Жыр алыбы – Жамбыл Жабаев!

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жыр алыбы – Жамбыл Жабаев!

Материал туралы қысқаша түсінік
Жамбыл Жабаев туралы эссе. Өмірі мен шығармашылығы қысқаша берілген. Қосымша ақпараттар мол. Жамбыл жырларының сарыны мен ерекшелігі көрініс береді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жыр алыбы Жамбыл Жабаев!

Қазақ халқының дарынды тұлғасы, аса көрнекті ақын, жырдың жауһарымен жандандырған – Жамбыл Жабаев. Шоқтығы биік арманы, өнер бағушылығымен, ел көзіне ерте түскен ақын – бала кезден өнердің алтын дәнін жинап, бір ғасырлық ғұмырында паш етті. Өнердің мызғымас көпіріне түсіп, көптің көмейіндегісін ғасырына сүйреген сымбатты сұлу жырлардың авторы болды.

Қаздай қалқып ерінбей,

Өлең тердім жасымнан.

Майкөт ақын Құлмамбет

Орын берді қасынан.

Майлықожа Құлыншақ

Пірім еді бас ұрған.

Айтқандарын нұсқиды

Жаралған сөз асылдан!

Дәуренінде Майкөт, Сүйінбай, Құлмамбет, Майлықожалардың қасынан орын тауып6 ақыл-парасатымен ие болған. Даланың Жамбылы халқының асыл тірегі Сүйінбайды пір тұтып, өнерімен сусындап, ақыл дариясына қанып өседі. Жамбылдың жаңашылдығын қазақ әдебиеті де ерекше бағалайды. Жамбыл айтыстары еңбектерінің ішінде шоқтығы биік. Әсіресе, Құлмамбет, Досмағамбет, Сарыбас, Майкөт, Бақтыбай, Бөрібай, Бөлтірік, Жүнісбай, Айкүміс, Шашубаймен айтыстары суырып салмалықтың заңғар көрінісі. Қыз бен жігіт айтысының жақсы үлгісі болып жүрген Айкүміспен айтысы қарастырылады. Әзілдің астына алатын қасиетімен қыз бен жігіт айтысын гүлдендіріп, мағыналы-мәнді айтыстың құлағын қағытады екен. Тіпті, тоқсаннан асқан кезінде дүйім жұртты әзілімен баурап, таңдайын қақтыратын сөз орамдарын келтіреді.

1936 жылдары Мәскуедегі «Қазақстанның он күндігінің» шымылдығын өзі ашады. Осы жылы «Қызыл ту» орденімен марапатталып, үлкен атаққа ие болған. Өз кезегінде лайықты дәрежеде қазақтың біртуар өнерлі азаматтардың да жүйрігі озған күн дәл сол күні деседі.

Алаштың мәдениетін көрсету қарсаңында, қарт Жамбылдың жырларына қаныққан Ресей елі ақынды қадірілеп, баспасөзде жарыса жазғаны әлі күнге дейін ерекше оқиға ретінде тарихта қалып отыр. Мәскеу арқылы әлем танып, атақ-даңқы артады. Шын таланттың Құдай тұндырған өнеріне қызғанышпен, қарауытып көлеңке түсіргісі келгендер де табылып, арыз шағымдар түсіре бастайды. Мұны Мәскеу құп көрмей, Жамбылдың шын мәнісінде кім деген ойға түсіп, сол үшін Орталық Комитет Леонид Соболевті анық-қанығын білу үшін Ұзынағашқа жібереді. Жыраудың аузынан ағытылған сөз алтындай құйылып, бұлтша аппақ мамық өлеңге шомып, жаратылысы бөлек Жамбылдың қасында үш күн бойы бірге болады екен. Осыдан соң, көзі анық жетіп, көңілі тойып, «ХХ ғасырдың гомері» деп бекер де айтпасы анық. Жамбылдың бағасын беретін біз емес. Жамбыл атамыз өз бағасын баяғыда-ақ халқының мөлдір пейілімен, ақ батасын алып, жаһанға танылып қойған. Совет дәуірінде Жамбылға жайлы орын мен қоныстың, жағдайының тұрақтылығымен қамтамасыз етіп, сол кездегі «ең» деген көліктің сыйлануы тек сирек азаматтарға тиесілі болады.

Жамбылдың күйшілік қабілеті туралы профессор Серік Негимов: «Жамбыл атақты «Өтеген батыр» дастанын Асан қайғының сарынымен орындаған. Қазақтың күйлері «Басшылбай», «Күйшілбай», «Ыңғай-ыңғай төк», «Сұрмерген», «Ұран» және «Көрұғлы сұлтан» күйлерін орындап, тыңдаушыларын өте-мөте шеберлікпен қорғасындай балқытқан», - дейді. Сондай-ақ ақынның замандастарының бірі Дина Нүрпейісовамен достығы ерекше болған. Қос құрбының бір кеменің үстінде әлемді күймен тыныштандырардай тылсам ертеді. Елордадағы Ұлттық музейдің кірер тұсында Жамбылдың домбырасымен түскен суреттері көзге оттай басылады. Қатар тұрған Дина апамыздың суреті де кездесе кетеді. Жырдың адамдары осылайша, замананың асқан шабандоздары іспетті. Бұл Мағжанның өлеңдеріндегідей толқын тартқан заманды, толқын тербеп, Жамбылдың ақындық мектебі Жетісуда жиыла бастайды. Шәкірттерінің бірін Жамбыл «Көмейіне бұлбұл ұя салған» деп ардақтағаны Кенен Әзірбаев ақындығымен танылады. Сүйінбаймен сүйіншілеп, Жамбыл Кененімен өнер кенін кеңейтеді. Жамбылды тыңдап өскен, құлағына жыр құйған Нұрғиса Тілендиев те үлкен композитор болып шыққан.

Ұлы даланың ұланғайып атырабында Жамбылдың құлақдар болып отырар жаңалықтары мен саяси оқиғалар жүрегін ауыртады. Ашаршылық пен саяси репрессия кезінде құрбан болған азаматтары атылып кеткенде, қарт Жамбыл заманына өкпелеп, тістенеді.

«Дуадақ болдым шөлі жоқ,

Аққу болдым көлі жоқ,

Сыбызғы болдым үні жоқ,

Асыл болдым құны жоқ», - деп назаланып, ішқұсадан әділетсіз заман, тар заманның тайғағына шыдайды. Алапат соғыс жылдары жауынгерлерге өр рухтың жан тебірентер намысын жияды. Қалың бұқараға соғыс жылдары туралы шығармалары үш мың жолдарымен таныс. Жау оғына қарсы шайқасқан, қайтпас ерлік көрсеткен азаматтар елдің елдігіне кірбің түсірмес үшін, қазаққа күйе болмасын ойлап, жан тәнімен жауға шап беріп еді. Бұл дәуірдің қиыншылықтарын айтып, тауыса алмасымыз анық. Алайда, Жамбылдың «совет үкіметінің сойылын соқты» деген пікірлердің дені бар. «Оны кім жазбады?» деген екінші пікірдің ұшы шығады. Жалпы совет дәуірі дегеніне көнідіретін мұз аяқ саясат екені мәлім. Бұл тұрғыда әдебиетші ғалымдар орташа, екі жақты ойлайды. Бізге қажетті өлең сөздің дүлдүлі болған, жырау, жыршының жырларының көркем әдебиетімізге сіңімді бола білген шығармаларының шыңын білу. Биыл 175 жылдығы дүниеге дауысы естілген Жамбылдың есімін әрі жаңғыртып, баба рухын асқақтату. Сөзімнің қорытындысын бір шумақ өлеңмен бітіремін:

Бір ғасырдан көрдің ғой шын қасиет,

Желмен есіп сыз өткізді, қалам қасірет.

Төзіміңнің домбырасы дарығанда,

Бөлтіріктер жағаңа жармасқан ед(і).



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.11.2021
587
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі