Жырлайды жүрек

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жырлайды жүрек

Материал туралы қысқаша түсінік
"Жырлайды жүрек" атты мақала
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жырлайды жүрек

Ақпан айы қазақ елі үшін ресмиленбеген үлкен мерекелі күндерге толы. Себебі бұл айда:

«Бүгін менің туған күнім,

Ой, бәле-ай!

Мына адамдар неге жатыр тойламай?!

Банкет жасап берер едім өзім-ақ,

Тәңірдің бір жарытпай-ақ қойғаны-ай»

деп жырлаған мәрт мінезді, өр кеуделі, от жүректі Мұқағали шыр етіп дүние есігін ашқан еді. Ақынның нақты туған күні ақпанның тоғызы болса да, туған халқының ақын рухына деген құрметінің асқақтығы соншалық, ақынның туған күнін тойлауды ақпанның тоғызыншы жұлдызын күтуге шыдамай бірнеше күн бұрын той бастауды дәстүрге айналдырған. Міне, сондықтан да, 2016-2017 оқу жылындағы 23-27 қаңтар аралығында Алматы қаласындағы «Ғұмырдария» орталығы ұйымдастырған «Жырлайды жүрек» атты Мұқағали Мақатаевтың өлеңдеріне жазылған әндерден және ақынның өлеңдерін оқудан IX Республикалық ән-би байқауына Арқарлы орта мектебінің оқушылары қатысып қайтты.

Қазақстанның түкпір-түкпірінен, мыңға жуық оқушы келіп қатысты. Бес күнге созылған байқаудың қазылар алқасының төрағасы, Қазақстанның еңбегі сіңген қайраткері, композитор Б.Дәлденбаев болса, ол құрамды М.Мақатаев қорының президенті Б.Айдарова, «Мұқағали» журналының бас редакторы Б.Мәжитұлы, ақын А.Исәділұлы, «Ғұмырдария» балалар байқауының авторы А. Тоқтарбекқызы және Б.Беделхан толықтырды.

Байқау бес жанр бойынша өтті.

1. «Эстрадалық вокал» жанрына қатысушылар эстрадалық ән жанрында екі ән орындады: бірінші ән Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған, екіншісі еркін тақырыпта.

2. «Дәстүрлі ән» жанры бойынша аспаптың сүйемелдеуімен екі ән орындады. Орындаушы ақынның өлеңдеріне жазылған әндерін ұлттық аспаптың сүйемелдеуімен және екінші ән еркін тақырыпта дәстүрлі ән, халық әні, терме орындады.

3. «Көркем сөз» жанры бойынша қатысушылар Мұқағали Мақатаевтың екі өлеңін мәнерлеп оқудан шеберліктерін көрсетті.

4. «Хореография» жанры бойынша әр топ екі би орындады: бір қазақ биі және көріністі би (М.Мақатаевтың өлеңдеріне жазылған әндерден көрініс биі)

5. «Бейнелеу өнері» жанры бойынша тақырыпты сурет арқылы жеткізді.

Байқаудың қорытындысында әділқазылар алқасының әділ шешімімен біздің оқушылар жүлделі орындардың қатарынан көрінді. Атап айтсақ, көркем сөз бойынша І орынды 8-сынып оқушысы Сабыржанова Шолпан иеленсе, ІІ орынды 3- сынып оқушысы Дүйсенбек Ақерке еншіледі. Сонымен қатар, «Эстрадалық вокал» жанры бойынша 7 -сынып оқушысы Қаблахатов Нұрлыбек І орынды, «Бейнелеу өнері» жанры бойынша 7 -сынып оқушысы Марат Нұрай І орынды, «Хореография» жанры бойынша 7-сынып оқушысы Дирман Еркежан І орынды иеленді. Жеңімпаздарға арнайы диплом мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.

«... Тойланбаса тойланбасын

Не етейін.

Той көрмей-ақ, сый көрмей-ақ өтейін,

Қаламымды берші маған бәйбіше,

Болашаққа арыз жазып кетейін», деп өз заманында әділ бағасын ала алмай бар назын болашаққа арнаған ақиық ақынның тілегі мен үмітін бүгінгі ұрпақ осылай ақтап жатса керекті.

«Мен жиырма бірінші ғасырдың құрдасымын» деп жиырмасыншы ғасырда өмір сүрсе де, жиырма бірінші ғасыр бүлдіршіндерін сағына білген Мұқағали үмітін Арқарлы орта мектебінің оқушылары барынша ақтай білді деп айтуға толық хақымыз бар.



Алматы облысы Алакөл ауданы

Арқарлы орта мектебінің

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Утебаева Айгерім Мұратханқызы




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.06.2018
441
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі