Журналистиканы таңдауыма не себеп?

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Журналистиканы таңдауыма не себеп?

Материал туралы қысқаша түсінік
Журналист болу менің бала күнгі арманым еді. Кішкентай кезімнен-ақ тележүргізуші болсам ғой, әке-анам, жақындарым мені теледидардан көріп мақтан тұтса ғой деп армандайтынмын. Ал қазір мен өзімнің шығармашылық қабілетімді одан әрі дамытып, бала күнгі арманымды орындағым келеді. Журналист деген кім? Ол қандай қызмет атқарады?
Материалдың қысқаша нұсқасы



Журналистика саласын неге таңдадым?

Журналист болу менің бала күнгі арманым еді. Кішкентай кезімнен-ақ тележүргізуші болсам ғой, әке-анам, жақындарым мені теледидардан көріп мақтан тұтса ғой деп армандайтынмын. Ал қазір мен өзімнің шығармашылық қабілетімді одан әрі дамытып, бала күнгі арманымды орындағым келеді. Журналист деген кім? Ол қандай қызмет атқарады? - деген сұрақ туындауы мүмкін.

Журналист- бұқаралық ақпарат құраларында қызметін атқаратын, ақпарат таратумен, өңдеумен айналысатын маман иесі саналады. Ол өзінің шығармашылығы арқылы билік пен халық арасын жалғап тұрушы көпір болып табылады, ел аузында оны тіпті «төртінші билік» деп те атайды. Мысалы, Напалеон Бонапарт «Егер жауыңды оңай жаулап алғың келсе, оған миллиондаған әскеріңді жұмылдырудың қажеті жоқ, ең бастысы оның төрт баспасын жаулап алсаң жеткілікті»- деген болатын. Яғни, біз осы сөзден-ақ журналисттердің қоғамдағы күші орасан зор екенін көре аламыз. Менің дәл осы саланы таңдауымның бірнеше себебі бар.

Біріншіден, еліме өз септігімді тигізіп, әлемде болып жатқан оқиғалармен бөлісе отыра, оқырманды қызықтырып, бір деммен оқитындай етіп ақпаратты жеткізсем деймін. Халыққа өз ойымды емін еркін жеткізіп, пайдасы бар бағдарлама жүргізу де ойымда бар.

Екіншіден, жаңа оратаға ену, қызықты, танымал адамдармен танысу мүмкіндігі. Өзің секілді ойлайтын адамдардың ортасында жүру, жаңа мүмкіндіктерге ие болып, тәжірибе алмасу, жағымды эмоциялар мен ақпарат алу.

Үшіншіден, мені журналистердің өмір жолы қызықтырады: өмір ағымында болып, айналамызда болып жатқан жайттың бәрінен хабардар болып, саяхаттап, түрлі форум секілді іс-шараларға қаытсып, өзімді жақсы жағынан көрсетіп, менен жақсы кәсіби журналист шығатынын дәлелдегім келеді. Өмірдің мындай жылдам қарқыны жалықтырмай, қызықты және есте қаларлықтай болып қалады деп ойлаймын.

Әрине «Менен жақсы журналист шыға ма? Мен бұл мамандықпен болашақта жұмыс жасап, алып кете аламын ба? Дұрыс шешім қабылдап жатырмын ба?» деген сұрақтар көкейімде жүріп, корқыныш, үрей туғызады. Кішкентайымнан армандап келе жатқан мамандығым ше? Сонда балалық арманымды тастап, жүрегім қаламайтын басқа бағытқа кете саламын ба?- деп өзіме сұрақ қойып, өзімді қолға алдым. Ал, қорқыныш, үрей ше? Менің ойымша, бұл қалыпты жағдай. Мұндай ойлар тек мені ғана емес, сонымен қатар, қандай мамандық болмасын, әр түлектің көкейінде жүрген сұрақтар. Дәл осы кезде өзіңнің шынымен де не қалайтыныңды уақытылы түсініп, әрекет ету керек.

Біз тұрып жатқан әлемде әлі күнге дейін шешімін таппаған мәселелер өте көп: экономикалық-әлеуметтік тұрғыдағы проблемалар немесе қарапайым халықтың күнделікті өмірдегі қозғалмаған мәселелері және т.б. Бұл мәселені қозғап, шешімін табуға атсалысып, сол жолда еңбек етіп жүрген, халықтың мұң-мұқтажын тыңдап, жаңалықтан құр қалдырмайтын жаһаннның жедел жаршылары-журналистер.

Мен үлгі тұтарылық журналистер өте көп. Олардың қатарына Д.Төлепберген, Б.Құранбек, Д.Нұржігіт, Н. Аралбайұлы, А.Айымбетов және т.б. Солардың ішінен Бейсенбек Құранбекті ерекше атап өткім келіп отыр. Ол кісі де ҚазҰУ тәмәмдаған еді. Бейсен Құранбекті күллі қазақ жұрты «Айтуға оңай», «Қарекет» бағдарламалары арқылы жақсы таныды. Бұл бағдарламалар қаншама тағдырға әсер етті, қаншама ізгі жандарға көмектесіп, жолдарын ашты. Жүздеген адамның ықыласына бөленіп, сенім ұялатты.Осы үшін мен де алдағы уақытта Бейсен ағамыздың жолын қуып, еліме жақсы жағымнан танылып, халқымның ризашылығын алғым келеді.

Қорыта келе, журналистиканың түп мақсатын терең түсінген адам ғана мықты маман иесі атанады. Сонымен қатар, қандай мамандық болмасын адамның бойында ең басты болу керек қасиеттердің бірі – адамгершілік. Адамгершілікті алдыңғы орынға қоймаған маман иесі ешқашан адал еңбек етпейді, жеңіл ақшаның артынан қуып, қоғамды іштей құртады. Сол себепті, біз мұндай жолға түспес үшін, осы кезден бастап бойымызға мамандығымызға деген махаббат пен адалдықты қалыптастырып, жеке бас мүддесі үшін жұмыс істеуіміз керек.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.07.2022
391
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі