Материалдар / "ЖЫР АЛЫБЫ ЖАМБЫЛҒА - 175 ЖЫЛ"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"ЖЫР АЛЫБЫ ЖАМБЫЛҒА - 175 ЖЫЛ"

Материал туралы қысқаша түсінік
сабатан тыс іс шара
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Наурыз 2021
725
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Жыр алыбы – Жамбылға 175 жыл»

атты тәрбие сағатының
сценарийі


7 «Ә» сынып жетекшісі: Абуов Ж.А



Өткізілу орны: «Балдәурен» РОСО филиалы 6/7 кабинет

Өткізілу уақыты: 27.02.2021 ж. Сағат 12:00

Мақсаты: Жыр алыбы Жамбылдың ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату арқылы поэзияны сүю, оны бағалай білуге ұғындыру.Оқушылардың сөйлеу мәдениетін дамыту, сөз өнерін қадірлеп, қастерлей білуге дағдыландыру, ақын өлеңдерін, поэзиясын сүйе білуге үйрету. Ақын шығармалары арқылы ұлтжандылық сезімін оятып, адамгершілікке, елінінің өнерін сүюге тәрбиелеу.

Picture 2

Білімділік: Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығынан алған мәліметтері бойынша білімі мен дағдыларын тексеру. Өлеңдерді мәнерлеп айтқыза отырып, олардың дұрыс сөйлей білу дағдыларын қалыптастыру. Жамбыл Жабаев шығармашылығының қазақ әдебиетіндегі алатын орны мен маңызын түсіндіру.

Дамытушылық: Өлеңдерді мәнерлеп айтқыза отырып, олардың тіл мәдениетін, сөз байлығын, сөздік қорын, шығармашылық қабілеттерін дамыту, есте сақтау қабілетін дамыту.

Тәрбиелілік: Оқушыларға Ж. Жабаевтың өлеңдерінің мазмұнын, тақырыбы мен негізгі ойын меңгерте отырып, олардың бойында қазақ халқына, қазақ тіліне деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру, оларға эстетикалық, патриоттық тәрбие беру.

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

  Жамбыл... Түстіктегі Жамбыл тауының бөктерінде, боранды ақпан айында осыдан бір жарым ғасыр бұрын дүниеге ақын келіп, кейін әлгі тауды да, бүкіл қазақ халқын да жалпақ жаһан, айдай әлемге жария етті. 
Жамбыл - өмірімен де, шығармышылығымен де екі ғасырды молынан тұтастырып жатқан ұлы жырау. 13-14 жасынан бастап сөзінің көбін өлеңмен айтқан ақынның XIX ғасыр шегінде шығарған өлең-жырлары мен айтыстары да өте мол болған. Олардан дәуір шындығы, Жамбылдың ақындық мұраты мен зор таланты айқын танылады. Ерлікті, елдікті дәріптеген, халықтың жоғын жоқтап, әлсіздерді күштілердің зорлығынан арашалаған, әділдікті, бостандықты жыр еткен көркем де қуатты поэзиясымен Жамбыл XIX ғасырдағы қазақ әдебиетінде көрнекті орын алады. 
Олай болса келесі кезекте үй тапсырмасы бойынша оқушылар әзірлеген жауаптар мен көрініске кезек берелік. 
Интерактивті тақтада Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығына байланысты кезеңдер берілген. 
Балалар өздерің көріп отырғандай мына кесте бойынша сөз кезегін сендерге беремін. 
Осы кезеңдер бойынша тапсырмалар орындату. 
I кезең 1846-1916 жылдарға көз жіберсек. 
II кезең 1917-1940 жылдарды қамтитын ақын өмірі қандай із қалдырды. 
III кезең 1941-1945 жылдары төбемізге қара бұлт болып төнген ауыр да азапты кезеңде Жамбыл өміріне бір сәт тоқталсақ. 
Мұғалімнің сөзі. 
Қазақтың ұлы ақыны Жамбыл - жүз жасаған ақын. Балалар тақта да берілген кезеңдер бойынша өз ойларыңды ортаға салыңдар, бірінші кезең бойынша кім бастайды? 
1846 жылы ақпанның 28-де Жамбыл дүниеге келді.Туған жері- Жамбыл тауы. 
Қақаған қар аралас соғып боран, 
Ел үрей-көк найзалы жау торыған. 
Байғара, Жамбыл, Ханда мен туыппын 
Жамбыл деп қойылыпты атым содан. 
Жамбыл алғашқы өлеңдерін шығарып, атақты Сүйінбай ақыннан бата алған. 
1-оқушы.
Шағым. 
Оқымаймын молдадан, 
Не оқытпақшы ол маған. 
Бала келсе сабаққа 
Жем дәметкен дорбадан. 
Ақ сәлдесін төңкеріп 
Көзін жұмып теңселіп, 
Күн ұзығынға боздаған. 
Оқығанша мен одан 
Домбыраны қолға алам... 
2-оқушы.
Бұл жылдары Жамбыл айтыста да, жыраулық өнерде де биік дәрежеге көтеріледі. Ақынның оннан астам айтыстары сақталған. Әсіресе оның Құлманбетпен, Досмагамбетпен, Шашубаймен айтысы жақсы мәлім. 

3- оқушы.
Жамбыл айтыс ақыны Шөжемен дидарласады 
Атақты әнші-ақын Әсет сияқты серілермен, шешендермен кездеседі. Қырғыз еліне ақындығымен танылады. 
1912 ж. Жамбыл Сарыарқадан Жетісуға келген Балуан Шолақпен кездеседі. 
4-оқушы.
Романовтар әулетінің патшалық құруының 300 жылдығын тойлау құрметіне көрме өткізіліп, оған үш жүздің игі жақсылары жиылды. Жамбыл өз жырында бастықтарына жаныға жағымпазданған болыстардың, билердің озбырлық іс-әрекеттерін әшкере етеді. 
5-оқушы.
Патшаға қарсы ұлт-азаттық қозғалысы кезінде Жамбыл елді азаттық күреске шақырған «Патша әмірі тарылды» және «Зілді бұйрық» деген өлеңдерін шығарады 

6-оқушы.
Патша әмірі тарылды 
Оған қылап бар ма лаж ?! 
Ішке толған зарымды, 
Кімге айтармын қылып наз?! 
Ал, балалар ақын өмірінің бірінші кезеңіне байланысты осындай тарихи оқиғалар болған екен. 
Ал екінші кезеңі қандай оқиғалармен сипатталған екен. 
7-оқушы.
Мамыр айында Верный қаласында Жетісу ақындарының тұңғыш слеті өтеді. Слетке Жамбыл қатынасып, ақындар айтысында бағалы сыйлық алады. 
17-23-мамыр аралығында Мәскеу қаласында қазақ әдебиеті мен көркемөнерінің бірінші онкүндігі өтті. Бұл онкүндікке қатысушы Жамбыл Жабаевты Мәскеу құшақ жая қарсы алды. 
Желтоқсан. Жамбыл Қазақстан делегациясын бастап, грузин халқының ақыны Шота Руставелидің «Жолбарыс терісін жамылған батыр» деген поэмасының 750 жылдық тойына қатынасты. Жыраулық өнерімен, суырып салмалық ақындығымен елді тәнті етіп, қайталанбас тума талантымен тағы да тамсандырды. 
8-оқушы.
Кавказға сәлем 
Ақсақал Жамбыл келед жанаттанып, 
Қиялы қиярға өрлеп қанаттанып, 
Жазылып бүкіш белі қуаттанып, 
Туған ел сәулетімен санаттанып! 
Қолға алып домбырасын жаны жайнап, 
Советтік дәуірінде талаптанып, 
Ән шырқап шарықтағаған сағатында 
Жыр арнап, шың Кавказға қанат қағып. 
1941-1945 жылдар біздің Отанымыз үшін ең ауыр жылдар болды. Гитлер бастаған неміс басқыншылары соғыс жарияламай жерімізге енді. Нева жағасындағы Ленинград қаласы 900 күн қоршауда қалды. Халқымыз үшін бұл күндер – зұлмат күндер болды. Осы қайғылы жағдайға байланысты Жамбыл өзінің "Ленинградтық өренім” атты өлеңін арнады. 
9-оқушы.
Маусым. Фашистік Германия КСРО Мемлекеттік шекарасын бұзып, басқыншылық соғыс бастады деген суық хабарды емханада жатып естіген Жамбыл Отанды қорғап қалуға шақырған патриоттық өлеңдерін шығарады. 
Қыркүйек. Жамбыл атақты «Ленинградтық өренім» деген өлеңін шығарады. 
10-оқушы.
Ленинградтық өренім. 
Мақтанышым сен едің. 
Нева өзенін сүйкімді 
Бұлағымдай көремін 
Жабықпағын, Ленинград! 
Отан әмір берген шақ. 
Сап-сап болып қол барап, 
Қорғап сені ол қалар... 
Келесі кезекте суреттер бойынша сөйлесек. 
1- сурет : Мына суретте Жамбылдың қай кезі суреттеледі? 
2- cурет: Пірім менің Сүйінбай 
Сөз сөйлемен сыйынбай – деп өлең бастауы нені білдіреді? 
3-сурет:Жамбылдың ұлы бабасы Қарасай батыр ескерткіші қайда орналасқан? 
4-сурет: Жамбыл өз жырларында байларды даттап, жарлыны жақтады. Мұны мына суретке қарай отырып, қалай дәлелдер едіңдер? 
5-сурет: Осы кезде Жамбыл қай жағынан танылды? 
Мұғалімнің сөзі. 
Сұрақ- жауаптар. Викториналық сұрақтар. 
1.Ақын қандай болу керек деген сұраққа Жамбыл қалай жауап берді? 
2. Алғадай майданға аттанған жеті күннен кейін әйелі босанып, дүниеге ұл әкелді. Жамбыл осы немересі туралы қандай өлең шығарды? 
3 К.Әзірбаев Жамбылды Алғадайдың өлімінен кейін қалай жұбатты? 
4 Жамбыл Н.Тілендиевке өз домбырасын ұсынып тұрып, не айтты? 
5 Жамбылдың Бауыржан Момышұлына берген батасы? 
6 Жамбыл қырғыз ақыны Тоқтағұлға қандай өлең шығарды? 
7 Жамбыл жыр қалай туады деген сұраққа қалай жауап береді? 
Мұғалімнің сөзі : 
Соғыс жылдарында Жамбылдың Алғадай деген баласы ерлікпен қаза табады. Ақын өз қайғысы арқылы бүкіл ел қайғысын танытады. Сол жоқтау өлеңін бірге тыңдайық.  
Ән:” Бесік жыры ” 
Жамбыл ардақты ұлы Алғадайдан айырылса да, қажымай Алғадайдың баласына бесік жырын арнайды. 
Мұғалімнің сөзі: 
Сағаттың суреті. Жамбылдың соңғы өмірі. 
22-маусым. Жергілікті уақыт бойынша 7 сағат 55 минутта Жамбыл дүниеден өтті. 
Қорытынды сөз:

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Жамбыл бабамыздың туып-өскен жері Ұзынағашта өткізілген 150 жылдық мерейтойына арнайы қатысты. 
Ұлттық мәдени- рухани байлықты дамыту. 
Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауы. 
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев өзінің халыққа арнаған Жолдауында ұлттық мәдени –рухани байлықты дамыту барысына көп көңіл бөлді. 
Ұлттық мәдени-рухани байлықты дамыту барысында мына біздер мен сіздер жұмыла ат салысайық. 






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!