақсы! (алақандарын соғады)
Желдің соққаны жақсы ма? (желді бейнелейді)
Жақсы! (алақандарын соғады)
Достарыңмен жүрген жақсы ма? (адымдайды)
Анаңды құшақтаған жақсы ма? (өздерін құшақтайды)
Жақсы! (алақандарын соғады)
Туған өлкеде жақсы ма? (құшақтарын жаяды)
Жақсы! (алақандарын соғады)
Үйіміз бар жерде жақсы ма? (үйді бейнелейді)
Жақсы! (алақандарын соғады)
Биде айналған жақсы ма? (айналады)
Жақсы! (алақандарын соғады)
Қазақстандық болған жақсы ма?
(бас бармақтарын көрсетеді)
Жақсы! (алақандарын соғады) Жұмыс дәптеріндегі
тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықтағы
лексика-грамматикалық тапсырмаларды бекіте
түседі. IV. Жаңа сабақты
қорытындылау. Мұғалімдер оқушылар арасында
жағымды психологиялық жағдай қалыптастыра отырып сабақты
аяқтайды.
5.Үйге:
№ 40 сабақ
Сабақтың тақырыбы: Туған жер туралы мақал
Сабақтың мақсаты: ауыз әдебиеті үлгілерінің бірі-мақал-мәтел туралы түсінік беру, туған жер туралы мақалмен таныстыру. Күтілетін нәтиже: Пәндік: белгілі бір тақырыпқа байланысты мақалмен танысу Тұлғалық: туған жерін мақтан тұту. Жүйелік-әрекеттік: сабақ барысында меңгерген белсенді сөздік қор мен қарапайым үлгі құрылымдарды өзіне таныс өмірлік жағдаяттарда орынды қолдана алу. Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аударуды ұйымдастыру. II. Өткен сабақ пен жаңа сабақты сабақтастыру. III. Жаңа сабақ.
1-тапсырма арқылы оқушылар
мақал-мәтелдер туралы тақпақты қайталайды. 2-тапсырмада алғашқы үш
бөлімде өткен отбасы,
еңбек және
ас,
тағам туралы «Қарға баласын
«аппағым» дейді, кірпі баласын «жұмсағым» дейді», «Көз қорқақ, қол
батыр», «Ас атасы - нан» деген мақалдарды толықтырып оқу арқылы
еске түсіреді. 3-тапсырмадағы сурет бойынша «Туған жердей жер
болмас, туған елдей ел болмас» деген мақалмен танысады. Мұғалім
оқушыларға мақалдың мағынасын түсіндіреді. 4-тапсырма оқушылар
туған жер туралы «Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас»
деген мақалдың қандай мағына беретінін айта алуға үйренеді.
5-тапсырма сөйлесім әрекетіне арналған. Оқушылар берілген үлгі
бойынша мақалтуралысөйлесуге үйренеді. 6-тапсырмадағы сұрақтарға
жауап беру арқлы (Сен қандай мақал білесің? Бұл мақал қандай мағна
береді?) оқушылар мақал туралы білімдерін
қорытындылайды. Күннің шыққаны жақсы ма?
(күнді бейнелейді)
Жақсы! (алақандарын соғады)
Желдің соққаны жақсы ма? (желді бейнелейді)
Жақсы! (алақандарын соғады)
Достарыңмен жүрген жақсы ма? (адымдайды)
Анаңды құшақтаған жақсы ма? (өздерін құшақтайды)
Жақсы! (алақандарын соғады)
Туған өлкеде жақсы ма? (құшақтарын жаяды)
Жақсы! (алақандарын соғады)
Үйіміз бар жерде жақсы ма? (үйді бейнелейді)
Жақсы! (алақандарын соғады)
Биде айналған жақсы ма? (айналады)
Жақсы! (алақандарын соғады)
Қазақстандық болған жақсы ма?
(бас бармақтарын көрсетеді)
Жақсы! (алақандарын соғады) Жұмыс дәптеріндегі
тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықтағы
лексика-грамматикалық тапсырмаларды бекіте
түседі. IV. Жаңа сабақты
қорытындылау. Мұғалімдер оқушылар арасында
жағымды психологиялық жағдай қалыптастыра отырып сабақты
аяқтайды.
5.Үйге:
№ 45 сабақ
Сабақтың тақырыбы: Астана символы - Бәйтерек
Сабақтың мақсаты: Астана қаласындағы «Астана - Бәйтерек» монументі туралы ақпарат беру; монумент туралы айта алуға үйрету. Күтілетін нәтиже: Пәндік: «Астана-Бәйтерек» монументі туралы айта алу. Тұлғалық: еліміздің көрікті жерлеріне деген қызығушылық таныту. Жүйелік-әрекеттік: сабақ барысында меңгерген белсенді сөздік қор мен қарапайым үлгі құрылымдарды өзіне таныс өмірлік жағдаяттарда орынды қолдана алу. Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аударуды ұйымдастыру. II. Өткен сабақ пен жаңа сабақты сабақтастыру. III. Жаңа сабақ.
1-тапсырма бойынша оқушылар Астана қаласындағы биік ғимараттардың бірі «Астана-Бәйтерек» монументімен танысады. Аталған ғимарат оқушыларға жақын таныс болғандықтан, осы ғимарат туралы білетіндерін айта алады. 2-тапсырмадағы кесте бойынша оқушылар бұл ғимараттың қашан салынғаны туралы ақпарат алады. «Есте сақта!» айдары бойынша Қай жылы? Деген сұраққа дұрыс жауап бере алуды үйренеді. Әдетте осындай құрылымда оқушылар жыл сөзін жылда деп қате қолдану жиі кездеседі. Сондықтан берілген құрылымға ерекше көңіл аударған жөн. Сондай-ақ реттік сан есім жұрнағының қолданысы да түсіндіріледі. 3-тапсырма арқылы оқушылар граматикалық білімдерін бекіте түседі. Олар Қай жылы? (Қашан?) деген сұраққа дұрыс жауап бере алуды үйренеді. 4-тапсырмадағы диалог бойынша оқушылар «Астана-Бәйтерек» монументінің биіктігі, оның сәулетшісі туралы ақпарат алады. берілген үлгі бойынша өзара сөйлеседі. Бір-біріне сұрақ қойып, сұраққа жауап бере алуға дағдыланады. 5-тапсырмадағы сурет бойынша «Астана - Бәйтерек» монументіндегі «Аялы алақан» композициясы туралы түсінік алады. Оқушылардың көпшілігі осында келушілер алақандарын қойып, өз тілектерін айтатындарын жақсы біледі. 6-тапсырмада «Астана - Бәйтерек» монументі туралы мәтінмен танысады. Мәтінді тыңдай, мәнерлеп оқу жұмыстары жүргізіледі. осыдан кейін оқушылар Астанадағы ең әдемі ғимараттардың бірі – «Астана-Бәйтерек» монументі туралы әңгімелей алады.
Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықтағы лексика-грамматикалық тапсырмаларды бекіте түседі. IV. Жаңа сабақты қорытындылау. Мұғалімдер оқушылар арасында жағымды психологиялық жағдай қалыптастыра отырып сабақты аяқтайды.
5. Үйге:
№ 46 сабақ
Сабақтың тақырыбы: Ғажайып «Пирамида»
Сабақтың мақсаты: Астана қаласының көрікті жерлері туралы білімдерін толықтыру, Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарай туралы айта алуға үйрету. Күтілетін нәтиже: Пәндік: Бейбітшілік және келісім сарайы туралі айта алу. Тұлғалық: еліміздің көрікті жерлеріне деген қызыығушық таныту. Жүйелік-әрекеттік: сабақ барысында меңгерген белсенді сөздік қор мен қарапайым үлгі құрылымдарды өзіне таныс өмірлік жағдаяттарда орынды қолдана алу. Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аударуды ұйымдастыру. II. Өткен сабақ пен жаңа сабақты сабақтастыру. III. Жаңа сабақ.
Сөздік бойынша оқушыларға бейбітшілік, келісім, достық, бірлік, сарай сөздерінің мағынасы түсіндіріледі. Олардың дұрыс дыбысталуына көңіл бөлінеді. 1-тапсырма бойынша оқушылар Астана қаласындағы әдемі ғимараттардың бірі-Бейбітшілік және келісім сарайымен танысады, ол сырт пішіні бойынша пирамидаға ұқсас екенін белгілі, сондықтан да бұл ғимаратты халық «Пирамида» деп атап кеткені белгілі. 2-тапсырмада оқушылар осы туралы сөйлеседі. 3-тапсырмадағы кесте бойынша оқушылар «Бейбітшілік және келісім сарайының» достық, бірлік, бейбітшілік белгісі болып табылатыны туралы айта алуға үйренеді. «Есте сақта!» айдары бойынша аталған сөздердің жасалуына (дос-достық, бір-бірлік, бейбіт-бейбітшілік) назар аударылады. 4-тапсырмадағы кесте бойынша оқушылар аталған ғимараттың қашан салынғаны туралы (2006 жылы) ақпаратпен танысады. 5-тапсырма арқылы Бейбітшілік және келісім сарайы туралы мәтінмен танысады. Мәтінді тыңдау, мәнерлеп оқу жұмыстары жүргізіледі. 6-тапсырмадағы сұрақтарға осы мәтін бойынша жауап беру арқылы оқушылар мәтін мазмұнынт қаншалықты түсінгендерін байқатады. Осыдан кейін оқушылар Астанадағы әдемі ғимараттардың бірі – Бейбітшілік және келісім сарайы туралы әңгімелей алады.
Сергіту сәті:
Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықтағы лексика-грамматикалық тапсырмаларды бекіте түседі.
IV. Жаңа сабақты қорытындылау. Мұғалімдер оқушылар арасында жағымды психологиялық жағдай қалыптастыра отырып сабақты аяқтайды.
5. Үйге:
№ 29 сабақ
Сабақтың тақырыбы: Пирамида жасайық!
Сабақтың мақсаты: Астана қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайы пирамидаға ұқсайтын белгілі, сондықтан осы ғимараттың символы ретінде оқушыларға пирамида жасауды үйрету. Күтілетін нәтиже: Пәндік: пирамида жасауды үйрену, оның қалай жасалатынын айта алу. Тұлғалық: еңбекке, топта жұмыс істей білуге ұмтылу. Жүйелік-әрекеттік: сабақ барысында меңгерген белсенді сөздік қор мен қарапайым үлгі құрылымдарды өзіне таныс өмірлік жағдаяттарда орынды қолдана алу. Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аударуды ұйымдастыру. II. Өткен сабақ пен жаңа сабақты сабақтастыру. III. Жаңа сабақ.
1-тапсырма бойынша оқушылар өткен сабақта алған ақпаратпке бөліседі. Яғни Бейбітшілік және келісім сарайы туралы білетіндерін еске түсіреді. Аталған ғимараттың пирамидаға ұқсайтыны белгілі, осыған орай оқушылар осы сабақта пирамида жасауды және қалай жасалатынын айта алуды үйренеді. 2-тапсырма арқылы оқушылар пирамида жасау үшін қажатті заттармен танысады, яғни пирамида жасау үшін не қажет екенін айтады. 3-тапсырмада оқушыларға пирамида жасаудың жолы әр адам бойынша түсіндіріледі. Оқушылар осы нұсқау бойынша мұғаліммен бірге пирамида жасауға кіріседі. Пирамида жасау барысында оқушылар өз әрекеттерін түсіндіріп отыруы керек. 4-тапсырмадағы сұрақтарға жауап беру арқылы оқушылар өздерінің не жасағандарын және оны қалай жасағандарын түсіндіреді.
Сергіту сәті:
Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықтағы лексика-грамматикалық тапсырмаларды бекіте түседі. IV. Жаңа сабақты қорытындылау. Мұғалімдер оқушылар арасында жағымды психологиялық жағдай қалыптастыра отырып сабақты аяқтайды.
5. Үйге:
№ 48 сабақ
Сабақтың тақырыбы: Биік ғимарат
Сабақтың мақсаты: Астана қаласындағы биік ғимараттар туралы ақпарат беру, олардың қашан салынғанын, олардың биіктігі қанша метр екенін айта алуға үйрету. Күтілетін нәтиже: Пәндік: Астана қаласындағы әдемі әрі биік ғимараттар туралы айта алу. Тұлғалық: елордамыздағы көрікті жерлерді тамашалай білуге қызығушылық таныту. Жүйелік-әрекеттік: сабақ барысында меңгерген белсенді сөздік қор мен қарапайым үлгі құрылымдарды өзіне таныс өмірлік жағдаяттарда орынды қолдана алу. Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аударуды ұйымдастыру. II. Өткен сабақ пен жаңа сабақты сабақтастыру. III. Жаңа сабақ.
1-тапсырмадағы мәтін бойынша оқушылар кішкентай қыздың жазда Астана қаласына барғанын және онда «Бәйтеректі», «Ханшатырды» көргенін біледі. Оқушылардың назары «бардым, көрдім» етістіктеріне аударылады. 2-тапсырмадағы сұрақтарға оқушылар «Иә, көрдім» немесе «Жоқ, көрмедім» деп шынайы жауап береді. Оқушылар бұл тапсырма арқылы Астана қаласындағы биік әрі әдемі ғимараттардың қатарына жататын «Ханшатыр», «Ақ орда» ғимараттарымен танысады. 3-тапырмадағы диалогті оқушылар оқиды, диалог бойынша түсінгенін айтады. Яғни екінші бала жазда Астанаға барғанын, оның Астанада «Бәйтеректі», «Ханшатырды»көргегін, оған ғимараттардың ұнағанын әңгімелейді. «Есте сақта!» айдары бойынша табыс септігінің жалғаулары түсіндіріледі. Аталған жалғаулардың қолданысы 4-тапсырмадағы кестені толықтырып оқу арқылы жаттықтырылады. 5-тапсырмада биік сөзінің өзгіруіне назар аударылады. Оқушыларға биіктік сөзін биік сөзінен туындайтыны және оның тәуелдік жалғауының III жағында қолданылуы (биіктігі) түсіндіріледі. Мысалы: «Астана-Бәйтерек» - биік ғимарат. Оның биіктігі - 97 метр.6-тапсырма арқылы оқушылар берілген үлгі бойынша Астанадағы биік ғимараттар туралы әңгімелеуді үйренеді. Мысалы: Мынау Бәйтерек монументі. Ол 2002 жылы салынды. Оның биіктігі – 97 метр.осы үлгіде «Бейбітшілік және келісім сарайы», «Ханшатыр», «Ақ орда» туралы ақпарат беріледі.
Сергіту сәті:
Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықтағы лексика-грамматикалық тапсырмаларды бекіте түседі.
IV. Жаңа сабақты қорытындылау. Мұғалімдер оқушылар арасында жағымды психологиялық жағдай қалыптастыра отырып сабақты аяқтайды.
5. Үйге:
№ 49 сабақ
Сабақтың тақырыбы: Алма мен Бәйтерек
Сабақтың мақсаты: Алматы қаласы мен Астана қаласының символы – Алма мен Бәйтеректің достығы туралы ертегімен таныстыру, оның мазмұнын әңгімелей алуға үйретеді. Күтілетін нәтиже: ертегімен танысу, ертегінің мазмұнын әңгімелей алу. Тұлғалық: ауыз әдебиеті үлгілеріне деген қызығушылық таныту. Жүйелік-әрекеттік: сабақ барысында меңгерген белсенді сөздік қор мен қарапайым үлгі құрылымдарды өзіне таныс өмірлік жағдаяттарда орынды қолдана алу. Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аударуды ұйымдастыру. II. Өткен сабақ пен жаңа сабақты сабақтастыру. III. Жаңа сабақ.
1-тапсырма бойынша оқушылар ертегі кейіпкерлерімен танысады. Ертегі кейіпкерлері: Алматы қаласының символы – Алма және Астана қаласының символы – Бәйтерек. Алманың Отаны – Оңтүстік Қазақстан, ал Бәйтеректің Отаны Солтүстік Қазақстан. 2-тапсырмадағы сұрақтарға жауап беруарқылы оқушылар ертегі кейіпкерлері туралы білімдерін нақтылайды. 3-тапсырмадағы кестеде оқушылар тірек сөздербойынша Алма мен Бәйтерек туралы айтады. «Есте сақта!» айдары бойынша оқушыларға биік – зәулім, әдемі-сұлу-әсем сөздерінің мағынасы түсіндіріледі. 4-тапсырмада оқушылар «Алма мен Бәйтерек» ертегісімен танысады. Ертегіде Алма мен Бәйтерек дос болады. Бірақ екеуі алыста тұрады. Бір күні Алма Бәйтерекке қонаққа барады. Бәйтерек оны қарсы алып, Астананың әсем жерлерін көрсетеді. 5-тапсырмадағы сұрақтарға оқушылар ертегі мазмұны бойынша жауап береді. 6-тапсырмада құрылымдық үлгі бойынша ертегі туралы әңгімелейді. Оқушылар ертегі қалай аталатынын және оның не туралы екенін айта алады.
Сергіту сәті:
Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықтағы лексика-грамматикалық тапсырмаларды бекіте түседі.
IV. Жаңа сабақты қорытындылау. Мұғалімдер оқушылар арасында жағымды психологиялық жағдай қалыптастыра отырып сабақты аяқтайды.
5. Үйге:
№ 32 сабақ
Сабақтың тақырыбы: Отан туралы мақал
Сабақтың мақсаты: Отан туралы мақалмен таныстыру, ауыз әдебиеті үлгілерінің бірі-мақал-мәтел туралы түсініктерін кеңейту. Күтілетін нәтиже: Пәндік: белгілі бір тақырыпқа байланысты мақалмен танысу, оның мәнін түсіну. Тұлғалық: туған жерін, туған жерінің көрікті жерлерін мақтан тұту. Жүйелік-әрекеттік: сабақ барысында меңгерген белсенді сөздік қор мен қарапайым үлгі құрылымдарды өзіне таныс өмірлік жағдаяттарда орынды қолдана алу. Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аударуды ұйымдастыру. II. Өткен сабақ пен жаңа сабақты сабақтастыру. III. Жаңа сабақ.
1-тапсырма арқылы оқушылар мақал-мәтелдер туралы тақпақты қайталайды, тақпақты хормен қайталайды. 2-тапсырмада оқушылар алғашқы бөлімдерде өткен отбасы , еңбек,ас және туған жер туралы «Қарға баласын «аппағым» дейді, кірпі баласын «Жұмсағым»дейді», «Көз қорқақ,қол батыр», «Ас атасы-нан», «Туған жердей жер болмас,туған елдей ел болмас» деген мақалдарды толықтырып оқу арқылы еске түсіреді. 3-тапсырмадағы сурет бойынша оқушыларда бұлбұлдың тұрағы орман екені туралы,оның ормансыз өмір сүре алмайтыны туралы ақпарат беріліп,адам да өз туған жерін бұлбұлдай қадірлей білуі қажет екені түсіндіріледі. 4-тапсырмадаоқушылар Отан туралы «Отансыз адам-ормансыз бұлбұл»деген мақалды қайталап,аталған мақалдың қандай мағына беретінін айта алуға үйренеді. 5-тапсырма сөйлесім әрекетіне үйренеді. 6-тапсырмадағы сұрақтарға жауап беру арқылы (Сен қандай мақал білесің? Бұл мақал қандай мағына береді?) оқушылар мақал туралы білімдерін қорытындылайды.
Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықтағы лексика-грамматикалық тапсырмаларды бекіте түседі. IV. Жаңа сабақты қорытындылау. Мұғалімдер оқушылар арасында жағымды психологиялық жағдай қалыптастыра отырып сабақты аяқтайды.
№ 54 сабақ 14.12.15 ж
Сабақтың тақырыбы: Мерекелер
Сабақтың мақсаты: мерекелерді атай алуға үйрету; ай аттары мен мерекелік күндерді қайталау. Күтілетін нәтиже: Пәндік: мереке атауларын, қашан болатынын айта алу; тақырып бойынша белсенді сөздік қорды меңгеру. Тұлғалық: сыныптастарымен достық қарым-қатынасқа ұмтылу. Жүйелік-әрекеттік: сабақ барысында меңгерген белсенді сөздік қор мен қарапайым үлгі құрылымдарды өзіне таныс өмірлік жағдаяттарда орынды қолдана алу. Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аударуды ұйымдастыру. II. Өткен сабақ пен жаңа сабақты сабақтастыру. III. Жаңа сабақ.
1-тапсырмадағы сурет бойынша оқушылар Наурыз мерекесі, Жаңа жыл мерекесі, Халықаралық әйелдер күні, Тәуелсіздік күні сияқты мереке атауларымен танысады. Оқушылар 2-тапсырмадағы сөздерді сәйкестендіру бойынша реттік сан есім мен есептік сан есімді қайталайды, оларды дұрыс қолдануға жаттығады (жиырма екіт-жиырма екінші; сегіз-сегізінші; бір-бірінші; он алты-он алтыншы). «Есте сақта!» айдарында Мереке құтты болсын! Наурыз мерекесі, Жаңа жыл мерекесі, Тәуелсіздік мерекесі, Халықаларық әйелдер күні құтты болсын! Деп айытқызып, құттықтау қалай айталатынына тағы бір көңіл аударылады. 3-тапсырмада сәйкестендіріп оқу арқылы қай мереке қай күні болатынын есте сақтауға жаттығады. 4-тапсырмада оқушылар ай атауларын қайталап, оларды ретімен айтуға жаттығады. 5-тапсырмада кесте бойынша оқушылар «Сізді (сені) Наурыз мерекесімен (Жаңа жыл мерекесімен) құттықтаймын» сөйлемін айтуға жаттығады, мереке атауларын тағы бір қайталайды. Бұл сөйлемді жеке-жеке, топпен, хормен айтқызып, жаттықтыру керек. 6-тапсырмада оқушылар алдымен мұғалімнің сұрақтарына (Тәуелсіздік күні қай күн? Сегізінші наурыз қандай мереке?) жауап береді, содан соң бір-біріне росы сұрақтарды қойып, жауап беруге жаттығады (16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні). Оқушылардың жауабында мерекенің атауы, айы және күні қамтылады. Мұнда сұрақ қою, сұраққа жауап бере алу дағдылары қалыптастырылады.
Сергіту сәті:
Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықтағы лексика-грамматикалық тапсырмаларды бекіте түседі.
IV. Жаңа сабақты қорытындылау. Мұғалімдер оқушылар арасында жағымды психологиялық жағдай қалыптастыра отырып сабақты аяқтайды.
5. Үйге:
№ 55 сабақ 15.12.15 ж
Сабақтың тақырыбы: Мерекелік концерт
Сабақтың мақсаты: мерекелік концертке кім қатынасатынын, кімнің не істейтінін айта алуға үйрету. Күтілетін нәтиже: Пәндік: мерекелік концерт туралы айта алу; тақырып бойынша белсенді сөздік қорды меңгеру; «Кім қатысады? Кім не істейді?» сұрақтарына жауап бере алу. Тұлғалық: топтасып жұмыс істеу, жұмысты бөліп жасауға деген қызығушылық қалыптастыру. Жүйелік-әрекеттік: сабақ барысында меңгерген белсенді сөздік қор мен қарапайым үлгі құрылымдарды өзіне таныс өмірлік жағдаяттарда орынды қолдана алу. Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аударуды ұйымдастыру. II. Өткен сабақ пен жаңа сабақты сабақтастыру. III. Жаңа сабақ.
1-тапсырмада аудиотаспадан «Балалар, ертең Наурыз мерекесі! Мерекелік концерт болады. Кім не істейді?» деген сұрақ және оның жауабы тыңдалып, қайталайды. Мерекелік концерт деген тіркеске және «Кім не істейді?» сұрағына көңіл бөлінеді. 2-тапсырмада оқушылар кесте бойынша жұмыс жасайды, сөйлем құрастырады. Мысалы: Ертең Наурыз мерекесі болады. Ертең мерекелік концерт болады. Оқушылар ертең, болады сөздерінің қолданысын айтып жаттығады, бірнеше рет қайталайды. «Есте сақта!» айдарында мереке сөзінің қалай өзгеретініне назар аударылады: мерекелік концерт. 3-тапсырма оқушылардың тыңдалым, оқылым дағдыларын жетілдіруге бағытталған. Оқушылар диалогті тыңдап, сұрақтарға жауап бере алуға жаттығады. Оқушылар Кім қатысады? Кім не істейді? сұрақтарын бірнеше рет қайталап, есте сақтайды. 4-тапсырма 3-тапсырмадағы диалогті бекітуге құрылған, оқушылар келесі сұрақтарға жауап береді: Ертең қандай концерт болады? Концертке кімдер қатысады олар не істейді? жауаптары: Ертең мерекелік концерт болады. Концертке Асан, Анар, Сұлтан қатысады. Асан домбыра тартады. Анар ән айтады. Сұлтан өлең оқиды. 5-тапсырма сурет бойынша жұмысқа құрылған. Оқушылар суретке қарайды, сөйлейді оқиды, сәйкес суретті табады. Оқушылардың жауабы: Біз сурет саламыз (2-сурет). Біз домбыра тартамыз (1-сурет). Біз би билейміз (4-сурет). Біз ән айтамыз (3-сурет).
Сергіту сәті:
Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықтағы лексика-грамматикалық тапсырмаларды бекіте түседі.
IV. Жаңа сабақты қорытындылау. Мұғалімдер оқушылар арасында жағымды психологиялық жағдай қалыптастыра отырып сабақты аяқтайды.
5. Үйге:
№ 56 сабақ 21.12.15 ж.
Сабақтың тақырыбы: Мереке құтты болсын!
Сабақтың мақсаты: құттықтау, тілек айту үлгілерімен таныстыру, байланыстыра сөйлеу, жатқа айту дағдыларын арттыру. Күтілетін нәтиже: Пәндік: құттықтай алу, тілек айта алу, кімді? кімге? сұрақтарына жауап беру, барыс, табыс септіктерін дұрыс қолдана алуға жаттығу. Тұлғалық: қуанышқа ортақтаса білуге, қуанышпен бөлісе білуге ұмтылу. Жүйелік-әрекеттік: сабақ барысында меңгерген белсенді сөздік қор мен қарапайым үлгі құрылымдарды өзіне таныс өмірлік жағдаяттарда орынды қолдана алу. Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аударуды ұйымдастыру. II. Өткен сабақ пен жаңа сабақты сабақтастыру. III. Жаңа сабақ. 1-тапсырмадағы суретпен жұмыс істемес бұрын мереке атайларын тағы бір қайталап алуға болады. Содан кейін оқушылардың назары суретке аударылады, сурет бойынша берілген сөйлемді тыңдайды, қайталайды: Анашым, Найрыз мерекесі құтты болсын! 2-тапсырмада кесте бойынша оқу арқылы оқушылар құттықтау, тілек айтуға, қандай сыйлық жасайтынын айтуға жаттығады. Оқушылар Сені (сені) , сізге (саған) сөздерімен сөйлем құрап, есте сақтайды. Етістіктің I жақта қолданылуын қайталайды: Мен құттықтаймын, мен тілеймін, мен сыйлаймын. Жаңа сөздердітбірнеше рет қайталату арқылы сөздерді дұрыс дыбыстауға жаттығады. Кесте бойынша оқу барысында денсаулық, қуаныш, бақыт, гүл,ашықхат сөздерін қайталап еске түсіреді.3-тапсырмада оқушылар үлгі бойынша сөйлеуге жаттығады. Ол үшін алдымен диалогті оқып шығады, қайталайды. Оқушылар топпен,жұппен жұмыс істейді, бір-біріне осы сұрақтарды. Мұнда сөйлесім әрекетіне көбірек көңіл бөлінеді, сұрақты дұрыс қоя алуға үйренеді. 4-тапсырмада берілген сөйледерді толықтырып оқу арқылы оқушылар сыйлаймын, құттықтаймын, тілеймін сөздерін тағы бір рет қайталап, сөйлемде қолдануға жаттығады. «Есте сақта!» айдарында оқушылар келесітсұраулы сөйлемдерді (Сен кімді құттықтайсың? Сен кімге не тілейсің? Сен кімге не сыйлайсың?) және кімді? кімге? сұрақтарына жауап бергенде, сөздердің қалай өзгеретінін қайталайды.
Кімді? |
Кімге? |
анамды әкемді атамды әжемді ағамды әпкемді інімді қарындасымды (сіңлімді) досымды |
анама әкеме атама әжеме ағама әпкеме ініме қарындасыма (сіңіліме) досыма |
Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықтағы лексика-грамматикалық тапсырмаларды бекіте түседі. IV. Жаңа сабақты қорытындылау. Мұғалімдер оқушылар арасында жағымды психологиялық жағдай қалыптастыра отырып сабақты аяқтайды.
№ 57 сабақ 21.12.15 ж.
Сабақтың тақырыбы: Мерекеге дайындық
Сабақтың мақсаты: мерекеге дайындық туралы айта алуға үйрету. Етістіктерді нақ осы шақта қолдана білуге үйрету. Күтілетін нәтиже: Пәндік: «Сен не істеп отырсың?» сұрағына жауап бере алу, тақырып бойынша белсенді сөздік қорды меңгеру. Тұлғалық: сыйластық, әдептілік, еңбекқорлық сияқты қасиеттерді бойына сіңіру. Жүйелік-әрекеттік: сабақ барысында меңгерген белсенді сөздік қор мен қарапайым үлгі құрылымдарды өзіне таныс өмірлік жағдаяттарда орынды қолдана алу. Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аударуды ұйымдастыру. II. Өткен сабақ пен жаңа сабақты сабақтастыру. III. Жаңа сабақ.
1-тапсырмадағы сұрақ пен жауаптар бойынша етістіктің нақ осы шағына, нақмосы шақта сұрақтың қалай қойылатынын және қалай жауап беретінініне мән беріледі (Сен не істеп отырсың? Мен ашықхат жасап отырмын.). Оқушылар аудиотаспадан тыңдайды, қайталайды, оқиды. 2-тапсырмада сөйлемдерді толықтырып айту арқылы оқушылар зат есімдерді қайталап еске түсіреді, жаңа сөздерді үйренеді, сөздерді дұрыс дыбыстауға мән беріледі: гүл, ою, ашықхат, сандық, моншақ, құмыра. 3-тапсырмада оқушылар үлгі бойынша сөйлесіп жаттығады. Берілген диалогті тыңдайды, қайталайды, оқиды. Сұраққа жауап беруде сондықтан сөзін қолдануға назарлары аударылады «Есте сақта!» айдарында жасау етістігінің нақ осы шақта жекеше, көпше түрде өзгертуі меңгертіледі. 4-тапсырма оқушылардың етістікті нақ осы шақта қолдану дағдысына бағытталған. Етістіктерге –ып, -іп, -п қосымшасын дұрыс жалғап айтуы пысықталады. Оқушылардың жауабы: 1. «Мен кітап оқып отырмын. 2. Мен хат жазып отырмын. 3. Біз ашықхат жасап отырмыз. 4. Ол теледидар көріп отыр. 5. Сен үй жұмысын істеп отырсың. 6. Олар мұғалімді тыңдап отыр. 7. Сендер сыйлық жасап отырсыңдар». 5-тапсырма сұрақ қою және сұраққа жауап беруге бағытталған. Оқушылар сұрақтарға берілген тірек сөздер арқылы жауап береді. Оқушылардың жауабы: Сен не оқып отырсың? Мен кітап оқып отырмын. Сен не жазып отырсың? Мен хат жазып отырмын. Сен кімді тыңдап отырсың? Мен мұғалімді тыңдап отырмын. Сен не көріп отырсың? Мен теледидар көріп отырмын. 6-тапсырма сұрақ қою және сұраққа жауап беру дағдыларын дамыта түседі. Оқушылар «Ол/Олар не істеп отыр?» сұрағына суреттер арқылы жауап береді. Оқушылардың жауабы: «Ол теледидар көріп отыр. Олар музыка тыңдап отыр. Ол гүл жасап отыр. Ол ұшақ жасап отыр. Олар мұғалімді тыңдап отыр. Ол кітап оқып отыр».
Сергіту сәті:
Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықтағы лексика-грамматикалық тапсырмаларды бекіте түседі. IV. Жаңа сабақты қорытындылау. Мұғалімдер оқушылар арасында жағымды психологиялық жағдай қалыптастыра отырып сабақты аяқтайды.
5. Үйге:
№ 37сабақ Сабақтың тақырыбы: Мереке күні
Сабақтың мақсаты: мереке күні оқушылар не істейтінін нақ осы шақта айтаалуға үйрету; сұрақ қою/жауап беру дағдыларын қалыптастыру. Күтілетін нәтиже: Пәндік: мереке күні не істейтінін айту; етістіктің нақ осы шағын пысықтау, тақырып бойынша белсенді сөздік қорды меңгеру. Тұлғалық: достық, сыйластық,еңбекқорлық сияқты қасиеттерді бойына сіңіру. Жүйелік-әрекеттік: сабақ барысында меңгерген белсенді сөздік қор мен қарапайым үлгі құрылымдарды өзіне таныс өмірлік жағдаяттарда орынды қолдана алу. Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аударуды ұйымдастыру. II. Өткен сабақ пен жаңа сабақты сабақтастыру. III. Жаңа сабақ.
1-тапсырмадағы сурет бойынша оқушылар «Мұнда мен гүл жасап отырмын» т.с.с сөйлемдерді тыңдап қайталайды, мерекеде не істегенін фотосуреттер бойынша нақ осы шақта айта алуға жаттығады. 2-тапсырмада оқу арқылы жасау, оқу, билеу, көмектесу етістіктерінің нақ осы шақта қалай өзгеретіне назар аударып, сөйлемде қолдануға үйренеді. 3-тапсырмадп берілген сұрақ жауап сәйкестендіру арқылы отыр, тұр, жүр, жатыр етістіктерінің қолданылуы қайталайды, нақ осы шақтағы сұрақтарға жауап беріп үйренеді. 4-тапсырмада отыр мен тұр етістігінің қолданылуындағы айырмашылыққа назар аудартылады. Сурет арқылы оқушылар қай кезде қай етістікті қолдану керектігін түсінеді. Осы үлгі бойынша мұғалім мынадай жұмыс жүргізе алады: мұғалім алдын ала дайындап келген суреттерді оқушыларға таратып береді, оқушылар суреттерді салыстыра отырып отыр, тұр етістіктерін орынды қолдануға жаттығуларына болады немесе оқушылар тақтаның алдына шығып, бір қимылды көрсетеді, қалған оқушылар оны нақ осы шақта айтады. Мысалы: Ол сурет салып тұр. Ол кітап оқып отыр. 5-тапсырмада сөйлемдерді толықтырып жазы арқылы –ып, -іп, -п қосымшаларын орынды қолдануға жаттығады, етістіктің нақ осы шағын қолдануды бекітеді.
Сабақтың барысында мұғалім оқушыларға «Сен не істеп отырсың? Сен не істеп жатырсың? Сен не істеп тұрсың? Сен не істеп жүрсің?» сұрақтарын қояды, жауаптарын тыңдайды. Сонан кейін оқушылар бір-біріне осы сұрақтарды қойып жаттығады.
Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықтағы лексика-грамматикалық тапсырмаларды бекіте түседі. IV. Жаңа сабақты қорытындылау. Мұғалімдер оқушылар арасында жағымды психологиялық жағдай қалыптастыра отырып сабақты аяқтайды.
№ 38 сабақ Сабақтың тақырыбы: Наурыз мерекесі
Сабақтың мақсаты: мереке туралы айта алуға, мерекенің қалай өткенін сипаттауға үйрету; етістіктерді нақ осы шақтың жекеше, көпше түрінде дұрыс қолдана алуға жаттықтыру. Күтілетін нәтиже: Пәндік: Наурыз мерекесі туралы әңгімелей алу, өзінің наурыз мерекесін қалай өткізетінін айтып бере алу. Тұлғалық: достарына, айналасына, үлкендерге сыйластықпен қарау; уақытты, мерекені қызықты, пайдалы өткізуге дағдылану; ұлттық дәстүрлерді дәріптеу. Жүйелік-әрекеттік: сабақ барысында меңгерген белсенді сөздік қор мен қарапайым үлгі құрылымдарды өзіне таныс өмірлік жағдаяттарда орынды қолдана алу. Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аударуды ұйымдастыру. II. Өткен сабақ пен жаңа сабақты сабақтастыру. III. Жаңа сабақ.
1-тапсырмадағы суреттер бойынша оқушылар «Бұл қандай мереке?» сұрағына жауап береді. Берілген бес суретте не істеліп жатқанын сипаттай отырып, нәтижесінде оқушылар «Бұл – Наурыз мерекесі» деп жауап береді. Мұғалім оқушылардың назарын нақ осы шақта жауап беруге аударады. 2-тапсырмадағы кесте бойынша айту арқылы Наурыз мерекесінде не істелінетіні пысықталады: Наурыз мерекесінде наурызкөже пісіреді (ауланы тазалайды; ағаш отырғызады; ұлттық ойындар ойнайды; би билейді; ән айтады.). 3-тапсырмада мұғалім оқушыларға «Наурыз мерекесі қалай өтеді?» деген сұрақ қояды, оқушылар жауап береді. Оқушылар бір-бірінің жауабын тыңдап қайталайды, өз бетінше айтып жаттығады. 4-тапсырма оқушылардың оқылым дағдысын жетілдіруге бағытталған. Мәтінді оқу арқылы оқушылар Наурыз мерекесі, наурыз, бауырсақ сөздерін еске түсіреді, пісіріп жатыр, тазалап жүр, ағаш отырғызып жатыр, атама көмектесіп жүрмін сияқты түркестерді оқиды, қайталайды. Мәтіннің алғашқы бөлігі нақ осы шақта берілсе, екінші бөліге ауыспалы келер шақта берілген. Оқушылар мәтін арқылым екі шақтың қолданысын меңгереді (нақ осы шақ,ауыспалы келер шақ). 5-тапсырма төртінші тапсырмамен байланысты, мәтін бойынша қойылған сұрақтармен жұмыс жүргізіледі. бұл тапсырмада оқушыларды сұрақ қоюға, сұрақ пен жауапты есте сақтауға жаттықтыру керек. «Есте сақта!» айдарында көмектесу етістігінің нақ осы шақта жекеше, көпше түрде жатыр,жүр көмекші етістігімен қалай өзгеретіні пысықталады, қайталанады. 6-тапсырма сөйлемдерді оқып, сәйкес суретті табуға бағытталған. Оқушылардың жауаптары: Олар би билеп жүр. (2-сурет) Олар ағаш отырғызып жатыр. (3-сурет) Олар наурызкөже ішіп отыр. (4-сурет) Олар ұлттық ойын ойнап жатыр. (1-сурет)
Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықтағы лексика-грамматикалық тапсырмаларды бекіте түседі. IV. Жаңа сабақты қорытындылау. Мұғалімдер оқушылар арасында жағымды психологиялық жағдай қалыптастыра отырып сабақты аяқтайды.
№ 39 сабақ Сабақтың тақырыбы:Менің сүйікті немерем
Сабақтың мақсаты: өзіне және достарына қандай мереке ұнайтынын айта алуға үйрету,өз ойын жаза білуге үйрету; байланыстыра сөйлеудағдыларын дамыту. Күтілетін нәтиже: Пәндік: сүйікті мерекесі туралы айта алу; сөйлеу барысында мерекелердің атауларын дұрыс қолдану; тақырып бойынша белсенді сөздік қорды меңгеру. Тұлғалық: өзінің достарының , айналасына пікіріне, ойына деген сыйластық;өз ойын ашық айта алу, басқалардың пікірін сыйлаудың маңыздылығын түсіну. Жүйелік-әрекеттік: сабақ барысында меңгерген белсенді сөздік қор мен қарапайым үлгі құрылымдарды өзіне таныс өмірлік жағдаяттарда орынды қолдана алу. Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аударуды ұйымдастыру. II. Өткен сабақ пен жаңа сабақты сабақтастыру. III. Жаңа сабақ.
1-тапсырмадағы суреттер бойынша «Саған қандай мереке ұнайды?» сұрағына жауап беру арқылы мереке атаулары қайталанады. Олардың дұрыс дыбысталуына назар аударылады. Оқушылар 2-тапсырмада сұрақтарға жауап беруге жаттығады: «Сен мереке күні кімді құттықтайсың? Сен не сыйлайсың? Сен не тілейсің?» 3-тапсырмада тыңдалым, оқылымдағдыларына көңіл бөлінген. Оқушылар Жұлдыз бен Әсеттің сүйікті мерекелері туралы тыңдайды, оқиды. Оқушылардың назары етістіктерге аударылады. 4-тапсырмада оқушыларға алдыңғы тапсырмада оқыған мәтіндері бойынша сұрақтар қойылады, бекіту жұмыстары жүргізіледі. 5-тапсырмада оқушылар үлгі бойынша сөйлесуге талпынады, олар «Саған қандай мереке ұнайды?» деген сұрақты бір-біріне қойып, үлгіге сәйкес жауап береді. 6-тапсырмада оқушылар берілген үлгі бойынша сөздерді (наурыз,мұғалім) буынға бөліп, қандай буын екенін айтып жаттығады.
Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықтағы лексика-грамматикалық тапсырмаларды бекіте түседі. IV. Жаңа сабақты қорытындылау. Мұғалімдер оқушылар арасында жағымды психологиялық жағдай қалыптастыра отырып сабақты аяқтайды.
№ 40 сабақ Сабақтың тақырыбы:Өнер туралы мақал
Сабақтың мақсаты: өнер туралы мақалмен таныстыру, ауыз әдебиеті үлгілерінің бірі – мақал –мәтел туралы түсініктерін кеңейту. Күтілетін нәтиже: Пәндік:белгілі бір тақырыпқа байланысты мақалмен танысу,оның мәнін түсіну Тұлғалық: білімді, ақылды болуға талпыну; ауыз әдебиеті үлгерімімен танысуға деген қызығушылықты бойына сіңіру. Жүйелік-әрекеттік: сабақ барысында меңгерген белсенді сөздік қор мен қарапайым үлгі құрылымдарды өзіне таныс өмірлік жағдаяттарда орынды қолдана алу. Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аударуды ұйымдастыру. II. Өткен сабақ пен жаңа сабақты сабақтастыру. III. Жаңа сабақ.
1-тапсырмадағы тақпақты оқу қайталау арқылы еске түсіреді. 2-тапсырмада алдыңғы сабақтарда өткен мақалдарды толықтырып оқу арқылы оларды қайталауды еске түсіреді. Оқушылар мақалдардың жазылуына назар аударады, қайталайды.3-тапсырмада берілген сурет бойынша «Жігітке жетпіс өнер де аз» мақалымен танысады, суреттегі оқушының не істей алатынын айтады (би билейді, кітап оқиды, ойыншықижасайды т.б.). Сол арқылы бірнеше өнерді меңгеруге болатыны, яғни жігітке жетпіс өнер де артықтық етпейтіні түсіндіріледі. Оқушылар 4-тапсырмада «Жігітке жетпіс өнер де аз» мақалын тыңдайды,оның мағынасымен танысады. Мақалды бірнеше рет хормен,топпен,жеке қайталату керек. Мақалда кездесетін жаңа сөздермен (жігіт,өнер,аз) танысады. Сөздерді оқиды, қайталайды.5-тапсырмада оқушылар үлгі бойынша сөйлесуге жаттығады. Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы сөйлесу деңгейіне шығуға жаттығады,сұрақтарға дұрысжауап беруге үйренеді. 6-тапсырмада оқушылар Сен мақал білесің бе? Сен қандай мақал білесің? Бұл мақал қандай мағына береді? Сұрақтарына жауап беру арқылы сабақты бекітеді.
Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықтағы лексика-грамматикалық тапсырмаларды бекіте түседі. IV. Жаңа сабақты қорытындылау. Мұғалімдер оқушылар арасында жағымды психологиялық жағдай қалыптастыра отырып сабақты аяқтайды.
№ 66 сабақ 13.01.16ж
Сабақтың тақырыбы: Спорт
Сабақтың мақсаты: өзіне ұнайтын спорт түрі туралы айта алуға үйрету; тақырып бойынша белсенді сөздік қорды меңгерту. Күтілетін нәтиже: Пәндік:спорт түрлерін атай алу, ұнайды/ұнамайды, айналысамын етістіктерін сөйлемде қолдану; үлгі бойынша сұрақ қоя алу; тақырып бойынша берілген белсенді сөздік қорды сөйлеу барысында қолдану. Тұлғалық: дені сау,мықты болуға талпыну; спортпен айналысуға деген қызығушылықты бойына сіңіру. Жүйелік-әрекеттік: сабақ барысында меңгерген белсенді сөздік қор мен қарапайым үлгі құрылымдарды өзіне таныс өмірлік жағдаяттарда орынды қолдана алу. Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аударуды ұйымдастыру. II. Өткен сабақ пен жаңа сабақты сабақтастыру. III. Жаңа сабақ.
1-тапсырмадағы суреттер бойынша сөздерді тыңдамас бұрын шаңғы, ұзындық, күрес, биіктік сөздерімен жұмыс жүргізу, сөздерді қайталайды,оқу арқылы сөздерді дұрыс дыбыстауға мән беріледі. Сонан соң оқушылар 1-тапсырмадағы сөздерді тыңдау ,оқу арқылы шаңғы спорты,жүгіру,секіру,күрес,велоспорт,бокс сөздерін қайталайды. Оқушылар сөздердің жазылуына назар аударады,қайталайды. 2-тапсырмада кесте бойынша айту арқылы спорт түрлерін ұнайды/ұнамайды деп айтып жаттығады. «Есте сақта!» айдарында оқушылар спорт атауларын пысықтайды: шаңғы спорты,велосипед спорты,ат спорты. 3-тапсырмада берілген сұрақтарға толықтырып оқу арқылы жауап беріп үйренеді. Басқа оқушылардың жауаптарын тыңдап қайталайды,өз бетінше айтып жаттығады. Оқушылардың назары «Саған ... ұнай ма?» формасына аударылады. Оқушылар толық немесе қысқа да жауап берулеріне болады: «Саған шаңғы спорты ұнай ма? Иә, маған шаңғы спорты ұнайды. /Иә,ұнайды». Оқушылар 4-тапсырмада толықтырып оқу арқылы айналасымен етістістігімен сөйлем құрап жаттығады. 5-тапсырмада диологті оқу арқылы оқушылар сұрақ қоюға және сұрақтарға жауап беруге жаттығады. Өздерінің қай спорт түрімен айналысатындарын, жаттығуға қай күндері баратынын айта алады. оқушылар 6-тапсырмада берілген сұрақтарға тірек сөздердің көмегімен өз бетінше жауап беруге тырысады, сұрақтарға жауап беру арқылы сөйлесу деңгейіне шығуға жаттығады,сұрақтарға дұрыс жауап беруге үйренеді. Осы үлгі бойынша сұхбаттаса алуға үйренеді.
Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықтағы лексика-грамматикалық тапсырмаларды бекіте түседі
Сергіту сәті:
IV. Жаңа сабақты қорытындылау. Мұғалімдер оқушылар арасында жағымды психологиялық жағдай қалыптастыра отырып сабақты аяқтайды.
5.Үйге:
№ 66 сабақ 13.01.16ж Сабақтың тақырыбы: Спортшы
Сабақтың мақсаты: спортшы болу /болмау туралы айтаалу; байланыстыра сөйлеу дағдыларын арттыру. Күтілетін нәтиже: Пәндік:спортшы болғысы келетінін айта алу, сөйлеу барысындаболамын/болмаймын сөздерін дұрыс қолдану , тақырып бойынша белсенді сөздік қорды меңгеру. Тұлғалық: спортқа деген қызығушылықтарын арттыру. Жүйелік-әрекеттік: сабақ барысында меңгерген белсенді сөздік қор мен қарапайым үлгі құрылымдарды өзіне таныс өмірлік жағдаяттарда орынды қолдана алу. Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аударуды ұйымдастыру. II. Өткен сабақ пен жаңа сабақты сабақтастыру. III. Жаңа сабақ.
Сөздікпен жұмыс: шаңғышы, боксшы,футболшы,шахматшы сөздерін қайталау,есте сақтау, жасалу жолына мән беру.1-тапсырмадағы сөздерді тыңдау, оқу,қайталау, жазылуына мән беру. (Самат Смаков –футболшы. Алексей Полторанин –шаңғышы. Серік Сәпиев боксшы. Жансая Әбдімәлік -шахматшы). Оқушылар 2-тапсырмада боламын етістігін қолданып, сөйлем құрауға жаттығады. 3-тапсырмада оқушылар үлгі бойынша сөйлесіп үйренеді, сұрақ қояды, сұраққа жауап береді. Осы тапсырмада шаңғышы, боксшы,футболшы, шахматшы суреттерін алдын ала дайындап қойып,суреттер бойынша боламын/болмаймын деп айта алуды үйретуге болады. «Есте сақта!» айдарында боламын/болмаймын етістігінің ауыспалы осы шақты болымды,болымсыз түрінде және жекеше, көпше түрде қалай өзгеретінін пысықтайды. 4-тапсырмада тыңдалым,оқылым дағдыларын жақсарта түсуге мән берілген. Диологті тыңдау ,оқу, арқылы оқушылар сұрақ қойып,жауап бере алуға жаттығады.5-тапсырмада толықтырып оқу арқылы боласың,айналысамын,айналыспайды сөздерін орынды қолдануға жаттығады. Оқушылардың жауаптары: «Мен спортпен айналысамын.Сен шахматшы боласың. Ол спортпен айналыспайды. Ол шаңғышы болмайды» . 6-тапсырмада оқушылар толықтырып айту арқылы боламын,айналысамын етістіктерін жекеше,көпше түрде дұрыс қолдануға жаттығады,етістіктерді тағы бір пысықтайды.
Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықтағы лексика-грамматикалық тапсырмаларды бекіте түседі.
Сергіту сәті:
IV. Жаңа сабақты қорытындылау. Мұғалімдер оқушылар арасында жағымды психологиялық жағдай қалыптастыра отырып сабақты аяқтайды.
5.Үйге:
№ 67 сабақ 14.01.16 ж
Сабақтың тақырыбы: Спорт үйірмесі
Сабақтың мақсаты: спорт үйірмесі туралы айта алуға, етістіктің нақ осы шағын орынды қолдана алуға үйрету, байланыстыра сөйлеу дағдыларын арттыру. Күтілетін нәтиже: Пәндік:қандай спорт үйірмесіне баратынын және қай күндері баратынын айта алу,ойнау етістігін нақ осы шақта қолдана алу. Тұлғалық: спортпен айналысудың маңыздылығын ,денсаулыққа пайдалы екенін түсіну. Жүйелік-әрекеттік: сабақ барысында меңгерген белсенді сөздік қор мен қарапайым үлгі құрылымдарды өзіне таныс өмірлік жағдаяттарда орынды қолдана алу. Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аударуды ұйымдастыру. II. Өткен сабақ пен жаңа сабақты сабақтастыру. III. Жаңа сабақ.
1-тапсырмадағы сурет бойынша жұмыста оқушылар үйірме күндерің уақытын,спорт атауларын дұрыс айта алуға көңіл бөледі. Сурет бойынша қай күні қай спорт үйірмесі болатынын айтады. Сонан кейін диалогті аудиотаспадан тыңдайды, оқиды, қайталайды, сөздерді дұрыс дыбыстауға мән береді. 2-тапсырмада берілген сұрақтар оқушының өзіне бағытталған оқушы өзі баратын спорт үйірмесі туралы айтуы керек. Осы арқылы оқушылар сөйлеу дағдыларын жетілдіре түседі. Осы сұрақтарға жауап беру арқылы жаңа лексика тағы бір қайталанады. «Есте сақта!» айдарында оқушылар үйірме сөзінің қалай өзгеретініне назар аударады,есте сақтайды. 3-тапсырмада мұғалім оқушыларды «Балалар спорт үйірмесінде не істеп жүр?» сұрағына жауап беруге жаттықтырады, етістіктің нақ осы шағы пысықталады. Оқушылар сурет арқылы балалардың спорт үйірмесінде не істеп жүргендерін айтуға жаттығады. 4-тапсырмада оқушылар сәйкестендіріп оқу арқылы сұрақ пен жауапты оқиды, «Не істеп жүр?» сұрағын есте сақтайды, оны орынды қолдануға машықтанады. «Есте сақта!»айдарында оқушылар ойнау етістігін нақ осы шақта жекеше, көпше түрде қалай қолданатынын қайталайды, есте сақтайды. 5-тапсырма сұрақ қою, сұраққа жауап беру дағдыларын жетілдіруге бағытталған. Суреттер арқылы оқушылар «Олар не істеп жүр?» сұрағына жауап береді. Оқушылардың жауаптары: «Олар футбол ойнап жүр. Олар хоккей ойнап жүр. Олар асық ойнап жүр.
Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықтағы лексика-грамматикалық тапсырмаларды бекіте түседі.
Сергіту сәті:
IV. Жаңа сабақты қорытындылау. Мұғалімдер оқушылар арасында жағымды психологиялық жағдай қалыптастыра отырып сабақты аяқтайды.
5.Үйге:
№ 68 сабақ 18.01.16 ж
Сабақтың тақырыбы: Олимпиада ойындары
Сабақтың мақсаты: жазғы және қысқы олимпиада ойындары туралы айта алуға үйрету; байланыстыра сөйлеу дағдыларын жетілдіру. Күтілетін нәтиже: Пәндік:жазғы және қысқыолимпиада ойындары туралы айта алу; берілген үлгі бойынша сұрақ қоя алу және өзіне қойылған сұраққа жауап бере алу; тақырып бойынша белсенді сөздік қорды меңгеру. Тұлғалық: спорт ойындарын тануға деген қызығушылықтарын арттыру; олимпиада ойындарына жанкүйер болу; танымдық білімін кеңейту. Жүйелік-әрекеттік: сабақ барысында меңгерген белсенді сөздік қор мен қарапайым үлгі құрылымдарды өзіне таныс өмірлік жағдаяттарда орынды қолдана алу. Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аударуды ұйымдастыру. II. Өткен сабақ пен жаңа сабақты сабақтастыру. III. Жаңа сабақ.
1-тапсырмадағы сурет бойынша диологті тыңдайды, қайталайды, оқиды. Оқушылардың назары «спорт туралы бағдарлама», «қандай бағдарлама»тіркестеріне аударылады. 2-тапсырма диолог бойынша сұрақтарға жауап беруге бағытталған,оқушылар сұраққа жауап беруге жаттығады,оқылым дағдысын жетілдіреді. Сұраулы сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін дұрыс сақтауға жаттығады. 3-тапсырмада оқушылар қысқы және жазғы олимпиада ойындарына қандай ойындар жататынын үйренеді. Оқушылардың назары «қысқы олимпиада ойындары», «жазғы олимпиада ойындары» тіркестеріне аударылады. 4-тапсырмада оқушылар сәйкестендіріп оқу арқылы жылды дұрыс айта алуды үйренеді,реттік сан есімдерді пысықтайды. Жылдың жазылуына назар аударылады. Сандарды жеке-жеке, топпен, хормен айтып жаттығу оқушылардыңбір-бірінтыңдауына, айтқандарын есте сақтауына мүмкіндік туғызады. 5-тапсырмада рим цифры қай санға сәйкес келетіні көрсетілген, оқушылар рим цифрын тануға үйренеді,реттік сан есімдер тағы бір рет қайталанады. 6-тапсырма оқушылардың оқылым дағдысын жетілдіруге бағытталған. Оқушылар мәтінді мәнерлеп оқиды,мәтінді оқу арқылы өткен тақырып сөздерін тағы бір рет пысықтайды. 7-тапсырмада оқушылар мәтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді. Сұраулы сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін дұрыс сақтауға және жауап беруге жаттығады.
Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықтағы лексика-грамматикалық тапсырмаларды бекіте түседі.
Сергіту сәті:
IV. Жаңа сабақты қорытындылау. Мұғалімдер оқушылар арасында жағымды психологиялық жағдай қалыптастыра отырып сабақты аяқтайды.
5.Үйге:
№ 69 сабақ 19.01.16 ж
Сабақтың тақырыбы: Менің сүйікті спортшым
Сабақтың мақсаты:сүйікті спортшысы туралы айта білуге үйрету. Күтілетін нәтиже: Пәндік:сүйікті спортшысы туралы қойылған сұрақтарға жауап бере алу; берілген үлгі құрылым бойынша сұрақ қоя алу және өзіне қойылған сұраққа жауап бере алу. Тұлғалық: спортқа, спортшыларға деген қызығушылықтарын арттыру. Жүйелік-әрекеттік: сабақ барысында меңгерген белсенді сөздік қор мен қарапайым үлгі құрылымдарды өзіне таныс өмірлік жағдаяттарда орынды қолдана алу. Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аударуды ұйымдастыру. II. Өткен сабақ пен жаңа сабақты сабақтастыру. III. Жаңа сабақ.
1-тапсырмадағы сурет бойынша диологті тыңдайды,қайталайды,оқиды. Оқушылар белгілі спортшы Серік Сәпиев туралы ақпарат алады. Оның бокспен айналысатынын біледі.Диологтің соңындағы «Ал сенің сүйікті спортшың кім?» сұрағына өз қалаулары бойынша жауап беруге тырысады. 2-тапсырмадағы «Сенің сүйікті спортшың кім?Ол қай спорт түрімен айналысады?» сұрақтары арқылы өзінің сүйікті спортшысы туралы айта алуға жаттығады. «Есте сақта!» айдарында «Сенің сүйікті спортшың кім? Саған қай споршы ұнайды?» сұрақтарының айырмашылығын, оларға қалай жауап беру керектігін пысықтайды.3-тапсырмада «Саған қай споршы ұнайды?» сұрағына балалардың берген жауабын оқиды. Оқылым дағдысына көп көңіл бөлінеді. Сөйлемдерді тыңдап қайталайды, өз бетінше айтып жаттығады. Осы үлгі бойынша өзінің сүйікті спортшысы туралы айта алуға тырысады.Оқушылар 4-тапсырмадағы суреттер бойынша толықтырып айту арқылы сұрақтарға жауап береді,берілген ақпаратты қолдана отырып жауап беруге үйренеді. Осы тақырыпта меңгеруге тиіс сөздер мен сөз тіркестерін тағы бір қайталайды. Сұрақтарды барлық оқушыларға оқыту,айтқызу арқылы сұрақтарды есте сақтауға жаттықтыру керек. 5-тапсырма оқушылардың сөйлемдерді оқып, сәйкес суреттерді табуына бағытталған. Оқушылардың жауаптары:
Бұл –менің сүйікті спортшым. Ол –шаңғышы Бұл –менің сүйікті спортшым. Ол –шақматшы Бұл –менің сүйікті спортшым. Ол – футболшы Бұл –менің сүйікті спортшым. Ол –боксшы
Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықтағы лексика-грамматикалық тапсырмаларды бекіте түседі.
Сергіту сәті:
IV. Жаңа сабақты қорытындылау. Мұғалімдер оқушылар арасында жағымды психологиялық жағдай қалыптастыра отырып сабақты аяқтайды.
5.Үйге:
№ 70 сабақ 20.01.16 ж
Сабақтың тақырыбы: Денсаулық туралы мақал
Сабақтың мақсаты:денсаулық туралы мақалмен таныстыру,ауыз әдебиеті үлгілерінің бірі-мақал-мәтел туралы түсініктерін кеңейту. Күтілетін нәтиже: Пәндік:белгілі бір тақырыпқа байланысты мақалмен танысу, оның мәнін түсіну. Тұлғалық: білімді,ақылды болуға талпыну; ауыз әдебиеті үлгілерімен танысуға деген қызығушылықты бойына сіңіру. Жүйелік-әрекеттік: сабақ барысында меңгерген белсенді сөздік қор мен қарапайым үлгі құрылымдарды өзіне таныс өмірлік жағдаяттарда орынды қолдана алу. Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аударуды ұйымдастыру. II. Өткен сабақ пен жаңа сабақты сабақтастыру. III. Жаңа сабақ.
1-тапсырмада оқушылар мақал-мәтелдер туралы тақпақты қайталайды, еске түсіреді. –тапсырмада алдыңғы сабақтарда өткен мақалдарды толықтырып оқу арқылы мақалдарды еске түсіреді. Оқушылар мақалдардың жазылуына назараударады,қайталайды.3-тапсырмада берілген сурет бойынша денсаулық туралы мақалмен танысады. Оқушылар 4-тапсырмада «Бірінші байлық -денсаулық» деген мақалды қайталайды,оның мағынасымен танысады. Мақалды бірнеше рет хормен,топпен, жеке қайталату керек. Мақалда кездесетін жаңа сөздермен (байлық,денсаулық) танысады,сөздерді оқиды, қайталайды, жазылуына мән береді. 5-тапсырмада оқушылар үлгі бойынша сөйлесуге жаттығады. Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы сөйлесу днеңгейіне шығуға жаттығады, сұрақтарға дұрыс жауап беруге үйренеді. 6-тапсырмада оқушылар «Сен мақал білесің бе? Сен қандай мақал білесің? Бұл мақал қандай мағына береді?» сұрақтарына жауап беру арқылы сабақты бекітеді.
Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықтағы лексика-грамматикалық тапсырмаларды бекіте түседі.
Сергіту сәті:
IV. Жаңа сабақты қорытындылау. Мұғалімдер оқушылар арасында жағымды психологиялық жағдай қалыптастыра отырып сабақты аяқтайды.
5.Үйге:
№ 74 сабақ Сабақтың тақырыбы: Хайуанаттар бағы
Сабақтың мақсаты:хайуанаттар бағының қандай екенін, қандай жануарлар бар екенін айта алуға үйрету. . Күтілетін нәтиже: Пәндік:хайуанаттар бағының қандай екенін және ондағы жануарларды сипаттай білу; берілген құрылымдық үлгі бойынша сұрақ қоя алу; тақырып бойынша берілген белсенді сөздік қорды сөйлеу барысында қолдану. Тұлғалық:қоршаған ортаны аялауға үйрету. Жүйелік-әрекеттік: сабақ барысында меңгерген белсенді сөздік қор мен қарапайым үлгі құрылымдарды өзіне таныс өмірлік жағдаяттарда орынды қолдана алу. Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аударуды ұйымдастыру. II. Өткен сабақ пен жаңа сабақты сабақтастыру. III. Жаңа сабақ.
1-тапсырманы орындамас бұрын сөздік жұмыс жүргізу, сөздерді қайталату, түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. 1-тапсырмадағы диологті тыңдауды,қайталауды, сурет бойынша хайуанаттар бағында қандай жануарлар бар екенін айтып жаттығады. 2-тапсырмада кесте бойынша айту арқылы хайуанаттар бағындағы жануарлардың атаулары тағы бір рет қайталап, сөйлем құрастыруға жаттығады. 3-тапсырмадағы суреттер арқылы жануарлардың не істеп тұрғанын айта алу, етістіктің нақ осы шағы тағы да еске түсіріліп пысықталады. «Есте сақта!» айдарында бақ (хайуанаттар бағы, хайуанаттар бағында) сөзінің қалай өзгеретініне назар аударылған. 4-тапсырмада оқушылар сұрақ пен жауапты сәйкестендіріп айтуарқылы сөйлемдерді түсінгендері анықталады. 5-тапсырмада оқушылардың оқылым дағдысына көңіл бөлінеді, оқушылар мәтінді мәнерлеп оқиды, сабақ барысында өткен сөздерді пысықтайды. 6-тапсырмадағы сұрақтарға жауап беру арқылы оқушылардың алдыңғы тапсырмадағы мәтінді дұрыс түсінгендігі тексеріледі, сұрақ қою, жауап беру дағдылары жетілдіреді.
Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықтағы лексика-грамматикалық тапсырмаларды бекіте түседі.
Сергіту сәті:
IV. Жаңа сабақты қорытындылау. Мұғалімдер оқушылар арасында жағымды психологиялық жағдай қалыптастыра отырып сабақты аяқтайды.
5.Үйге:
№ 75 сабақ Сабақтың тақырыбы: Құстар
Сабақтың мақсаты: құстарды сипаттауға,өзіне қандай құс ұнайтынын айта алуға үйрету. Күтілетін нәтиже: Пәндік:құстарды сипаттау, өзіне қандай құс ұнайтынын айта алу; салып жатырмын етістігін нақ осы шақта жекеше,көпше түрде айта алу. Тұлғалық:табиғатқа, құстарға деген қызығушылығын арттыру. Жүйелік-әрекеттік: сабақ барысында меңгерген белсенді сөздік қор мен қарапайым үлгі құрылымдарды өзіне таныс өмірлік жағдаяттарда орынды қолдана алу. Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аударуды ұйымдастыру. II. Өткен сабақ пен жаңа сабақты сабақтастыру. III. Жаңа сабақ.
1- тапсырмадағы сөздер қатары ( аққу, ақ тырна,қаз,үйрек) оқылады,оқушылар сурет арқылы жаңа сөздермен танысады. 2-тапсырмада кесте бойынша айту арқылы құстарды сипаттауға алғашқы қадам жасалады. Тапсырма аудиотаспадан тыңдалады, қайталанады. Оқушылар сөйлемдерді жеке,топпен,хормен айтып жаттығады. «Есте сақта!» айдарында аяқ-аяғы, тұмсық-тұмсығы, құйрық-құйрығы,мойын-мойны, қанат-қанаты сөздері пысықталады. 3-тапсырмада оқушылар сөйлемді толықтырып оқу арқылы ненің суретін салып жатқанын айтуды үйренеді. оқушылардың назары сөздерге жалғанған ілік септігіне аударылады. 4-тапсырма оқылым дағдысына бағытталған. Екі мәтінді аудиотаспадан тыңдайды. «Саған қандай құс ұнайды?» сұрағына жауап берген оқушылардың жауабын оқып, осы үлгі бойынша өздері құстарды сипаттауға тырысады. 5-тапсырмадағы сұрақтарға жауап беру арқылы оқушылар алдыңғы мәтінді қаншалықты түсінгендерін көрсетеді. Сұраулы сөйлемдегі сөз тәртібін пысықтайды. Барлық оқушыларға оқыту,айтқызу арқылы сұрақтарды есте сақтауға жаттықтыру керек. 6-тапсырмада оқушылар үлгі бойынша сөйлесу арқылы өздерінің не істеп жатқандарын ( қандай сурет салып жатқандарын), құстың қандай болатынын айта алуға жаттығады. «Есте сақта!» айдарында сурет салып жатырмын етістігінің жекеше, көпше түрде қолданылуын пысықтайды.
Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықтағы лексика-грамматикалық тапсырмаларды бекіте түседі.
Сергіту сәті:
IV. Жаңа сабақты қорытындылау. Мұғалімдер оқушылар арасында жағымды психологиялық жағдай қалыптастыра отырып сабақты аяқтайды.
5.Үйге:
№ 76 сабақ Сабақтың тақырыбы: Сен не оқып отырсың?
Сабақтың мақсаты: ертегілерде аңдардың қандай болатынын айта алуға үйрету және нақ осы шақтың болымсыз түрін түсіндіру. Күтілетін нәтиже: Пәндік:ертегілерде аңдардың қандай болатынын айта алу; берілген құрылымдық үлгі бойынша сұрақ қояалу, тақырып бойынша белсенді сөздік қорды меңгеру. Тұлғалық: аңдар туралы ертегілер оқуға қызығушылығын арттыру. Жүйелік-әрекеттік: сабақ барысында меңгерген белсенді сөздік қор мен қарапайым үлгі құрылымдарды өзіне таныс өмірлік жағдаяттарда орынды қолдана алу. Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аударуды ұйымдастыру. II. Өткен сабақ пен жаңа сабақты сабақтастыру. III. Жаңа сабақ.
1-тапсырмадағы диалог тыңдалады, қайталанады. Оқушылар қазір не оқып отырғанын айта алуға жаттығады. «Сен не оқып отырсың?» деген сұрақты әртүрлі жағдаятта өзара сөйлесу үшін де қолдануға болатынын ескерген жөн. 2- тапсырма оқу, сұраққа жауап беру арқылы оқушылар жаңа сөздерді айта білуге дағдыланады. Сөздік жұмыс: қу, аңқау, қорқақ сөздері түсіндіріледі. Оқушылар аңқау, қорқақ, қу, күшті зат есімдерінің тек қана аңдарға қатысты емес, адамдарға да қатысты айтылатынын түсінеді, аңдарға қатысты қолдана алуға жаттығады. 3- тапсырма оқушылардың оқылым дағдысын жетілдіруге бағытталған,оқушылар мәтінді мәнерлеп оқиды, жаңа сөздерді түсініп қайталайды. Оқушылар ертегілерде аңдардың қандайболатынын айта алуға үйренеді. 4-тапсырмадағы сұрақтар арқылы мәтінді дұрыс түсінген, түсінбегендерін көрсетеді, сұраққа жауап беруге жаттығады. 5- тапсырманы тыңдау, оқу арқылы нақ осы шақта сұрақ қоя алуға және жауап беруге жаттығады, өздерінің не істеп отырғандарын айтып үйренеді. «Есте сақта!» айдарында оқып отырған жоқпын етістігінің болымсыз түрде жекеше, көпше түрде қолданылуын пысықтайды. 6- тапсырмада болымды, болымсыз сөйлемдерді сәйкестендіріп оқу арқылы сөйлемді түсінгендіктерін көрсетеді, сонымен бірге нақ осы шақтың болымды,болымсыз түрін қайталап пысықтайды. 7- тапсырмада нақ осы шақтың үшінші жағындағы сұраққа жоқ деп жауап бере алуға үйренеді. Оқушылардың жауаптары: Ол хат жазып отыр ма? Жоқ, ол хат жазып отырған жоқ. Ол ән тыңдап отыр ма? Жоқ, ол ән тыңдап отырған жоқ . Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықтағы лексика-грамматикалық тапсырмаларды бекіте түседі.
Сергіту сәті: IV. Жаңа сабақты қорытындылау.
Мұғалімдер оқушылар арасында жағымды психологиялық жағдай қалыптастыра отырып сабақты аяқтайды.
5.Үйге:
№ 77 сабақ Сабақтың тақырыбы: Піл
Сабақтың мақсаты: үлгі бойынша өлең туралы әңгімелей алуға үйрету; сұрақ қою/жауап беру дағдыларын жетілдіру. Күтілетін нәтиже: Пәндік: пілді сипаттайтын сөздерді орынды қолдану; үлгі бойынша өлең туралы әңгімелей алу; тақырып бойынша белсенді сөздік қорды меңгеру. Тұлғалық: сабақтан кейін пайдалы істермен айналысу; кітап оқуға қызығушылығын арттыру. Жүйелік-әрекеттік: сабақ барысында меңгерген белсенді сөздік қор мен қарапайым үлгі құрылымдарды өзіне таныс өмірлік жағдаяттарда орынды қолдана алу. Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аударуды ұйымдастыру. II. Өткен сабақ пен жаңа сабақты сабақтастыру. III. Жаңа сабақ. 1-тапсырманы орындамас бұрын оқушылармен сөздік жұмыс жүргізіледі: қалпақ, ирек, жалпақ сөздері түсіндіріледі. 1-тапсырмада оқушылар суретке қарап, сұраққа жауап береді. Оқушылардың жауабы: Піл билеп жүр. 2-тапсырмада оқушылар суреттер арқылы пілдің басы, пілдің құлағы, пілдің көзі, пілдің тұмсығы деп айтып жаттығады. 3-тапсырмада «піл» деген өлең аудиотаспадан тыңдалады, мәнерлеп оқылады. Жеке, топпен, хормен бірнеше рет қайталайды. 4-тапсырмада оқушылар сөйлемдерді толықтырып оқу арқылы жалпақ, үлкен, кішкентай, ирек сын есімдерін орынды қолдануға жаттығады. 5-тапсырмада үлгі бойынша сөйлесуге құрылған. Суретке қарап отырып оқушылар сұрақ қояды, жауап береді. Оқушылардың сөйлесім дағдыларын жетілдіруге бағытталған. 6-тапсырмада берілген құрылымдық үлгі бойынша оқушылар тақпақтың қалай аталатыны және тақпақ не туралы екенін айта білуге дағдыланады. Үлгі бойынша өлең туралы әңгімелей алуға үйренеді.
Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықтағы лексика-грамматикалық тапсырмаларды бекіте түседі.
Сергіту сәті:
IV. Жаңа сабақты қорытындылау. Мұғалімдер оқушылар арасында жағымды психологиялық жағдай қалыптастыра отырып сабақты аяқтайды.
5.Үйге:
№ 78 сабақ Сабақтың тақырыбы: Менің сүйікті жануарым
Сабақтың мақсаты: сүйікті жануары туралы әңгімелей алуға, өйткені сөзін орынды қолдана алуға үйрету. Күтілетін нәтиже: Пәндік: сүйікті жануары туралы әңгімелей алу, тақырып бойынша белсенді сөздік қорды меңгеру. Тұлғалық: жануарларға сүйіспеншілікпен қарау, табиғатты аялай білуге тәрбиелеу. Жүйелік-әрекеттік: сабақ барысында меңгерген белсенді сөздік қор мен қарапайым үлгі құрылымдарды өзіне таныс өмірлік жағдаяттарда орынды қолдана алу. Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аударуды ұйымдастыру. II. Өткен сабақ пен жаңа сабақты сабақтастыру. III. Жаңа сабақ.
Сөздік жұмыс: жануар сөзін түсіндіру. 1-тапсырмадағы суретпен жұмыс жүргізіледі. Оқушылар суреттегі балалар қандай жануарды салғанын, неге сол жануарларды салғанын (өйткені ол оның сүйікті жануары) түсіндіреді. Суретке сәйкес келетін сөйлемді тауып оқиды. Оқушылардың назары «Меніңсүйікті жануарым» тіркесіне аударылады. Оқушылар осы үлгі бойынша өздерінің сүйікті жануарларын атай алады. Оқушылардың жауаптары: Менің сүйікті жануарым – жолбарыс. (3-сурет) Менің сүйікті жануарым – піл. (1-сурет) Менің сүйікті жануарым – керік. (4-сурет) Менің сүйікті жануарым – қоныр аю. (2-сурет) 2-тапсырмадағы сөйлемді тыңдау, оқу, қайталау арқылы оқушылар жануарлардың атауларын тағы бір қайталайды, сөйлемді дұрыс құрастыруға жаттығады. 3-тапсырмада сөйлемдердің бөліктерін сәйкестендіріп оқу арқылы өйткені деген сөзді орынды қолдану жолымен танысады. Оқушылар осы тапсырма арқылы жануардың неге олардың сүйікті жануары екеніне жауап беріп үйренеді. «Есте сақта!» айдарында оқушылар ең биік, ең үлкен,ең кішкентай тіркестерінің мағынасымен танысып, орынды қолдануға жаттығады. 4-тапсырмадағы диалогті тыңдау, оқу арқылы сөйлесім әрекетіне шығады. Сұрақ қойып, жауап беруге жаттығады. 5-тапсырмадағы сұрақтарға толықтырып жауап беру арқылы өз бетінше жауап құрастырып үйренеді, өз ойын айтуға жаттығады. 6-тапсырмада оқушылар құрылымды толықтырып оқу арқылы өзінің сүйікті жануары туралы айта алады.
Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықтағы лексика-грамматикалық тапсырмаларды бекіте түседі.
Сергіту сәті:
IV. Жаңа сабақты қорытындылау. Мұғалімдер оқушылар арасында жағымды психологиялық жағдай қалыптастыра отырып сабақты аяқтайды.
5.Үйге:
№ 78 сабақ Сабақтың тақырыбы: Үйшік
Сабақтың мақсаты: үлгі бойынша ертегі туралы әңгімелей алуға үйрету; сұрақ қою/жауап беру дағдыларын жетілдіру; жіктік жалғауын орынды қолдануға дағдыландыру. Күтілетін нәтиже: Пәндік: үлгі бойынша ертегі туралы әңгімелей алу, жіктік жалғауын орынды қолдану; берілген құрылымдық үлгі бойынша сұрақ қоя алу; тақырып бойынша белсенді сөздік қорды меңгеру. Тұлғалық: кітап оқуға, ертегілердің мазмұнын айтуға қызығушылығын арттыру. Жүйелік-әрекеттік: сабақ барысында меңгерген белсенді сөздік қор мен қарапайым үлгі құрылымдарды өзіне таныс өмірлік жағдаяттарда орынды қолдана алу. Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аударуды ұйымдастыру. II. Өткен сабақ пен жаңа сабақты сабақтастыру. III. Жаңа сабақ.
1-тапсырмада аудиотаспа бойынша «Үйшік» ертегісінің желісі бойынша берілген үзіндіні тыңдайды, қайталайды. «Сен кімсің? Кел, бірге тұрайық!» сөйлемдері бірнеше рет қайталанады. 2-тапсырмадағы кесте бойынша оқушылар етістіктерді дұрыс қолдануға жаттығады: «Кел, бірге тұрайық,ойнайық,жүгірейік, билейік,ән айтайық». 3- тапсырмада берілген құрылымдық үлгі бойынша оқушылар ертегінің қалай аталатыны және ертегі не туралы екенін айта білугедағдыланады. Үлгі бойынша ертегі туралы әңгімелей алуға үйренеді. 4-тапсырмада сөздерге жіктік жалғауының I, II-жақта жекеше түрде жалғануын дұрыс айта алуға жаттығады. 5-тапсырмада оқушылар «Сен кімсің?» сұрағына жауап беріп үйренеді, бір-біріне осы сұрақты қойып, жауаптарын тыңдап жаттығады.
Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықтағы лексика-грамматикалық тапсырмаларды бекіте түседі.
Сергіту сәті:
IV. Жаңа сабақты қорытындылау. Мұғалімдер оқушылар арасында жағымды психологиялық жағдай қалыптастыра отырып сабақты аяқтайды.
5.Үйге:
№ 80 сабақ Сабақтың тақырыбы: Жануарлар туралы мақал
Сабақтың мақсаты: жануарлар туралы мақалмен таныстыру,ауыз әдебиеті үлгілерінің бірі – мақал-мәтел туралы түсініктерін кеңейту. Күтілетін нәтиже: Пәндік: белгілі бір тақырыпқа байланысты мақалмен танысу, оның мәнін түсіну. Тұлғалық: керекті жағдайда мақалды қолдана алуға тырысу; ауыз әдебиеті үлгілерімен танысуға деген қызығушылықты бойына сіңіру. Жүйелік-әрекеттік: сабақ барысында меңгерген белсенді сөздік қор мен қарапайым үлгі құрылымдарды өзіне таныс өмірлік жағдаяттарда орынды қолдана алу. Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аударуды ұйымдастыру. II. Өткен сабақ пен жаңа сабақты сабақтастыру. III. Жаңа сабақ.
1-тапсырмадағы тақпақты оқу, қайталап еске түсіру. 2- тапсырмадағы алдыңғы сабақтарда өткен мақалдарды толықтырып оқу арқылы мақалдарды қайталау, еске түсіру. Оқушылар мақалдардың жазылуына назар аударады,қайталайды. Мақалдар туралы сұрақ қойып, мағынасын айтып береді. 3- тапсырмада берілген сурет бойынша жұмыс жүргізіледі,суретте қандай аңдар бар екенін айтады, «Аң патшасы-арыстан» деген мақалды оқиды,мақалмен танысады. Оқушылар 4-тапсырмада «Аң патшасы-арыстан» мақалын тыңдайды,оның мағынасымен танысады. Мақалды бірнеше рет хормен, топпен,жеке қайталату керек. Мақалда кездесетін сөздерді (аң,патша, арыстан) оқиды,қайталайды,жазылуына мән береді. 5- тапсырмада оқушылар үлгі бойынша сөйлесуге жаттығады. Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы сөйлесу деңгейіне шығады, сұрақтарға дұрыс жауап беруге үйренеді. 6- тапсырмада оқушылар «Сен мақал білесің бе? Сен қандай мақал білесің? Бұл мақал қандай мағына береді?» сұрақтарына жауап беру арқылы сабақты бекітеді.
Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықтағы лексика-грамматикалық тапсырмаларды бекіте түседі.
Сергіту сәті:
IV. Жаңа сабақты қорытындылау. Мұғалімдер оқушылар арасында жағымды психологиялық жағдай қалыптастыра отырып сабақты аяқтайды.
5.Үйге:
№ 84 сабақ Сабақтың тақырыбы: Біздің мектеп
Сабақтың мақсаты: өз мектебі туралы айта алуға үйрету, тақырыпқа байланысты лексиканы меңгерту. Күтілетін нәтиже: Пәндік: өз мектебі туралы қысқаша айта алу, берілген құрылымдық үлгі бойынша сұрақ қоя алу. Тұлғалық: алтын ұя мектебін аялай білу, сол мектепте оқитынын мақтан тұту. Жүйелік-әрекеттік: сабақ барысында меңгерген белсенді сөздік қор мен қарапайым үлгі құрылымдарды өзіне таныс өмірлік жағдаяттарда орынды қолдана алу. Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аударуды ұйымдастыру. II. Өткен сабақ пен жаңа сабақты сабақтастыру. III. Жаңа сабақ.
1-тапсырмадағы сұраққа оқушылар (Сенің мектебің қандай?) тірек сөздер арқылы (үлкен, кішкентай) өз қалаулары бойынша жауап береді. 2-тапсырмадағы сөйлесу үлгісі бойынша оқушылар өз мектебінің неше қабатты екенін, ал 3-тапсырмадағы кесте бойынша мектепте не бар екенін (асхана, спортзал, кітапхана, бассейн) айта алады. 4-тапсырма бойынша оқушылар асхана, спортзал, бассейн, кітапхана нешінші қабатта орналасқанын сұрайды және сол сұраққа өз мектептері бойынша жауап береді. «Есте сақта!» айдары бойынша тәуелдік жалғауының жекеше/көпше түрі қайталанады. Оны 5-тапсырманы орындау барысында бекітеді. 6-тапсырмада оқушылар мектеп туралы мәтінмен танысады. Мәтінді аудиотаспадан тыңдау, мәнерлеп оқу жұмыстары жүргізіледі. Оқушылардың мәтін мазмұнын қаншалықты жетік түсінгендері 7-тапсырмадағы сұрақтар бойынша анықталады. Берілген үлгі бойынша оқушылар өз мектептері туралы әңгімелей алады.
Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықтағы лексика-грамматикалық тапсырмаларды бекіте түседі.
Сергіту сәті:
IV. Жаңа сабақты қорытындылау. Мұғалімдер оқушылар арасында жағымды психологиялық жағдай қалыптастыра отырып сабақты аяқтайды.
5.Үйге:
№ 85 сабақ Сабақтың тақырыбы: Біздің сынып
Сабақтың мақсаты: өз сыныбы туралы әңгімелей алуға үйрету. Күтілетін нәтиже: Пәндік: берілген мәтін енгізінде өз сыныбы туралы қысқаша айта алу, берілген құрылымдық үлгі бойынша сұрақ қоя білу. Тұлғалық: өз сыныбын , оның әр затын бағалай білу. Жүйелік-әрекеттік: сабақ барысында меңгерген белсенді сөздік қор мен қарапайым үлгі құрылымдарды өзіне таныс өмірлік жағдаяттарда орынды қолдана алу. Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аударуды ұйымдастыру. II. Өткен сабақ пен жаңа сабақты сабақтастыру. III. Жаңа сабақ.
1-тапсырмадағы кесте бойынша оқушылар сыныптың қандай екенін айта алады. Ол үшін кестеде берілген жарық, кең, таза сөздерін пайдаланады.
2- тапсырманы орындау үшін оқушылар суретпен жұмыс жасайды және тапсырмада берілген тірек сөздерді пайдаланады. Оқушылар сурет бойынша сыныпта не бар екенін айтады.
3- тапсырмадағы сөйлесу үлгісі бойынша оқушылар сыныпта кіммен отыратынын айта алуға тоқталады. Ол үшін «Есте сақта!» айдарында берілген көмектес септігі жалғауларының дұрыс қолдануы үлгісіне сүйенеді. Оқушылар мұғалімнің көмегімен адам аттарына көмектес септігінің жалғауын үндестік заңы бойынша жалғау арқылы есте сақтайды. Көмектес септігі жалғауларын
4-тапсырманы орындау арқылы жаттықтыра түседі.
5- тапсырмада оқушылар сынып туралы мәтінмен танысады. Мәтінді аудиотаспадан тыңдау, мәнерлеп оқу жұмыстары жүргізіледі. Оқушылардың мәтін мазмұнын қаншалықты жетік түсінгендері 6-тапсырмадағы сұрақтар бойынша анықталады. Берілген үлгі бойынша оқушылар өз сыныбы туралы әңгімелей алады.
Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықтағы лексика-грамматикалық тапсырмаларды бекіте түседі.
Сергіту сәті:
IV. Жаңа сабақты қорытындылау. Мұғалімдер оқушылар арасында жағымды психологиялық жағдай қалыптастыра отырып сабақты аяқтайды.
5.Үйге:
№ 86/87 сабақ Сабақтың тақырыбы: Менің оқу құралдарым
Сабақтың мақсаты: өздерінің мұғалімдері туралы айта алуға үйрету. Күтілетін нәтиже: Пәндік: мұғалімнің аты-жөнін, қандай мұғалім екенін және сабақта не үйрететінін айта алу. Тұлғалық: өз мұғаліміне құрметпен қарау; үлгі тұту. Жүйелік-әрекеттік: сабақ барысында меңгерген белсенді сөздік қор мен қарапайым үлгі құрылымдарды өзіне таныс өмірлік жағдаяттарда орынды қолдана алу. Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аударуды ұйымдастыру. II. Өткен сабақ пен жаңа сабақты сабақтастыру. III. Жаңа сабақ.
1-тапсырма арқылы оқушылар «Сенің мұғалімің кім?» деген сұраққа дұрыс жауап бере алуды үйренеді. Сұрақ – жауап кезінде тәуелдік жалғауының дұрыс қолданылуына назар аударылады. 2- тапсырмадағы сұрақ бойынша оқушылар өз мұғалімдерін сипаттау кезінде тірек сөздерді ( ақылды, әдемі,көңілді, мейірімді) пайдаланады. 3- тапсырманы орындау арқылы тәуелдік жалғауының қолданысы жаттықтырылады. «Есте сақта!» айдары бойынша оқушылар мұғалімінің аты-жөнін толық айта алуға дағдыланады. «Сенің мұғалімің кім?» деген сұраққа толық жауап беруді үйренеді. 4- тапсырмадағы кесте бойынша оқушылар мұғалімнің балаларға санауды, жазуды, оқуды, есеп шығаруды, би билеуді, ән айтуды үйрететінімен танысады. Мұнда тек қазақ тілі мұғалімі туралы ғана емес,өздерінің сынып жетекшілері туралы да айта алады. 5- тапсырмада оқушылар Айнұр апай туралы мәтінмен танысады. Мәтінді тыңдау, мәнерлеп оқу жұмыстары жүргізіледі. 6- тапсырмадағы сұрақтарға осы мәтін бойынша жауап беру арқылы оқушылар мәтін мазмұнын қаншалықты толық түсінгендерін көрсете алады. Осы үлгі бойынша оқушылар өз мұғалімдері туралы шағын әңгіме құрап айта алады.
Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықтағы лексика-грамматикалық тапсырмаларды бекіте түседі.
Сергіту сәті:
IV. Жаңа сабақты қорытындылау. Мұғалімдер оқушылар арасында жағымды психологиялық жағдай қалыптастыра отырып сабақты аяқтайды.
5.Үйге:
№ 89 сабақ Сабақтың тақырыбы: Сабақта
Сабақтың мақсаты: өздерінің мұғалімдері туралы айта алуға үйрету. Күтілетін нәтиже: Пәндік: мұғалімнің аты-жөнін, қандай мұғалім екенін және сабақта не үйрететінін айта алу. Тұлғалық: өз мұғаліміне құрметпен қарау; үлгі тұту. Жүйелік-әрекеттік: сабақ барысында меңгерген белсенді сөздік қор мен қарапайым үлгі құрылымдарды өзіне таныс өмірлік жағдаяттарда орынды қолдана алу. Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аударуды ұйымдастыру. II. Өткен сабақ пен жаңа сабақты сабақтастыру. III. Жаңа сабақ.
1-тапсырмадағы үлгі бойынша оқушылар бүгін неше сабақ болатынын айта алады. 2-тапсырмадағы «Бұл қай сабақ?» деген сұраққа суреттер бойынша математика сабағы, қазақ тілі сабағы, ағылшын тілі сабағы, дене шынықтыру сабағы деп жауап бере алады. «Есте сақта!» айдарында сабақ сөзінің жатыс септігіндегі қолданысымен танысады (сабақ-сабақта, қазақ тілі сабағы-қазақ тілі сабағында). 3-тапсырмадағы сөйлемдерді оқушылар аудиотаспадан тыңдайды, содан кейін толықтырып оқу арқылы әр сабақтың қалай өтетіні туралы ақпарат алады. 4-тапсырманы орындау арқылы етістіктердің қолданысын жаттықтырады. 5-тапсырмадағы мәтін бойынша тыңдалым, оқылым әрекетіне көңіл бөлінеді. 6-тапсырмадағы сұрақтарға осы мәтін бойынша жауап беру арқылы оқушылар мәтін мазмұнын қаншалықты толық түсінгендерін көрсетеді. Нәтижесінде осы үлгі бойынша оқушылар өздерінің сабақтары туралы айтып бере алады.
Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықтағы лексика-грамматикалық тапсырмаларды бекіте түседі.
Сергіту сәті:
IV. Жаңа сабақты қорытындылау. Мұғалімдер оқушылар арасында жағымды психологиялық жағдай қалыптастыра отырып сабақты аяқтайды.
5.Үйге:
№ 90 сабақ Сабақтың тақырыбы: Менің мектебім
Сабақтың мақсаты: өз мектебі туралы толық (мектебі, сыныбы, мұғалімі, сүйікті сабағы) ақпарат бере алуға үйрету. Күтілетін нәтиже: Пәндік: осы бөлім бойынша жинақтаған білімдерін жинақтап көрсете білу. Тұлғалық: өз мектебін, сыныбын мақтан тұту. Жүйелік-әрекеттік: сабақ барысында меңгерген белсенді сөздік қор мен қарапайым үлгі құрылымдарды өзіне таныс өмірлік жағдаяттарда орынды қолдана алу. Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аударуды ұйымдастыру. II. Өткен сабақ пен жаңа сабақты сабақтастыру. III. Жаңа сабақ.
1-тапсырма бойынша оқушылар осы сабақта өз мектебі туралы қандай ақпарат беру керектігімен танысады. Тапсырмада берілген суреттер бойынша (сынып, мектеп, математика мұғалімі, дене шынықтыру сабағы) оқушылар «Менің мектебім» дегенде өз мектебі, сыныбы, мұғалімі, сүйікті сабағы туралы айтатынын түсінеді. 2-тапсырмада оқушыларға 4 тақырып ұсынылады. 3-тапсырмада берілген төрт шағын мәтінді оқып, оқушылар сәйкес тақырыпты атауы қажет. Мысалы: 1-мәтін – мектеп туралы, 2-мәтін – сынып туралы, 3-мәтін – мұғалім туралы, 4-мәтін – сабақ туралы. Оқушылар әр мәтінмен танысады, өздерінің қалауы бойынша бір мәтіннің мазмұнын әңгімелейді. Содан кейін 4-тапсырмадағы жоспар бойынша өз мектебі туралы әңгіме айтады. Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықтағы лексика-грамматикалық тапсырмаларды бекіте түседі.
Сергіту сәті:
IV. Жаңа сабақты қорытындылау. Мұғалімдер оқушылар арасында жағымды психологиялық жағдай қалыптастыра отырып сабақты аяқтайды.
5.Үйге:
№ 91 сабақ Сабақтың тақырыбы: Оқу, білім туралы мақал
Сабақтың мақсаты: оқу, білім туралы мақалмен таныстыру, ауыз әдебиеті үлгілерінің бірі – мақал-мәтел туралы түсініктерін кеңейту. Күтілетін нәтиже: Пәндік: белгілі бір тақырыпқа байланысты мақалмен танысу, оның мәнін түсіну. Тұлғалық: білім алуға, жақсы оқуға; білім ордасын мақтан тұтуға ұмтылу. Жүйелік-әрекеттік: сабақ барысында меңгерген белсенді сөздік қор мен қарапайым үлгі құрылымдарды өзіне таныс өмірлік жағдаяттарда орынды қолдана алу. Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аударуды ұйымдастыру. II. Өткен сабақ пен жаңа сабақты сабақтастыру. III. Жаңа сабақ.
1-тапсырма арқылы оқушылар мақал-мәтелдер туралы тақпақты қайталайды. 2-тапсырмада оқушылар алғашқы бөлімдерде өткен «Қарға баласын «аппағым» дейді, кірпі баласын «жұмсағым» дейді», «Көз қорқақ, қол батыр», «Ас атасы – нан», «Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас», «Отансыз адам – ормансыз бұлбұл», «Бірінші байлық – денсаулық», «Аң патшасы – арыстан», «Жігітке жетпіс өнер де аз» деген мақалдарды толықтырып оқу арқылы еске түсіреді. 3-тапсырмадағы сурет бойынша оқушылар «Күш – білімде, білім – кітапта» деген мақалды беретін сурет арқылы мақалмен танысады. 4-тапсырмада білім туралы «Күш – білімде, білім – кітапта» деген мақалды және аталған мақалдың қандай мағына беретінін айта алуға үйренеді. 5-тапсырма сөйлесім әрекетіне арналған. Оқушылар берілген үлгі бойынша мақал туралы сөйлесуге үйренеді. 6-тапсырмадағы сұрақтарға жауап беру арқылы (Сен мақал білесің бе? Сен қандай мақал білесің? Бұл мақал қандай мағына береді?) оқушылар мақал туралы білімдерін қорытындылайды.
Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықтағы лексика-грамматикалық тапсырмаларды бекіте түседі.
Сергіту сәті:
IV. Жаңа сабақты қорытындылау. Мұғалімдер оқушылар арасында жағымды психологиялық жағдай қалыптастыра отырып сабақты аяқтайды.
5.Үйге:
№ 92 сабақ Сабақтың тақырыбы: Кімнің күнделігі?
Сабақтың мақсаты: оқушыларға күнделік туралы ақпарат беру, кімнің күнделігі екенін айта алуға үйрету. Күтілетін нәтиже: Пәндік: ілік септігінің жалғауларын дұрыс қолдана алу; күнделік туралы айта алу. Тұлғалық: оқу құралдарына ұқыпты қарау, таза ұстауға тырысу. Жүйелік-әрекеттік: сабақ барысында меңгерген белсенді сөздік қор мен қарапайым үлгі құрылымдарды өзіне таныс өмірлік жағдаяттарда орынды қолдана алу. Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аударуды ұйымдастыру. II. Өткен сабақ пен жаңа сабақты сабақтастыру. III. Жаңа сабақ.
Оқулықтағы 1-тапсырма мен 2-тапсырма тығыз байланыста орындалады. Оқушылар 1-тапсырма арқылы «Бұл кімнің күнделігі?» деген сұрақпен және оның жауабымен танысса, 2-тапсырмада сол сұраққа дұрыс жауап бере алуға жаттығады. «Есте сақта!» айдары бойынша ілік септігі жалғауларының қолданысы түсіндіріледі. Оқушылар дыбыстық үйлесім бойынша ілік септігінің жалғауларын дұрыс қолдана білуге жаттығады. 3-тапсырмадағы кесте бойынша оқушылар күнделікке қандай ақпарат жазылатынымен танысады. «Күнделікке не жазылады?» деген сұраққа оқушының аты-жөні, сыныбы, мектебі, сабақ кестесі жазылатынын айта алады. 4-тапсырмада оқушылар суреттегі үш күнделіктің кімдікі екенін толтырылуына қарай тауып көрсетеді. Мысалы: Әсеттің күнделігі – 2-сурет, Жұлдыздың күнделігі – 3-сурет, Юраның күнделігі – 1-сурет. 5-тапсырмада оқушылар сабақ кестесі жазылған күнделік бойынша жұмыс жасайды. Күнделік бойынша «Бүгін неше сабақ болады?», «Қандай сабақтар болады?» деген сұрақтарға жауап береді. содан кейін өз күнделіктері бойынша да осы сұрақтарға жауап беруге тырысады.
Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықтағы лексика-грамматикалық тапсырмаларды бекіте түседі.
Сергіту сәті:
IV. Жаңа сабақты қорытындылау. Мұғалімдер оқушылар арасында жағымды психологиялық жағдай қалыптастыра отырып сабақты аяқтайды.
5.Үйге:
№ 96 сабақ Сабақтың тақырыбы: Апта күндері. Айлар
Сабақтың мақсаты: апта күндерін, ай аттарын қайталау; «Бүгін нешесі?» деген сұраққа жауап бере алуға үйрету. Күтілетін нәтиже: Пәндік: апта күндерін атай алу; бүгін қай күн екенін және нешесі екенін айта алу; ілік септігі мен тәуелдік жалғауының қолданысын меңгерту. Тұлғалық: әдепті, ізетті, ұқыпты болуға ұмтылу. Жүйелік-әрекеттік: сабақ барысында меңгерген белсенді сөздік қор мен қарапайым үлгі құрылымдарды өзіне таныс өмірлік жағдаяттарда орынды қолдана алу. Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аударуды ұйымдастыру. II. Өткен сабақ пен жаңа сабақты сабақтастыру. III. Жаңа сабақ.
1-тапсырмадағы сұрақтарға жауап беру арқылы оқушылар апта күндерін қайталайды. Тапсырмадағы күнделікте қай күн көрсетілмейтініне байланысты сұрақ бойынша оқушылар жексенбінің демалыс күні екенін еске түсіреді. 2-тапсырма арқылы оқушылар «Бүгін нешесі?» деген сұрақтың жауабымен танысады. Ай аттарына ілік септігінің жалғауы қалай жалғанатынын меңгереді. Сондай-ақ ілік септігінің тәуелдік жалғауымен тіркесе қолданылатынына назар аударылады. 3-тапсырманы орындау арқылы тәуелдік жалғауының (III жағы) қолданысы жаттықтырылады. «Есте сақта!» айдары бойынша оқушылар «Бүгін нешесі?» деген сұраққа берілетін үш түрлі жауап түрімен танысады. Оқушылардың назары сәуірдің он бірі және он бірі деген жауапқа айдарылады. 4-тапсырма бойынша оқушылар осы жауапты қолдануға жаттығады. 5-тапсырмадағы сұрақ-жауаптарды сәйкестендіріп оқу арқылы оқушылар «Қазір қай ай?», «Бүгін аптаның қай күні?», «Сәрсенбі нешінші күн?», «Бүгін нешесі?» деген сұрақтарға жауап бере алуға дағдыланады. 6-тапсырмада оқушылар «Бүгін қай ай?», «Бүгін нешесі?», «Бүгін аптаның қай күні?» деген сұрақтарға шынайы жауап береді. 7-тапсырмадағы сөздерді буынға бөлу, жуан, жіңішке буынды сөздерді ажыратып айту арқылы жуан, жіңішке дауысты дыбыстарды қайталайды.
Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықтағы лексика-грамматикалық тапсырмаларды бекіте түседі.
Сергіту сәті:
IV. Жаңа сабақты қорытындылау. Мұғалімдер оқушылар арасында жағымды психологиялық жағдай қалыптастыра отырып сабақты аяқтайды.
5.Үйге:
№ 97 сабақ Сабақтың тақырыбы: Апта күндері. Айлар
Сабақтың мақсаты: апта күндерін, ай аттарын қайталау; «Бүгін нешесі?» деген сұраққа жауап бере алуға үйрету. Күтілетін нәтиже: Пәндік: апта күндерін атай алу; бүгін қай күн екенін және нешесі екенін айта алу; ілік септігі мен тәуелдік жалғауының қолданысын меңгерту. Тұлғалық: әдепті, ізетті, ұқыпты болуға ұмтылу. Жүйелік-әрекеттік: сабақ барысында меңгерген белсенді сөздік қор мен қарапайым үлгі құрылымдарды өзіне таныс өмірлік жағдаяттарда орынды қолдана алу. Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аударуды ұйымдастыру. II. Өткен сабақ пен жаңа сабақты сабақтастыру. III. Жаңа сабақ.
1-тапсырмадағы сұрақтарға жауап беру арқылы оқушылар апта күндерін қайталайды. Тапсырмадағы күнделікте қай күн көрсетілмейтініне байланысты сұрақ бойынша оқушылар жексенбінің демалыс күні екенін еске түсіреді. 2-тапсырма арқылы оқушылар «Бүгін нешесі?» деген сұрақтың жауабымен танысады. Ай аттарына ілік септігінің жалғауы қалай жалғанатынын меңгереді. Сондай-ақ ілік септігінің тәуелдік жалғауымен тіркесе қолданылатынына назар аударылады. 3-тапсырманы орындау арқылы тәуелдік жалғауының (III жағы) қолданысы жаттықтырылады. «Есте сақта!» айдары бойынша оқушылар «Бүгін нешесі?» деген сұраққа берілетін үш түрлі жауап түрімен танысады. Оқушылардың назары сәуірдің он бірі және он бірі деген жауапқа айдарылады. 4-тапсырма бойынша оқушылар осы жауапты қолдануға жаттығады. 5-тапсырмадағы сұрақ-жауаптарды сәйкестендіріп оқу арқылы оқушылар «Қазір қай ай?», «Бүгін аптаның қай күні?», «Сәрсенбі нешінші күн?», «Бүгін нешесі?» деген сұрақтарға жауап бере алуға дағдыланады. 6-тапсырмада оқушылар «Бүгін қай ай?», «Бүгін нешесі?», «Бүгін аптаның қай күні?» деген сұрақтарға шынайы жауап береді. 7-тапсырмадағы сөздерді буынға бөлу, жуан, жіңішке буынды сөздерді ажыратып айту арқылы жуан, жіңішке дауысты дыбыстарды қайталайды.
Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықтағы лексика-грамматикалық тапсырмаларды бекіте түседі.
Сергіту сәті:
IV. Жаңа сабақты қорытындылау. Мұғалімдер оқушылар арасында жағымды психологиялық жағдай қалыптастыра отырып сабақты аяқтайды.
5.Үйге:
№ 98 сабақ Сабақтың тақырыбы: Күнделік.
Сабақтың мақсаты: Күтілетін нәтиже: Пәндік: Тұлғалық: Жүйелік-әрекеттік: Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аударуды ұйымдастыру. II. Өткен сабақ пен жаңа сабақты сабақтастыру. III. Жаңа сабақ.