400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Журналистің қоғамдағы маңыздылығы

Материал туралы қысқаша түсінік
Журналистің қоғамдағы рөлі,маңыздылығы жайлы
Материалдың қысқаша нұсқасы



«Журналистің қоғамдағы маңыздылығы?»

Журналистика қиыншылығы мен қызығы қатарлас жүретін, көп деген ізденісті талап ететін жауаптылығы мол мамандық. Журналистика - салиқалы кездесу, қоршаған ортамен тығыз байланысқан, ел ахуалын басты назарға алатын мамандық. Бұл мамандықтың иесі халық қамы мен дамуы үшін бұқаралық ақпараттар мен әлеуметтік жаңалықтардың барлығынан хабардар болуы шарт.

Журналист болу – қоғамға сенім ұялата білетін, өз алдына мақсат қоя отырып, талапқа сай шынайы, әділеттілікті берік ұстанатын, жауапкершілікті негізге алатын сала. Міне, бұл қасиеттер мен дарындылықты өз бойымнан тани алдым. Сондықтан да, қоғамға сенім ұялатуды мақсат ете отырып журналистика саласын таңдадым. Бұл саланың менің өмірімнен алар орны ерекше екені мәлім. Өйткені, бұл менің балалық шағымнан мақсат еткен биік белеске жетелеген арманым. Қоршаған ортамен тығыз байланыс орнату көпшілік ойлағандай оңай дүние емес, сол себепті бұл жолда болашақ маманға үлкен батылдылық пен сенімділік қажет. Қоғамда орын алып жатқан өзекті мәселелерге зерттеу жұмысын жүргізіп, бойыңдағы дарыған қабілетіңмен халыққа тек шындықты жанашырлығығыңмен жеткізген уақытта ғана сен өз мамандығыңның иесі боласың.

Журналистика – халық пен билікті ұштастырар дәнекер. Екі жақты бір-бірімен байланыстыратын алтын көпір. Дәрігерлер адам өмірін арашалап қалса, журналист адам тағдырын арашалап қалып жатады. Менің өз таңдауым болған бұл мамандықта қателеспегеніме сенімдімін. Әрине, қазіргі таңда адамдардың басым бөлігі журналистика саласына кері көзқарас қалыптастырып жатады. Себебі, телеарналарда рейтинг, танымалдылық қуған бағдарламалар, баланың ой-өрісіне кері әсер ететін, әлеуметтік желі қайшылықтары жұртшылыққа кереғар туындыларды насихаттауда. Бұл жалпы қай қоғамда болмасын, міндетті түрде орын алатын дүние. Ал, ондай жағдайлар орын алмасы үшін журналист өз ісіне жауапты қарап, алдын алу шараларын жүргізуі тиіс. Журналистиканың басты мақсатын терең түсінген адамнан ғана кез келген шиеленіске төтеп, елінің бір кірпіші болып қаланар маман болары анық.

Жалпы адамзаттың көпшілігі журналистке үлкен сеніммен, үміт арта қарайды. Мен осыны негізге ала отырып, елімнің болашағы мен даму жолына өз қабілетімді үлестіргім келеді. Қолыңдағы қаруың болып табылатын, яғни қаламың мен ақ қағазың арқылы қорғансыз жандарға пана болып, әділеттікке қол жеткізіп, шынайы үміт сыйлаған сәтте осы мамандықтың құдіретін, арманыңның растығын сезінуге болады. Қорыта айтқанда, адами құндылықтарды бойымызға сіңіріп, дұрыс бағдарда білімімізді шыңдар болсақ, бұл саланың биік белестерін бағындыратынымызға сенімдімін.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
07.12.2023
151
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі