Журналист болғым келеді

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Журналист болғым келеді

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл эссе оқушының өз сөзімен, өз ойымен жазылған. Маған ерекше ұнады. ОН бірінші сынып оқушысы Сұлтанова Ләззат сабақты жақсы оқумен қатар, керемет жезтаңдай әнші, көптеген облыстық, республикалық сайыстардың жеңімпазы.Осы эссені оқи отырып, мектеп партасындағы оқушының ойына ой салар, бір керегін жаратар деген мақсатта жолдап отырмын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Журналист болғым келеді


Мен қалайда журналист болам. Неге дейсіз ғой, менің бала кезден арманым болған мамандық мені көп оқуға, ерінбей ізденуге, сауатты да көркем жазуға, дұрыс сөйлеуге жетелеп келеді. Журналист – мен үшін өмірдегі ең мәртебелі, қиын да қызық мамандық.

Каспийдің буырқанған толқынды күні де, тып-тынық, мөп-мөлдір ашық күні де өзім жағасында өскен осынау көк теңізге келіп, жағада отырып-отырып кетем. «Теңізге не үшін барасың?»-деп ешкім де сұраған емес.Өзім де тіс жарып ешкімге айтқан емеспін. Қарт Каспиймен қолтықтасқан шап-шағын әсем Форт-Шевченко қаласында туып, өскеніме тәуба деймін. Менің сырласым да, мұңдасым да – осы көк теңіз және қойын дәптерім. Сол қойын дәптерімдегі жазбаларымды жыл өткен сайын оқысам, кейде осыны өзім жаздым ба деп те таң қалатын кездерім болады. Ал арман туралы былай жазыппын ана бір жылы: «Арман! Шіркін, арман! Қол жетпейтіндей өзіңе ұмтыла берем, ұмтыла берем. «Алла өзінің сүйген құлына береді» демекші, маған да оң көзіңменен қарап, осынау арманымды орындашы... адам шіркінде арман таусылған ба? Менің арманым – журналист болу.Жай ғана журналист емес, халықтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтайтын маман. Елдің көзі, құлағы, үні болғым келеді. Жаңалықтардың жаршысы болғым келеді...». Бүгін теңіз жайбырақат тыныш жатыр екен. Сол тыныштыққа барып, қойын дәптерімдегі арман туралы жазбаларымды теңіздің толқындарына дауыстап оқып бердім. Бір-бірін қуалаған толқындар менің арманымды алысқа алып кетіп жатты, кетіп жатты. Журналист болсам деген арманымның орындалатынына сеніп мен тұрдым.

Мектепте «Жас қалам» әдеби бірлестігінің белді мүшесімін. Бірлестіктің мақсаты – жазуға талабы бар оқушылардың басын қосып, тәжірибе алмастыру. Сондай-ақ тіл байлығын арттырып, рухани жан дүниесін байыту, оқушылардың жазған тырнақалды туындыларын талдап, артық-кем тұстарын айту. Бұл бірлестіктен көп нәрсені көңілге түйдім. Жазған әңгіме, мақалаларымды ортаға салдым. Менің жазғандарым ұстаздарыма да, қатар құрбыларыма да ұнайды. Кемшін тұстары болса, ұстаз апайым айтып отырады. Қаламымды ұштадым. Әңгіме,мақала жазуға машықтана түстім. Журналистік мамандыққа деген ынтам арта түсті.

Алыстан журналист болсам деген арман шақырған сайын «ХХІ ғасырдың журналисі қандай болу керек?» деген ой тұрады.Дана Нұржігіттің «Дара жол», Жайна Сламбектің «Біздің уақыт», Ләйлә Сұлтанқызының «Әйел бақыты» бағдарламаларын қарап отырып, қазіргі заманға сай журналист апайларым екеніне шүбә келтірмеймін. Мен теледидардан әсіресе, Дана Нұржігіт апайымның жүргізген хабарларын үзбей, қызыға тыңдаймын. Дана Нұржігіттің «Дара жол» бағдарламасы – адамды өзіне баурап алатын тамаша сұхбат-хабар. Ол апайдың өзін-өзі ұстауы өте шынайы, сөйлеу машығы адамды жалықтырмайды, қызықтыра түседі. Сол кісі болып, өзім оңашада «хабарлар» жүргізем. Менің де өзімнің «Дара жолым» бар. Бір күні ана бір жазушымен, тағы бір күні ана бір ақынмен, сабақ беретін барлық ұстаздарыммен «сұхбаттар» жүргізіп, түрлі сұрақтар қойып, оған өзім жауап беріп, біраз тәжірибе жинақтадым.Сөйтіп Дана апайымнан көп нәрсе үйрендім. Енді сол үйренгендерімнен нәтиже шығарып, өз жолымды тапсам деймін. Журналист болу үшін сөз саптасыммен бірге сымбатым да әдемі болу керек. Ол жағынан да құр емеспін. Құрбыларым «Сұлу қыз» деп шақырғанына, жеңгемнің «Сұлуым» деп ат қойғанына қарағанда, сыртқы сұлулығымның бар екендігін де білемін, өзіме өзім риза боламын. Міне, енді мектепті ойдағыдай аяқтап, журналистика мамандығына барып, құжат тапсырып, сыннан өтуге дайындалып жүрмін.

Алыстағы армандар қол бұлғап мені шақыра береді. Осынау сөз қадірін білетін мамандыққа қызығушылығым күн санап артып келеді.Арман жолында аянбай ізденіумен келемін. Мен қалайда журналист болам. Және бұл арманымның орындалатынына кәміл сенемін. Арман алдамайды.





Сұлтанова Ләззат Сүлейменқызы































Өзім туралы мәлімет

Мен Сұлтанова Ләззат Сүлейменқызы 2000 жылдың қыркүйектің он сегізінші жұлдызында Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы,

Форт –Шевченко қаласында дүниеге келдім.2007 жылы Е.Өмірбаев орта мектебіне қабылданып,бастауыш сыныпты үздік бітірдім. 2012 жылы М.Горький атындағы мектеп – лицейіне қабылданып, 2016 жылы жаңадан ашылған Форт –Шевченко мектеп – интернатына келдім.Бұйырса осы аталған мектеп – интернатында 11-сыныпты екпінді оқушы болып бітіріп, болашаққа қанат қаққалы отырмын.

Отбасымда әке – шешем, аға – жеңгем, бір әпке, бір сіңілім бар.

Жасымнан ән айтып, талай кештердің жүргізушісі болып, көпшілік көзайымы болып жүргенімді жасырмаймын. Кіп – кішкене кезімнен байқауларға қатысып, республиканың түкпір – түкпіріне өнеріммен танылдым.

Мектеп өмірінде алған жүлделерімнің кейбіреулерін атап өткім келеді.

  1. VІ «Күншуақ» бүкіләлемдік байқауында вокалдық жанр бойынша

  2. І орын Алматы -2010 жыл;

  3. Республикалық «Айгөлек» балалар байқау «жасөспірімдер әні» номинациясы бойынша І орын;

  4. «Балауса -2012» ән –би байқауының ән номинациясы бойынша І орын;

  5. «Аялаған Астана» республикалық балалар байқауына қатысқаны үшін арнайы диплом Астана -2013 жыл

  6. VІІ Республикалық «Менің Отаным –Қазақстан» жасөспірімдер арасындағы ән – би байқауында «Эстрадалық вокал» номинациясы бойынша бас жүлде Алматы -2014 жыл

  7. VІІ Халықаралық «Ғұмырдария» балалар мен жасөспірімдер арасындағы ән –жыр байқауында «Эстрадалық вокал» номинацясы бойынша бас жүлде Алматы – 2015 жыл

  8. «Жас сұңқар-2016» жастар премиясының «Үздік жас өнерпаз» номинациясы

  9. Облыстық патроттық әндер байқауы «Ән орындаушылар» номинацясының бас жүлдесі Ақтау қаласы -2012 жыл

  10. «Ақберен» республикалық сайыстың аудандық кезеңі

  11. «эссе жазушылар» бөлімі бойынша ІІ орын , «жеке ән орындаушылар» бөлімі бойынша бас жүлде





*Сұлтанова Ләззат Сүлейменқызы

*Маңғыстау облысы

Түпқараған ауданы

Форт-Шевченко қаласы

*Баланыс телефоны: 8775 414 87 68 , 8778 215 25 79

*Форт-Шевченко мектеп-интернаты





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.10.2018
1105
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі