Журналист болғың келе ме?

Тақырып бойынша 12 материал табылды

Журналист болғың келе ме?

Материал туралы қысқаша түсінік
Журалистика саласын таңдап, өзіме сұрақ қою арқылы барлық күмәндәрімді сейілттім.
Материалдың қысқаша нұсқасы
<<Журналист болғың келе ме?>>
Адам өмір бойы алуан түрлі істермен айналысуы мүмкін. Сол істердің нақты біреуі
адамға табыс, ләззат алып келеді. Егер, бұл іс адамның ішкі қалауы болса, ешкімнің
куштеуінсіз айналыса алса ол, адамның өмірлік ісі десем қате айтпаспын. Жеке өзіме
келетін болсақ, мен мектеп түлегімін. 11 сыныпқа дейін мектеп қабырғасында белсенді
оқушылардың қатарында болдым. Сахна алдында өнер көрсету, өзімді тұлға ретінде
дамыту арқылы қоршаған ортаға пайдамды тигізу негізгі мақсаттарымның бірі еді. 6
сынып төңірегінде журналистика атты саламен таныса бастадым. Әрине, оған дейін
теледидардан әр-түрлі бағдарламаларды, жаңалықтарды жүргізіп жүрген ағаәпкелеріміздің журналисттер екенінен хабардар едім. Бірақ, бұл салаға аса бір
қызығушылық таныта қоймадым. Жалпы сол 6 сыныптан бастап, осы сала мені баурап
алды десем де болады. Бұған себеп мектеп ішіндегі, қаламыздағы іс-шараларда
жүргізуші қызметін атқаруым. Жүргізуші болу арқылы өзімді бір сәтке теледидарда
көрген журналисттер секілді елестеттім. Бұл әрмен қарай үйреншікті құбылыс болып
қалыптасып кетті.
Журналистика ол жауапкершілікті, сенімділікті, біліктілік пен талмас қайсарлықты
талап ететін сала. Бұл фактор мені қорқытты деп айта алмаймын, керісінше алдымда
үлкен іс күтіп тұрғанын аңғардым. Бұл нағыз адал адамның бойында болатын
қасиеттер. Яғни, журналист болу үшін жай ғана берілген мәтінді оқып не болмаса
камера алдында барынша әдемі түр жасау емес, адам бола білу қажет. Халықтың мұнзарың тындайтың, жаһандық мәселелерді айқындайтын ол журналисттер. Тек нағыз
адал адам бола білсек қана, жұмысымыз нәтижелі болады. Халыққа мәселені жай ғана
экран беттеріне шығаратын журналисттер қажет емес. Мәселені жай ғана баяндаудан
не пайда ? Егер, істеген ісіміз пайдалы болғанын қаласақ, ащы тұщысымен мәселені
баяндап, шешілуіне ықпал бола білуіміз абзал. Жай дан жай журналист ол билік пен
халық арасындағы алтын көпір деп айтпаған болар. Бұл сөздердің астарында қаншама
мағына жатқаның түсіндіріп отыру қажет емес деп ойлаймын. Жай ғана қазіргі болып
жатқан жағдайларға зер салсақ жеткілікті. Еліміз егемендігін алғаннан бері қаншама
оқиғалар орын алды. Сол оқиғалар ортасында жүріп, қауіпті болған шақтарда
қайсарлық таныту арқылы мәселені тыныштандыратын ол қарапайым журналисттер.
Қазіргі цифрлы дамыған қоғамда журналисттер бұрынғы ат үстінде жауға шабатын
жауынгерлер секілді. Күн түн демей, жылу мен суыққа назар аудармай әділетсіздікпен
күресетінде ол журналисттер. Мысалға алсақ Қаңтар оқиғасында журналисттер өте
ауыр жұмыс атқарды. Еліміздегі ахуалды баяндау, кім жау, кім дос екенін анықтау,
зардап шеккен адамдармен тілдескен ол журналисттер. Бұның барлығына асқан зор
төзімділік қажет. Журналисттерді тым асыра мақтап кетті деп ойлап қалмаңыздар. Кезкелген адам игере алмайтын салада нағыз маман бола білу мақтауға тұрарлық іс.
Елімізде газет, радио, теледидар пайда болғаннан бері журналисттер сұранысы арта
түсті. Әлихан Бөкейханов, Сәкен Сейфуллин, Шерхан Мұртаза атты ағаларымыз қазақ
жерінде осы журналистика саласының дамуына зор үлес қосқан адамдардың бірі.
Қазіргі біз білетін, күнделікті көретін журналистика саласының кірпіштері осындай
дана тұлғаларымыздан құралған. Қазіргі таңда білікті журналисттер сан-алуан.
Солардың ішінен мен үлгі алатын журналисттерді атап кетсем. Олардың қатарында
Мақсат Толықбай, Нартай Аралбайұлы, Асаубек Айымбетов, Бейсенбек Құранбек атты
ағаларымыз бар. Осындай тәжірибелі мамандарды үлгі тұту, болашақта менің нағыз
кәсіби маман болуыма әсерін тигізетініне сенімім кәміл.

Қорыта келе, еліме, мүмкін болса жалпы жаһанға пайдамды тигізетін, журналистика
саласында атым қалатын маман болғым келеді дегім келеді. Жоғарыда айтқан заттың
барлығы менің <<Журналист болғың келе ме?>> деген сұраққа, 100 пайыз иә деп
жауап беруіме ықпалын тигізді. Яғни, иә мен журналист болғым келеді. Еліміздің
тұғыры биік, көк туы мәңгі желбіреуі үшін барынша жұмыс атқарамын. Бар болайық,
аман болайық.
Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
pdf
05.07.2023
124
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі